Түсіндірме: Бұл сұрақ оқу сауаттылығының 3-деңгейіне жатады. Сұраққа жауап беру үшін оқушылар ақпараттың кейбір бөліктері арасындағы байланысты анықтап, талдай алулары қажет. Мәтіннің бірнеше бөлігін біріктіре отырып, негізгі идеяны анықтаулары қажет, себебі мәтінде Макондо тұрғындарының мінез-құлқының себебін көрсететін үзінділер бар.
2-сұрақ. Мәтін соңында Макондо халқы неліктен ендігәрі кинотеатрға аттап баспаймыз деген байламға келді?
A. Олар көңілін аулап, бір сергімекке келгенімен, фильмдер тым шынайы, әрі тұңғиық бір қайғыға бөлейтінін аңғарды.
B. Олардың билет cатып алуға қалталары көтермеді.
C. Олар ішкі эмоцияларын шынайы өмірдегі тағдыр тауқыметіне сақтауға тырысты.
D. Жұрт эмоциясын шығару үшін келгенімен, фильмдер іш пыстырарлық, әрі сапасы сын көтермейтіндей болды.
Дұрыс жауабы: С