Жағдаят – оқу сауаттылығының компоненті Жағдаят типі автордың мәтін құрастырудағы мақсаты мен жалпы мәнмәтінді анықтайды. (8-сурет)
8-сурет. Жағдаят типтері
PISA зерттеуіндегі жағдаяттар Жеке мақсатпен оқуға жеке тұлғаның тәжірибелік, зияткерлік қызығушылықтарын қанағаттандыруға арналған мәтіндер жатады. Бұл категория басқа адамдармен жеке байланысты қолдау мен дамытуға арналған мәтіндерді де қамтиды. Сонымен қатар демалыс немесе көңіл көтеру іс-шараларының бөлігі ретінде қызығушылықты қанағаттандыру үшін оқуға арналған ақпараттық мәтіндер мен өмірбаяндар, көркем әдебиет, жеке хаттарды қамтиды. Электронды форматты қарастыратын болсақ, жеке мақсатпен оқу жағдаятына электронды хабарлар, әлеуметтік медиа сайттар, нетворкинг желілері және күнделік түріндегі блогтар жатады.