5. Сырттай бөлім студенттеріне арналған бақылау сұрақтарына
әдістемелік нұсқаулық
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің филология мамандықтары бойынша сырттай оқитын студенттер оқу жоспарына сәйкес қазақ тілінің стилистикасы пәнінен бақылау-пысықтау жұмысын орындауға тиіс.
Қазақ тілінің стилистикасы пәнінен бақылау-пысықтау жұмысын орындауға кірісер алдында таңдаған тақырыпқа байланысты бір немесе бірнеше көркем шығарманы мұқият оқып шыққан жөн. Шығармаларды оқу үстінде студент ол туралы өзінің түйген ой-пікірін дәптерге жазып отыруы ләзім.
Бақылау-пысықтау жұмысының маңызды кезеңі жоспар құру. Бақылау-пысықтау жұмысындағы түйінді ой-пікірлердің қалай баяндалатыны ең алдымен осы жоспардан байқалады. Жоспарға бақылау-пысықтау жұмысының тақырыбына тікелей қатысты деген мәселелерді енгізу керек. Жоспарды құрғанда ең алдымен кіріспе, қорытынды бөлімдеріне қатты назар аударған жөн.
Бақылау-пысықтау жұмысының мазмұнынан тақырыпқа толық жауап табылуға тиіс. Бұл ретте жұмыстың композициясын ескермей де болмайды. Жұмыстың жекелеген бөлімдерінің үлкен-кішілігі қойылып отырған мәселе байланысты болатыны анық.
Бақылау-жаттығу жұмысында шығармасы өз алдына бөлек, оқшау талданбай, қайта сол ақын, жазушының бүкіл шығармашылығымен тығыз бірлікте қарастырылғаны ұтымды.
Әрбір студент бақылау-пысықтау жұмысына байыпты қарауға міндетті. Оны шығармашылық еңбек деп түсінген мақұл. Қай-қай тақырыпқа жазғанда да студент өз бетімен ойлап, аз да болса, өзіндік пікір айтуға талаптанса өте жақсы.
Жұмыстың сауатты жазылуы аса қажетті. Студент емле, тыныс белгісі, стилистикалық қатені жібермеуге күш жұмсасын.
Бақылау-пысықтау жұмысының рет-ретімен бет саны міндетті түрде көрсетілетін болсын.
Қазақ тілінің стилистикасы пәнінен сырттай оқу бөлімі студенттері үшін бақылау-пысықтау сұрақтары
Стилистика курсының мақсаты мен міндеттері, оның негізгі объектісі.
Стилистиканың тілі білімінің салаларымен байланысы.
Стилистиканың ғылым ретінде дамуы туралы. Стилистиканың жалпы және жеке тілі білімінде зерттелуі, стилистика және стиль жөніндегі ой-пікірлер.
Жалпы халықтық тілдің сипаты, әдеби жазба тілдің формаларының даму тарихы стилистикасының да даму тарихымен байланысты екендігі.
Стилистиканың жанрлы сипаты. Ауызекі сөйлеу тілі мен жазба әдеби тіл стильдері, олардың түрлері.
Жазба әдеби тіл стильдері, олардың түрлері мен ерекшеліктері.
Функциональдық стильдер, Функциональдық стиль туралы түсінік. Функциональдық стильдерді ажыратуға қатысты әр түрлі көзқарастар.
Іс қағаздар мен ресми құжаттар стилі. Жалпы сипаттамасы. Іс қағаздары мен ресми құжаттар стилінің ғылыми стильге жақын келетіндігі.
Ғылыми стиль. Жалпы сипаттамасы. Оның түрлері. 1. Ғылыми родстиль; 2. Ғылыми көпшілік подстиль, олардың лексикасы мен грамматикасы. Ғылыми диалог пен монолог.
Публицистикалық стиль. Жалпы сипаттамасы. Публицистикалық стильдің лексикасы мен фразеологиясы. Публицистикалық стильдегі қоғамдық-саяси лексиканың ерекшеліктері. Публицистикалық стильдің түрлері. Радио тілі, теледидар тілі, ерекшеліктері.
Көркем шығарма стилі. Жалпы сипаттамасы. Көркем шығарма стилінің түрлері. Көркем шығарма тілінің эстетикалық қызметі. Басқа функциональдық стиль элементтерінің көркем шығарма тіліндегі қызметі. Шығарманың көркем жүйесі. “Автор бейнесі” туралы түсінік.
Ауызекі сөйлеу тілі стилі, оның өзіне тән ерекшеліктері. (Жазба әдеби тіл стилімен салыстыра отырып дәлелдеу).
Стилистиканың тіл білімі салаларымен байланысы: фонетикалық стилистика. Фонетикалық элементтердің стильдік өңі туралы. Жеке дыбыстардың, екпін түрлерінің такт (үзіліс), сөйлеу сазының стильдік боямалыққа қатысты екендігі.
Лексикологиялық стилистика сөздің тура және ауыспалы мағынада (метафора, метонимия, синекдоха), теңеу, әсірелеу, шендестіру, аксиморон (оксиморон), (кекету, шенеу мағынасында қарсы мағыналы сөздерді бір мәтінде қатар қою) анафоралы, эпифоралы қайталап жұмсалу аясымен байланысты екендігі.
Сөздердің лексикалық қарсы мағыналы сөздерді қат-қабат стилистикаға қатысты полисемия, омоним (оның түрлері), синоним, антоним сөздердің стильдік өңі.
Сөздердің архаизмдік қолданыстарының стильге қатысы, кірме сөздердің, диалектизм, кәсіби-техникалық сөздердің де стильге қатысты екендігі. Стилистиканың әдебиет теориясымен де байланысты екендігі.
Сөздердің эмоционалды-экспрессивті бояуы туралы. Лексико-фразеологиялық стилистика, оның тілді көркемдеу құралы ретінде дайын единица екендігі. Идиома, фраза, мақал-мәтел, қос сөздердің эксперименттік бояуын фактілермен түсіндіру. Бұл тақырыптың қазақ филологиясында зерттелуі.
Морфологиялық стилистика сөз тұлғалары мен грамматикалық формалардың, сөз таптарының стильдік қолданысы. Нормадан жөнді ауытқу мен жөнсіз ауытқулар туралы түсінік, морфологиялық синонимия.
Синтаксистік стилистика. Сөйлемнің әр түрлі конструкцияларының стильдік өңі. Синтаксистік нормадан жөнді, жөнсіз ауытқулар.
Сөйлем мүшелерінің инверциясы қорын ауыстыру қыстырма, қаратпа, одағай сөздердің стильдік өңі. Сондықтан да жоғарыдағы стилистика қарастыратын күрделі мәселелерді көркем шығарма мәтініне лингвистикалық талдау жасаумен шатастыруға болмайтындығы.
Х БӨЛІМ
ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Негізгі әдебиеттер:
М.Балақаев, Е.Жанпейісов, М.Томанов, Б.Манасбаев Қазақ тілінің стилистикасы - Алматы, 2005
Б.Шалабай Қазақ тілінің стилистикасы - Алматы, 2006
Б.Шалабай Көркем әдебиет стилистикасы - Алматы, 2000
Қосымша әдебиеттер:
Р.Сыздықова Сөз құдіреті – Алматы, 1997
Ф.Мұсабаева Қазақ тілінің практикалық стилистикасы - А,1976
Қ.Жұмалиев Стиль өнер ерекшелігі - Алматы, 1976
Л.Дүйсенбекова Қазақ ресми іс қағаздары. А., Ана тілі, 2005
Р.Сыздық Абай және қазақтың ұлттық әдеби тілі –А., Арыс,2004
В.В.Виноградов Проблемы русской стилистики - Москва,1983
М.Серғалиев Көркем әдебиет тілі – Алматы, 1995
Е.Жұбанов Қазақтың ауызекі көркем тілі - Алматы, 1996
А.Байтұрсынов Тіл тағылымы - Алматы,1992
М.Балақаев Тіл мәдениетінің мәселелері – Алматы, 1965
Т. Қожекеев Сатиралық жанрлар – Алматы, 1983
Г.Я.Солганник Стилистика текста – Москва, 2000
В.Салагаев, Б.Шалабай Іс қағаздарын жүргізу. Составление деловых бумаг – Алматы, 2000
В.В.Виноградов Проблемы русской стилистики – Москва, 1983
М.П.Брандес Стилистика немецкого языка – Москва, 1983
М.П.Брандес Стилистический анализ – Москва, 1971
Б.Г.Бобылев Стилистический анализ художественного и публицистического текста – Алматы, 1987
Т.Қожекеев Жас тілшілер серігі – Алматы, 1991
Д.Ысқақұлы Сын жанрлары – Алматы, 1999
М.Балақаев Қазақ әдеби тілі және оның нормалары – Алматы, 1984
Н.Уәлиев Сөз мәдениеті – Алматы, 1985
Р.Әміров Ауызекі сөйлеу стилінің синтаксистік ерекшеліктері – Алматы, 1977
М.Серғалиев Синтаксистік синонимдер – Алматы, 1981
Ф.Мұсабекова Қазақ тілі стилистиканың мәселелері (методикалық талдау) – Алматы, 1979
С.Хасанова, Ғ.Жексембаева Қазақ тілінің стилистикасы (жаттығулар жинағы) – Алматы, 1999
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі 1-10 том, 1974-1986
Ә.Болғанбаев Қазақ тілінің синонимдер сөздігі. 2-басылым-А.,1975
Әбікенова Г.Т. Қазақ тілінің практикалық стилистикасы - Семей, 2006
МАЗМҰНЫ
І БӨЛІМ
Типтік бағдарлама................................................................................................... 3
ІІ БӨЛІМ
Пәннің оқу жұмыс бағдарламасы.......................................................................... 4
ІІІ БӨЛІМ
Студенттер үшін оқу жұмыс бағдарламасы (SULLABUS) …..............………....... 14
ІV БӨЛІМ
Пән бойынша глоссарий …….…............……………………………................... 28
V БӨЛІМ
Дәріс сабақтарының қысқаша конспектісі ....................………………………...30
VI БӨЛІМ
Тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау ....................……............ 45
VII БӨЛІМ
СОӨЖ тапсырмаларына арналған әдістемелік нұсқау ......................…............. 51
VIII БӨЛІМ
СӨЖ тапсырмаларына арналған әдістемелік нұсқау.........................……..........60
IX БӨЛІМ
Білімді бағалау және бақылау жүйесі ....................……………………...........… 65
X БӨЛІМ
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі ...................……………………..……….............77
Ескертпелер үшін
..................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................
.................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................
Достарыңызбен бөлісу: |