3 Пәнді оқу бойынша әдістемелік ұсыныстар
Бұл курс студенттерге арналған. Білім беру реформасын жүзеге асыру бағытында көзделген басты шаралардын бірі оқытушылардың педагогика ғылымы саласындығы дайындығын үнемі жақсарта түсу мәселесі. Қазақстан жағдайында төл тілімізде бұл салада атқарылған шаралар аз емес. Білім беру бағдарламалары тиісті деңгейлер мен олардың сатыларының білім беру мазмұны айқындалған
«Саяси психологиясы» курсының әр түрлі әдістемелік аспектілерін зерттеу ісі елімізде жаңадан қолға алынып келеді. Жоғары мектептердің өзіндік ерекшеліктеріне орай жазылған осындай еңбектер аз. Студенттерге ұсынылып отырған осынау құрал оку бағдарламасының жекелеген такырыптарға қатысты келелі мәселелерін тәжірибе жүзінде, нақты экспериментті зерттеулер арқылы түсіндіруді мақсат еткен.
Пәннің сапалық және көлемдік параметрлері өте ауқымды болғандықтан оны толық оқып-зерттеу үшін аудиториялық сабақпен шектелуге болмайды, сондықтан, сіздерге көптеген тақырыптарды өзбетімен оқып-зерттеуге тура келеді.
Аудиториялық сабақтарға дәрістер практикалық сабақтар кіреді. Семинарлық сабақтар сіздерге ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу және аудитория алдында сөйлеу сияқты практикалық дағдылады қалыптастыруға көмектеседі. Практикалық сабақтарға өз уақытында және жоспарға сәйкес толық көлемде дайындалу талап етіледі. Тақырып бойынша дайындалу тек арнайы оқулықтарды пайдаланумен шектелмеуі тиіс. Конспект жұмыстарды семинар сабағына арнайы басталған жұмыс дәптерінде жазба түрде ұсынылуы қажет.
Сонымен қатар, жұмыс бағдарламасында өзбетімен жұмыстың келесі түрлері ұсынылады: СӨЖО (магистранттың оқытушы басшылығымен жүргізетін өзбетімен жұмысы ), және СӨЖ (кейбір тақырыптарды тереңірек оқып-зерттеуі мақсатындағы студенттің өзбетімен жұмысы). Берілген жұмыс түріне байланысты тапсырмалар мен олардың орындалу мерзімдері 4,5 кестелерде көрсетілген.
Жұмыстар студенттердің өзіндік ойлауы мен шығармашылығы да кеңінен қарастырылған. Саяси психологиясы пәніне байланысты барлық тақырыптар қамтылып, сол тақырыптарға орай қосымша әдебиеттер тізімі қарастырылу ұсынылады.
Бұл бағдарламаны құрастырғанда осы мәселелерді мүмкіндігіше пәнге қатысты толық қамтуды көздедік.
Сонымен қатар,қарастылып отырған тақырыпқа байланысты кітаптағы кітапханалық сілтеуіштерге мән берген жөн.Ол жерден өзге де баспалардағы керекті тақырып жайында мәлімет алуға болады.
Кітапханалық баспалардың бірнеше арнайы анықтамалары бар.Мұндай баспаларды шығарумен ғылыми-техникалық ақпарат қызметі және орталығы айналысады. Ақпараттық баспалар үш түрге бөлінеді: кітапханалық, реферативтік, шолулық.
Жұмысты істеу кезінде Internet компьютерлік желісі үлкен көмек көрсетеді.Мұнда кітап болмаған ақпаратты табуға болады.
монография – қарастырып отырған тақырыпқа байланысты көз қарастары бірдей бір немесе бірнеше авторлардың еңбегі.Монографияда бір ғана мәселе жан-жақты қарастырылады.Монография стилі көбіне арнайы болады,мәтінді алғаш рет оқып отырған адамға түсіну қиынға түседі.
Кітапша (брошюра)- көлемі бойынша кішігірім ғылыми ақпарат көзі.Кітапшаның артықшылығы оның жалпыға түсінікті,қарапайым тұрғыда жазылуында.
Кітап, оқу құралы – негізінен ғылыми ақпарат көзі ретінде қолдануға арналмаған.Олар курс бағдарламасына сәйкес нормативті оқу мәліметтеріне ие.
Көбіне пайдалы мәліметті ғылыми-практикалық конференциялардың баяндама тезистерінде кездестіруге болады.Тезистер арнайы жинақта басып шығарылады.
Әдебиеттермен жұмыс бірнеше формаға ие:
Конспектілеу. Конспект – негізгі мәлімет көзін қысқаша түрде фиксациялау.Коспект жазған кезде конспектілеудің бір әдісін қолданған жөн.алдын ала қызықтыратын сұрақтар тізімін құрып,сол бойынша жазуға болады.Конспектінің мұндай түрі жоспарлы деп аталады.Конспектінің мәтіндік түрі тек қана дәйексөзден тұрады.тақырыптық конспект бірнеше ақпарат көзімен бірге жұмыс істеуге бағытталады.
Жоспар құру. Қарастырып отырған тақырыптың ішкі логикасын жақсы түсіну үшін кеңейтілген жоспар құрған жөн.Соңынан жоспардың көмегімен ойында автордың идеясын қалпына келтіруге болады.
Көшірме.конспекттің алғашқы қысқартылған түрі.
Тезистер. Кітаптың мазмұнының негізгі қысқаша ақпараты.Тезистер қарапайым және күрделі болады.
Жұмыстың тағы бір түрі реферат болып келеді. магистрант рефератта берілген тақырып бойынша негізгі ой бірнеше ақпарат көзінің көмегімен жазылуы керек.
Есептік-графикалық есептер (ЕГЕ) титулдық беттен, мазмұнынан, тапсырмадан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Аралық бақылауға дайындық оқылған тақырыпты қарастыруға негізделеді.Аралық бақылау келесі формалардың бірінде өтеді:жазбаша сұрау,тестілеу,бақылау.
4 курс форматы
Аудиториялық сабақтарға келесі түрлер жатады: лекциялар (ДС), практикалық (СПЗ) және СӨЖО.
Кейбір тақырыптар сабақта,ал кейбір тақырыптар өз бетінше оқылады. Әр тақырыпты оқу кезінде (5÷7) негізгі анықтамаларды түсініп алу қажет.
Орындалатын рефераттар көлемі 5бетке дейін болуы керек.
5 курс саясаты
Сабаққа қатысу міндетті. Егер оқушы белглі бір себептермен сабақты босататын болса, онда ол қарастырылмаған тақырып бойынша барлық жауапкершілікті өз мойнына алады. Тәртіпті бұзғандығы үшін аудиториядан шығарылады немесе курс үшін «қанағаттанарлықсыз» деген баға алады.
Бақылау тапсырмалары міндетті және бекітілген уақытта тапсырылуы қажет. Белгіленген уақыттан кеш тапсырылған жұмыстардың бағасы автоматтық түрде төмендетіледі.
Аралық аттестация нәтижесі сабаққа қатысумен, бақылау жұмыстарын орындауымен, сабақта жауап беруімен, студеттің өздік жұмыстарымен бірге есептелінеді.
Әр түрлі көшірулер немесе плагиат (өзге магтстрант дайын тапсырмаларын көшіріп,қолдану) аудиториядан шығарылу немес «қанағаттанарлықсыз» деген бағамен жазаланады.
Ұялы телефондарды сабақ уақытында өшіру.
Достарыңызбен бөлісу: |