3. Аталмыш курстың мақсаты: студенттерді полимерлер туралы ғылымның негіздерімен таныстыру, полимерлердің химиясы, физика-химиясы және физикасы жөнінде негізгі мағлуматтарды беру және полимерлерді қолданудың маңызды орындарымен таныстыру.
Пәнді оқып білудің негізгі мақсаты: полимерлі заттың химиялық, физикалық ерекшеліктері жөнінде теориялық мағлуматтар беру және әр түрлі полимерлерді алу, химиялық түрлендіру, олардың құрылымы мен физика-химиялық қасиеттерін зерттеуді жүзеге асыра алатындай практикалық тәжірибеге үйрету.
Оқып білудің нәтижесінде студент мыналарды:
Жоғары молекулалық қосылыстардың негізгі ерекшеліктері, олардың ерекше дене мағынасына байланысты практикада қолдануды білу
Полимерлі денелердің құрылысы және негізгі физикалық қасиеттері, полимерлерді алудың негізгі әдістері, полимерлерді зерттеудің соңғы жетістіктері, полимерлі денелерді өндірісте алу және өндеу технологияларының негіздерін білу
Полимерлерді әр түрлі әдістермен синтездегенде қойылған практикалық талапты шешуде пайдалана білу
Макромолекуланың құрылысын зерттеуде соңғы жетістікті экспериментті әдістерді қолдана білу; полимерлердің молекулалық массалық мінездемелерін, физика химиялық зерттеуін пайдалана білу
Полимерлерді өңдірісте алу және өңдеу технологиясы жөнінде алған теориялық және практикалық білімдерін пайдалана білу керек.
Курста келесі модульдерді ажыратады:
• Макромолекулар құрылысының ерекшеліктері және молекулаүстілік құрылымдар полимерлердің ерекше қасиеттерінің себебі болады және полимерлік күйіді заттың арнайы күйі ретінде қарастырады (1модуль).
• Полимерлер ерітінділері қасиеттерінің ерекшеліктері (ісіну және т.б.) макромолекулалардың құрылысы мен қасиеттерінің ерекшеліктеріне негізделген және де бұл қасиеттерін сипаттайтын параметрлері макромолекулалардың құрылымын сипаттайтын сандық сипатталары (молекулалық масса, иілгіштік, конформация, пішіндері) (модуль 1 – модуль 2).
• Полимерлердің физика-механикалық қасиеттері (деформация, беріктілік) полимерлердің құрылымына негізделген (модуль 1 – модуль 3).
• Полимерлердің құрылымы алу әдісіне және олармен байланысқан параметрлерімен: мономердің реакциялық қабілетімен; сыртқы жағдайларымен: катализатор табиғаты, еріткіштен, температурамен анықталады (модуль 1 – модуль 4).
• Полимерлердің химиялық қасиеттері макромолекулалардың және полимерлердің құрылымымен анықталады және полимерлердің химиялық модификациялау әдістерінің негізі болып табылады (модуль 1 – модуль 5).
Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:
«ЖМҚ химиясы» курсын оқытудың ерекшелігі неді?
Полимерлердің құрылысы немен анықталады?
ЖМҚ химиясы курсының негізгі міндеттері мен мақсаттары
Ұсынылған әдебиеттер:
1. Шур А.М. Высокомолекулярные соединения: Учебник для ун-тов. 3-е изд., перераб. и доп. М.:Высш. шк., 1981. 656 с.
2. Андреев И.А. Физика и химия полимеров: Модуль 1. Структура полимеров: Учеб. пособие / Уд Г У. Ижевск, 2003. 185 с.
3. Андреев И.А. Физика и химия полимеров: Модуль 2. Свойства растворов полимеров: Учеб. пособие / УдГУ. Ижевск, 2004. 101 с.
4. Андреев И.А. Физика и химия полимеров: Модуль 3. Физико-механические свойства полимеров: Учеб. пособие / УдГУ. Ижевск, 2004. 127 с.
5. Андреев И.А. Физика и химия полимеров: Модуль 4. Методы получения полимеров: Учеб. пособие / УдГУ. Ижевск, 2004. 148 с.