Қоғамдық мақсатта оқу қоғамның жалпы мәселелері мен қызметіне қатысты мәтіндерді оқуды сипаттайды. Осы категорияға ресми құжаттар, қоғамдық іс-шаралар туралы ақпарат кіреді. Сонымен қатар қоғамдық жағдаят блог, жаңалық сайттары, баспа және электронды форматтағы қоғамдық хабарламаларды қамтиды.
Білім алу мақсатында оқу жағдаятындағы мәтіндерге классикалық мысал ретінде оқулықтар мен электронды интерактивтік оқу бағдарламаларын атауға болады. Мұндай оқу кезінде ақпарат жинақтау әдетте басқа көлемді тапсырманың бір бөлігі болады. Материалды көбіне оқырман емес, оның оқытушысы таңдайды.