Пиза тапсырмалары (химия пәні бойынша) тапсырма

Дата27.04.2022
өлшемі35,92 Kb.
#141082
Байланысты:
Ïèçà òàïñûðìàëàðû (õèìèÿ ï í³ áîéûíøà) òàïñûðìà
«Åëòàíó» á ë³ì³ áîéûíøà æèûíòû áà àëàó

Пиза тапсырмалары (химия пәні бойынша)

  1. тапсырма

Даниярға белгісіз қатты заттың үлгісін берді. Ол осы заттың металл екенін білгісі келеді. Осы заттың металл екенін қандай қасиеті бойынша анықтауға болады?

2-тапсырма
Д.И.Менделеев атындағы ауданының №2 үйдің екінші қабатының №6 бөлмесінің тұрғыны аталған қабаттағы №8 бөлмеде тұратын қызды сырттай ұнатып қалады.Ол одан екі жас үлкен еді.Күндердің-күнінде жігіт оқуға кетеді. Сонан бері түнде түсінен күндіз есінен кетпейді.
Амалы құрып портретін салып іліп қояды.
Кім-кімді ұнатқан ?
№2,2 қабат,
№6, №8 екі жас деген нені білдірді?
Қыздың портретін қалай салған?
3 – тапсырма.
Ертеде елді-мекен ішінде оттегі деген газ өмір сүріпті.Ол өте күшті екен.Жер бетінде тіршілік тек қана мен сақтап тұрмын дейді екен. Күштілігі сондай кім кездесседе тотықтырып жібереді. сондықтан оттекті тотықтырғыш, алынған заттарды тотығу деп атайды.
Мендеелев шаһарында қыдырып жүріп, кездескен элементтердің бәрімен реакцияға түсіп , аралас-құралас бола береді.Содан мақтаншақ болып алды. Химия дүниесінде меннен күшті ешкім жоқ деп ойлайды.Бірақ оттегі қателескен еді. Бір күні елді мекен кестесінде фтормен кездесіп қалады. Оны тотықтырғысы келіп еді,күші келмеді.Көмекке сутегін шақырды, екеуі бірігіп су молекуласын құрып фторға ұмтылды.Су фторға бар күшін жұмсаса да әлі келмеді. Бірақ фтор күшті еді. Естімеген ғажайып оқиға болды. Бұрын отты сөндіріп жүрген судың өзі фторда жанып кетті.
Мақтаншақ оттегі тотыға ма, тотықсыздана ма?
Реакция теңдеуін жаз?
4-тапсырма.
“Иә, жоқ”
1.Темір құймалары таттанбайды.
2.Қоршаған ортаның әсерінен металдардың бұзылу құбылысы жеміріліу деп аталады.
3.Металдардың бәрі жемірілмейді.
4.Жемірілумен күресуге болмайды.
5.Жемірілу экономикаға үлкен шығын әкеледі.
6.Жыл сайын жемірілуден 20 % металл шығын болады.
7.Жемірілуді болдырмау үшін металл бұйымдардың бетін бояуға болмайды.

5- тапсырма
Ахмет сынауыққа аз мөлшерді ұнтақ салды. Содан кейін ол ұнтаққа сұйықтық құйып, сынауықты шайқады. Химиялық реакция жүрді.
Химиялық реакция кезінде Сіз байқай алатын екі үрдісті сипаттаңыз.

6-тапсырма
Ауыз суының жақсы қайнар көзінің болғаны маңызды. Жер астында болатын сулар жерасты сулары деп аталады.
Жер асты суларында, қайнар көздерден (өзен, көл) алынған суларға қарағанда
бактериялар неліктен аз болатынына бір мысал келтіріңіз

........................................................................................................................

7- тапсырма
Суды тазалау бірнеше кезеңнен және түрлі әдістермен жүреді. Суретте көрсетілген тазарту процесі 4 кезеңнен (1-4 дейін нөмірленген) тұрады. Екінші кезеңде су тұндырғыда жиналады.
Бұл кезеңде суды тазалау қалай жүргізіледі?
A Суда болатын бактериялар өледі
B Суға оттегі қосады.
С Қиыршық тас пен құм судың түбінде тұнып қалады
D Улы заттар еріп кетеді.

8- тапсырма

Суды тазалаудың 4 ші кезеңінде хлор қосады. Не себепті суға хлор

қосады?
...........................................................................................................................
.....................................................................................................................
........................................................................................................................
9- тапсырма

Су тазалатын құрылыс қызметкерлері, су сапасын бақылауға жауаптылар, кезекті тазалау процесін жасап болғаннан кейін суда қауіпті бактериялар бар екенін анықтады деп болжайық.

Адамдар өз үйлерінде бұл суды ішер алдында не істеу керек?
........................................................................................................................
........................................................................................................................
........................................................................................................................

10- тапсырма

Лас суды қолдану келесі ауруларға әкеліп соғуы мүмкін бе?

«Иә» немесе «Жоқ» жауаптарын айналдыра сызыңыз

Лас суды қолдану келесі ауруларға
әкеліп соғады ма?

Иә немесе Жоқ?

Диабет

Иә / Жоқ

Диарея

Иә / Жоқ

ВИЧ-инфекциясы немесе ЖҚТБ

Иә / Жоқ

Достарыңызбен бөлісу:

©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет