Жоспары:
1.Түркілердің Кіші Азияға келіп орналасуы және түрік ұлтының қалыптасуы.
2. Осман империясының тарихы.
«Түркия тоғыз ғасыр бойы Еуропада тұрып келеді. Түріктер әуелде Андолыда тамыр жайды да, кейін бұл олардың басты қоныс - өрісіне айналды
Анадолының өзі - ежелгі өркениет ошағы. Археологиялық қазбалар өркениет дамуының алғашқы қауым мен қола дәуірінен бастап, оның кейінректегі дамыған сатыларына дейінгі күллі кезеңдерінің болғанын дәлелдеп, дәйектеп береді. Кіші Азияда, Анадолыда пайда болған Хеттер мемлекеті ең ескі мемлекет болып табылады. Оның өмірі онша ұзақ болмаса да, артына әжептәуір мәдени із қалдырды. Ол құлағаннан кейін Анадолы ұзақ уақыт өз тәуелсіздігінен айырылады. Оның жері ұдайы: әуелі парсылардың, сонан соң грек – римдердің жортуыл – жорығынан көз ашпады».
Византияда империя құралған соң ғана оның тәуелсіздігі қалпына келтірілді, бірақ батыс, шығыстың жортуыл-жорықтары бір толастамады.
Түріктердің алғашқы ата қонысы Анадолы жерінде 1071 жылы Маласкрет шайқасынан кейін пайда болды. Сұлтан Осман 1299 жылы жаңа мемлекеттің негізін тап осы арада қолайды. Алғашқы кезде ол шағын ел болды, ал Византия империясы әлсіреген сайын оның иелігіндегі жерлер де кеңейе түседі. Хеттер сияқты түріктер де Анадолының Саяси және моральдық бірлігін нығайтуға көп көңіл бөлген. Кіші Азиядағы түріктер түркі тілінде сөйледі. Түріктің көпшілігі мұсылман – суннит дінін ұстайды. Түріктің этникалық құрамы, негізінен екі топтан: селжуктар кезінде ХІ-ХІІІ ғасыр аралығында Орта Азия мен Ираннан Кіші Азияға қоныс аударған түркілердің көшпелі тайпаларынан (негізінен Оғыздар мен Түрікпендер) және Азияның тұрғын халқынан құрылған. Түріктің біраз бөлігі Кіші Азияға Балқан арқылы (уздар, печенгтер) өтті. Түріктің тарихы жайында ежелгі жазба деректердің ең құндысы – армян деректері. Мовсес Хоренацидің (V ғ). «Армян тарихы» мен VII ғасырдағы армян «Географиясында» Түрік тайпаларының Кавказ сырты мен Кіші Азияның шығыс аймағына қоныс аудары жазылады. Мовсес Каган – катвацтың «Агван тарихында» сувер мен хазарлардың Кавказ сыртымен, Кіші Азия халықтарымен қатынасы баяндалған. ХІ-ХІІ ғасырлардағы армян жазбаларында оғыздар түркімендердің селжук шапқыншылығы кезінде Кіші Азияға өткені жазылан. Сонымен қатар түрік жайында араб, иран, грузин, түрік тілінде жазылған шығармалар өте көп. Әсіресе Селжук мемлекетінің тарихы жайындағы Ибн-Биби еңбегін, монғол шапқыншылығынан кейінгі кезеңді көрсететін Ақсарай жылнамасы – Түрік ұлтының қалыптасуын айқын көрсететін еңбектер. Бұған қоса Осман тарихнамасының алғашқы шығармаларының бірі – Языджиоглу Али жазған «Оғызнама» немесе «Селжукнама». Бұл шығармада Рашид-ад-Диннің еңбегі пайдаланған. Түркі тайпаларының құрамы, орналасуы жайында түрік тарихшысы А.Р.Алтынайдың Осман империясының архив құжаттарын пайдаланып жазған еңбегінде құнды деректер бар. Түрік құрамы жайында Еуропа саяхатшысы Г.Рубрук пен Марко Поло жазбаларында құнды деректер бар. Ф.Демирташ Осман империясының ХV-ХVІІІ ғасырлардағы архив құжаттарынан Кіші Азиядағы Түркімен тайпалары туралы мол дерек тапқан. Мұнда Махмуд Қашқари, Рашид –ад-Дин, Әбілғазы жазбаларындағы тайпа атауларының бәрі кездеседі. Оғыз – түркімен тайпасынан өзге қарлұқ, қыпшақ, чигиль (шігіл), ұйғыр, аққойлы, Агачері, Күман, Хазар т.б. тайпалар да аталады. Түрік этногенезінің қалыптасуына әр кезеңдерде Араб, Күрт, Рум (Рим) т.б. халықтарының да қатысы болды. ХІV-ХVІ ғасырлардағы Түрік жорықтарына байланысты олар Балқан мен Кипрге енді. Түрік халықтарының қалыптасуы шамамен ХV ғасырда аяқталады.
Түріктердің құрамында түрік, түрікмен, тахтадж, абдал, зейбек т.б. этнографиялық топтар бар. Бұлардың біраз бөлігі көшпелі, жартылай көшпелі болып тіршілік етеді, басым көпшілігі малшы болды. Өзгелері отырықшылыққа айналады.
Шыңғыс хан әскерлерінің Түркістанды жаулауға келе жатқанын естіген Сүлейман есімді бір әскер басы басқа халықтарымен бірге өз жақындарын ертіп көшіп кетеді. Сүлеймен өзеннен өтіп бара жатып, ат –матымен суға кетеді. Оның Ерторғыл атты ұлы қалады. Әкесінің сапарын ары қарай жалғастырып, Рум тарапынан жүріп кетеді.
Ерторғыл өз серіктерімен күндердің күнінде бір тау аңғарына келіп жетеді. Осы жерде екі әскер қарама –қарсы ұшырасып қалды. Қарсы жолыққан әскер соғыста жеңіліп келе жатқандықтан, бұларды көріп тағы да қашуға әзірленеді. Сол сәт Ерторғылдың оларға жаны ашып, жаралыларына көмек көрсету үшін керуеннің алдына шығып тоқтады. Кімнің пайдалы, кімнің зиянды екенін ойлап жатпастан, әлсірей келе жатқан әскерлерге көмек көрсетеді. Соның арқасында жеңіліп қашып келе жатқан жақ қайта күш жинап, жеңіп қуып келе жатқандарға қарсы соғысып, оларға күйрете соққы береді. Алғашқы соғыста жеңілгендер – селжук түркілері, ал қуғыншылар монғол – татарлар еді. Осындай себеппен әлсіздері әлділерді жеңіп шығады.
Өздеріне көмек көрсетіп, жаудан құтқарғаны үшін селжук түркілері әсіресе, олардың патшасы Ғиясаддин Көксары Ерторғыл мен оның серіктерін адал дос ретінде қабылдап, оларға Анкара жақтан қоныс береді. Түріктер өздеріне берілген жерге орналасып, малын бағып, тішілік етеді. Әр уақыт селжук түріктерімен бірге жорыққа аттанып, оларға қызмет көрсетеді. Сөйтіп Селжук мемлекетінің біраз өмір сүруіне септігін тигізеді.
Осы селжук түркілері Константинопольдік румдерге шабуыл жасап, Константинополь қаласын тартып алып, астана етеді де, Селжук өкіметі атты Түрік мемлекетін құрады.
Бұлардың басқа Иран селжуктері атты тағы бір түрік өкіметі бар еді. Осман мемлекетінің негізін құрушы Түркия сұлтандарының атасы Осман хан осы Ерторғылдың ұлы болатын. Ерторғыл 1281 жылды қайтыс болды.
Осман хан түрік шейхтарының ішіндегі ең бір сыпайы, білімді кісісінің Малхатун атты қызына үйленеді. Осы әйелден атақты Орхан сұлтан туады. Осман хан осы ұлы Орхонның басшылығымен Бурса қаласын басып алады. Жеңістің соңынан Осман хан халыққа соңғы өсиет, аманаттарын айтып, қайтыс болады. Өзінің тәж – тағының Бурсаға көшірілу және оның астана болуы керектігін сол өсиетінде айтып кетеді.
Бурса қаласының османдықтар тарапынан басып алынуы әлемдегі ұлы оқиғалардың бірі болды. Сол себепті Осман түріктердің даңқы шығып, беделі артты, іргелі үлкен мемлекеттердің қатарына енді. Бурса қаласы ол кезде әсем қала болған. Дәл осы гүлденіп тұрған шағында ол исламның орталығы болды, Осман түріктерінің астанасы осында ауысты.
Осман хан жігерлі, заманына лайық білімдар, көрген, дүниеге қызықпайтын қанағатшыл, діндар адам болған. Оның өте кедейлікте өмір сүргеніне жұрттың көзі қайтыс болған кезінде әбден жетеді. Артына қалдырған ешқандай жеке дүние – мүлкі болмаған.
Осман хан 1326 жылы 20 шілдеде 70 жэасында қайтыс болды. Қабірі Бурса қаласындағы Манастыр деп аталатын орынға жерленген.
Түрік халқының қалыптасуы мен мемлекетінің нығаюында түркі тілі шешуші рөл атқарады.
Түрік (ескі аты – Осман тілі) – түрік халқының тілі. Түркиядан басқа Жерорта теңізі мен Балқанға тараған. Бұл тілде 60 миллондай (1992 ж) адам сөйлейді. Ол түркі тілдерінің оғыз тобына жатады. Негізгі екі диалектілік топқа: Батыс немесе түрік –дунай тобына және адакалий, адрионополь, босния, македон диалектілері мен Шығыс Анатолия (айдын, измир, карман, конии, сивас) диалектілерін біріктірген топқа бөлінеді. Қазіргі түрік әдеби тілінің негізгі болған Анкара говоры мен Кипр диалектісі де шығыс Анатолия тобына кіреді. Түрік тілінде жалпы түркі тілдеріндегі сияқты фонетикасындағы дауыстыларда сингармнизм заңы, дауыссыздарда ассимиляция заңы сақталған.
Түрік тілінің негізгі сөздік қоры түркі тілдерімен негізгі сөздік қоры түркі тілдерімен төркіндес. Қазіргі түрік әдеби тілінің нормасы ХХ ғасырдың 30—50 жылдарында орнықты.
Алғашқы жазба ескерткіштері ХІІ ғасырға жатады. Жазу ісінде 1928 жылға дейін араб алфавитін қолданады. 1928 жылдан бастап латын алфавтінде көшті.
Түркі халқының қалыптасуы мен нығаюында түркі тілі орасан зор рөл атқарғаны туралы Мұстафа Кемәл Ататүрік былай деді : «Түркия мемлекеттің құрған – түркі халқы, түрік ұлты. Түрік ұлты деген сөз - түркі тілі деген сөз. Түркі тілі – түрік ұлтының қасиетті қазынасы. Өйткені, түрік ұлты өткендігі шексіз бақытсыздықтардың ішінде өзінің адамгершілігінің, дәстүрінің, естеліктерінің, мүдделерінің, қысқасы, бүгін өзін ұлт ретінде қалыптастырған барлық қасиеті тілінің арқасында сақталғанын көріп отыр. Түркі тілі - түрік халқының жүрегі, ақыл –ой».
Қорыта келгенде, Түрік мемлекет ХІV ғасырда Кіші Азия жерінде ұйымдасты. Бұл әскери – феодалдық мемлекет болды. ХІV-ХVІІ ғасырдың І жартсында оның жер аумағы кеңейеді, бұдан бұрын ежелгі заманда және ертедегі орта ғасырларда түрлі мемлекеттік бірлестіктердің – Хетт патшалығының, Мидияның Ахемен әулиеті билеген мемлекеттің, Александр Македонский державасының, Селвк әулиеті билеген мемлекеттің, Цонтий патшалығының, Пергаманың, Римнің (ежелгі), Византияның, Коний сұлтандарының тағы басқа мемлекеттердің құрамына кірді.
Түріктер Византияның Анатологиядағы соңғы иеліктерін 1326 жылы Бурсаны (Түріктің алғашқы астанасы болған) алды.
№25. Тақырыбы: Қырым татарлары
Жоспар:
Қырым хандығы.
Қырымның қилы тағдыры.
Қырым татарлары – түркі тілдес халық. Украина Республикасы құрамындағы Қырым автономды республикасының тұрғындары. Олар XVII-XVIII ғасырлыдағы орыс жазбаларында қырымдықтар деп, XIX-XX ғасырларда татар деп, Қазан төңкерісінен кейін Қырым татарлыр деп аталды.Қырым татарлары өздерін қыпшақ, ноғай, қырым түркілері, қырымдық деп әрқалай атап келді. Қырым татарлары диаспорасы Ресейдің Краснодар, Ставрополь өлкелерінде, Украинданың Херсон облысында, Өзбекстан мен Қазақстанда да кездеседі. Қырым татарларының басым көпшілігі шетел елдерде тұрады. Түркиядағы 4,5 миллион Қырым татарлары түрік тілінде сөйлейді.
Қырым татарлары жағалаулық, т аулық және далалық болып үш топқа бөлінеді. Ислам дінінің сүннит тармағын ұстанады. Қырым татарлары – Қырым түбігіндегі 7 ғасырдан бастап қоныс аударған хазар, қыпшақ, ноғай, т.б. түркі тайпаларының ұрпақтары, 1443 жылдан бастап үш жарым ғасырға жуық өмір сүрген .
Қырым хандығын 1783 жылы Ресей қаруыдың күшімен – өзіне қаратты. 1921 жылы Ресей Федерациясы құрамында Қырым автономия республикасы құрылды. 1944 жылы 12 мамырда Қырым татарлары Орта Азияға, Қазақстан мен Оралға күштеп жер аударылды. 1957 жылға дейін Қырым татарларын жеке халық ретінде атауға тыйым салынып келді. Тек 1991 – 1992 жылдары 200 мыңдай Қырым татарлары атамекені Қырымға қайта оралды.
Қырым татарларының тілі мен үлттық мәдениеті, өнері мен салт-дәстүрі, бай ауыз әдебиеті қалыптасқан. Қырым татарларының ұлттық музыкасы мен өнерінде, әдет-ғұрпы мен наным-сенімінде, тұрмыс-тіршілігі мен шаруашылығында қыпшақ ұлыстарымен ортақтық басым.
Қырым хандығы – Алтын Орда ыдырағаннан кейін Қырым тұбегінде құрылған мемлекет (1430-1783). 13 ғасырдың аяғында Қырым түбінде Алтын Ордаға тәуелді ерекше аймақ құрылыды. Оның орталығы – Солхат болды. Алтын Орда билеушілерінің өзара күрес-тартыстарынан кейін Меңді Гирей хан (1428-1515). 1443 жылы тәуелсіз Қырым хандығының негізін қалады. Оған Қырым түбегінен басқа Днепрдің төменгі бөлігі да кірді. Ол хандықтың астанасын Бахшасарайға көшірді.
1475 жылы Қырымға түрік әскері басып кіріп, хандық Тұркияға тәуелді болды. Қырым хандығы Ресей, Украина жерлеріне бірнеше жорықтар жасады. Қырым әскерлерінің орыс жеріне жорықтары әсіресе Ливон соғысы (1558-1583) кезінде жиіледі. 16-17 ғасырларда Ресей өкіметі оңтүстік шекарасын Қырым татарларынан қорғау үшін шекара бекініс шептерін құрды. Орыстардың 1687-1689 жылдары Қырымға жасаған жорықтары нәтижесіз аяқталды. 18 ғасырдағы орыс-түрік соғысында Ресей жеңске жетіп, Қырым хандығы әлсірей бастады.
1774 жылы Күшлік-Қайнарджа бітімі бойынша Қырым хандығы Түркияның қол астынан шығып, Ресейдің қарамағындағы тәуелсіз ел болып танылды. 1783 жылы Қырым хандығы Ресей империясының құрамына кірді.
№ 26. Тақырыбы: Қарақалпақтар
Жоспары:
Қарақалпақтар – түркі тілдес халық. Өзбекстан құрамындағы Қарақалпақ Автаномды Республикасы. Оларды көрші халықтар қалпақ, қаралпұқ, қарағалпақ деп атайды. Бұрынғы Кеңесиер Одағындағы 424 000 Қ-дың 94 %-ы өз тілін ана тілім деп таныған (1989). Қ-дың антропол. типі орта-азиялық көне еур. нәсіл мен кейінірек келген моңгол тектес нәсілдің араласу нәтижесінде пайда болған. Зерттеушілердің пікірінше, Қ-дың арғы тегі біздің жыл санауымызға дейін-ақ Арыс жағалауынан бастап Жайық өзендерінің аралығын, Солт. Кавказ бен Дешті Қыпшақ даласына дейінгі ұлан-байтақ кеңістікте көшіп-қонған тайпаларға саяды. Проф. Н.А. Баскаковтың атап өткеніндей, Үлкен Ноғай Ордасынан 15- 16 ғ.ғ. қазақ, қарақалпақ, ноғай халықтары бөлініп шыққан. 1723 ж. Жоңғар қалмақтарының жойқын шабуылынан «ақтабан шұбырындыға...» ұшыраған қазақтармен Қ. да Ота Азия ішкі аудандарына, Ресей шекарасыеа ауа көшті, Кіші жүз қазақтарымен күш біріктіріп, қалмақтарды Жайық пен Жем бойынан ығыстырды. Қ. ерте кезден жартылай көшпелі халық болған. Мал ш-мен, балық аулаумен қатар көне дәуірден-ақ суармалы егіншілікпен шұғылданып келді. Бидай, арпа, күріш, тары екті, жүзім өсірді. Әр отбасының бау-бақшасы болды. КСРО тұсында Өзбекстанда ауланатын балықтың 90 %-ын Қ. беріп кеоген. Алайда Арал апатына байланыстыбалық аулау кәсібі үлкен күйзеліске ұшырады. Балық – Қ -дың сүйікті асы болып келген. Балықты көбінесе, қуырып жейді. Сондай-ақ, араластырып даярлайтын тағам түріне қарма, уылдырық нан, қақпаш (кептірілген балық) жатады. Қ-дың күнделікті қорегінде сүт тағамы, қауын мен асқабақ көбірек. Қол өнері дамыған. Қ. Ислам дінінің сүннит тармағын ұстанады. Ұлттық мейрам мен ойындарға құрбан айт, ораза айт, наурыз мерекесі, сүндет той, бәйге, ылақ (көкпар), күрес (палуан жарысы), дәруаз жатады. Қ-тар сөзөнеріне ден қойған халық. Той-томалақ пен әр алуан жиындарда мас-қарапаздар (күлдіргі айтысы) жарысы өткізіледі. Қ. Ауыз әдебиеті бай. 18 ғ-да өмір сүрген ұлттық жазба әдебиетінің негізін қалаушы Жиен жырау мен 19 ғ-дағы Әжінияз, Бердақ қарақалпақ әдеби тілінің дамуына лайықты үлес қосты. Әнші-жыршылар, сазеңдер мен қиссандар халықтың ертедегі муз. мәдениетін ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші болып табылады.
Тарихы
Қ. жерін адамдар тас дәуірінде-ақ мекендей бастаған. Б.з.б. 2 мж-тың аяғында мұнда суармалы егішілік өркендеді. Қойқырылғанқала діни құрылыстарын қазған кезде табылған ертедегі жазба ескерткіштнр (б.з.б. 4 ғ.), Топыраққала сарайы (3ғ. – 4 ғ. басы) – кейінгі антика дәуірінің үздік ескерткіші. Қ. Халқының этногенезі Сырдарияның сағасы мен Арал жағалауы даласын мекендеген түркі тайпаларына тығыз байланысты. Бұл тайпалар 5 – 15 ғ.ғ.-да әр түрлі мемл. Бірлестіктердің: Бат. Түрік қағадығы, оғыздар, қыпшақтар, Алтын Орда, Ақ Орда, т.б. құрамында болды. Қ-дың көпшілігі 17 ғ-да және 18 ғ-дың орта кезінде Сырдарияның ортаңғы ағысы мен сағасындағы алапты мекендеп, Ноғай ордасына, ол ыдырағаннан кейін Қазақ хандығына қарады. Олар жартылай көшпелі болған, мал ш-н, егіншілікті, балық аулауды кәсіп еткен. 18 ғ-да Қ-тар қазақтардың Кіші жүзі құрамында болды. Тайпааралық қақтығыстардан қажыған ел 1742 ж. Ресей бодандығына қабылдауды өтініп, Орынбор мен Снакт-Петербургке елші жолдады. Ресей үкіметі олардың өтінішін қабыл алды. Ресеймен өзінің сыртынан мәміле жасасқанынашамданған Әбілқайыр хан 1743 ж. Қ-тарға жорық жасады. Қ-тар еж. қоныстарынан айырылып, Сырдарияның батыс атырауынан құятын Жаңадария бойына қарай ығысты. 18 ғ-дың соңында Хиуа хандарының шабуылы үдеді. 1811 ж. олар қарақалпақ елін жаулап алып, Әмударияның сағысына көшірді. 1855 – 56 және 1858 – 59 ж.ж. Қ-тар Хиуа езгісіне қарсы көтерілді. Бірақ, Хиуа әскерлері көтерілісшілерді аяусыз қырды. Патшалық Ресей әскерлерінің 1873 ж. шапқыншалық жорығынан кейін (Хиуа ханы Ресейге протектораттық тәуелділікті мойындату жөнінде 2 жақты келісімшартқа қол қоғаннан кейін) Әмударияның оң жағалауындағы қарақалпақтар Ресей мемлекетінің қол астына өтіп, Әмудария бөліміне бірікті. Бұл бөлініс 1887 ж. Түркістан ген-губ-ына қарайтын Сырдария обл-ның құрамына енді. Ал өзеннің сол жағалауын мекендеген Қ-р-ң аз бөлігі Хиуа хандығының қарамағында қалды. Тап осы кезде елде тауарлы мақта ш. дамып, шағын кәсіпорындар ірге бекітті. Алғашқы мақта өңдеу з-тттары іске қосылды. Ресей империясын шайқалтқан 1905 – 07 ж.ж.-ғы рев.толқулар, 1916 ж. Орта Азияны қамтыған ұлт-азаттық көтерілістер, сондай-ақ, 1917 ж. әлеум. төңкеріс өрті қарақалпақ жерін де шарпыды. Ел ішін жікке бөліп, дүрбелеңге түсірген азамат соғысы ж.ж.-ын бастан өткерді. 1920 ж. желтоқсанда оң жағалаулық қарақалпақ жері Түркістан АКСР-на қарайтын Әмудария обл. болып құрылды. 1921 ж. 21 маусымда осында Қарақалпақ обл. партия ұйымы құрылды. 1924 ж. 14 қазанда БРОАК Түркістан АКСР-ның қарақалпақтар тұратын аудандарының негізінде Қарақалпақ автоном. округін құрды, оған Хорезм республиканың Қарақалпақ округі қосылды. 1925 ж. ақпан айында өткен кеңестердің І құрылтай съезінде Қарақалпақ АО Қазақ АКСР-ның құрамына, 1930 ж. 20 наурызда Қарақалпақ АКСР болып, 1936 жылдан Өзбек КСР-ның құрамына кірді. 1920 – 30 ж.ж. жаппай ұжымдастыру жүргізіліп, байлар тәркіленді, а. ш-н суландыру жолға қойылып, жаппай мақта өсірілді, мақта тазалау өнеркәсібі пайда болды. 1941 – 45 ж. соғыс ж.ж.-ында майдан мен тылдағы ерліктері үшін мыңдаған қарақалпақтар ордендермен, медальдермен марапатталды, 14 адам Кеңес Одағының Батыры атанды. Соғыстан кейін мақта ш. Әрі қарай дамып, өнеркәсіп орт-тары (Нөкіс, Ходжейлі, Тахиаташ, т.б.) салынды. 50-жылдары Шарджоу – Қоңырат т.ж. салынып, 70-жылдары Бейнеу арқылы Мақатқа дейін ұзартылды, сөйтіп, Орта Азиядан Рсейге шығатын ең төте жолға айналды. Кеңес өкіметі тұсында Қ елінде сауатсыздық жойылып, ұлттық кадрлар өсіп жетілді, жоғары оқу орындары мен ғыл-зерт. мекемелері , мәдениет ошақтары, т.б. ашылды. 1990 ж. 14 желтоқсанда Қ. Өзбекстан Республикасының құрамындағы егемен мемл. болып жарияланды. 1992 ж. 14 желтоқсанда Қ. Жоғ. Кеңесінің 11-сессиясында – Мемл. Туы, 12-сессиясында – Конст-сы мен Гербі (1993 ж. 9 сәуір) қабылданды. 1991 ж. қарашада Қ-да президенттік басқару енгізіліп, 1992 ж. қаңтар айынан бастап ел Қарақалпақстан Республикасы деп аталды.
Мәдениеті
Қ-р-ң фольклорлық шығармалары – «Қырық қыз», «Ашық Ғарип», «Шадияр», т.б. батырлық, лиро-эпостық дастандары ерте ғ.ғ.-да дүние келген. Жазба әдебиеті 19 ғ-дан басталады. Осы кезде Жиен жырау Тоғайұлы (18 ғ.), Күнқожа Ибрайұлы (1799 – 1880), Әжінияз Қасыбайұлы (1824 – 78), Бердақ Қарғабайұлы (1827 – 1900), Омар Өтеш (1828 – 1902), Омар Сүгірбабатұлы (1879 – 1922), Құлмұрат (1838 – 1927), Сыдық Шаир (1857 – 1917) сияқты ақындардың өлең-жырлары ел ішіне кең тарады. Туыстас қазақ және Қ. халықтарының ауыз әдебиетінде ортақ үлгілері көп. Солар бірі – «Қырық қыз» дастаны. Ұлт әдебиеті кеңес өкіметі жылдарында сапалы кәсіби-шығарм. деңгейге көтерілді. Проза, драмматургия жанрында жаңа туандылар жазылып, әдеби сын дамыды, ұлтық әдебиеттаны ілімі қалыптасты. 20 ғ-дың 50 ж.ж.-нда жазылған А.Бегімовтің «Балықшының қызы» (1958), Ж.Аймырзаевтің «Әмудария жағасын» (1958) романдары, сондай-ақ, Т.Қайыпбергеновтің «Қарақалпақ қызы» (1963 – 65) атты кітаптары қарақалпақ прозасын биік сатыға көтерді. Осы жылдары жазылған Ж.Аймырзаевтың «Айгул-абат», «Бердақ», А.Бегімовтың «Боз отау», «Ашық Ғарип», М.Дәрібаевтың «Көклан батыр», «Жаңа адамдар», С.Қожаниязовтың «Сүймегенге сүйкенбе», «Жас жүректер» пьесалары республика театрларының репертуарларын байыта түсті.
Қ-да ұлттық қолөнер мен зергерлік машық дәстүрлерін дамытқан өнер шеберлері – мүсіншілер: Ж.Құттумұратов, Д. Төрениязов, кескіндемешілер: Ж.Беканов, Б.Серекеев, А.Құрбанбаев, Қ.Бердімұратов, Қ.Нәжімов, т.б. Қарақалпақтардың муз. мәдениеті 20 ғ-дың бас кезіне дейін халық шығарм. түрінде дамыған. Муз. аспаптары: дутар, қобыз, ғыржах, баламан, най, сырнай, дәп, шаңқобыз. 20 ғ-дың 50-жылдарынан бастап симф. оркестрге арналған шығармалар, хорлар, спектакльдерге арнап муз. Жазылды (композиторлар Ж.Шамұратов, А.Сұлтанов, К.Тұрдықұлов, К.Абдуллаев, М.Жиемұратов, Н.Махаматдинов). 1959 ж. Қарақалпақ халық әндерінің жинағы баспадан шықты. Республикада муз-драма театры, ұлттық филармония, муз-хореогр. уч-ще және бірнеше муз. мектеп жұмыс істейді. Осы шығарм. ұжымдар қабырғасында А.Шамұратова, С.Әуезов, О.Дәулетова, З.Зарипов, Ю.Мамұтов, Р.Сейітов, Г.Шеразиева, Т.Ахметова, Х.Сапаров, т.б. өнер шеберлері тәрбиеленіп шықты.
Пайдаланылған әдебиет: «Қазақ инциклопедиясы», V том / Бас ред. Бүкітбай Аяған / Алматы, 2003 (578–580 б.б.).
№27-28.Тақырыбы: Алтай түріктері. Алтайдағы қазақтар мен түріктер.
Жоспары:
1.Алтай түріктерінің шығу тарихы.
2.Алтайдағы қазақтар мен түріктер.
Түркі тектес халықтардан Аралық бұтаққа жататын 14 ел бар.Тұран халқының байырғы қоныстарында емін-еркін көшіп-қонған көшпелі, мал шаруашылығымен шұғылданған бұл халықтарды түркі тектес халық деп жазыпкелген-ді. Бұлардың ішінде ең әйгілісі қырғыздар. Қырғыздар туралы да тарихшылар Моңғолия үстіртінде Орхан өзені бойында әжептәуір дәуірлеп тұрған «Қырғыз ұлысын» тілге тиек етеді. Енисей қырғыздары, Тянь-Шань қырғыздарының тарихқа түсуі VI ғасыр мерзімін тұспалайды. Сол қырғыздармен қанаттас жүріп, аралас-құралас өсіп өнген түркі халықтарының Аралық бұтағына жататын хакастар, сахалар, алтайлықтар, тувалар, тофалар, шұлымдар, шорлар, саларлар, сары ұйғырлар, долғандар, чуваштар түріктенген моңғол тектілер ме, әлде моңғолыланған түркі тектілер ме? Бұл туралы күні бүгінге дейін аталмыш халықтардың тарихын зерттеушілер әртүрлі жазып, сызып келгендіктен жаңағы сұраққа жауап таба алмаймыз. Тіпті мұндаға дейін жоңғардың үрім-бұтағы болып өздерін ойрат әулетінен тарататын алтайлықтарды түркі тайпасы деп жазып жүрміз. Олай болса олардың тарихы жоңғардың Галдан Боршигтысынан Давашы Амарсанаға дейінгі Орта Азияға орны толмас қайғы-қасірет әкелген сұм заманның сұрапыл оқиғасын мадақтаумен машықтануда. Тіпті Галдан Бошигт пен Амарсаналар қайта туылып (Будда дінінің өсиеті бойынша) алтайлықтарды азат етеді деп көк тәңірге жалбарланып келгені аңыз-хикаяларында жыр болып жалғасады.
Алтайлықтарды моңғол халқы тұрғай тарихшылардың өзі жақсы біле бермейді. Ал,сол жоңғарлардан жапа шеккен қазақтар мен қырғыздар қаншалықты білген. Бұл арада тарихи құжаттарға жүгінейік.
Таулы Алтай аймағының негізгі халқы алтайлықтар саны 56 мың (1970). Түркі тілдері тобына жататын алтай тілінде сөйлейді. Этнография жағынан алтайлықтар оңтүстік және солтүстік болып екіге бөлінеді. 1 топқа челкан, кумандин, шор кіреді. Бұлар ежелгі самодий, кет, угр, түркі тайпаларының ұзақ уақыт өзара қосылысуынан өрбіген. 2 топқа алтай қажи, төлеңгіт, төлеуіт. Бұлар ертедегі (V-VIII ғ.) алтайлықтардың түркі тайпаларымен және XIII-XV ғасырда келіп сіңген түркі, кейбірі моңғол тайпаларымен араласудан шыққан. Бұрын артта қалып шаман дінін ұстаған, экономикасы мен мәдениеті дамымай, жазуы мен жазба әдебиеті болмаған, патриархалдық, феодалдық құрылыста өмір кешкен дейді. («Қазақ Совет энциклопедиясы» I том. Алматы. 1972 ж. 295бет.)
«Алтайлықтарды жоңғарлықтар әулеті дегенді ешбір зерттеушілер айтпайтыны саясатқа байланысты болуы да мүмкін. Ал тек ғалым С.Бизаков былай тұжырым жасапты. «Қазан төңкерісіне дейін алтайлықтардың бірыңғай аты болмаған. Олар өздерін алтай кижи, теленгит, теле, телеуіт, кумадан деген тәрізді сан алуан тайпа атымен ғана атап келген. Оның үстіне алтай тіл жағынан да, тіпті нәсіл жағынан да біртекті болмады. Оңтүстік алтайлықтардың сырт пішіні моңғолдарға ұқсап тұрса, ал солтүстік алтайлықтар оңтүстік Сібір (Тұран) нәсіліне жатады. Алтайлықтардың негізі VI-VIII ғасырларда түркі, кет, угр тайпаларынан құрылған» дейді. («Түркістан халықаралықө энциклопедия» . Алматы 2000. 64 бет).
Бес ғасыр моңғол тайпаларымен араласып Жоңғар хандығы талқандалғаннан соң алтайлықтар 1756 жылы Ресей патшалығының қолтығының астына өткенде аз ғана қашқан-пысқындары ғана қалған болатын. өйткені, Маньчжур патшалығы «Осыдан былай (1757) ойрат деген ел жер бетін басып жүрмейтіндей қырып-жойдық» деп акт жасап, құжат қабылдаған. Тіпті ойраттың соңғы ханы Амарсананы Тобелск қаласында шешек ауруымен өлгеннен соң 17 жылдан кейін көрден суырып алып Амарсана екенін дәлелдеген комиссия актысын Манж Цин патшалығы растап жарлық шығарған-ды. Бұл жоңғар халқын қайтіп бас көтертпестей етіп үрім-бұтағын құртуға бағытталған аса қатал шешім болатын. Бірақ, қандай бір қырғын соғыс болмасын халықты ұрпақсыз қырып жіберу мүмкін емес. Орыстардың дзунгары, қазақтың жоңғары, моңғолдардың ойраты (жақын туыс деген мағынада) осылайша қырғын-сүргіннен құтылғандарының да жырғағаны шамалы. Есінен таңған естісі қырылған елді Ресей патшасы жалғыз-жарыс жылдың ішінде христиан дініне кіргізіп, қалған халықты тұтастай шоқындырып жібереді. Арыдан діндар емес, тек ақсүйек нояндары мен хан ламалары ғана будда дінінің ламизмін тұтынатын ел-ілезде христиан болып шыға келген-ді. Ал қарапайым халық шаманизмінің от пен суға табынатын тәңірлік қағидасын да ұмыта бастады.
Тау-таудың қуысын паналаған аңшылық, малшылық кәсібін қуған ойраттар Алтай, Саянда жапсарлас отырған тыва, тофа, шұлымдар мен тайгада бұғы, маралмен ғана күн көретін цатын сары ұйғырлармен қатынаста болады. әсіресе, бір кездерде өздерімен бір одақта болған батыс Моңғолдағы ойрат нәсілі баяд, дөрбет, торғауыт, урианхайлармен байланысуға талпынса да азуы алты қарыс Ресей патшалығы Таулы Алтайдың жыныс ормандары мен тау қыраттарынан ұзатпай Алтай тауына қамап тастағандай еді.
Қазан төңкерісінің сәл алдында жойылғай тұрған ойраттар тарихына үлкен бетбұрыс жасалды. Кеңес Одағы езілген қаншама халықты Ақ патшаның зұлымдығынан азат еткені сияқты, 1921 жылы Сыртқы моңғолды азат етіп Моңғол Халық Республикасы құрылды. Сонан кейін бір жылдан соң батыс моңғолға іргелес орналасқан ойраттарға бақытты тұрмыс жаратып 1922 жылы Ойрат автономиялық облысын құрды.
Ұлы Отан соғысы кезіндегі кейбір сатқындық әрекеттен барып көптеген автономиялы облыс пен аймақтар таратылып, кейіннен қайта құрылғаны сияқты 1948 жылы таулы Алтай автономиялық облысы құрылды.
Алтайлықтардың тарихы айқын. Олардың шығу тегі ойраттарға байланысты екеніне дау айтатын ешкім болмаса керек. Алайда тарихшылар әдейі жаза ма, әлде көптеген халық тарихына қара дақ түсірген жоңғарлар әулеті бас тарта ма, оны да моңғол да емес, ойрат та емес деп көрсетуден «алтай» деген ат шығарып алғаны жұмбақ сырдың түйіні іспетті.
Әлем тарихына белгілі Тұранның кең алқабын арыдан мекендеген, шығу тегі жағынан туыстас алтай тілінің отбасында жататын тіл білімінің қалыптасқан жүйесі бар. Түркі тілі немесе Тұран тілдері емес, неге алтай тілі деп аталады? Бұл мәселенің бір жағы. Этнолингвистика мамандары, тіл білімінің білгірлері алтай тілінің тарихын әлі саралап айтып бере алған жоқ.
Алтай тауы туралы айтар болсақ, әлемге әйгілі тау. Өр Алтай, Таулы Алтай, Моңғол алтайы. 3000 километрге созылған, басын мұзарт басқан, етегін жасыл орман көмкерген құтты мекен. Соның асқар шыңы Өр Алтайдың үш жағында Қазақстан, Шығыс Түркістан қазақтары, Моңғолия қазақтары мекендейді. Алтаймен жапсарлар Саян, Ханғай, Хантэнгэр (Хантәңірі) тауларда байлығымен, құлын мүшесі бұзылмаған табиғатымен әлемге әйгілі. Алтайды «Алтын тау», «Алтынды тау» деп әр түрмен атап келеді. Егер ол алтынға байланысты аталса Алтынды тау, Алтынды сай, Алтынға бай тау деп неге айтылмайды?
Ертедегі Қытай жазбалары Алтай тауын мекендеген халықты «Төрт маусымды ел», «Қыс жазы», «Көктем, күзді ел» деп өз шежірелерінде жазып-сызған. Неге дегенде Азия шығысында жалғыз-жарым ғана маусым болған. Оларда қар жауса да тез еріп кетеді. Көлдер мен өзендері мұз болып қатып қалмағандықтан таулы, нулы-сулы жердің табиғатына таңданып алты ай қыс, алты ай жаз болғандықтан «Алты ай» деген ертедегеі түркі сөзін пайдаланып Алтай тауы деген сөз туындаған деген болжам шындыққа жуық. Егер тау аты алтынға байланысты айтылса көшпелілердің ата қонысындағы алтын, күмісінің дені далалық өңірден қазып алынып келіпті. әлі де солай. Сондай-ақ Алтай деген алтыннан да артық байлығы мол ұлы тау. өйткені 3000 километрге созылған Алтай тауларының қойнауы толған байлық. Тұнып тұрған мұндай байлықты мекенін «Асқар Алтай», «Аспан Алтай» деп тәу етіп келген халықтың бірі қазақ халқы. Қазақтар үшін Алтай деген тау аты, байлықтың түрі-темірдің пірі алтыннан да асып түсетін қасиетті ұғым. Олай болса бұл халықты орыстардың атап дағдыланған «Алтай» атымен емес, «Таулы Алтай» деп атаса болғандай.
Бұл халықтың нағыз тарихына жүгінсек, моңғол тектес ойрат халқының төрт руынан тараған шағын халық. Қазіргі барлық саны 90 мыңнан аспайтын бұл халық түріктенген моңғолдар ма, әлде моңғолданған түріктер ме дегенді осы тараудағы түркі халқының басқадай Аралық бұтағына байланысты халықтардың тарихымен салыстыра сөз етіп көрейік.
Достарыңызбен бөлісу: |