Мәтін форматтары PISA зерттеуінде оқу сауаттылығын бағалайтын тест сұрақтары әртүрлі форматтағы мәтіндерге негізделеді.
1. Тұтас мәтін. Мұндай мәтіндер негізінен мәтіннің ірі бірліктерінен тұрады. Мәтінге бөлек жол ретінде формула, кесте, диаграмма, сурет және т.б. енгізілмейді (1-сурет). Мәтін мағыналық тұрғыдан абзацтарға бөлінеді және оқырманға мәтіннің логикалық құрылымын түсінуге көмектесетін тақырыптар мен тақырыпшалармен белгіленеді. Тұтас мәтіндерге түрлі жанрдағы мәтіндер, оның ішінде әңгімелер, өлеңдер, мақалалар, мектеп шығармалары жатады.
1-сурет. Тұтас мәтін үлгісі