ПОӘК 042-18-18 4/03-2013 №1 басылым 18. 09. 2013



бет2/8
Дата31.12.2019
өлшемі0,62 Mb.
#54461
1   2   3   4   5   6   7   8

Бекіту сұрақтары:

1 Сақ тайпаларының саяси тарихы туралы

2 Сақ тайплары басшыларының жүргізген саясат мазмұны қандай болды?

3 Үйсіндер мемлекеті туралы не білесіңдер?

4 Қаңлы мемлекетінің саяси тарихы туралы баяндаңдар
Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (Очерк) А., 1994

2 Қазақстандық тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Төрт томдық. 1 том А., 1996

3 Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан: летопись трех тысячелетий А.,1992.

4 Акишев К.А., Кутаев Г.А. Древняя культура саков и усуней долины реки Или А.А., 1963

5 Салғарин Қ. Қазақтың қилы тарихы А., 1982


Тақырып-4 Ғұндар мемлекеті: оның саяси тарихы

Б.з.д. І мыңжылдықтың ортасында Алтай, Оңтүстік Сібір мен Шығыс Қазақстан территориясында «ғұн» деген атпен белгілі тайпа одағы қалыптаса бастады. Б.з.б. I мың жылдықтың екінші жартысынан бастап Бай-калдан Оңтүстікке қарай және Ордосқа дейін созылып жатқан дала және шөлейт аудандарда қарабайыр мал шаруашылығымен шұғылданған, этникалық жағынан әр түрлі тайпалар көшіп жүрді. Солардың басты бір тобы б.з.б. ІУ-ІІІ ғасырларда Солтүстік Қытайдың шекарасына дейінгі жерді мекендеген тайпалық екі одақ Сюнну және Дунху бірлестіктері еді. Қытай тілінде сюнну деген атау солтүстігіндегілер деген мағынаны білдіреді.

Қытай деректеріне сүйенер болсақ Қазақстан территориясының Оңтүстік бөлігін Үйсіндер мекендеген деген деректер кездеседі.Олар Шу мен Талас өзендері бойында және Қаратаудың шығыс беткейлеріне дейін созылып мекендеген.Шығысында Тян-Шань тауларының шығыс бөлігін , солтүстігінде Балқаш көлінен Ыстықкөлдің оңтүстік жағалауына дейін жеткен. Біздің заманымыздың бастапқы кезінде үйсіндер 650 мыңға жете қабыл болған.Жерге таластар жиі болғандықтан оларда тұрақты әскерлері болған.

Негізгі шаруашылықтары мал шаруашылығы болған. Олар жылқы, ешкі, қой асыраған.Сонымен қатар егіншіліктің болғандығы да дәлелденіп отыр.Үйсіндер қолөнермен айналысқан. Қыш ыдыстар жасау кеңінен таралған.Темір, мыс және басқа да металдарды өндіру кеңінен қанат жайған.

2.3 Қытай жазбаларында Қаңлы елі жайында көп мәліметтер кездестіре аламыз. Қаңлылардың тайпалық одағы Сырдария өзенінің орта ағысы тұсын мекендеген. Негізгі шаруашылығы мал шаруашылығы болған. Біздің заманымызға аяқ басқан кезеңде Қаңлы елі күшті бірлестікке айналған. Ташкенттен Ферғанаға дейінгі және Қаратаудан Таласқа дейін созылып жатқан жерлерде қаңлылар мекендеген еді.

Сюннулар хунну немесе ғұндар деп аталады, әсіресе, б.з.б. III ғасырда мейлінше күшейді. Тайпалардың бұл тобының аты қайдан шыққаны белгісіз. "Ғұн" деген атаудың өзі кейінірек сюнну (хунну) деген аттан шыққан деп болжам жасалынды. Ғұндар туралы тарихи деректер көрнекті Қытай тілінің мамандары Н. Я. Бичурин мен Н. Кюнердің еңбектерінде берілген. Ал олардың тарихын жазуда үлкен еңбек сіңірген ғалымдар А. Н. Бернштам, Л. Н. Гумилев, Н. И. Конрад. Ал Қазақстан ғалымдарының арасында ғүндардың тарихымен К. М. Байпақов және т. б. айналысып жүр.

Ғұндардың этникалық тегі туралы мәселе әлі анықталып болған жоқ. Зерттеушілердің көпшілігі оларды түріктердің арғы аталары деп болжайды. Ғұндардың қүдіреті тасып тұрған кезде, олардың бірлестігіне басқа бірнеше тайпалар қосылған, сондықтан "ғүн" атауы этни-калық болудан гөрі саяси одақ атауына қарай айналыңқыраған. Ғұн тайпаларының бір одаққа бірігуіне негізгі себеп Қытайлықтардың бұларға қарсы төрт ғасырға созылған кескілескен соғысы деу керек. Хань империясы кезінде Қытайлықтар ғүндарды талай рет басып алмақшы болады, бірақ ғүндар іргелес тайпалармен бірігіп, Қытайлықтардың шабуылдарына батыл тойтарыс беріп отырады. Ғұн тайпаларының бірігіп топтасуы б. з. б. 209 жылы "ғүн үйінің өрлеуі" кезінде іске асты. Оларды бір одаққа біріктіру әйгілі Мөде /Боғда/ батырдың есімімен байланысты. Оның туған жылы 230, ал өлген кезі б.з.б. 174 жыл.

Мөде ғұндарды күшті державаға айналдыру үшін әскери реформалар жүргізді. Мөденің басшылығымен ғүндар өздерінің оңтүстігіндегі дунхуларды талқандады. Олар Саян-Алтай тайпаларына және Үйсіндерге шабуыл жасап, өзіне қаратты. Мөде батыста Чжи тайпаларына жорық жасап, оны бағындырды. Б.з.б. 200-ші жылдары ғұндар Ордосты қаратып алды, Қытай Хань әулетінің негізін қалаушы Лю Баньмен соғысып оны жеңді. ¥лы Қытай қорғаны салынуының бір себебі осы ғұндардың шабуылынан қорғану амалы еді. Қытайдың "Жылнама" атты байырғы кітабында айтылатын "тұрағы жоқ, үйі жоқ ғұндар бәле болды ғой" деп келетін жолдар ғұндардың Қытай еліне қатты қауіп төндіргенін көрсетеді. Б.з.б. 188 жылы Мөде мен Қытайдың Хань императоры Гаоцзу "тыныштық және туыстық" жайлы шартқа қол қойды. Мөде Қытай ханшасын өзіне әйелдікке алды, сонымен бірге Хань империясы ғұндарға жыл сайын салық төлеп тұруға тиісті болды. Ғүндардың жүргізген жаулап алу соғыстарының нәтижесінде Забайкальеден Тибетке және Шығыс Түркістаннан Хуанхэ өзенінің орта бойына дейін созылып жатқан жердің бәрі олардың қол астына көшті. "Ғұн державасы" орасан зор үлкен болғанымен оның осал ұрымтал жері де бартын. Мұның өзі олардың арасындағы берік бірліктің болмауымен байланысты еді. Осыдан келіп б.з.б. 59 жылы ғұндар-дың оз арасында соғыс басталды. Ғұндардың өз іштерін-дегі болып жатқан мүндай талас-тартыстарды Қытай мемлекеті пайдаланып қалуға тырысты. Қытайлар үйсіндермен одақтаса отырып, ғұндарға қарсы бірнеше шабуыл ұйымдастырды.

Б.з.б. 47 жылы ғүндар державасы оңтүстік және солтүстік ғұндар болып екіге бөлінді. Оңтүстіктегі ғүндар Қытайдың Хань империясына бағынды. Ал Чжи-Чжи шаньюй бастаған солтүстіктегі ғұндар өздерінің тәуелсіздігін сақ-тап, Солтүстік Моңғолия және Шығыс Түркістанның Солтүстік аймақтарында көшіп-қонып жүрді. Бұлардың бір бөлігі Тянь-Шаньнан өтіп, Қаңлы тайпаларымен шарттасып, олардың шығыс жағына қоныстанды. Мұның езі ғұндардың Қазақстан мен Орта Азия жеріне түңғыш рет жаппай өтуі еді. Екінші бір толқыны біздің заманымыздың I ғасырында басталды. 93 жылы Хань империясының әскерлері ғұндардың күштерін ығыстырып, олардың солтүстіктегі тайпаларының бірін өздеріне бағындырып, енді біреулермен одақ жасасып, үшіншілерін батысқа қарай ығыстырды.

Олар Тарбағатайға дейін келіп, Оңтүстік-Шығыс Балқаш өңірін жайлаған Юебань тайпалары пайда болды. Ғұндардың осы жылжуымен байланысты болса керек, кейінірек бүлар Орталық Қазақстан және Сырдариядан солтүстікке қарай созылған жерлерді алып жатты. Арал теңізі мен Каспий маңына шығып, аландар мен ассаларға шабуыл жасап, оларды батысқа қарай ығыстырды. Сөйтіп, ғұндардың Қазақстаннан Шығыс және Орталық Еуропа жеріне жеткенше үш ғасырдан астам уақыт өтті.

Ғұндар Рим империясына үлкен қауіп туғызды. V ғасыр-дың 30-шы жылдары ғүндардың басшысы Аттила /410-453 ж.ж./ Румыния және Венгрия елдеріндегі көшпелі тайпа-ларды өзінің қол астына жинап, Рим империясының аудандары Паннония мен Мезияны басып алған соң, Франция жеріне өтеді. Жаулап алған жерлердегі халықтарды қырып-жойып, қалаларды бүлдіріп, селоларды өртеп, бүкіл Еуропа елдерінің үрейін үшырады. Н. А. Машкин "Ертедегі Римнің тарихы" деген кітабында, 375-376 жылдары вест-готтардың Қазақстан даласынан келген ғұндармен біріккен күрестері ежелгі Рим империясының құлауына әкеп соқты деген қорытынды жасайды.

Тарихи деректерге қарағанда, ғұндар 24 руға бөлінген, оларды ру басылары, ақсақалдар басқарған. Рулық құрылыстың ақсақалдар кеңесі және халық жиналысы сияқты институттары жүмыс істегең. Олар жылына үш рет-бірінші, бесінші және тоғызыншы айларда өткізіліп, онда ру басылары мемлекеттік істерді талқылап, ат жарысы мен түйелердің жарысын қызықтаған.

Ғұн тайпаларының патриархаттық-рулық құрылысы негізінде жаңа қоғамдық қатынастар, теңсіздік, таптарға бөліну қалыптасты. Қабірлерден шыққан заттар ғұн қоғамындағы мүлік теңсіздік жайын айқын сипаттайды. Обаларды қазған кезде табылған бүйымдар, қымбат маталар ғүн қоғамы үстем топтарында жиналған байлықты дәлелдейді. Қытай саяхатшысы Сыма Цянь қалдырған жазбаларда ғүн-дарда малға әулеттік және жеке меншіктік болғаны айтыла-ды. Ғұн тайпалары үжым болып көшіп жүрген және әрқай-ысының өзіне бөлініп берілген жер учаскелері болған.

Ғұндарда соғыс түтқындарыиан және бағынышты ай-мақтардың халқынан қүралған күлдар болған. Олар үй қызыметшілері, бақташылар, қолөнершілер және жер жыр-тушылар ретінде пайдаланылған.

Елді шаныой басқарды, оның қолында шексіз дерлік билік болды. Шаныойдан кейін түмен басылар деп аталатын бекзадалар түрды. Олар шаныойдің үлдары, інілері немесе жақын туысқандары болатын. Барлығы 24 түмен басы және олардың әр қайсысының көшіп жүретін өз жерлері болған. Түменбасылар өз иеліктерінде мыңба-сылар, жүзбасыларды тағайындап отырды. Ғұн қоғамын-да лауазымдар мен жоғарғы шендер мүраға қалдырылған. Ғұн шаньюйі елсе оның орнына інісі не үлкен бала-сы билікті өз қолдарына алатын болған.

Ғұндардың өмірінде мал шаруашылығы басты рөл атқарды. Олар үй жануарларынан жылқы, ірі қара, қой-ешкі өсірді, кейбіреулері түйе, есек үстаған. Негізінен көшпелі мал шаруашылығы үстемдік еткен. Шөптің қалың, судың мол болуына қарай бір жерден екінші жерге көшіп жүрген. Үй малдарының етімен тамақтанып, терісінен киім, аяқ киім тіккен, жүн мен аң терісін жамылған. Ғұндар отырықшылық пен егіншілікті кәсіп еткен. Жазба деректер бойынша олар тары өсіруді жақсы меңгерген. Өйткені тары ерте пісетін дақылдардың бірі және ол суаруды қажет етпейді. Ғұндардың егіншілікпен айналысқанын олардың қалдырып кеткен темір орақ, шойын түреидер, қол диірмендер, тас үккіштер т. б. құрал-саймандар айғақтайды. Сондай-ақ, ғұндардың үй-жайларынаи астық сақтайтын ұралар, еден, қабырғалар сылағынан, ішкі кірпіштердің арасынан сабанның қалдықтары кездескен. Ғұндардың қоғамдық құрылымы ұлыстық жүйеге қарады.Сонымен бірге рулық институттар да көрініс береді.
Бекіту сұрақтары:

1 Ұлы қоныс аударушылар «ғұндар» мемлекеті мен тарихи саяси жағдайлардың туу себептеріне сипаттама беріңдер

2 Неше рудан тұрды?

3 Ғұндардың Европаға жарығы туралы не білесіңдер?


Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (Очерк) А., 1994

2 Қазақстандық тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Төрт томдық. 1 том А., 1996

3 Салғарин Қ. Қазақтың қилы тарихы А., 1982

4 Гумилев Л.Н. Хунну А, 2000
Тақырып-5 Түрік және Батыс Түрік,

Түркеш қағанаттары: саяси тарихы

ІІ-У ғасырларда ғұн тайпаларының Қазақстан, Орта Азия және Шығыс Еуропаға ұлы қоныс аударуы, бұл жерлердің этникалық және саяси картасына едәуір өзгерістер енгізді. Ал IV ғасырда түркі тілдес телэ (тирек) тайпалар одағы Солтүстік Монғолиядан Орта Азиядағы Әмудария өзенінің бойына дейінгі кең байтақ аймақты қоныстанды. Олардың орнына УІ-Х ғасырларда Қазақстан жеріндегі алғашқы феодалдық мемлекеттер Көне және Батыс түрік қағанаттары қалыптасты. Біздің заманымыздың бір мың жылдығындағы Орталық Азия жерін мекендеген тайпалар одақтарының та-рихы бүлармен өзара тығыз байланыста болды. «Түрік» деген ат алғаш рет 542-ші жылы аталады. Қытайдың солтүстік батысында орналасқан Вэй князьдігіне түріктер (туцюе) жыл сайын шабуыл жасап, ойрандап отырғандығы жөнінде айтылады. Қытайлар түріктерді сюнну-ғұндар деп атаған, мүның өзі түріктердің ғұн тайпаларының жалғасы екенін көрсетеді.



546-шы жылы тирек (телэ) тайпалары Монголияның оңтүстік және орталық аудандарын мекендеген аварларға (жуань-жуань) қарсы жорық жасайды. Осы кезде күтпеген жерден түріктердің қағаны Тумынның (Бумын деп те атаған) басқаруымен түріктер тирек (телэ) әскерлеріне шабуыл жасап, быт-шытын шығарып жеңіп, 50 мың әскерін түтқынға алады. Осыдан кейін түріктер күшейіп, енді бүрын өздері тәуелді болып келген аварларға (жуань-жуань) қарсы шығып, авар қағаны үйінің ханшасын Тумынге әйелдікке беруді талап етеді. Авардың қағаны өзіне бұрын бағынышты болып келген түріктердің елшісін үйінен қуып шығады. 552-ші жылы кектемде түріктер аварлардың ордасына шабуыл жасап, оларды күйрете жеңеді, авардың қағаны Анағүй өзін-өзі өлтіреді. Осы кезден бастап Тумын түрік билеп-төстеушілердің қағаны деген атағын алады. Тумын 553-ші жылы қайтыс болады.

Тумын өлгеннен кейін, таққа оның інісі Қара-Еске отырады. Ол Орхонның жоғарғы жағында аварларды екінші рет жеңеді. Қара-Ескеден кейін, оның мүрагер інісі Еркінді-Мұқан деген атпен қаған болады. Оның ел билеген кезі 553-572 жылдар. Мұқанның түсында аз уақыт ішінде (553-554 жж.) түріктер шығыста қайлар (татабтар), кидандар және оғыз-татар тайпаларын, солтүстікте Енесей қырғыздарын, Жетісу жеріндегі түргенттерді өздеріне қаратты. Бүл жылдары түріктердің батысқа қарай жасаған жорықтары күшті болды. Оларды Түмынның басқа бір інісі Естемі жүргізді. Кейін тарихи деректерде оны Батыс түріктерінің түпкі атасы және Батыс Түрік қағанатының негізін қалау-шы деп атайды. 563 жылы Түрік қағаны Силзибул (Естемі) Эфталит мемлекетін басып алуға кіріседі. Алайда бір шеті Каспий теңізінен, екінші шеті Солтүстік Үнді ойпатына дейінгі Орта Азияда үлан-ғайыр жерді алып жатқан эфта-литтерді оңай жеңе алмайтынын түсінген Түрік қағаны Иран шахы Хүсрау I Ануширванмен одақ жасайды. Түрік қағаны-мен жасаған келісім бойынша Хүсрау I шах езінің әскер-лерін Тохарстанға аттандырып, оны 564 жылы эфталиттерден тартып алды. Сөйтіп, эфталиттер берік тылынан айы-рылады. Мұның өзі түрік қағаны Силзибулға (Естеміге) 563-567 жылдары Эфталит патшалығын талқандауға мүмкүндік береді. Осыдан кейін түріктердің батыстағы шекарасы Каспий теңізінен Солтүстік Индияға және Шығыс Түркістанға дейін созылып жатты.

Алайда осы жеңістен кейін Түрік қағанаты мен Иран шахының арасындағы одақтастық үзаққа созылмайды. Оған басты себеп, түріктер Орта Азияны жаулап алғаннан кейін Жерорта теңізіне баратын Ұлы Жібек жолына иелік етті. Бүл Иран шахының түріктерге деген наразылығын туғызды. Оның үстіне түріктер мен олардың қарауында болған соғдылар Византия мемлекетімен тікелей сауда байланысын орнатуға мүдделі болды. Ал Иран бұған кедергі жасады. Атап айтқанда, Иран шахы түріктердің Персия арқылы Византияға жіберген екі елшілігін қайтарып жіберді. Сондықтан 568-ші жылы соғды көпесі Маниах түрік қағаны елшілігін енді Иран арқылы емес Каспий теңізі мен Кавказ тауы арқылы Константинопльге алып барады. Онда екі ел арасында сауда келісімі және Иранға қарсы әскери шарт жасалды. Оны Земарх бастаған Византия елшілігінің түрік елшілігімен бірге аттандырылуы дәлелдейді. Земарх бастаған елшілік Түрік кағанының астанасы Суяб қаласында қабылданған. Түрік елшілігінің Константинопьлде жүргізген келіс-сөздері Иран мен Византия қатынастарын шиеленістерді, олардың арасында соғыс жағдайы қалыптасты. Мүны Түрік қағанаты өзінің жаулап алу соғыстары үшін пайдаланды.

571 жылы түріктердің қағаны Естемі Солтүстік Кавказды басып алды, сөйтіп Керчь түбегіне (Боспорға) шықты. Оның баласы Түріксанф Керчті басып алып, 576-шы жылы Қырымға шабуыл жасады. Бірақ Естемі өлгеннен кейін, 582-593 жылдары Түрік қағанатында билік үшін қырқыс басталды. Өз ішіндегі алауыздық пен әлеуметтік қайшы-лықтар қағанатты қатты әлсіретті. Елде талай жылдарға созылған мал індеттері, жұттар мен ашаршылық орын алды. Түрік қағанаты шекараларына шығыстан Қытайдың Сүй әулетінің (581-618 жылдары) шабуылы күшейді. Міне, бүл жағдайлардың барлығы 603 жылы Түрік мемлекетінің екі дербес қағанатқа - Шығыс және Батыс қағанаттарына бөлінуімен аяқталды. Батыс қағанатының орталығы -Жетісу жеріндегі Суяб қаласы болды.

Батыс түрік қағанаты ежелгі үйсін жерін жайлады. Ол Қаратаудың шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жердің бәрін алып жатты. Қағанаттың негізгі этникалық-саяси ұйытқысы - "он тайпа" (он-ақ будунның) мекендеген жері де осы ара болған. Сонымен қатар ол Шығыс түрік қағанатының Шығыс Түркістан және Орта Азияның Самарканд, Бүқара тағы басқа қалаларын басып алды. Осы калаларда қағанның орынбасарлары отырды.

Қағанның жазғы ордасы Мың бүлақ (Түркістан қаласына жақын) деген жерде болған. 610-618 жж. Жегуй қаған мен оның інісі Түнжабғы қаған /618-630ж.ж./ билеген кезде қағанаттың күш-қуаты таси түседі.

Олардың ҮІ-ҮІІІ ғ.ғ. Жетісуға қоныс аударуы Орта Азиядағы араб жаулап алушыларымен және ондағы әлеуметтік қысымшылықтармен байланысты еді.Қағандық үшін Батыс Түрік мемлекетінде басты екі тайпаның – Дулу және Нишаби тайпаларының арасында талас басталады.

Қағанат ішіндегі өзара тартыс, билеушілердің жиі – жиі ауысуы, 16-жылға /640-657ж.ж./ созылған тайпалар арасындағы соғыс пен ішкі қырқыстар Жетіьсуға Қытайдың Тан империясы әскерінің баса көктеп кіруіне әкеліп соқты.Түріктердің Тан басқыншылығына және олардың сыбайластарына қарсы жүргізген тынымсыз күресі барысында қағанат құрамында түргештер күшейіп көтерілді, сөйтіп 704 жылы Батыс Түрік қағандығы құлап, Түргеш қағандығы құрылды.



Түрік тектес түргеш тайпалары УІ-ғасырда Тянь-Шань таулы аймақтарын мекендеген, ал УІІ-ғасырда Жетісудың орталық аймақтарын қоныс еткен. Олар өзінен бұрынғы өмір сурген Батыс түрік қағанаты қүрамындағы халқы көп тайпа-лардыц бірі болған. Түргеш тайпалары жөніндегі алғашқы мәліметтер Күлтегін ескерткішінде және Қытай жазба деректерінде кездеседі. Ал түргештердің жеке қағандық болып құрылуы туралы дерек «Тоныкөк» жазуында айтылған.

Түргеш қағанаты халқының этникалық қүрамы негізінен сары және қара түргеш тайпаларынан тұрған. Жазба деректердің көрсетуі бойынша олар Шу, Талас, Іле бойларын жайлаған. Шу бойындағы түргештер сары, ал Талас аймағындағы түргештер қара түргештер деп аталған. Түргеш қағанаты 704-756 жылдар аралығында өмір сүрді. Бұл кезде Жетісу аймағында араб басқыншыларына қарсы күрес жүріп жатқан болатын. Жетісуда Түргеш қағанаты билеушілерінің негізін қалаушы Үшелік-қаған. Оның билік жүргізген кезі - 699-706 жылдар. Ол Жетісудан Батыс түрік билеушісі Бөрішадты қуып, Ташкенттен Турфанға және Бесбалыққа дейін өзінің өкіметін орнатты. Оның басты саяси орталығы - Шу өзені бойындағы Суяб қаласы. Екінші орталығы - Іле өзені бойындағы Күнгүт қаласы. Үшелік елді 20 үлысқа /бөлікке/ бөліп, олардың әр қайсысында 7 мыңнан әскер ұстады.

705 жылы арабтар шабуыл жасап, Әмударияның шығысындағы Мәуеренахрды жаулап алуға кірісті. Хорасанды билеуші Күтеиб-ибн-Мүсілім Балхы жерін басып алып, Бүхараға аттанады. Осындай қиын кезеңде түргештер Соғды /Согдиана/ еліне көмекке келеді, онымен бірігіп Күтеибке тойтарыс береді. 709 жылы Күтеиб Мәуеренахрға кайтадан жорық ұйымдастырады. Ол Согдиана патшасы Тархунды алдап, оны түріктердің көмегінен бастартуға мәжбүр етеді, сөйтіп Бүхараны басып алады.

Түргеш қағанатында Үшелік өлгеннен кейін билік оның баласы Сақал-қағанға көшті. Оның ел билеген кезі 706-711 жылдар. Бүл кезде елдің ішкі және сыртқы жағдайы өте күрделі болды, бірлік болмады. Қаған билігі үшін сары және қара түргеш тайпаларының арасында талас-тартыс басталды. Батыста түргештер соғдылармен бірігіп арабтарға қар-сы күрес жүргізді. Оңтүстіктен оған Қытайдың Тан империясы, шығыстан Орталық Азия түріктері қауіп төнгізді. 711 жылы Шығыс түрік қағаны Қапаған Жоңғария жерінде /Бөлісу жанында/ түргештерге соққы беріп, Сырдариядан етті. Бүл кезде арабтарға қарсы самархандықтар мен Орталық Азия түріктері көтерілді. 712-713 жылдары арабтарға қарсы түріктер, соғдылар Шаш /Ташкент/ қаласы түрғын-дары және ферғаналықтар бірігіп күш көрсетті. Мәуеренахрдағы араб иелігіне төніп отырған қауіпті түсінген Күтеиб Шаш қаласын өртеді, 714 жылы ол Исфиджабка шабуыл үйымдастырды.

Көптеген қиындықтардан кейін, яғни екі тайпаның арасындағы тартыста қара түргештер жеңіске жетеді, олар қолдаған Сұлу тархан қаған болады.Түргеш қағанаты Сұлу қағанның /715-738 жж./ тұсында қайта күшейе бастады. Бүл кезде өкімет қара түргеш тайпаларының қолына көшіп, мемлекет орталығы Талас (Тараз) қаласына ауысты. Айлалы саясаткер және күшті әскери қолбасшы Сұлу екі майданда: батыста арабтарға қарсы, шығыста Батыс түрік қағандарың мирасқорларын (Шығыс Түркістанда орныққан) қолдаған Тан империясымен күрес жүргізді. 723 жылы түргеш-тер Ферғана қарлүқтарымен және Шаш тұрғындарымен бірігіп, арабтарға күйрете соққы берді. Дегенмен арабтар 732 жылы өз әскерлерін біріктіріп, түргештерді қирата жеңіп, Бүхара қаласын басып алды. 737 жылы Сұлу араб-тарға қарсы жорық үйымдастырып, Тохарстанға дейін жетті, бірақ кейін жеңіліп қалды. Қайтып келе жатқанда, оны өзінің әскери басшысы Баға-тархан өлтірді. Сұлу қаған қаза болғаннан кейін билік үшін "сары" және "қара" түргештердің арасында үзаққа созылған күрес жүрді. Түргеш мемлекеті өз ішіндегі күрестің нәтижесінде едәуір әлсіреді, мүны Тан /Қытай/ империясы ұтымды пайдаланды. Оның Шығыс Түркістан жеріндегі билеушісі 748 жылы түргештердің басты қаласы Суябқа әскер жіберіп, оны ба-сып алды, Шаш қаласының билеушісі өлтірілді. Оның баласы арабтардан көмек сұрады. 751 жылы Тараздың қасындағы Атлах қаласы жанында Зияд-ибн-Салых бастаған араб әскерлері мен Гао-Сяньчжи басқарған Қытай әскерлерінің арасында 5 күнге созылған қырғын соғыс жүрді. Қытай-лықтарға қарсы оның тылындағы қарлүқтар көтерілді. Нәтижесінде Қытай әскерлері жеңіліске ұшырады. Олар Жетісуды ғана емес, ұйғырлар мен тибеттердің қысымымен Шығыс Түркістан жерін тастап кетуге мәжбүр болды. Сондай-ақ, арабтар да Талас жерін қалдырып, Шаш қаласына шегінді. Бірақ, өз ішінен әбден әлсіреген Түргеш мемлекеті де 756 жылы құлады.

Түргеш қағандығы бар-жоғы жарты ғасырдай өмір сүрді. Оньщ көп жылдары сыртқы жаулармен соғыста өтсе, ішкі жағдайында да тыныштық болмады. Тайпалар екі жаққа бөлініп, бір-бірімен талас-тартысқа түсті. Әрине, мүндай үзақ уақытқа созылған саяси күрес қағанаттың экономикалық және мәдени жағынан өсіп өркендеуіне кері әсерін тигізді.



Бекіту сұрақтары.

1 Түрік қағанатының пайда болуы мен саяси тарихы туралы

2 Түрік қағанатындағы саяси оқиғалардың жүруі барысы туралы

3 Түрік қағандығындағы сыртқы саясат мәселелері

4.Батыс Түрік қағандығының ішкі және сыртқы саясатының бағытытары қандай еді?

.Түркештер мемлекетініңі саяси тарихы туралы не білдіңдер?


Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (Очерк) А., 1994

2 Қазақстандық тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Төрт томдық. 1 том А., 1996

3 Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан: летопись трех тысячелетий А.,1992

4 Салғарин Қ. Қазақтың қилы тарихы А., 1982

5.М.Чапай Қазақстан тарихы А, 2000


Тақырып -6 Қарлық мемлекеті .

Оғыз және Қимақ мемлекеті: саяси тарихы

742 жылы Монғолия даласындағы Шығыс Түрік қағанатын үш тайпаның-қарлұқтардың, ұйғырлар мен басмалдардың біріккен одағы күйретіп жеңеді. Қағанат билігі аз уақыт басымалдардың қолына кешіп, олардың көсемі қаған бола-ды. Қарлұқтар басшысы мен үйғырлардың жетекшісі жабғы атағын алады. Алайда, көп кешікпей бүлардың арасында талас-тартыс басталып, 744 жылы басымалдарды ұйғырлар мен қарлұқтардың біріккен күші тас талқан етеді. Сөйтіп, Орталық Азияда жаңа мемлекет ¥йғыр қағанаты (744-840жж.) қүрылады. Ұйғыр тайпаларының басшысы жоғарғы қаған болады да, қарлүқтар көсемі жабғы атағын алады. Бірақ карлүқтардың дербестікке үмтылуы, олардың Ұйғыр қағанатынан бөліиіп шығуына жеткізеді. 746 жылы қарлүк тайпалары Жетісу жеріне қоныс аударады. Ал мүндағы Түргеш мемлекетінің саяси жағдайы тым күрделі болатын. Сыртқы жаулардың шабуылынан және өзара кырқысқан күрестен әлсіреген түргеш қағандары қарлұқтарға лайықты қарсылық көрсете алмады. 766 жылы түргеш қағанының екі ордасы - Тараз бен Суяб және бүкіл Жетісу жері қарлұқтар жабғуының қолына көшті.

Қарлұқ тайпалары УІІІ-Х ғасырларда Қазақстанның Жоңғар Алатауынан бастап, Сырдарияның орта бойына дейінгі кең байтақ жерлердің бәрінде қоныстанды. Олар Балқаш пен Ыстықкөлдің арасын, Ыстықкөлдің айналасын, Іле, Шу, Талас аңғарларын, Тянь-Шаньнің бауырайларын мекендеді. Қарлұқтардың бір тобы 766-775 жылдары Қашғарды басып алды, ал VIII ғасырдың аяғында олардың екінші бір бөлігі Ферғанаға өзінің үстемдігін жүргізді. IX ғасырдың бас кезінде қарлүқ тайпалары Оңтүстік Қазақстандағы Отырар (Фараб) қаласы маңына барып қоныстанды.

Бұл кезде Қарлұқ конфедерациясына түркі тілдес көшпелі және жартылай көшпелі әр түрлі тайпалар: жікілдер, бүлақтар, халаждар, түргештер, азкишлер, тухсилер, ша-рухтар, аргулар, барсхандар кірген. Бүлардан басқа оның қүрамында оғыздардың негізгі көпшілігі Сырдарияның орта және төменгі ағысына көшкеннен кейін Жетісу жерінде қалған кейбір топтары, сондай-ақ түрік болып кеткен Жетісу соғдылары болды.

Қарлұқ қағандығы билікті өз қолдарына алғаннан кейін, батыстағы Мәуеренахрдың араб жаулаушыларымен, саманидтермен үзақ жылдар бойы соғыс қимылдарын жүргізді. Қарлұқ жабғуы IX ғ. басында арабтарға қарсы Ферғана және Жетісу қарлұқтарының күрестерін қолдап отырды. 810 жылы арабтар қарлұқтарға қарсы шабуыл жасап, Құлан /қазіргі Луговой стансасы/ қаласына жетеді. 812 жылы араб-тар Отырарға жорыққа шығып, қарлұқтар қолын қирата жеңеді. Олардың жабғысы Қимак еліне қашып кетуге мәж-бүр болады. Осыдан кейін Оңтүстік Қазақстан жерінің Қарлұқ қағанатына кіретін бір бөлігінде араб билігі орнайды.

Қарлұктардың шығыстағы Ұйғыр қағанаты мен жүргізген бәсекелестік әрекеті, қақтығыстары да сәтсіздікпен аяқталады. 791 жылы ұйғырлар Бесбалық түбінде қарлұқтар мен тибеттіктердің біріккен әскерлерін талқандайды. 812 жылы олар қарлұқтар мен соғыста тағыда жеңіп шығады. Ұйғыр қағаны қарлұқтарды қуа отырып, Ферғана мен Сырдарияға дейін жетеді. Олардың адамдары мен малдарын қолға түсіріп, Орталық Азиядағы ордасына қайтып оралады. Осы жеңілістен кейін Қарлұқ жабғуы Монғ-олиядағы Ұйғыр қағанының билігін мойындауға мәжбүр болады.

840 жылы Орталық Азия даласында аса маңызды тари-хи оқиға орын алды. Енесей қырғыздары ¥йғыр қағанатын талқандап, оның халқын Турфан аймағы мен Ганьчжоу ауданына еріксіз көшіреді. Бүл оқиғаны Исфиджаб билеушісі, қарлұқ жабғысы Білге қүл Қадырхан шебер пайдаланады. Ол жаңадан қаған атын алып, езінің жоғарғы өкіметті алуға қақысы бар екенін ашықтан-ашық жария-лайды. Алайда қарлүқтардың билігі берік болмады. Сол жылы Орта Азия саманилері оған қарсы «қасиетті соғыс» жариялап, Исфиджабты басып алды. Қала көшпелі түріктерге ислам дінін таратудың орталығына айналды. 893 жылы Самани билеушісі Исмаил-ибн-Ахмет Таразға жорық жа-сайды. Қарлұқ кағаны Оғүлшақ Қадырхан қорғанғанымен ақырында қала қүлап, халқы ислам дінін қабылдайды. Оғүл-шақ өз ордасын Тараздан Қашқарға көшіреді де, саманилерге қарсы соғыс әрекеттерін одан әрі жүргізе берді. Бүл кезде Жетісу түріктері саманилердің қысымына тойтарыс беріп қана қоймай, олардың мемлекетіне жорықтарда жа-сап түрды. 904 жылы олар Мәуеренахрға басып кіреді, бірақ көп ұзамай тастап кетуге мәжбүр болды.

Қарлұқтардың феодалдық мемлекет болуымен байланысты, онда еншілік тайпалық жүйесі қалыптасты. Бүл, әрине, басқарудың орталықтанған түрінің бекуіне жәрдемін тигізбеді, өйткені ірі-ірі тайпалар түрған, енші жер-суы бар билеушілер өздерін жартылай дербес, ал шын мәнінде тәуелсіз иеліктерін кеңейтуге тырысты. Осының салдарынан қарлұқ жабғылары билігінің аты болмаса, заты жоқ тұғын.

Қарлұқ феодалдық қоғамында әлеуметтік және жіктік теңсіздік күшейді. Қоғам байлар мен кедейлерге бөлінді, одан басқа қауымның ешбір қүқы жоқ тобы - күлдар-тын. Халықтың негізгі бөлігі - қоғамның қарапайым қатардағы мүшелері, олар малы мыңғыраған байларға экономикалық жағынан кіріптар болды. Көшпелі тайпалардың билеуші ақсүйек топтарының қолында жайылымдар мен қүнарлы жер ғана емес, қалалар да болатын.Ұйғыр қағанатының күшеюіне байланысты, Қашғар жеріндегі түрік тілдес тайпалар Оңтүстік Қазақстан аймағына жылжыды. 940-жылы олар Баласағұнды басып алды да, Қарлұқ мемлекеті құлады.

X ғасырда Оғыз мемлекетіиің астанасы - Янгикент немесе Жаңа Гузия деп аталатын қала болды. Ол Қимак даласы арқылы Сарысу, Есіл және Нүра бойларына баратын сауда жолының үстінде орналасқан, сондықтан Сығнақ пен Оңтүстік Оралға баратыи керуен жолдары осы қаланың үстінен өткен. Оғыз мемлекеті өзінің саяси және әлеуметтік түрмысы жағынан көне феодалдық мемлекет болды. "Жабғы" атағы бар жоғарғы билеуші Оғыз мемлекетінің бас-шысы болып саналды. Оғыз жабғыларының орынбасарла-рын Күл-еркін деп атаған. Жоғарғы билеушілер орны мүрагерге беріліп отырған. Оғыз хандарын сайлау кеңестерде еткізілген, бұл әлгі әскери демократия дәуіріндегі халық жиналыстарының өзгертілген түрі тәрізді. Жабғудың «инал» деген атағы бар өз мұрагерлері болған. Жас кезінде оларды тәрбиелеу үшін арнайы қамқоршылар (атабектер) тағайындалған. Оғыз жабғыларының әйелдері сарай маңын-дағы өмірде айтарлықтай рөл атқарған. Оларға «қатын» деген атақ берілген. Сарайда әскери кеңеске сүйенетін оғыз әскерінің бастығы (Сюбашы) маңызды орын алған. Әскер басылары елдегі саяси оқиғаларға араласып, кейде тіпті жабғуға да қарсы шығып отырған.

965 жылы Оғыз жабғуы Киев князі Святослав пен одақ-тасып хазарларды талқандады. Киев русьтары өздеріне бәсе-келес хазарлардың жеңілгеніне қуанса, оғыз шонжарлары Дон және Қара теңіз жағасындағы тамаша жайылымға ие болды. Хазар қағанатының талқандалуы Оғыз мемлекетінің саяси қуатының өсуіне себебші болды.

985 жылы оғыздар Орыс князьдарымен бірігіп, Еділ Бу-лғариясын күйрете жеңді. Оғыздар Еділ бойынан, Маңғыс-таудан /оғыздар Ман-кишлак деп атаған үстірттен/ өтіп, Еуропаны Азиямен жалғастыратын аса маңызды сауда және әскери стратегиялық жолдарды басып алғысы келді, бірақ оған қол жеткізе алмады.

Оғыз мемлекеті өзінің саяси және әлеуметтік даму жағынан ертедегі феодалдық мемлекет болды. Онда әскери-демократиялық қүрылыстың жалғасы ретінде ел билеу ин-ституттары сақталды. Ал жабғудың билігін ірі әскери тайпалық ақсүйектердің кеңесі шектеп отырды.

ІХ-Х ғасырларда Оғыз мемлекетінде ескі рулық-тайпалық институттардың тез ыдырауы жағдайында патриархаттық-феодалдық қатынастар дамыды. X ғасырдың аяғы мен XI ғасырдың бас кезінде Оғыз елінде алым-салықты тиянақты түрде жинап отыру жүйесі орын алды, бұл - мемлекетте түрақты басқару аппаратының құрылғанын көрсетеді. Жабғынын салық жинаушылары мың адамға дейін жететін арнаулы отрядтардан құрылды.

Оғыздар қоғамында феодалдық жекеменшік түрі қалыптасып дамыды, Сөйтіп ақсүйек байлар тобы бөлініп шықты. Малға жекеменшіктік теңсіздіктің негізі болған. Бай ақсүйектермен бірге қауымның қатардағы мүшелері: кедейлер мен күлдар бүкарасы тіршілік еткен.



Оғыздардың көпшілігінің басты кәсібі көшпелі мал шаруашылығы болды. Көшпелілер маусымдық жайылымдардың бірінен соң біріне ауысып, ұзақ уақыт кешіп жүрді. Олар өзендердің белгілі еткелдерінен, қолайлы тау асула-рынан өтіп, суы мол, шөбі қалың жайлауларға ауысып отырды. Оғыз тайпаларының бір бөлігі Сырдарияның төменгі бойын қыстап, жайлауға Каспий маңындағы далаға көшкен. Оғыздар негізінен жылқы,қой,ешкі, сиыр, өгіз, түйе өсірген. Әсіресе, қой өсіру шаруашылығы маңызды рөл атқарған. Сондай-ақ оғыз бай феодалдары жер қайыстырған қалың жылқы үйірлерін үстаған. Көшпелі оғыздар түйе де оның ішінде айыр өркешті ірі түйелер өсірген. Оғыздар аңшылықпен де айналысты, терісі қымбат түлкі, сусар, қүндыз сияқты авдарды аулаған. Оғыз кедейлері Арал теңізінен, Сырдариядан, тағы басқа да өзендерден балық аулап кәсіп қылған.

Тарихи деректемелер оғыздардың арасында отырықшы егіншілер мен қала халыктарының едәуір көп болғандығын көрсетеді. Қалалардағы үйлер көбіне тастан, ағаштан, қамыстан түрғызылды. Оғыздардың Сырдарияның төменгі ағысында Жанкент, Жент, Жуара, ал Сырдарияның орта ағысында Қарнақ, Сүткент, Фараб, Сығнақ және Сауран т. б. қалалары болған. Оғыз көшпенділері Мәуеренахр, Хорезм және Жетісу сияқты егіншілігі да-мыған елдермен тығыз байланыс жасап түрған. Оларда қолөнер кәсібі, соның ішінде мал өнімдері мен шикізаттарды өңдеу дамыды. Малдың терісінен әр түрлі аяқ киім, ыдыс, садақтың қаптамасы, қорамсақ, ер-түрман әбзелдері, торсық-мес секілді заттар жасалды. Киіз үйге керекті заттар дайындалды. Киім, сондай ақ жабайы жануарлар мен аңдардың терісінен де тігілді. Оғыздарда қүмырашылық өндірісі де өркендеді. Олар мекендейтін аумақтарда темір, күміс, алтын, мыс және асыл тастар өндірілді. Шеберлер олардан сән-салтанат және әсемдік бұйымдар дайындады.

Оғыздар табиғи күштерге табынып, бақсы-балгерлерге сенген. Сонымен бірге олардың арасында бірте-бірте ислам діні де ене бастайды. Оғыздар Еуразияның саяси және әскери тарихында маңызды рөл атқарды.XI ғасырдың басында Оғыз мемлекеті құлдырай бастады.



Қытай деректемелерінде көрсетілгендей (Кимектер) Қимақтар тарихы VII ғасырдан басталады. Ондағы атала-тын яньмо тайпасы зерттеушілердің шамалауы бойынша кимек тайпасы болып саналады. Теле тайпаларының бірі болған яньмолар (кимектер) VII ғасырдың бас кезінде Солтүстік Монғолияны мекендеген, ал ҮІІ ғасырдың ортасына таман кимектер Алтай тауларының солтүстігі мен Ертіс өңіріне көшіп барады. Кимек тайпаларының басшы сы «шад тұтұқ» деп аталған. ҮІІІ ғасырдың екінші жартысы - IX ғасырдың басында кимек тайпалары үш бағытта: солтүстік-батыста Оңтүстік Оралға, оңтүстік-батыста Сыр-дария аңғарымен Оңтүстік Қазақстанға, оңтүстікте Солтүс-тік Шығыс Жетісу аймағына қарай қоныс аударады.

766 және 840 жылдар аралығында кимектер Батыс Алтай, Тарбағатай мен Алакөл ойпатының жерлерін жайлап, Шығыс Түркістанды мекендейтін тоғыз оғыздар-дың теріскей шебіне дейін жетеді. Осы кездері жеті тай-падан: эймур, имек, кыпшақ, татар, баяндүр, ланиказ, ажлардан тұратын кимек федерациясы қүрылды. Кимек тайпаларының басшысы «байгу» (жабғы) деп аталады. Бүл атақ өзінің лауазымдық дәрежесі жағынан шадтан жоғары болған.

IX ғасырдың бас кезінде кимектер Сырдарияға қарай жылжиды. Бүл жерде олар қарлұқтармен одақтасып, Сыр-дария бойындағы және Арал өңіріндегі қаңғар-печенег тай-паларын талқандайды. Печенегтерді бүл жерлерден ығыстырып, осында қоныс аударған оғыз тайпаларына оларды батысқа қарай қуып жіберуге пәрменді көмек береді. Мүның өзі сонымен бірге кимек тайпаларына Оңтүстік Орал мен Сырдария бойына дейін тақап баруға жол ашады және Кимек мемлекетінің күшейіп, өркен жаюына да се-бебші болады. Сондай-ақ Кимек билеушілерінің қүдірет-күші едәуір арта түседі. Олар мемлекетінің ішінде тайпалар ақсүйектерінің өкілдерінен билеушілерді тағайындап отырған.

IX ғасырдың аяғы - X ғасырдың бас кезінде, яғни Кимек қағанатының құрылған уақытынан бастап, олардың ханы түріктердің ең жоғарғы лауазымы хакан деп аталған, немесе хандардың ханы деген мағынаны білдіреді. Хакан-нан кейінгі билік Қимақ мемлекетінің қүрамына енген тайпалар бірлестігін басқарған жабғулардың қолында болған. Олардың кейінгі жеке-жеке ру-тайпаларды шад-түтүктер билеген.

Кимек мемлекетінің қалыптасып осуіне қарай, олардың тайпаларыньщ құрамы да езгеріп отырған. Тарихи дерек-тердің көрсетуі бойынша, бүл кезде қағанат қүрамына кірген тайпалардың саны 12-ге жеткен. Кимектердің 16 қаласы болыпты, бастылары Кимекия, Қарантия, Дамурия, Шнария, Сараус, Дахлан, Банджар, Астур. Қимақтың ақсүйек байлары киімді қызыл және сары жібектен киетін болған, кедейлері жұпыны киінген. Қимақ қоғамындағы мал-мүліктің теңсіздігінің нәтижесінде көшпелі ақсүйектер пай-да болады. Малы аз қимақтар кедейге айналады. Сөйтіп, қимақтардың қоғамында әлеуметтік теңсіздіктің едәуір орын алғанын байқаймыз. Қимақтар қол өнермен, аң аулау, балық аулаумен шұғылданып, қыстауларды қоныс етіп, шағын мекендерде түрған, бүл мекендер бірте-бірте қалаға айналған.

Қимақтар жазуды білген. Олар ежелгі көне түрік жазуын пайдаланып, қамыс қаламмен жазған. Мәдени және әлеуметтік жағынан алғанда кимектер көп жағдайда VI - X ғасырларда көне түріктер қауымында қалыптасқан дәстүрлерді мирас етіп алып, оларды едәуір дамытып отырған.

IX ғасырдың екінші жартысы мен XI ғасырда қимақ-қыпшақ тайпалар одағының негізінде ертедегі феодалдық мемлекет қалыптасты. Қаған елді көптеген басқарушылары арқылы билеген. Соңғылары салық жинаумен айналыс-қан.

Қимақтар табиғаттың әр түрлі күштері мен құбылыстарын пір түтқан, көк тәңірісі ата-бабаларына сиынған. Олар күнге, жүлдыздарға, аруақтарға да табынған. Ертіс езенін қасиет түтып, "өзен-адамның тәңірі" деген. Өлгендерді өртеп жерлеген. Оларға тас сымбат /мүсін/ койып, оған табыну салты кеңінен тараған.

XI ғасырдың бас кезінде Орталық Азиядан шыққан көшпелі тайпалардың бірінен соң бірінің шабуыл жасауы Қимақ мемлекетін әлсіретті. Бүдан басқа қағанаттың өз ішінде де билік үшін талас-тартыс күшейді. Сондықтан оның қүрамына кірген қыпшақтар өзінің қоныстанған жерлерін тастап, Сырдария бойындағы, Аралдың батысы мен Каспийдің солтүстік өңіріндегі оғыздарды орындарынан қозғап, оларды оңтүстікке және Қара теңіз далаларына көшіп баруға мәжбүр етті. Оғыз жерін басып алғаннан кейін, қыпшақ хандары күшейе түсті.

Осы оқиғалардың барысында қимақтар саяси үстемд-ігінен айырылып қана қойған жоқ, сонымен катар қыпшақтарға тәуелді болып шықты. Ертісте қалып, екінші бөлігі Түркістан және Орта Азия аймағына қоныс аударды, енді біразы қыпшақ тайпаларымен батысқа, оңтүстік орыс далаларына қарай қозғалды. Сөйтіп, қыпшақтар Қимақ мемлекетінің орнын басты.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет