Периодтық заң мен периодтық жүйенің маңызы. Жаттығулар 1-жаттығу. (4 балл)



Дата07.02.2022
өлшемі18,97 Kb.
#84120
Байланысты:
Периодтық жүйе. 10 сынып


Периодтық заң мен периодтық жүйенің маңызы. Жаттығулар
1-жаттығу. (4 балл)
Элементтерді анықта.



  1. Бөлме температурасында газ күйінде болатын, ең кіші атомдық нөмірге ие элемент

  2. Бөлме температурасында газ күйінде болатын, жеке атомдардан тұратын, 3-период элементі

  3. Бөлме температурасында сұйық күйде болатын, 17-топта орналасқан бейметалл

  4. Бөлме температурасында қатты күйде болатын, 13-топта орналасқан жартылай металл

2-жаттығу. Период нөмірі нені көрсетеді? (1 балл)


А. берілген атомдағы электрондық орбиталдарды


Ә. ішкі энергетикалық деңгейдегі электрондардың санын
Б. сыртқы энергетикалық деңгейдегі электрондардың санын
В. берілген атомдағы электрон қабаттарының санын


3-жаттығу. Негізгі топша элементтерінің сыртқы энергетикалық деңгейіндегі электрондардың санын қалай анықтайды? (2 балл)
А. топ нөмірі бойынша
Ә. қатар нөмірі бойынша
Б. период нөмірі бойынша
В. элементтің реттік нөмірі бойынша

4-жаттығу. Элементтер қасиеттерінің периодтылығы неге байланысты? (2 балл)


А. элементтің периодтық жүйеде орналасуына
Ә. элементтің периодта орналасуына
Б. элементтің топта орналасуына
В. элемент атомының электрондық конфигурациясына

5-жаттығу. Периодтық жүйенің барлық периодтары қандай элементпен аяқталады? (2 балл)


А. белсенді металмен
Ә. бейметалмен
Б. галогенмен
В. инертті газбен

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет