үшін ыңғайлы етуге мүмкіндік береді.
Сындарлылық
Теориясы
– лат. constructivus – құрылымына байланысты. Сындарлылық (философия)
– таным бейне ретінде емес, субъектінің әлемнің интерпретациясын (моделін)
белсенді құру ретінде қабылданатын тәсіл.
Өзінің ой-тұжырымдарын құру немесе іс жүзіндегі әрекеттер арқылы, болмаса
әлеуметтік өзара іс-қимыл арқылы ұғынылатын түсіністік. Барлық жаңа оқулар
адам бұған дейін білетіннен басталады, адамның бұдан қандай білім алып
шығатыны осыған байланысты болады.
Сыни бағалау – әрекет, үдеріс не өнімнің нәтижелілігін/құндылығын/негізділігін талдау
және бұлардың неліктен нәтижелі/құнды/негізді болғанын немесе болмағанын
түсіндіру қабілеті.
Сыни тұрғыдан
Ойлау
– ағылш. critical thinking – негізделген қорытынды жасай отырып заттар мен
оқиғаларды талдауда қолданылатын және негізделген баға мен түсініктеме
беруге, алынған нәтижелерді оқиғалар мен проблемаларға дұрыс қолдануға
мүмкіндік беретін пайымдау жүйесі. Жалпы, сыни тұрғыдан ойлау деп сыниға
дейінгі ойлауға қарағанда жоғары деңгейдегі ойлау түсініледі.
Белгілі бір қоғамда ойлаудың сыни деңгейіне өту – осы қоғамның өркениетті
дамуының басталу алғышарты деген пікір бар.
Тар мағынада сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлау» деп сипатталады.
Психолог Дайана Халперн (ағылш. Diane F. Halpern) сыни тұрғыдан ойлауды
күтілетін түпкі нәтижеге қол жеткізудің мүмкіндігін ұлғайтатын когнитивтік
техникалар мен стратегияларды қолдану деп қарастырады.
Сыныптағы
Атмосфера
– бірқатар факторлардың, олардың ішінде ең негізгілері – тұлғааралық қатынастар
мен оқушыларды оқыту үдерісіне тарту негізінде сыныпта қалыптасатын атмос-
Фера.
Достарыңызбен бөлісу: |