ПОӘК 042-14 05 20. 56/03- 2011 №2басылым 30. 09. 11ж 100беттің 1-сі


Анемометрдің қысқаша классификациясы



бет4/14
Дата28.01.2018
өлшемі13,51 Mb.
#34632
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Анемометрдің қысқаша классификациясы

Өлшеуіш құрал ретінде анемометрдің 2 негізгі бөлігі бар:

-Қабылдаушы құрылғы (анемометрдің сезімтал элементі, анемометрдің 1 – ші жасаушысы);

-2 – ші жасаушы (механикалық, пневматикалық немесе электронды блогы);



Анемометрдің топқа бөлінуі:

  • Тоқтатылатын немесе динамометриялық анемометр (Пито – Прандтля түтігі);

  • Торсылдақты анемометр;

  • Жылу анемометрі (термоанемометр);

  • Дауылды анемометр;

  • Ультрадыбысты анемометр (аккустикалық анемометр);

  • Оптикалық анемометр (лазерлі, доплерлі анемометр).

Ресейлік және шет елдік электронды анемометр

Ресейлік өндірушілердің анемометрі

  • Анемометр АНА-1 ... аккустикалық анемометр,

  • Анемометр МЭС-200Ех ... термоанемометр,

  • Анемометр ИСП - МГ4 ... қанатты анемометр

  • Анемометр АМС – 02 ... кеселі анемометр

  • Анемометр ГАММ – 20 ... термоанемометр

Анемометр ИСП-МГ4

Анемометр ИСП-МГ4 – автономды қорегі бар қанатты түрдегі сандық портатипті анемометр түрі. Ол өндірістік және азаматтық мекемелердің, метрополитен тоннельдердің вентиляциялық және кондиционерлік жүйелеріндегі бағытталған ауа ағымының орта жылдамдығы мен оның температурасын өлшеу үшін, барлық саладағы кәсіпорынның, құрылыстың және ауыл шаруашылығының вентиляциялық жүйелерін жобалау мен жөндеу үшін қолданылады.



Анемометр ИСП-МГ4 Ресейдің Мемлекетті өлшем құралдары реестіріне енгізілді және сертификатталды. Анемометр ИСП-МГ4 қолдық нұсқада немесе стационарлық іште де, сыртта да ауаның вентиляциялық және кондиционерлік жүйелерін жобалау мен жөндеу кезінде ауа ағымының жылдамдығын және оның темпе-ратурасын өлшеу үшін, сондай-ақ ғылыми-зерттеу жұмыстары мен метеорологиялық бақылау жүргізуде қолданылады. Анемометр ИСП-МГ4 Мемсанэпидқадағалау (Госсанэпиднадзор) қызметі мен еңбекті қорғауы бойынша зертханаларда комплектілеуге ұсынылуы мумкін.

Анемометр ИСП-МГ4-ң өлшеудің үлкен диапозоны бар, жұмыста сенімді және қолдануға қолайлы болып келеді, жоғары дәлдігі мен жұмыс істеу мерзімінің ұзақтылығымен ерекшеленеді. Бір уақытта автоматты режимде жылдамдық пен ауа ағымының температурасын қадағалап және әр түрлі климаттық және өндірістік жағдайларда метеорологиялық бақылау жасауға мүмкіндік береді.

Анемометр ИСП-МГ4 Ресейдің, сондай-ақ Украина, Белоруссия және Қазақстанның аудандарында көптеген ғылыми, өндірістік және құрылыстық кәсіпорындарында жақсы жұмыс істейді.
Өзін тексеруге арналған сұрақтар:

1.   Анемометр нені өлшейтін аспап және оларды тағы қандай мақсатқа пайдаланады ?

2. Анемометр аспаптары қандай топтарға бөлінеді?

3.  Анемометр ИСП-МГ4 аспабын қандай сааларда қолданады ?

4.  Аспаптардың жұмыс істеу принципі қандай ?

Оқулықтар мен қосымша әдебиеттер:

1, 2, 8,11.


Д-7. Атмосфералық ауа көрсеткіштерін бақылауға арналған аспаптар

Қарастырылатын сұрақтар.

1.Аспаптардың жіктелуі.

2. Аспаптардың әрекет принципі.

1.Газ құрамын өлшейтін аспапты газоанализаторлар деп атаймыз.Газоанализаторлар зат мөлшерін немесегазды ортадағы компоненттарды өлшеу, ақпараттын алу үшін қолданылған аспаптар. Газоанализаторлар датчиктен тұрады, соның көмегімен өлшенген компонент электрлік дабылға (сигналға) түрленеді. Газоанализаторлар күкірт және көмір қышқылының концетрациясын, кептіру, пісіру камераларында газды ортадағы құрамын бақылау, ағынды газдардың анализдерінің әртүрлі жанармайларды жағу үшін кеңінен қолданылады. Сонымен бірге өндірісте және бөлмелерде газдың жиналған кезде өрт – жарылысын болдырмау, қоршаған ортаны қорғау – күкірт сутегі, күкірт диоксиді SO2, көмір оксиді CO, көмір диоксиді CO2 шекті мән концентрациясын бақылауға қолданылады.

Газ қоспаларын және газ құрамындарының көптігінен газоанализа-торлардың номенклатурасы өте көп. Оларға қойылатын талаптар: дәлдігі және өлшеу сезімталдығы жоғары болу.



Функционалдық бағыты бойынша автоматты және жартылай автоматты газоанализатор екі үлкен топқа жіктеледі: өндірісті және зертханалық.

Жұмыстың режимі бойынша: үзілісіз және циклдік (белгілі уақыт аралығында). Газоанализатордың әрекет принципі бойынша: механикалық, жылулық, магнитті, электрохимиялық, оптикалық.

Механикалық газоанализаторларбақыланатын газ қоспасының қасиетін немесе молекулалы – механикалық параметр жағдайын өлшеуге негізделген.Қазіргі жағдайда тамақ өнеркәсібінде көлемді – жұтылатын, химиялық газоанализаторлар кең тараған.

Жылулық газоанализатор бақыланатын газ қоспасының қысым дәлдігіне тәуелді емес, көп мөлшерді газдың пробасы үзіліссіз өлшеуді талап етпейді. Жіктеледі: термокондуктометрлік, термохимиялық газоанализаторлар.

Термокондуктометрлік газоанализатор бірнеше газ компоненттерінің жылу өткізгіштігінің айырмасына негізделген. Бақыланатын газ қоспасы белгілі қоспа құрамының жылу өткізгіштік эталонымен салыстырылады.

Термохимиялық газоанализатор газ қоспасының анализ құрамында метан, эфир, сутегі, спирт буы, бензин және басқа жанармайлар немесе жарылғыш компоненттер үшін арналған.

Магнитті газоанализатор әртүрлі газ қоспасындағы оттегі концентрациясын анықтау үшін қолданылады.

Электрохимиялық газоанализатор бақыланатын газ қоспасының компонент әрекетімен электролитте өтетін электрохимиялық реакция қолдануына негізделген. Бақыланатын компонентің сезімталдық шегі және жоғары таңдаудың айырмашылығы 1*10-6% құрайды. Жіктеледі:кулонометриялық, полярографиялық газоанализаторлар.

Кулонометриялық, газоанализатордың негізінде бақыланатын заттың электролизінде жүйе арқылы өтетін электр мөлшері немесе тоқ күшінің арасындағы тікелей пропорционалға тәуелді. Газоанализаторлардың әрекет принципі өндіріс бөлмесіндегі ауаны немесе бақыланатын газ қоспасындағы күкірттің аз концентрация қосылысын анықтау үшін қолданылады.

Полярографиялық газоанализатор электролит арқылы үзілісіз ұрдейтін, бақыланатын газды заттың мөлшері қысымға тура пропорционал, электрохимиялық активті заттың құрамында электролиздің электролитіне негізделген.

Оптикалық газоанализатор бақыланатын газ қоспасының концентрациясынан анықталған компонент оптикалық қасиетінің өзгеру тәуелділігін қолдануға негізделген. Оптикалық газоанализаторлар кеңінен қолданылады: инфрақызыл, ультракүлгін, фотоколориметриялық.

Ифрақызыл газоанализатор бақыланатын газдың инфрақызыл сәулені жұту дәрежесінің өзгеруіне негізделген.

Ультракүлгін газоанализатор құрамында хлор, сынап буы, бензол және басқа газдарды өлшеу үшін қолданылады. Бақыланатын газдың ультракүлгін сәуле жұтылуын өлшеуге негізделген.

Фотоколориметриялық газоанализатор арнайы реактив түрлі түсті реакциямен қосылатын әртүрлі газдардың микроконцентрациясын анықтау үшін қолданылады. Аспаптың әрекеті жарық ағынының эталон шамасы, аспаптың боялған, шағылысу нәтижесі жарық ағынның шамасын салыстыруға негізделген. Концентрациядан анықталған компонент газ қоспасынан таңдалған реакция анықталған компонент, реактивпен сіңірген лентадағы бояу қарқындылығының дағы тікелей анықталады. Фотоколориметриялық әдіс өндіріс бөлмесіндегі ауаны және H2S, NO, NO2, SO2, Cl2 үлкен емесмөлшердегіқоспаны анықтау үшін қолданылады.

2. Аспаптардың әрекет принципі.

Инфралит 8 газоанализаторы, ол инфрақызыл сәуле шығарудың жұтылу тәсілі бойынша жұмыс істейді.

Ол автокөліктердің шығару газдарына әдейі арналған газ қоспаларындағы СО-ның болуының үздіксіз санын анықтау үшін керек. Өлшеу аппараты СО-ң өлшеу диапазоны бойынша 0 ден 10% дейін жұмыс істейді.

1.2. Өлшеу принципі

Инфралит 8-ң өлшеу принципі инфрақызыл сәулелердің жұтылу принципіне негізделген. Ол өлшеуші газбен толтырылған сәуле шығару қабылдағышы жұмыс істейтін екісәулелі аппаратта орындалады.

Газ жұмыс камерасына /6/ өлшеуіш кюветі арқылы өтеді. Салыстыру камерасы /7/ /N2/ инертті газбен толтырылып жабдықталған.

Осы жағдаймен инфрақызыл сәуле шығарудың жұтылуы тек өлшеуіш кюветінде ғана орындалады. Осы жұтылу салдарынан /11/ сәуле қабылдағыштарда температура өзгерісі және жабық жүйе болғандықтанқысым өлшемі өзгерісі туындайды. Оның салдарынан сәуле қабылдағыш камералардың арасында орналасқан мембралық конденсатор /12/ өзінің көлемін өзгертеді.

Өлшеуіш аппаратының жұмыс істеу принципі мен газдың дайын болуы 2-суретте көрсетілген.

Өлшеу тәсіліне сипатталатын температурадан болған тәуелділік толықтыру арқылы жойылады. Бұл температураны толықтырушы температурасы +5 тен 40ºC-ға дейін болатын диапазонның температурасының төмендеуіне кедергі болады.
1.3. Техникалық мәліметтер

Өлшеуіш диапазоны: 0 ден 10 об. % СО

Көмекші энергия: 220в +10%-15%

50гц ± 2%

40 ват

Газдың қосылуы: Өлшеуіш газ зонд және фильтрі бар конденсат бөлгіші



арқылы сорылады және құралдын екінші жағына шығады.

Құрал ішінде өлшеуіш газ қорғаныш фильтрі және өлшеуіш кювет /6/ екінші жағына өтеді.

Насос: ≥120л/сағ

Масса: 14 кг

Габариттер: ұзындығы 367 мм

ені 308 мм

биіктігі 182 мм

Жұмыс температурасы: +5ºC дан +40ºC-дейін

Уақыт /95% уақтылы/: 3м шлангы, конденсатты бөлгіш және қорғаныш фильтрі ≤сек.

Шығу белгісі: 0 ден 20 ма /унифицированный ток/

Кнопканы /32/ басқаннан кейін диод буксасы /33/ арқылы алынады.

Шығу белгісінің үстемесі: 0 ден 500 ом

Қорғаныс дәрежесі: ИП 20

Индикация қателігі: ±2,5




Өзін тексеруге арналған сұрақтар:

1.  Ауа құрамындағы заттарды анықтайтын Газоанализаторлар қалай жіктеледі ?

2. Инфралит 8 газоанализаторының құрылысы неден тұрады?

3.  Инфралит 8 газоанализаторының техникалық сипаттамасы қандай?

4.  Аспаптардың жұмыс істеу принципі неге негізделген. ?

Оқулықтар мен қосымша әдебиеттер:

1, 2, 4, 5.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет