ПӘннiң оқу-Әдiстемелiк кешенi


Тапсырма: Жазба әдеби тіл стильдерін саралап, түрлері мен ерекшеліктеріне тоқталыңыз. Жұмыс түрі



бет6/7
Дата18.02.2017
өлшемі1,42 Mb.
#10408
1   2   3   4   5   6   7

Тапсырма:

Жазба әдеби тіл стильдерін саралап, түрлері мен ерекшеліктеріне тоқталыңыз.


Жұмыс түрі: конспект
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:

1.М.Балақаев, Е.Жанпейісов, М.Томанов, Б.Манасбаев Қазақ тілінің стилистикасы - Алматы, 2005

2. Б.Шалабай Көркем әдебиет стилистикасы - Алматы, 2000

3. Р.Сыздықова Сөз құдіреті – Алматы, 1997



ҮІІІ БӨЛІМ

СӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
1 – ТАҚЫРЫП: Стилистика
Мақсаты: Стилистика туралы түсінік беру
Тапсырма:

А.Байтұрсынұлы, Р.Сыздық және орыс ғалымы В.В.Виноградовтың стилистикаға және жалпы тілдің қызметіне қатысты айтқан ой-пікірлерін конспектілеңіз.


Жұмыс түрі: конспект
Жоғарғы ұпай: 3 ұпай
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:

1.М.Балақаев, Е.Жанпейісов, М.Томанов, Б.Манасбаев Қазақ тілінің стилистикасы - Алматы, 2005

2. Б.Шалабай Көркем әдебиет стилистикасы - Алматы, 2000

3. Р.Сыздықова Сөз құдіреті – Алматы, 1997

4. Ф.Мұсабаева Қазақ тілінің практикалық стилистикасы - А,1976

5. В.В.Виноградов Проблемы русской стилистики – Москва, 1983

6. Қ.Жұмалиев Стиль өнер ерекшелігі - Алматы, 1976
2 – ТАҚЫРЫП: Стилистика мәселелері
Мақсаты: Стилистика мәселелеріне байланысты пікірталастармен танысу
Тапсырма:

Стилистикада пікірталас тудырып жүрген мәселелерді анықтап, олардың арасындағы қайшылықтарды атап көрсетіңіз.


Жұмыс түрі: баяндама
Жоғарғы ұпай: 6 ұпай
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:

1.М.Балақаев, Е.Жанпейісов, М.Томанов, Б.Манасбаев Қазақ тілінің стилистикасы - Алматы, 2005

2. Б.Шалабай Көркем әдебиет стилистикасы - Алматы, 2000

3. Р.Сыздықова Сөз құдіреті – Алматы, 1997

4. Ф.Мұсабаева Қазақ тілінің практикалық стилистикасы - А,1976

5. В.В.Виноградов Проблемы русской стилистики – Москва, 1983


3 – ТАҚЫРЫП: Тілдің стилистикалық ресурстары
Мақсаты: Тілдің стилистикалық ресурстары мен танысу
Тапсырма:

Функционалды стильдердегі стилистикалық қатенің түрлері және олардың себептері


Жұмыс түрі: реферат
Жоғарғы ұпай: 5 ұпай
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:

1.М.Балақаев, Е.Жанпейісов, М.Томанов, Б.Манасбаев Қазақ тілінің стилистикасы - Алматы, 2005

2. Б.Шалабай Көркем әдебиет стилистикасы - Алматы, 2000

3. Р.Сыздықова Сөз құдіреті – Алматы, 1997

4. Ф.Мұсабаева Қазақ тілінің практикалық стилистикасы - А,1976

5. Н.Уәлиев Сөз мәдениеті – Алматы, 1985


4 – ТАҚЫРЫП: Стильдік ерекшеліктер
Мақсаты: Стильдік ерекшеліктермен танысу
Тапсырма:

Қазіргі қазақ газеттерінің лексикалық ерекшелігін танытатын мысалдар жинап, оларға талдау жасаңыз.


Жұмыс түрі: картотека
Жоғарғы ұпай: 5 ұпай
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:

1.М.Балақаев, Е.Жанпейісов, М.Томанов, Б.Манасбаев Қазақ тілінің стилистикасы - Алматы, 2005

2. Б.Шалабай Көркем әдебиет стилистикасы - Алматы, 2000

3. Р.Сыздықова Сөз құдіреті – Алматы, 1997

4. Ф.Мұсабаева Қазақ тілінің практикалық стилистикасы - А,1976

5. В.В.Виноградов Проблемы русской стилистики – Москва, 1983

6. Д.Ысқақұлы Сын жанрлары – Алматы, 1999

7. Қ.Жұмалиев Стиль өнер ерекшелігі - Алматы, 1976



5 –ТАҚЫРЫП: Сөз таптарының стилистикасы
Мақсаты: Сөз таптарының стилистикасымен танысу
Тапсырма:

Функционалдық стиль түрлеріндегі сөз таптарының қолданымдық ерекшелігін мысалмен түсіндіріңіз


Жұмыс түрі: конспект
Жоғарғы ұпай: 3 ұпай
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:

1.М.Балақаев, Е.Жанпейісов, М.Томанов, Б.Манасбаев Қазақ тілінің стилистикасы - Алматы, 2005

2. Б.Шалабай Көркем әдебиет стилистикасы - Алматы, 2000

3. В.В.Виноградов Проблемы русской стилистики – Москва, 1983

4. Д.Ысқақұлы Сын жанрлары – Алматы, 1999

5. М.Балақаев Тіл мәдениетінің мәселелері – Алматы, 1965



6 –ТАҚЫРЫП: Стиль түрлері
Мақсаты: Стиль түрлерімен танысу
Тапсырма:

Әр түрлі автордың бір тақырыпта, бірақ әр түрлі стильде жазылған мәтін түрлеріне мысал келтіріңіз.


Жұмыс түрі: конспект
Жоғарғы ұпай: 3 ұпай
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:

1.М.Балақаев, Е.Жанпейісов, М.Томанов, Б.Манасбаев Қазақ тілінің стилистикасы - Алматы, 2005

2. Б.Шалабай Көркем әдебиет стилистикасы - Алматы, 2000

3. Р.Сыздықова Сөз құдіреті – Алматы, 1997

4. Д.Ысқақұлы Сын жанрлары – Алматы, 1999

5. М.Балақаев Тіл мәдениетінің мәселелері – Алматы, 1965

6. Ф.Мұсабаева Қазақ тілінің практикалық стилистикасы - А,1976

7 –ТАҚЫРЫП: Публицистикалық стиль
Мақсаты: Публицистикалық стиль түрлерімен танысу
Тапсырма:

Қазіргі қазақ баспасөзінің тілі және жанрлары.


Жұмыс түрі: реферат
Жоғарғы ұпай: 5 ұпай
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:

1.М.Балақаев, Е.Жанпейісов, М.Томанов, Б.Манасбаев Қазақ тілінің стилистикасы - Алматы, 2005

2. Б.Шалабай Көркем әдебиет стилистикасы - Алматы, 2000

3. Р.Сыздықова Сөз құдіреті – Алматы, 1997

4. Ф.Мұсабаева Қазақ тілінің практикалық стилистикасы - А,1976
8 –ТАҚЫРЫП: Стиль түрлері
Мақсаты: Стиль түрлерімен танысу
Тапсырма:

Бір тақырып таңдап алып, оны әр түрлі стильде жеткізіңіз. Өзара талқылаңыз.


Жұмыс түрі: конспект
Жоғарғы ұпай: 3 ұпай
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:

1.М.Балақаев, Е.Жанпейісов, М.Томанов, Б.Манасбаев Қазақ тілінің стилистикасы - Алматы, 2005

2. Б.Шалабай Көркем әдебиет стилистикасы - Алматы, 2000

3. Р.Сыздықова Сөз құдіреті – Алматы, 1997

4. Ф.Мұсабаева Қазақ тілінің практикалық стилистикасы - А,1976

9 –ТАҚЫРЫП: Стиль түрлері
Мақсаты: Стиль түрлерімен танысу
Тапсырма:

Еркін тақырыпта қалаған жанрда шығарма жазыңыз.


Жұмыс түрі: шығарма

Жоғарғы ұпай: 6 ұпай
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:

1.М.Балақаев, Е.Жанпейісов, М.Томанов, Б.Манасбаев Қазақ тілінің стилистикасы - Алматы, 2005

2. Б.Шалабай Көркем әдебиет стилистикасы - Алматы, 2000

3. Р.Сыздықова Сөз құдіреті – Алматы, 1997

4. Ф.Мұсабаева Қазақ тілінің практикалық стилистикасы - А,1976

5. В.В.Виноградов Проблемы русской стилистики – Москва, 1983

6. Д.Ысқақұлы Сын жанрлары – Алматы, 1999

7. Т. Қожекеев Сатиралық жанрлар – Алматы, 1983



10 –ТАҚЫРЫП: Стилистика
Мақсаты: Стиль түрлерімен танысу
Тапсырма:

Стиль - өнер ерекшелігі. Көркем әдебиеттегі дара стиль.


Жұмыс түрі: баяндама
Жоғарғы ұпай: 6 ұпай
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:

1.М.Балақаев, Е.Жанпейісов, М.Томанов, Б.Манасбаев Қазақ тілінің стилистикасы - Алматы, 2005

2. Б.Шалабай Көркем әдебиет стилистикасы - Алматы, 2000

3. Р.Сыздықова Сөз құдіреті – Алматы, 1997

4. Ф.Мұсабаева Қазақ тілінің практикалық стилистикасы - А,1976

5. В.В.Виноградов Проблемы русской стилистики – Москва, 1983

6. Д.Ысқақұлы Сын жанрлары – Алматы, 1999

7. М.Балақаев Қазақ әдеби тілі және оның нормалары – Алматы, 1984

8. Н.Уәлиев Сөз мәдениеті – Алматы, 1985

ІХ БІЛІМДІ БАҒАЛАУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ ЖҮЙЕСІ
1. Межелік бақылауға арналған тапсырмалар
1-межелік бақылауға арналған тапсырмалар
1-нұсқа

1 тапсырма.



Берілген мәтіндік үзіндіден стильдік белгілерді анықтап, олардың функционалдық стильдің қай түріне тән екенін ажыратыңыз. Тілдік құралдардың қолданылу ерекшеліктеріне талдау жасаңыз.
Түйсіну деп ақиқат дүниедегі заттар мен құбылыстардың сезім мүшелеріне тікелей әсер ету нәтижесінде олардың жеке қасиеттерінің сәулеленуін айтады. Түйсінуді біздің барлық біліміміздің бұлағы деуге болады. Түйсіну дегеніміз – қозғалушы материяның бейнесі. Түйсіну болмаса, біз басқа жолмен заттың, қозғалыстың ешқандай формалары туралы ешнәрсе біле алмаймыз. Түйсіну қозғалуы материяның біздің сезім мүшелерімізге әсер етуінен туады. Адам ақиқат дүниені ең алдымен, өзінің сезім мүшелері арқылы ғана түйсінеді. Заттар мен құбылыстар адамның сезім мүшелеріне тікелей әсер тигізбесе, түйсіну де пайда болмайды. Түйсіну арқылы адам әсер етуші заттың, я құбылыстың жеке қызметтерін, олардың қаттылығын, не жұмсақтығын, тегістігін, бұдырлығын, ауыр я жеңілдігін, ыстық-суықтығын, иісін, дәмін, түсін, шығаратын дыбысын, тағы басқа қасиеттерін сезеді (Т.Тәжібаев).
2 – тапсырма.

Мәтіннің қай стильде жазылғанын анықтап, тілдік құралдардың стилистикалық қызметіне талдау жасаңыз.

Қазіргі бал араларының ата тегі мен жер бетіндегі гүлді өсімдіктердің арасындағы қарым-қатынас гүлдің тозаңдануына және онда бал шырынының жасалуына себепші болды. Мұндай ерекше құбылыс азық іздеген алғашқы адамның көзіне шалынды. Бұған тасқа жазылған суреттер дәлел бола алады. Мысалы, шығыс Испания үңгірлерінен ағаш басынан бал жинап жүрген адам бейнесі бар суреттер табылды.

Ғалымдардың болжамына қарағанда, бұл суреттердің жасалғанына он мың жыл болған.

Сондай-ақ Орталық Үндістандағы ертедегі адамдар тұрған үңгірден де осындай суреттер табылған. Оның бірі көлемді ыдысқа бал тосып алып жатса, екіншісі баспалдақпен жоғары шығып бара жатыр.

Ғалымдар Алтайдағы Алтынкөлдің жағасын, Сібір жерлеріндегі тарихи ескерткіштерді зерттегенде, бал арасын бейнелейтін суреттер тапқан (Қ.Сыбанбеков).

2-нұсқа

1– тапсырма.



Мәтінді оқып шығып тілдік құралдардың қолданыс ерекшелігін талдаңыз.
Тағы бір күндер Мамыр, Еңліктей қыздардың қайғылы жағдайын айтып берді. Абай қажымай, жалықпай, ылғи ғана ынтыға тыңдайтын. Кейде әжесі шаршап, айтпай қойса, өз шешесіне жабысатын. Ұлжан да көп әңгіме білуші еді. Және ол көбінесе өлең сөзді жиі айтады. Оқымаған шешесінің әлі күнге ұмытпай, бүлдірмей сақтап жүрген зейініне таң қалады. Нелер ескі заман жырларын, айтыс, өсиет, әзілдерін де көп айтып береді. Екі анасын көңілдендіріп, тағы айтқызу үшін, кейде өзі де қаладан әкелген кітаптарының ішінен «Жүсіп – Зылиха» сияқты қиссаларды оқып береді. Әндетіп, мақамдап оқиды. Шешелеріне ұғымсыз болған түрік тілінің жеке сөздерін жолшыбай қазақшалап отырады. Осымен көңілдендіріп алып, ескі әңгімелерді тағы айтқызады. (М.Әуезов)
2-тапсырма

Берілген ғылыми мақаланың стильдік қателерін тауып, талдаңыз.

Термин – белгілі бір салада тұрақты қолданылатын арнаулы бір ұғымды білдіретін сөз. Терминнің анықтамасы, қазақ терминологиясының тарихы мен дапму жолдары тілші ғалымдар Ө.Айтбайұлының, Ш.Құрманбайұлының еңбектерінде баяндалған.

Термин әлеуметтік-қоғамдық қатынастарға қатысты белгілі бір ұғымдарды нақты бейнелеуге тиіс. Оған тән белгілер – қолданылатын белгілі бір аясының болатындығы, объективтілігі, тұрақтылығы мен орнықтылығы, стильдік тұрғыдан бейтараптығы, яғни боямасыздығы, демек, онда экспрессия, әсірелеу, көңіл-күйі, субъективтік түсінік-пайым көрініс бермеуге тиіс.

Заңнамалық мәтінде термин неғұрлым көп болса, ол соғұрлым дәл, айқын, әрі тұжырымды болып шығары сөзсіз.Демек, терминдердің өзінің тура, көпшілкке түсінікті көз үйренген мағынасында қолданылуы шарт. Термин қарапайым, әрі оқушының ұғымына қонымды болуы керек. Яғни, мағынасы бұлыңғыр, екіұшты ой туғызатын, айқын тұжырылмаған терминдер болмауға тиіс.(К.Юсуп.)


1-тапсырма'>2-межелік бақылауға арналған тапсырмалар


    1. нұсқа

1-тапсырма

Өз өмірбаяндарыңызды жазып, бір біріңіздің стильдік қателеріңізді тауып, түзетіңіздер

2-тапсырма

Ауызекі сөйлеу стилі элементтерін қатыстырып мәтін құрып, оған тілдік, стилистикалық тұрғыдан талдау жасаңыздар.



    1. - нұсқа

1-тапсырма

Газет материалдарынан стильдік қателерді тауып, оларға талдау жасаңыздар.

2-тапсырма

Көркем шығармадан ауызекі сөйлеу стиліне тән белгілері бар мысалдар келтіріп, олардың қолданылу мақсатын түсіндіріңіздер.


2. «Қазақ тілінің стилистикасы» пәні бойынша емтихан сұрақтары


  1. Стиль дегеніміз не?

  2. Стилистиканың зерттеу әдіс-тәсілдері

  3. Лингвистикалық стилистиканың негізгі ұғымдары мен категориялары

  4. Стильдік белгі дегеніміз не?

  5. Функционалдық стильдерді жіктеуде қандай көзқарастар бар?

  6. Қазақ әдеби тілінің функционалдық стильдері неше топқа жіктеледі?

  7. Функционалдық стильді тудырушы қандай факторлар бар?

  8. Стильаралық диффузия дегеніміз не?

  9. Стилистикалық норма дегеніміз не?

  10. Стильдік норманың тілдік нормадан қандай ерекшелігі бар?

  11. Стильдік қате дегеніміз не?

  12. Ауызекі сөйлеу стиліне тән қандай экстралингвистикалық белгілер бар?

  13. Ауызекі сөйлеу стилінің өзге функционалдық стильдерден қандай тілдік ерекшеліктері бар?

  14. Ауызекі сөйлеу стиліне тән қандай фонетикалық ерекшеліктер бар?

  15. Ресми стиль дегеніміз не?

  16. Ресми стильдің қолданыс аясы қандай?

  17. Ресми стильдің өзге функционалдық стильдерден тілдік ерешеліктері қандай?

  18. Көсемсөз стилінің қолданыс аясы қандай?

  19. Көсемсөз стилінің өзіне тән қандай стильдік белгілері бар?

  20. Көсемсөз стиліндегі шешендік шеберлікке қандай талаптар қойылады?

  21. Көркем әдебиет стилінің өзіне тән белгілері қандай?

  22. Көркем әдебиет стилінің функционалдық стильдер жүйесіндегі орны қандай?

  23. Көркем әдебиет стилі және ауызекі сөйлеу стилі.

  24. Көркем әдебиет стилі және көсемсөз стилі.

  25. Дыбыстардың стильдік мақсатта жұмсалу тәсілдері қандай?

  26. Аллитерация дегеніміз не?

  27. Ассонанс дегеніміз не?

  28. Интонацияның стильдік мүмкіндіктеріне мысал келтіріңіз.

  29. Тіліміздегі синонимдер қандай стильдік мақсатта жұмсалуы мүмкін.

  30. Антонимдер көркем шығармада қандай стильдік қызметтер атқара алады?

  31. Контекстік антонимдер дегеніміз не?

  32. Омонимдер қандай стильдік қызмет атқарады?

  33. Каламбур дегеніміз не?


3. Курс бойынша тест тапсырмалары
1.Стилистика қандай салаларға бөлінеді?

а. Тіл стилистикасы және сөз мәдениеті

ә. Тіл стилистикасы және көркем әдебиет стилистикасы

б. функционалдық стилистика және лингвистикалық стилистика

в. құрылымдық стилистика, қолданымдық стилистика және көркем әдебиет стилистикасы.

2. Стилистиканың дұрыс түсініктемесі

а. мәнерлеп сөйлеу нормасы

ә. сөзді дәл қолдану принциптері

б. лексикалық тәсілдердің жұмсалу ерекшеліктері

в. тілдік құралдардың қолданылу заңдылықтары

3. Стилистика ғылымының пайда болуы, қалыптасуы қандай мәселелерді зерттеумен тығыз байланысты?

а. сөз мағыналарын ә. сөз құрамын

б. экспрессиялық құралдарды в. әдеби тіл нормасын

4.Стилистикадағы басты ұғым

а. стиль ә. синонимия

б. стилизация в. мәнерлеу, бейнелеу құралдары

5. Тіл ғылымындағы стиль ұғымының кең түсініктемесі

а. әдеби әдіс

ә. сөз өрнегі

б. мәнерлі, көркемдік тәсілдердің жиынтығы

в. ойдың мазмұнына, қарым-қатынастың мақсатына қарай қолданылатын тілдік құралдар жүйесі

6. Стилистикадағы тілдік құралдарды пайдалану принциптері

а. түсініктілік, уәжділік ә. дұрыстық, жүйелілік

б. қажеттілік, әлеуметтік талғам в. мақсаттылық, дұрыстық, уәжділік

7. Әдеби тілге тән басты белгі

а. тілдік қажеттілік ә. стильдік жүйе

б. мағына жүйелілігі в. сөз дәлдігі

8. Қазақ әдеби тілі қандай формада қызмет етеді?

а. жазбаша және ауызша түрде ә. кітаби тіл ретінде

б. қарапайым сөйлеу тілінде в. диалект түрінде

9. Қазақ тілі стилистикасының әдістемесі бойынша еңбек жазған авторлар

а. Балақаев М., Сарыбаев Ш. ә. Хасенов Ә., Жапбаров А.

Б. КеңесбаевІ., Ысқақов А. в. Сарыбаев Ш., Мұсабаев Ғ.

10. Стиль түрлерінің барлығында қолданылатын лексика

а. сөйлеу тілі лексикасы ә. кітаби лексика

б. қарапайым лексика в бейтарап немесе стильаралық лексика

11. Стилистиканың тіл білімінің қай саласын арттыруда маңызы зор

а. лексикология ә. синтаксис

б. әдеби тіл тарихы в. тіл мәдениеті

12. Стилистика мәселелерін практикалық тұрғыдан арнайы зерттеген ғалым

а. Р.Әміров ә. С.Исаев

б. Р.Сыздық в. Ф.Мұсабекова

13. Көркем стиль, ресми стиль, бейтарап стильдерді топтастыру қай ғалымның еңбектерінде кездеседі?

а. Сыздықова Р. ә. Балақаев М.

б. Манасбаев Б. в. Исаев С.

14. Функционалдық стилистиканың хабар беру қызметіне қарай қалыптасқан түрі

а. сөйлеу ә. көсемсөз

б. ғылыми в. көркем әдебиет

15. Әдеби тілде орныққан тілдік элементтер жиынтығы мен жүйесі қалай аталады?

а. Тілдік дағды ә. тілдік жүйе

б. тілдік норма в. тілдік дәстүр

16. Тілдің жүйесіне, оның заңдылықтарына сәйкес келу белгісі қай норманы айқындайды?

а. көркем әдебиет ә. жалпы тілдік норма

б. сөз қолдану нормасы в. жазба тіл

17. Стильдік қатені табыңыз

а. үмітімізді үзбейміз ә. үміті бар

б. үміттен бас тартпаймыз в. үміттеніп жүр

18. Синтаксистік стильдік қате

а. қолма-қол берді ә. қолма-қол есіне алды

б. дереу есіне алды в. бірден есіне алды

19. Қай сөз оралымдарынан стильдік қате аңғарылады?

а. өзіңе-өзің берік бол ә. өзіңді әрқашан қолға ұста

б. әрқашан қолға ұста в. әрқашан өзіңе бекем бол

20. Сөз тұлғасындағы стильдік қате

а. біліктілік ә. білімділік

б. білімпаздық в. білімдарлық

21. Әдеби тілдің ішкі даму заңдылықтарына сйкес жасалатын жүйе бойынша қалыптасқан норма қалай аталады?

а. сөйлеу нормасы ә. тілдік норма

б. қатаң норма в. жазу нормасы

22. Әдеби тілден уәжді ауытқу қай стильде болады?

а. көркем стиль ә. сөйлеу стилі

б. көсемсөз стилі в. ғылыми стиль

23. Сөздердің негізгі мағынада жұмсалуы, термин сөздердің молдығы қай стиль ерекшелігі?

а. көркем әдебиет ә. ресми-іскери

б. ғылыми в. көсемсөз

24. Берілген сөйлемдердің ішінен ғылыми стиль ыңғайында берілген сөйлемді табыңыз

а. Мін көп болса, сын да көп болады.

ә. Жазғы күпінің бірі еді

б.Өзен атауының шығу тарихы туралы бұдан бұрын айтылған екі пікір бар.

в. Қазір жаңа астанада құрылыс жұмысы жедел қарқынмен жүргізілуде.

25. Ғылыми стильдің ерекшелігі

а. Экспрессивтілігі ә. дәлелділігі, сөзді тура мағынада жұмсау

б. образдылық, эмоционалдылы қ в. үндеу, шақыру

26. Ғылыми стильге тән синтаксистік ерекшелік

а. инверсия ә. риторикалық қаратпа

б. сұраулы, лепті сөйлемдер в. толымды сөйлем

27. Ғылыми стильдегі терминологиялық нормаға қойылатын талаптар

а. коммуникативтік қажеттілік ә. мазмұнға сәйкестік, дәлдік

б. бейнелілік в. көп мағыналылық

28. Көпшілік қауым дұрыс, икемді деп қабылдаған лексикалық, грамматикалық заңдылықтар қалай аталады?

а. көркем тіл ә. кітаби тіл

б. жалпы халықтық тіл в. тілдік норма

29. Бейтарап стильге жататын сөз

а. заман ә. замана

б. етек алды в. бет қалмады

30. Көсемсөз стиліне тән экстралингвистикалық белгілер

а. Сөздердің орын тәртібінің еркіндігі

ә. бейнелілігі мен көпмағыналылығы

б. ойдың күрделілігі

в. ресми, көркем стильдерге жақындығы, фактографиялығы

31. Берілген сөйлем қай стиль үлгісіне жатады?

Саналы тәртіп пен ұйымшылдықты нығайту, жоғары өндірістік көрсеткіштерге жету жөніндегі жұмыстарды жандандыру керек.

а. көркем әдебиет стилі ә. көсемсөз стилі

б. ғылыми стиль в. ауызекі сөйлеу стилі

32. Көсемсөз стилінің жұмсалу формалары

а. көркем шығарма ә. оқулық

б. газет-журнал, радио-теледидар в. ғылыми еңбек

33. Көсемсөз стиліне тән сипат

а. түсіндіру ә. логикалық

б. образдылық в. үгіт-насихаттық

34. Стилистика мәселелеріне арналған алғаш рет пікірсайыс қашан, қайда ұйымдастырылды?

а. 1955 ж «Советская тюркология» ә. 1954 ж «Вопросы языкознания»

б. 1957 ж «Вопросы языкознания» в. 1971 ж Ашхабад

35. Ертедегі «stjlos» сөзі қандай мағына берген?

а. сөйлеу мәнері ә. шешендік өнер

б. жазу құралы в. көркем сөйлеу

36. Келіссөз, пікірсайыс, ұжымшар, төлтума – қай стильдің тілдік көрсеткіші?

а. ресми-іскери ә. көсемсөз

б. ғылыми в. ауызекі сөйлеу

37. Бөгде стильдік элементі бар мақсатсыз қолданылған сөйлем кайсы?

а. Бір ауыздан шешім қабылданды

ә. Үйлену мәселесі қалай шешілді?

б. Күн тәртібінде мынадай мәселе қаралды

в. оңды шешімін тапты

38. Ауызекі сөйлеу стиліне жататын сөздерді көрсетіңіз

а. мынау, қырау, ұзақ ә. боран, нәрсе, қатты

б. нетіп, байғұс, құрғыр в. шоқпыт, пеш, тамақ

39. Ауызекі сөйлеу стиліне тән сөйлем құрылысы

а. жайылма ә. толымды

б. толымсыз в. атаулы

40. Сөйлеу стиліне тән стильдік бояуы бар сөз

а. күлу ә. жырқылдау

б. езу тарту в. жымию

41. Ауызекі сөйлеу стиліне тән морфологиялық ерекшелік

а. қосымшалардың талғаммен жұмсалуы

ә. -и тұлғалы сөздер

б. рең мәнін тудыратын жұрнақ

в. ырықсыз етіс тұлғасында жұмсалуы

42. Төменгі стиль реңін беретін сөз

а. беті ә. ажары

б. ұсқыны в. жүзі

43. Дауыс ырғақтары арқылы, қыстырма, қаратпа сөздерді пайдалану қай стильдің тілдік құралдары?

а. ауызекі сөйлеу стилі ә. көсемсөз стилі

б. ғылыми стиль в. ресми-іскери стиль

44. Ресми-іскери стильге тән сөз тұлғасы

а. өткізілген ә. өткізіле жатар

б. өткізе салу в. өткізілсін

45. Кеңсе іс-қағаздарының стильдік нормаларына тән белгі

а. шаблон құрылымдар, даяр тіркестер

ә. суреттеме тәсілдер

б. терминдік сөздер

в. экспрессиялық құралдар

46. Кітаби және ресми сөздер мен тіркестер, хабарлы сөйлемдер қай стиль ерекшелігі?

а. көркем әдебиет стилі ә. ресми-іскери стиль

б. ғылыми стиль в. ауызекі сөйлеу стилі

47. Алғашқы іс қағаздары үлгілері қай кезеңнен көріне бастады?

а. ХІХ - ғасырдың ІІ жартысы ә. ХVІІ - ХVІІІ ғ

б. ХХ - ғасырдың бас кезі в. ХХ - ғасырдың 30 - жылдары

48. Ресми –іскери тілге тән сөз орамы

а. міндеттелсін ә. міндет артты

б. іске қосу в. қызмет көрсету

49. Ойдың қысқа сөйлемдермен бірілуі, кейбір сөйлем мүшелерінің түсіріліп айтылуы қай стильдегі синтаксистік амал?

а. ауызекі сөйлеу ә. көркем әдебиет

б. ғылыми стиль в. көсемсөз стилі

50. Жағымды образ тудыратын экспрессивті фразеологизм

а. көксоққан ә. сормаңдай

б. ит жанды в. мұратқа жет


4. Ағымдағы бақылауға арналған сұрақтар


  1. Стилистика ғылымы нені зерттейді

  2. «Стилистика» және «стиль» ұғымының пайда болу тарихы.

  3. Стилистиканың неше саласы бар және олар қандай мәселелерді қарастырады

  4. Стилистикалық норма дегеніміз не

  5. Синонимия дегеніміз не

  6. Стилистикалық мағына дегеніміз не, оның қандай түрлері бар

  7. Қазақ тілінің стилистикасын зерттеуші қандай ғалымдарды білесіз

  8. Стилистикалық мағынаның қандай жасалу тәсілдері бар

  9. Функциональды стильдердің лексикалық құралдарының ұйымдастыру ерекшеліктеріне тоқталыңыз.

  10. Стилистикалық фигура дегеніміз не, олардың қызметі

  11. Троптың түрлеріне не жатады, олардың стилистикалық қызметі.

  12. Контекстік синонимдер мен антонимдердегеніміз не

  13. Сөздің стилистикалық мағынасының функциональды стильдердегі ерекшелігі неде

  14. Функциональдық стильдер дегеніміз не

  15. Функциональды стильдердің жасалуына әсер ететін тілдік емес факторларға не жатады

  16. Мақала дегеніміз не, оның қандай түрлері бар

  17. Очерк дегеніміз не, оның қандай түрлері бар

  18. Фельетон дегеніміз не, оның тілдік стильдік ерекшелігі неде

  19. Ресми іс-қағаздар стилінің неше түрі бар, олар несімен ерекшеленеді

  20. Ресми іс қағаздар стилінің тілдік, стильдік, композициялық ұйымдасуына қандай ерекшеліктер тән?

  21. Ғылыми стильдің қандай түрлері бар, олардың өзара айырмашылықтары.

  22. Ғылыми стильдегі тілдік құралдар қандай мақсатқа қызмет етеді?

  23. Көркем әдебиет стиліндегі шығармаларға қандай ерекшелік тән, мысал келтіріңіз.

  24. Ауызекі сөйлеу стилінің өзіне тән ерекшелігі неде

  25. Ауызекі сөйлеу стилі мен кітаби стильдің өзіндік ерешелігі неде, мысал келтіріңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет