Әртүрлі деңгейлерге сәйкес тапсырма үлгісі МАКОНДО
Қаншама таңғажайып өнертабыстарға қарқ болған Макондо жұрты оларға таңғалып үлгермей жатты. Олар Мұнды Аурелиано пойызбен екінші сапарында алып келген, машинадан қуат алатын бозғылт электр шамына қарап, түнімен ұйықтамады – оның «тыз-тыз» етіп тұратын дыбысына үйренгенше алмағайым уақыт өтті.
Олар байлыққа бөккен саудагер Бруно Креспидің арыстанның аузы сияқты кассалары бар театрында көрсететін жылжымалы суреттерге қарап шат-шәлекей болды. Ашуланатындай жөні бар еді: алдыңғы фильмде қазасы көрермендерін сонша қайғыға салып, жүзін топырақ жапқан кейіпкері келесі фильмде түк болмағандай тірі, оның үстіне араб болып шықты. Кейіпкерлердің тағдыр тауқіметін бөлісу үшін екі сентаво төлеген жұрт мына қорлыққа төзбей, бүкіл орындықтың күл-паршасын шығарды. Дон Бруно Креспидің талап етуімен алькальдқа арнайы қаулы шығарып, кинематограф жай ғана елес тудырушы аппарат екенін, жұртшылық оған бұлқан-талқан болатындай дәнеңе жоқ екенін түсіндіруге тура келді. Алайда сығандардың тағы бір жаңа айла-шарғасының шырмауына түстік деп ойлаған көпшілік ендігәрі киноға бармаймыз, ойдан шығарылған кейіпкерлердің қайғы-сорына, өтірігіне көз жасымызды көл қылып отыратын жайымыз жоқ, өз басымыздағы уайым-қайғымыз жетеді дескен.
1-сұрақ. Фильмдердің қандай қыры Макондо тұрғындарының ашу-ызасын тудырды?
Дұрыс жауап үлгілері:
Олар қайтыс болды деп санаған адамдар өмірге қайтып келеді.