Pisa зерттеуінің басты мақсаты не?



бет28/57
Дата18.04.2022
өлшемі1,86 Mb.
#139739
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   57
Байланысты:
Pisa зерттеуіні басты ма саты не

Кәсіби мақсаттағы оқу жағдаяты әдетте белгілі бір әрекетті орындаумен байланысты болады. Оған Интернет желісінен немесе газеттің арнайы жарнамалық бөлігінен жұмыс іздеу, жұмыс орнындағы ережелерді оқу және т.б. жатады. Мұндай мәтіндер «орындау үшін оқу» ұстанымына сәйкес келеді.
PISA зерттеуінде әр жағдаятқа берілген тапсырмалар қатынасы төмендегідей:
Жеке: 30%
Қоғамдық: 30%
Білім алу: 25%
Кәсіби: 15%
Дереккөздер
Оқу құзыреттіліктерінің түрлері – оқу сауаттылығының компоненттері
Оқу дағдысы адам қызметінің кең ауқымы үшін – нұсқаулық ережелеріне сүйену, «кім, не, қашан және қалай» сұрақтары арқылы жағдаятты анықтау, белгілі бір мақсатқа жету немесе әрекетті орындау кезінде түрлі қарым-қатынас жолдарын қолдану үшін – аса қажет. Оған қоса, оқылым басқа да білім салаларының құрамдас бөлшегі болып табылады. Мысалы, шынайы мәселелер PISA-да тестіленетін басқа екі негізгі бағыт – математика және жаратылыстану ғылымдары – бойынша білімді талап етеді, алайда қажетті ақпаратты түсіну үшін, мысалы, дайын өнімдердегі мөртаңбаны оқу немесе автокөліктердің сақтандыру келісімшарттарын салыстыру үшін дамыған оқу дағдысы қажет. Адамның жазбаша ақпаратты өз мақсатында қолдануы үшін ол оқу процесіне тән сын тұрғысынан ойлау және аналитикалық ойлау әрекеттеріне қатысуы керек. Мәселен, PISA-2018 зерттеуінде оқу процесінің екі кең ауқымды санаты анықталды: мәтінді өңдеу және міндеттерді шешу. (1-сурет)
1-сурет. PISA-2018 оқу сауаттылығының шегіне қойылған талаптар

Сандық технологиялар видео, сурет секілді беймәтіндік ақпараттарды таратуды жеңілдетті. Соған қарамастан визуал және ауызша ақпаратқа қолжетімділік те бүгінгі күні оқу дағдысын талап етеді: экрандағы әр қосымшада жазбаша тіл бар (мысалы, тақырып, қысқаша сипаттама немесе пікір). Осылайша сандық технологиялар мәтіннің жаңа формасының пайда болуына әсер етті және оны қолжетімді етті. Олар қысқа мәтіннен (мәтіндік хабарлама; видео/сурет пен мәтінді біріктіретін мем; аннотациялық іздеу нәтижелері және Интернет форумдарындағы кейбір посттар) көлемді мәтінге дейін түрленеді (қойындылары бар веб-сайттар, бірнеше беттен тұратын веб-сайттар; шағынфишалардан сканерленген қолжетімді архив материалдары мен онлайн формудардың басқа да посттары). Демек, оқу дағдысы жоғары технологиялар заманында да дәл бүгінгідей аса қажет болмақ. Сондықтан білім беру жүйелері сандық оқу сауаттылығын оқу бағдарламаларына жиі енгізіп отыр (Erstad, 2006; Common Core State Standards Initiative, 2010).
PISA зерттеуіндегі компьютерлік тестілеу форматы жаңа сұрақ түрлерін – ашық мәзір, объектілерді/бірнеше парақты/веб-қойындыларды және т.б. тасымалдау – қолдануға ғана мүмкіндік беріп қоймай, адаптивті тестілеуді жүзеге асыруға жағдай жасады. Адаптивті тестілеуде қатысушының алдыңғы сұрақтарға дұрыс не бұрыс жауап бергеніне байланысты келесі сұрақтардың күрделілік деңгейі не төмендетіліп, не ұлғайтылып отырады, яғни қатысушыға ол орындай алатын тапсырмалар ұсынылады. Бұл тәсіл нәтиженің нақтылығын жоғарылатып, қатысушының тестке деген қызығушылығын сақтауға жағдай жасайды.
PISA-2018 зерттеуінде оқу сауаттылығын бағалау шкаласы алдыңғы кезеңдердегідей деңгейлерге бөлінді. Бұл деңгейлердің жетеуі – 1c, 1b, 1a, 2, 3, 4, 5, 6 – PISA-2009, 2012 және 2015 зерттеулерінде қолданылған. Деңгейлерге сәйкес балл аралықтары өзгерген жоқ, бірақ барлық деңгейдің сипаттамасы жаңартылды. Бұл оқу сауаттылығының 2018 жылы алғаш рет бағаланған оқу аспектілерін қамту үшін жасалды. Мысалы, PISA-2018-де анықталғандай, 3, 4, 5, және 6-деңгейлерде оқушылардың дереккөздің сенімділігін бағалай алу, сондай-ақ интертекстуал алшақтықтар мен қарама-қайшылықтарды анықтау дағдылары сипатталады. Оқу сауаттылығының мұндай аспектілеріне алдыңғы кезеңдерде назар аударылмаған болатын.
Сондай-ақ PISA-ның 2018 жылға дейінгі кезеңдерінде 1b деңгейінен төмен нәтиже көрсеткен білім алушылардың мүмкіндігін сипаттауға арналған тапсырмалар болмаған. Ондай оқушылардың 1b деңгейіне арналған тапсырмаларды табысты орындай алмағаны анық еді, бірақ олардың нақты нені орындай алғаны туралы ақпарат беймәлім болатын. Алайда барлық елде, әсіресе, үлгерім деңгейі төмен елдерде 15 жастағы оқушылардың ішінде нәтижесі 1b деңгейінен төмен оқушылар бар. 2015-2018 жылдар аралығында өткізілген «Дамуға бағытталған PISA» зерттеуі (PISA for Development) кіріс деңгейі орта және төмен деңгейдегі сегіз елдің PISA-ға толыққанды қатысуға дайындалуына көмектесу мақсатында осы елдердің оқушыларына арналған күрделілігі орташа деңгейдегі сұрақтар ұсынды (OECD, 2018[1]). Осы тәжірибе негізінде PISA-2018 зерттеуіне одан бөлек жаңа міндеттер қойылып, оқушылардың төменгі деңгейдегі дағдыларын сипаттау үшін жаңа 1c деңгейі қосылды. Бұл деңгей оған дейін жай ғана 1b деңгейінен төмен деп классификацияланып келген.
Дағдылар шкаласы оқушылардың үлгерімін көрсетіп қана қоймай, тапсырмалардың күрделілігін де сипаттайды. Оқушылардың тілді меңгерудің әр деңгейінде не істей алатындығы туралы сипаттамалар, деңгейлерге сәйкес тапсырмалар және мәтіндердің типтік ерекшеліктері сауаттылықтың әрбір деңгейінде көрсетілген міндеттерді талдау негізінде алынды (1-кесте).
1-кесте. PISA-2018: оқу сауаттылығы деңгейлерінің сипаттамасы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет