ПОӘК 042-18-16 32/03-2013 Баспа №1 13. 09. 13


Өзін-өзі тексеру сұрақтары



бет4/7
Дата04.11.2016
өлшемі1,32 Mb.
#181
1   2   3   4   5   6   7

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Жасөспірімдік қылмыстың сипаттамасы

2. Жасөспірімдік қылмыстың шығу себептері.

3. Жасөспірімдер қылмыстық әрекетінің мотивациясы

4. Жасөспірімдердің қылмыстық әрекетін алдын алу шаралары
9 Дәріс: Әйелдер қылмыстық әрекеті


  1. Әйелдердің қылмыс жасау себептері.

  2. Эмоционалдық тәуелділіктен құтылу.

Әйелдердің қоғамдық өмірдің үлкен алаңына шығуы, яғни, олардың көптеген қызмет аясындағы кенеттен өскен әлеуметтік белсенділігі «мемлекеттік мүлікті ұрлау», «пара алу», «тұтынушыларды алдау» т.с.с. қылмыстар санының көбеюіне әкеліп соқты. Олардың көпшілігі қоғамдық тамақтандыру, сауда-саттық, денсаулық сақтау мен білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру саласында жұмыс істейді. Аталған қызмет саласында жұмысшылардың негізгі санын құрай отырып, олар материалдық құндылықтарға еркін түрде қол жеткізеді. Мұндай қылмысқа әйелдер тек жанұясы мен балалары үшін барады, бірақ кейбір зерттеулер мұндай әрекеттерге ауыр материалдық жағдай немесе мұқтаждық қана емес, «менде бола берсе екен» деген құнығушылық итермелейтіні көрсетеді. Кәмелетке толмаған жас қыздардың қылмыстық әркеттері алаңдатарлық халде, олардың жасайтын қылмыстының жартысынан көбін ұрлық құрайды, сонымен қатар зорлық пен пайдакүнемдік сипаттағы, кісі өлтіру, қарақшылық, тонау, бұзақылық секілді қылмыстар салмақты орынды алып отыр. Мұнда кәмелетке толмаған қыздар жеңіл жолмен байып кетуді, әлеуметтік сатының ең жоғарғы дәрежесіне жетуді көздейді. Алайда, құқыққа қайшы әдістер арқылы мұндай мақсатқа жету ешқашан да қоғамдық қолдауды таппайды.


Жеткілікті түрде қамтамасыз етілмеген отбасында тәрбиеленіп жатқан бойжеткендердің құнды игіліктерге қол жеткізуі өте қиын екені баршамызға мәлім. Сондықтан да әрқашан тұрмыстық қысымда болу сезімі – оларды ұрлық пен тонау қылмысын жасауға, жезөкшелікпен айналысуға итермелейді.
Әйелдер қылмыстылығын қоғам өмірінен тыс қарастыруға болмайды, себебі бұл қылмыстылықтың себептері осы өмірдің бір бөлігін құрайды. Ер адамдарға қарағанда, әйелдер жағымсыз мән-жайлардың торына тез түсіп, өмір сүру жағдайының теріс жаққа бет бұруын көп көтере алмайды. «Адам қайғысы – заман қайғысы» деп атам қазақ тегін айтпаған, сондықтан әйел адамдарға әлеуметтік жағынан қолдау көрсету басты міндеттеріміздің бірі деген ойдамыз.
Нәзік жандылардың барлық жағдайларда да қолы бос болмауына байланысты туындайтын қайшылықтарға да тоқталып өту керек, яғни, бұл әйелдердің өндірістегі және үй тұрмысындағы жұмыстарының қарбалас келуі. Үйіндегі еңбегі мен өнеркәсіптегі жұмысы ресми түрде тең деп танылғанымен, сонда да соңғысы бағаланады. Сондықтан, әйелдің кәсіби қызметін атқаруы мен үйдегі және бала-шағасының алдындағы міндеттерін орындауының қарбалас, қатар келуі үнемі қайталанатын болса, бұл жағымсыз салдарға әкеліп соғуы мүмкін, яғни, әйел адам шамадан тыс жұмыс істегендіктен, ол өзін шаршаңқы сезініп, жүйке жүйесі бұзылады. Осының салдарынан отбасы мен балалары оның ашу-ызасын келтіріп, кейін ол өз жанұясын өзінің қиыншылықтары үшін кінәлай бастайды.
Сонымен қатар, әйел қылмысының себепті заңдылығын экономикалық тұрғыдан болатын тежеулерден көруге болады. Ерлерге қарағанда, әйелдердің айлық жалақысы әлі де төмен. Осы және басқа да факторлар міндетті түрде отбасы жағдайының нашарлауына алып келеді, сөйтіп бірте-бірте әйел адамның өзінің, балалары мен жақындарының тағдыры үшін ішінен қобалжи бастауы, мазасыздануы байқалады. Ал мұның өзі қылмысты тудыратын жайға айналуы мүмкін.

Қылмыстық әрекеттердің себеп-салдары жөнінде ғалымдар әралуан пікірде. М.Н.Гернеттің көптеген еңбектерінде ер адамдар қылмысы мен әйел қылмысының арасындағы өзгешеліктерге көңіл бөлінген. Оның айтуы бойынша, неғұрлым әйелдің жағдайы ерлердің жағдайынан төмен болып өзгешеленетін болса, соғұрлым әйел қылмысы көбірек болады, ал егер қылмыс мөлшері тепе-теңдікте болса, мұндай қоғамға қайшы құбылыстың саны азаяды. Ал, Ломброзоның пікірінше, әйел ағзасының даму дәрежесі ер адамға қарағанда төмен болғандықтан, әйелдер қылмыс жасауға бейімдірек болады деген. Ломброзоның ізбасарының бірі П.Н. Тарновская да адамның қылмыс жасауы биологиялық ауытқуларға байланысты деген тұжырымдарын қолдаған. Бірақ кейін өмір сүру жағдайының нашарлығы, нашар үлгі мен сапасыз тәлім-тәрбие деген себепті мән- жайларды жоғары бағалаған.


XX ғасырдың басында басып шығарылған көптеген әдебиеттерде қылмыс түрлері мен әйел жасының арақатынасы жөніндегі мәліметтерді атап көрсететін болсақ, бұрын 18-21 жас аралығындағы қыз-келіншектер ұрлықтың жай және сараланған түрін, ысырап етушілікті, алдап арбауды жиі жасаған, 30-40 жас аралығындағылар жеңіл және ауыр дене жарақатын келтірумен ұштасқан қылмыстарды, бөтеннің мүлкін қасақана түрде жою және т.с.с. қылмыстарды істеген. Ал елу жастың айналасындағылардың көбі жеңгетайлықпен айналысқан. Дегенмен де, заман өзгерген сайын қоғамдағы заң мен тәртіп те өзгеретіні анық. Бұған дәлел, әйелдердің қоғамдағы әлеуметтік белсенділігі мен мемлекеттік қызметке араласа бастауы себеп болған.
Осыған сәйкес, әйелдердің пайкүнемдік мақсатпен жасалатын қылмыстарын зерттеп өткен В.А.Серебрякованың пікірімен келіспеуге болмайды. Оның пайымдауынша, қылмыстылықты жыныс бойынша ажыратқан кезде ер адамдар мен әйелдердің әрекеттерін айқындайтын, оларға әсер ететін әлеуеттік факторларға терең түрде көңіл бөлу керек. «Себебі, ер адам мен әйел формальді түрде тең құқықты болғанымен, әйел жағдайында уақыт таразысына орай белгілі бір ерекшеліктер байқалады. Ең алдымен әйел адамның көбінесе өндіріске, тұрмысқа берілгендігі, ер адамдармен салыстырғанда әйел адамның біліктілігін жоғарылату деңгейінің төмендігі т.с.с. Аталған мән-жайлар әйел адамның белсенділік дәрежесін анықтайды, олар әйелдің мінез-құлқына, сонымен қатар қоғамға қарсы мінез-құлық нысандарына да әсер етеді». Әйелдер тарапынан жасалынатын кісі өлтіру қылмысына ерекше көңіл бөліну керек. П.Н. Тарновская өзінің зерттеулеріне сәйкес барлық кісі өлтіруші әйелдерді екі топқа бөлген: бірінші топқа кенеттен сезімінің оянуынан немесе қызба мінезінен кісі өлтіретін әйелдер жатқызылған, яғни, оларға жыныстық сана сезім мен ана махаббаты салдарынан, пайдакүнемдік пен қызғаншақтықтан, кек алушылық пен жек көрушіліктен қылмыс жасайтын әйелдерді жатқызамыз. Ал, екінші топқа айналасындағыны ұғыну қабілетінің жетілмегендігінен кісі өлтіретіндер, яғни, көңіл қанағатының жеткіліксіздігіне, жыныстық жағынан болатын ауытқуларға байланысты, сонымен қатар, жүйке жүйесі ауыратын әйелдер жатқызылған. Нәрестесін өлтіру қылмысы да көптен бері көпшіліктің назарын аударып жүрген мәселелердің бірі. Әдетте, өзінің жаңа туған нәрестесін өлтірген әйел ерекше психикалық жағдайда болады. Мұндай ауыр қылмысқа көбінесе отбасы мен тұрғылықты мекен-жайы жоқ, материалдық жағдайы өте төмен қыз-келіншектер барады. Алайда, жоғарыда аталған себеппен шектеліп қалуға болмайды, себебі қазіргі кезде жыныстық қатынастың орынсыз босаңсып, ашық түрде орын алуынан қалада болсын, ауылда болсын некесіз жүкті болу санының артуына әкеліп соғып отыр. Қалада аборт жасау мүмкіндігі артық болғандықтан, қалалық әйелдер абортқа жүгіну арқылы өз проблемаларын шешеді. Ал, аборт жасауға мүмкіндігі жоқ кейбір қыз-келіншектер нәрестесін өз қолымен өлтіруге дейін барады. Сондықтан, өз баласын өзі өлтірген әйелдерді қатаң түрде жазалаудан бұрын ол осы ауыр қылмысқа қалай барғанын анықтап, оны терең зерттей талдап психологиялық-психиатриялық сараптама жүргізу керек.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Әйелдер қылмысының мотивациясы

2. Әйелдер қылмыстық әрекетінің өзіндік ерекшеліктері.

3. Әйелдердің қылмыстық жазаларын өтеу жолдары


10 Дәріс: Адвокат психологиясы

  1. Адвокатураның мақсаты мен адвокаттық қызмет туралы заңдар.

  2. Адвокаттың құқықтары мен міндеттері.

  3. Адвокаттың кәсіби мінез-құлық нормалары


Адвокатураның мақсаты Қазақстан Республикасындағы адвокатура адамның құықтарын, бостандықтарын сотта қорғауға және білікті заң көмегімен алуға мемлекет кепілдік берген және ҚР Конституциясымен баянды етілген құқығын жүзеге асыруға жәрдемдесуге арналған. Адвокатура қылмыстық істер бойынша қорғау, азаматтық, әкімшілік, қылмыстық және басқа да істер бойынша өкілдік ету, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау іске асыруға жәрдемдесу мақсатында заң көлемінің өзге де түрлерін көрсету жөніндегі адвокаттардың қызметін ұйымдастырады. Адвокаттық қызмет шеңберінде адвокаттар көрсететін заң көмегі кәсіпкері қызмет болып табылмайды.

Адвокаттық қызмет туралы заңдар осы Заңнан және адвокаттық қызметті реттейтін өзге де заңдардан тұрады. Жеке және заңды тұлғалардың істері бойынша қорғау мен өкілдік етуді жүзеге асырған кездегі адвокаттардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттері ҚР заң актілерінде белгіленеді. Адвокатураның ұйымдастыруы мен қызметінің принциптері. Адвокатура ұйымдастыруы мен қызметі:

І. Адвокаттардың өз қызметін жүзеге асыру кезіндегі тәуелсіздігі;

ІІ. Адвокаттық қызметті заңдарда тыйым салынбаған әдістерін және құралдармен жүзеге асыру;

ІІІ. Заң актілерінде тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, прокуратура, соттар, анықтау және алдын ала тергеу органдары, басқа мемлекеттік органдар, өзге ұйымдар тарапынан адвокаттардың қызметіне араласуға жол бермеу

ІV. Кәсіби мінез-құлық нормаларын ұстану және адвокаттық құпияны сақтау принциптеріне негізделеді.

Адвокаттар көрсететін заң көмегінің түрлері. Заң көмегін көрсете отырып, адвокаттар:

- Заң көмігінің шешілуі кәсіби заң білімдерін қажет ететін мәселелер бойынша консультациялар, түсіндірмелер, кеңестер мен жазбаша қорытындылар береді;

- Талап қою арыздарын, шағымдар мен құқықтық сипаттағы басқа құжаттарды жасайды;

- Анықтау, алдын ала тергеу органдарында, мемлекеттік және өзге де органдарда, ұйымдарда және азаматтармен қарым-қатынастарда жеке және заңды тұлғалардың өкілдігі мен олардың қорғауды жүзеге асырады;

- Көмек сұрап келген адам адвокатты таңдап алуға ерікті, бұған адвокат оған тегін заң көмегін көрсету үшін /осы Заңның 6-шы бабы/ сондай-ақ, егер қорғалушы өзіне адвокат таңдап алмаса немесе таңдалмаса, оның қатысуы міндетті болатын қылмыстық істер бойынша қорғаушы ретінде тағайындалатын жағдайлар қосылмайды.

- Адвокаттар заңдарда тыйым салынбаған өзге де заң көмегін көрсетеді;

- Қылмыстық істер жөніндегі кәсіби қорғауды тек адвокаттар ғана жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасындағы адвокат.

1. Адвокат – жоғары заң білімі бар, адвокаттық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия алған, міндетті түрде адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын және осы Заңмен регламенттелетін адвокаттық қызмет шеңберінде кәсіптік негізде заң көмегін көрсететін ҚР азаматы.

2. Қасақана қылмыс жасағаны үшін сотталған, белгіленген тәртіппен әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған, адвокаттар алқасынан шығарылған, тәртіптік жағымсыз әрекет жасағаны үшін құқық қорғау органдарынан босатылған адам – босатылған күннен бастап бір жыл бойы, сондай-ақ лицензиясының қолданылуы осы Заңда белгіленген тәртіппен тоқтатылған адам адвокат бола алмайды.

Адвокаттың көмекшілері мен тағлымдамадан өтушілері болуы мүмкін. Адвокаттың көмекшілері еңбек шартының негізінде заң консультациясында, адвокат кеңсесінде немесе адвокаттық қызмет пен жеке-дара айналысатын адвокаттың жанында жұмыс істей алады.



Адвокаттың құқықтары. Адвокат сөмек сұрап келген адамға ол мұқтаж болған кез келген заң көмегін көрсетуге құқылы. Адвокат өзіне өтініш жасаған адаммен заң көмегін көрсету туралы өз атынан жазбаша келісім жасасады. Адвокат, қорғаушы немесе өкілі ретінде әрекет жасай отырып, іс жүргізу заңына сәйкес.

Адвокаттың міндеттері. Адвокат заң талаптарын сақтауға, адвокатураны ұйымдастыру мен оның қызметінің принциптерін басшылыққа алуға, кәсіптік мінез-құлық нормаларының талаптары мен адвокаттық құпияны сақтауға міндетті. Егер адвокат осы іс бойынша мүдделері көмек сұрап өтініш жасаған адамның (тараптардың өзара келісімі бойынша ара ағайын болған жағдайларды қоспағанда) мүдделеріне қайшы келетін адамдарға заң көмегін жүрсе немесе бұдан бұрын көрсеткен болса немесе судья, прокурор, анықтауды жүргізуші адам, тергеуші, сарапшы, маман, аудармашы, куә, жәбірленуші немесе куәгер, азаматтық талап қоюшы немесе азаматтық жауапкер ретінде іске қатысқан жағдайларда, сондай-ақ егер істі тергеуге немесе қарауға адвокатпен жақын туыстық қатынастағы лауазымды адам қатысса, ол заң көмегін көрсету туралы тапсырмадан бас тартуға міндетті. Адвокат заң көмегін көрсетуге байланысты өзіне мәлім болған мәліметтерді құпия сақтауға міндетті және көмек сұрап өтініш жасаған адамның келісімінсіз оларды жария етуге құқығы жоқ.

Іс бойынша адвокаттың көмек сұрап өтініш жасаған адамның жағдайын нашарлататын құқықтың позиция ұстануына тыйым салынады. Адвокаттың қылмыстық іс бойынша қабылданған тапсырмадан бас тартуға құқығы жоқ және ол қорғалатын адамның немесе адвокаттың өзінің көзқарасы юойынша әділетсіз үкім шығарылған жағдайда алған белгіленген тәртіппен шағым жасауға міндетті.

Адвокат мемлекеттік қызметте болуға және кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, оқытушылық, ғылыми немесе шығармашылық қызметтен басқа өзге де ақы төленетін қызметпен айналысуға тыйым салынады.

Адвокаттың кәсіби мінез-құлық нормалары. Адвокат заң көмегін көрсету кезінде мынадай кәсіптік ережелерді сақтауға тиіс. Көп күш-жігер не уақыт жұмсауды талап ететін қажетті әрекеттер жасаудан жасқынбай ыждағаттылық пен құлшыныс білдіру. Заң мәселелерін қарап жатқан органдар мен лауазымды адамдарға қатысты өзін әдепті ұстау. Өз кәсіби мінез-құлқын көмек сұрап өтініш жасаған адамның құқықтары мен заңды мүдделеріне сәйкес қалыптастыра және тежей отырып, істі негізсіз сөзбұйдағы салуға, заң көмегін көрсетудің заңсыз әдістеріне, алдауға жол бермеу. Көмек сұрап өтініш жасаған адамның мүдделеріне адал болу және оның мүдделеріне қарсы қандай да болмасын әрекет жасамау.

Адвокаттық құпиясы. Адвокат құпиясын адвокатқа жүгіну фактісі, көмек сұрап өтініш жасаған адаммен және басқа да адамдармен жасалған ауызша және жазбаша келіссөздердің мазмұны туралы, көмек сұрап өтініш жасаған адамның мүдделерінде жасалатын әрекеттердің сипаты мен нәтижелері туралы мәліметтер, сондай-ақ заң көмегін көрсетуге қатысты өзге ақпарат құрайды.

Адвокаттардың, адвокаттар алқасы төралқасы, заң консультациясы, адвокат кеңсесі қызметкерлерінің заң көмегін көрсетуге байланысты алынған мәліметтерді жария етуге, сондай-ақ өз мүдделері немесе үшінші бір адамдардың мүделері үшін. Адвокат құпиясына жататын мәліметтерді көмек сұрап өтініш жасаған адамның келісімінсіз жария еткен адвокат заңға сәйкес жауапты болады.



Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Адвокаттық психологияның мақсаты мен міндеттері.

2. Адвокаттық әрекетке қойылатын талаптар.

3. Адвокаттың кәсіби мінез-құлық нормалары


11 Дәріс: Сот психологиясы

  1. Сот ісінің өзіндік ерекшеліктері.

  2. Соттық тергеу мен соттық зерттеу.

  3. «Судья әдебі кодексі


Соттық психология – заң психологиясының бөлімі. Бұл бөлім қылмыстық және азаматтық іске сот араласуының психологиялық аспектісін және соттық психологиялық экспертиза проблемаларын қарастырады.

Сот әрекетінің психологиялық сипаты, оның мамандық-шеберлігін түсінуге көмектеседі. Васильев сот-тергеушінің мамандық әрекеттеріндегі алты ерекшеліктерді ажыратады:



  • әлеуметтік әрекеті

  • шығармашылық «танымдық» әрекеті

  • реконструктивті әрекеті

  • коммуникативті әрекеті

  • ұйымдастырушылық әрекеті

  • тіркеу әрекеті

Әлеуметтік әрекеті – іскесер әрекетінің саяси белсенділігі. Қылмыскерлермен күрестегі негізігі ерекшелігі іскесерді құқықтық шаралардағы қатынасын, қылмыскерлерді қайта тәрбиелеудегі белсенділігі. Шығармашылық «танымдық» әрекеті – қылмыстық жағдай туралы керек қылмыс мәліметті жинақтау. Реконструктивті әрекеті – жинақталған мәліметтерді кәсіптік білім негіздеріне сүйене отырып, талдау мен жинақтау оқылғаннын себебін болғандығын құрастыру. Куәләндіру әрекеті – жинақталған мәліметтерді заң негізінде құжаттармен куәләндіру протокол, постоновление, т.б. Коммуникативті әрекеті - қарым-қатынасқа түсе білу, әсіресе сұрақ-жауап алу кезінде өте қажет. Ұйымдастырушылық әрекеті – жоспар құру мен оны жүзеге асырудағы еріктік шаралар.

Соттың жұмысы – мүмкін келетін модельді критикалық негізде анализдеп, жайттың дұрыс-ұқсас моделін шығару. Барлығы тек фактілерге ғана емес, сол сияқты олардың шығу себебімен байланысты. Ал бұл соттағы қажетті мәлімет ретінде адамдардың психологиясын тереңдете оқытып, үйренуден басталады. Осыған байланысты сот іс-әрекеті тек заңдық дайындықты қажет етпей, оған қоса психодиагностикалық дайындықты, даудамай ситуациялардағы адамның әрекет-қылығындағы әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері жайлы білімді, кейбір адамдардың әрекет-қылығындағы эмоционалды қозуын басуға байланысты релаксация әдістерін меңгеруді қажет етеді.

Сот көптеген адамдардың сезімдері, ыза, жек көру, агрессивті сезімдерімен үнемі кезігеді. Осыған сәйкес оған шыдамдылық, өмірлік тәжірибе мен мұң, төтеп тұра алу қажет. Сол сияқты мемлекет өкілі ретінде сот қатаң талап етуші болуы керек. Ол жоғарғы азаматтық және адамгершілік қасиетіне ие болуы керек.

Жалпы «Қазақстан Республикасы судьялары мен сот жүйесі қызметкерлерінің мәртебесі туралы» Заңы бойынша 25 жасқа толған заң саласында кемінде екі жыл жұмыс істеген азамат судья болып тағайындала алады. Демек те, жас судьялар 25 жаста бола ма, 30 жаста ма, мүмкін одан жа үлкен жаста болсын бұл жерде үлкен айырмашылық жоқ. Судья болу дегеніміз - өмір бойы үйрену. Бұл мамандықты таңдап, қалап келген азамат өмір бойы өз болмысы мен білімін жетілдіруі, сол үшін еңбектенуі қажет. 25 жас – нағыз жалындап тұрған шақ. Бұл шақта қиындықтарға төтеп беруге азаматтың денсаулығы да, күш-қайаты да жеткілікті. Сонымен бірге, азаматтың жоғары оқу орнынан алған білім әрі қарай тәжірибеде дамытып жетуіне мол мүмкіндік бар.



Сот ісі бес бөлімнен тұрады: дайындық, соттық тергеу, соттық прений, сотталған адамның соңғы сөзі, үкім енгізу. Соттық зерттеу – қажетті дәлелденген мәліметтерге (іске қатысты соттық дәлелдерге) негізделеді. Осыған байланысты соттық іс-әрекеттің нәтижесі шығарылады. Сот кінәлі адамға заңды және қажетті жазалау шараларын қолданып, кінәсізді ақтап шығуға тырысады.

Қазір сот арқылы шешілмейтін мәселе жоқ. Күнделікті тіршілік түйткілдерінен басталған азаматтық дау-дамайлар, әкімшілік, күрделі экономикалық даулар, сондай-ақ барлық қылмыстық істер сотта қаралады. Олардың нәтижелері бұқаралық ақпарат құралдарында да аз жазылып жүрген жоқ. Соттарда қаралып жатқан істер қайнап жатқан тартысты, қайшылықты өмірдік нақ өзі, қоғамдық ахуал ауаның айнасы. Сол қайнаған өмір, бітпейтін тартыс, сан қырлы сот тынысы бұқараға бұлтармай жетіп жатыр ма? Бұл мәселеге кезінде мемлекет басшысының өзі де назар аударды. Қазақстан Республикасы Судьялар одағының 3 съезінде Елбасының Нұрсұлтан Назарбаевтің сот жүйесінің алдына қойылған 8 тапсырмасының бірі – бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмысты түбегейлі өзгерту мәселесі болатын.

Елімізде 2000 жылдың 25 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» Қазақстан Республикалық Конституциялық Заңы қабылданады. Бұл заң судьялардың құқықтық мәртебесін көтеруде үлкен жаңалықтар алып келді және жаңа сот жүйесін бекітіп, Жоғарғы Сот төрағасының және жергілікті соттардың төрағаларының өкілеттіктерін кеңейтті. Осы заңның 25-ші бабында судьялардың сот төрелігін асыру кезіндегі тәуелсіздігін және оның Қазақстан Республикасы Конституциясымен, заңмен қорғалатыны, судьяның іс қарау кезінде ешкімнің араласпауы, судьяға қандай болсын ықпал етуге құқығы жоқтығы көрсетілген.

Құқықтық мемлекеттің ең басты көрінісінің бірі тәуелсіз сот екені дау тудырмаса керек. Демек, сот жүйесіндегі басты тұлға – судьяның мәртебесі мен құқығы қаншалықты биік болса, міндеті мен жауапкершілігі де соншалықты жоғары.

Жоғары сенім жүктелген жерде қатаң талап та болмақ. Мемлекетіміз судья тұлғасының осындай жоғары маңызын түсінгендіктен оны қорғау мен қолдаудың шараларын бекітті. Сот билігінде бір ғана басты тұлғаның бар екендігі және оның судья екендігі шегелене түсті.

Судьяға қоғамның азаматқа ортақ құндылықтарға сай қалыпты өмір сүруіне кедергі жасайтын келеңсіздіктер мен дау-дамайларды заңдылық жолмен реттеп шешу сеніп тапсырылған. Кез келген даудың, таластың шешімін әділеттікке жүгініп шешу үшін судьяда «судьяның ар-ұяты» деген асыл қазынасы болуы керек. Сот биікте көрінуінің басты қозғаушы күші – осы судьяның әдебі мен әділеттілігі десек артық айтқандық болмайды. Ал, судья әдебі мен әділеттілігін сақтаған судья тәуелсіз, өйткені оның тәуелсіздігі ешбір заңның, нұсқаудың, жалақының күші емес, өзінің жан дүниесі мен рухани тазалығының еңбегімен келген тәуелсіздігі.



Судьялар мәртебесін түсірмеу, сот тәуелсіздігін нығайтуға ат салысу, сот беделін көтеру – судьялардың өзінің міндеті борышы. Себебі, судья мінез-құлықтың жоғарғы үлгісін көрсетуге тиіс мәртебелі мемлекеттік билік тармағының өкілі. Адамгершілігі мол, сыпайы, адам жанын терең зертттей алатын, білімі мен көргені мол тұлға ғана судья мантиясын киюге лайық. Өйткені судья деген лауазымның беделі қандай жоғары болса, жауапкершілігі де сондай үлкен болады.

Қазақстан Республикасы Судьялар одағы өзінің бірінші съезінде «Судья әдебі кодексін» қабылдаған. Аталған кодексте судья мінез-құлқының негізгі принциптері жинақталған. Судья әдебі кодексі бойынша теріс қылық жасаған судья тәртіптік жауапқа тартылады. Сондықтан судьяларға Судья әдебі кодексінің талаптарын қатаң сақтау талап етілуі міндетті. Судья әдебін бұзған судьяларды жауапкершілікке тартылуы қажет. Себебі, мұндай судьяның сот әділдігін өз дәрежесінде жүргізетіні неғайбып нәрсе. Ол істерді қарауда заңдылық бұзғаны үшін, еңбек тәртібін өрескел бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылып, оған судья қызметінен босатылуға дейін шаралар қолданылуы мүмкін. Сондықтан судья әдебін сақтау жеке бастың ісі емес, бұл тұтастай сот беделі, абыройы екенін еш уақытта естен шығармауға тиіспіз.

Судья беделі ең алдымен өзінің білімдарлығына, әділеттілігіне, рухани байлығы мен тазалығына, күнделікті жүріс-тұрысына байланысты. Судья әдебі кодексінің 2-бабында судья кәсіби және басқа да қарым-қатынастарда, сондай-ақ тұрмыстық қызмет бабымен байланысты емес адамдарға ізеттілік, төзімділік және әдептілік танытуы тиістігі байқалған. Бұдан кейін кодекстің 4-ші бабында судья жұмысынан тыс уақытта өзінің адалдылығына және турашылдылығына күмән келтірейтіндей, судья мәртебесіне және сот билігінің беделіне кір келтірмейтіндей ұстауы керектігі атап көрсетілгені де сот қауымдастығы қатарына кездейсоқ адамның еніп кетпеуіне бағытталған іс-шара.

Судьялардың үстінен түсетін арыз-шағымдарға талдау жасағанда, арыздың басым көпшілігі істердің уақтылы қаралмауына, заңда көрсетілген мерзімдердің сақталмауына байланысты. Көтеріліп отырған арыз мселесінің мәніне терең талдау жасап, себеп-салдарын зерттеп қарағанда ғана дұрыс нәтижеге қол жеткізуге болады. Қалай десек те, құқығы бұзылған азаматтар өзінің мүддесін құқықтық қатынастағы заң талаптарына сай қорғау үшін сотқа әсерінеді. Адам тағдырын шештін ондай жүгініске әрбір судья ізгілікпен қарап, әділ билік айтудың үлгі-өнегесін көрсете білуі керек. Олай болса, мемлекеттік тәртіпті нығайту және судья әдебін сақтау күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселе деп қарап, жүйелі түрде жұмыс жүргізілуі қажет.

Мемлекетіміз тәуелсіздік алған уақыттан бері қоғамдық қарым-қатынастар көп өзгеріске түсіп, экономикалық -әлеуметтік мәселелер ерекше қарқынмен алға басып, дамуда. Осыған орай дау-дамай тудыратын азаматтық істер неғұрлым көбейіп, күрделеніп қаралатын сот істерінің саны күннен күнге арта түскендіктен әр судьяның жүктемесі де ауыр болуда. Сот шығарған билік пен үкімге адамдардың барлығы қанағаттанады деуге болмайды. Екі жақ дауласатын болса, төреліктің екі ұшы ғана бар ол жеңген жақ және жеңлген жақ. Әлбетте, әйтеуір екі жақтың бірі үкімге риза болмай, көңлі толмай шығады. Сонда түптеп келгенде, олар судьяны кінәлі деп тауып, соңынан арызданып жатады. Сонымен қатар заңдарға жиі-жиі өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп отырады. Себебі жас мемлекетіміздің заңдарын бірден нақпа-нақ етіп шығару да оңай шаруа емес. Мысалы, талапқа сәйкес, қаралатын әрбір істің белгіленген процессуалдық мерзімі бар. Ал, белгіленген мерзімді негізсіз өткізіп алу судьяның тарапынан жіберілген өрескел кемшілік болып табылады. Мұндай кемшіліктер сапасыз шешім қабылдауға әкеп соқтырып, сот саласы турасында көлеңкелі пікірлердің қалыптасуына себеп болары сөзсіз.

Жалпы сот мемлекеттік органдар жүйесінде ерекше орын алады. Өйткені Қазақстан Республикасы соттарының басқа да билік және басқару органдарымен тығыз қарым-қатынаста екені айқын нәрсе. Соттар прокуратура органдарымен күн сайын бірге іс-қимыл жасап отырады, өйткені прокурорлар қылмыстық істерді қарауға мемлекеттік айыптаушылар ретінде, ал азаматтық істерге іс бойынша қорытынды беру үшін қатысады.

Соттар алдын ала тергеу органдарымен Қазақстан Республикасы Прокуратурасының, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеушілерімен өзара тығыз іс-қимыл жасап, олардың қылмыстық істер жөніндегі материалдарын пайдаланып отырады.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет