ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені


Физика сабақтарында қарастырылатын оқу материалындағы политехникалық білімнің мазмұнына енуге тиісті



бет6/51
Дата18.02.2017
өлшемі5,52 Mb.
#10309
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51

Физика сабақтарында қарастырылатын оқу материалындағы политехникалық білімнің мазмұнына енуге тиісті:


1.Физика мен техниканың байланысы

2.Ғылыми-техникалық прогрестің негізгі бағыттары

3.Қазіргі кездегі өндірістің негізгі салалары

4.Нақты техникалық обектілер мен технологиялық процестер

5.Әлеуметтік-экономикалық білімдер

6.Экологиялық білім.

Өндірістің негізгі ғылыми принциптері жөніндегі білім физиканың мазмұнына табиғи жолмен кіруі керек. Физика пәнінің мұғалімі оқушылардың табиғат заңдарының іс жүзінде қолданылуымен таныстырып, оларды өндірістің ғылыми принциптерін түсіндіруге баулиды. Егер оқушыларға өндірістің ғылыми принциптері туралы тек теориялық мәліметтер беріліп, іскерлік дағдыларға үйрету жағын алып тастасақ, онда политехникалық оқу абстаркты-теориялық сипат алады, балаларды іскерлікке даярламайды. Ал өндіріс принциптері туралы теориялық білім бермей, бірыңғай тек техниканы игеру дағдыларын ғана үйретсек, онда бұл политехникалық оқу болмай, тек жалаң қол өнерге үйрету, технизм болар еді. Физиканы оқыту процесінде оқушыларды өндірістің негізгі элементтерімен таныстыру қамтамасыз етілуі керек. Мұғалім оқушыларға өмірде өндірістің атқаратын міндетін, оның мәнін және жалпы бейнесін, жеке салаларының даму болашағын ашып беруі қажет.

Политехникалық талаптарға арналған лекциялар мен әңгімелерде кинофильмдерді, диапозитивтерді, графиктерді, кестелерді, схемалар мен суреттерді, машина бөліктерін, т.б. көрсету сабақты жандандырады. Мұндай сабақтарды әзірлеуге оқушылар қатыстырылады. Физиканы оқытуда оқушылардың лабораториялық жұмысы, тәлімдік сабақтар ерекше маңыз атқарады.

Тағы бір ескертетін жағдай дененің температурасын, қысымын, салмағын, ток күшін, кернеуін тағы осыларға ұқсас физикалық шамаларды өлшеуге үйрету үшін оларды мұғалімнің өлшегеніне қарап байқау жеткіліксіз, оқушы оны өз қолымен өлшеп жаттығуы керек, өлшеуіш аспаптарды, құралдарды өз қолымен пайдалана білуі қажет яғни оқушылар байқамы аз бақылаушы болмай, іс-жүзілік жұмыстар атқаруы тиіс.

Физиканың заңдары энергетикада, металл өңдеу ісінде, машина жасауда, транспортта және қазіргі өнеркәсіптің басқа салаларында кең қолданылатыны, осы заңдарды оқып үйрену политехникалық оқудың негізі болып табылатыны, өндіріс құралдарының бірқатары, әсіресе өлшеуіш аспаптардың физикалық құранды бөліктері оқушылар санасына сіңірілуі тиіс. Алдына осындай міндеттерді қоя отырып, алайда, мұғалім физиканың негіздерін оқытуды тек техникалық мәселелерді оқытуға айналдырып жібермеуі керек.


Политехникалық білім беруді физика сабақтарында сан-алуан мысалдармен сабақтастыруға болады. Мысалы, 7 және 10 сыныптарда жылу құбылыстарын оқып үйренуде жылу машиналарының құрылысы мен жұмысының принциптері түсіндіріледі. 7 сыныпта бу машинасы мен бу турбинасы және іштен жанатын двигатель жөнінде де түсінік беріледі. Бұл двигателдердің ауылшаруашылығын механикаландырудағы мәні ашып көрсетіледі.

7 сыныпта оқушылар қыздырғыштың пайдалы әсер коэффициенті түсінігімен танысады. 10 сыныпта жылу машинасының пайдалы әсер коэффициенті және оны жоғарылатудың тәсілдерімен танысады. Қысым жоғары бу машиналары мен бу турбиналарын жасап шығару пайдалы екендігі атап көрсетіледі. Осы сыныпта оқушылар реактивтік двигателдермен таныстырылады.

8 сыныпта тұрақты ток электр двигателінің жұмысы, айнымалы ток генераторының, трансформаторының құрылысы мен жұмысы оқытылады. Электр энергиясының өнеркәсіпте, транспортта, ауылшаруашылығында пайдаланылуы жөнінде түсінік беріледі.

10 сыныпта оқушылардың электр энергиясының алынуы және пайдаланылуы жөніндегі білімі кеңейтіліп тереңдетіледі, электрленудің негіздері анықталады, ірі және кішігірім су электр станцияларының құрылысы туралы айтылады.

Политехникалық білім беруде физикалық және техникалық мазмұндағы лабораториялық жұмыстар да өте-мөте бағалы. Мұндай жұмыстар оқушыларды әртүрлі техникалық құралдардың, механизмдердің, түрлі жабдықтардың, құрылғылардың құрылыстарымен және қызметімен таныстырып, өлшеуіш құралдармен жұмыс істеуге дағдыландырады.

Мұндай политехникалық мазмұндағы лабораториялық жұмыстар оқушылардың сызбалар мен схемаларды, шартты белгілерді пайдаланып үйренуіне мүмкіндік береді.


Жалпы білім – политехникалық және кәсіптік білімнің негізі және олармен тығыз байланыста болады. Политехникалық білім арқылы бала қазіргі өндіріс негіздерін зерделейді, еңбек құралдарымен жұмыс істеуге үйренеді, еңбекке, қазіргі техникаға, ғылымға қызығушылығын арттырады. Өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы сүйенетін, заңдылықтары қолданылатын математика, дүниетану, физика, химия, биология, сызу, тарих, еңбек сабақтары политехникалық білімді көбірек береді. Сондықтан кәсіпорындарға саяхат жасалып, оның қызметкерлерімен кездесулер ұйымдастырылады. Сызу, мектеп жанындағы бөлімшеде тәжірибе жүргізу және оны бақылау, кейбір еңбек құралдарымен жұмыс істей білу – политехникалық білімді тереңдетеді. Политехникалық білімнің зерделенуіне мұғалімнің қазіргі өндіріс туралы білімдері көмектеседі.

2.Физиканы оқытуда оқушыларға кәсіби бағыт беру.


Ғылыми негізделген кәсіптік бағдар мен мамандық таңдау жұмысының орталығы – жалпы білім беретін орта мектептер.

Физиканың кәсіби бағдарлық ролі:

а) политехникалық білімдердің негізі;

ә) физиканы оқытудағы еңбек тәрбиесі;

б) физика-техникалық кәсібибағдар.

Халықшаруашылығының негізгі салалары бойынша оқушылардың политехникалық білімін тереңдетуде физика сабақтарының ролін ерекше ескерген жөн. Мысалы, «Электродинамика» бөлімін оқығанда жас жеткіншектер двигательдердің, генераторлардың, электр станцияларының қуаттарымен, оларда қолданылатын жаңа приборлармен танысады. Материалдардың түрлі қасиеттерімен таныстырғанда, космос ғасырының металы - титан туралы түсінік беруге болады. Оның тығыздығы 4510 кг/м.куб., балқу температурасы 16680С, ал беріктілігі темірдің беріктілігінен 2 есе, алюминийдікінен 6 есе артық. Мұндай жеңіл әрі берік металл авиацияда, космонавтикада кеңінен қолданылатын болады (б). Физиканы оқыту процесінде жастар көптеген техникалық мамандықтардың (электрмен пісіру, механик, инженер, ғарышкер, конструктор, оператор, т.т.) кәсіби ерекшеліктермен танысады (ә).

Мұндай материалдар мектеп физикасының танымдық, тәлім-тәрбиелік және кәсібибағдарлық маңызын айқын аша түседі. Демек, бұл жағдай физика сабақтарында күнделікті ескерілуі тиіс.

Кәсіптік бағдар беру дегеніміз – педагогтардың, психологтардың, дәрігерлердің және басқа да қызметкерлердің қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіптік қызығуы мен қабілеттілігін қалыптастыруға және мамандық таңдауға көмектесуде, мақсатты істелетін жұмыс. Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысының негізгі міндеттері төмендегідей:

- оқушыларды көпшілік мамандықтар туралы түсінікпен қаруландыру;

- кәсіптік қызығуы мен бейімділігін, қабілеттілігін қалыптастыру және дамыту мақсатында оқушылардың дара ерекшеліктерін зерттеу;

- мектеп бітірушілерге мамандық таңдауға көмектесу;

- оқушыларды белгілі мамандықтың түрін меңгеруге бейімдеу.

Кәсіптік бағдар беру жүйесінің құрамды бөліктеріне, кәсіптік ақпарат, кәсіптік ағарту жұмысы, кәсіптік ақыл-кеңес және кәсіптік іріктеу (профотбор), кәсіптік бейімделу жатады. Кәсіптік ақпарат – орта мектептегі кәсіптік бағдар берудің ең негізгі нысандарының бірі. Кәсіптік ақпарат арқылы оқушылар әр түрлі мамандықтардың маңызы мен мәні туралы түсініктер алады. Мамандық бойынша адамға қойылатын талаптармен таныстырылады. Мамандықтың ерекшелігі, оның қоғамда алатын орны туралы түсініктер беріледі.

Кәсіптік іріктеу – (профотбор) мамандықты меңгеруге жарамдылығын арнаулы әдістеме арқылы анықтауға бағытталған зерттеу процесі. Қоғамда кәсіптік іріктеу белгілі бір мамандықтың түріне зорлықпен жүргізілетін «бейімдеушілік» түрінде болса, кәсіптік іріктеудің (профотбор) негізіне оның гуманистік, тәрбиелік мәні, жастардың жаңа жағдайда жұмысқа «үйренуі» жатады.

3.Физиканы оқыту процесінде оқушыларға экологиялық білім беру.

Табиғатты қорғаудың қажеттілігін жеке адамның түсінуі үшін үлкен тәрбие жұмысын жүргізу қажет. Демек болашақ ұрпақ табиғат тазалығын сақтап қалатындай деңгейдегі экологиялық білім беру баршаға бірдей іс. Мұндай жұмыс мектеп қабырғасынан басталады. Экологиялық материал пәндердің тәрбиелік мәнін күшейтуі – табиғатты қорғау жөнінен ғылыми-техникалық прогрестің ерекшеліктерін өзара байланыста қарастыруы, биосфераға антропогендік әсердегі диалектикалық сипатын ашуы, оқушылардың экологиялық мәдениетінің табиғатқа деген жауапты қатынасының қалыптасуына мүмкіндік туғызуы қажет. Бұл орайда физика пәнінің алатын орны ерекше. Физиканы оқыту барысында экологиялық білімнің жүзеге асуы оқушылардың табиғатқа деген жауапты қатынасын, экологиялық мәдениетін қалыптастыруға үлкен үлес қосады. Жоғары сынып оқушылары экологиялық материалдарды қабылдауға қабілеттірек, себебі олардың белгілі ғылымдар негізі туралы мәліметтер қоры толық өмірлік тәжірибелерде қалыптасқан. Сонымен қатар олар ғылыми талдау жасап салыстыра алады, жалпылауға және қорытынды жасауға қабілеттірек. Осыған байланысты физика пәнін оқыту барысында оқу бағдарламасына сәйкес 10-сынып физика курсы бойынша электродинамика бөлімін өткен кезде оқушыларды экологиялық мазмұндағы төмендегідей негізгі сұрақтармен таныстыруға болады: электр өрісі және оның өсімдіктер мен жануарлар әлеміне әсері, электр энергиясын өндіру және тиімді пайдалану, оның басқа энергия түрлерінен экологиялық тұрғыдан алып қарағанда артықшылығы, халық шаруашылығындағы электр тогының қолданылуы, жер бетіндегі организмдер тіршілігі үшін атмосфералық электр көзінің маңыздылығы, атмосфералық электр энергия көзі, электрофильтрлермен суды және ауаны тазарту, жердің магнит өрісі т.б. Мысал ретінде оқушыларды организмдерде өтетін өмір сүру үшін маңызды процестерге әсер ететін өлі табиғат элементі болып табылатын электр өрісімен таныстыруға болады. Физика курсы бойынша бағдарламаны талдаудың нәтижесінде мұндай жұмысты «Электр өрісі» тақырыбын қарастырғанда ұйымдастырған жөн.

Оқушылардың Жердің электр өрісі туралы білімдерін жетілдіруде конденсаторлардың түрлерімен таныстыру көп үлес қосады.

Газдардағы электр тогы туралы материалдарды түсіндірген кезде оқушыларды зауыттардың, фабрикалардың, жылу электр станцияларының және т.б. трубаларынан бөлініп шығатын зиянды газдарға ұстауға арналған электр фильтрлерінің жұмыс істеу процесіне және қолданылуының экологиялық маңыздылығына тоқтала кетуге болады, ал токтың магнит өрісі тақырыбында оқушыларға электромагниттік ластанудың негізгі ғылыми-техникалық прогреспен тығыз байланысты екенін, оны электр тасымалдау желісі мен атмосфералық өрістің тудыратындығының, ал біздердің электромагниттік өріс қоршауында екенімізді әңгімелеп, электромагниттік сәуле шығарудың ішінен жарық толқыны мен инфрақызыл сәулеленуді сезінетінімізді жеткізуге болады. Осы өрістің зиянды әсерінен қорғаудың керектігін түсіндіру керек.

Экологиялық білім – қоршаған ортаны қорғау үшін қажетті білімді, әдетті, ептілікті, икемдікті қамтиды.
Дәрісті меңгергеннен кейін білуге қажетті негізгі ұғымдар

Политехникалық білім – өндіріс негіздерін зерделейді.

Кәсіби бағыт беру – педагогтардың, психологтардың, дәрігерлердің және басқа да қызметкерлердің қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіптік қызығуы мен қабілеттілігін қалыптастыруға және мамандық таңдауға көмектесуде, мақсатты істелетін жұмыс.

Экологиялық білімтабиғат қорғау саласына ғылыми және педагогикалық кадрлар даярлауды мақсат ететін арнаулы білім.

Өзін -өзі бақылау сұрақтары

1. Физикалық ойлау дегенді қалай түсінесіңдер?

2. Оқушылардың ғылыми-техникалық ойлауы дегенді қалай түсінесіңдер?

3. Оқушылардың ойлауын дамыту қалай жүзеге асады?


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет