Тапсырма үлгісі Биік ғимараттар Дереккөз: график Pearson Education өткізген PISA семинарындағы таратпа материалдан алынды.
«Биік ғимараттар» – 2006 жылы жарияланған Норвегияда шығатын журналдан алынған мақала.
Сұрақтар:
Журнал мақаласы баспадан шыққан кезде 2-суреттегі қай ғимарат құрылысы аяқталған ең аласа ғимарат болды?_____________________________________________________
Дұрыс жауабы: Си Эн Тауэр
1-суреттен қандай ақпарат алуға болады?
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Дұрыс жауабы: 2001 жылдың қаңтар айынан бастап салынған немесе салынып жатқан кем дегенде 30 қабаты бар ғимарат саны
Ұзындығы 117 метр, Норвегия, Ослодағы РадиссонСАС Плаза отелі неліктен 2-суретте көрсетілген?
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Дұрыс жауабы: Мақала норвегиялық журналда жарияланғандықтан, өздеріндегі ең биік ғимаратты әлемдік ғимараттармен салыстыру оқырмандар үшін қызық болады.
Биік ғимараттар туралы ақпарат 20 жылдан кейін тағы да ұқсас мақалада келтірілген деп елестетіп көріңіз.
Төменде бастапқы мақаланың екі сипаттамасы келтірілген. Бұл сипаттамалардың 20 жылдан кейін өзгеретінін немесе өзгермейтінін төмендегі кестеде "иә" немесе "жоқ" деп белгілеңіз.
Сипаттама
иә
жоқ
Гонконгта 30 қабаттан жоғары 593 биік ғимарат бар.
2008 жылы Дубайдағы Бурж Халифа мұнарасы әлемдегі ең биік ғимарат болды.
Дұрыс жауабы: жоқ, иә
Бұл мәтінді жарнаманың қай түрінде (яғни қандай мақсатпен) қолдануға болады ?
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Дұрыс жауабы: Бұл мәтінді туристік саяхаттарда, құрылыс материалдарын, құрылыс компанияларын жарнамалауда қолдануға болады.
Биік ғимараттар туралы осы мәтінді толықтыра түсу ету үшін тағы қандай ақпарат қосуға болады?
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Дұрыс жауабы: Мақаланы неғұрлым жан-жақты ету үшін, менің ойымша, биік ғимараттарды салуға жұмсалған соманы қосуға болады (мысалы, 2-суретте көрсетілген ғимараттар). Ең жиі қолданылатын құрылыс материалдары туралы немесе әлемдегі ең биік ғимараттар (бизнес орталықтары, қонақ үйлер, тұрғын үй кешендері және т. б.) қандай мақсаттарда пайдаланылатыны туралы ақпарат қосуға болады.
Мәтінде қамтылған екі сипаттаманың реттілігіне сүйене отырып, оқырман қандай қорытындыға келуі мүмкін?
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Дұрыс жауабы: Кестеге сәйкес, биік ғимараттардың көбі Азия мен БАӘ (Біріккен Араб Әмірліктері) елдерінде орналасқан, сонымен қатар бұл ғимараттар негізінен 2000 жылдан кейін салынған. Еуропа мен Америка елдерінде де биік ғимараттар бар, бірақ олар әлдеқайда аз және 2000 жылға дейін салынған.
Тапсырмаларға ескертпе: Мәтін мазмұны бойынша жалпылама өзара байланысты екі суретті салыстырады. Екі сурет те дүниежүзіндегі биік ғимараттарды бейнелейді: 1-суретте әртүрлі қалалардағы, ұсынымдағы немесе салынып біткен биік ғимараттардың саны көрсетілсе, 2-суретте әлемдегі ең биік ғимараттарды бейнелеген. 1, 2-сурет те график түрінде бейнеленген. Әрбір санның қысқаша түсіндірме мәтінімен берілгеніне қарамастан, берілген мәтіннің мазмұндық ақпараты екі суретпен көрсетілген, осылайша мәтіннің жалпы форматы – тұтас емес мәтін. Мәтін түрі – сипаттама мәтін, оқушыларға арналған журналда пайда болғандықтан мәтіндегі жағдаят – білім беру. Басында уақыты (ақпарат 2006 жылы жарияланған) мен орны (норвегиялық журнал) бойынша мәнмәтінді түсіндіретін қысқаша кіріспе берілген.
Назар аударыңыз, жеті тапсырманың бесеуі (3-тен 7-ге дейін) «Рефлексия және бағалау» құзыреттілігіне жатады. Алғашқы екі тапсырма «Біріктіру және түсіндіру» құзыреттілігіне жатады.