ПОӘК 042-18-18 4/03-2013 №1 басылым 18. 09. 2013



бет4/8
Дата31.12.2019
өлшемі0,62 Mb.
#54461
1   2   3   4   5   6   7   8

Бекіту сұрақтары

1.Ортағасырлық қалаларды атап, жеке сипатама беріңдер

2.Қалалар мәдениеті дегенді қалай түсінесіңдер?

3.Шаруашылығы мен дін архитектуралық табыстар туралы не түсіндіңдер?



4.10-12 ғғ. Қазақ халқының арасынан шыққан ғұламалар мен олардың тарихтағы рөлі қандай болды?

5.Х-ХІІ ғғ. Ойшалдар: М.Қашқари мен Ж.Баласағұнның шығармалары мен көтерілген тарих мәселелері туралы не түсіндіңдер?

6.Х-ХІІғғ. Ғұламалар мен ойшылдардың тарихитағы рөліне қандай баға берер едіңдер?
Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (Очерк) А., 1994

2 Қазақстандық тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Төрт томдық. 1 том А., 1996

3 Байпаков К.М., Нуржанов А. Ұлы Жібек жолы және ортағасырлық Қазақстан А.,1992

4 Байпаков К.М., Ерзакович Л.Б. Древние города Казахстана А., 1971

4. Сөнбес жұлдыздар А, 2000



Тақырып-9 Қазақстан жеріндегі Ұлы Жібек жолы

VI-XII ғасырда Орта Азия мен Қазақстанда қалалар тез өсті. Олар сауда мен қолөнердің, дін мен мәдениеттің тірегіне айналды. Батыс Түркістан жерінде Суяб, Құлан, Мерке, Тараз, Отырар, Испиджаб сияқты қалалар бой көтерді. Олардың көтерілуі таптық қоғамның шығуының айқын көрінісі еді.

Орта ғасырда Қазақстан өзінің қалалары арқылы әлемдік қарым-қатынастан тысқары қалмай, Еуропа және Азия елдерімен Жібек жолы арқылы сауда жасасып, байланысын үзген жоқ. Бұл кезде Қазақстанның оңтүстігінде басты және ірі қалалардың бірі-Испиджаб(қазіргі Сайрам) болды. Оның толық сипаттамсын Әл-Макдиси берген. «Испиджаб ірі қала,-деп жазды ол.Оның рабады(күзеті) мен тұратын мединасы бар. Онда төбесі жоқ базарлар, мата базары мен үлкен мешіт бар. Оның 4 қақпасы: Нуджакет қақпасы, Фархан қақпасы,Шахраны қақпасы, Бұқара қақпасы әр қақпаның жанында рабады бар».

VI-XII ғасырларда тікелей орталығы ретінде мәлім болған Испиджабта тауарлардың көптеген түрлері өндіріліп, осы жерден басқа жақтарға мата, қару-жарақ, мыс пен темір әкетіліп тұрды. Ағын суы мол, ағашы көп және тамаша бақшалары бар ең гүлденіп, көркейген кенттердің бірі болған Испиджаб қаласының қазылып, зерттеліп осы уақытқа дейін сыры ашылған жоқ. Бірақ оның қандай рөлі болғаны туралы жазба деректер аз емес.

Қазақстанның Сырдарияның орта бойына орналасқан ірі қалаларының бірі-Отырар. Араб-парсы деректемелерінде Отырар қаласы Фараб, одан бұрын Тарбан деп те аталған. ІХ ғасырдың бас кезінде арабтар Фадл-Ибн Сахлдың басқаруымен Отырар аймағын басып алуға тырысты. Ол шекаралық әскерінің бастығын өлтірді және Қарлұқ жағбуының ұлдарын қолға түсірді деп хабарлайды деректемелер.VII-VIII ғасырларда Отырар шахристаны мұнаралары бар дуалдармен қоршалған. Бұл дуалдар қайта салынған түрінде IX-X ғасырларға дейін сақталған.

VII-VIII ғасырларда Отырардың билеушісі өзін теңдесі жоқ «Отырарбенді патшасы » деп атаған. Қала аймағында болған бірнеше ұсақ қоныстар мен қалалардың бірі –Кедер IX-X ғасырларда оазистің астаналық орталық дәрежесіне дейін көтерілген, мұның өзі саяси жағдайдың өзгеруіне және осы ауданның оғыздарға бағынуына байланысты еді. Отырар өмірі Х-ХІІ ғасырлардан кейін де жалғасып, оның орта Сырдария өңірінің экономикасы мен мәдениетіне ықпалы күшті болған. Отырар көлемі жағынан ең өскен қала екен.

Қазақстанға белгілі болған орта ғасырлық қалалардың бірі - Тараз. Ол жазба деректемелерде 568 жылдан бастап аталады. Византия императоры Юстианның елшісі Земарх Килликискийдің Батыс түрік қағанаты Дизабулға берген есебінде Тараздың да аты аталған. Шамамен 680 жылы Қытай саяхатшысы Сюань Цзан Таразды (Далассы) шеңбері 8-9 лиге жеткен маңызды сауда орталығы деп сипаттайды.

VII ғасырда Тараз «Ұлы Жібек жолындағы» ірі мекенге айналды. Оны шапқыншылықтан қорғау кезінде түрік, қарлұқ, оғыз тайпалары, араб және иран жауынгерлерінің басын алып, талай рет ойранын шығарғаны жөнінде тарихи мағлұматтар бар.

X-XII ғасырларда Тараз қаласының су құбырлары, сонымен қатар күйген кірпіштен көпшілік үшін салынған моншасы болған. Оған жақын жерде Айша-бибінің күмбезі көтерілген. Ол жақсы күйдірілген кірпішпен қаланып безендірілген, қабырғаларына ою-өрнектер салынған. Қатты қирап тек батыс жақ қабырғасы мен бұрышы сақталып қалған бұл күмбез қазір қалпына келтірілді. Тараз жеріндегі ортағасырлық сәулет өнерінің тағы бір ескерткіші-Қарахан күмбезі. Өкінішке орай, қираған күмбез XX ғасырдың басында қайта тұрғызылып, сәнді өрнектері өшіп кеткен. Бізге дейін жеткені тек оның суреті ғана.

Тараз Жетісудың саяси, экономикалық және мәдени өмірінің ірі орталығы болған. Оның төңірегіндегі Талас, Асса сияқты өзендердің бойында төменгі Барысхан, Хамукет, Жікіл, Адахкет, Ден, Нуджикет, Құлан, Мерке, Аспара, Жұл, Баласағұн, Барсхан қалалары мен қоныстары бір-біріне тізбектеліп жалғасып жатты. Сондай-ақ Іле өзенінің алқабында Қойлық, Талхиз, Екі-оғыз сияқты басқа да қалалар орналасқан.

XI ғасырда Ясы (Түркістан) қаласы Шауғар округінің орталығы саналған. Мұнда XII ғасырдың аяғында Ахмет Яссауи күмбезі салынып, қала діни орталыққа айналады.

Сырдариядағы ірі қала-Сығанақ. Қазақстанның солтүстігі мен солтүстік-шығысына баратын керуен жолдарының қилысында орналасқан ол XII ғасырда қыпшақ бірлестігінің орталығы болды. Қазір Сығанақтың орнында Сунақ –ата жұрты бар.

X-XII ғ. Орта Азия мен Қазақстанда жоғарыда айтылған кенттерден басқа жаңа бірқатар қалалар –Қарашоқы, Қарнақ, Ашынас, Баршылылықкент т.б. пайда болды. Олардың алып жатқан жер көлемі ұлғайып, сауда шаруашылық орталығы-шахристаннан рабадқа ауысқан.

Қазақстан жеріндегі халықтардың зкономикалық өмірінде сауда орасан зор рөл атқарды. Жазба деректемелер Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қалаларының Визиантия, Иран, Орта Азия, Кавказ, Алтай, Сібір, Шығыс Түркістанмен тығыз сауда қатынасы болғанын дәлелдейді. VI- X ғ. Халықаралық саудада «Ұлы Жібек жолының» зор маңызы болды. Бұл жол Шаштан Газгирдке, одан Испиджабқа жетті, одан әрі керуендер Тараз қаласына беттеген.Исфиджаб пен Тараз арасында бірнеше шағын қалалар мен керуендер аялдайтын сарайлар «Жібек жолы»Тараздан терістікке қимақтарға қарай Адахкет,Дех-Нуджикент қалаларын басып өтті.

Тараздан «Жібек жолымен»Төменгі Барысханға, Құланға, одан әрі Меркеге және Аспараға қарай шұбыра жолшыбай бірнеше қалаларға соғып, Бедел мен Ақсудан асқан керуендер Шығыс Түркістанға барып жетеді екен.

Исфиджаб қаласынан солтүстікке қарай шыққан керуен жолы Қаратаудың терістік бауырындағы Құмкент, Баба-ата, Созақ қалаларын,одан кейін Орталық Қазақстан далаларын басып өтіп, Кеңгір, Жезді, Нұра, сондай-ақ Ырғыз бен Ертіс аңғарларына, қимақ-қыпшақ тайпалары мекендеген аудандарға қарай беттейтін болған. Маңызды сауда жолдарында керуен сарайлар, жолда құдықтар мен су қоймалары орналасқан.Өзендерге көпірлер салынған.Қалаларда сауда орны,ірі базарлар болған. Орта Азиядан шыны, асыл заттар,көп қолданылатын өнер бұйымдары, жылқы малы т.б шығарылып, Қытайдан жібек, фарфор, керамика әкелінетін. Шеттен әкелінетін бұйымдар-меруерттен, лазуриттен, маржаннан жасалған немесе солармен әшекейленген заттар.

Қалалардың өсіп өркендеуі,сауданың дамуы,ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұранымды арттырған.Мұның өзі егіншілік пен мал шаруашылығының дамуына себепкер болды.Жауын-шашынның аз болуына байланысты Қазақстанда егіншілік көбінесе суармалы негізде дамыды.

Егін шаруашылығы елдің Оңтүстігінде, Сырдария, Арыс, Бадам өзендері алқабында, Жетісуда, Іле өзені бойында біршама жақсы дамыды.Орталық Қазақстан егіншілікпен судың тапшылығына байланысты тек өзен алқаптары мен тау бауырындағы жерлерде ғана шұғылданды.Елдің барлық жерлерінде егіншілік кәсіптері мал шаруашылығымен ұштасып жатты.

IX-XII ғасырларда Отырар өңірі суармалы егіншіліктің орталығы болды.Мұнда егістік көп тармақты суландырмалы жүйемен жабдықталды.Су жолы Арыс өзеніндегі су қоймасы арқылы жүргізіліп,оның бір саласы Отырар қаласына келді, екінші саласы Құйрық төбе, Алтын төбе, Жалпақ төбе, Марданкүйік қалаларына барды.Отырарға баратын су жолы төңіректегі рабадтарды сумен қамтамасыз етіп, сонымен бірге қаланың солтүстігіндегі алқапты суландырған. Ал Сырдариядағы су жолы Сауран мен Сығанақты және сол жағалаудағы Сүткентті, Аркөкті, Аққорған және Үзкентті сумен қамтамасыз еткен. Талас жотасының тау бауырларындағы жерді суландыру үшін Бадам, Сайрамсу, Арыс, Ақсу өзендерінің суы пайдаланылған.

Жер кетпен тәрізді темір шоттар және темір,не шойын ұштары бар,жер жыртатын құралдармен өңделіп,егін ору темір орақпен жүргізілген.Дәнді ұнтақтау үшін тас дирмендер қолданылған. Қолдан суару негізінде Жетісу тұрғындары астық өсіріп, жүзім шаруашылығымен және шарап жасаумен айналысты, бақша және бау дақылдарын екті. Таудың төменгі етектерінде Талғар, Есік, Қаскелең, Үлкен және Кіші Алматы, Бақанас, Көксу, Лепсі өзендерінің орта және төменгі ағыстарының бойында да суландыру құрылыстары болған. Талас өзенінен Тараз қаласына тартылған су жолы арқылы қаланың айналасындағы бау-бақшалар суғарылып, гүлдеп тұрған.Қазақстан жерінде халықтар өздерінің даму дәрежесіне қарай қолөнер кәсібімен де шұғылданды.

Феодалдық қатынастардың дамуы селолық қауымдардың натуральды шаруашылығының біртіндеп ыдырауына әкеп соқты.

Осынау тарихи жолдың жібек саудасына байланысты “Жібеек жолы” атанғаны түсінікті. Ал “Ұлы” сөзінің оған қосылуы жолдың кең-байтақ Шығыс өлкелері мен Батыс өлкелерін байланыстырып жатуынан. Сондықтан да бұл жол “Ұлы Жібек жолы” болып тарихқа енді.

Қытай жазба деректеріндегі хабарларда б.з.б. II-I ғасырларда Үйсін мемлекетінің Қытай өкіметімен қарым-қатынастары жайлы мәліметтер бар. Сол байланыс кезінде олардың араларында жасалған саудада қымбат бағалы жібектің жүргендігі сөзсіз. Сол қытай деректері бойынша, VI ғасырда Батыс Түрік қағанының және оның нөкелерінің жібек шапан кигендері белгілі. Бұл- VI ғасырда жібектің бүкіл Еуразияға әйгілі болған кезеңі.

Жібек жолының басы Қытай жеріндегі Хуанхэ өзенінің аңғарындағы аймақтан басталды. Ол Ұлы Қытай қорғанының батыс шетінен өтіп, Іле өзенімен Ыстықкөлге жетеді. Жол осы арада батысқа және солтүстік-батысқа қарай шығу үшін оңтүстік, солтүстік бағыттарға тармақталады. Оңтүстік бағыт Ферғана, Самарқан, Иран, Ирак, Сирия елдері мен Жерорта теңізіне шыққан. Ал солтүстік бағыт Оңтүстік Қазақстанда Испиджаб қаласына келіп және екі тармаққа бөлінген. Біреуі Орта Азияға қарай, екіншісі Түркістан арқылы Сырдарияның төменгі ағысымен батыс Қазақстанға шығып, Еуропаға қарай өткен.

Алайда бұл көрсетілген бағыттар үнемі тұрақты болды деп айтуға болмайды. Ол халықаралық саяси жағдайға байланысты өзгеріп отырған. Бірақ мүлде өзгеріп, басқа арнаға түспеген. Жағдайға байланысты бұрынғы жолдар қайта жанданып отырған.

Ежелгі Қытай деректеріне қарағанда, б.з.б. Iғ. ортасында алғаш рет Қытай елінен Батыстағы елдерге қарай жібек артқан керуендер жолға шыққан. Ал бұған жауап ретінде Қытайға немесе Шығыс елдеріне қарай Жерорта теңізі жағасындағы елдерден, Таяу және Орта Шығыстан, Орта Азиядағы елдерден әр түрлі тауарлар ағыла бастаған. Халықаралық сауда жолы арқылы Орта Азияның атақты асыл тұқымды жылқылары, Шығыс елдерінен пілдер мен мүйізтұмсық, барыс пен арыстандар, аң аулауға және саятшылық құруға қажетті құстар (қаршыға, бүркіт) сияқты сирек кездесетін жан-жануарлар сатыла бастаған.

Әсіресе, бұл жолдың бойымен қолда өсірілетін мәдени өсімдіктердің ішінде жүзім түрлері, шабдалы, қауын, Шығыстың, Орта Азияның жемістері сатылған. Көкөністердің сирек кездесетін түрлері тұқымымның сатылуы олардың Азия елдерінде де егіліп, шаруашылықтың жандануына пайдасын тигізіп отырған. Мәселен, қазіргі кезде базарда сатылып жүрген қытай немесе болғар бұрыштары сол ерте кездерден-ақ осы Жібек жолының арқасында көп елге тараған.

Жібекті халықаралық саудаға шығарғанмен, оны өндіру тәсілін Қытай өкіметі өте құпия сақтаған. Бірақ та соған қарамастан, ол құпияны Қытайдан жасырын түрде алып шыққандар болған. Деректерге қарағанда, жібек құртын адамдар қуыс қурайдың ішіне салып, тіпті кейбір әйелдер шашының арасына тығып алып шықса керек. Сөйтіп, жібек өндіру б.з. алғашқы кезінде Византия, Соғды сияқты елдерде тағы да игеріле бастаған. Соғдыды жібек өндірудің дамығаны сонша, жібек сатуда Қытай мемлекетімен бәсекеге түскен. Мәселен, кытайдың кейбір қалаларында олардың сауда отарлары болған. Ал Жібек жолының Жапонияның сілемі – ертедегі астанасы Нарға қаласында жібек сататын орындар болған. Оның басты бір дәлелі, ондағы ғибадатханада осы уақытқа дейін соғды тілінде жазылған қолжазбаның сақталуы. Осылай жібек өндіру Жапон елінде, Кавказ жерінде жандана бастайды. Сөйтіп Ұлы Жібек жолының бойындағы сауданың дамуы арқасында бүкіл дүние жүзінде жібек шаруашылығы және басқа да шаруашылық түрлері дами бастайды.

Сауда кезінде жол бойындағы елдердің бір-бірімен қарым-қатынас жасауының барысында олар тек тұтыну бұйымдары арқылы ғана емес, өзара мәдени жағынан да байланысқа түседі. Сатылатын бұйымдар өзінің өте тамаша, сәнді жасалуы арқылы үлкен сұранысқа ие болады. Хас шеберлер қалыптасады. Мәселен, археологиялық қазба жұмысы кезінде атақты Византия шеберлерінің қолынан шыққан тамаша күміс құмыралар Тараз қаласынан табылған. Осындай құыраларды жергілікті шеберлер де жасаған болуы керек. Қытайдың әдемі фарфордан жасаған, көздің жауын алатын ыдыстары Қазақстандағы Талғар, Испиджаб, Отырар сияқты ортағасырлық қалалардан көптеп табылған. Яғни жергілікті шеберлер де сондай ыдыстар жасауға маманданған. Бұдан елдер арасында мәдени байланыстың туа бастағандығын көреміз.

Жібек жолы бойындағы мәдени байланыс, әсіресе музыка саласында ерекше байқалады. Саз балшықтан жасалған түйе үстінде отырған өнерпаздар мүсіндері жол бойындағы елдерді аралап жүріп өнер көрсеткен өнер иелері өмірінің бір сәтін бейнелейді. Археологиялық зерттеулерге қарағанда, Ұлы Жібек жолының бойындағы кейбір Тараз, Баласағұн, Испиджаб сияқты қалалардан әр түрлі діни нанымдарға байланысты мешіт-медреселердің орындары табылған. Қала тұрғындары діни наным-сенімі жағынан түрлі көзқараста болғанымен, ортақ мәдени үлгілері тұтынған. Керек кездерде олар өнер сайыстарына түсіп, ортақ өнердің дамуына өз үлестерін қосып отырған.

Жібек жолы халықтар арасындағы сауданың дамуына ғана зор үлесін қосып қойып қойған жоқ, ол Шығыс пен Батыс елдерінің арасындағы халықаралық (дипломатиялық) қарым-қатынастың дамуына да өзінің үлкен пайдасын тигізген. Қытай жазба деректеріне қарағанда, Жібек жолының халықаралық қарым-қатынас жағынан жандана бастаған кезі б.з.б. II ғ. ортасында бастаған. Қытай императоры У-Ди 138 жылы Батыс елдеріне қарай аттандырған елшілік 13 жылдан кейін оралған. Міне, осы елшілік оларған кезден бастап Қазақстан, Орта Азия жеріне және батыстағы елдерге қарай жібек артқан керуендер шыға бастаған. Бұған керісінше, Батыс елдерінен Қытайға қарай елшіліктер шыққан.

Сауда жолына байланысты дипломатиялық қарым-қатынасты 568 жылғы Түрік қағанаты мен Византия мемлекетінің арасында болған келісімдерден толық байқауға болады. Екі ел саудаға байланысты Иранға қарсы одақ құрған. Елшіліктердің пайда болуы халықаралық сауданың дамуын күшейтеді. Алғашқы кезде қытай жібегі елдердің елшіліктері арасында және патшалар үшін аса бағалы тауар болып, ақша немесе құнды сыйлық орнына жүрген. Мәселен, Иран шахына Қытай императорының атынан жібектен жасалған әшекейлі киімдер жіберілген. Сонымен Ұлы Жібек жолының мемлекеттер арасында сауданың дамуына ғана емес, олардың арасындағы саяси қарым-қатынастың дамуына да тарихи ықпалы зор болды.


Бекіту сұрақтары.

1.Ұлы Жібек жолының пайда болу себептері қандай?

2.Ұлы Жібек жолының тармақтары

3.Ұлы Жібек жолының тармақтарынан өтетін қалалардың дамуы туралы не білесіңдер?


Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (Очерк) А., 1994

2 Қазақстандық тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Төрт томдық. 1 том А., 1996

3 Байпаков К.М., Нуржанов А. Ұлы Жібек жолы және ортағасырлық Қазақстан А.,1992

4 Байпаков К.М., Ерзакович Л.Б. Древние города Казахстана А., 1971

5 Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы, Атамұра, 2003ж.


Тақырып-10 Моңғол дәуіріндегі Қазақ даласы
Татар-моңгол тайпаларының саяси жағынан басын біріктіріп, Моңғол феодалдық мемлекетінің негізін салушы Темучин болды. Ол тарихтағы бір деректер бойынша 1162 жылы, екінші бір деректер бойынша 1155 жылы ірі ноян Есугай баһадүрдің отбасында туған. Темучин ер жете келе негізгі қарсыластарының барлығын жеңіп, Моңғол-дың бүкіл тайпаларын өзінің кол астына біріктірген. 1206 жылдың көктемінде Өнан өзенінің сағасында Темучинді жақтаушы-моңғол ақсүйектерінің құрылтайы болып, онда ол салтанатты жағдайда Шыңғысхан деген атпен моңғолдардың әміршісі болып жарияланды. Осыдан кейін Темучин өзін хан көтерген ақсүйектердің қүлкынын тойғызу мақсатында көрші елдерді жаулау, оларды талау-тонау үшін үлкен әзірлік жүргізді.

Шыңғысхан әскери-үйымдастыру принципін мемле-кеттік құрылыстың негізі етіп алды. Елдің бүкіл жері мен халқы он қанат /барунғар/, сол қанат /жоңғар/ және орталық /гол/ атты үш әскери әкімшілік округке бөлініп, әрбір округте он мың адамнан түратын бірнеше түмгелер /түмен-дер/ болды. Олар өз кезегінде "мыңдық", "жүздік", "он-дықтан" кұрылды.

Өте қатал тәртібі, мүқият қүрылымы бар әскер басында моңғолдардың феодалдық жоғарғы тобының өкілдері-нойондар, багадурлар, мергендер, сечендер түрды. Шыңғысха-нға бүлардан басқа, өзіне шын берілген, 10 мың таңдаулы жауынгерлерден түратын кешігі /үланы/ қызмет етті. Онын көмегімен Шыңғысхан нойондар мен феодалдарды өзіне тәуелді етіп үстады.

1207-1208 жылдардың қысында Шынғысханның үлкен баласы Жошы Енесей қырғыздарын және Сібірдін оңтүстігіндегі басқа да "орман халықтарын" бағындырды. 1208-1209 жылдары Шыңғысхан әскерлері тұтқиылдан ша-буыл жасап, таңғұттық Си Ся мемлекетін күйретті. Шыңғ-ыстың қаһарынан сескенген қазіргі Шығыс Түркістан аймағындағы ұйғырлар моңғолдарға ез еркімен бағынды. Олардың ел басшысы Баршық өзін Шыңғысханның бода-нымын деп мойындаған. 1211 жылы Шыңғысханның қолы Солтүстік Қытайға бет алды, 1215 жылы олар сол кезде Цзинь мемлекетінің астанасы болған Чжундуды /Пекинді/

бағындырды.

Қытайда моңғолдар соғыс ісінің сол замандағы жоғарғы техникасымен танысты. Қытайдан көптеген қару-жа-рақ, қамал бұзатьш машиналарын және оны қолдана білетін адамдарды, қолөнершілерді алған. Шыңғысхан өз әскерінің санын көбейтіп, жауынгерлік дайындығын одан ары жетілдірді.

Сөйтіп, ол Шығыс Еуропа мен Алдыңғы Азияға жол ашатын Орта Азия мен Қазақстанды жаулап алу жорығына жан-жақты әзірленді. Бүл үшін ол мүсылман көпестерінен, моңғолдардың қол астында болған босқындардан мәліметтер алып, Қарақытайлар мемлекетінің, содан кейін Хорезм шахындағы ішкі жағдай мен әскери күштер туралы деректерге қанықты, соның негізінде ойластырылған іс-қимылдың бағдарламасын жасады.

Шыңғысхан Қазақстан мен Орта Азияға жорықты Жетісу арқылы жүргізбекші болды. Өз басының жеке жауы най-манның ханы Күшлік ханды талқандап, бай қалалары бар Жетісуды өзіне қарату үшін оған 1218 жылы Жебе ноян бастаған әскер тобын жіберді.

Жетісуды Шыңғысхан әскері қарсылықсыз оңай басып алды. Моңғолдарға қарсы түруға жарамай қашып кеткен Күшлік ханның мүсылмандарды қудалауы, қаталдығы, жігерсіздігі, салықпен зар илеткен зорлық-зомбылығына ыза болған жергілікті халық Шыңғысханға мойынүсынатынын білдірді. Жетісуды бағындырғаннан кейін Шыңғысханның Мәуеренахрға, сол кезде бүкіл Орта Азияны билеп отырғ-ан Хорезм мемлекетіне қарсы жорыққа жолы ашылды. Көп кешікпей оған сылтауда табылды. 1218 жылы көктемде Шыңғысхан Орта Азияға сауда керуенін жіберді. 500 түйе-; ден түратын керуенінде монғол жансыздарын қосып есеп-тегенде барлығы 450 адам болатын. Көп адамы бар керуен 1218 жылдың жазында Отырарға келіп жетті. Отырардың билеушісі Қайырхан Иналшық көпестерді тыңшылық жа-сады деп күдіктеніп, оларды олтіруге бүйырды. Шыңғыс-хан Хорезм шахынан Қайырханды үстап беруді талап етті. Бірақ Хорезм шахы бүл талапты орындамады, Шыңғысхан жіберген елшілерді олтіруге әмір берді. "Отырар апаты" деп аталатын бүл тарихи оқиға Шыңғысханның Хорезмге қарсы соғысын тездетті.

Орта Азияны бағындыру үшін Шыңғысхан өзіне тәуелді елдерден алған жасақтармен қоса жалпы саны 150 мыңға дейін адамы бар қалың қолды бастап шықты. Моңғол әскері Отырарға таяп келгенде моңғолдардың басшысы Шағатай мен Үгедей бастағаи бірнеше түменді қаланы қоршау үшін қалдырып, әскерлердің Жошы бастаған басқа бір шоғырын Сыр бойымен төмен бағыттады. Жебе мен Сүбедей басқарған үшінші шоғырға Сырдарияның жоғарғы ағысы бойындағы қалаларды бағындыру міндетіп жүктеді. Шың-ғысхан кіші үлы Төлеймен - екеуі әскердің негізгі күштерімен Бүхараға беттеді.

Хорезмнің шахы Мүхаммед моңғолдарға қарсы түруға дайын емес еді. Өзін онша жақсы көрмейтін жергілікті феодалдардың күш біріктіріп езіне қарсы шығуынан корық-қан ол оскери күштерді әр қалаға бөліп үстап отырған. Мүның өзі Шыңғысханға қалаларда түрған шағын-шағын шоғырларды оп-оңай қарсылықсыз қүртып жіберуге мүмкіндік жасады.

1219 жылдың күзінде Шыцғысхан орасан зор армияны бастап Жетісу арқылы Мәуеренахрға аттанды. Оңтүстік Қазақстанның жергілікті халқы моңғол басқыншылығына қатты қарсылық көрсетті. Мүнда Шыңғысхан әскерлері Отырар қаласына келіп, оны қоршауға алды. Қайырхан ба-сқарған қалада 80 мыңдай әскер бар еді. Отырар қорғаны-сы Қазақстан мен Орта Азияның халык бүқарасының моңғол басқыншыларына қарсы жүргізген ерлік күресінің айқ-ын көрінісі болды. Қарамағында қамал бүзатын техника-сы, соның ішінде жанып кететін күбіршіктер, ататын машиналары болса да, моңғолдар бүл қаланы алты ай бойы ала алмады.Қаланың қүлауына опасыздық себеп болған еді.
Бекіту сұрақтары:

1 Монғол шапқыншылығының бамсталуының себебі№

2.Темучиннің саясаты ...

3.Монғол шапқыншылығының зардаптары туралы не білесіңдер?


Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (Очерк) А., 1994

2 Қазақстандық тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Төрт томдық. 1 том А., 1996

3 Байпаков К.М., Нуржанов А. Ұлы Жібек жолы және ортағасырлық Қазақстан А.,1992

4 Байпаков К.М., Ерзакович Л.Б. Древние города Казахстана А., 1971

5 Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы, Атамұра, 2003ж


Тақырып 11. Алтын Орда және Ақ Орда мемлекеттері:

қоғамдық құрылысы

Қазақстан аумағы үш монғол ұлысының құрамына енді: соның ішінде үлкен бөлігі Жошы ұлысы еді.Жошы ұлысы Ертістен батысқа қарайғы ұлан-ғайыр жерді, Жетісудың солтүстік бөлігі мен бүкіл Дешті-Қыпшақты, Еділдің төменгі бойын қоса алып жатты. 1227 жылы Шыңғысхан өлді. Ол өлгеннен кейін 1235 жылы Қарақорымда өткен моңғол ақсүйектерінің құрыл-тай жиналысы Шығыс Еуропаға жаңа жорық жасауға шешім қабылдады. Моңғол әскерлерін Шьщғысханның мүрагер немересі, Жошының ұлы Батый /Бату/ басқаратын болды.

Батый әскері моңғол шоғырларына еріксіз енгізілген, әртектес тайпалардың жауынгерлерінен құралды. Ондағы басқару қызметтерінің бәрінде моңғол феодалдары тұрды.

Батыйдың самсаған әскері 1236 жылы Қамадағы Бұлғарияны, Мордваларды талқандап, 1237-1240 жылдары орыс мекендеріне келіп шүйлікті. Рязань, Мәскеу, Владимир түбінде моңғол әскерлерімен кескілескен үрыстар жүрді. Орыстың шағын қаласы Козельск түрғындары жеті апта бойы моңғолдарға жан аямай қарсылық көрсетті. Осы үры-старда мыңдаған моңғолдар қырылды. Бірақ сан жағынан әлдеқайда көп моңғолдар қаланы басып алып, оны жермен-жексен етті.1239 жылдың басында моңғол әскерлері Еділ өзенінің ту сыртынан орыс жеріне екінші жорыққа аттанды. Қызу ұрыстар жүргізе отырып, моңғолдар Переяславль қаласын, онан кейін Чернигов қаласын қоршауға алып, оны өртеп күлге айналдырды. 1240 жылдың күзінде Батый әскерлері Киевті қоршады. Киев халқы үзақ уақыт қаланың сыртында, тіпті, моңғолдар қала ішіне басып кіргеннен кейін де, қарсылығын тоқтатпады. Олар түгелімен дерлік қырғынға ұшырады. Аса бай мәдениет ескерткіштері бар ертеден келе жатқан орыс қаласы тағылықпен талқандалды.Орыс халқыньщ моңғолдардың күшін әлсіреткен, оларға қарсы жүргізген ерлік күрестің нәтижесінде ғана Ба-тыс Еуропа моңғол шапқыншылығынан аман қалды. Бірақ, соның өзінде моңғолдар Польша, Венгрия, Чехияны және басқа елдерді талап қүлазытты.

Батыйдың тау суындай екпінді жорығы барысында монғолдар кең байтақ жерге ие болды. Оның шегі баты-ста - Днестрге, шығыста - Ертіске, оңтүстікте - Солтүстік Кавказға, Солтүстікте Батыс Сібір ойпатына дейін жетті. Батый иеліктерінің қүрамына оңтүстік-шығыста Солтүстік Хорезм мен Сырдарияның төмен жағындағы жерлер енді. Орыс княздіктері де Батыйға тәуелді бодан болды. Осындай аса зор мемлекет шығыс деректеме-лерінде Көк Орда, ал орыс жылнамаларында Алтын Орда деп аталды. Алғашында Алтын Орда Моңғолия империясына оның бір үлысы ретінде енген еді, ал XIII ғасырдың 60-шы жылдарынан кейін ол дербес ел болып

бөлінді.


Алтын Орда халқы этникалық жағынан біркелкі болған жоқ. Отырықшы аймақтарда - Еділ булғарлары, қала қыпшақтары, орыстар, армяндар, гректер, ежелгі хазарлар мен алан үрпақтары, хорезмдіктер түрды. Далалық өңірді негізінен мал шаруашылығымен айналысқан түркі тілдес Қыпшақ, Қаңлы, Найман, Қоңырат, Керей, т.б. тайпалар мекендеді. Дешті Қыпшақ төңірегі мен Еділ бойына қоныс аударған моңғолдар аз болған жоқ. Олар жергілікті түркі тілдес халықтарымен сіңісіп кетті. Алтын Орданың орта-лық аймағы - Еділ бойы қазіргі Саратовтан Астраханға дейін (астанасы - Берке сарайы немесе Сарай әл-Жадид), негізгі әскери феодалдық күші - қыпшақ тайпалары. Ал-тын Орда өзін билеген хандары - Батый 1241-1256 ж., Бер-ке 1257-1266 ж., Мөңке-Темір 1266-1280 ж., Төде Мөңке 1280-1287 ж., Төле-Бүқа 1287-1291 ж., Тоқа-Темір 1291-1312 ж., Өзбек 1312-1342 ж., Жәнібек 1342-1357 ж. түсын-да қуатты кемеліне келіп, билігі мейлінше күшейе түсті. Егер Жошы мен Батый Моңғолиядағы үлы ханға белгілі бір дәрежеде бағынышты болса, Беркеден бастап Алтын Орда хандары өздерін тәуелсізбіз деп есептеді. Ол Батыс Еуропамен, Мысырмен, Кіші Азиямен, Үндістанмен, Қытай-мен сауда-саттық жүргізді, әр түрлі кәсіпшілікпен айналы-сып, қолөнерді дамытты. Берке хан түсында Алтын Ордаға ене бастаған ислам діні кейін Өзбек хан түсында үстем дінге айналды.

XIV-XV ғасырларда Орта Азия мен Қазақстан халқы моңғол шапқыншылығының ауыр зардаптарынан бірте-бірте арыла бастады. Бүліншілікке ұшыраған шаруашылықты, қираған қалаларды қалпына келтіруге бағытталған шара-лар жемісін беріп, феодал-байлардың экономикалық және әлеуметтік жағдайлары біраз жақсарды. Қазақстанның онтүстігі мен оңтүстік-шығысында кала мәдениеті, егіншілік, қолөнер өндірісі жандана түсті. Өлкенің батыс, орталык, далалық өңірі мен оның оңтүстігі, Жетісу және Орта Азия аймақтарымен сауда байланыстары қалпына келтірілді. Сонымен бірге бүл тұста моңғолдардың қол ас-тында болып келген көптеген үлыстар мен елдер дербес тәуелсіз мемлекеттер қатарына шықты. Осындай тәуелсіздіктің арқасында Қазақстан жерінде алғашқы рет жергілікті этникалык негізде пайда болған ірі мемлекет -Ак Орда хандығы. Оның шекарасы Жайық озенінен Ертіске, Батыс-Сібір ойпатынан Сырдың орта шеніне дейін созы-лып жатты. Ақ Орданың мегізгі халқы ерте заманнан осын-да мекендеген түркі қыпшақ тайпалары, сондай-ақ, Алтай-дан осында қоныс аударған наймандар, қоңыраттар, керей-ттер, үйсіндер, қарлүқтар және басқалары. Бүл тайпалар тілі жағынан бірін-бірі түсінетін біртекті түрік тілдес болды. Олар әлеуметтік-экономикалық жағынан, мәдени әдет-ғүрып, салт-дәстүрлері де бір-бірімен үқсас, туыстас тайпалар еді.

Ақ Орданың негізін қалаған Шыңғыстың немересі Жошы ханның үлкен үлы Орда Ежен. Ақ Орда алғашқы қүрылған кезде Алтын Ордаға тәуелді иелік болып есептелді, ал іс жүзінде өз алдына тәуелсіз саясат жүргізіп отыр-ды. Ол кезде Алтын Орданың астанасы Еділ бойындағы Сарай қаласы еді. Ал Ақ Орданы билеген Орда Еженнің ордасы алғашында Ертіс алқабында Алакөл маңында, яғни әкесі Жошы ханның алғашқы қоныстарында бол-ды. Ақ Орда хандарының кестесі оларды болған уақытына қарай мынадай ретпен тізеді. Орда Ежен, Сартақ, Қоныша, Баян, Сасы-Бүқа, Ерзен, Мүбарак, Шымтай, Ұрыс хан, Қой-ьіршақ, Барақ, т.б.

Ақ Орданың кемеліне келіп, толысқан шағы XIV ғ. екінші жартысы. Бүл кезде Ак Орда мемлекетінің шаруа-шылғы, мәдениеті қарыштап дамып гүлденді. Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы өркендеді. Ақ Орда хандары қалаларды қалпына келтіріп, қайта қүруға зор күшжұмсады. Олар хандықтың астанасы Сығнақ қаласында өз аттарынан металл ақша шығарды.

1361 жылы Ақ Орданың билеушісі болған ¥рыс хан өз жағдайын біраз күшейтіп, енді Алтын Орда тағына оты-руға күш салды. Сөйтіп, 1374-1375 жылдары Еділ бойы-мен жорыққа шыққан ол Сарайды өзіне қаратып, Хаджы-Тарханды (Астраханды) қоршауға алды. Кама бұлғарларының жерін бағындырды. Бірақ ¥рыс ханның үстемдігі үзаққа созылмай, келесі жылы ол Еділ бойынан кетіп, Ал-тын Ордадағы билікті Мамайға беруге мәжбүр болды. Өйткені бүл кезде Орта Азиядағы Мауеренахр жерінде билікті өз қолына алып күшейе түскен Әмір Темір Ақ Ор-даның оңтүстік шекарасына шабуыл қауіпін төндірген еді. Ақ Ордаға қарсы шабуылда Әмір Темір Маңғыстау үлесінің билеушісі Түйқожа оғланның баласы Тоқтамысты пайда-лануға тырысты. Түйқожаны ¥рыс хан Алтын Ордаға қар-сы жорықта қолдамағаны үшін өлтірген болатын. Ал Тоқ-тамыс Самарқандка кашып келіп, Әмір Темірді паналады. Әмір Темір Ақ Орданы жаулап алу мақсатын жүзеге асыру үшін қару-жарақ, әскери күш беріп, Тоқтамысты Ақ Ор-даға қарсы айдап салды.

Тоқтамыстың алғашқы жорығы (1374-1375) сәтсіз аяқталды, Ақ Орда әскерлері Тоқтамыстың шоғырларын талқандады. Бүл соғыста Үрыс ханның баласы Қүтылық Бүға қаза тапты. Әмір Темірден жаңадан әскер алған Тоқ-тамыстың екінші жорығы да ¥рыс ханның баласы Тоқтақия басқарған Ақ Орда әскерлерінен жеңілді. Әмір Темір Ақ Ордаға жорық жасау үшін Тоқтамысты үшінші рет әскермен жасақтады және бүл жорықты өзі бастап шықты. Әмір Темір әскерімен Сырдариядан өтіп,Отырар маңына орналасты. Үрыс хан әскерімен Сығнаққа келіп тоқтады. Алайда екі әскер тобы осылайша бір-біріне жақындамай, аталған жерлерде үш айдай түрып, шайқаспай кері қайтып кетті. Тек төртінші жорық кезінде Үрыс ханның және оның баласы Тоқтақияның қайтыс болуы Әмір Темірдің жеңіске жетуіне мүмкіндік берді. 1377 жылы ¥рыс хан қайтыс бол-ғаннан кейін, Ақ Орда иелігі оның баласы Темір Мәлікке көшкен-ді. Осы кезде Тоқгамыс Орта Азия әміршісі Ақсақ Темірге сүйеніп, Темір Мәліктің әскерін талқандайды, сөйтіп 1379 жылы өзін Ақ Орданың ханы деп жариялайды. Ак Орданың көптеген әмірлерінің қолдауына ие болған ол 1380 жылы Сарайды, Хаджы-Тарханды, Қырымды және Мамай ордасын басып алады. Тоқтамыстың бүл табысы орыс жеріне басып кірген Алтын Орда ханы Мамайдың 1380 жылы Куликово даласында орыс әскерлерінен жеңілуі нәтижесінде мүмкін болды. Тоқтамыс мүнымен тоқтаған жоқ, әбден күшейіп алғаннан кейін ол Ақсақ Темірдің қам-қор-қамтуынан босануға тырысады. Бірақ, 1388, 1391 және 1395 жж. Ақсақ Темірдің Тоқтамысқа қарсы жасаған аса үлкен үш жорығынан кейін Алтын Орда тас-талқан болып қиратылады. Темірден жеңілген Тоқтамыс Сібірге қашып кетті, оны 1406 жылы Сібір ханы Шәдібек өлтірді. Темірдің басқыншылық соғыстарының нәтижесінде және ішкі та-лас-тартыстан XIV ғ. аяғы мен XV ғ. бас кезінде Ақ Орда да әлсірейді. Ол Әмір Темірдің боданына айналды.



1423-1424 жылдары ¥рыс ханның немересі Барақ өзінің бақталастарын жедіп шығып, Ақ Ордада хандық-ты ез қолына алады. Бүл кезде, Ақ Орданың басты қала-сы Сығнақ, сондай-ақ Сырдың орта ағысындағы қала-лар Темір әулетінің қолында еді. 1425-1426 жылдары Барақ Ақсақ Темірдің немересі Үлықбекке қарсы жо-рыққа аттанып, Сығнақты және Сырдария бойындағы басқа да қалаларды босатты. Осы жеңістін нәтижесінде Ақ Орда Темір әулетінің үстемдігінен тәуелсіз болып алды. Алайда, Ақ Орданың ішіндегі феодалдық талас-тартыс тоқтамады. Осының салдарынан 1428 жылы Ба-рақ хан жауларының қольшан қаза тапты. Ол Ақ Орда-ның ең соңғы ханы болды. Барақ хан өлгеннен кейін Ақ Орда ыдырады да, билік Жошының кіші үлы Шайбан түқымынан шыққан Әбілхайыр сүлтанның колына көшті. Шайбан әулетінен шыққандар Барақ өлгеннен соң, Ак Орда жерінің елеулі болігін басып алды. Сөйтіп, 1227 жылы Жошы өліп, оның үлысы екіге жіктелгенде жа-рыққа шыққан Ақ Орда хандығы екі ғасыр өмір сүрді. Ақ Орданың отырықшы аудандарында жерді шартты түрде иелену мен жеке меншіктің түрлері қалыптасты. Кешпелі аудандарда мал шаруашылығы кеңінен дамы-ды. Қыруар мал бай-феодалдардың қолына жинақталды, олар жердің нағыз қожасына айналды. Олар қазақ халқының жеке халық болып қалыптасуында үлкен рөл атқарды.
Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет