Петров Григорий Финляндия ақ лала гүлдер мекені Қазақ тіліне тəржімалаған: Əлия Ибрагимова «Ақ лала гүлдер өлкесі»



Pdf көрінісі
бет12/15
Дата19.10.2022
өлшемі0,56 Mb.
#153754
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Финляндия - ақ лала гүлдер мекені

ХАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Фин халқының жас зиялылары да Снелманның жанына біртіндеп
жинала бастады. Бұл топқа жаңа мəдениеттің жаршылары мен туған
халқының болашағына қалтқысыз қызмет етуге бел буған жастар да
қосылды.
Снелман бастаған топқа ХелсингФорс университетінің
профессорлары, шалғай ауылдардың мұғалімдері, саудагерлер мен
фабрика иелері, ғылым докторлары мен адвокаттар да қосылды. Олар
күн өткен сайын Финляндияның барлық аймағында халыққа қызмет
етумен болды. Бұны олар еш пайда көздеместен, пендешіліктен ада,
таза ниетпен, ынта-ықыласпен жасады.
Олар күн-түн демей еңбектеніп, туған ұлтының мəдениетін дамыту
жолында күш жігерлерін сарп етті. Бұл еңбектері үшін атақ, мансап та
күткен жоқ.
Халықтың қолындағы ескі кітаптарды жинап, олардың арасынан 
сапалыларын іріктеп, шалғай жердегі ауылдарға таратып, ұлттың 
сауатын ашты. Алғашқы кездері екі-үш аптада бір рет, кейіннен 
жексенбі сайын қарапайым халықты жинап, оларға түсінікті тілде 
əдебиет, медицина, экономика жəне мəдениет тақырыптарында 
семинарлар ұйымдастырды.
Бұл бастамаға өз еріктерімен қосылған мұғалімдер, жер-жерден 
келген зиялылар мұрындық болды. Осылайша бұл өлкеде бұрын-
соңды болмаған Халық университеті пайда болды. Бұл университеттің 
мұғалімдерінің көбісі шетінен от тілді, орақ ауызды шешен, 
жалындаған жастар еді. Олар туған ұлтының өкілдерін жинап, əртүрлі
тақырыпта қызықты əрі тартымды семинарлар өткізді. Мұндай
семинарлардың тыңдаушылары білмегендерін үйреніп, туған өлкесінің 
қандай да бір қажетіне жарау үшін, оның дамуына қызмет етуге 
құлшына кірісті. Бұрындары бақуатты адамдар байлықтарының бір 
бөлшегін шіркеуге беретін болса, енді олар білім қорлары мен тəрбие 


саласына қолдау көрсете бастады. Тіпті кейбір байлар үйлерін 
кітапхана, конференцзал ретінде халыққа қолданысқа берді. 
Қарапайым халық та қол қусырып, қарап қалған жоқ. Олар алыстан 
ат арытып келген семинар мұғалімдерімен шын жүректерінен қолдағы 
барымен бөлісті. Ел арасына семинар беруге келген профессорлардың
айтқан сөздеріне дəн риза болған ауыл адамдары оларға май, бал,
жұмыртқа, өздері жасаған қолөнер бұйымдарын əкеліп: «Мынаны
біздің атымыздан қабыл алыңыздар, отбасыларыңызға апарыңыздар.
Сіз біз үшін мыңдаған шақырымды артқа тастап осында келдіңіз. Біз
де сізден қолымызда барымызды аямаймыз. Сіздің бізге берген қымбат
ақыл-кеңестеріңіздің қасында бұлар түкке тұрғысыз, əрине» - деп,
ақтарынан жарылды.
Халық университетінің құрылғанына жиырма бес жыл толған кезде 
Снелман тұратын Куопио қаласында мемлекеттік деңгейде үлкен шара 
ұйымдастырылды. 
Аталған 
салтанатты 
шараның 
соңында 
Финляндияда «Тосап патшасы» деген атпен танымал болған Ярвинен 
бір сағатқа жуық баяндама жасады. Жиылған халық ұзақ мереке 
соңында шаршағандарына қарамастан, Ярвиненнің əрбір сөзін 
тапжылмай, бар ынта-ықыластарымен ұйып тыңдады.
Ярвинен сөзін былай бастады:
«Мен бір кездері кедейшіліктің дəмін татып, саудамен айналысып 
жүрген көпшіліктің бірі едім. Бала кезімде күніне бір себет тəтті нан 
сататынмын. Өсе келе базардың бір бұрышынан орын алып, шекер 
саттым. Ірі саудагерлер маған несие алуыма көмектесіп, құны бірнеше 
мың теңгені құрайтын тəтті нан, сағыз, кептірілген жемістерден 
беретін. Мен бұларды келісілген мерзімде сатып, несиемді дер кезінде 
жабатынмын. Менің қарызды уақытылы қайтарғаныма риза болған 
саудагерлер 
болашақта 
жеке 
сауда 
орнымды 
ашуыма 
көмектесетіндіктерін айтатын.
Ол кездері менің қарным тоқ, күнделікті кіріс көзім бар, бұған қоса 
өзімнің кішігірім бөлмем де болатын. Бір адамның өмір сүруіне 
қажетті нəрсенің бəрі болса да, өз жағдайыма көңілім толмайтын. 
Əрдайым рухым жетімсіреп тұратын. Терең ойға берілген сəттерімде, 
өз-өзіме: «Алақандай дүкенім бар. Күнделікті сауда жасайтын 
тұтынушыларым да белгілі. Кірісім анау айтарлықтай көп те емес.


 Қашанға дейін осылай жүреді екенмін? Бүкіл ғұмырым осылай өте ме
сонда?» - деуші едім іштей.
Ярвинен профессорларға бұрылып, сөзін сабақтай түсті:
«Мырзалар! Біраз тағы сабыр етіп, менің басымнан өткен хикаяға 
құлақ салыңыздар. Əрине, бала кезінде тəтті нан сатқандардың бəрі 
бірдей өсе келе мен сияқты «Тосап патшасы» бола қоймас жəне кез
келген қыстақтың баласы үлкейгенде туған қыстағында театр
ғимаратын салуға қажетті он мыңдаған қаражатты бере алмайды. Бұл
аз десеңіз, алдарыңызда тұрған Ярвинен сияқты туған қыстағында
газет шығаруға қажетті шараларды жүзеге асыра алмайтыны да рас.
Мен бұл жасаған игі істерімді өзімді жарнамалау үшін айтып 
тұрғаным жоқ. Оның үстіне, бұл жер адамдардың өздерін жарнама 
жасайтын орын емес. Сіздердің алдарыңызда менің бейнемде фин
ұлтының өкілі тұр деп есептеңіз. Мен бұл жерде сіздердің
алдарыңызға орман мен батпақдаланы мекен ететін, барынша еңбекқор
Фин ұлтын танытқалы шығып тұрмын. Бұл халықтың арасында мен
сияқты талай Ярвинендер бар екеніне өз басым шүбə келтірмеймін.
Олар əлі күнге дейін орманда ағаш кесіп, тауларда тастарды қопарып
жүрген болар.
Мүмкін, олардың бір кездегі мен тəрізді өмірлеріне көңілдері 
толмай жүрген болар? Біз қиыншылықтан жəне еңбек етуден 
қорықпаймыз. Өзімізден ауқатты өмір сүретін жандарды да 
қызғанбаймыз. Тек Ярвинен сияқтыларға бір қалыпты өмір тарлық 
қылатыны сөзсіз. Себебі, олардың рухы жаңашылдықты аңсап тұрады. 
Бұдан да жақсы, жарқын өмір сүргілері келеді. Жан-жағына сəулесін 
шашатын күн тəрізді олардың жаны жақсылыққа, жаңалыққа жаны
құмар. Олардың рухтары қайнап тұр. Бірақ шығар жол таба алмай
қиналады.
Былтыр Оңтүстік Италияға барып, тосап жасау үшін бір кемені
толтырып апельсин сатып алдым. Онда бірнеше күн болып, Наполи
қаласына жақын маңдағы Везу деп аталатын жанартауға бардым.
Жанартаудың атқылап жатқан сəтіне жақыннан куə болып, бақыладым.
Буырқанып, тасып жатқан жанартауға қарап, жастық шағымды есіме
алдым. Сол кездегі ойларымды, жалынды сəттерімді жадымда тағы бір
рет жаңғырттым. Жанартаудың ішіндегі қайнап жатқан сұйықтық
таудың төбесіне біресе көтеріліп, біресе қайта төмендеп бүлкілдеп


жатыр. Бұл сирек көрініске қарап тұрсаң, жанартаудың ішінде бір
үлкен тажал мекендеп отырғандай көрінеді. Əлгі жоғары көтеріліп,
төмен түсіп жатқан қайнаған сұйықтық сол тажалдың тынысы
тарылып, демін ішіне тартқан тұстағы бейнесін елестетеді.
Жанартаудың аузы жерастында бірігіп қалған қуат көздері үшін тым
тар сынды. Сол себепті, қайнап жатқан вулкан қайта-қайта сыртқа
ұмтылатындай көрінді маған.
Мен де бір кездері осы жанартаудай өз кеудеме өзім сыймай, 
жалындап тұрушы ем. Қазір фин ұлты да осы жанартау сияқты 
жоғарыға талпынып жатыр. 
Мына алдарыңызда тұрған Ярвинен босла, осы жанартаудай 
жұлқынған жас ұлттың айырылмас бір бөлшегі!
КАРОКЕП
Ярвинен сөзін əрі қарай былайша сабақтады:
«Мырзалар! Осыдан тура он бес жыл бұрын бірнеше рет қылмыс 
жасап, бүкіл Финляндияны шулатқан Карокеп естеріңізде ме?» Ол ұры 
əрі аты шулы қарақшы болатын. Үлкен қалалардағы банктер мен 
шіркеулерді тонайтын. Полицейлерге ерегісіп əдейі ұрлық жасап, еш 
жазығы жоқ адамдарды айуандықпен өлтіретін. Кезекті қылмыс 
үстінде ұсталып, ақыл-есінің бүтін екендігін тексеру үшін мəжбүрлі 
түрде жындыханаға жатқызылды.
Карокеп жындыханадан қашып шығып, ізім-қайым жоқ болды. Кім
біледі, мүмкін артынан қуған кезде полицейлердің атқан оғынан ауыр
жараланып, мерт болған болар. Кешегі күнге дейін бəріміз де осылай
ойлап келдік. Бірте-бірте Карокептің аты да айтылмайтын болды.
Уақыт өте келе халық оны ұмытты.
Мырзалар! Сол Карокепті өткен жылы Италияда болған кезде, 
Наполиде өз көзіммен көрдім. Ол дін аман.
Алғашында мен оны танымадым. Шынымды айтсам, мен де оны 
баяғыда қайтыс болған шығар деп ойлайтынмын. Бір мейрамханада 
түстеніп отыр едім, жаныма келіп, сəлемдесті. Қасында үш баласы бар. 
Үш ұлы да фин ұлтының өкілі деп танытса, көз тоятындай сұлу да 


сымбатты екен. Ұзын бойлы, кең иықты, жирен шашты, көздерінің түсі 
тұнық көлдің суындай көгілдір. Қараған адамды еріксіз өздеріне 
баурап алады.
Италияндықтар оларды Аполлонның ұлдары деп атайды екен. 
Үшеуі де Еуропаның беделді үш университетінде білімдерін шыңдап 
жатыр екен. Үлкен ұлы Швецияда орман шаруашылығы мамандығы 
бойынша білімін жетілдірсе, ортаншысы Германияда болашақта химия 
мамандығын игеріп шықпақшы. Ол «Отын мен майды химиялық
құрамдарына қарай өңдеуден өткізу» деген тақырыпта ғылыми
конференцияға қатысып, Германияның атақты Университетінің бірінде
зерттеу жұмысы жоғары бағаланып, болашағынан үлкен үміт
күттіретін химия маманы деген бағаға ие болыпты.
Ақылды, сымбатты əрі жоғары мəдениетті бұл үш жас жігіт бір 
кездері қарақшылықпен аты шыққан Карокептің ұлдары. Ертеректе 
баспасөз бетінде Карокептің отбасы бар екенін, бірақ, əйелі мен 
балалары оның өткен өмірінен бейхабар екендіктерін, Карокептің өзі 
болса, өнегелі отағасы, мейірбан əке болғандығы жайында оқыған 
едім. Кейін ел Карокептің отбасында ұмытты. Карокеп бостандыққа 
шығысымен, жанашыр достарының көмегімен отбасын Америкаға 
көшіріп алыпты. Жұбайы Америкаға бара жатқан жолда ауыр 
науқастан көз жұмыпты. Үш ұлын өзі тəрбиелеп, бағып-қағып, оларға 
əрі əке, əрі ана болып, балаларымен бірге сауатын ашып, өзі де білімге 
ден қойыпты.
Карокеп атын да өзгерткен. Бірақ оның жаңа есімін атағанды жөн 
көрмей тұрмын.
Ұлдарын ертіп, Италияға саяхатқа келген екен.
Ол атын да, азаматтығын да өзгертіп, екінші Отаны болған Оңтүстік 
Американың бір мемлекетінде саудамен айналысып, уақыт өте келе, 
сол елдің «Бидай патшасы» атаныпты. Қазір шіріген бай. Оның
байлығының қасында мына алдарыңызда тұрған «Тосап патшасының»
байлығы түк те емес.
Балалық шағымыз бен жастық шағымызда Карокеп екеуміз өте 
жақын дос болғанбыз. Екеуміздің де əкеміз кедей еді. Мен Карокеппен 
бірге өстім. Тағдырдың ісіне не шара? Екеуміздің əкеміз бір уақытта
дүние салып, бірдей жетім қалдық. Жесір аналарымыз бізді жетектеп,
қалаға əкелді. Мені бір наубайханашының жанына көмекші қылып,


жұмысқа 
орналастырды. 
Карокеп 
болса, 
көтерме 
саудамен
айналысатын бір бай саудагердің көмекшісі болды. Ол саудагер үй-
үйді аралап, тері жинап, сыртқа сататын. Ол жақтан арзан бағаға бидай
əкеліп, ауыл адамдарына қымбат бағаға өткізетін.
Карокеп сымбатты, ақылды жəне өте еңбекқор еді. Бірақ мінезі сəл 
қыңырлау болатын. Тез өкпелеп, тез ашуланатын. Өзін жала жапқан
адамды аямайтын. Қатты ашуланғанда, қалшылдап, бет-əлпеті
тұтығып кететін де, тістерін қышырлатып:
«Мен саған Карокептің кім екенін, маған жала жапқанның қандай 
болатынын да көрсетейін. Екінші рет маған қарсы келуге батылың 
жете ме екен? Көрейін сенің əуселеңді!» - деп сыздана тіл қататын.
Саудагер Карокепті жақсы көретін. Əрдайым оның өте намысқой 
екендігін тілге тиек етіп отырушы еді. Арада бірнеше жыл өткен соң, 
əлгі саудагер Карокепке маңызды сауда істерін сеніп тапсырып, 
саудадан түскен ақшаны да аманаттайтын болды. Осылайша Карокеп 
үлкен сауда қоймасының меңгерушісіне дейін көтерілді. 
Бір күні біз күтпеген жайт орын алды. Карокеп бастығына айтпай, 
саудадан түскен ақшаның бəрін ауыл адамдарына теңдей бөліп беріп, 
бастығын бір күнде шығынға белшесінен батырған. Бұл аздай, 
бастығын өлімші етіп сабап тастапты. Көпшілік саудагерге араша 
түсіп, Карокепті қамауға алғызған. Карокеп сотта жұмған аузын 
ашпай, ешқандай түсініктеме бермей қояды. Тек сот отырысы біткен 
кезде жиналғандарға мысқылдай күліп:
«Менің орныма бастығымды түрмеге тоғытқанда əлдеқайда дұрыс 
болар еді» - депті.
Бастығы болса, түк түсінбеген күйі:
«Карокеп ақылынан адасқан – ау шамасы» - депті.
Карокеп бұл қылмысы үшін бірнеше ай түрмеде жатып шығады. 
Түрмеде болған кезде ешкіммен етене араласпай, өзімен – өзі кітап 
оқумен уақыт өлтірген.
Түрмеден шыққаннан кейін, əйелі мен балаларын шетелге жіберген. 
Сонан соң ұрлықпен, адам өлтірумен айналысқан. Екі жылдың ішінде 
бірнеше банк пен он шіркеуді тонаған. Үш дін қызметкерін өлтірген.
Халықтың арасында зор беделге ие болған, мықты дəрігерді де 
кезекті шақыртуға барып, келе жатқанда өлтіріп кеткен. Бірақ, 


дəрігердің ақшасына, жеке заттарына қолын сұқпаған. Не үшін 
өлтіргені де түсініксіз.
Бұл қылмыстың артын ала бере қала шетіндегі шіркеуге ұры түседі. 
Шіркеуге жақын жерде тұратын поп түн ортасында шіркеудің 
терезесінен шам жарығын көре салысымен, сонда барады. Шіркеудің
дəл алдына келгенде, ұрлықшы мен поп бетпе-бет келіп қалады.
Қарақшы поптың алдында келе жатқан адамды бір ұрып құлатып,
артта келе жатқан поптың да басын жарып, қаша жөнеледі. Поп
жанұшыра бар дауысымен:
«Құтқарыңдар, құтқарыңдар!» - деп айқай салады. Аязды күнде
қабір қасынан өтіп бара жатқан бірнеше ауыл адамдары араша сұраған
дауысты ести сала, шіркеуге қарай жүгіреді. Шіркеуге жақындағанда
қашып бара жатқан адамның сұлбасын көздері шалып қалады. Олар
ұрыны қуып жетіп, құрықтап, тəртіп сақшыларына табыстайды. Қолға
түскен адамның аты – жөнін сұрғанда, өзін «Қарақшы Карокеппін» деп
таныстырған. Еш шімірікпестен, банктерді, жұмыс орындарын,
шіркеулерді қалай тонағанын, үш шіркеу қызметкері мен бір дəрігерді
қалай өлтіргенін баяндап берген.
- Бұл қылмыстарды жасағанда көмекшілерің кім? – деп сұрағанда,
- Қылмыстардың бəрін өзім жасадым. Көмекшілерім маған тек
мəліметтерді жинап берген. Олардың аттарын сендерге айтпаймын!
Бұның бəрін мен өзім үшін жасадым. Барлық кінəні өз мойныма
аламын. Мен жеңілдім. Ендігі тағдырым сендердің қолдарыңда.
Қаласаңдар мені өлім жазасына кесіңдер, тек менің көмекшілерім
туралы сұраушы болмаңдар! – деп жауап береді.
Бұл оқиғадан кейін Карокепті мəжбүрлі түрде емделуге 
жындыханаға жатқызады. Көп ұзамай, Карокеп бұл ауруханадан 
қашып шығып, ізін суытады. Арада бірнеше жылдар өткен соң, халық 
болған оқиғаны да, Карокепті де ұмытып кеткен болатын.
Енді міне, күндердің күнінде Наполиде түстеніп отырғанда, Карокеп 
жаныма келіп, менімен финше амандасады деп кім ойлапты?
Ол менің үстелімнің қасына келіп, 
- Кешіріңіз, Сіз Ярвинен емессіз бе? – деп сұрады. Мен
таңғалысымды жасыра алмай:
- Иə, - дедім.
- Юкко Ярвинен? - деп нақтылай түсті.


- Иə, - дедім.
- Тамоферс маңындағы Кольмарви деген жерден емессіз бе? – деп 
сұрады.
- Иə, иə. Сіз оны қайдан білесіз, мен сізді алғаш рет көріп тұрмын, - 
дедім таңдана түсіп. Ол:
- Мен Қарақшы Карокеппін, - деп өзін таныстырды.
- Юкко! Менің ескі досым Юкко!
- Бала шағыңдағы досың – Иохан есіңде ме? Қарақшы Карокеппен
амандасуға қолыңды созасың ба? – деп, маған қолын берді.
Карокеппен бірге бөлмеме келдік. Түні бойы финше сөйлесіп, ұзақ 
сырластық. Ол маған:
- Балаларым əкелерінің бұрын кім болғанынан бейхабар. Америкада 
екі рет тұрғылықты жерім мен атымды ауыстырдым. Отбасымды 
Американың оңтүстігіне көшірдім. Өзім солтүстікте жұмыс істедім. 
Мен сырт көрінісімде жартылай американдық, жартылай испандық 
болып көрінемін. Бірақ рухым мен өз туған ұлтымнан бір сəтке де
алыстаған емеспін. Мен – Финмін. Қазіргі тұрмысым, күнкөрісім
жақсы.
- Ярвинен, мен саған ағымнан жарылып, күнəларымды жоққа 
шығарғым келсе, мені тыңдайсың ба? Менің соңыма түспеуге, маған 
қарсы мəлімет бермеуге арыңның алдында сөз бересің бе? – деп
сауалтастады да, артынша:
- Мен сенің өміріңді сырттай жақсы білемін. Біздің туған өлкеміз – 
Суомидің де күнделікті тіршілігінен хабардармын, əрдайым бақылап 
жүремін, болып жатқан жаңалықтарға қанықпын. Бала күнімде сені 
қатты жақсы көретінмін. Қазір алдымда отырған «Тосап патшасын да» 
жақсы көремін.
Мен сенің жастық шақтағы жақын досыңның қандай адам болғанын 
білгеніңді қалаймын. Иохан Карокепті жек көргеніңді қаламаймын. 
Білесің бе, мен шын мəнінде жұрт ойлағандай, қарақшы емеспін.
- Білем, сен ол кезде рухани ауруға шалдыққан едің? Солай емес 
пе?
Иə, ол кезде рухым айықпас дертке шалдыққан еді. Надан едім. Бір
сəт өзің ойланып көрші. Елестетші:
Көзге түрткісіз тас қараңғы үлкен үйдің ішінде жалғыз сенделіп 
жүрсің дейік. Бұл үйде жүздеген бөлмелер бар, барлық бөлмелер үй 


жиһаздары мен заттарға толы. Бірақ, жарық сəуледен мақрұмсың. 
Қолыңмен қарманып, жүріп келесің. Кейде қолың тиіп кеткен заттар 
құлап, сынып жатады. Осылайша басқаларға да зияның тиеді, ол аздай 
қолыңды да жаралайсың. Сенің ойыңша, мұндай жерде жалғыз қалған 
адам жынды ма, қарақшы ма, əлде, жолы болмаған байғұс па? Мен де 
бір кездері осындай жағдайда болғанмын. Елімізде əлі күнге дейін мен 
сияқты рухани қапас түнектен шығудың жолын таппай жүргендер 
қаншама? – деді де, қолымнан ұстап:
- Юккотайым менің! Осындай қараңғылықтан аман шығып, өмірде 
өз жолыңды тапқаныңа қуаныштымын. Баяғыда қоймада істеп 
жүргенде маған əрдайым бірдеңе жетпейтіндей көрінетін. Өз – өзімнен 
дүниеге сыймай жүруші ем, - деді.
- Ол кездері мен де өзімді солай сезінетінмін, - дедім.
- Міне, көрдің бе, менің айтқым келгені осы еді ғой. Біз білмейтін 
миллиондаған Ярвинендер мен Карокептер дүниенің бұрыш – 
бұрышында рухани ізденіс ішінде қиналып жүрген болар. Олар 
жандары жай таппай, өмірден өз орындарын таба алмай, күн сайын 
жақсылықты аңсаумен келеді. 
- Есіңде болар, мен саудагердің көмекшісі болып жүрген кезде, 
уақыты келгенде өзімнің кəсібімді ашуды армандаушы едім ғой. 
Күнделікті жұмысым жақсы болғанымен, көңілім көнши қоймайтын. 
Бір күні əлгі саудагер маған қойманы сеніп, тапсырды. Қойманың есебі 
өз қолыма өткенде, оның халықты алдап жүргенін білдім. Ол ауыл
адамдарының өткізуге əкелген бидайларын бір таразымен тартса,
сатқан кезде басқа таразымен тартады екен. Яғни, екі таразымен де
адамдардың ақысын жеп жүр екен. Мұны көрген кезде, жылдар бойы
байқамай, саудагерге халықты алдауына көмектесіп жүргенімді
түсіндім. Өз – өзімнен қатты жиіркеніп кеттім. Сөйттім де, саудадан
түскен бар ақшаны халыққа таратып бердім. Дүкеннің иесін де
соққыға жықтым. Егер адамдар араша түспегенде, ашумен өлтіріп
қоюым да мүмкін еді. Осылайша қамауға алындым. Тəртіп
сақшыларына алаяқ сатушылар мен дүкен иелері туралы айтуды жөн
көрдім. Бірақ, ауыл адамдары дүкен иесіне қарсы мəлімдеме
бермейтіндіктері жайында жазбаша қолхат бергендіктен, бұл ойымнан
бас тарттым. Ауыл адамдары шағымданса, дүкен иесінің үстіне шағым
түсірсе, оларға бидай, азық – түлікті қарызға бермей қояды деп


қорқатын. Мен де амалсыздан үнімді шығара алмадым, бірақ ауыл
адамдарының да бұл қылықтары үшін бəрін жек көріп кеттім.
Кеудемде оларға деген кек пайда болып, барлығын ұрып, соққыға
жыққым келді. Сөйтіп, түрмеден бір – ақ шықтым.
Түрмеде жатып, бостандыққа шыққаннан кейін немен 
айналысамын? Тағы да сол баяғы алаяқтармен күнкөріс үшін бірігіп 
жұмыс жасаймын ба? – деген ойлар жиі оралатын болды. Бұл ойлар 
есіме түскен сəтте іштей қиналып, қобалжитынмын. Бейшара халқым
– ай! Өзгені де ұрлап, өзі де тоналып жүреді. Тəңірге деген
сүйіспеншіліктерінің артуы үшін пұтханалар мен зəулім шіркеулер
салдырады. Сол ғимараттардың алдында мыңдаған адамдарды тірідей
отқа жағады. Енді біреулер болса, Тəңір жолында өздерін құрбандыққа
шалады.
Осыларды көріп, бойымда адамдарға, Тəңірге қарсы өшпенділік 
сезімі пайда болды. Мен оларға: ақыры өздеріңді құрбандыққа шалады 
екенсіңдер, олай болса, шыдаңдар! Бұны да өздерің тілеп алдыңдар! – 
деп айқайлағым келетін. Сөйтіп саналы түрде қарақшылықпен 
айналыса бастадым. Алдымен банктерді тонадым. Ең ұнайтын ісім 
щіркеулерді тонау болатын. Ең жақсы деген поптарды біліп алып, 
əдейі оңтайлы сəтін тауып, соларды өлтіретінмін. Осы қылмыстарды 
жасап жүріп, іштей:
- Уа, Тəңірім! Неге мені адамдардың қолына түсірмейсің? – деп, 
Тəңірді жазғыратынмын. Қолға түспеген сайын көкке қарап, одан 
сайын ашуыма мініп: - Адамдардың сенген Тəңірі ойдан шығарылған 
бірдеңе! Көкте ештеңе де жоқ, бəрі де жалған! – дейтінмін өз – өзіме.
Жалғандық пен қулықты жер бетінен жою үшін қолымнан 
келгенше, бəрін жасауға тырысып – бақтым. Адамдарды өлтіре
бастадым. Көп ұзамай, қолға түстім. Бұдан қорықпадым, тек таң
қалдым. «Бəрі мен ойлағандай жалған болмағаны ғой» деп ойладым.
Өлім жазасына кесілдім. Бірақ, мені жынды деп, емделуге жіберді. Өз
– өзіме іштей:
- Жынды мен емес, сендерсіңдер! Ақымақтар! Өтірікшілер! Мен де 
сендер сияқты ақымақпын! Ақымақтық жасап, тұзаққа түстім. Ақымақ 
болмаса, дені сау адам аппақ қар жамылған қыста, аязда, түн жарымда 
ұрлық жасай ма? – дедім.


Бірнеше ай емханада болдым. Мені күнде үздіксіз тергеуге алатын. 
Бірақ, бірде – біреуі менің дертімді түсіне алмады. Сосын жолын 
тауып, ол жерден қашып шықтым.
Баяғы басын жарған поп емделіп, өзінің мазарлыққа жақын үйінде 
тұрып жатқанын білетінмін. Кенет есіме сол поп түсіп кетпесі бар ма?! 
Содан попқа «қалжыңдағым» келді. Емханадан қашып шыққан соң, 
достарымның үйіне барып, киімімді ауыстырдым. Сол түні поптың 
үйіне бардым. Терезден қарап едім, поп кітап оқып отыр екен. 
Маңдайындағы жарасы əлі толық жазыла қоймапты. Есіктің
қоңырауын бастым. Іштен біреудің аяқ дыбысы естілді. Босағаға
жақын келіп:
- Кімсің? – деді жайбарақат дауыспен.
- Попты іздеп жүрмін, - дедім.
- Оны қайтпекшісің?
- Дінге қатысты бір шаруам бар еді.
Поп есікті ашты. Мені дұрыстап көру үшін, қолындағы шамды 
бетіме тақады. Жүзіме үңілді де, бірнəрсе есіне түскендей, қабағы 
түйіліп, қалтырай бастады. Босағада тұрған күйі:
- Мені таныдыңыз ба? – дедім.
- Сізді бір жерде көрген сияқтымын Бірақ, қай жерде көргенім есіме
түспей тұрғаны. Соңғы кездері ұмытшақ бола бастаппын, - деді.
- Онда сізге көмектесейін. Мазарлықтағы болған оқиға есіңізде ме? 
Мен... дедім.
Поп бірден кейін шегінді. Бірақ, айқаламады. Есікті де жаппады. 
Сəл
үнсіз тұрды да, жай ғана:
- Сіз қамауда емессіз бе? – деді.
- Қашып кеттім.
- Мұнда не үшін келдіңіз?
- Жасырыну үшін. Кітаптардан қарақшылардың пұтханаларда 
жасырынғанын оқыған едім. Мен сізді өлтіргім келген. Енді бір 
христиан поптың өз дұшпанына қалай қамқорлық жасайтынын 
көргім келеді. 
Поп менің сөзімді бөлмей тыңдап, ішке кіргізді. Үйге кірісімен, 
бар екпініммен есікті жаптым. Мазақ қылған сияқты поптың бетіне 
күліп қарадым да:


- Сізді қазір тағы да өлтіруім мүмкін деп қорықпайсыз ба? – дедім.
Үй иесі басымнан аяғыма дейін қарап тұрды да:
- Жоқ қорықпаймын, - деді.
- Неге?
- Мынадай көздері бар адам адамдарды өлтіре алмайды.
- Менің көздерім қандай сонда? – дедім таңғалысымды жасыра 
алмай.
- Мұңды, терең қайғыға шомған. Сіз рухани науқасқа шалдыққан
жансыз. Бөлмеге жүріңіз, - деуі мұң екен, мен өзімді – өзім түсінбей,
əрі – сəрі күйде қалдым. Темірдей мықты, қатыгез Карокеп бұл
жолы үйге кірісімен, тоңазытқыштан шығарылған балық сияқты ери
бастады. Бөлмеге кіргенде үстел үстінде беті ашық күйінде жатқан
Інжілге көзім түсті. Шамасы, поп мен келместен бұрын оқып отырса
керек.
- Қарныңыз аш па? Жүрекжалғар бірдеңе берейін бе? – деді. Мен
сыр білдіргім келмей даусымды нығыздап:
- Шарап əкел! – дедім. Тынысым тарылып, тамағыма бірдеңе 
тірелгендей болды. Үй иесі бөлмеден шығысымен, көз жасыма ерік
беріп, егіліп жылай бастадым. Есейіп, ес білгелі бері дəл осылай
егіліп жыламаппын. Поп бір стақан шарап пен сары май жағылған
бір тілім нан əкелді. Поптың алдына тізерлеп отырып, қолынан сүйе
бастадым:
- Мені кешіріңіз, кешіре көріңіз ... дедім.
- Көңіліңізді түсірмей, шарабыңызды ішіңіз. Жаратқанға қарсы 
шығып, Сізді мазақ қылып, тіпті осы жерге сізді өлтіру үшін келдім. 
Бірақ, нəтиже мен ойлағаннан мүлдем басқа болып шықты, - деп, 
көп жылдар бойы өмірден көрген – білгендерім мен түйгенімді, жер 
бетінде жалғандық атаулыны жою үшін жасаған əрекеттерімді еш 
бүкпесіз жайып салдым. Үй иесі сөзімді бөлмей, үнсіз ғана мені 
тыңдап, кейде қолдарымды қысып, басымды сипап, сабырға 
шақырумен болды. Хикаямды айтып бітірген соң ғана маған қарап 
күлімсіреп:
- Иə, демек, сіз Тəңірге қарсы соғыс жариялаған екенсіз ғой? 
Тəңірдің ашуына тием деп, шіркеулерді тонап, жақсы адамдарды 
өлтірумен айналыстыңыз. Адасқан, байғұс адам екенсіз, - деді.
- Тəңірдің бар екендігі рас болса, мені неге жазаламады? – дедім.


- Балам, сен Тəңірді өзің сияқты көріп, онымен ерегісуге 
талпынғансың. Тəңір сен сияқты адасқан пенделердің деңгейімен 
өлшенбейді. Ол сенімен ерегісетін пенде емес қой. Тəңір сені 
жазаламаса, өзі – өзін түзетсін деген болар. Алғаш өмір есігін ашып,
оң – солын жаңа тани бастаған бала – Иохан қандай пəк, күнəсіз
болған болса, қазір де солай болуға тырыс. Бұл сөзді ести
салысымен, мен:
- Олай болса, мен өз еркіммен барып, қайта берілейін, - дедім. 
Поп:
- Жоқ, сенің қайтіп барып, қолға түсуің мен үшін маңызды емес. 
Иса пайғамбарға күнə жасаған əйел келіп, өзінің айыбын қалай жуа 
алатынын сұраған екен. Сонда Иса пайғамбар əйелге:
- Орныңнан тұр да, өз жолыңды тап. Бұдан былай күнə жасаушы
болма! – депті. Сен де бұдан былай ар мен намысты жоғары ұста.
Напақаңды адал жолмен тап! Балаларың да бар болар! Оларды да
адалдыққа баулы. Балаларың сенен адал еңбек етуді үйренсін, - деді.
Міне, сүйікті досым! Мен осылайша өмірімнің жаңа бетін аштым. 
Балаларымды тəрбиелеп, өсірдім, адам қылдым. Менің бар хикаям – 
осы!
Енді сенің осы күнге қалай жетіп, «Тосап патшасы» атанғаныңды 
өз аузыңнан тыңдағым келеді, - деді.
Ярвинен мен Карокеп тай құлындай тебісіп бірге өскен. Екеуі де
бүгінде өз ұлтының ажырамас бөлшегіне айналған. Біреуі
қараңғылық пен надандықтың ішінде қалып, тұншықса, екіншісі
күннің сəулесіне бөленген көктемдей құлпырып, туған елін
ояндырып, жақсылыққа үндеген.
Ярвинен сөзінің осы тұсында университет профессорларына 
былай деді:
- Сіздердің «Тосап патшасы» атанған Ярвиненге жəне мен сияқты 
болашақтың Ярвинендеріне жасаған қызметтеріңізді ерекше атап
өткім келеді. Олардың көзін ашып, білім мен тəрбиеге баулитын –
сіздерсіздер!
Құрметті мұғалімдер! Ярвинендер мен Карокептер – бір ұлттың 
балалары. Əрқайсысы бала кездерінде қаншалықты жақсы болса, 
өсе келе соншалықты қауіпті болулары да мүмкін. Егер, мен бүгінде 
баршаның құрметіне бөленсем, бұл жалғыз менің ғана еңбегім емес. 


Сол сияқты Карокеп көпшіліктің қарғысына ұшыраған болса, ол да 
тек оның ғана кінəсі емес. Бұл екеуі бір медальдің екі жағы, бір
ағаштың екі бұтағы тəрізді. «Балам» дейтін ел болмаса, «елім»
дейтін бала да болмайды!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет