ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені


ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ



бет2/5
Дата05.11.2016
өлшемі1,7 Mb.
#937
1   2   3   4   5

ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ



Эволюциялық ілім

«5В011300» – «Биология» мамандығы үшін




Құрастырғандар:


Калиева С.К.
Биология ғылымдарының

кандидаты,доцент



Семей 2013ж




Мазмұны
Тарау 1. Пән бойынша глоссарий………………………………………4

Тарау 2. Лекциялардың қысқаша конспектісі………………………..5

Тарау 3. Зертханалық сабақтарды жүргізуге

арналған әдістемелік нұсқаулар…………………………….26

Тарау 4. СОӨЖ бойынша әдістемелік нұсқаулар…………………...36

Тарау 5. СӨЖ бойынша әдістемелік нұсқаулар……………………..45

Тарау 6. Бақылау – тексеру құралдары……………………………....54

Тарау – 1. Пән бойынша глоссарий

Анаболия – дамудың соңғы фазасында болатын филогениялық өзгеру жолы.

Девиация – Архаллаксис – органның эмбриондық дамуының ең басында болатын өзгерістер.

Ген – белгілі биохимиялық функциялы және особьтың қасиетіне ерекше әсер ететін ДНК молекуласының шоғыры.

Географиялық өзгергіштік – бір түрге жататын әр түрлі популяциялардың морфогенездің ортаңғы фазаларында болатын өзгерістердің онтогенездік жолы.

Дивергенция қолдан сұрыптау немесе табиғи сұрыптау нәтижесінде ата – тегі ортақ организмдердің белгілерінде айырмашылықтың пайда болуы.

Дихогамия – аталық пен аналық аузы әр түрлі мезгілде пісіп жетілуі.

Жеке өзгергіштік – бір жұп ата – ананың ұрпағындағы немесе тұтас бір популяциядағы жеке индивидуумдарда, басқа особьтарға ұқсастығы жоқ, әрқайсының өзіне ғана тән қандайда бір белгілерінің болуы.

Конвергенция – қолдан сұрыптаудың не табиғи сұрыптаудың нәтижесінде ата – тегі әр түрлі организмдерде ұқсас белгілер пайда болуы.

Коррелятивтік немесе арақатынастық – белгілі бір органның өзгеруімен байланысты басқа органдардың өзгеруі.

Конбинациялық өзгергіштік – бір органдардың және олардың функцияларының дамуы басқа бір органдарды тежеп, олардың жетілмей қалуына және редукциялануына себеп болады.

Методикалық сұрыптау – әрқашан жаңа тұқымдар мен жаңа сорттар жасайтын творчестволық процесс болып саналады.

Модификация (флюктуация) – тұқым қуалайтын өзгергіштіктердің өзгеше, тұқым қуаламайтын өзгергіштіктерді айтады.

Протерандрия – тозаңдықтары ерте пісіп жетілуі.

Протерогиния – аналық аузы ерте пісіп жетілуі.

Табиғи сұрыптау – пайдалы жеке ерекшеліктердің не өзгерістердің сақталып зияндыларының жойылып отыруын айтады.

Тұқым қуалау – организмдердің өз белгілерін және даму ерекшеліктерін келесі ұрпақтарына беріп отыру қасиеті.

Түр – бір – біріне тікелей жанаспайтын формалар.

Тіршілік үшін күрес – ол дамып келе жатқан организмдердің сыртқы ортаның физикалық факторына және басқа тірі организмдерге тәуелділігі.

Топтық (жалпылай) өзгергіштік – бір жерде мекендеуші особьтардың үлкен тобында, сол түрге жататын басқа топтардан қандайда бір белгілері жөнінен айырмашылықтарының болуы.

Филэмбриогенез – эволюциялық өзгерістер онтогенездік дамудың жолы өзгеруімен байланысты. Фен- генотип арқылы анықталатын белгінің көрінісі.

Феногенетика- организмнің жеке дамуы барысында генотиптің рөлін зерттейтін генетика ғылымының бір тармағы.

Фенокопия- сырытқы орта факторларының және қандай да болмасын тұқым қуалайтын мутацияның әсерінен пайда болатын организм фенетипінің тұқым қуаламайтын өзгерісі.

Фенотип- организмдегі барлық белгілердің жиыны.

Ценогенез – нақтылы жеке даму жағдайларына ұрпақтардың не жас особьтардың бейімделуі.

Эволюциялық ілім – тірі организмдердің эволюциялық дамуының себептері мен қозғаушы күштері, олардың механизмдерді және жалпы заңдылықтары туралы ілім.

Эволюция- тірі табиғаттың тұқым қуу,өзгергіштік және сұрыптау арқылы дамуы.

Экотоп – белгілі экологиялық жағдайларда өмір сүретін және де өзіне тән бейімдеушілік белгілері болады.

Экологиялық өзгергіштік – түр өз ареалының көлемінде әр жерде әр түрлі жағдайларда мекендеген болса ғана пайда болады.

Энтомфилия – өсімдіктердің айқас тозаңдануының ең кең тараған түрі.

Тарау 2. Лекциялардың қысқаша конспектісі

Лекция №1

Тақырыбы: Пәнге кірісімділік

Мақсаты: Эволюция ілімінің биологиялық пәндер жүйесіндегі орнын көрсетіп, эволюцияның даму тарихы туралы мәлімет беру.

Лекцияның жоспары және қысқаша мазмұны:

  1. Эволюциялық ілім- тірі табиғаттың тарихи дамуының қозғаушы күштері және ортақ заңдалақтары туралы ғылым.

  2. Эволюциялық зерттеудің мәні және оның методологиялық және практикалық маңызы. Эволюцияны зерттеудің әдістері

  3. Эволюциялық ілімінің диалектикалық материализм арақатынасы.

Дарвинизм органикалық дүниенің тарихи даму заңдарын зерттейді. Бұл ғылым ХІХ ғасырдың ортасында жануарлар мен өсімдіктердің эволюциясы жайында жүйелі ілім қалыптастырған әйгілі ағылшын ғалымы Чарлз Дарвинның атымен талады. «Дарвин хайуандар мен өсімдіктердің түрерін еш нәрсеге байланысы жоқ, кездейсоқ «құдайдың өзі жаратқан» және өзгермейтін нәрсе деген көзқарасты мүлде жойып, түрлердің өөзгеріп отыратындығы мен олардың өзара сабақтастығын ашып, биологияны толық ғылыми негізде бірінші рет салды».

Органикалық дүниенің тарихи даму заңдылықтарын дәлелелдеу үшін дарвинизм биологияның әр түрлі салаларының жәе ауыл шаруашылығының, сондай-ақ геология мен палентологияның қорланып, жиналған бай материалдарын пайдаланды. Бұдан дарвинизм курсы бүкіл биологиялық және ауыл шаруашылық ғылымдарымен өзара тығыз байланысты екенін көреміз. Эволюциялық теория өзіне қатысты пәндердің жаңа факторларынмен үнемі толықтырылып отырады. Сонымен бірге тірі табиғаттың дамуы жөніндегі жалпы заңдардың ашылуы әрбір жаратылыс зерттеушілердің нақтылы зерттеу жұмысына тікелей көмектесіп отырады. Үй жануарларының жаңа тұқымдарын және мәдени өсімдіктердің жаңа сорттарын жасау жөніндегі адам баласының практикалық жұмыстарының тәжірибелерін қорытып, дарвинизм, жануарлар мен өсімдіктердің осы кездегі селекциялық әдістерге сүйенетін теориялық негіздерін жасады. Бұл ауышаруашылығының жаңа міндеттеріне және талаптарына сәйкес жаңа органикалық формаларды жасау жөнінде бұрын белгісіз болып келген жолдарды табуға мүмкіншілік береді.

Орта мектептердегі биология пәнің мұғалімдерін дайындау саласында дарвинизм курсы ерекше орын алады. Себебі биология әрқашан да материализм мен идеализмнің шиеленіскен күрес алаңы болған және болып келеді. Дарвинизм курсынан осы күрестің тарихын оқу, оқушылардың диалектикалық-материалистік дүниетану көзқарасының қалыптасуына көмектеседі.

Табиғат жайында осыдан екі жүз жыл бұрын, жаратылыстану діни көзқарастардың тұтқында болып келді. Ф.Энгельстің метафизикалық дәуір деп атаған осы кезеңдерді жаратылыс зерттеушілердің ақыл-ойын өзінше бір дүниетану көзқарасы шырмады. Олар, Жер және онда тіршлік еткен тірі табиғат құдайдың құдіретімен жаралған, содан бері олар өзгермей келеді деген ұғымда болды.

ХVІІІ ғасырдың ортасында, кейбір озат ғалымдар, жануарлар мен өсімдіктер сыртқы ортаның жаңа жағдайларына келгенде өзгеріске ұшырайды деген нанымға келді. Бірақ сіңіскен діни көзқарастарды жеңуіне үлкен қиыншылық келтіреді. Органикалық дүниенің өзгеретіні жайындағы жаңа идеяның қалыптасуына, биологияда жиналған материалдардың болуы, ғылыми дәлелдемелердің аздығы бөгеу болды.

1859 жылы Дарвиннің «Табиғи сұрыптау жолмен түрлердің шығу тегі немесе тіршілк үшін күресте қолайлы тұқымдардың сақталуы» деген негізгі кітабы жарыққа шығумен ең алғаш эволюциялық идея тиянақты ғылыми негізгі ие болды. Бұл кітап биология ғылымына төңкеріс жасады. Ондағы органикалық табиғаттың тарихи дамуы (эволюциясы) жайында айтылған ілім дүние өзгермейді деген ескі тозығы жеткен метафизикалық ұғымды талқандалды.

Табиғат жайындағы одан кейінгі тарихи көзқарастар, органикалық дүниенің дамуын материалистік ұғымға негізденіп түсіндіреті биологияның әр түрлі салалардың өріс алуымен байланысты болды. Дарвин теориясының негізінде эволюциялық пателнтология, эволюциялық эмбриология т.б. биологиялық пәндер қалыптасып, Дарвин ілімінің дұрыстығы жайында жаңа дәлелдемелер берді. Алайда, эволюциялық идея идеалистік концепциялармен қиян-кескі күресте дамып отырды; биологиядағы реакцияшыл лагерьдің өкілдері дарвинизмнің материалистік негіздерін күйретіп биология ғылымын ескі, виталистік және метафизикалық ұғымға қайта оралту үшін талаптанады.

ХІХ ғасырдың ағымдарға қарсы күресте үлкен еңбек сіңірегн орыстың аса ірі ғалымдарының бір тобы В.О.Ковалевский, А.О. Ковалевский, И.И. Мечников, И.М. Сеченов, К.А. Тимирязевтер биология ғылымының әр түрлі салаларында Ч.Дарвин ілімін дамытып, өздерінің еңбектері арқылы дарвинизмнің іргесін берік қалады.

Жалпы алғанда, эволюциялық ілімінің осы қалыптасуы дәуірінде органикалық дүниенің тарихи даму процесінің бірсыпыра өте қажетті заңдылықтары ашылды.

Биологияның, сондай-ақ дарвинизмнің де осы кездегі жаңа даму кезеңі ХХ ғасырдың ортасын басталады. Мұнда, тіршіліктің әр түрлі құбылстарын зерттеуде жаратылыстық тарихи ғылымдарының тұтас комплекстері ене бастайды. Бірақ соңғы кезге дейін дерлік биологиялық проблемаларды шешуде химиялық және физикалық әдістерді енгізу жұмысы екінші дәрежеде келді. Алайда биолог, химик және физиктердің талаптарын тұтастырып, өзара кіріккен идеялар мен әдістер биологияға жанасымды пәндердің (биофизика, биохимия т.б.) шығуына себеп болды. Бұл биологияның жаңа саласы – молекулалық биологияның құрылуына жағдай жасап, генетика саласында үлкен табыстарға жеткізеді. Генетктер иен экологтардың бірлесе зерттеулерді дарвинизмге өте күрделі проблемалардың бірі – түр және түрдің пайда болу жайындағы мәселенің жаңаша шешілуіне мүмкіндік береді. Гадам баласының космосқа ұшуына байланысты биологияның алдына жаңа проблемалар қойылды, өзінше ғылыми пән - космотық биология қалыптасты.

Биологиялық көлемі зерттеулер және түрлі мамандықтағы табиғат зерттеушілердің жұмысындағы комплекстік осы кездегі жаратылыстанудың философиялық негізі диалектикалық материализм болуына себепкер болды. Бұдан,орта және жоғарғы оқу орындарында биология пәндерінің үлкен тәрбиелік роль атқаратынын, онда эволюциялық ілім заңды көрнекті орын алатынын көреміз.

Дарвинизм курсы, ғылыми-атеистік тәрбиенің биологиялық іс-әрекеттрі биология ғылымының барлық салаларымен тығыз байланысты екенін дарвинизм курсы таныстырады. Дарвин жұмысынан бастап, биологияда ашылған заңдар, тірі организмдер мен тікелей байланысты шаруашылық салаларындағы (ауыл шаруашылғы, медицина, микробиологиялық технология) практикалық жұмыстарға пайдаланып келеді. Қазіргі кезде өте күрделі үнемді аппаратуралардың конструкциясын жасау үшін биологиялықструктуралар мен ондағы болып жатқан процесстерге инженерлер көңіл бөле бастады. Осы тұрғыдан қарағанда организмдердің эволюциялық процесте болатын бейімділік қасиеттерін (адаптацияны) зерттеудің ерекше практикалық мәні бар.


Қолданылған әдебиеттер:

  1. Шмальгаузен И.И. Проблемы дарвинизма, Л,1969 г.

  2. Яблоков А.В.Эволюционное учение.М, 1976.Ст .21-50.

  3. Канаев И.И.Жорж Кювье.М.1976г.

  4. Равинович А . И Чарльз Лайель.М, 1976г

  5. Парамонов А . А Дарвинизм М, 1976. Ст 41-58.

  6. История биологии с древнейших времен до наших дней М,1972.

  7. Георгиевский А. А. Дарвинизм М,1985г.

  8. Правдин Н.В. Дарвинизм М,1986



Лекция №2

Тақырыбы: Эволюциялық теорияның жарыққа шығуы және дамуы.

Мақсаты: Эволюциялық көзқарастардың дамуы мен креоцинистер мен преформистердің талас тартыстары туралы мәлімет беру.

Лекцияның жоспары және қысқаша мазмұны:



  1. Көне дүниедегі табиғаттың даму туралы эволюциялық идеялар (Гераклит, Эмпедокл, Демокрит, Лекреций) Аристотельдің биологиялық мұрасы. Аристотель – зоолог.

  2. Орта ғасыр және қайта өрлеу дәуіріндегі биологиялық ойлар 18-19 ғ бірінші жартысында эволюциялық көзқарастардың дамуы. Креоционизм мен трансформизмнің, преформизммен эпигенездіңң талас тартыстары

Ертедегі Грецияда жаратылыс ғылымдарының дамуы мен көне философия тарихы бір-бірімен байланысты. Біздің эрамызға дейінгі V – ІІ ғасырда гректің алғашқы философ-материалистері, бір жаығнан философ, ал, екінші жағынан, олар табиғаттағы әртүрлі құбылыстарды түсінгісі келген тұңғыш жаратылс зерттеушілер болды. Олардың көзқарастары, тозығы жеткен алғашқы қауымдық қоғам құрлысының орнына жаңа қоғамдық құрылыс – құл иелену қоғамы орнап, қоғамдық қатыстар түбегейлі өзгерген дәуірде қалыптасты.

Ғылым ежелгі гректің діни сенім сарындарына негізделгенескі дүние ұғымдарымен тартыста пайда болды. Табиғаттағы тіршілікті қарапайым бақылаулармен діни жормалдар қисынды ұштасып, ондағы барлық құбыстылары әрқилы құдайдың ақылды әрекетерінің нәтижесі деп түсіндірілді. Адамның өмірі құдайдың қолында, оның және оны қоршап тұрған дүниенің тағдыры, ол бастан-ақ шешілген деп саналады.

Осы сияқты фантазяиылқ сенімдерге алғышқы философ-материалистер өздерінің стихиялы-диаклектикалық бейнедегі көзқарастарын қарсы қойды. Олардың ұғымы бойынша табиғаттағы барлық зат қозғалыста, өзгерістерте болады деп қарады. Олардың бәрі жаңадан пайда болады және жойылады, сондай-ақ біреуінен екіншісі дамып, жаңа зат пайда болады. Дүниені құдайлар жартақна жоқ, ол хаостан пайда болып, содан бері ондағы заттар үнемі қозғалыста болып келеді. От,ауа, су және жер – осы төрт стихиядан дүниедегі барлық зат құралған деп таниды. Ежелгі грек философтарының ұғымынша осы стихияның әрқайсысы материяның белгілі қалпын бейнелейді. Мысалы, жер стихия ол қатты субстанция, су – сұйықғ ал ауа – газ тәрізді деп ойлаған. От өзінің құрылысына қарай ауаға қарағанда материяға едәуір нәзік бейне береді. Бұл стихия өзгеріп бір-біріне ауысып отырады.

Сөйтіп, ежелгі грек философтарында табиғат тұтас, ондағы барлық заттар, барлық құбылыстар бір-бірімен байланысты деп тұжырымдаған.



Жаратылыстанудағы метафизикалық дәуір

Табиғат жайында метафизикалық көзқарастың дамуы. Римнің құл иеленуіші империясында өкімен құлдарын аса ауыр еңбегінің арқасында ұсталып тұрді. Біздің эраның басында мажуси (пұтқа табыну) дінінің орнын хрестиан діні басты. Бастапқы кезде бұл дінді езілген еріксіз адамдар – құлдар қабылдады. Ол дәуірде дін заңнан тыс тұратын. Діни адамдар ақыретте жұмақың төріне шығып рахат көреміз деген сеніммен өлімге бас ұрді, қатал азаптарға да көнді. Құлдықтағы, бақыттың дәмін татпаған адамдар, осы күнәкәр Жерде дін үшін өкінішті азапқа көніп, кейін жұмақта мәғгі өмір сүреміз деп дәмеленді. Бұл жаңа діннің психологиясы осындай еді. Өзінің бостандығы және тұрмысы үшін күресте құлдардың басын қосып топтастырудың орнына, дін олардың жігерін қайтарып, амалсыз, тағдырға көнуді талап етті. Шынында, бұл жаңа дін құл иеленуішілерге тиімді болып жер бетінде олардың правосын қорғап оны баянды етті. Таңданарлықсыз-ақ, кейінірек христиан діні Римде ресми дінге айналды.

410 жылы Рим империясы құлаған жылдары христиан дініне еркін құлшылық ету тәртібі енді, бұл шіркеу беделін одан әрі көтеріп, оның мемкеттік ролін күшейтеді. Кейінірек бұған Европада монах ордерінің шығуы себеп болды. Салынып жатқан монастырьлар діннің орталығына айналып, оған көп халқ ағылып келіп жатты. Оларды бұған тартқан бір жағынан діни сенім болса, ал екінші жағынан жеке адамдардың қара басыың экономикалық мүддесі болды. Кедейлердің монастырьға тартқан ақыреттің рахатына сену, ал байлар үшін монастырьларға арқа сүйей отырып өздерінің байлықтарын сақтау, сонымен бірге шіркеудің қоғамдық тұрмысқа тигізі отырған ықпалын пайдаланып өздерінің үстемдігін баянды ету болды.

Батыс Европадағы дамып келе жатқан феодалдық қоғам жағдайында шіркеу, ең алдымен католик шіркеу ірі экономикалық және саясаттық күшке айналды. Шіркеу діни идеологияны насихаттап, қануады жақтап феодалға бас июге шақырды. Шіркеу дүниенің жаралуы, бүкіл заттың өзгермеуі туралы діни ұғымды ендіріп, сол догмаларды қарсы көзқарастарды құғындайды.

Шіркеу мектептерге зор ықпал етіп, оқушылар тәрбиесінің негізі сол діни догматтар болады. ІІ ғасырдан бастап 1000 жыл бойы мектептегі жаратылыстануда негізгі басшылыққа алынған «Физиологус» атты кітап болды. Ол көптеген Европа тілдеріне аударылды. Бұл кітаптың негізгі материалы дүниенің жаралуы жайындағы таурат ертегілері, жиһан кезгендердің «көрген кереметтері» және мифологиялық фантазиялық ертегілер болатын. «Физиологустың» негізгі идеясы діни ұғымдарды жақтауға бағытталған. Сондықтан да онда табиғи және табиғаттан тыс жағдайлар бейбіт ұштасып жатты. Ондай, монастырь құрылысына қажет тастарды тасыту үшін тақуа аббатқа алла тағала қасқырды жұмсап жібермепті-міс деген әңгіме кездеседі. Ол қасқыр түнде қораға кіріп қой мен бірге түнеп шығалы-мыс. «Физиологуста» 1000 жыл жасаған әйгілі феникс құсы туралы ертегі бар. Оның ұясы күн сәулесінің әсерінен жанып кетуі мүмкін, сонда жанып кеткен құс өз күлінен қайта қалыпна келіп өмір сүреді. «Физиологус» - суретті кітап. Суреттердің бірінде бұтақтарына ерекше жеміс өскен аңыз ағаш көрсетілген, оның жемістері үзідіп теңіз суына түсіп үйректің балапандарына айналып жатыр. ХVІІ ғасырға дейінгі «Физиологус» сияқты кітаптарда осындай суреттер басылып келді.

Діни адамдар мен дворяндардың әл-ауқаты кедей шаруаларына қанаумен байланысты болды, сондықтан бұлардың арасында қайшылықтар бірте-бірте күшейе түсіп, Х ғасырдан ХІІ ғасырдың аяғына дейін шіркеу өкімет билігін өз қолына алу үшін күресті күшейтіп отырды.

Бұл жағдайдан шығу жолы – крест жорықтар болды. Қылышпен жарақаттталған, католик шіркеуінің кресін таққан сері жауынгерлер баю үшін Шығысқа аттанды. Көптеген қан төгіліп, мыңдаған кінәсыз қаза тапты. Мектепте табиғаттану сабақтарына тиым салынды, бүкіл пән аласталынды. Табиғаттқа табынудың орынан аруаққа табыну, кереметке сену уағыздалды, ғылымның орнына схоластика және діни кітаптарды мадақталды.

ХІІ – ХІІІ ғасырларда қол өнері мен сауда дамып, қалалар пайда болуымен байланысты, Орта ғасырда қоғамдық тұрмысқа елеулі өзгерістер еннеді. Ірі қалаларының орталығында (Париж, Рим, Лиссабон т.б.) тұңғыш университтер ұйымдастырылды. Ол алғашқы университтердің құрлысын көре аламыз. Онда төрт факультет: 1) діни, 2) заң, 3) медицина және 4) (ерікті өнер» (философияның) факультетері болды. Мұның алдыңғы екеуі шіркеу мен дворяндардың мүддесін қорғайтын адамдарды дайындауға тиіс болды. Сонымен қатар медицина мен «ерікті өнер» факультеті католик шіркеуінің идеологиял саласындағы ықпалының үстемдігіне күшті қатер туғызды. Сондықтан шіркеу өзінің беделін сақтап қалу үшін басқаша әдістер қолдана бастайды. ХІІІ ғасырда католик шіркеуі инквизиция деген ат беріп, ерекше діни со құды, оның алыднда «дінсіздер» мен күресу міндеті қойылады.

«Әулиеә инквизиция бес ғасыр билік жүргізеді. Осы кезде тек бір Испанияда ғана 35 мыңдай адам өртеліп, 300 мыңдай адамға азап жазалары беріледі. Испан инквизициясының бұйрығы бойынша жазылған соңғы от 1826 жылы ғана сөнді. Сондықтан университтердің бастапқы дәуірлерінде жаратылыс саласындағы айқын ойлар қиыншылықпен әрең жол тауып отырғандықтан таңырқауға болмайды.

Энгельс «Табиғат диалектикасы» деген еңбегінде бүкіл жаңа тарих сияқты қазіргі табиғаттағы зерттеудің басы қайта өркендеу дәуірін ХV ғасырдың орта кезінен басталады деп көрсетеді. Осы кезде король өкіметі, қала халқына сүйеніп дворяндық феодалды әлсіретті. Ірі монархия қүды, бұдан осы кездегі Европа мемлекеттері және осы кездегі буржуазиялық қоғамы дамып шықты.

Сауда капиталының және сауданың дамуы жаңа рынок, жаңа сауда объектілерін қажет етеді. Әсіресе, Шығыста адам айтқасыз байлықтарымен ертегілі Индия қызықтырды. ХV ғасырда Индия құрлық (Афанасий Никиитин) және теңіз жолы (Васко да Гама) ашылды. Осы ғасырдың аяғында Индия жаңа жол іздеп жүріп Христофор Колумб Антил аралын ашады. Соның артынан Америго Веспучи Оңтүстік Американың жағалауларын зерттейді. 1519 – 1522 жылдры Фенан Магеллан саяхат жасап тұңғыш рет жер шарын айналып шығады. ХVІ ғасырда жер жүзінің картасын дұрыс жасау жұмысы қатты қолға алынады, ең ақырында 1770 – 1771 жылдары Джеймс Куктің саяхаты кезінде, сол кезге дейінгі белгісіз болып келген жер шарының бір бөлігі – Автралияның нұсқасы анықтала бастайды. Сөйтіп жер шарының қазіргі картасы жасалады.

Географияның дамуымен байланысты физика-математикалық ғылыс дамиды. Қайты өркендеу дәуірінің математиктері өзінен бұрынғы әріптестерінен қабылдады: ежелгі гректерден геометрия негіздерінен, арабтардан – алгебраны өте бай мұра етті. Орта ғасырлық ұзақ тоқыраудан кейін үш ғасырдың (ХVІ – ХVІІІ) ішінде математикадан үлкен жаңалықтар ашылды. Өте қажет математикалық әдістердің некгізгілері – наналикалық геометрия (Рене Декарт), логарифмдеу (Джон Непер), дифференциальды және интегральды есеп (Готфрид Лейбниц, Иссак Ньютон) шықты. Физика өзінің дамуында едәуір артта қалды. Ол кезде астрономия саласындағы табыстармен байланысты физиканың екі-ақ бөлімі – механика мен оптика дамиды. Теңіздер мен мұхиттарды зерттеу, кеме жасау сияқты өндірістің ірі саласын іс жүзінде меңгеруді талап етті, ал кемелерді жүргізу жұлдыздық денелердің механикасына ерекше зейін аударуды қажет етті.

Грек астраномы Птоломей (Біздің эрамыздың ІІ ғасыры) әлемнің бір орында қозғалмай тұрған орталығы Жер, ал аспандағы Күн, Ай – жұлдыздар жерді айналып жүр деп түсіндірген болатын. Дүниенің геоцентр системасы жайындағы бұл теорияның дұрыс емес екендігі ХVІ ғасырда айқындалады.

Коперниктің өшпес еңбегінің жарыққа шығуы, табиғатты зерттеудің тәуелсіздігін көрсеткен революциялық акт болды, онда ол табиғат мәселелері жөнінде «шіркеу беделін сайысқа шақырды» деп көрсетті Ф.Энгельс. Николай Коперник Жер басқа планеталар тәрізді, Күнді айналатын сонымен қатар өз осінен өзі айналып тұратыны жайвнда жаңа ілім қалыптастырды. Осыдан бастап жаратылыстану телеологиядан (құдайға табынудан) арыла бастайды. Бұл бостандық жолы өте қиын жол болды, ғылым жолында көп адамдар құрбан болды. Рим папасы Коперник ілімі дінен азғандық денегн декрет шығарады. Осы ілімді жақтаушыларды қуғындау басталады. Шіркеудәің тиым салғаннына қарамастан дүние шексіз, жалғыз жұлдыз – Күн ғана емес, әлем кеңістігінде тек біздің күн системамыз ғана емес деп таныған, сол кездегі ұлы ой иесі Джордано Бруноны көп жылдар бойы азаптап 1600 жылы, ХVІ және ХVІІ ғасырлардың аралығында « әулие» инквизициясының отына өртейді. «Бір ғасырдың қазасы, келесі ғасырларда ой иелерін өлмейтін етеді» деген Джордано Бруноның пайғамбарлық сөзі дұрыс болып шықты.

Астраномиялық зерттеулер оптиканың дамуына себеп болды. Физиканың оптика мен механикадан басқа тараулары өзінің бастақы қалпында қалды. Геологияға келсек, онда дамығаны тек минерология болды, ол минералдар жөнінде мәліметтр жинаудың алғашқы этапын ғана өткізген болатын.

Жоғарғы аталған ғылымдарды дамуы биология саласында көптеген материалдардың қорлануына себеп болды. Европа қалаларына жасалған көптеген саяхаттардың нәтижесінде өсімдіктердің, жануарлардың көптеген коллециялары үздіксіз ағылып келіп жатты. Америкадан (картоп, темекі, жүгері, какоа, гевея, кактустар), Азиядан (дәм қабық, қалампыр, мускат жаңғағы) және басқа жерден алып келінген бұрын белгісіз өсімдіктер Европада пайдаланыла бастады. Мұнымен қатар бұрын адамның көзіне көрінбейтін микроскопиялық тірі организмдердің жаңа дүниесін, алғышқы жасалған микроскоп жаратылыс зерттеушілердің алдына тартты.

Осы дәуірдің орта ғасырында көке созылған тоқыраудан кейін, жаратылыс танудың әртүрлі саласы қарқынды дами бастады. Қорлаған көп материалдарды игеру - негізгі мәселе болды. Осы материалдарды талдап, тым болмағанда алғашқы системаға салу қажет болды. Табиғаттағы өзара байланысты құбылыстарды бөлшектеп, оларды жеке зерттеу керек болды.

Осы дәуірде метафизикалық ойау тәсілі кең өріс алады. Табиғат бөлек-бөлек және бір-біріне байланыссыз заттар мен құбыслатардың кездейсоқ жиынтығы деп қаралады. Табиғат бұрыннан бар және өзгермейтін элементтерге бөлінеді деп түсіндіріледі. Ал шын мағынасында табиғаттағы даму процесін жоққа шығарып, оны өсу процесінде таңатын болған.

Энгельс Қайта өркендеу дәуіріндегі жаратылыс танудың қалпын талдай келіп былай деп жазды: «Бірақ қарап отырған дәуірге тән ерекше сипатты нәрсе табиғаттың мүлдем өзгермейтіндегі туралы ұғымды арқау еткен дүниеге өзгеше жалпы көзқарастың жасалуы болды. Бұл көзқарас бойынша табиғаттың өзі қандай жолмен туған болса да, қазіргі нақтылы бар күйінде, өмірі біткенше, ол әрқашан да өзгеріссіз қалып келіпті». Планеталардың қозғалысында, Жер және оның климатында фауна мен флораларда да өзгеріс жоқ.

Уақыт мерзімінде дамып келе жатқан адам баласының тарихына кері, табиғат тарихы кеңістікте тек жазылып қанат жаяды деп танылды. Табиғатта ешбір даму, ешбір өзгеру болмайды деп түсінілді. Басында революциялық бейнеде болған жаратылыстану қапелімде (мәңгі қатып қалған, өзгермейтін табиғатқа» тап болды. Сөйтіп терең қайшылық пайда болды. Бір жағынан, ХVІІІ ғасырдың басында жаратылыстану туралы өте көп нақтылы материалдарын жиналды, осыған орай өзінің білім көлемі жөнінен жаратыслтану ежелгі Греция ғылыммының деңгейінен асып түсті. Бірақ басқа жағынан бұл материалды идеялық меңгеруде жалпы көзқарас жөнінен ежелгі Греция жараталыстануынан артта қалды. Біздің эраға дейінгі философтардың үстемдік етіп келген стихиялы-диалектикалық көзқарастарының орнын метафизикалық көзқарастар басты.

Қайта өркендеу дәуірінің басындағы ревоолюцияшыл жаратылыстану осы дәуірдің аяғында телеологияның батпағына терең бата түсті. Бұл кезде жаратылыстану дүние жаратылуының «түпкі» себебін іздейді, бұл табиғаттың өзімен түсіндіруге болмайтын сыртқы күшке байланысты деп табады. Ғылымның осы қалыпн талдау келіп Ф.Энгельс: «қаралып отырған дәуіріміздің бас кезінде Коперник телеологиятойтарды; Ньютон бұл дәуірдің құдыретті тұңғыш түрткі жөніндегі постулатпен (жорамалмен) аяқтады» деп жазды. Ресми ғылым дінмен мәмілеге келіп, онымен бірге табиғатты жаратқан және ондағы тәртіптерді қалыптастырып тұрған жаратушы бар деп түсіндірді.

ХVІІІ ғасыр ортасындағы тірі табиғат туарлы метафизикалық ұғымдар. Қайта өркендеу дәуірінде Европа елдерінің әр жерінде орталық ірі қалаларыныфң өсуі белгілі бір мәдени тұрмыстың ұйымдасуына негіз болды.

Қалаларда парктер, ботаникалық бақтар ұйымдастырылды, гүл өсіретін орындар және аптекалық бақшалар жасалып, онда алуан түрлі өсімдіктер өсіріледі. Сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлар үшін музейлер салынып оған теңіздердің арғы жағынан саяхатшылар жинаған жануарлар мен өсімдіктер коллекциялары қойылады. Бұл жинаған материалды белгілі бір системаға келтіру жөнінде ой туды. Оларды сипаттау, ат беру және классификациялау қажет болды. Материалдардың әр елге және әр қалаға бытырап жиналуы бұл міндетті орындауы қиындатты. Оны әр алуан адамдар зерттеді, әркім өсімдіктер мен жануарлардың жаңа түрлерін зерттеп, өздерінше ат беріп отырды. Бұл жұмыста ешқандай жүйе, ғылыми систематиканы жасау принципі болмады. Кейбір жағдайда өсімдіктің бір түрі әр елде сипатталып, оған әр түрлі ат берілді.

Өсімдіктердің ғылыми систематикасын жасаудың қажеттігі туралы Андрей Цезальпин Флоренцияда 1583 ж.басылып шыққан, өзінің «De Plantis libri XVI» атты шығармасында жазған болатын. Цезальпин көбіне тұқым мен жеіс құрылыстарына қарап өсімдіктерді классификациялау жайында тұңғыш талаптанған ғалым. Ол бүкіл гүлді және гүлсіз өсімдіктер деп екі тоқа бөледі; өзінінің кезегімен гүлді өсімдіктерді үш топқа (ағаш, бұта, шөптер), ал осы топтардың әрқайсысын класқа бөледі. Цезальпин барлық гүлді өсімдіктерді 15 класқа жатқызды. Он алтыншы класқа гүлі жоқ өсімдіктерді жатқызды.

Систематикадағы келесі табыстар ең алдымен ағылшын ботанигі Джон Рей (1623-1705) есімімен байланысты, ол түрлердің бинарлық номеклатурасын жасаушының бірі. Рей системасында туыс және түр ұғымдары бар. Бірақ, ол туысқа дәл анықтама бере алмаған. Рейше түрлер дегеніміз бір-біріне ұқсамайтын формалар, «олар өздеріне тән табиғатын сақтайды, бұлардың ешбір формасы басқа формалардың тұқымынан пайда болмайды». Бұл анықтама түрлердің өзгермейтіндігін қолдайтындығын көрсете тұрса да, Рейдің өсімдіктер туралы басқа шығармаларында, кейбір жағдайда бір түр екінші түрге айналуы мүмкін деген пікірін кездестіреміз.

Әйгілі швед ғалымы Карл Линнейдің (1707 – 1778), «Табиғат системасы» және «Ботаника философиясы» атты классикалық еңбектері жарыққа шыққаннан кейін систематика түбегейлі қалыптасады. Осы еңбектерінде К. Линней жануарлар мен өсімдіктер классификациясының негізгі принциптерін берді. Дәл және қолайлы системаға үлкен мән беріп, Линней «ондай система ботаникканың арқауы, онсыз гербарий жұмысы былығып кетер еді» деп жазды. Оның ұсынған систематикасында жануарлар мен өсімдіктер сатылы 5 топқа: класс, қатар, туыс, түр және түршеге бөлінеді.Линней түрлердің бинарлық системасын жасап заңды бекітті. Ол әрбір түрді екі сөзбен жазуды ұсынды: туысын зат есіммен, оның түрін сын есіммен көрсетті.

Өсімдіктердің түрін сақтап отыратын негізгі тіршілік функциясы, олардың шығу қабілеті деп қарап, Линней өсімдіктерді кластарға жіктеуде генеративтік органдарының құрлысын негізге алды. Осыған орай, ол өсімдіктерді 24 класқа бөлді. Оның 23 класы гүлді өсімдіктер және 1 класы құпия некелілер, бұған папортниктер, мүктер, балдырлар және саңырауқұлақтар жатқызылады. Гүлді өсімдіктердің классификациясы аталықтар мен аналықтарының санына және өзара орналасуындағы өзіндік ерекшеліктеріне, пішініне, үлкендігіне қарап жасалады. Мұнда гүлдің аталығын санап, сол түрдің қай класқа жататынын анықтауға болады. Бұл системаның жасанды формада екенін байқау қиын емес. Мұндағы кластарда біркелкілік жоқ. Оның бір қатары қазіргі тұқымдастарға (12-класты раушан гүлділер тұқымдасына, 15-класты крест гүлділер тұқымдасына 19-класты күрделі гүлділер тұқымдасына) толық сәйкес келеді. Басқа бір жерлерінде бір тұқымдастың өкілдері әр түрлі кластарға бөлініп кеткен; лилия тұқымдасындағ 6 аталықты қаз жуа 6-класқа, 8 аталықты қарғакөз 8-класқа жатқызылды. Осыған байланысты бір класқа әр түрлі тұқымдастардың өкілдері топталған: 8 аталықты – қарақұмық, қарғакөз және үйеңкі 8-класқа жатқызылған. Линнейдің өзі системасының жасанды екенін түсініп «бұл табиғи система табылғанша қызмет етеді; біріншісі - тек өсімдіктерді тануды үйретеді, екіншісі - өсімдіктердің нағыз табиғатын танытады», - деп жазды. Линнейдің анықтаған 67 қатары табиғи сипатта болды. Бірақ Линнейдің өзі бұларды қандай негізге сүйеніп құрғанын түсіндіре алмады, бұл жөнінде натуралистік тапқырлық пен инстинктің басшылық еткеніноның өзі де жасыра алған жоқ.

Жануарлар дүниесін класқа бөлуде, Линеей олардың қан тамылар және тыныс алу системасындағы ерекшеліктерін негізге алды. Ол жануарларды 6 класқа бөледі: 1) сүт қоректілер, 2) құстар, 3) амфибиялар, 4) балықтар, 5)насекомдар және 6) құрттар. Негізінде кбірек зерттелгені екі типтің өкілдері - омыртқалы жануарлар және буынақытылардың бір қатары болатын соңғы жаңа классификациядағы қалған 11 типтегі «құрттар» деген атпен Линней жинақталған класқа топтастырды.

Линней системасының елеулі кемшіліктері бола тұрма да өте үлкен маңызы болып, ол систематиканың өркендеуіне себепші болды; сұл системадағы сипаттаудың және анықтаудың жеңілдігі өсімдіктер мен жануарларды зерттеуге үлкен ықылас енгізілді. Линнейдің өзі 10 000-дай өсімдік түрлерін сипаттады, одан ондаған жыл өткен соң сипаттлаған өсімдіктер түрлерінің саны 100 000 жетті, яғни он есе артты.

Линней системасының философиялық концепциясы, оның өзі ұсынған принципіне сәйкес: «Species tot sunt diversae, guot diversas formas creavit infinitum ens». Түрлер өзгермейді олардың саны құдырет жаратқан органикалық формалардың санындай. Тірі табиғат құдайдың құдіретімен пайда болды. Линнец барлық жануарлар мен өсімдіктер Тигр және Еврат өзендерінің арасында жұмақта жаратылып, одна бүкіл жер жүзінде таралды деген таурат аңыздарына сүйеніп, органикалық дүниенің пайда болуын суреттемекші болды. Осы аңызды қолдап, Линней барлық жануарлар мен өсімдіктерді, ортасында үлкен тауы бар аралда жаралды деп түсіндіреді. Ол таудың баурайында лауан түрлі климаттық жағдайлар болды, оның етегінде тропиктік климат болып басталып, басы полярлық клматпен аяқталған. Жануарар мен өсімдіктер белгілі жағдайларға бейімделіп жаратылды, олар теңіз тартылып, арал құрлыққа жалғасқанша, сол жерді мекендеді. Арал құрлыққа жалғасқаннан кейін организмдер барлық жер жүзіне таралып, тауда жаратылған жағдайларына сәйкес әрбір түр солтүстікті не оңтүстікті мекендеді. Мұндай концепция креационизмге тән сипат яғни өсімдіктер мен жануарлардың түрлері құдайдың бастапқы жаратқан қалпында өзгермей келеді деген биологиядағы белгілі бір ағымға тән ұғым. Линней өзінің негізгі шығармаларында жаратылыстанудағы жиналған материалдарды таурат жазуымен ымыраластыру талабымен нағыз креационист сипатында көріеді. Қазір бұл талаптың өзі аңғырт болып көрінеді, ал ХVІІІ ғасырдың ортасында жаратылыс зерттеушілердің көбі осы көзқараста болды.

Креацинизмге онымен өзара байланысты, биологиядағы екінші бір ағым – преформизм ұштасты, мұны жақтаушылар организм толық қадыптасқан бейнеде пайда болады, оның ересектерінен айырмашылығы кішкентайлығында де түсіндірді. Бұлар жеке дамуды тек өсі құбылысына яғни, оны таза сан өзгерісінен деп қарады. Осы көзқарасты сол кездегі микроскоптың жақсы мамандары - Антони Левенгук, Ян Сваммердам, Марчело Мальпиги, Ладзаро Спаланцани т.б. өте ірі ғалымдар қолдады. Преформистердің көзқарастарында тұтастық болған жоқ. Олардың бәрі тұқымдағы немесе жұмыртқадағы кішкентай организмнің өсуіне ұрықтану себеп болады деп түсінді. Бірақ олардың біреулері (анитозоидының басында болады деп танып, тіпті оның суретін салып та көрсетті). Екіншілері (овистер) жаралып қойған ұрық жұмыртқа клеткасында болды деп ойлайды. ХVІІІ ғасырдың ортасында преформистердің арасында «қабат теориясы» кең етек аталады; бұл теория бойынша алғашқы аналық жаратылғанда оның жұмыртқа безінде болашақ ұрпақтарының бәрі бейнеленіп қойылған болу керек.Сонымен италиян ғалымы антонио валлистнери (1661-1730) Хауананың жұмыртқа безінде бұрынғы, қазіргі және келешектегі барлық ұрпақтарының ұрықтары болады деп таныды. Егерде «Қабат теориясы» организм бірінің ішіне бірін салып қойған қуыршақ тәрізді болса ол қуыршақтардың көлемі ішіне қарай біртіндеп кішірейе бермек. Бұл сияқты көзқарас түрлердің тұрақтылығы туралы ұғымының таралуына себеп болды.

Сойтіп, ХVІІІ ғасырдың ортасына таман тірі табиғат туралы ұғымдарға метафикалық негізгі екі идея тән: 1) түрлерді құдай жаратты, олар өзгермейді креационизм идеясы, 2) жеке дамуды бұрынан дайын ұрықтардың өсуі деп қарайтын преформизм идеясы

Трансформизм идеяларының шығуы.

Жиналған ботаниалық және зоологиялық материалды жүйеге келтіру нәтижесінде жануарлар мен өсімдіктердің әр алуан формаларын өзара салыстыру мүмкіншілігі туды. Осыдан бастап биологияның салыстырмалы анатомиялық әдісі дамып, бұл организмдердің өзгеруі жайында ғалымдардың зейінін аударады.

Жануарлар мен өсімдіктер сыртқы ортаның жаңа жағдайларына дұшар болса өзгеруі мүмкін деген биологияда жаңа - трансформизм пайда болады. Трансформистер бір түр екінші түрге айналуы (ТРАНСФОРМАЦИЯ) мүмкін деп қарайды. Бұрыннан тамыр жайып қалған ескі креационистік көзқарастарды жаңа бағыт көп қиыншылықпен жеңіуне тура келді.

Белгілі гылми ағым түрінде трансформизмнің қалыптасуы 1759 жылға тұстасады, осы жылы жаратылыс танудың әрі қарай дамуына себеп болған өте маңызды үш зор оқиға блды. Ең алдымен, осы жылы негізгі идеясы креационизмге қарсы бағыттылған М.В. Ломоносовтың « Жер қабаттары туралы әйгілі трактаты жазылады». 1979 жылы 28 ноябрьде Берлин университетің жас ғалымы Каспар Фридрих Вольф « Theoria generationis» тақырыбында докторлық диссертация қорғап мұнда ол преформмизмнің негізгі жағдайларына қарсы сөйлейді. Тағы да осы жылы Францияда өсімдіктердің алғашқы табиги системасы пайда болды. Мұны жасаған атақты ботаник Бернер Жюсье болатын.Енді осы уақиғаларға дәлірек тоқталып өтейік.

Н.А. Добролюбовтан кейін орыс жаратылыс тануының негізін салған М.В. Ломоносов деп айтуымызға толық қақымыз бар. Тек мұны ғана емес, Ломоносов жаратылыс тануда белгілі дәстүрлер жасап ол дәстүрлер оряс ғылымында үздіксіз дамып келеді. Бұл дәстүрлердің негізінде бірінші орында тұрғаны табиғаттың материалы екендігін мойындау болды. Ломоносов материя « денені құрап тұрған және оның мәнән тәуелді етіп тұрған нәрсе» - деді. Дененің табиғаты « қозғалыстан тұрады, демек,денелер қозғалысымен анықталады».

Россияда Ломоносов тәжірибелік жаратылыс танудың негізін салды. Ол тәжірибе «тек қиялдан ғана туған мыңдаған пікірлерден жоғары» деп анық көрсетіп, тәжірибелердің нәтижелерінен философиялық қорытынды жасау қажет екендігіне ерекше зейін аудартады. Жаратылыс танудың және оған жанама ғылымдардың (ХИМИЯ, ФИЗИКА, ГЕОЛОГИЯ, МЕТАЛЛУРГИЯ т.б.) алуан түрлі салалары үшін Ломоносов еңбектерінің зор манызы болды.

Ломоносовтың « Жер қабаттары туралы» трактаты 1759жылы жазылып, ол біраз кейінірек басылып шықты. Бұл шығарманың негізгі идеясы автордың сөздермен «... біздің көріп тұрғандарымыздың бәрін баста құдай жаратқан деп бекерге»

Эволюциялық дамудың қозғаушы күші не? Эволюцияның бағытты анықталғаннан кейін Ламарк осы мәселелерге зейін бөледі.

Тіршіліктің қалыптасуы және тірі дененің өзгерулері сыртқы ортаға және оның факторларына байланысты деп қарайды Ламарк.

1845 жылдың өзінде – ақ «Жануарлар Тіршілігінде сыртқы жағдайлардың әсері» деген тақырыпта көпшілік алдында лекция оқыды. Осы лекцияда5ы 2деттен тыс, ресми пікірлерге сәйкестенбейтін пікірлерге реакцияшыл профессорлар құлағын тікті. Баста Рульге сақтықпен қараса, кейін оған, ашық дұшпандық көзқараспен қарады. Әйгілі ғалым жай сөзбен ғана емес, баспасөз бетінде де қуғындала бастады. 1851 ж» Жануарлар тіршілігінің сыртқы орта жағдайларына қатысы» деген жалпы атпен көпшілікке оқыған үш лекциясынан кейін, жандарм корпусымен байланысты «2 апрельдегі Комитетте» Рулье туралы құпия хабар беріледі.

Рулье өзінің творчестволық күш –қуаты толық шағына келген кезінде рухани сары уайммен 44 жасында дүние салады. Өзінің философиялық концепциясы жөнінде Рулье Герценге жақын.

Рулье табиғат мәңгі, ондағы барлық құбылыстар өз ара байланысты және бір тұтас деп таниды. Жануардың қайсысы болса да, сыртқы жағдайларға тәүелді, яғни ауаға,суға, климат жағдайларына топыраққа, өсімдікке және басқа жануарға,ең ақырында адамға байланысты.

Табиғат әрдайым қазір біздің көріп жүргеніміздей болған емес. Табиғатқа тыным да, тоқырау да жоқ. Табиғаттың жалпы заңы бойынша кететтен ештеңе болмайды; бәрі үздіксіз жай өзгерістер арқылы пайда болады.

Жаратылыс ғылымының міндеті – табиғат заңдарын тану.

Зоология жануарлардың тіршілігі мен дамуын басқарып тұрган заңдарды білуі керек. Рулье бұған «сыртқы дүниемен жануарлардың қарым –қатынас заңы» немесе оның өзінің екінші сөзімен «тірі элементтердің екі жақтылық заңын» жатқызады.

Рульеше бұл заңның мәнісі- сыртқы дүниеден бөлініп өз алдына оқшау қалған жануар туа да алмайды, өмір де сүрмейді,өлмейді де. Даму толық шеңбер жасау үшін екі элемент бірдей – жануар мен орта қатысуы қажет.

Тұңғыш эволюциялық теория құрушы Ламарк өзінің теориясын негізінен систематика мен салыстырмалы анатомияға сүйеніп құрған болса, Рулье осы мақсатқа өз кезіндегі астрономия, эмбриология, цитология және палеонтология сияқты ғылымдардың жаңа мәләметтерін пайдаланды.

Рульенің айтуы бойынша, барлық басқа заттар сияқты жердің де тарихи бар. Жердің құралу тарихи,оның ертедегі тағдырың шешкенде,қазіргі кездегі жер бетіндегі барлық құбылыстарды реттеп тұрған жалпы заңдар екендігін көрсетіп отыр. Сондағы жер бетінде болған өзгерістердің ізі жойылған жоқ. Біртіндеп қосылып отырған қабатттарына, қалың кітаптың беттеріне жазғандай. Жер өз тарихын өзі жазып келеді. Бұл кітапты оқу қиын, тек оның сыртқы бетін ғана зерттей аламыз. Қабат тереңдеген сайын, ондағы сақталған белгілер бірте – бірте азая береді. Адамның тарихы үшін ерте замандағы халықтардан қалған өнер шығармаларының қалдықтары мен медальдары,макеттер қандай керек болса,шала шіріген бақалшақ пен жартылай шіріген сүйек тым аз бола тұрса,ол ғалым тарихы ушін соңдайлық керек нәрсе.

Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы мен дамуы жайында Рульенің концепциясы, Жер біртіндеп суынып келеді деген Кант – Лапластың гипотезасына негізделеді.

Алғашқы өсімдіктер де жануарлар да өте қарапайым, бір клеткалы организм түрінде болды. Содан былай қарай осы ортаникалық дүниенің екі түрінде де біртіндеп құрылысы күрделену арқылы бір клеткалы формалардан көп клеткалы формаларға қарай даму кезеңі басталды.

Систематикалық, генетикалық, (эмбриологиялық) және геологиялық, органикалық формалар қатарларын салыстырғанда байқалатын үш параллелизм эволюциялық процесс бар екендігіне негіз болады. Ең алдымен көзге түсетін нәрсе «жануарлардың жасы бойынша жоғары көтерілуі класс бойынша жоғары көтерілуімен параллель», яғни күрделі құрылысты формаларының құрылысына сәйкес келетін бірқатар фазаларды басынан өткізеді. Қарапайым омыртқалылардың (БАЛЫҚТАР)жүрегіекі камералы,одан күрделірек құрылыстарыныкі (АМФИБИЯЛАРДА) үш камералы, ең соңғы құрылысы өте күрделі сүт қоректілердің жүрегінің жеке даму процесін зерттегенде мынадай заңдылық байқалады: баста,аз мерзімде болса да жүрегі екі камералы,одан кейін үш камералы, ақырында төрт камералы фазаға аусады. Формалардың генетикалық және систематикалық қатарларының арасындағы параллельділік осындай. Сонымен бірге генетикалық қатармен геологиялық (ПАЛЕОНТОЛОГИЯЛЫҚ) қатар параллель. Барлық жануарлар мен өсімдіктер бір клеткадан дамиды.,одан кейін ғана бұлардың өздеріне тән айырмашылықтар пайда болады. Сол себепті эмбриондық дамудың алғашқы кезендерінде, жануарлар қарапайым құрылысты болатындықтан бір – біріне өте ұқсас келеді.Жер бетінде органикалық тірі денелердің тарихи дамуы да осы кездегі өсімдік пен жануардың жеке дамуындағыдай жолмен жүрді; олардың түрлері біртіндеп көбейіп отырды. Алғашқы тіршілік пайда болған кезіне жақындаған сайын, организмдер қарапайымдылау келеді және олардың түрлері азая бастайды. Бұлай болуы,олар баста ұқсас бір формадан яғни клеткадан пайда болғанын көрсетеді.

Палеонтологиялық материалға сүйене отырып, органикалық дүниенің дамуың Рулье үш кезенге бөледі. Оның біріншісі – тіршіліктің теңізде пайда болуы және дамуы. Бұл кезде бүкіл Жерді ұшы – қиырсыз мұхит басып жатты, тек кейбір жерінде ғана құрлық аралшалары болды.

Осы алғашқы мұхитта бір клеткалы организмдер,ең алдымен бір клеткалы балдырлар пайда болды. Одан кейін судан арылған құрлықтарда қыналар пайда болып, шөлді тасты жерлерде тіршілік етті,кейінірек саңырауқұлақтар мен мүктер пайда болды. Бұлар ылғал сүйгіш өсімдіктер болатын. Сондықтан да олар осы кезедегі өзімен туыс формалардың өсетін жеріне ұқсас құрлық жерлерді мекендеді.

Бірінші кезеңнің аяғында, өткізгіш сосуд – системалы, едәуір күрделі құрылысты өдәуір күрделі құрылысты өсімдіктер – қырық буындар мен папоротниктер шықты.

Сөйтіп, босанған құрлықта алғашқы ормандар қалаптасты. Олар біркелкі және оның іші қапас қараңғы болды; ол кезде құрлықтық та, ауалық та жануарлар пайда болған жоқ еді. Сол себепті орманның іші жым- жырт, ауасы таза болатын. Барлық организмдердің тіршілігі теңізде шоғырланған болатын; әуелі бір клеткалы организмдер пайда болды, кейн олардан көп клеткалылардың төрт бұтағы – сәулелілер, моллюскалар, буылтықтылар және омыртқалылар тарады.

Рульеше екінші кезенде өсімдік дүниесінің дара жарнақты және қос жарнақты өсімдіктері өркендеді. Жануарлар дүниесінде де үлкен өзкерістер болды. Алғашқы құрлық омыртқалылары – лабиринтодонттар пайда болды, кейін одан, «жексұрын жыландардың» әр түрлі формалары таралды. Соның біреулері – ихтиозаврлар су орталығын мекендеді: екіншілері, ұшқыш кесірткелер әуе кеңестігін, ең ақырында, үніншілері – динозаврлар т.б. құрлықта тіршілік етті.

Үшінші кезенде гүлді өсімдіктер жайлады, ал жануар дүниесінде жоғары сатыдағы омыртқалылар – құстар мен сүт қоректілер дамып, көбейіп кетті.
Қолданылған әдебиеттер:


  1. Шмальгаузен И.И. Проблемы дарвинизма, Л,1969 г.

  2. Яблоков А.В.Эволюционное учение.М, 1976.Ст .21-50.

  3. Канаев И.И.Жорж Кювье.М.1976г.

  4. Равинович А . И Чарльз Лайель.М, 1976г

  5. Парамонов А . А Дарвинизм М, 1976. Ст 41-58.

  6. История биологии с древнейших времен до наших дней М,1972.

  7. Георгиевский А. А. Дарвинизм М,1985г.

  8. Правдин Н.В. Дарвинизм М,1986


Лекция №3

Тақырыбы: Эволюциялық идеялардың қалыптасуы (Дарвинге дейінгі кезең)

Мақсаты: Ж. Б Ламарктің эволюциялық идеясы және градация ұғымы туралы мәлімет беру.

Лекцияның жоспары және қысқаша мазмұны:

1. Ж. Б Ламарктің эволюциялық ілімі және оның бағалануы

Жоғарыда аталғандай Ж. Б. Ламарк өзінің эволюциялық теориясын «Зоология философнясы» деген еңбегінде баяндады. Бұл трактат 1830 жылғы айтыстан жиырма жыл бұрын жарияланған болатын. «Зоология философиясында» баяндалған Ламарктың пікірлері өз замандастарынан, тіпті алдыңғы қатарда саналатын замандастарының кезқарастарынан да асып түсті. Мұны Ламарк-тың өзі де тусініп, еңбегінің алғы сөзінде былай деп жазды: «Адамның албырт қиялынан туғандардың бәріне тез сене салу-дан гөрі, түсінілген шындық лайықты бағаланбай, ұзақ тартыс-қа душар болғаны артық» '.

Ламарктың эволюциялық ілімін талдауға кірісерде, ең алдымен оның жалпы философнялық және жалпы биологиялық концепци-яларымең танысуға тиістіміз. Көптеген басқа деистер сияқты, Ламаркта материяны және табиғатты, яғни оның коз-ғалыс заңдарын құдай жаратты деп түеінеді. Қудіреттің жарату ісі осымен тынады. Табиғаттың барлық келешектегі дамуы, оның өз заңдары арқылы жүзеге асырылып отырылды. Ламарк ақыр-ғы мақсат (себеп) принципі жайындағы телеология ұғымына қарсы шығып, табиғатта мақсат бар, ондағы-эрекеттер санамен орындалып отырылады деп түсінуші табиғат зерттеушілер ада-сып жүр дейді. Ол рухты материяға қарама-қарсы қою дұрыс емес, себебі, бұл материяның функциясы деп карайды. Материя белгілі мөлшерде жаралды, бірақ ол өзгерісте болатындықтан, онда үнемі жаңа түзіліс болып отырады.

Ламаркша, тірінің өліден сапа жөнінен түбегейлі айырмасы бар. Анорганикалық дене біртекті және әртекті масса түрінде болады. Ірі денелердің_бәрі,_ тіпті өте .қарапайым құрылыстылары да_ ұксастығы жок бөлікте,рден кұралған. Анорганикалық заттарды кұраушы массалардың белгілі пішіні болмайды, тек олардың кұрамындағы бөліктердің ғана формасы өзгермейдь Бұған керісінше тірі денелерде белгілі бірформа болады, бұлар оны ұрпақтарына қалдырьш отырады.

Сыртқы жағдайлар анорганикалық және органикалық табиғатка әр түрлі ықпал етеді: өлі денеге әсер етіп, оны бұзады; ал олар тірі денеге әсер етіп тіршілігін сақтайды.; Өлі заттардың ұлғаюы, мысалы краеталдыц үлгаюы сыртынаи үстеп қосылу жолымен, яғни сол дененіц сыртына жаңа бөліктердің косылу жолымен жүреді; организмдегі ұлғаю, оның денесіне заттардыц ену нәтижесінде болады, ол заттар тірі дененің заттарына ұксас болып, денеге қосылып соның мүшесіне айналып отырады. Анарганикальіқ табиғат қоректі керек етпейді; органикалық табиғатқа-қоректену процесі қажет, себебі бұл тірі денедегі ыдырау мен жаңару сонымен байланысты. Өлі зат ұрықтан дамымайды, тірі заттың дамуы сонымен басталады. Ең ақырында, ешбір анорганикалық..дене өлмейді,' себебі онда тіршілік қабілеті жоқ, ал әрбір тірі дене сөзсіз өлуге тиіс «Сөйтіп өлі немесе анорганикалық денелер мен тірі денелердіц арасында үлкеп айырмашылық, терең үзіліс (һуаtus) бар; екінші сөзбен осы екі түрлі денелердіц бір-бірінен алшақтығы сонша, ешбір аноргани-калық дене сң қарапайым деген тірі денеге жақындаса алмайды. Тіршілік және денеде оны құрап тұрғандардың бәрі, тірі денелер-діц, барлық тіршілігі жоқ денелерден елеулі айырмашылығы бар екендігін керсетеді» '. Егер тірі денелердің осындай ерекшелікте-рі болса, онда олар тіршілік жайындағы өзінше ілім — биология пәнінің объектісі болуға тиіс.



Ламарк жануарлар дүниесінің табиғи системасын дамыта отырьш, Лпнней жасаған алты класты қосып алып, жануарларды он төрт класка топтастырды. Өзіннің системасында ең қарапайымдар (инфузория класы) мен ең күрделі құрылыстылар (сүт қоректілер класы) арасына кұрылыс дәрежелерінің біртіндеп күрделіленуіне қарай басқа барлық кластарды орналастырады. Линней кезінен бері жануарлар кластарын орналастыру тәртібі айтылғанға мүлде қарама-қарсы болатын; яғни сүт қоректілерден басталып қарапайым кұрылысты құртпен аяқталып келді. Ламарк егер кластарды осылай (Линнейше) орналастырсақ, жануарлар системасына шолу жасағанда, олардың құрылысы деградацияланғаны және қарапайымдалғаны байқалар еді деген пікір көрсетеді. Бұған керісінше, Ламарктың он төрт класты орналастыру бағытын алсақ, жануарлардың құрылысы баспалдақ сипатында біртіндеп күрделіленіп отырғанын — градацияны көреміз. Мұнда он төрт класс алты сатыға орналастырылып, Ламарк ойынша бұлардың әрқайсысы келесісінен орган-дарының негізгі системалары жөнінде нерв және кан тамырлар системаларының құрылысы курделенуі жөнінен айырмашылық-тары бар (3-сурет). Өсімдік дүниесінде де баспалдақты қатарлар бар, мұнда да өсімдік топтары құрылысының күрделілігіне қарай орналасады. Ондай қатарлар (градация) жануар дүние-сінде де өсімдік дүниесінде де қарапайымнан басталып күрделі құрылысты денелі организмдермен аяқталады. Бұл тәртіп органикалық формалардың қарапайымнан күрделіге, қарапайым құрылыстан күрделі құрылысқа қарай даму процесі жүріп тұратындығын көрсетеді.
Қолданылған әдебиеттер:

  1. Шмальгаузен И.И. Проблемы дарвинизма, Л,1969 г.

  2. Яблоков А.В.Эволюционное учение.М, 1976.Ст .21-50.

  3. Канаев И.И.Жорж Кювье.М.1976г.

  4. Равинович А . И Чарльз Лайель.М, 1976г

  5. Парамонов А . А Дарвинизм М, 1976. Ст 41-58.

  6. История биологии с древнейших времен до наших дней М,1972.

  7. Георгиевский А. А. Дарвинизм М,1985г.

  8. Правдин Н.В. Дарвинизм М,1986


Лекция №4

Тақырыбы: Эволюциялық теорияның ғылыми және қоғамдық – тарихи алғышарттары

Мақсаты: Эволюциялық теорияның қоғамдық-алғы шарттары туралы мәлімет беру.

Лекцияның жоспары және қысқаша мазмұны:

  1. Ч. Дарвиннің эволюция теорясының жарыққа шығар алдыңдағы алғы-шарттар.

  2. ХІХ ғасырдың І жартысында Англияда жүзеге асқан қоғамдық экономикалық өзгерістер. ХІХ ғасырдың І – жартысында жаратылыстану ғылымдарының даму жәрежесі. ХІХ ғасырдың І жартысында ауыл шаруашылық практикасының даму дәрежесі.

ХІХ ғ бірінші жартысында ғылым эмпирикалық бағытта дамыды. Ғылымда эмпирикалық бағыттың дамуы жаратылыстану заңдалақтардың идеясының таралуымен айқындалды. Бұл идея табиғатта барлық ғылымдарда өріс алды. Француз математигі астроном Лаплас теологиялық принциптерден бас тартып бұл идеяны астрономияда бекітті. Жаратылыстану заңдалақтарын идеясы физика, химия, геология, биология салаларында кең өріс алды.

Систематиканың дамуы.

ХІХ ғ І жартысында биологиялық ғылымдардың ішінде жетекші орын алды.

Жаратылыстану жүйесінің дамуы

Жаратылыстану жүйесінің жасалуына үлкен үлес қосқан Ж. Б. Ламарк. Ламарк жануарлар дүниесінде омыртқалы мен омыртқасыз жануарлар арасындағы жаратылыс топтардың арасындағы шекарасын ажыратты.

ХІХ ғ І жартысында салыстырмалы анатомия палеонтология негізін салаған француз Жорж Кювье. Кювье метафизикалық жаратылыстың жақатаушысы болды. Жануарлардың жаратылыстану топтарын ажыратуда Кювье өте көп еңбек сіңірді. Ол систематикалық топтарды олардың жеке белгілерін емес, жиынтық белгілеріне сонымен қатар анатомиялық белгілеріне аса назар аударды. Кювье систематиканы зерттеуде салыстырмалы-анатомиялық зерттеулерді қолданып, мынадай қорытындыға келді жаратылыс тобы тұтастай жүйемен сипатталады және ол барлық өкілдерінде байқалады. Тұрақты заңдалақпен бір-бірімен тәуелді байланысқан белгілерді Кювье корреляция деп атады. Бірдей корреляциялық жүйесі бар ағзалар бір жаратылым тобына жатады. Барлық омыртқалыларда бірдей корреляциялық жүйесі бар. Оларда омыртқа жотасы, дорсальді орналасқан жұлын, ішкі мүшелер- ми сауыты және дене қуысы, қызыл қан, бұлшықеттері жүрек.

Салыстырмалы –анатомиялық зерттеулерден алынған принциптерден Кювье 4 үлкен жануарлар шеңберін «композиция жоспары» жасады


  1. Омыртқалылар

  2. Былқылдақденелілер

  3. Буынаяқтылар

  4. Сәулелілер

Кейін оларға тип деген атау берді. Сонымен салыстырмалы-анатомиямен корреляция заңдарын қолдану аясында Кювье жаратылыстану топтардың жоғарғы қатары – тип аңықталды. Тип – бірдей құрылысы бар классқа біріктіріледі.

Ботаника мен зоология салаларында негізгі міндетті ХІХ ғ І жатрысында жаратылыстану жүйесінің жасалыунда болды.

Осы дәуірде ботаника саласы да алға басты. Салыстырмалы-анатомиялық әдіс швейцариялық ботаник Деклдолиға Кювьенің коррелеяция принціпін өсімідіктерге жүргізугебет алды. Декондли жаратылыстану жүйесінде вегетативті және жынысты мүшелерінің корреляциялық қатынасын аңықтады.

Систематикада иерархия принципінің дамуы

Систематикада ХІХ ғасырда І жартысында жүйелік категориялардың иерархиялық бағындыру мәселесі болды.

1751 ж жүйлеудің патшасы «тұқымдас» familia 1804ж француз зерттеушісі Латрейль келесідей қатарды ұсынды

Тип (Typus, Phyllim), Класс (Class), Отряд (Orda), Тұқымдас (Familia), Туыс (Genus), Түр (Spesies) вариация (Variates)

Салыстырмалы-анатомияның дамуы.

Салыстырмалы анатомияның негізін салушы Кювье. ХІХ ғ ағзалардың құрылысының бірегейлік идеясын дамытты. Бұл идеяны жалғастыушы Вольфангом Гете болды.

Француз зоологі Этьен Жоффуа Сент-Илер бұл эволюциялық концепцияны дамытуда көп зерттеулер жүргізді. Сент-Илер алғашында омыртқалы жануарларды зерттеумен шұғылданды және олардың дене құрылысындағы бірегейлігі жөнінде ойды дамытты. «Аналогтар теориясын» омыртқалылар типіне қлданды. Барлық омыртқалыларда «аналогиялық мүшелер» бар. Иттің алдыңғы аяғы, құстың қанаты- аналогтар, оларды кейінен гомологиялық мүшелер деп атады. Сент- Илер омыртқазыдарды зерттеуде барлық жануарларға дене құрылысындағы біргейлік ойын ары дамытты. Ол Сент-Илер мен Кювьенің айтысына алып келді.

Ағылшын ғалымы Р. Оуэн салыстырмалы анатомияда өз креоцинизм позициясын ұстанды. Р. Оуэн археотип идеясын жарыққа шығарды.

Құрылысы мен шығу тегі бір-біріне сәйкес келетін мүшелер гомологиялық мүшелер деп аталады.

Ұқсас қызмет атқаратын, бірақ құрылыс мен шығу тегі басқа мүшелер аналогиялық мүшелер деп аталады.

Цитология және эмбриолгиялық даму

Эмбриолгияның дамуына И. Ф. Меккель, М. Ратке, Х. Пандер өз үлестерін қосты. ХІХ ғ Әйгілі эмриологі К. Э. Бэр өзінің жұмысы «жануарлардың тарихи дамуы еңбегіде мынадай заңдалақтарды ашты.


  1. Арнайы белгілерге қарағанда, жалпыға тән белгілер ұрықта ерте қалыптасады. Ұрықта ең алдымен типке тән белгілер қалыптасады

  2. Жалпыға тән белгілерден басқа белгілер қалыптасады.

  3. Әртүрлі класстардың ұрықтары алғашқы сатыда ұқсас.

  4. Жалпы дене құрылысы біртекті жануалардың ересек дараларына қарағанда ұрықтары өзара ұқсас келеді.

Қолданылған әдебиеттер:



  1. Шмальгаузен И.И. Проблемы дарвинизма, Л,1969 г.

  2. Яблоков А.В.Эволюционное учение.М, 1976.Ст .21-50.

  3. Канаев И.И.Жорж Кювье.М.1976г.

  4. Равинович А . И Чарльз Лайель.М, 1976г

  5. Парамонов А . А Дарвинизм М, 1976. Ст 41-58.

  6. История биологии с древнейших времен до наших дней М,1972.

  7. Георгиевский А. А. Дарвинизм М,1985г.

  8. Правдин Н.В. Дарвинизм М,1986


Лекция №5

Тақырыбы: Ч. Дарвинің эволюциялық ілімдері

Мақсаты: Ч. Дарвиннің эволюциялық теориясының негізгі қағидалары туралы мәлімет беру.

Лекцияның жоспары және қысқаша мазмұны:

1. Ч. Дарвинің өмірбаяны және еңбектері. Ч. Дарвинің эволюция теориясының негізгі қағидалары және теорияның бағалануы.Ч. Дарвинің эволюциялық ілімінң биологияның ілгері өрлеп дамуына жасаған ықпалы.

Ч.Р.Дарвин дәрігер отбасында дүниеге келген. 1831 жылы натуралист ретінде «Бигль» кемесіде 5 – ші жазғы экспедициясына қатысты. Экспедицияның бастымақсаты – Оңтүстік Американың топографиялық суреттеріеді. Экспедиция Чили, Галапагос, Таити аралдарынан Жаңа Зеландия, Тасмания мен Оңтүстік Америкадан өтті. Галапагос аралдарында сол жерлердің флорасы мен фаунасының материктікіне ұқсастығы Дарвиннің назарынаударды. Осы мысал түрлердің өзгереалатындығын дәлелдеді. Англияға қайтқаннан кейін Дарвин көгершіндер мен басқада үйжануарлардың сұрыпталуымен айналысты.

Одан соң ол Т.Мальтустың шығармаларын зерттеген. Дарвин сол шығармалардағы ойларды тірі табиғатқа пайдаланды. Оның тұжырымы бойынша жануарлардың жоғары репрадуктифтік потенциалына қарамастан табиғи популяциялардың саны тұрақтыболады. Түрлердің өзара бәсекелестік, күрескешыдамды, бейімделгіш түрғана көп ұрпақ қалдыра алады. 1858 жылы тура сондай тұжырымға А.Р.Уоллес те келді. Бұны Ч.Лейльдің жұмыстары дәлелді. Ол прогрессивті өзгерістердің полеонтологиялық материалдарда болатынын көрсетті. Дарвин мен Уоллес Лондондағы Линнеевтік отырысқа докладпен шықты. Ал 1859 жылы Дарвин өзінің негізгі шығармасын - « Табиғи сұрыпталу арқылы өмірдің пайда болуы » жарыққа шығарады.

Дарвинизмнің ең басты қателігі оның “өмір – бұл күрес” дейтін ілімі. Осы ілім анағұрлым күшті әрі сол ортаға бейімделген органикалық заттар мен ағзаларға қолдануға жарамды, өйткені күшті әлсізді табанына басып жаныштап отыруы тиіс. Бірақ бұл идеяны адамдарға қатысты қолдануға болмайды. Дарвинге жүгінсек, “артықшылықты раса” өмір сүру күресінде жеңіске жетуі тиіс. Оның ойынша олар еуропалық ақ адамдар да, ал африкалықтар мен азиялықтар бұл күресте жеңіліс табуы керек. Ол тіпті бұлар көп кешікпей құрып кетеді деген тұжырым жасайды. Мысалы Дарвин былай деп жазады: “Тек ғасырлармен ғана өлшеуге болатын алдағы аз уақыттың ішінде өркениетті раса оларды сөз жоқ құртып тынады, ал бұдан кейін әлемдегі жабайылардың бәрін жояды. Сонымен бірге антропоморфты маймылдар “яғни маймылдың адамға айналу сатысындағылар” да құртылып жіберіледі.

Дарвин үздіксіз шиеленісті ауқымы зор табиғи құбылыс ретінде қарастырады. Бұл тіршілік үшін күресте әрқашан күштісі және жағдайға анағұрлым жақсы бейімделгені жеңіске жетеді, ал бұл тек солар өмір сүруге құқылы, өйткені осы заң табиғаты тұрғы¬сынан өзін ақтай алады деп мәлімдеуі содан. Өнегелік құндылықтар мен рухани жетілу оның іштен шыққан “шұбар жыланы” — “өмір сүру үшін күрес” идеясының басты жауы болды

Ч.Дарвин дүниежүзілік саяхаты кезінде сыртқы орта жағдайларының әсерінен жануарлар мен өсімдіктердің өзгергіштігін байқаған соң, олардың жасанды және табиғи жағдайдағы өзгерулеріне қатысты деректерді жинауға кіріседі. Өсімдіктердің іріктемелері мен үй хайуанаттарының қолтұқымдарының алуан түрлілігіне ерекше назар аударады. Соның нәтижесінде табиғаттың дамуы табиғи заңдарға ғана байланысты екенін және адамның іріктемелер мен қолтұқымдарды тұқым қуалайтын өзгергіштік пен қолдан сұрыптау арқылы шығаратындығын дәлелдеді. Ч.Дарвин табиғатта жаңа түрлердің қалай пайда болатынына ерекше көңіл бөлді. Ол организмдердің табиғи жағдайда қалай көбейетіндігіне де назар аударды. Барлық организмдер артына ұрпақ қалдыру үшін өте қарқынды көбейетіндігіне көптеген мысалдар келтіріп, өсімдіктер мен жануарлардың кез келген түрлері табиғатта геометриялық прогрессиямен көбеюге қабілеттілігін дәлелдеді. Әрбір организм өте көп ұрпақ бергенімен, олардың жыныстық жетілуге дейін өмір сүретіндері аз болатындығын байқады. Дегенмен көбею кезіндегі ұрпақтардың басым көпшілігі әр түрлі әсерлерден (қоректің жетіспеуі, қоршаған орта жағдайларының қолайсыздығы, т.б.) көптеп қырылады. Табиғатта ұдайы тіршілік үшін күрес жүретіндігін айта келе, Дарвин бір даралардың көбейіп артына ұрпақ қалдырып, екінші даралардың жойылып отыратындығы табиғи сұрыпталудың әсерінен болатынын дәлелдеді.

Қолданылған әдебиеттер:



  1. Шмальгаузен И.И. Проблемы дарвинизма, Л,1969 г.

  2. Яблоков А.В.Эволюционное учение.М, 1976.Ст .21-50.

  3. Канаев И.И.Жорж Кювье.М.1976г.

  4. Равинович А . И Чарльз Лайель.М, 1976г

  5. Парамонов А . А Дарвинизм М, 1976. Ст 41-58.

  6. История биологии с древнейших времен до наших дней М,1972.

  7. Георгиевский А. А. Дарвинизм М,1985г.

  8. Правдин Н.В. Дарвинизм М,1986

Лекция № 6

Тақырыбы:Ч. Дарвиннен кейінгі кезеңдерде эволюциялық теорияның дамуы.

Мақсаты: Ч. Дарвиннен кейінгі эволюцияның дамуы



  1. Пассивті қорғану бейімділіктерін эволюциялық көзқарас тұрғысынан зерттеу (Г. Бэтсон және А. Уоллестің зерттеулері)

  2. Морфологиялық адаптацияларды тәжірибе арқылы зерттеу

  3. Экологиялық – физиологиялық бағыт

  4. Эволюцияның синтетикалық теориясының қалыптасуы

  5. Эволюция процесінің генетикалық негіздерін зерттеу

Экологиялық – морфологиялық зерттеулер. Бұл зерттеулерді ең алғаш жүргізе бастаған ағылшын энтомологы Г. Бэтс болды. Ол ең алғашқы болып тропикалық ақ көбелектерде мимикрияның болатынын байқаған. Ақ көбелектер геликонид көбелектерімен мөлшері және түсі жағынан өте ұқсас болды. Ақ көбелектерде мимикрияның пайда болуын Бэтс сұрыптаумен байланыстырды. Оның негізгі агенті бунақденелілерді жегіш құстар болды. Геликонидтер улы болғандықтан құстар оны жемейді. Ақ көбелектердің геликонидтермен ұқсастығы оларға жыртқыштардан қорғануға мүмкіндік берген. Бэтс мимикрияның пайда болуы осыдан басталды деген тұжырым жасады. Бэтстің бұл жұмысын Дарвин табиғи сұрыпталудың жақсы мысалы деп есептеді.

Бэтстің зерттеулерін ары қарай жалғастырған ағылшын ғалымы А. Уоллес және неміс ғалымдары Ф. Мюллер мен А. Вейсман болды. Бұл ғалымдар пассивті қорғану бейімділіктерін зерттеу барысында Бэтстің зерттеулерін де жалғастырды. Пассивті қорғану бейімділіктеріне қорғануға мүмкіндік беретін жануарлар денесінің түстері, мүйіздерінің, хитинді қабықшаларының, тұқымның таралу жолдары жатады.

Әсіресе жануарлардың денелерінің әр түрлі түске боялуы қорғаныштық қызмет атқарады деген тұжырымдар көп болды. Уоллес Борнео озенінде мүктерге ұқсайтын жасыл түсті насекомды тапқан. Уоллес Бэтстің жұмыстарын треңірек зерттей келе, мимикрия тек қана насекомдар емес. Басқа жануарларда да байқалады деді.

Сонымен қатар пассивті бейімделушілік пен колониальды насекомдардың бейімделушіліктеріне көптген мысалдар келтірілді. Мысалы, көбеюге қатыспайтын аралар, құмырсқалар. Вейсманның айтуы бойынша оларда мимикрияның болуы тұқым қуалаудан болмайды. Мұндай бейімделушіліктер тек қана табиғи сұрыпталумен түсіндіріледі.

Экологиялық – физиологиялық бағыт. Бұл бағыттың негізгі өкілі К.А. Тимирязев болды. Ол Дарвиннің ілімдерін физиологиялық бейімделудің методолиялық негізі деп санады. Дарвиннің ілімдері Тимирязевке өсімдіктердің жасыл түсінің биологиялық маңызын зерттеуге көмек болды. Әр түрлі тәжірибелер арқылы ол өсімдіктердің жасыл түсі (хлорофилл) мен фотосинтездің арасында функциональды байланыс бар екенін дәлелдеді. Бұл бейімделушілікті Тимирязев сұрыпталудың нәтижесінде пайда болды деген қорытынды жасады.

Организмдердің клеткалы және ұлпалы деңгейлердегі қорғанысын алғаш зерттеген И.И. Мечников. Алғаш рет медузада, одан кейін басқа да мезодермальды ұлпасы бар организимдерде фагоцитоздың болатынын анықтады. Сонымен қатар, Мечников қарапайым организмдер клеткасында ас қорытылып, эволюция барысында ол қорғаныштық қызмет те атқара бастайды, ал омыртқалылар мен адамдарда ол қорғану бейімділіктерін қамтамасыз етеді деп тұжырымдады. Мечниковтың фагоцитозды ашуы иммунитет туралы ілімдердің пайда болуына негіз болды. Сонымен қатар, медициналық және биологиялық сұрақтардың жауабын табуға көмектесті.

1920 жылдың аяғы мен 1940 жылдарда көптеген жаңалықтар ашылды. Осы кездерде эволюцияның негізгі факторлары – тұқым қуалайтын өзгергіштік, тіршілік үшін күрес және сұрыпталу, осылар бір-бірімен байланыса отырып бейімделгіштік пайда болады деген тұжырым болды. Бұл кезеңдерде эволюцияның синтетикалық теориясы қалыптаса бастады, яғни дарвинистік ілім генетика және экологиямен байланысты қарастырылды.

20 – 40 жылдардың негізгі жетістіктері болып мутагенездің қолдан жасалуы, мутацияның байқалуы, түрлердің пайда болуының экологиялық сипаттамалары, табиғи сұрыпталудың тәжірибелік және математикалық модельдерінің құрылуы жатады.

Тұқым қуалау заңдылықтарын зерттеуге үлкен қадам басқан Т. Морган және оның әріптестері болды. Олар тұқым қуалаудың хромосомалық теориясының негізін салды. Олардың зерттеулерінің нәтижесінде, генетика тереңірек зерттеліп, гендік және хромосомдық мутацияның типтеріне сипаттама берілді, кроссинговер кезіндегі рекомбинация құбылысы ашылды.

Э. Баур популяцияларда көптеген кішкентай мутациялар болатынын дәлелдеді. Сонымен қатар олардың физиологиялық белгілерін корсетті. Баурдың айтуы бойынша кейбір өсімдіктерде мутацияның жиілігі 5% -ке дейін жетеді.

Радио және рентген сәулелерімен дрожжаға (Г. А. Надсон, Г.С. Филиппов) және дрозофил шыбынына (Г. Меллер) әсер ету арқылы мутация құбылысы байқалды. Өсімдіктерде, әсіресе бидайда рентгенді мутацияның байқалатыны анықталды. (Л. Н. Делоне, А. А. Сапегин)

1926 жылы эволюциялық генетиканың дамуына үлкен үлес қосқан С. С. Четвертиков болды. Генетиканың дарвинизммен байланысты болуы керек екенін алғаш дәлелдегендердің бірі болды. Генетикалық анализдің жаңа әдістерін пайдалана отырып, популяциялардың генетикалық құрылымдарына сипаттама берген:


  1. Мутациялық процесс популяцияларды әр түрлі етеді (гетерогенді). Бірақ барлық популяциялардың мутанттық белгілері бірдей болмайды.

  2. Мутация көбінесе рецессивті жағдайда болады (гетерозиготалы). Гетерозиготалы болғанда оны гомозиготалы рецессивті алельдермен будандастырғанда мутация байқалады.

  3. Мутациялар эволюциялық процеске әсер етеді.

Бұл пікірлерді сонымен қатар, Н. П. Дубинин, Д. Д. Ромашов және т.б. генетик – эволюционисттер қолдады.

Олар жабайы және лабораториялық жағдайдағы дрозофилл шыбындарын шағылыстырып тәжірибе жасаған. Нәтижесінде олар табиғи популяцияларда рецессивті мутация көбірек болады және олар дарақтардың тіршілігіне кері әсерін тигізеді деп есептеді.

Эволюциялық генетикаға зор үлесін тигізген ғалымдардың бірі – А. С. Серебровский. Хромосомалық аппараттың бөлінуін зерттей отырып, ол процестің тұқымқуалайтын өзгергіштікке әсері бар деген қорытынды жасады. Популяцияның тіршілік ортасына байланысты гендерін зерттеп, геногеография деген жаңа ғылым пайда болды.

Эволюцияның генетикалық негіздерін зерттеуде эволюциялық цитогенетика үлкен роль атқарды. Бұл ғылым биология ғылымының бір саласы ретінде 20 – жылдарда пайда болды. Эволюциялық цитогенетика хромосомды аппараттың құрылысын, олардың эволюция барысындағы өзгерісін және сол өзгерістердің маңызын зерттейді.

Цитогенетика ғылымына өз үлестерін қосқан ғалымдар Г. А. Левитский, М. С. Навашин, Г. Д. Карпеченко, Л. И. Делон болды. 20 – 40 жылдарда эволюциялық цитогенетикада бірнеше бағыттар пайда болды: кариотип эволюциясын зерттеу (хромосом саны және құрысылы), гибридизация эволюциялық мәнін зерттеу, полиплоидияның эволюциялық маңызын анықтау.
Пайдаланылған әдебиеттер:

Георгиевский А.Б. Дарвинизм: Учеб.пособие для студентов биол. и хим. спец. пед. ин-тов. – М.: Просвещение, 1985. – 271 с., ил.

Парамонов А. А., Курс дарвинизма, М., 1945

Дарвин Ч., Происхождение видов путем естественного отбора. Соч., т. 3, М. — Л., 1939



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет