ПОӘК 042-05-14-5-05. 3/03-2012 2012 жылғы №3 басылым 26 беттің -шісі 6М020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған



бет2/3
Дата12.03.2018
өлшемі437,74 Kb.
#38745
1   2   3

Бақылау сұрақтары:

1 Фонетиканы салыстырмалы-тарихи тұрғыдан зерттеуші ғалымдар еңбектері.

2 Салыстырмалы – тарихи грамматиканың зерттелуі.

3 Салыстырмалы – тарихи лексика, зерттелу жайы.



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Ә.Қайдар, М.Оразов.Түркітануға кіріспе.

2. Отар Әлі Бүркіт. Түркітану.

7 -дәріс

Тақырыбы: Түркі тілдерінің даму мен қалыптасу кезеңдері. Алтай дәуірі. Хун дәуірі.


  1. Түркі тілдерінің қалыптасуындағы Алтай дәуірі.

  2. Түркі тілдерінің дамуындағы Хун дәуірі.

Түркі халықтарының, олардың тілдерінің тарихын зерттеген ғалымдар /М.Н.Кастрен, В.Бартольд, В.Радлов, П.Мелиоранский т.б./ түркілердің ру-тайпа болып даму тарихын алты кезеңге бөліп қарайды. Олар: І.Алтай дәуірі. 2.Ғүн дәуірі.З. Көне түркі дәуірі.4. Орта түркі дәуірі.5. Жаңа түркі дәуірі. б.Кеңес дәуірі.

1. Алтай дәуірі. Бұл-ғылымда айқындалып жетпеген, өмір сүрген дәуірі де нақты емес, ете көне дәуір. Бүл атауды қолданушылар біздің заманымыздан көп бүрыңғы көне заманда түркі түқымдары монғол, түңғыс-манжур, жапон, корей халықтарымен бірлікте болған, бүлардың тілдері де езара туыстас, теркіндес тілдер.

Түркологияда Алтай дәуірі «алтай тілдері» теориясы еткен ғасырдың орта кезінен бастап қалыптасты. Оны қалыптастырушылар неміс ғалымдары В.Шотт және М.Кастрен. Бірақ бүл екеуінің теориясына түрткі болған түжырым әріректен, XVIII ғасырдан басталады. І-Петр заманында болған швед соғысында түтқындалып, үзақ жылдар бойы Сібір елкесінде Швед армиясының офицері Таберт Страленберг 1730 жылы Стокгольмде «Европа мен Азияның солтүстік және шығыс бөлігі» атты еңбек жариялайды. Осы еңбегінде Страленберг түркі, монғол, түнғүс-манжур тілдері ' ол бабта бір негізден тараған туыстас, төркіндес тілдер дейді де, оларды «Алтай тілдері» деген атаумен атайды. Жоғарыда талған неміс ғалымдары Страленбергтің осы пікірін теориялық жақтан терендете түсіп және аталған тілдер қүрамына угро-фин, самоди тілдерін де қосып, оларға «Орал-Алтай тілдері» деген атау береді. Кейініректегі зерттеушілер бүл топқа, /семьяға/ жататын тілдер үстіне корей, жапон тілдерін де қосып жүр./Е.Поливанов, Г.Рамстед/

Түркі тілдері тарихының маманы Н.А.Баскаков пікірінше, түркі тілі монғол, түнғыс-манжур тілдерімен туыстас, бүлар арасында тек типологиялық қана емес, туыстастық, теркіндестікті білдіретін белгілер олардың фонетика жүйесінен де, негізгі сездік қорынан да мол кездеседі. Алтай тілі деп аталатындар да осылар дейді. Ал угро-фин тілімен ,яғни Орал тілі дегенмен, Алтай тілі арасындағы жақындық туыстық емес, типологиялық, сондықтан угрофин, самоди тілдерін Алтай тілімен туыстас дерлік дәлел жоқ деп жазады. Ал, түрколог А.Н. Кононов түркі, монғол, түнғүс-манжур тілдері арасында лексикалық та, фонетика-грамматикалық та үқсастықтың барлығы даусыз, бірақ ол жақындықтың себеі нақтылы емес, алдағы уакытта белгілі болар деген үміттене қою да қиын, соған қарамастан «алтай тілі» дегендер арасындағы жалпылық сипаттарға түркі тілі тарихын зерттегенде пайдалану керек дегенді айтады.

Алтаистиканың халықаралық комитеті бар. Бүл комитет жыл сайын «Түрақты интернационалдық алтаистика конференциясы» атты кеңес өткізіп түрады.

1. Ғүн дәуірі.

Бүл - түркі тілдері дамуынын Алтай дәуірінен кейінгі екінші кезеңі. Бүл кезең, яғни, ғүн дәуірі, жыл санауымыздан бүрынғы III ғасырдан бастап, біздің заманның V ғасыры арасын қамтиды. Бүл дәуірде түркілер мен моңғолдар, түңғыстар мен манжурлар ғүн деп аталатын үлы да күшті империя қалыптастырған. Осы империяның омір сүрген дәуірі ғүн дәуірі деп аталады. Европалық тілдерде ғүн, көне грек тілінде скиф, парсылар тілінде сақ деп түрліше аталатын бүл империяны ғалымдар Қазақстан мен Орта Азияда пайда болған алғашқы тапты қоғам деп есептейді. Қазіргі түркі халықтарының, солардың ішінде қазақ халқының да, түпкі төркіні осы ғүндар болса керек. Тарихи деректерге қарағанда ғүн империясы Орта Азиядан бастап Шығыс Европаға дейінгі кең алқапты жайлайды. Жыл санауымыздың бірінші ғасырының орта кезінде/581ж/ хандыққа, билікке таласып, өзара жауласудың және сыртқы дүшпандардан, әсіресе, қытайлардың тынымсыз шабуылдары нәтижесінде ғүн империясы Батыс ғүн, Шығыс ғүн болып екі мемлекетке белінеді. Кейбір түрік қағандығы, Шығыс түрік қағандығы деп те атайды. Батыс түрік қағандығы Жетісу, Шығыс Түркістан, Тянь-Шань, Орта Азия аймақтарын жайлаған. Ғалымдар оны біздің заманымыздың 503 жылынан бастап емір сүрген ерте феодалдық мемлекет деп есептейді. Батыс ғүн қүрамына бүлғар, оғыз, қыпшақ, қарлүқ деп аталатын тайпалар және осы тайпалардың атымен аталатын бүлғар тілі, оғыз тілі, қыпшақ тілі, қарлүқ тілдері енген. Бүған қүрамында болғаны байқалады. Шығыс ғүн бірлестігі қүрамына үйғыр-оғыз, қырғыз-қыпшақ деп аталатын екі тайпа одақтары және олардың тілдері енген. Н.А.Баскаков «Тюркские языки» дейтін еңбегінде жоғарыда аталған тайпалар тілдерінің бір-бірінен фонетикалық және грамматикалық біраз езгешеліктерін керсетеді.

Түркологияда көне түркі дәуірі үш кезеңге белінеді:

І.түрки, бүл-У-ҮШ ғасырлар арасын қамтиды; 2.үйғыр, немесе қарлүқтар дәуірі деп аталады. Бүл УІІІ-ІХ ғасырларды қамтиды; З.Көне қырғыз немесе яғмалар дәурі. Бүл ІХ-Х ғасырларды қамтиды.



Бақылау сұрақтары:
1 Алтай тілдері тобына жататын тілдер

2 Алтай тілдерін зерттеуші ғалымдар еңбектері.

3 Хун дәуірі, ерекшеліктері.
Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Ә.Қайдар, М.Оразов.Түркітануға кіріспе.

2. Отар Әлі Бүркіт. Түркітану.
8 –дәріс
Тақырыбы: Түркі тілдерінің дамуы мен қалыптасу кезеңдері. Көне түркі дәуірі.

1 Батыс және шығыс түрік қағанаты. Географиялық жағдайы, халқы.



  1. Көне түркі ескерткіштері. Зерттелуі, тілі, өзіндік ерекшеліктері.

  2. Көне түркі алфавиті.

Көне түркі жазуының шығу төркініне де айтылғандар тұрғысынан қараған жөн. Белгілі ағылшын түркологы Герард Клосон «Түркі руникалық жазуының шығуы» атты мақаласында бүл жазу VI ғасырда өмір сүрген Истеми қағанның бұйрығы бойынша Согд-Иран жазулары үлгісінде қалыптасқан болу керек деген жорамал айтады.

Түркі халықтарының тарихы тым әріден басталғанымен, олардан біздің

заманға жеткен жазба нұсқа дәуіріміздің VII ғасырынан басталады, соның өзінде де қағазға жазылған мол материал түрінде емес, мола басына қойылған ескерткіш қүлпы тастарға қашалып жазылған жазба түрінде жетті. Мүндай нүсқа ғылымда эпитафия деп аталады. Эпитафиялық жазбаның алғашқы түрі XVII ғасырда казіргі Тува автономиялык республикасы, Хакас автономиялық облысы жеріндегі Енисей өзені бойынан табылған. Оны алғаш байқап, ғылым әлеміне паш еткен Швед армиясының капитаны Филипп-Иоганн Страленберг.

Бұл жазба табылған жерінін атымен Енисей ескерткіші деп те аталады. Енисей ескерткішінің қай ғасырда жазылғаны белгісіз. Петербург университетінің профессоры П.Мелиоранский Енисей ескерткішін түркі тілі жазба ескерткішін түркі тілі жазба уақыты VІ-VІІ ғасырлар болу керек десе, Л.Р.Кызласов, И.В.Комушев, И.А.Батманов, А.Н.Кононов сиякты біраз ғалымдар ІХ-Х ғасырларда жазылған болар дейді. Бүдан кейін 1889 жылы Сібір елкесін зерттеуші Николай Михайлович Ядринцев/1842-1894/ Моңғолиядағы Орхон өзені бойынан белгісіз жазуы бар екі құлпытас табады. Кейінде айқындалғандай, Орхон жазуы деп аталып кеткен бүл нүсқаның бірі-түркі ханы Мағиланға /Білге қаған/ екіншісі оның туысы Күлтегінге арналған тарихтық биографиялық ескерткіштер болған.

Түркі тілінің руникалық жазуын 1893 жылы алғаш танып окыған Дания ғалымы, Копенгаген университетінің салыстырмалы тіл білімі кафедрасының профессоры Вильгельм Томсен /1842-1927/. Алдымен Томсен жазудың оңнан солға қарай жазылғанын айқындайды. Содан соң жазбада барлығы 38 әріп, яғни таңба, барлығын аныктайды. Үшінші кезекте дыбыстардың дауыстысы мен дауыссыз түрлерін, олардың қалай орналасатынын ашуды кездейді.

Зерттеулер нәтижесінде қүлпы тастарды жырдың авторы және оны жаздырушы Иоллығ-тегін деген ақын екендігі айқындалды. Иоллығ-тегін Білге ханның /Магилан/ баласы, Білге хан мен Күлтегін-Елтеріс ханның балалары. Білге хан болған да, Күлтегін оның әскер басы батыры болған. Білге 734 жылы, Иоллығ хан 739 жылы дүние салған.

Орхон-Енисей жазбалары деген жалпы атаумен топталған эпитафиялық нүсқалар қүрамына Отанымыздың әр түрлі аймақтарынан табылған бірсыпыра ескерткіштер енеді. Мысалы, Енесей езені бойындағы , Тува АССР-і мен Хакас автономиялық облысы және Краснояр аймақтарынан табылған Талас, Турфан, Лена, Байкал т.б. деп аталатын ескерткіштер де осы топқа жатады. Орхон ескерткіші деп аталатын нүсқалар да Онгин, Күлтегін, Могилян, немесе Білге қаған, Тоникук, Қүтлуг қаған, Күлі-шор, Мойын-шор, Суджи, Иха-Асхед, Хойто-Тамир ескерткіштері дейтін бірнеше жазулардан құралады.

Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі туралы айтылған біраз пікірлер бар. Мысалы, әйгілі түрколог, академик В.Радлов кене түркі жазба ескерткіштерінің тілін үш түрлі диалектіге бөледі: оның бірі- кене солтүстік диалектісі, екіншісі-оңтүстік диалектісі/мүны автор үйғыр тілі деп те атайды/, үшінші-аралас диалект. Бүлардың біріншісіне Күлтегін, Могилан, Тоныкек, Онган т.б. ескерікіштердің тілдерін жатқызған. Екіншісіне-үйғыр тілінде жазылғаи ескерткіштер тілі, үшіншіге солтүстік пен оңтүстік диалектісінің араласуынан туған Манихей ескерткіші, Алтын жарық т.б. ескерткіштер тілдері жатады. Автор әр диалектіге тән фонетикалық, грамматикалық ескерткіштерді талдайды. Радлов жіктеуі жазудың сипатына , дыбыстық, морфологиялық белгілерге негізделген.

Көне түркі ескерткіштерінің грамматикалық қүрылысын зерттеумен белгілі кеңес түркологы а.Н.Кононов та айналысты. Ол езінің !980жылы жарык көрген «Грамматика языка тюрксқих рунических памятников ҰІ-ІХ в.в.» атты еңбегіңде кене түркі жазба ескерткіштерінің табылу, оқылу тарихына шолу жасай келіп, оны түрге жіктейді, шығу теркінін, оның тілінің фонетика-грамматикалык қүрылысының зерттелу тарихына тоқталады және өз тарапынан ескерткіштің дыбыстық, грамматикалық сипаттарына жан-жақты талдау жасайды.

Жазба ескерткіште барлығы 38 таңба бар, оның 8-і дауысты. Дауысты дыбыстар қазірдегі тілдердегі сияқты жуан-жіңішке, еріндік-езулік, келте-созынды, ашық-қысаң дауыстылар болып белінеді. Дауысты дыбыс жүйесінің қазірдегідей ерекшелігі- сезде кебінесе таңбаланбайды, оның барлығы дауыссыз дыбыстар тіркесінен сезіледі. Бүл -орхон-енисей жазуының консонанты жазу болғандығын байқатады.

Көне түркі дәуіріне қатысты жазба нұсқалардың екінші түрі көне үйғыр жазуы деп аталады. Бүл жазуды ғалымдар екі түрге беліп қарайды.Оның алғашқысы Селенг және Суджи ескерткіштері деп аталатын кене үйлер қабырғасына, тасқа жазылған эпитафиялық жазбалар, екіншісі-алдыңғыдан қомақтырақ, қағазға жазылған Манихей ескерткіші мен Будда, христиан діндерін уағыздайтын діни және юристік мазмүнды жазба нүсқалар. Бүлар кейбір еңбектерде табылған жердің атымен Турфан, немесе Шығыс Түркістан жазбалары деп те аталады. Кене үйғыр жазуы да негізінен соғды әліппесіне негізделеді.

Соғдылардың жаңа әліппесіне негізделіп жасалған үйғыр жазуында 28 таңба болғанда, олар 28 дыбысты таңбалайтын болған. Үйғыр жазуы жоғарыдан темен қарай жазылады, бүлай жазуды соңғолдар 1940-жылдар ішінде де қолданылады. Үйғыр жазуында әріптер сездегі орнына қарай әр түрлі таңбаланатын болған. Мүндағы дыбыстар жа қазіргі тілдердегі сиякты дауысты, дауыссыз болып белінген. Дауысты дыбыстар саны 8 болған.


Бақылау сұрақтары:

1 Батыс түрк қағанатына тән ескерткіштер қандай ескерткіштерді жатқызуға болады?

2 Енисей жазу ескерткіштері қай кезде жазылған?

3 Көне жазба ескерткіштерді зерттеушілер еңбегі туралы не айтасыңдар?


Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Ә.Қайдар, М.Оразов.Түркітануға кіріспе.

2. Отар Әлі Бүркіт. Түркітану.
9- дәріс

Тақырыбы: Түркі тілдерінің дамуындағы орта ғасыр дәуірі
1 Орта ғасыр түркі тайпалары.

2 Қараханидтер дәуіріндегі түркі тілдері және сол тұстағы жазба ескерткіштері.

3 Алтын Орда заманының ескерткіштері.

4 Орта Азия жазба ескерткіштері.

5 Мамлюк түріктерінің тілінде жазылған ескерткіштер.
Орта Түркі дәуірі /Х-ХVғ.ғ./. Түркі халықтары мен олардың тілдер дамуының 4-дәуірі орта түркі дәуірі деп аталады. Бүл дәуір Х-ХУ ғасыр арасын, яғни бүкіл орта ғасырды қамтиды.Ғылыми еңбектерде Орта түркі дәуірін Қарахан дәуірі, моңғол дәуірі, деп екі кезеңге бөлушілік бар.

Араб тілінде араб графикасымен жазылған түркологиялық еңбектер ІХ-ХУ ғасырлар арасын қамтиды. Араб ғалымдары негізінде, түркі туыстас халықтар тілдерінің салыстырмалы сөздіктерін жасау, сол сөздіктері көлемінде әр топтағы тілдердің бір-бірінен дыбыстық өзгешеліктері мен үқсастықтары, морфологияға жататын жеке мәселелерін салыстыра қарау істерімен түркі сөздерін араб, парсы тілдеріне аудару, практикалық мәнді шағын көлемді оқу қүралдарын жазу сияқтылармен айналысқан.

Араб тілінде, араб графикасымен жазылған түркологиялық еңбектерде түркі тілдерінің салыстырмалы, салғастырмалы сездіктерін жасау, шағын көлемді грамматикалық очерктерін жазу саласында едәуір жүмыстар істелініпті. Араб тілдес ғалымдар жазған түркологиялық зерттеулердін ең алғашқысы және ең қүндысы түркі оулетінен шыққан. Бағдат ғалымы Махмүд Қашқари жасаған «Дивани луғат ит түрік» деп аталатын сөздік.

Араб ғалымдары Махмүдтын «Диванынан» кейін де бірнеше салыстырмалы сөздіктер жасаған. Сондай создіктің бірі-Абулқасым Махмүд ибн Омар/туған жері атымен Әл-Змахшари деп те атайды/ жасаған «Муккаддимат әл-адаб»/ әдебиетке кіріспе/ деп атайтын арабша-парсыша-түрікше-моңғолша сөздік.

Араб тілінің маманы Абу Хаййан 1312жылы Каирде «Китаб ал-идрак-ли-лисан ал-атрак»(түркі тілдерінің түсіндірме кітабі) атты еқбек жазған. Біздің заманға жеткен орта ғасыр жазбаларының ең көнесі- Жүсіп Баласағуни жазған «Қүтадғу білік» деп аталатын көлемді эпикалық дастан. Ғалымдар дастанның атын «Қүтты білік», «Қүт әкелетін білім» , т.б. деп аударған. Дастан авторы Жүсіп бүл туындыны ескі жыл есебі бойынша /қыджра/ 462 жылы, Баласағүн қаласында бастап, Қашқарда аяқтадым дегенді айтады. «Қүты білік» дастанының мазмүн-дидактикалық насихат. Аудармасына жазған алғы сөзінде Асқар Егеубаев «Дастаннан айқын бай қалып түрғандай, Жүсіп Баласағүни өз заманының озық ойлы энциклопедист ғалымы, философ, адам жанын нәзік сезінген ақын» дегенді айтады. «Қүтты білікпен» мезгілдес жарық керген екінші туынды Қожа Ахмет Яссауидің XI ғасырда жазған «Диуани Хикмет» /парасатты толғаулар жинағы/ деп аталатын, опылықты уағыздайтын діни шығармасы. Түркологтар мүны үйғыр, хорезм тілдерінің ескерткіші деп санайды. З.Яссауи поэзиясымен мазмүндас келетін Ахмет Югнекидің «һибат ул хакаик» /ақиқат сыйлығы/ дейтін туынды. Түркологтар бүл туынды ХІ-ХІІ ғасырдан сақталған болар деп жорамалдайды. «һибат ул»- Яссауидің «Хикметі» сияқты дидактикалық яғни үлгі -өнеге, ақыл-кеңес, өсиет үйрететін поэма. Онда жақсылық пен жамандық, білімділік пен білімсіздік, байлық пен кедейлік, жомарттылық пен сарандық салыстыра жырланады. Орта ғасырда пайда болған жазба ескерткіштерінің ең мол түрі Батыс түрік бірлестіктерінде,

Орта Азияда, әсіресе Қыпшақ бірлестігі тілінде жазылғандар, Олардың қатарына төмендегілер жатады: «Жүсіп -Зылиха», «Хосрау және Шырын», «Гүлстан бит түрки», «Мүхаббат Наме», «Оғыз Наме».


Бақылау сұрақтары:
1 Юсуп Баласағунидің «Құдатғу білік» кітабы жайында не білесіңдер?

2 Шағатай жазба әдеби тілінде жазылған ескерткіштерге қандай ескерткіштер жатады?

3 М. Қашқаридың өмірі, «Диуани лұғат-ит түрк» сөздігі тілінің ерекшеліктері?
Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Ә.Қайдар, М.Оразов.Түркітануға кіріспе.

2. Отар Әлі Бүркіт. Түркітану.
10-дәріс

Түркі тілдерінің дамуы мен қалыптасу кезеңдері. Жаңа түркі дәуірі. Ең жаңа дәуір.

1. Жаңа түркі дәуірінің өзіндік ерекшелігі.(ХҮ-ХХғғ.)

2. Ең жаңа дәуір.(Қазан төңкерісінен кейінгі кезең)

3. Қазан төңкерісінен кейінгі кезеңдегі тілдегі өзгерістер.(фонетикалық, грамматикалық, лексикалық)


Жаңа түркі дәуірі. Түркі халықтары дамуының бесінші сатысы жаңа түркі дәуірі деп аталады. Бүл дэуір мелшермен XV ғасырдан бастап, XX ғаснрдын 17-жылына дейінгі аралықты камтиды. Жаңа түркі дәуірінде түркілердің ортақ одақтары ыдырап, казіргі түркі халықтары, олардың тілдері бір-бірінен жекеленіп, бөлек-бөлек халықтар, тілдер болып қалыптасты. Мысалы: бүрынғы қыпшақ-бүлғар тайпасы татар, башқүрт деп аталатын екі халыққа бөлінсе, қыпшақ- ноғай тайпасы XV ғасырдың өзінде-ақ қазақ, ноғай, қарақалпақ деген халықтар болып бөлінді,т.б. Бүлардың жеке халық болып қалыптасуымен бірге олардың тілдері де жекеленді. ХУ-ХХ ғасырлар аралығының тілдік жазба ескерткіштері мол, Олардың алдыңғы дәуір ескерткіштерінен айтарлықтай бір-езгешелігі - бүлар ертедегі жазба нүскалар сикты жалпы түркілік ортақ тілде жазылмай, негізінде. казіргі түркі халықтарының әр кайсысының өзіндік сөйлеу тілінде айтылып, жазьыып сақталуында. Аталғандай тілдік нүсқалар қатарына XV ғасырдан бері қарайғы уақыттарда айтылып, ел аузында сақталып келген әр халықтың ақын-жыраулардың ауыз әдебиетіне жататын туындылары, қолжазба түрінде сақталған алуан түрлі жазба нүсқалар, кейінгі ғасырларда баспадан шыққан әр түрлі жанрдағы басылымдар, мерзімді баспасездер жатады. Мүндай материалдар қазіргі түркі халықтары тілдерінің кепшілігінде, солардың ішінде қазақ тілінде де коптеп кездеседі. Қазақ әдебиеті тарихына арналған зерттеулерде XV ғасырда Асанқайғы, Қазтуған XVI ғасырда Шалкез, Доспамбет, XVII ғасырда Жиенбет, Марғасқа, ХУШ-ХІХ ғасырларда Бүқар жырау Қалқаманүлы, Шал Күлекүлы, Дулат Бабатайүлы, Махамбет Өтемісүлы, Шортанбай Қанайүлы, Шернияз Жарылғасүлы сияқты кептеген ақын жыраулар болған. Осылар сияқты ауыз әдебиетіне жататын алуан түрлі көркем әдебиеттік туындылармен қатар Ыбырай, Абай сияқты жазба әдебиет екілдері де, қолжазба түрінде сақталған шежірелер, би-сүлтандардың , хандардың Россия әкімдеріне жазған қатынас қағаздары, XIX ғасырдың соңғы жартысында басылған алуан түрлі тақырыптағы кітапшалар, қиссалар, «Түркістан уалаяты», «Дала уалаяты», «Қазақ» сияқты газеттер болған. Аталғандар сияқты тілдік нүсқалармен бірге бүл дәуірде түркі халықтарын, олардың тілдерін лингвистикалық түрғыда зерттеген кептеген ғылыми еңбектер де жарық корді. Оңдай еңбектер қатарына Европа мен Ресей шығыс зерттеушілерінің сез болып отырған дәуірде: Х^-ХХ ғасырлар арасында, түркі тілдеріне қатысты зерттеулерін жатқызуға болады.
Бақылау сұрақтары:

1. Жаңа түркі дәуірінің өзіндік ерекшелігі.(ХҮ-ХХғғ.)

2. Ең жаңа дәуір.(Қазан төңкерісінен кейінгі кезең)

3. Қазан төңкерісінен кейінгі кезеңдегі тілдегі өзгерістер.(фонетикалық, грамматикалық, лексикалық)


Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Ә.Қайдар, М.Оразов.Түркітануға кіріспе.

2. Отар Әлі Бүркіт. Түркітану.


11-дәріс

Тақырыбы: Түркі тілдерінің классификациясын жасаудың маңызы. Орыс, Европа ғалымдарының классификациялары. Жетістік-кемістіктері.


  1. Түркі тілдерін топтасыруды алғаш ұсынушылар

  2. Орыс ғалымдарының классификациясы

  3. Европа ғалымдарының классификациялары

Түркі тілдерін зерттеудің алғашқы қадамы түркі ғалымы М.Қашқари «Диуаннан» басталады. М.Қашқари фонетиклық, морфологиялық, лексикалық та белгісіне сүйеніп түркі тілдерін оғыз, қыпшақ, түркі деп үш түрге бөледі. Классификацияның бүдан кейінгі түрлері XVIII ғасырдан бастап Ресей, Европа ғалымдарының еңбектерінде кездеседі. Батыс Европа ғалымдары ішінде түркі тілдерін классификациялаумен алғаш айналысқан француз ғалымы А.Ремуза. Ол 1820 жылы түркі тілдерін якут группасы(якут тілі), үйғыр группасы (үйғыр, шағатай, түрікмен), ноғай группасы (татарлар) кырғыз группасы деп 5-ке боледі. Бүл әрине, ғылыми дәлелге негізделген беліс бола алмады. Отандық түркологияда бүл мәселемен Березин И.Н, Радлов В.В., Самойлович А.Н., Корш Ф.Е., Богородицкий т.б. айналысты. Березин И.Н. европа ғалымдарының пікірлеріне талдау жасай келіп, түркі тілдерін қоныс ыңғайына қарай Шығыс группасы немесе шағатай тілдері, оңтүстік группасы немесе татар тілдері, Батыс группасы немесе түрік тілдері деп 3 топқа боледі, түркі тілдерін осы үшеуінің айналасына топтайды. Березин топтауы өз уакытында да, кейінгі кезде де біраз сыналады. Түркологияда жіктеудің едәуір жетілген түрі деп Радлов пен Корштың жіктеулерін атайды. Бүл екеуі- бірін-бірі толықтыратын өзара жақын жіктеулер. Орналасу ыңғайына қарай Радлов түркі тілдерін Шығыс, Батыс, Орта Азия, Оңтүстік деп 4-ке болсе, Корш озінің «Классификация турецких племен по языкам» (1910ж) деп аталатын еңбегінде түркі тілдерін солтүстік, батыс, шығыс, аралас группа деп 4 топқа бөледі. Өз жіктеуінде Корш географиялық, морфологиялық ерекшеліктерді де белгі етёді. Радлов жіктеуінде қазақ тілі батыс группа тілдері тобына қосылса, Корш жіктеуінде ол солтүстік группасына қосылған. Түркологияда кең тарап тәуір аға алған жіктеу Александр Николаевич Самойлович жіктеуі. Ол езінің 1922 жылы «Некоторые дополнения к классификации турецких языков» дейтін еңбегінде озіне дейінгі айтылған пікірлерді жинақтай келіп, түркі тілдерін оларда кездесетін фонетикалық, морфологиялық белгілеріне сүйеніп алты топқа боледі. Және ол белгілерді іріктеп алынған тоғыз, аяқ бау, тау, сары, қалған деген сөздердің әр группаға жататын тілдерде қандай дыбыстың қүрамында айтылатындарына қарай Р группасы, Д группасы, ТАУ группасы, ТАҒЛЫ группасы, ОЛ группасы, ТАҒЛЫҚ деп 6 топқа бөледі. Бүл белісте қазақ тілі ТАУ группасы дегенге жатады. С.Е.Малов тілде кене дыбыстың элементтердің кеп сақталғанына, жаңа элементтің кебірек болуына қарай түркі тілдерін: кене, кенерген, жаңа, жаңарған тілдер деп 4 топқа беледі. С.Е.Маловтың бүл жіктеуі СССР(КСРО) Ғылым академиясының корреспондент мүшесі Б.А.Серебренниковтың «К проблеме классификации тюркских языков» деп аталатын мақаласында біраз сынаған. Бүл ғалым тілді коне, жаңа қүбылыстар қатар емір сүре береді, бірыңғай жуан немесе бірыңғай кене фактілерге қарап оны кене тіл, жаңа фактіге сүйеніп жаңа тіл деп белу дүрыс емес дейді.

Б.Серебренников тілдерді жіктеуде лексикалық белгілердің де мәні ерекше. Бір группаға жататын тілдерде олардың барлығына ортақ сездер мол кездеседі. Сондықтан ондай ортақ сездердің сандық мелшерін, проценттік шамасын айқындау да тілдерді группаға дүрыс жіктеуге зор септігін тигізеді дейді. Ортақ сездердің сандық мелшеріне қарай түркі тілдерін 4 топқа болуге болады. Олар: 1) түрік, әзербайжан, гагауыз, түрікмен; 2)татар, башқүрт, қүмық, ноғай, балқар, езбек, үйғыр; 3)қазақ, қырғыз,

4) Тува, хакас.якут, чуваш

Туыстық жақындығы жағынан талас туғызбайтын, әбден шешілген тілдік группалар қатарына Б.Серебреннитав мыналарды жатқызады: 1)татар. башқүрт, 2) үйғыр, өзбек, 3)түрікмен, азербайжан, түрік, гагауыз 4) хакас, шор,

5) якут, чуваш

Ал қалғандарының 1) қазақ, ноғай, қарақалпак 2) Алтай, қырғыз 3) қараим, қүмық, қарачай-балқар, қырым татары 4) тува, тофа тілдерінің туыстық шамас өлі де зерттей, айқындай түскен жөн дейді.

Талдағанда классификацияларда жеке түркі тілдерінің қай группаға жаткызылатыны женінде бірізділік жоқ. Мыс, Қазақ тілі И.Березин еңбегінде оңтүстік немесе Қыпшақ группасына жатқызылса, В.Радлов, Г.Рамстедт, Бельцинг, Г.Менгес еңбектерінде солтүстік батыс тілдері тобына, С.Малов жаңа түркі тобына, Н.Баскаков Батыс Хун тілдері ішінде қыпшақ-ноғай тілдері тобына қосқан.

Түркі тілдерін классификациялауға байланысты соңғы пікір иесі —Туркия ғалымы Т.Текин. 1976 жылы Алматыда откен Бүкілодақтық II түркологиялык конференцияда сойлеген созінде Текин түркі тілдерін топтауға байланысты езіне дейінгі айтылған пікірлердің қай -қайсысында болса да сәтсіздіктің барлығын айта келіп, оның негізгі себебі, зерттеушілердің түркі тілдерінің олі, тірілерін тегіс қамтып жіктегісі келгендіктерінде екендігін сынай келіп, орхон, коне үйғыр, қыпшақ тілдері жазба ескерткіштерін жіктеуге қоспау керек дейді. Екінші кемшілік-фонетикалық критерий берік, жүйе сақталмайды. Осыларды айта келіп түркі тілдерін фонетикалық белгілеріне сүйеніп бөлуді үсынады.

Керсетілген жіктеулер ішінде кепшіліктен қолдау тауып, жиі қолданылып жүргені -түркі тілдерін сол тілдің иесі болып табылатын халықтардың, этникалық татардың даму тарихына, қандай тайпалық бірліктен тығыз да үзақ байланыста болғанына қарай, яғни қалыптасу, даму тарихына қарай жіктеу принципі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет