Зардап шеккендерді орналастыру. Кейбір жағдайларда, үйлері бұзылған немесе мекендеуге жарамсыз болған зардап шеккендерге жедел баспана ұсыну қажет болады. Бұл кезде мектеп сияқты, қоғамдық ғимараттарға үйсіз адамдарды орналастыру немесе уақытша баспана жасауға брезентпен, шатырмен қамту, жедел жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туындайды.
Осылайша, жоспарлауда келесі мәселелерді ескеру қажет:
Баспана қажеттіліктерін бағалау бойынша қызметтерді басқаруға және қамтуға кім жауапты?
ТЖ кезінде зардап шеккендерді орналастыру бойынша мемлекеттің саясаты қандай? Бұл аспектіні координациялауға қандай мемлекеттік орган жауапты?
ТЖ-дан зардап шеккендерді мүмкінді орналастыру орындары анықталды ма?
Орналастыруға орындарды анықтау қандай қағида бойынша жүргізіледі? Жергілікті тұрғындармен өзара қатынастармен және жеке меншік жерге байланысты қандай қиындықтар туындауы мүмкін?
Пайдалануға болатын, мекендеуге жарамды қандай да бір баспана бар ма?
Жазғы / қысқы уақытта қандай қиындықтар туындауы мүмкін?
Достарында немесе туыстарында орналастырылған, зардап шеккендерге қандай көмек көрсетілуі мүмкін?
Жер орнының қандай бедері тұрғын үй құрылысының шартына әсер етуі мүмкін?
Орындарда құрылыс материалдары қол жетімді ме?
Шатырлар, құрылыс материалдар,пластмасс парақтар қоры қажет пе?
Отбасыларды іздестіру мен қосу. Әлеуметтік көмектесу мәселелерінің бірі ТЖ кезінде жоғалғандарды максималды тез іздестіру және жоғалған отбасы байланыстарын қалпына келтіру. Отбасы кез келген қоғамның басты әлеуметтік ұяшығы болып табылады және қоғамдық мәселелерді шешуде және қажеттіліктерін қанағаттандыруда негізін қалаушы рөл атқарады.
Осылайша, отбасыларды іздестіруге және қосуға жауапты ұйымдар жоспарлауда келесі мәселелерді қарастыруы тиіс:
Берілген жерде іздестіруде қажеттіліктерді бағалау бойынша әрекеттерді басқаруға және қамтуға кім жауапты?
Осы қызметті қамтуға қандай әдістер мен қадамдар қолданылады?
Отбасы мүшелерінің қосылуына байланыстың және ақпараттандырудың қандай құралдары мен әдістері қолданылатын болады?
Іздестіруге қандай басқа ұйымдар мен өкіметтік органдар жауапты? Осы органдармен координацияның қандай деңгейі қажет?
ТЖ әрекет етудің қандай кезеңінде іздестіру қызметтері ұйымдастырылуы керек?
Осы қызметтің бар екенін зардап шеккен тұрғындар қалайша біледі?
Іздестіру қызметінің құрамына кім кіреді?
Максималды тиімділікті қамтуға іздестірудің қандай формалары мен әдістері қажет?
Қауіпсіздікті қамту және қорғау. ТЖ туындау жағдайына жоспар қызметтің осы түріне кім жауапты және тұрғындармен заттарын қорғау мен қауіпсіздіктерін қамту үшін қандай шаралар қолданылуы тиістігін анықтау керек. Әдетте бұл полициялардың жергілікті бөлімшелерінің міндеттеріне кіреді.
Жоспардың жүзеге асырылуын қамту. Тұрғындарды ақпараттандыру бойынша қызмет. Әрекет ету бойынша операциялар жүргізуге жауапты ұйымдар мен тұрғындар арасындағы келісілген қызмет табыстың қажетті шарты болып табылады. Осындай серіктестіктің негізі дайындалу кезеңге негізделген. Осылайша, әрекет ету бойынша операцияларды жүргізуге жауапты ұйымдар мүмкінді ТЖ әсерін төмендетуге тұрғындардың өздері қандай шаралар қолдануы қажет және осы облыста жоспарланатын қызметтер мен дайындық шаралары туралы тұрғындарға хабарлауы керек. Орындарда шаруашылық дайындықтың және жоспарлаудың қандай аспектілері қоғамға оқытылуы тиіс және ақпараттандыру қашан жүзеге асырылуы тиіс және қызметтің осы түрін қамтуға және басқаруға кім жауапты екенін анықтау қажет.
Жоспарды нақтылау. Барлық жоспарлар әлеуметтік, экономикалық, ұйымдастырушылық, табиғи өзгерістерге байланысты, ертерек немесе жай ескіреді. Жоспар өзектілігінің мазмұны өте күрделі мәселе болып табылады, оған қол жеткізу тек жиі өзгерту және модификация жолымен ғана мүмкін болады. Жоспардың өзінде оны нақтылау жиілігі және мәліметтерді жаңартуға жауапты тұлғалар, сондай-ақ бұл үдерісте қатысатын ұйымдар мен тұлғалар анықталуы тиіс.
Төменде үнемі нақтыланып, жаңартып отырылуы тиіс ақпарат үлгілері берілген:
Әрекет ету бойынша операцияларға қатысатын ұйымдар мен тұлғалардың координаттары және телефон нөмірлері;
Тасымалдау жолдары және материалды-техникалық қамту жоспарлары;
Ресурстардың қол жетімділігі.
Өзін – өзі тексеру сұрақтары:
Денсаулық сақтау және тамақтандыру.
Зардап шеккендерді орналастыру.
Отбасыларды іздестіру мен қосу. Қауіпсіздікті қамту және қорғау.
№13 дәріс. Халықты қауіпсіз аймақтарда орналастыруға қойылатын принциптер және жоспарлауды ұйымдастыру
Жалпы сұрақтар
Шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау көздерін таңдау талаптары
Халықты эвакуациялайтын аудандарды сумен жабдықтау талаптары
Шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау көздерін таңдау талаптары
Инженерлік учаскелерді орналастыруға қойылатын жалпы талаптар
Эвакуацияланатын халықты қауіпсіз аймақтарда орналастыруға қойылатын принциптер және жоспарлау талаптары
Шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау көздерін таңдау талаптары.
Эвакуациялық шаралар АҚ және ТЖ құрылымдарының күштері мен құралдарын және тұрғындарды бейбіт және соғыс кезінде төтенше жағдай аудандарынан қорғайтын негізгі тәсілдерінің бірі болып табылады.
Жау шабуылы қаупі туғанда, әскери әрекеттер жүргізген уақытта және бейбіт заманда ірі өндіріс апаттары, зілзалалар, апаттық ауыртпалықтар мен басқа да төтенше жағдайларда Үкімет билігімен эвакуациялық шаралары жүргізіледі.
Эвакуациялық шараларды ұйымдастыру және жүргізу 2000 ж. 23 маусымда № 140 шешімімен бекітілген Қазақстан Республикасының ТЖА «Шараларды жүргізу және ұйымдастыру нұсқауына» сәйкес жасалады.
Халықты эвакуациялайтын аудандарды сумен жабдықтау талаптары. Эвакуацияланатын халықты орналастыратын аудандарды шаруашылықауыз сумен жергілікті жағдайларға байланысты орталықты және (немесе) орталықсыз сумен жабдықтау арқылы қамтамасыз етіледі.
Эвакуацияланатын халықты орналастыратын аудандардағы шаруашылықауыз судың сапасы МСТ 2874-82* талаптарына сәйкес болу керек. Эвакуацияланатын халықты орналастыратын аудандарда тұрғындарды шаруашылықауыз сумен қамтамасыз етуге дайындау төтенше уақыт орнатқанға дейін жасалады.
Инженерлік учаскелерді жобалағанда, құрғанда және пайдалануға дайындағанда жергілікті жағдайларды ескеру және белгілеу керек:
- негізгі және резервті сумен жабдықтау көздері мен олардағы су қорларының барлығын;
- сумен жабдықтау көздерінің орналасуы;
- судың сапасы және оның мүмкін болатын ластану көздері;
- бар суқабылдағыштардың өнімділігі мен қосымша суқабылдағыш құрылысын салу қажеттігі;
- сумен жабдықтау көздерін радиоактивті заттардан (РЗ), уландырғыш заттардан (УЗ) және бактериалды құралдардан (БҚ) ықтимал уланудан қорғау дәрежесі;
- қолданыстағы суқабылдағыштар мен елді мекендерді сумен қамту жүйелері жабдықтарының техникалық ахуалы;
- сумен жабдықтау орындарын тарату және орналастыру мүмкіндігі;
- сумен жабдықтау көздеріне кірме жолдардың (келістердің) бар болуы мен ахуалы;
- су жеткізу сыймдылықтары мен автоцистерналардың бар болуы.
Шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау көздерін таңдау талаптары. Эвакуацияланатын халықты орналастыратын аудандарды сумен жабдықтау көзі ретінде бірінші кезекте арынды жерасты суларын пайдалану керек. Таяз жатқан арынсыз жерасты сулары мен қалқындысуды (5 мм дейінгі) пайдалануға руқсат етіледі. Қорларды жерүсті сулары арқылы жасанды толықтыратын жерасты суларын пайдалануға рұқсат етіледі. Бұл жағдайда шаруашылықауыз суға арналған жерасты суларын жасанды толықтыратын жүйелері бар суқабылдағыштарды құру және пайдалану санитарлық ережелерге қойылатын талаптары сақтау керек.
Эвакуацияланатын халықты орналастыратын аудандарда тұщы жерасты және жерүсті сулары болмаған жағдайда тұзды және тұз дәмді суларды тұщыту және тұщыланған судың сапасы МСТ 2874-82* белгілеген талаптарына сәйкес болуы, ал шаруашылық және санитарлық қажеттікке оны дайындықсыз пайдалануға рұқсат етіледі.
Сумен жабдықтау көздерін таңдау халықты сумен жабдықтаудың жарамдылығы туралы шешім беретін санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарымен келісілу керек.
Эвакуацияланатын халықты орналастыратын аудандардағы шаруашылықауыз су сапасы Қазақстан Республикасы мемлекеттік стандарттарының талаптарына сәйкес болуға тиісті. Су сапасы ҚР мемлекеттік стандарттарының талаптарына сәйкес болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының стандарттары белгілеген талаптарының орындалуын қамтамасыз ететін су тазарту шаралары ескерілу керек және судың ластану мен толық тазарту шараларының жасалуына бақылау жасалу керек.
Ауыз су қорлары бар резервуарлар герметикаланған және сүзгі-жұтқыштар мен суды жабық ағынша түрінде таратуға арналған сутаратқыш құрылғылармен жабдықталған болу керек.
Инженерлік учаскелерді орналастыру орындарында су көздерін қорғау үшін шаралар қарастырылады:
- ұңғыма аузын герметизациялау;
- шахталық құдықтар мен бұлақтарды радиоактивтік шаңнан қорғау;
-таза су резервуарларын оңайлатылған сүзгі-жұтқыштармен жабдықтау;
- жылжымалы ыдыстан су тарататын жабылған орындарды жабдықтау.
Су көздері жетіспеген жағдайда, жобамен қосымша ұңғымалар қазу немесе қажетті қорғаныс шараларын жүргізіп, құдықтар құру қарастырылады. Кейбір жағдайда жерасты сулардың жетіспеген немесе жоқ болғанында уақытша суқабылдағыштарды ашық су көздерінде құруға болады. Бұл жағдайда сүзгілік суқабылдағыштар құрылады, немесе суды тазартатын көмекші құралдарды пайдалану ұсыныстары беріледі. Тұрғындарды ауыз сумен кепілді қамтамасыз ету үшін, барлық бас имараттар істен шыққан жағдайда немесе сумен жабдықтау көздер ластанғанда, оларда бір адамға бөлгенде норма бойынша тәулігіне 10 литрден кем болмайтын ауыз су қорының 3-тәулікке жеткізу мақсатымен резервуарлар қарастырылады.
Сорғыш жабдықтарды электрмен қамтамасыз ету үшін екі тәуелсіз электрэнергия көздері болу керек: орталық және автономиялы.
Эвакуацияланатын халықты орналастыратын аудандарда суды бақылауды тарату үшін жобада сумен жабдықтау орындарын орналастыру орындары қарастырылу керек.
Сумен жабдықтау орындарын РЗ, УЗ мен БҚ-ның суға түсуінен жасырыну және қорғалу керек.
Сумен жабдықтау орындары ҚР ұйымдарының негізінде жасалған арнайы құрылымдарға қызмет жасау керек.
2 Инженерлік учаскелерді орналастыруға қойылатын жалпы талаптар. Эвакуацияланатын халықты орналастыруға арналған инженерлік учаскелерді жобалау мен құру нұсқауы (бұдан былай «Нұсқау») эвакуацияланатын халықты орналастыруға арналған инженерлік учаскелерді таңдау, жобалау, құру және жабдықтауға бақылау жасау мәселелерін регламенттеуші жоғары деңгейдегі негізгі нормативтік-техникалық құжат болып есептеледі. «Нұсқау» Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына қолданылады. «Нұсқауға» қосымшалар мен өзгерістер құжатты бекітетін ұйымның шешіміне негізделіп енгізіледі.
Өндірістік апаттар, табиғи апаттар мен басқа да төтенше жағдайлардың себебінен пайда болған жойылу ошақтарынан шығарылған (көшірілген) эвакуацияландырылған халықты және экономика объектілерінің қызмет жасаушы құрамын уақытша орналастыруға инженерлік учаскелер жабдықтау керек.
Учаскелерді орналастыру бейбіт заманда алдын-ала жасалып жүргізілетін аумақтардың аймақтандырылуы мен олардың азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық шараларымен қамтамасыз етілуі есепке алынып жүргізіледі.
Өзінің сипатына қарай алдын-ала жасалынбайтын іс-шаралар ерекше кезеңде мүмкін болғанша қысқа мерзімде жүргізілуі керек.
Инженерлік учаскелерде көлік және басқа коммуникациялық жүйелер, көлік магистральдарына шығыс, байланыс желісі мен сумен жабдықтау жүйелеріне қосылуға мүмкіндік бар болуға тиісті. Әлдебір коммуникациялардың болмай қалу жағдайында жұмылдыршы құралдарды пайдалануды қарастыру қажет.
Инженерлік учаскелер болуы мүмкін қирау аймақтарынан, өрт, тұтану және эвакуацияланған халықтың денсаулығы мен өміріне әсерін тигізетін басқа фактілердің ықпалынан тыс аймақтарда орналасуға тиіс.
Инженерлік учаскелердің құрылысын жүйелі құрылым жарықтары бар аймақта және сырғыма, сел мен қар көшкіні қаупі бар аумақтарда салуға және пайдалануға рұқсат етілмейді.
Атом энергетикасы объектілері орналасқан аймақта орналастырылған жағдайда радиоактивті улану (ластану) әсерінен қауіпсіз учаскелер жоспарланады.
Инженерлік учаскелер мына мақсатта орналастырылады:
- экономика объектілеріне жақын жерде - өндірістік апаттар мен табиғи апаттарда объект аумағынан қызметкерлерді эвакуациялауға;
- сел қауіпі бар аймақтарда тұрғындарды қауіпсіз жерлерге эвакуациялау және оларды уақытша орналастыру үшін;
- қауіпсіз аймақта соғыс кезінде эвакуацияланған халық үшін және түрлі апаттар мен басқа төтенше жағдайлардың себебінен радиоактивті және химиялық улану (ластану), жаппай өрттер, тұтану және басқа зиянды факторларға ұшыраған аумақтардан тұрғындарды уақытша көшіріп орналастыру үшін.
Экономика объектілеріне жақын инженерлік учаскелер эвакуацияланған қызметкерлерді тасымалдайтын көлік құралдары келіп жеткенше немесе апат ошақтарын шектеу және жою жұмыстары біткенше қауіпсіз жерлерде уақытша орналастыруды қамтамасыз ету керек.
Инженерлік учаскелер табиғи апаттар (жер сілкінісі, сел тасқындары, өрт және т.б.) қатері төнген жағдайда, сел қаупі бар аймақтарда халықты уақытша орналастыруға және төтенше жағдайлардың себебінен баспанасыз қалған халықты орналастыру аудандарын жабдықтауға арналған.
Қала төңірегінде инженерлік учаскелерді орналастыруға елсіз жерлер, саябақ, шағын гүлбақтар, саяжол, стадион, автодром және бөгеулерден, тұтанудан, өрттен және т.б. қауіпсіз алаңдар пайдаланады.
Алаңдар эвакуацияланатын халықты қамтамасыз ету үшін шатыр, киіз үй, құрылыс вагондар және өзге уақытша баспана, тамақтану орындары мен басқа да элементтердің қажетті санын орналастыруға ыңғайлы болуға тиіс.
3 Эвакуацияланатын халықты қауіпсіз аймақтарда орналастыруға қойылатын принциптер және жоспарлау талаптары. Эвакуацияланатын халықты қауіпсіз аймақта орналастыруға арналған учаскелерді таңдау жалпы ауданның бір адамға есептелген ең аз мөлшері - 2,5 м² талаптары ескеріле жүргізіледі.
Эвакуацияланатын халықтың санын, нақты елді мекенде халықты орналастыруға ыңғайлы ғимараттар мен имараттардың барын және эвакуацияланатындарды жергілікті тұрғындардың үйіне орналастыруы ескеріліп, жобаланатын инженерлік учаскенің есептік көрсеткіштері белгіленеді. Эвакуацияланатындарды орналастыруға жоспарланатын учаске ауыз су барлығына қойылатын мынандай есептік талаптарға сәйкес болып жасалады:
- ауыз су қажеттігі адам басына тәулігіне 10-20 литрден;
- санитарлық өңдеуге - тәулігіне 21 литрден.
Инженерлік учаскенің жобасында нақты бар ұңғымалар, шахталық құдықтар және өзге су көздері ескеріліп, пайдалануға дайындау ұсыныстары берілу керек.
Эвакуацияланатын халықты орналастыратын аудандарда медициналық жәрдем медициналық мекемелерге қосымша үйде беріледі, ол үшін медициналық қызметкерлердің бар болуын - 10 000 адамға 3 дәрігер және 1 000 адамға 8 керуеттен кем болмауын қарастыру керек.
Жобамен ерекше кезеңде учаскелерді орналастыру және электр энергиясымен жабдықтау автономиялық электроэнергия көздерін жинақтау орындары қарастырылу керек.
Тұрғындардың санитарлық өндеуін жүргізу үшін монша мен сусебезгі бөлмелерін дайындауды ең аз есеппен - 1 000 адамға 6 тордан қарастыру керек.
Қорғаныс имараттарына арналған және оларда эвакуацияланатын халықты орналастыру үшін инженерлік учаскелерді жобалағанда және құрғанда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заң актілерін сақтау керек.
Инженерлік учаскелерді орналастыруға орын таңдағанда қолданыстағы РҚН-99 нормалары мен ҚР ҚН 2.04-11-2001 сәйкес гамма сәулелерін шығару экспозициялық доза қуатының (ЭДҚ) нормативтік деңгейден асуына радиациялық тексеру жүргізу керек.
Инженерлік учаскелерді жобалауға аумақтарды қызметті пайдалану және қоршаған ортаны қорғау немесе су басудың теріс әсерін жою талаптарына сәйкес толық және жартылай су басуды болдырмауды қамтамасыз ететін шаралар жиынтығы кіреді.
Қорғау имараттарына арналған учаскелерді орналастырғанда ҚР ҚНжЕ 2.03-10-2002 талаптарын басшылыққа алу керек және зерттеу кесімдерін жасап, учаскелерде радонның бар болуын зерттеу керек.
Инженерлік учаскелерде (қоныстандыру және өндіріс аймақтарында) түрлі бағытта кемінде екі кірме (көлік) болуға тиісті, олардың жабыны жылдың кез келген мезгілінде көлік құралдарының барлық түрлерінің жүруін қамтамасыз ету керек. Инженерлік учаске орналасқан жер бетінің еңісі 5°-тан жоғары болмау керек.
Қауіп-қатер төнгенде уақытша көшіру, орналастыру немесе жинауға арналған инженерлік учаскелер және сел қаупі бар аймақтарда табиғи апаттардан, қираулардан зардап шеккен халықты құрылыстардан бос аумақтарда, аулаларда, шағын гүлбақтарда, саябақтарда, саяжолдарда, іргелес елсіз жерлерде, стадиондарда, базарларда және өзге де орындарда табиғи және басқа апаттардың қайталама факторларының әсерін болдырмайтын аумақтарда орналастырады.
Инженерлік учаскелерді (қоныстандыру және өндіріс аймақтарында) жоғары вольтты электр жүргізгіш желілерінің астында, жылу жолдары мен жоғары қысымды буөткізгіштер, автоотын толтыру станциялары мен ЖЖМ қоймаларының жанында, мұнаралар, антенналар, құбырлар және өзге құрылыстар құлауы мүмкін радиусында орналастыруға рұқсат етілмейді.
Инженерлік учаскеден жылу жолдары мен жоғары қысымды буөткізгіштерге дейінгі қашықтық 20 метрден кем болмау керек. Сонымен бірге, учаскенің екеуден кем емес түрлі бағыттағы магистральді көшелерге немесе автожолдарға шығысы болу керек. Халықты уақытша базар аумағында орналастырғанда павильондар, қалқалар және контейнерлер пайдаланады.
Өзін - өзі тексеру сұрақтары
Шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау көздерін таңдау талаптары.
Халықты эвакуациялайтын аудандарды сумен жабдықтау талаптары.
Шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау көздерін таңдау талаптары.
Инженерлік учаскелерді орналастыруға қойылатын жалпы талаптар.
Эвакуацияланатын халықты қауіпсіз аймақтарда орналастыруға қойылатын принциптер және жоспарлау талаптары.
№ 14 дәріс Іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізу және алғашқы медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру.
Жалпы сұрақтар
Іздеу-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және алғашқы медициналық көмек көрсету
Медициналық көмек көрсету, емдеу және медициналық мүлікті тасымалдау
Зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетудің реттілігін орналастыру
Зардап шегушінің тұлғасын негіздейтін биркаларды колдану
Іздеу-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және алғашқы медициналық көмек көрсету. Арнайы күтім мен емдеу белгілі бір апаттардан (жер сілкінісі) кейінгі зардап шегушілердің кейбір бөлігіне ғана қажет болып келеді. Адамдар қатты жарақаттарды апаттың алғашқы соққысынан алады, сондықтан медициналық көмек алғашқы сағаттар мен күнде аса қажет болады. Жаппай көмек көрсетуді ұйымдастыру құрамына: зартап шеккендерді іздеу, құтқару жұмыстарын жүргізу, алғашқы медициналық көмектерді көрсету, зардап шеккендерге көмек көрсетудің реттілігін орналастыру, емдік мекемелерге зардап шеккендерді эвакуациялау.
Іздеу-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және алғашқы медициналық көмек көрсету.
Үлкен апат кезінде адамдар:
Бұзылған ғимараттардың астында қалуы мүмкін;
Бұзындының астында қалуы немесе ағынды суға түсуі;
Су тасқынының нәтижесінде сыртқы ортадан оқшаулануы;
Бұл адамдарды құтқаруға болады. Іздеу-құтқару жұмыстары және алғашқы медициналық көмек көрсету қажеттілігі өте жоғары, бұл шараларды бір ғана мекемелердің жүргізуі қиынға түседі. Үлкен масштабты төтенше жағдайларда, іздестіру-құтқару мекемесінің болу болмауына байланыссыз көптеген жұмыстарды зардап шегушілердің туыстары, жолдастары мен жақындары жүргізеді. Қызыл Крест және Қызыл Жарты ай қоғамы мұндай адамдардың қызметін жақсарту мақсатында арнайы дайындықтан өткізеді.
Медициналық көмек көрсету, емдеу және медициналық мүлікті тасымалдау. Апат кезіндегі медициналық көмекті ұйымдастыру апаттың масштабына және санитарлы шығын көлеміне негізделеді. Табиғи апаттар мен өндірістік апаттар нәтижесінде болған жаппай санитарлы шығынды арнайы зардап шеккендерге медициналық көмек апат орнында немесе оған жақын жерде көрсетілуі керек.
«Апаттар медицинасы» негізі жарақат нәтижесінде адам организмінде пайда болатын патологиялық процессті бірегей түсіну, емдеу тактикасына бірыңғай көзқарас, эвакуацияның әртүрлі этаптарындағы жүргізілетін медициналық шаралардың реттілігі, медициналық құжаттардың болуы жатады.
Жаппай зақымдалу кезіндегі медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру келесі мақсатты қамтиды:
Зақымдану ошақтарын медициналық бақылау;
Зардап шегушілерді іздестіру мен құтқару;
Зардап шеккендерді сұрыптау;
Зардап шеккендерді эвакуациялау;
Медициналық көмек пен емдеу;
Зақымдану ошақтарын медициналық бақылауды жүзеге асыру үшін алдын ала халық санын, медициналық қызметтін саны мен күшін, жергілікті ортаның рельефін, жолдардың саны мен сапасын, су көзін білу керек.
Бірнеше сағат пен күннің ішінде зардап шегушілерді іздестіру мен құтқару апат кезінде көптеген адамдардың өмірін сақтап калуға көмектеседі. Көбіне бұл функцияны өрт сөндірушілер командасы, милиция, әскери бөлімдер, волонтерлер, жақындары мен туыстары жүргізеді.
Зардап шеккендерді сұрыптау медицина қызметінің ең негізгі мақсаты болып табылады. Бұл медициналық көмектің түрі мен көлемін анықтайды, зардап шеккендердің тасымалдаудың мүмкіншілігі мен реттілігін анықтайды.
Зардап шеккендердің эвакуациясы- жаппай санитарлы шығын ошағынан жарақаттанғандарды шығару, уақытында медициналық көмек көрсету мен емдеу үшін емдік және медициналық мекемелерге жеткізу.
Жарақаттанған адамдарды эвакуациялау үшін түрлі санитарлы-транспорттар мен қоғамдық транспорттар (теміржол, автомобильді, судағы, ауа транспорты) қолданылады.
Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін медициналық мекемеге жақын орналасқан көптеген зардап шегушілер кез келген қол жетімді транспортпен жетуі керек.
Алғашқы дәрігерлік және квалифицирленген көмек көрсетілуі мен төсек орынның бос болмауы зартап шеккен науқастарды орналастыру мен емдеуге бағытталған. Медициналық орталық күніне 24 сағат жұмыс жасау керек, сонымен қатар науқастардың жақындары мен туыстарына кіру мүмкіндігі шектелмеу керек. Қызыл Жарты Ай мұндай орталықты құру және басқару үшін жақсы жабдықталған болуы тиіс.медикаменттер, емдік препараттар, медициналық құралдар мүмкіндігінше арнайы транспортпен жүргізілуі тиіс.
2 Зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетудің реттілігін орналастыру
Апаттан кейінгі алғашқы күндері медициналық көмек пен арнайы күтімді қажет ететін науқастарға медициналық персонал тарапынан арнайы емдеу мен күтім қажет.
Жаппай медициналық шығын кезінде, медициналық сұрыптау принципін ұстану қажет. Медициналық сұрыптау- жарақаттанғандарды, зардап шегушілерді және науқас адамдарды, біркелкі емдік-эвакуационды шараларды қажет ететіндерді бір топқа бөлу.
Медициналық сұрыптау ішкі пунктты және эвакуационды-транспортты сұрыптау болып бөлінеді. Ішкі пунктты сұрыптау – арнайы этаптың функциональды жіктелуіне негізделіп сұрыпталған. Ол медициналық көмектің түрі мен реттілігін анықтайды. Эвакуационды – транспортты сұрыптау: транспорттың түрін, науқастың жағдайы мен эвакуация реттілігін анықтайды. Медициналық сұрыптау мен эвакуацияға қазіргі көз қарасқа сәйкес, медициналық көмек көрсету барысында зардап шеккендерді 4 топқа бөледі:
Бірінші топ (20 % зардап шегушілер ): ауыр зардап шеккендер, өмірмен сәйкес емес жарақаттар. Бұл топ эвакуацияға жатпайды, бұл кезде тек қиналуын азайтуға бағытталған;
Екінші топ: (20 %):бұл топтағы науқастарға шұғыл ем жүргізу керек.
Үшінші топ (20 %) бұл топтағы науқастарға транспартировка жүргізіледі, ем 6-8 сағатқа шегерілуі мүмкін.
Төртінші топ (40 %): жеңіл жарақаттанғандар, бұл топқа көмекті амбулаторлы жүргізуге болады. Бұл адамдар санитарлы транспортпен эвакуацияны қажет етпейді.
Жағдайының ауырлық дәрежесі науқастың есіне, тыныс алуына, пульсына, жарақат түріне байланысты бағаланады.
Жергілікті медициналық қызметкерлер зардап шеккендердің классификациясының принциптерін төтенше жағдай болмай тұрып білуі тиіс.
Себебі, төтенше жағдай болған жағдайда бірден көмек көрсету үшін. Егер төтенше жағдай орнына арнайы үйретілмеген медицина қызметкерлері жіберілген болса, міндетті түрде арнайы дайындалған мамандардың жіберілуі тиіс. Ауруханада алғашқы медициналық көмектің реттілігін орнату жоғарыпрофессиональды маман жауапкершілігімен жүргізілуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |