Pisa зерттеуінің басты мақсаты не?



бет40/57
Дата18.04.2022
өлшемі1,86 Mb.
#139739
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   57
Байланысты:
Pisa зерттеуіні басты ма саты не

Түсіндірме: Сұраққа жауап беру үшін оқушылар тұтас емес мәтінді мұқият оқып (талдай оқу, зерттей оқу), әрбір құрылымдық элементтердің қызметіне назар аударулары қажет.
3-сұрақ. aigerimbaibossyn мен galiya.mukhamejan-ның пікірлеріне ортақ тұжырымды көрсетіңіз.
А. Балаға тым жылы сөздер айта берудің кері әсерін айтады.
В. Айнұр Тұрсынбаеваның инстаграм парақшасын оқуға шақырады.
C. Блог авторының ұсынған сөздерін қолдануды ойлайды.
D. Балаға күнде айтылатын сөздердің ықпалы туралы ойланады.
Дұрыс жауабы: С
ТүсіндірмеСұраққа жауап беру үшін оқушылар тұтас емес мәтінді мұқият оқып (талдай оқу, зерттей оқу), әрбір құрылымдық элементтердің қызметіне назар аударулары қажет.
Дереккөздер

  1. Методическиеие рекомендации по развитию грамотности чтения учащихся. Нур-Султан: филиал «Центр образовательных программ» АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы», 2020. – 44 с.

  2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушысының 2017 жылғы «25 » қазандағы № 545 бұйрығына 2-қосымша Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде)

  3. Ермекова Т.Н. Қазақ тілі: жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. / Ермекова Т.Н., Ерхожина Ш.Л., Тоқбаева А.Е. – Астана: «Арман-ПВ» баспасы, 2018. – 256 бет. Дәулетбекова Ж. т.б. Қазақ тілі: Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық/Ж. Дәулетбекова, А. Рауандина, М. Дусимбаева. – Алматы: Атамұра, 2019. – 160 бет.

PISA оқу сауаттылығының «Рефлексия және бағалау» құзыреттілігі
Рефлексия және бағалау көзқарастар жүйесінің өзіндік тәжірибесіне негізделген. Оқушылар рефлексия және бағалау жасауда мәтінде көтерілген ақпаратты байланыстыру үшін мәтіннен тыс білімге сүйенеді. Сонымен қатар оқушылар оқырман ретінде мәтінде айтылған мәселеге қатысты түсініктерін дамыту мүмкіндіктеріне ие болады. Рефлексия және бағалау оқушыдан дәлелдер келтіруді, оларды жалпы және нақты біліммен байланыстыруды, сонымен қатар абстрактілі ойлау қабілетін пайдалануды, қарама-қарсы пікірлер айтуды талап етеді.
Сол сияқты өңдеуді қажет ететін тапсырмалар беру – бағалауды жүзеге асырудың бір жолы. Себебі оқушылар мәтіннен тыс дәлелдемелерді, тұжырымдарды, ақпараттарды пайдаланып, тапсырманы орындайды. Тапсырмада оқушыдан автор ойын бағалауды, мәтіндегі ойға ой қосуды, басқа ақпарат ұсынуды немесе фрагменттерді анықтауды талап етуге болады. Осыған қоса, автордың стилін анықтауды, мақсаты мен көзқарасын түсіндіруді тапсырма етіп беруге болады. Мәтін формасын ойластыру да мақсатқа жетелейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет