Орындалған тапсырманы бағалау Тапсырмаларды бағалау үшін бір таңдауы бар тапсырмаларға дихотомиялық шкала, ал еркін құрылымданған жауапты талап ететін тапсырмаларға политомиялық шкала қолданылады. Аталған шкалаларда дұрыс жауап үшін, жартылай дұрыс жауап, дұрыс емес жауаптар үшін балдардың бөлінісі көрсетіледі. Мұндай иерархиялық бағалау бағалау критерийлерін құрастыру кезеңі мен тексеру рәсімінде стандарттауды талап етеді. Қойылған балдардың салыстырмалығын қамтамасыз ету үшін, тіпті, бір елдің шеңберінде тексерушінің жоғары дайындығы мен мониторинг жүргізу аса қажет болады.