ПОӘК 042-18-16 13/03-2013 №1 басылым 18. 09. 2013 ж


Пайдаланылатын әдебиеттер



бет6/6
Дата08.09.2017
өлшемі1,22 Mb.
#30689
1   2   3   4   5   6

Пайдаланылатын әдебиеттер:

  1. Самыгин С.И.,Столяренко Л.Д. Психология управления. – Ростов – на – Дону, 2008 ;

  2. Власова Н. Справочник по психологии управления.Новосибирск,1994

  3. Кабаченко Т.С. Психология управления.М.,1997

  4. Обозов Н.Н. Психология менеджмента. С-пб.1994

  5. Розанова В.А. Психология управления. М.,1997

  6. Свенцицкий А.Л. Социальная психология управления. М.,1986

  7. Панасюк А.Ю. Управленческое общение.М.,1990

  8. Саймон Г.,Смитбург Д.Менеджмент в организациях.М.,1995

14 семинар сабағы. Кадрларды іріктеу бағалаудың психологиялық аспектілері



Мақсаты: Кадр процесі құрылымында персоналды бағалау проблемасы негізінде кадрлармен жұмыс істеу және оның міндеттерін шешідегі қазіргі концепцияларын таңдау.

14 практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқау Бағынушылар карьеларын жоспарлау тұлғаның кәсіби даму талабы, кадрлармен жұмыс істеу мәселесі бойынша әдеби шолу жасаңыз?



Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Кадрлармен жұмыс істеу басқарудың бөлімі ретінде

  2. Кадр процесі құрылымында персоналды бағалау проблемасы

  3. Кадрлар міндеттерін шешудегі қазіргі концепциялар

  4. Бағынушылар карьеларын жоспарлау тұлғаның кәсіби даму талабы ретінде

Пайдаланылатын әдебиеттер:

  1. Самыгин С.И.,Столяренко Л.Д. Психология управления. – Ростов – на – Дону, 2008 ;

  2. Власова Н. Справочник по психологии управления.Новосибирск,1994

  3. Кабаченко Т.С. Психология управления.М.,1997

  4. Обозов Н.Н. Психология менеджмента. С-пб.1994

  5. Розанова В.А. Психология управления. М.,1997

  6. Свенцицкий А.Л. Социальная психология управления. М.,1986

  7. Панасюк А.Ю. Управленческое общение.М.,1990

  8. Саймон Г.,Смитбург Д.Менеджмент в организациях.М.,1995

15 семинар сабағы. Кадрлық процестің ортаңғы элементі - басшыны бағалау процедурасы



Мақсаты: Басшыны бағалау ұғымын айқындау, оның барысын (процедурасын) анықтау, басшыны бағалау процедурасының қажеттілігін көрсету.

15 практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқау басшының профессиограммасы, оның іс-әрекетінің тиімділігінің критерийлерінің түрлері, оның ұйымдастырушылық қабілеттері, Б.М.Тепловтың екі факторлы моделін талдаңыз, салыстырмалы анализ жүргізіңіз.



Талқылауға арналған сұрақтар:

1. Басшының профессиограммасы

2. Басшының іс-әрекетінің тиімділігінің критериларының түрлері және оның ұйымдастырушылық қабілеттері

3. Б.М.Тепловтың екі факторлы моделі – басқару тиімділігің бағалау жүйесі ретінде



Пайдаланылатын әдебиеттер:

  1. Самыгин С.И.,Столяренко Л.Д. Психология управления. – Ростов – на – Дону, 2008 ;

  2. Власова Н. Справочник по психологии управления.Новосибирск,1994

  3. Кабаченко Т.С. Психология управления.М.,1997

  4. Обозов Н.Н. Психология менеджмента. С-пб.1994

  5. Розанова В.А. Психология управления. М.,1997

  6. Свенцицкий А.Л. Социальная психология управления. М.,1986

  7. Панасюк А.Ю. Управленческое общение.М.,1990

  8. Саймон Г.,Смитбург Д.Менеджмент в организациях.М.,1995


4 СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ
4.1. СӨЖ және СӨЖО тапсырмаларын орындауға әдістемелік нұсқау

Студенттің өздік жұмысы (СӨЖ) олардың индивидуалды және топпен оқу әрекетінің көптеген түрлері кіреді, бұлар оқытушының көмегінсіз іске асады (немесе жартылай көмегі, егерде өздік жұмысы аудиторияда орындалса).

Өздік жұмысының маңыздылығы оқытыушының көмегінсіз, студенттің міндетті түрде қатысуы мен, алынған ақпаратты білімде қолдану оның қандай да бір іс-әрекетте қолданылуынан тұрады.

СӨЖ– өзінің білімін жетілдіру әдісі, оқытудағы әртүрлі әдістермен дедактикалық байланысы. Студент өздік жұмысы процесінде белсенді шығармашылық жеке тұлға ретінде көрінеді, өзінің мәдениетін таратушы, бағдарын,болашақ мамандыққа көрсетеді.
І. Берілген тақырыпты конспектілеу.

Негізгі талаптар:


  1. Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға талпыну.

  2. Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол бермеу.

  3. Міндетті түрде жоспар болуы және тақырып мазмұнын жоспарға сай рет-ретімен жүйелі баяндауы қажет.

  4. Жұмыс түсінікті, мағыналы, орамды тілмен жазыдуы тиіс.

  5. Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау.


Реферат жазуда не ескеріледі?

  1. Таңдап алған рефераттың тақырыбына қатысты студент кішігірім зерттеулер жасайды. Студен осы алғашқы ғылыми жұмысқа байланысты мәселелерге орай қажетті әдебиеттерге шолу жасаудан бастайды.

  2. Керек жағдайларда оқытушымен кездесіп, керекті кеңестеп алғаны абзал.

  3. Реферат жазуда студен негізгі мәселені ажыратуға, тақырыптардың өзара сабақтастығын тануға дағдыланады.

  4. Фактілер, фактілік материалдарды іріктеу және жинақтау негізінде таблицалар, графиктер, схемалар жасалады.

  5. Пайдаланған деректер, материалдар, әдебиеттердің тізімін, қайдан алғанын (сілтеме) қайда, қашан, қандай баспадан жарық көргенін көрсетуі қажет.

  6. Студенттің жазған рефераты аудиторияда талқыланады. Ең алдымен оқытушы қысқаша реферат тақырыбымен, негізгі идеясымен таныстырады. Тақырыпты зерттеуші студен реферат мазмұнын аудиторияда баяндайды, сұрақтарға жауап береді.

Жұмыстың мұндай түрі, формасы, нұсқасы студенттердің танымдық белсенділігін арттырып, алдағы ізденіске құлшындырады.

Рефератты талқылау – шығармашылық жұмыстың бір көрінісі, яғни білімділік, қызығушылық тұрғысынан және тәрбиелік мән-мазмұны зор әрекет, жұмыс. Бұл кезде сөйлеушілер негізгі мәселеден ауытқымай, нақты, тұжырымды ой айтуға көңіл бөлуі тиіс.

Рефератты талқылып, қорытындысын шығару – маңызы зор жауапты сәт, белгілі бір тақырып төңірегінде ғылыми дәйекті тұжырымдар жасап үйрену. Соңында оқытушы реферат жазған студенттің, пікір айтушылардың сөздерін жинақтап, қажетті толықтырулар енгізеді, мәселенің түсініксіз тұстарын анықтап, түзетулер жасайды, толықтырады, өзгертеді.
Студенттердің өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер (нұсқаулар)

1. Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б. ) ие болу керек.

2. Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану.

3. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек.

4.Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі адамдардан, кітапханалардан ақыл-кеңес алудың пайдасы зор.

5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн.

6. Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет.

7. Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек.


Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар.

    • Жұмыстың көлемін шамадан тыс асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл аудару;

    • Студенттердің өздік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра білу;

    • Студенттердің дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту;

    • Өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу;

    • Студенттерді табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын, сонымен қатар нақты фактілер мен құбылыстарды өздігінен талдап түсінуге үйрету;

    • Студенттердің алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру;

    • Студенттерді оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, әр уақытта дербес және белсенді әрекет жасауға баулу;

    • Студенттердің өздігінен дербес жұмыс істеу, еңбек ету дағдыларын қалыптастыру.


4.2.1.СӨЖ тақырыптарының тізімі


1.Қоғам өмірінде басқарудың атқаратын ролі

2.Ф.У.Тейлор бойынша басқарудың негізгі принциптері

3.Мекеме және басқару туралы қазіргі ойлар

4.Мекемедегі бағынудағы линейлі, функционалды, штатты және матрицалық ерекшеліктері

5.Басқарудағы ұжым мәселесі

6.Біріккен іс-әрекет – мекемені қалыптастырушы фактор ретінде

7.Бағынушыларың мотивациясына әсер ете алу әдістері

8.«Физиогномикалық редукция» механизмдері, каузалды атрибуция, идентификация, стереотипизация

9.Басшы бағыты және басқару стилі

10.Басқарудағы шешім қабылдау

11.Басқарудағы шешім қабылдау әдістері

12.Кадрлар міндеттерін шешудегі қазіргі концепциялар

13.Басшының профессиограммасы

14.Мекеме құрылымы ретінде

15. Басшы жұмысының тиімділігін бағалаудың психологиялық жүйесі

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет