ПОӘК 042-14 03 20. 56/03-2011 Басылым №2 30. 09. 2011


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар



бет3/17
Дата31.01.2018
өлшемі4,61 Mb.
#37050
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

  1. Астық түйірі массасының сорбциялық қасиеті?

  2. Сақтау барысында астық түйірі массасына сорбциялық қасиеттің мәні қандай?

  3. Астық түйірі массасының гигроскопиялық қасиеті?

  4. Сақтау барысында астық түйірі массасына үрдістерге әсері мен гигроскопиялық қасиеттің болуы?

Қолданылатын әдебиеттер:

1. В.А. Резчиков, О.Н.Налеев, С.В.Савченко. Технология зерносушения. Учебник. Изд.Алматинский технологический институт. 2000 – 400 стр.

2. Е.М.Бобликов, В.А. Буханцова, Б.К.Маратов. Технология хранения зерна: Учебник для вузов: Издательство «Лань». 2003. – 448с.
13-14 тақырып: Астық түйірлері массасының өздігінен қызуы

Дәріс сұрақтары:



  1. Өздігінен қызудың әртүрлігі

  2. Температураның жоғарлау үрдісінің туындау жағдайы

  3. Өздігінен қызуды тоқтату шаралар

Дәріс мақсаты: Температураның көтерілуі, өзі реттейтін үрдістердің жаратылысы, олармен күресетін заттар

1. Өздігінен қызудың түрлері.

Астық массасының температурасының өздігінен көтерілуін өздігінен қызу деп атайды. Астық массасының өздігінен қызуы – оның физиологиялық және физикалық қасиеттерінің нәтижесі. Астық массасының барлық тірі компоненттерінің тыныс алуы жылуының бөлінуімен сипатталады. Астық массасының нашар жылуы және температура өткізгіштігі бөлінетін жылудың және температураның жоғарлауына әкеп соқтырады. Жаңадан басталған өздігінен қызу өздігінен тоқтамайды, сақтау қоймасында барлық астықтың жарамсыз болуы мүмкін. Астық массасы көп болған сайын, өздігінен тоқтату қауіпті. Өздігінен қызу астықтың массадағы азық-түліктік, тұқымдық, жемдік құндылықтарының төмендеуінен көрінеді.

Өздігінен қызу барлық елдерде астықты сақтау тәжірибесінде байқалады, сондықтан біздің елде де, шет елдерде де бұл жағдай тереңірек қарастырылған. Астық массасындағы жылу бойынша білімнің қайнар көзі , даму мінездемесі және өздігінен қызу үрдістерінің түрлері, астықтың және астық өнімдерінің сапасына әсері, өздігінен қызуға қарсы әдістер белгіленген.



Астық сақтау қоймаларындағы әртүрлі типтегі сақталған астққа көптүрлі бақылаулар қарсыласу заңдылықтарын және өздігінен қызудың даму мінездемесін талқылауға мүмкіндік береді. Өздігінен қызудың түрлері және олардың негізгі пайда болу себептері 1-суретте көрсетілген.



Қуысты өздігінен қызу астық үйіндісінің кез-келген жерінде пайда болуы мүмкін. Ол көбінесе астықтың ылғалдығының теңсіздігінен болады, сақтау кезінде жатып қалғандықтан астықтың ылғалдылығы жоғарлап аймақ пайда болады. Астық үйіндісінің белгілі бір бөлігі дымқылданса және өздігінен қызудың аймағы пайда болса, астық қоймасының шатырында, қабырғасында, еденінде гидроизоляция жетіспеуі болады.

Астық үйіндісінің белгілі аймағында қоспалардың , шаңның, әлі піспеген, көгерген дәннің жиналуы мүмкін. Бұл астық қоймасында астық қоспасының түрі бойынша әр тектілігіне және астық массасының өздігінен сұрыпталуы, әсіресе дұрыс тазаламау кезінде пайда болады. Осындай аймақтардағы астық массасының барлық құрам бөліктерінің интенсивті тыныс алуы жоғары болады да ол қуысты өздігінен қызуға әкеліп соғады.



Қабатты өздігінен қызу тік және көлденең қызған қабатта қайсібір астық қоймасында немесе қойма сыртына жиналған өнімдерде пайда болады немесе вагондарда астық тасымалдау кезінде де пайда болуы мүмкін. Астықтың қызған қабаты үйіндінің периферийлі аудандарында болады: жоғары, төменгі бөлігінде немесе қабырға жанында. Бұл қабаттарға біріншіден сыртқы ауаның температурасы әсер етеді. Үйінднің периферийлі аудандарында температура айырмасы ылғылдың жылы аудандардан суық аудандарғаараласуына жағдай жасайды.

Астық ылғалдылығы жоғарлаған аудандарда температура градиентінің нәтижесінде өздігінен қызуды жоғарғы, төменгі немесе тік қабатты деп бөледі.



Жоғарғы өздігінен қызу. Астық массаларын сақтаған кезде жоғарғы өздігінен қызу күздің аяғында немесе көктемде байқалады. Жоғарғы өздігінен қызуға әсіресе жаңадан жиналған және жеткіліксіз суытылған астық жатады. Мұнда әлі де жеткілікті физиологиялық үрдістер жүреді. Ауа дәнаралық кеңістікткн өтіп біраз уақыттан соң қыза бастайды, дымқылданады және жоғары көтеріледі. Үйіндінің жоғарғы қабатының атмосфералық ауа арқылы суыған кезде онда ылғалдылық жоғарлайды, жылы және дымқыл ауаның конденсациясы болуы мүмкін. Ылғалданған астықтың төменгі бөлігі микроорганизмдердің жетілуіне қолайлы және соңында өздігінен қызуға әкеліп соғады.

Атмосфералық ауаның бірден көктемгі температура айырымы және сақтаудағы астықта өздігінен қызу тіпті құрғақ, ұзақ сақталған астық партияларында пайда болуы мүмкін. Жоғары өздігінен қызу әдетте астықтың 0,5-1,5 метр тереңдікте үйіндінің төменгі қабатында және силостардың түбінде дамиды. Өздігінен қызудың бұл түрі көбіне күзде жаңадан жиналған және жеткіліксіз суытылған астықты еденге төгу кезінде кездеседі. Өздігінен қызу астықты құрғақ жерге төккенде де пайда болады. Астық қабаты суық еденмен жанасқанда температурасы төмендейді, астық үйіндісінде температура градиенті туындайды және ылғалдылық жылы астықтан суық астыққа ауысады. Ылғал астықта және еденде конденсацияланады , ол физиологиялық үрдістердің белсенденуіне әкеледі. Төменгі өздігінен қызу астықтың төменгі қабатында дәннің өніп кетуіне әкеліп соғады.



Төменгі өздігінен қызу элеватордың силостарында да жетілуі мүмкін. Атмосфералық ауаның температурасының төмендеуінен силостың үстіндегі этаждағы құрылысының бәрі суиды, сонымен қоса шығарушы түтіктер, әсіресе металдан жасалған.

Төменгі өздігінен қызу – қабатты өздігінен қызу түрінің ең қауіптісі.



Тік қабатты өздігінен қызу силостарда дамиды, қоймаларда және шанақтарда астық қоймасының қабырғаларының жанында тік қызған қабат түрінде болады. Астық қоймасының қабырғаларының бірінде суық немесе жылы түрде болады, ол астық үйіндісінің температура градиентінің туындауына және ылғлдың суық аудандарға ауысуы болады. Астық қоймасының қабырғаларының бірі күн сәулесінің қызуы арқылы немесе көрші қызып жатқан силостьарда температур айырымы болады. Қыс немесе күз кезеңдерінде атмосфералық ауа арқылы сыртқы қабырғалардың сууы да тік қабатты өздігінен қызуды болдырады. Осындай себептер және өздігінен қызудың түрлері металды астық қоймасының силостарындағы астыққа тән қасиеттер. Тік қабатты өздігінен қызудың себебі болып силостар мен қоймалардың қабырғаларының гидроизоляциясының жетіспеуінен болуы мүмкі, одан қабырғалар дымқылданады.

Тұтас өздігінен қызу кезінде барлық астық массасы қызиды, тіпті перийферийлі аудандарға дейін. Кей-кезде астық сақтау кезінде жоғарғы ылғалдылықтың нәтижесінде өздігінен немесе қоспалардың көптігінен және пісіп жетілмеген дәндер болған кезде өздігінен қызу дамиды. Мұндай астық түйірін сақтау кезінде тұрақсыз, интенсивті физиологиялық үрдістер астықтың барлық массасында жүреді, және аз уақыт ішінде өздігінен қызу жетіледі.

Кейде тұтас өздігінен қызудың себептері болып қуысты және қабатты өздігінен қызудың ликвидиация әдісін дұрыс қолданбағаннан болады. Мысалы, белсенді желдету кезінде меншікті ауаның жетіспеуінен болады.



А.А.Трисвятскийдің айтуы бойынша өздігінен қызу үрдісінің дамуында микроорганизмдер басты роль атқарады, бұл оның берілгендерін жақсы қолдайды, 2- кестеде берілген. Жоғарғы интенсивті тыныс алумен қамсыздандырылған, олар 5-10% жылу энергиясының тыныс алу кезіндегі бөліп шығару кезінде ғана қолданылады.

Гидролитикалық үрдіс нәтижесіндегі астықтың өзінің энегиясы бөліп шығаруы және өніп кету кезінде тыныс алуы олар көбінесе жасушалардың дамуы үрдісінде, өсіндіде қолданылады. Көп ретті зерттеулердің нәтижесінде микроорганизмдерді астық массасындағы жылудың пайда болуының қайнар көзі деп дәлелденген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет