Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):
а)оқушылар тізімі;
ә)кабинет жағдайы;
б)сабақ барысымен таныстыру.
Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)
Бүріккіш құралын пайдалану әрекеттері?
Қылқалам құралын пайдалану қалай жүзеге асырылады?
Өшіргіш құралы қалай қолданылады?
3)Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)
4)Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)
Команданы орындатпау.
Егер бір жұмыстарың ойдағыдай болмаса, оны түзеуге болады. Соңғы үш әрекетті әрқашан орындамауларыңа болады, ол үшін Орындатпау (Отменить) командасын пайдалануға болады. Правка – Отменить командасын орындау соңғы әрекетті ғана орындатпайды.
Ал оның алдында орындалған әрекетті болдырмау үшін, Отменить командасын тағы бір рет пайдалану керек. Осы сияқты үшінші әрекетті де алып тастауға болады.
Суретті қалай сақтайды.
Салған суреттерді, графиктерді қажет кезінде пайдалану үшін, оны дискідегі файлда сақтаған жөн. Файлды дискіде сақтағанда оған ат беру керек.
Paint программасының құжатын бірінші рет сақтап қою үшін Файл – Сохранить как командасын орындаңдар. Сонда экранда Сохранить как... диалогтық терезесі пайда болады, имя файла өрісіне файлға ат беріп, Сохранить батырмасын шертіңдер.
Қайта сақтағанда Файл – Сохранить командасын орындаңдар. Сурет алғашқы атымен сол файлда сақталады.
Мәтіні бар суреттер салу.
Өздерің салған суретке жазу қосуға болады. Суретке мәтін қосу үшін келесі әрекеттер орындалады:
Надпись құралын таңдаңдар.
Тышқанмен мәтін жазылатын төрбұрышты жақтау салыңдар. Сонда жақтаудың ішінде кірістіру меңзері пайда болады.
Пернетақтадан теретін мәтінде теріңдер.
Егер қаріптің өлшемін өзгерткілерің келсе немесе оларды курсив, жартылай қалың немесе асты сызылған түрде жазғыларың келсе, онда Шрифты құрал-саймандар тақтасы қажет болады.
Мәтінді енгізгеннен кейін, құрал-саймандар тақтасындағы қандай да бір батырмада немесе мәтін жақтауының сыртында шертіңдер.
Сергіту жаттығулары (2 мин)
5) Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)
Тапсырма.
Өз мектептеріңнің немесе үйлеріңнің жоспарын салыңдар.
Тапсырмалар мен сұрақтар:
Суретті қалай сақтаймыз?
Әрекеттерді қалай орындатпаймыз?
Орындатпау әрекетін қалай орнына келтіреміз?
Мәтіні бар суретті қалай саламыз?
6.Сабақты қорытындылау
Оқушыларға редактордың командалары туралы мағлұмат беру.және мәтіні бар суреттерді салып үйрету.
7)Үйге тапсырма
Достарыңызбен бөлісу: |