бағалау арқылы оқушының даму деңгейін қысқа мерзімде және жалпы түрде бағалау. Аналитикалық бағалау – оқушылар үшін көзделген нақты қабілеттерді белгілі бір ұзақ мерзім ішінде біртіндеп бақылап отыру және бағалау. Ынтымақтастық оқу - сыныпта пайдаланатын әдіс қана емес, жеке философия болып табыла- ды. Барлық жағдайларда адамдар топтарға бірлескен кезде ынтымақтастық адамдардың топтың жекелеген мүшелерінің қабілеті мен үлесі құрметтей отырып жұмыс істеу тәсілін ұсынады. Топтың жұмысы тиімді болуы үшін топ мүшелері арасында билік пен жауапкершілікті бөлу орын алады. Ынтымақтастық оқудың алғышарты топ мүшелерінің ынтымақтастығы арқылы ымыраға, пәтуаға жетуге Негізделген Іс-әрекеттегі Рефлексия – бұл өзгерістер ықпалының дәлелдерін жүйелі түрде жинақтаумен бірге жүретін өзгерістерді жүзеге асыру мақсатында мұғалімнің оқыту мен оқу тәжірибесіне белсенді араласуы. Бұл тәсіл білім беру және басқа да салаларда қолданылатындықтан, іс-әрекеттегі зерттеу терминінің бірқатар түсініктемелері бар. Алайда барлық жағдайларда оның мәні бір – зерттеуші-практик анықтаған проблемаға жауап ретінде тәжірибені өзгерту. Іс-әрекеттегі зерттеудің маңызды ерекшеліктерінің бірі оның оқытушылар мен оқушыларды зерделейтін сырттан келген зерттеушілер тобы емес, білім беру ұйымының немесе қоғамдастықтың мүшесі немесе барлық мүшелерінің қатысуымен жүзеге асырылатындығы бо- Лып табылады. Lesson Study - мұғалімдерді оқыту мен тәжірибесін дамытудағы ынтымақтастық тәсіл болып табылады. Іс-әрекеттегі зерттеу сияқты бірқатар циклдерді қамтиды. Lesson Study-де ең бастысы «сабақты зерттеу» немесе «сабақты зерделеу» үдерісі болып табылады, бұл үдеріс барысында ынтымақтастықтағы мұғалімдер оқу са- пасын арттыру үшін белгілі бір тәсілді қалай дамытуға болатындығын анықтау мақсатында оқушылардың оқу үдерісін зерделейді. Lesson Study-дің түйінді си- паты креативтілік және ғылыми дәлдік болып табылады. Креативтілік оқытудың жаңа тәсілдерін әзірлеу мақсатында бірлесе жұмыс істейтін мұғалімдер ба- стамасымен жасалады, ал ғылыми дәлдік жаңа тәсілдің тиімділігін көрсететін оқушының оқуы туралы деректер жинауды көздейді.