Pisa тапсырмалары кіріктірілген тотығу-тотықсыздану реакциялары Өзектілігі



Дата08.09.2017
өлшемі183,02 Kb.
#30006
PISA тапсырмалары кіріктірілген тотығу-тотықсыздану

реакциялары
Өзектілігі:

Белсенді оқыту әдістері мен логикалық тапсырмалар оқушының ой –өрісін кеңейтеді, өмірлік тәжірибеде қолданады нақты бір жағдайға нақты модельдерді қолданудың нәтижесінде оқушыларды әлеуметтендірудің қажетті талаптары болып саналатын функционалды ғылыми-жаратылыстану сауаттылық бағытын қалыптастыру.



Жобаның мақсаты -  оқушылардың ғылыми-жаратылыстану  сауаттылығын дамыту мақсатында  PISA бағдарламасы тапсырмаларын орындау арқылы , алған білімдерін күнделікті өмірде пайдалану. «Тотығу дәрежесі» ұғымын бекіту, тотығу -тотықсыздану ұғымдарын түсіндіру, тотығу-тотықсыздану реакциясын электрон- баланс әдісімен теңестіру дағдысын қалыптастыру.

Жобаның міндеттері:

  1. ғылыми жаратылыстану сауаттылығын дамыту

  2. 2) PISA талаптарына сәйкес тапсырмаларды орындау

3) Жеке тұлғаның құзырлылығын қалыптастырып, бағалау

Нәтижесі:

-- Осындай тақырыпта өткізілген сабақта оқушылардың жаратылыстану сауаттылығы қалыптасады.

-- PISA тапсырмаларын орындай отырып күнделікті өмірде кездесетін құбылыстар арасынан ТТР анықтап, оны ғылыми тұрғыда дәлелдей алады.

-- Оқушы құзыреттілігі қалыптасады.



Болжамы:

Егер оқушы тотығу- тотықсыздану реакцияларының мәнін ғылыми тұрғыда білсе, онда күнделікті өмірде, қоршаған ортада болып жатқан құбылыстардың мәнін түсінеді.



Жаңашылдығы :

Оқушыларда тақырып бойынша жаңа түсініктер қалыптасады.

Алған білімдерін өмірлік тәжірибесінде қолдану мүмкіндігіне ие болады.

Жетекші идеясы:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 ақпандағы № 130 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын, мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарын басшылыққа ала отырып оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру.

Кіріспе
«PISA халықаралық зерттеулері аясында оқушылардың ғылыми- жаратылыстану функционалдық сауаттылығын дамыту» функционалдық сауаттылықты арттыру мақсаты мен міндеттері Қазақстан Республикасы 2011-2020 жылдарда білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында анықталуына сәйкес жасалды, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға жөніндегі 2012-2016 жж. арналған Ұлттық іс-қимыл жоспарын іске асыру және PISA халықаралық зерттеулері аясында өкізілетін оқушылардың ғылыми- жаратылыстану функционалдық сауаттылығын дамыту әдістеріне арналған педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру бағдарламасына талаптарына сәйкес келеді.

2012-2016 жылдарға арналған оқушылардың функционалды сауаттылығын жетілдіруде Ұлттық іс-шаралар жоспары мақсатқа бағытталған, біртұтастық, оқушылардың функционалды сауаттылығын дамытуға бағытталған іс-шаралар жүйелігін Қазақстан Республикасының мектепте білім берудің сапасын арттырушы негізгі бағыт ретінде қамтамасыз етуге бағытталған.

Оқушылар арасындағы функционалды сауаттылықтың қалыптастырудың жоғары деңгейі қоғамда тиімді қызмет етудің қабілеттілігіне, өзін-өзі анықтауға бағытталған қабілет, өзін-өзі дамытуға және қалыптастыруға бағытталады. Нәтижесінде, қоғамға функционалды сауатты, нәтижеге жұмыс істеуге және маңызды жетістіктерге жетуге қабілетті тұлға қажет. Қазақстанның аталмыш халықаралық зерттеуіне қатысуы біздің оқушыларымыздың дайындық деңгейлерін әлемнің басқа да елдерінің оқушыларының дайындық деңгейімен салыстыруға, білім беру сапасын бағалауда соңғы әлемдік жетістіктерге сәйкес келетін зерттеулердің нәтижелерін сараптау мен оқу жетістіктерін бағалау, сонымен қатар кросс-ұлтты зерттеулерді жүргізудегі жетекші мамандармен әзірленген әдістемелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Сабақтың типі: аралас

Сабақты ұйымдастыру формалары: Жеке, топтық, жалпы

Сабақты өту әдісі: СТО стратегиялары, кластер құру, логикалық тапсырмалар, кестелер.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, қосымша материалдар.

Түйінді сөздер: Тотықтырғыш.Тотықсыздандырғыш. Электрондық баланс.Тотығу дәрежесі.


І. Ұйымдастыру кезеңі.

Топтастыру, психологиялық ахуал орнату.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

а) «ой толғау» б) «кім алғыр»

ІІІ. Мақсат қою кезеңі

ІV. Жаңа сабақты түсіндіру.

Мағынаны ажырату

а) кіріспе (презентация); б) мәтінмен жұмыс;

в) тәжірибе көрсету;

V. Жаңа материалды түсінгендерін зерттеу кезеңі.

тәжірибе көрсету;

VІ. Бекіту.

а) “Кім тапқыр!”б) Ойлан тап в) №5 жаттығу.

VІ. Оқушыларды бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма беру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
«Ой толғау»


  • 1. Электртерістілік деген не?

  • 2. Тотығу дәрежесі деген не ?

  • 3. Тотығу дәрежесін қалай анықтайды.

  • Оның сандық мәні неге байланысты ?

  • 4. Полюсті және ионды байланыстардағы

  • металдар қандай тотығу дәрежесін

  • көрсетеді?

  • 5. Күрделі қосылыстағы элементтердің

  • белгісіз тотығу дәрежесін қалай есептеп

шығарады ?


«Кім алғыр»

  • Мына қосылыстарды тотығу дәрежелері бойынша сәйкестендір

  • H2S, N2, HJ,H2, NaF, Cl2, CaF2




 

Қосылыстар



Тотығу дәрежелері

0

+1

-1

+2

-2

+3

H2S,

 

 

 

 

 

 

 N2,

 

 

 

 

 

 

 HJ,

 

 

 

 

 

 

 H2,

 

 

 

 

 

 

NaF,

 

 

 

 

 

 

Cl2

 

 


 

 

 

 

 

CaF2 

 

 

 

 

 

 


ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Мәтінмен жұмыс.

ТТР-ның маңызы:

ТТР өндірісте, тұрмыста жүзеге асып жататын процестер: газ пеште газдың жануы, тамақ пісіру, кір жуу, үй заттарын тазарту, аяқ-киім, парфюмериялық заттар дайындау, тоқыма бұйымдарын тазалау т.с.с.

Сіріңке жақсақ, аспанға фейерверк атсақ – бәрі де тотығу- тотықсыздану процестері. Ағартуға, дезинфекциялауға, сутек асқын тотығының, калий перманганатының, хлор немесе хлорлы ағартқыш ізбестің тотықтырғыш қасиеттері қолданылады. Заттың бетін тазартуға сутегі асқын тотығы қолданылады. Ол, сонымен қатар, жібекті, жүнді ағарта алады. Ескі картиналарды қалпына келтіреді. Ағзаға зиянсыз болғандықтан тамақ өнеркәсібінде шоколадты, сосиска дайындайтын етті ағартуға қолданылады. Калий перманганатының дезинфекциялағыш қасиеті де тотықтырғыш қасиетіне негізделген. Хлорды күшті тотықтырғыш ретінде таза суды стерильдеуге және ағын суларды залалсыздандыруға қолданады. Хлор көптеген бояуларды түссіздендіріп, ағартады. Сондықтан оны мата мен қағазды ағартуға қолданады. Табиғатта ТТР кеңінен таралған. Ол биохимиялық процестерде: тыныс алу, зат алмасу, жануарлар мен адамдардың жүйке қызметінде маңызды роль атқарады. ТТР нәтижесінде біздің ағзамыз тамақтан алатын энергияны жұмсау арқылы адамның іс-әрекеттері жүзеге асырылып жатады.

Сұрақ 1: ТТР- реакцияға қатысушы заттардың құрамындағы элементі тотығу дәрежелерінің өзгеруімен жүретін реакциялар .Бұл әдіс реакция жүрген ортаның табиғатына байланысты.Себебі.....

А) себебі, реакция бағытына орта күшті әсерін тигізеді

В) себебі, реакция жүруіне байланысты

С) себебі, тотығу реакциясы жүреді

Д) себебі, тотықсыздану реакциясы жүреді

Е) себебі, электр терістілігі үлкен атомдарға ауысады
Сұрақ 2: ТТР- тотығу- тотықсыздану реакциясы.

Тотығу- тотықсыздану реакциясына төмендегі процестер жатады ма?

Төменде келтірілген мүмкін пайымдауларды әр қатардан «Ия» немесе «Жоқ» деп айналдыра сызыңыз

Тотығу- тотықсыздану реакциясына төмендегі процестер жатады ма?

Ия немесе жоқ

ТТР нәтижесінде біздің ағзамыз тамақтан алатын энергияны жұмсау арқылы адамның іс-әрекеттері жүзеге асырылып жатады

Ия/жоқ

Электрондар беру процесі- тотығу, ал қосып алу процесі – тотықсыздану деп аталады

Ия/жоқ

КМnO4дезинфекциялағыш қасиеті де тотықсыздандырғыш қасиетіне негізделген

Ия/жоқ

Ал,енді балалар осы процестер қалай жүзеге асатынына мән берейік.

Тәжірибе көрсету.

Al+H2SO4 ®Al2(SO4)3+H2­

Күкірт қышқылының сұйытылған ерітіндісіне алюминий түйірлерін салғанда қандай құбылысты байқадың? Бұл кезде қандай процесс жүрді?

Оқушылар топ бойынша ақылдаса отырып өз болжамдарын айтады. Яғни,тотығу- тотықсыздану реакциясы жүрді. Валенттілік электрондары электртерістілігі кіші атомдардан электр терістілігі үлкен атомдарға ауысады.Электрондар беру процесі – тотығу, ал қосып алу процесі тотықсыздану деп аталады.

Тотығу – атом немесе ионның электрон беруі, мысалы:

Al° - 3ē ®Al+3 3 2


Тотықсыздану – атом немесе ионның электрон қосып алуы, мысалы:

2H+1 + 2ē = H20 2 3

Тотықтырғыш – электрон алушы атом немесе ион, ал тотықсыздандырғыш – электрон беруші атом немесе ион.

Электрондарды қосып алатын атомдар немесе иондар тотықтырғыш, ал беретіндері тотықсыздандырғыш болады

ТТР екі реакциядан (жарты реакциялар): тотығу және тотықсыздану үрдістерінен тұрады.

ТТР теңдеуіндегі коэффициенттер электрондық және электронды-иондық баланс арқылы анықталады.

ТТР-сы теңдеулерін теңестіру реті төмендегідей:
1. Химиялық реакция теңдеулерін жазу.

Al+H2SO4 ®Al2(SO4)3+H2­

2. Теңдеулердің оң және сол бөлігіндегі барлық әлементтердің тотығу дәрежелерін тауып, таңбасының үстіне жазу.
0 +1+6-2 +3 +6 -2 0
Al + H2SO4®Al2(SO4)3 +H2­

3. Реакция нәтижесінде тотығу дәрежесі өзгерген элементтердің астын сызу.


0 +1+6-2 +3 +6 -2 0
Al + H2SO4 ® Al2(SO4)3 + H2­

4. Электрондық баланс теңдеуін құру. (ағылшынша balance-

теңдестіру, тепе-теңдік):
Al° - 3ē ®Al+3 3 2
2H+1 + 2ē = H20 2 3

5. Таңдалған коэффиценттерді реакция теңдеуіне жазу.


2Al°+3H2+1S+6O4-2 =Al2+3(S+6O4-2)3+3H2°­

6. Оттек атомдарының санын есептеу арқылы коэффиценттердің дұрыс екендігін тексеру.

2Al°+3H2+1S+6O4-2 =Al2+3(S+6O4-2)3+3H2°­

ТТР мынадай типтері бар:

1) тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыш әр түрлі молекулалар құрамына кіретін молекулааралық реакциялар;

2) тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыш бір молекуланың құрамына кіретін молекулаішілік реакциялар;

3) бір элемент атомының бір мезетте тотығу дәрежесінің әрі өсуі, әрі кемуі арқылы жүретін диспропорциялану реакциялары.

ТТР теңдеулерін құрастыру, яғни реакция өнімдерін анықтау және стехиометриялық коэффициенттерді табу үшін келесі алгоритмді ұсынамыз:

1) Тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыш анықтап алу керек. Ол үшін типті тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыштың тізімін пайдалану керек.

2) Реакциядан кейін тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыш қандай тотығу дәрежелеріне ие болатынын анықтау керек. Реакцияға неғұрлым күшті тотықтырғыш қатысса, соғұрлым тотықсыздандырғыштың тотығу дәрежесі өседі. Мысалы, H2S әлсіз тотықтырғыштың әсерінен S0(S-2→ S0)-ке айналады, ал күшті тотықтырғыш әсер етсе, H2SO4-ке (S-2→ S+6) айналады.

Осыған ұқсас неғұрлым күшті тотықсыздандырғыш тотықтырғышпен әрекеттесе, соғұрлым тотықтырғыштың тотығу дәрежесі төмендейді.

Мысалы, суретке қарап,қандай процесс жүргенін анықтаңдар

І- топ «Ормандағы өрт»

ІІ- топ «Фотосинтез»

ІІІ- топ «Металлдар коррозиясы».

Тапсырмалар; 1. Сурет бойынша мәтін құрастырыңдар

2.Реакция типін анықтап,элементтер мен қосылыстардың тотығу дәрежелерін көрсетіңдер

3.Тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты анықтаңдар



Тапсырманы дұрыс орындаған топқа әр түрлі фигуралар беріледі.

V. Бекіту:

Кім тапқыр!”



  1. Төмендегі теңдеуде қандай элемент топтарының тотығу

дәрежелері өзгереді

KMnО4+Na2SO3+KOH®K2MnO4 +Na2SO4+ H2O

а) Na, S ә) K, Mn б) Mn, S в) Na, K.

2. Тек тотықтырғыш болатын зат?

a) NH3 ә) Br2 б) KClO3 в) HNO3

3. Тотықтырғыш та, тотықсыздандырғыш та болады:

a) SO2 ә) Na б) Fe в) K2Cr2O7

4. Тек тотықсыздандырғыш болатын зат:

a) H2S ә) KMnO4 б) SO2 в) HNO3

5. Al+H2SO4 =Al2(SO4)3+H2↑ теңдеуіндегі тотықтырғыш

алдындағы коэффициент:

a) 2 ә) 3 б) 1 в) 6

«Ойлан тап.» (Түсініктер кластері)

Тотығу –


Тотықсыздану –
Тотықтырғыш –
Тотықсыздандырғыш –

Баланс-


Атом,ион,электрон,тотығу дәрежесі

Венн диаграммасы «Салыстыр»


VІ. Оқушыларды бағалау.


V. Үйге тапсырма беру: §64 №6,7.

Қорытынды


Мәселелерді бірлесіп шешуде оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау үшін стратегиялар мен инструменттерді қолдана отырып өткізілген сабақ жаратылыстану пәндерін оқытуда жетістікке жетуге мүмкіндік береді.

  Формативті және суммативті бағалау,қорытынды рефлексия,топтық жұмыспен проблеманы бірлесіп шешу мақсатында белсенді оқуды қолдану оқушылардың алған білімін өмірлік жағдайларда қолдануға көмегін тигізеді.

Химиялық есептерді шешуде дұрыс қадамдарды жасауға үйретеді.

PISA бағдарламасы компоненттерін тиімді пайдалану оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырады.Белсенді оқытудың  тиімді ортасын қалыптастырады. Ынталы, шығармашыл оқушының мінездемесін құруға көмектеседі.

Тестілеу үдерісінде оқушылардың көңіл-күйлеріндегі эмоционалдық және физикалық  қолайсыздықтарға психологиялық-педогогикалық қолдау көрсетуге септігін тигізеді.

Пайдаланған әдебиеттер




  1. «Химия» 8-9 сынып оқулығы авторы Н.Нұрахметов, Қ.Бекішов, Н.Заграничная

  2. Ақпараттық желі «qooqle» , «Ұстаз.кz» «Білімділер сайты» «orleu- edu.kz»

  3. Оқылған лекция материалдары.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет