ПОӘК 042-18-18 4/03-2013 №1 басылым 18. 09. 2013



бет1/8
Дата25.08.2017
өлшемі1,75 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8




ПОӘК 042-18-18.1.4/03-2013

№ 1 басылым 18.09.2013

беттің беті






Қазақстан Республикасы білім және ғылым минстрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті




3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК

042-18-18.1.4/03-2013




«Қазақстанның ежелгі және ортағасырлар тарихы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені

№1 басылым

18.09.2013




«Қазақстанның ежелгі және ортағасырлар тарихы»
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІНІҢ
ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК

МАТЕРИАЛДАРЫ

СЕМЕЙ-2013


1 ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ

5В020300 «тарих» мамандығы үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты арнайы пәннің типтік бағдарламасының негізінде жасалған. Құрастырушы Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасының аға оқытушысы П.Санкайбаева

«__03__» __09__ 2013 ж.

2 ҚАРАЛДЫ


    1. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің

« Қазақстан тарихы» кафедрасының отырысында қаралды

Хаттама №_1__ « 03_»_09_ 2013 жыл


Кафедра меңгерушісі ____________ Н.Мухаметжанова

2.2 ГЗФ оқу-әдістемелік бюросының отырысында талқыланды

Хаттама №_1__ «_05_»__09_ 2013 жыл
ОӘБ төрағасы_________ Ш.Кеңесбаева


3 БЕКІТІЛДІ

3.1 Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданды және баспаға ұсынылды

Хаттама №_1___ «_18_»__09__2013 жыл
ОӘК төрағасы_________ Г.Искакова


4 АЛҒАШ ЕНГІЗІЛДІ (немесе № 4 «_13» 09._ 2012 ж. баспа ОРНЫНА)

Мазмұны

1 Глоссарий

2 Дәрістер

3 Практикалық сабақтар

4 Студенттердің өздік жұмысы

1 Глоссарий
1 Аридтік аймақ- ауа райы құрғақ аймақ

2 Гоминид- адамның арға ата-бабалары

3 Плиоцен- өтпелі кезең

4 Палеолит- ерте тас дәуірі

5 Мезолит- орта тас дәуірі

6 Неолит- жаңа тас дәуірі

7 Матриархат- аналық рулық қауым

8 Патриархат – аталық рулық қауым

9 Тұрақ-ежелгі адамдар мекені

10 Археология- (архео-көне, ежелгі;логос-оқимын)

11 Этнография-(этнос-халық, логос- оқимын)

12 Миф-аңыз,ертегі

13 Методология- зерттеу әдістерінің жиынтығы

14 Шежіре- төтенше маңызды жазба дерек

15 Руналық- ежелгі түркі жазуы

16 Шаньюй- ғұндар көсемі, ханы

17 Он оқ будун- 10 тайпа одағы

18 Түркі- «төркін», «әскери ақсүйек»

19 Этногенез- халықтың шығу тегі

20 Қаған- ең жоғарғы әскери лауазым, хан, тек

21 Эфталиттер- ақ ғұндар

22 Половецтер- қыпшақ тайпалары

23 Протогород- үлкен, қала тектес қоныстар

24 «Шад» - түмен (10 000 адам) басы

25 Вассал- біреуге бағынышты, тәуелді

26 Моңғол империясы- Шыңғыс хан және мұрагерлері құрған мемлекет

27 Тархан- ақсүйектерге берілетін әскери лауазым

28 Ұлыс бектері- тарханнан төмендеу билік иесі

29 Қараша бектер- қара сүйектен шыққан билеуші

30 «Яссы» (Жасақ)-заңдар жинағы

31 Тамға-ерекшелік белгісі, таңба

32 Құл- ешқандай құқы жоқ, басыбайлы адам

33 Кесене-архитектуралық құрылыс, мазар

34 «Диуани хикмет» (Даналық кітабы) – Қожа Ахмет Яссауидың кітабы

35 Тарихнама- шежіре, ауызша және жазбаша естелік

36 Әз, Әз Жәнібек, Әз Тәуке- әділ билік жүргізген ел басыларына айтылатын билік сөзі

37 «Қасым ханның қасқа жолы» - Қасым хан кезіндегі мемлекеттік құқықтың негізін реформалау үлгісі

38 «Жеті Жарғы»- Әз Тәукенің билік және заң қағидалары

39 «Қазақтардың алтын ғасыры»- Тәуке хан билік құрған жылдар

40 «Жоңғар» - батыс-моңғол тайпалары, «сол қол » деген ұғымды білдіреді

41 «Ойрат» - төрт тайпа одағы деген ұғым

42 «Қоңтайшы»- Жоңғар билеушісі

43 «Ақтабан шұбырынды»- 1723 немесе Жоңғар шапшылығының нәтижесінде қазақтардың босуы

44 Торғауыттар- еділ бойы қалмақтары

45 Бодандық- өз еркімен бағыну, бой ұсыну

46 Рухани мәдениет- адамның ақыл-ойының, санасының өсуі

47 Материалдық мәдениет- заттай мәдениет

48 Елші-бір елдің өкілі, дипломат

49 Төре, қожа- жоғарғы діни қабаттың өкілдері

50 төлеңгіт- төрелерге қызмет етуші әлеуметтік топ

51 Сұлтан- ақсүйек, Шыңғыс хан ұрпағы

52 рулық одақ- «Ата балалары» , біріккен тарихи топ

53 Тайпа- біріккен бірнеше рулық одақ

54 шариғат- мұсылмандардың діни заң-қағидалары

55 Жырау- философиялық толғау- өлең шығаратын халық әдебиет өкілі

56 Би- шешен, халық мойындаған ру-жүз, мемлекет қайраткері

57 Отар- бір елді екінші бір үлкен елдің күшпен немесе саяси әдіспен жаулап алуы

58 Зекет, харадж- алым-салық түрлері


2 Дәрістер

Дәріс сабағының құрылымы
Тақырып-1 Кіріспе. Қазақстан тас дәуірі кезінде
Ежелгі тас дәуірі адамзат тарихындағы ең маңызды кезеңдердің бірі. Бұл кезде адамның жерден бауырын көтеріп, екі қолдың еңбек әрекетіне бейімделуі іске асты. Мұның өзі алғашқы адам іспеттес тіршілік иелерінің күнкөріс үшін тас құралдарын жасауына мүмкіндік берді. Осы құралдардың қалдықтары адамзат баласының ең ұзаққа созылған тас дәуірінің уақытын шартты түрде белгілеуге негіз болды. Батыс Еуропаның тарихи материалдары негізінде құралған классикалық схема бойынша ежелгі палеолит үш дәуірге: дошель, шель, ашель болып бөлінеді. Орта палеолит соңғы ашель, мустье, ал соңғы палеолит ориньяк, солютре және мадлен болып айырылады. Соңғы жылдары бұл схемаға кейбір өзгерістер енгізілді. Бірқатар авторлардың пікірі бойынша: олар палеолитті екі дәуірге - ежелгі дәуір мен соңғы дәуірге бөліп, мустье мен соңғы палеолит арасына меже қояды. Көбінесе Африкада жаңа материалдар негізінде адамзат өміріндегі әуелгі дошельді қамтитын ежелгі кезең бұл күнде олдувэй дәуірі деп аталады. Ол б.з.б. 2,6 млн. жылдан басталады. Ежелгі палеолиттің одан кейінгі екі дәуірі - шель мен ашель 800 мың жылдан 140 мың жылға дейінгі дәуірді қамтиды. Көптеген зерттеушілер орта палеолитті /соңғы ашель мен мустьені/ біздің заманымыздан бұрынғы 140-40 мың жылдықтарға жатқызады. Соңғы палеолит 40 мың жылдықтан 12 мың жылдыққа дейінгі уақытқа сәйкес келеді.

Алғашқы адам тақылеттес тіршілік иелері мен оның қарапайым шаруашылығының қалыптасу кезеңін қамтитын ежелгі тас дәуірі өндіргіш күштердің өте төмен деңгейімен сипатталады. Ол тұстағы адамдардың кәсібінің мәні табиғаттың дайын өнімдерін пайдаланумен шектелген. Олар өздігінен өсіп тұрған дәндерді, жеміс-жидектерді теріп жеп, жабайы аңдарды аулап, олардың етімен қоректенді. Бұл тұстағы адамдардың өзара қарым-қатынасы олардың теңдігіне, еңбек бөлінісінің жынысқа, жасқа қарап реттелуіне негізделді.

Еңбекке бейімі бар, адам тақылеттес ең әуелгі тіршілік иесі ғылымда презинджантроп деген атпен белгілі. Оның сүйектерінің қалдықтары Шығыс Африкадан табылған. Ғылымда "Ноmо һаЬіlіs" /"шебер адам"/ деп аталып кеткен ол осыдан 1 миллион 750 мың жыл бұрын өмір сүрген. Оның миының аумағы 652 см3, яғни ертедегі маймылдың миынан әжептеуір көлемді де салмақты болған. "Шебер адамның" еңбек құралы малта тастың сындырылған түрлерінің қырлары пышақ сияқты өткір болып, кесу үшін пайдаланылған.



Адамзаттың дамуындағы тас дәуірінің орта және соңғы кезеңдеріне сәйкес келетін "Ноmо еrесtus" /"түрегелген немесе бойын жазған"/ питекантроп /"маймыл адам"/ және синантроп /"адам"/ болып екіге бөлінеді. Оның алғашқысы мен соңғысының араларында дамудың, жетілудің оң өзгерістері болғанын, сонымен бірге олардың дамуында сабақтастық барын байқатады.

Бірінші питекантроп 1891 жылы Индонезиядағы Ява аралында табылды. Питекантроп бұдан бір миллиондай жыл бұрын өмір сүрген. Ол "Ноmо һаЬі1іs"-пен салыстырғанда елеулі эволюциялық өзгерістерге ұшыраған. Ми көлемі үлкейіп (959 см3), бас сүйегі мен жақ сүйектері кішірейген, аяқ пен қолдың пропорциясы өзгерген.



"Ното егесtus"-тің екінші бір түрі синантроп болды. Синантроп 1927 жылы Қытай жерінде Чжоу-коу-дян үңгірінен табылды. Одан синантроптың сүйектерімен бірге әр түрлі формадағы тас құралдар, ошақта көп жатқан тастар және төменгі антропоген /геологиялық жер қыртысы/ тарихындағы ширектік дәуір фаунасы жануарларының көп сүйектері табылған. Бұдан синантроптар сол кездің өзінде-ақ от жағуды білген деген корытынды жасауға болады. Бұл кезде піскен етгі, өсімдікті тамақ ету адамның дамуына, әрине, өзінің игі әсерін тигізбей қойған жоқ. Б.з.б. 300 мың жыл бұрын "Ноmo егесtus" қазіргі кезендегі адам түріне, немесе "Ноmо sаріеnsке" /"ақылды адамға айналды. "Ақылды адамның" қалдықтары Еуропада, соның ішінде Германиядағы Неандерталь жотасында табылған. Сондықтан ол тарихта неандерталь адамы деген атпен белгілі. Ал б.з.б. 45-35 мың жылдықта Франциядағы Креманьон жотасында қазіргі адамдарға ең жақын ертедегі адамдардың қалдығы табылды.

Қазақстан жерінде, ежелгі адамның қазынды қалдықтары әзірге кездесе қоймағанына қарамастан, олардың мекен еткен аудандарының бірі - Қаратау жотасы болғаны анықталып отыр. Арыс өзені жағасындағы Кіші Қаратау жотасының солтүстік-шығыс бөлігінде жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде ертедегі адамдардың еңбек құралдары болып табылатын ірілі-уақты шақпақ тастардың табылуы осыған айқын дәлел бола алады.

Климаттық жағынан алғанда, Қаратау жері ертедегі адамдар үшін айрықша қолайлы болып келген. Мүндағы жағдай Қаратау қыраты аймағында ұзақ замандар бойы қалыптасқан. Онда көп түрлі өсімдіктер өсіп, жануарлардың мекендеріне қолайлы табиғи жағдай жасалған. Осының бәрі ежелгі адамдардың бұл араны мекендеуіне жол ашқан. Олар бұл жерлерден қоректі де, су көздерін де, сонымен қатар өзендер жағалаулары мен үңгірлерден, бортопырақты аудандардан шұрайлы мекен жайлар тапқан. Олардың ең бастылары археологиялық зерттеулерде керсетілгендей, ашель дәуіріне жататын Бөріқазған, Тәңірқазған түрақтары болып табылады. Қаратаудың алғашқы түрғындары от жағып, оны сөндірмей ұстай білген. Олар аң аулаумен, тамақ болатын өсімдіктерді жинаумен шұғылданған.

Ашель дәуірінің ескерткіштері Орталық Қазақстанда да табылған. Оған Жезқазған қаласынан 150 шақырым жердегі Жаман айбат, Қарағанды облысының Жезді ауданынан табылған Обалысай тұрақтарын бөліп айтуға болады.

Неолит дәуіріндегі Қазақстан. .з.д.5 мың жылдықта басталған неолит – тас құралдарын барынша пайдалан дәуір.Бұл кезде еңбек құралдары жетілдіріліп, тастарды бұрғылау, тастарды тегістеу, ағашты арамен кесу сияқты жаңа технологиялық әдістер қолданылған. Неолит дәуірінде Қазақстан жерінде мал шаруашылығы мен егін шаруашылығының тууы, ертедегі адамдардың бұрынғы табиғаттың даяр өнімдерін иемденуден, яғни өсімдік дәндерін жинау, аң аулау орнына, өндіруші шаруашылыққа көшуге жағдай жасады.

Тас дәуірінің соңғы кезеңінде мәдени-тұрмыстық жаңалықтардың ашылуына әсерін тигізді, адам еңбегінің ауқымы мен көлемі кеңейді, сонымен қатар керамикалық ыдыс жасау іске аса бастады.

Қазақстан жерінде ғылымға белгілі 600-ден астам неолиттік ескерткіштер табылған.Бірақ олардың басым көпшілігі осы уақытқа дейін зерттелмеген. Неолит тұрақтары жер-жерге орналасу сипатына қарай төрт түрге бөлінеді.Олар: Бұлақ бойындағы, өзен жағасындағы, көл жиегіндегі, үңгірдегі тұрақтар болып бөлінеді.Олардың қалдықтары Қазақстанның барлық аймақтарында кездеседі.
Бекіту сұрақтары:

1 Тас дәуірінің кезеңдеріне сипатама беріңдер

2 Саналы адам епті адам типтерінің пайда болу себептері қандай болды?

3 Мезолит және неолит дәуірінің ерекшеліктері қандай?


Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (Очерк) А., 1994

2 Қазақстандық тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Төрт томдық. 1 том А., 1996
Тақырып-2 Қола дәуірі кезіндегі Қазақстан
Біздің заманымыздан бұрынғы екі мың жылдықта мал және егіншілік шаруашылығымен қоса металл өңдеу кәсібі дами бастады. Мұның өзі Қазақстан жеріндегі әлеуметтік өсіруші тайпалар ірі және қуатты бірлестіктер құрды. Бұлардың арасында әр түрлі себептермен келіспеушіліктер болып, қарулы қақтығыстар да орын алды. Қару енді жабайы аңдарды аулау үшін ғана емес, сонымен қатар тайпалардың соқтығыстарында да жиі қолданылды, қару жасау бірте-бірте металл өңдеудің дербес саласына айналды.

Б.з.б. 2 мың жылдықтың ортасында Қазақстан тайпалары қола заттарын жасауды меңгерген. Қола - әр түрлі өлшемдегі мыс пен қалайының, кейде сүрменің, күшаланың, қорғасынның қорытпасы. Мыспен салыстырғанда қола өте қатты және балқу температурасы төмен, түсі алтын сияқты әдемі болып келеді. Ол еңбек қүралдары мен қару жасау үшін қолданылатын негізгі шикізат болып табылады. Қазақстан жерінде түсті металдар өңдеуге, әсіресе, мал өсіруге мықтап көңіл бөлген. Сөйтіп, б.з.б. 2 мың жылдықтың аяғында - 1 мың жылдықтың басында дала халықтары шаруашылықтың жаңа түрі - көшпелі мал шаруашылығына ауысады.

Қола дәуіріндегі экономикалық басты-басты екі бағыттағы: мал шаруашылығы мен металл өңдеу кәсібінің тез дамуы, ең алдымен еркектердің еңбегін қажет етті. Мұның өзі қоғамда еркектер рөлінің күшеюіне әкелді. Сөйтіп, аналық рудың орнына аталық ру /патриархат/ пайда болды. Қоғамдық өмірдегі ірі өзгерістер өндірістік күштердің өсуіне, қоғамдық еңбектің мамандануына, патриархаттық қатынастың дамуына байланысты еді. Жеке отбасылар бөлініп оқшауланды, меншік ұлғайып кеңейді, рулық қауым ішінде мүлік теңсіздігі көрініс бере бастады.

Қола дәуірінде Сібірдің, Қазақстанның және Орта Азияның кең-байтақ далаларын тегі және тарихи тағдырының ортақтығы жағынан туыс тайпалар мекендеді. Бүл тайпалар бір үлгідегі, бір-біріне ұқсас мәдениет қалдырды. Олар қалдырған ескерткіштердің табылған жері Сібірдегі Ачинск қаласы маңындағы Андронов селосының атымен ғылымда шартты түрде "Андронов мәдениеті" деп аталды.

Андронов мәдениетінің негізгі орталықтарының бірі - Қазақстан жері. Археологиялық деректерге қарағанда, Андронов мәдениеті дәуірінде халықтың басым көпшілігі отырықшылықта өмір сүрген. Өзендердің, көлдердің жағасындағы жайылымы мол жерлерге орналасқан рулық-патриархаттық отбасылардың үйлері мен үлкен жертөлелері болған. Олардың жанынан әр түрлі шаруашылық жайлар мен мал қамайтын орындар салынған. Өйткені, бұл кезде мал бағу кәсібі басымырақ еді. Тайпалар малшылық-егіншілікпен аралас шұғылданды.

Андронов мәдениеті дәуірінде адамдар металдан еңбек құралдарын, қарулар және сәндік заттар жасауды жақсы білген. Олар түбі шығыңқы балталар, сағасында ойығы бар пышақтар, балға, шоттар, найзалар мен жебелердің өзгеше ұштары, білезіктер, айналар, моншақтар және әр түрлі ілмешектер, егін оратын орақ, пішен шабатын шалғы сияқ-ты қүралдарды өздері жасап, күнделікті түрмыста кеңінен қолданды.

Андронов мәдениетінің алғашқы ескерткіштерін 1914 жылы А.Я. Тугаринов ашты. Содан бері өткен уақыт ішінде Кеңес елінде, сонымен бірге Қазақстанда бұл мәдениетке қатысты орасан көп археологиялық материалдар жиналды. Андронов мәдениеті қола дәуірінің алғашқы кезеңін /б.з.б. ХҮІІІ-ХҮІ ғасырлар/ және орта кезеңін /б.з.б. ХУ-Х ғасырлар/ түгелдей қамтиды. Орталық Қазақстанда қола дәуірінің соңғы кезеңінде /б.з.б. Х-ҮІІІ ғасырлар/ Андронов мәдениетімен салыстырғанда анағұрлым жоғары Дәндібай-Беғазы мәдениеті болғанын білеміз. Ол Қарағанды қаласы маңындағы Дәндібай ауылында және Балқаштың солтүстік төңірегіндегі Беғазы қойнауында қола ескерткіштерінің алғашқы қазылған жеріне қарай аталған. Дәндібай-Беғазы мәдениеті Атасу өзенінен Ертіске дейінгі байтақ даладан табылған көптеген ескерткіштерімен сипатталынады. Олардың қатарына Ақсу-Аюлы-2, Ортау-2, Байбала-2, Бесоба, Бұғылы-3 кешендері жатады. Бұл ескерткіштерге тән нәрсе, бір жағынан, Андроновтық дәстүрлердің сақталуы, екінші жағынан, мәдениеттің жаңа элементтерінің, тұрпаты ерекше бәйіттік тамдардың, жатаған, домалақ ыдыстардың пайда болуы. Жерлеу ғүрпы да Андронов мәдениетіне тән емес. Әдеттегі бүктелген қаңқалармен қатар аяқтарын созып, шалқасынан жатқызылған каңқалар да кездеседі. Мұндай жерлеу ғұрпы кейінгі ерте темір дәуірінде Қазақстан жерінде тұрған малшы тайпаларда кеңінен таралған. Беғазы мәдениеті жерінде жерленгендерден мүлік теңсіздігінің болғанын да байқаймыз. Басына обалар жасалып, оның айналасы ірі гранит тақталармен белдеуленген молалар да кездеседі. Бұл патриархаттық-рулық қоғамның көрнекті мүшелерінің қабырлары. Сондай-ақ, бұл тағы малдарды, жануарларды қолға үйрету көшпелілер қоғамы дамуының заңды кезеңі еді.

Қазақстан жерінде мал шаруашылығымен қатар неолит дәуірінен бастап егіншілік дамыған. Мәселен, Усть-Нарым қонысында /Шығыс Қазақстан/ табылған қыстырма орақтар егіншіліктің болғанын көрсетеді. Тастан астық үгетін құралдар: астық түйгіштер, тоқпашалар, келілер, келсаптар жасалған. Егін жинауда алғашқы кезде пышақ пайдаланылған болса, соңғы қола дәуірінде әр түрлі қола және мыс орақ, шалғы қолданылады. Алқаптарда негізінен бидай, қара бидай, тары егілген.

Қола дәуірінде адам қоғамының өндіргіш күштерінің дамуында мал өсіру және егін егумен қатар әр түрлі рудаларды өндіру, тас пен сүйекті пайдалану аса маңызды рөл атқарған. Оған Қазақстан жеріндегі мыстың, қалайының және алтынның бай кендерінің болуы қолайлы жағдай жасаған.

Андронов мәдениеті кезінде Қазақстан жерінде мекен еткен тайпалардың қоныс жайларын анықтау мақсатында бірнеше қазба жұмыстары жүргізілді. Әдетте қоныстар өзендердің жағасында, жайылымы мол мүйісте, көлдің маңына орналасқанын археологиялық қазбалардың нәтижелері көрсетіп отыр. Қоныстар 6-10 үйден, үлкендері 20 үйден тұрған. Өзен жағасында олар бір немесе екі қатар болып тізілген. Мүйістегі үйлердің ортасынан кең алаң - котан қалдырылған. Тұрғын үйлердің аумағы кең 100 шаршы метрден 300-400 метрге дейін жеткен.

Қола дәуірінде Қазақстан жеріндегі тайпалардың өмірге керекті және үй-тұрмысына қажетті заттарды істеп шығара бастағанын байқаймыз. Мал шаруашылығы адамдарды тек тамақтандырып қана қойған жоқ, сонымен қатар киім-кешекпен және аяқ киіммен де қамтамасыз етті. Сойған малдың жүнін түтіп, оны иіріп киім етіп кию үшін жаңадан ұршық және қарапайым тоқыма станогі пайда болды. Бұлар бірнеше қазбалардан табылды. Мұның өзі сол тұста қазақ даласындағы үлкен жетістік еді. Адамдар малдың терісін өңдеп, үстіне тон, басына тымақ, аяғына киім етіп киеді. Қойдың биязы жүні мен ешкінің түбітінен жүн киімдер тоқылған.

Б.з.б. 1 мың жылдықтың басында андроновшылар отырықшы болған, мал үй іргесінде жайылған. Мал өсірудің мұндай түрінен жайылым тез тозған. Сондықтан мал шаруашылығының өнімділігін бір деңгейде сақтап, оның санын арттыру үшін мал өсірудің жаңа тәсілі - жартылай көшпелі маусымдық шаруашылыкқа көшу басталады.

Қоныстарды мекендеушілерде керамика ыдыстарын жасау кеңінен дамыған. Оның бәрі шаруашылық пен түрмыста пайдалануға арналды. Бұл тұстағы құмыра жасаушылардың көбі әйелдер еді. Күйдірген балшықтан ыдысаяқтардың бірнеше түрі жасалған. Ыдыстарға әшекейлеп өрнек салынған. Соңғы қола дәуіріндегі құмыралардың дені иіні дөңгелек, бүйірі шығыңқы болып жасалынды. Андроновшылардың құмыра, козелерін көркемдеп көрсететін ою-өрнектері мыңдаған жылдар бойы сақталған.

Қола дәуіріндегі тайпалар жауынгерлік қару жасап, оларды үнемі жетілдіріп отырған. Ол кездегі негізгі қарулар: найза, күрзі, дүмі шығыңқы балта, балға, шот. Кейбір жауынгерлердің қанжары болған.



Қоғамда азық-түліктің көбеюіне байланысты артық заттарды айырбастау, осындай айырбас сауда барысында байлықтың қорлануы етек ала бастайды. Мал шаруашылығының қарқынды дамуы қоғамдық алғашқы ірі еңбек бөлісін туғызды, басқалардан өз алдына бақташылар белініп шықты. Сол сияқты егіншілік кәсіпте біраз өзгерістер болды. Өңделіп егілген жерлердің көлемі өседі. Бұл өзгерістер қоғамдық еңбекте үлкен белінуді туғызып, матриархаттық қатынастар патриархаттық-рулық қатынастармен ауыса бастады.
Бекіту сұрақтары:

1 Қола дәуіріндегі қазақстанның тарихи-саяси жағдайы қандай болды?

2 Андронов тайпалары туралы тарихи дерек көдеріне сипаттама

3 Қола дәуіріндегі тайпалық одақтардың пайда болуының себептері неде?


Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (Очерк) А., 1994

2 Қазақстандық тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Төрт томдық. 1 том А., 1996
Тақырып - 3 Қазақстан териториясындағы тайпалық одақтар:

сақ, үйсіндер мен қаңлылар

Б.з.б. бір мың жылдықта Қазақстан жерінде тұрған ежелгі тайпалар темірден заттар жасауды игеріп, қуатты тайпа одақтар құрған. Қолына көп мал жинаған ірі бай отбасылары қонысын әрдайым ауыстырып, өзен бойларына ғана емес, сонымен қатар дала және шөлейт жерлерді, Тянь-Шаньның биік таулы бөліктерін бірте-бірте игере бастаған. Жұрт темірді пайдасына жаратып, атқа ауыздық салуды үйренген, сөйтіп, атты алысқа қатынайтын аса маңызды көлікке айналдырған ірі бай-феодалдар қоғамдағы ықпалды күшке айнала берді. Олар көшіп-қонуға қолайлы жеңіл киіз үйді тұрмысқа жайлы түрақты түрғын үйге айналдырған. Алыстан көздеп ататын садақ, ұшы үш қырлы жебе, ақинақ /қысқа семсер/ қорғанудың және шабуылдың сенімді құралы болды. Мал және жайылым үшін талас-тартыстардан, соғыстардан әскер басшылары байыды. Әскер басшыларының және батырлардың рөлі артып, соғыссыз уақытта олар малдарын көбейтіп, байып, халықты биледі. Бұл кезде ел басқару жұмыстарын тежеп отыратын ақсақалдардың кеңесі болған. Тонаушылық соғыстардың жиіленуі бірнеше тайпалардың бірігуін қажет етті. Сөйтіп, тайпалық одақтар құрылды. Оларды көсемдер басқарды.

Біздің заманымыздан бұрынғы V ғасырдың 40-шы жылдар аяғында грек тарихшысы Геродоттың "Тарих" деп аталатын еңбегінде және басқада қол жазбаларда біздің заманымыздан бұрынғы I мың жылдың орта шенінде Орта Азия мен Қазақстан жерінде сақ деп аталатын бірнеше тайпалардың қуатты жауынгер одағы болғаны айтылады. Персия патшасы I Дарийдің Накширустамдағы /Персополға жақын/ тас жазуларында сақ тайпалары үш топқа: сақ-хаумаваргаларға / хаома сусынын дайындайтын сақтар/, сақ-тиграхаудаларға /төбесі шошақ бас киімдері бар сақтар/, сақ-парадарайандарға /теңіздің арғы бетіндегі сақтар/ бөлінеді делінген. Бірінші топтағы сақтар Ферғана жерін мекендесе, екіншілері Сырдарияның орта аймағы және Жетісу жерін жайлап, үшіншілері - еуропалық скифтер немесе Арал теңізі және Сырдарияның арғы бетінде орналасқан.

Геродоттың айтуынша: Сақтар скиф тайпалары, бастарына тік тұратын төбесі шошақ тығыз киізден істелінген бөрік және шалбар киген. Олар садақ, қысқа семсер және айбалтамен қаруланған. Тамаша атқыш жауынгерлер болған.

Сақ әулетінің іргесін қалаушы Алып Ер Тоңға /Афраси-аб/ болған деген деректер бар. Археологиялық қазбаларға қарағанда, сақ тайпалары темірден зат жасай білсе де, мыс пен қоланы пайдалануды артық көрген. Оларда жабайы аңдардың суреттері салынған қоладан құйылған үлкен тай қазандар болған. Сақтардың аңдарды өрнектеумен дүние жүзіне әйгілі болған даналық өнері жалпы адамзаттың даму процесіне елеулі әсерін тигізді.

Сақ тайпаларында көпке дейін матриархаттық ел билеу тәртібі сақталып, әйелдер ерекше жағдайда болған. Мәселен, олардың кесемдерінің бірі - тамаша сұлу, әрі жігерлі, елге әйгілі патша ханум Зарине ел билеп, қалаларды салуға және әскери жорықтарға өзі қатысқан.

Персия мемлекетінің патшасы Кир - Мидия патшасы Крезбен б.з.б. 558-529 жж. соғысқан кезде - сақтармен одақ жасасып, олардан әжептеуір көмек алған. Кейін Кир сақтар мен массагеттерді өзіне бағындыруды ұйғарады. Сөйтіп, Мидия патшалығын жеңгеннен кейін, Кирдің әскерлері сақ-тардың жеріне басып кіреді. Сақтар парсылардың басқыншылық әрекетіне қарсы қайсарлықпен қарсылық көрсетеді. Кирдің әскерлері өздерінің жеңісін тойлап жатқан кезде, сақтардың жауынгерлері тұтқиылдан лап қойып, парсыларды қырып салады. Осы шайқаста олар Кирдің өзін де өлтіреді. Осыған байланысты Геродот жазбаларында мынадай аңыз бар: парсыларды жеңгеннен кейін сақтардың әйел патшасы Томирис: "Сен қанға құмартып едің, енді шөлің қансын" деп үлкен торсыққа толтырып қан құйғызып, оған Кирдің басын салдырады.

Кирдің Орта Азиядағы басқыншылык жорықтарын I Дарий б.з.б. 521-486 жылдары жалғастырады. Жеке-жеке отырған сақ тайпаларын бір-бірлеп бағындырған ол аз уақыт болса да, оларды басып алды. Сақ тайпаларының біраз бөлігі оларға салық төледі және парсы патшасына жасаққа жігіттер беріп тұрды. Тіпті сақтардың біразы парсы патшасының "өлмейтін он мың" деп аталатын ұланының кұрамына кіріп қызмет етті. Б.з.б. VI ғасырдың аяғы V ғасырдың басында /500-449 жж./ ежелгі Шығыстағы грек-парсы соғысында сақ тайпалары парсылар жағында болды. Мәселен, б.з.б. 490 жылғы грек-парсы әскерлерінің Марафон жеріндегі болған соғыста сақтар парсылар жағында болып, гректерге қарсы соғысты.

Б.з.б. IV ғасырдың 30-шы жылдарында македониялық гректер Александр Македонский басшылығымен соңғы Ахеменид, III Дарий Кодоманның әскерлерін талқандап, Орта Азияға баса көктеп кірді. Олар Маракандты /Самарқандты/ алып, Сырдарияға бет алды. Сырдария бойына бекініп алу үшін кішігірім "Александр Крайный" немесе "Шеткі Александр" деген қала салдырды.

Қазақстан жерін ертеден жайлаған үйсіндер туралы не білеміз? Қытай жазба деректемелерінің хабарына қарағанда б.з.б. III ғ. бастап Жетісу жерін Үйсін тайпалары мекендеген. Үйсіндердің тарихын жазуда шығыс зерттеушілері Н. В. Кюнер мен Н. Я. Бичурин үлкен ғылыми жұмыстар атқарған. Бұлардың Қытай тілінен аудармаларын және басқа да деректерді пайдалана отырып академик В. Бартольд өзінің «Жетісу тарихының очеркі» деген еңбегін жазып, онда үйсін тайпаларының қысқаша тарихын жарыққа шығарды. Ал Қытай тілінің маманы Ю. А. Зуев кеңес дәуірі кезінде үйсін тайпаларының тарихы туралы жаңа деректерді пайдалана отырып, Қазақстан тарихын зерделеуде өз үлесін қосты.



Үйсін тайпаларының тарихын жазуда, археологиялық материалдарды жазба деректермен байланыстыра отырып, зер-ттеуде Қазақстан ғылым академиясының академигі Ә. Марғұлан және атақты археолог ғалым А. Бернштам зор айтуға тұрарлық еңбек сіңірді. Ал республикаға белгілі археолог А. Г. Кушаев Іле өзенінің бойындағы үйсін тайпаларының ескерткіштеріне қазу жұмыстарын жүргізіп, олардың өмір сүрген уақытын кезендерге бөліп, бір жүйеге келтірді. Жетісу жерін мекендеген сақ және үйсін тайпаларының тарихымен үзақ жылдар бойы сондай-ақ атақты тарихшы-археолог К. Ақышев жан-жақты айналысты. Ол өзінің зер-ттеулерінің барысында үйсін тайпаларының қоғамдық құрылысы мен әлеуметтік-экономикалық жағын ғылыми түрғыдан дәлелдеп, олардың мемлекеттік дәрежеде өмір сүрген деген қорытындыға келеді.

Үйсіндер мекендеген жердердің шекарасы батысында Шу және Талас өзендерінің бойымен өтіп, Қаратаудың шығыс беткейлеріне дейін созылып жатқан. Үйсіндер иеліктерінің орталығы - Іле аңғары, басты ордасы - Есік көлімен Іле өзенінің оңтүстік жағалауы аралығында орналасқан Чигу-Чен («Қызыл-аңғар») қаласы. Ол ертеден белгілі «Үлы Жібек жолындағы» мацызды сауда орталығы. Үйсіндердің билеушісі гуньмо (ғұнбек) деп аталған.

Үйсін тайпалары туралы алғашқы хабарлар б.з.б. II ғасырдың аяқ кезінде пайда болды. Бұл кезде Қытай императорының сарайындағылар ғұндарға қарсы күресте одақтас іздеп, б.з.б. 138 жылы Батыс өлкеге Чжан Цянь бастаған елшілік жібереді. Жолда Чжан Цяньды ғұндар тұтқынға алып, олардың елінде он шақты жылдай болады. Алайда ол кейінен қашып шығып, Жетісуға барады, бұл жерден Қытайға үйсіндер жөніндегі алғашқы хабарды әкеледі. Чжан Цяннің хабарына қарағанда, үйсіндердің саны 630 мың адам және олардың 188 мың жауынгер жасақтарының болғанын айтады.

Б.з.б. 73-ші жылға дейін үйсіндердің жері үш белікке: сол /шығыс/ белікке, оң /батыс/ бөлікке және ғүньмоның өзіне қарайтын орталық бөлікке бөлінген, бірақ олардың бәрі ғұньмоға тәуелді болды. Үйсіндердің тарихы кіші гуньмолар мен ұлы гуньмолардың үстемдік үшін өзара болған күрестерімен тығыз байланысты. Үйсіндер көршілес халықтармен тығыз қарым-қатынас жасаған. Хань империясы және ғұн тайпалары үйсіндермен одақ болып, Хань мен ғүн әміршілерінің қыздарын үйсін ғүньмоларына әйелдікке беріп отырған.

Б.з.б. 64-51 жылдары Хань империясының Үйсіннің хан тағы мүрагерлігіне араласуы халықтың наразылығын күшейтеді. Халық бүқарасы гуньмоның ғүн тегінен тараған мүрагерлерінен болуды жақтады. Бүл үйсіндердің халқы мен территориясының екі бөлікке: ұлы гуньмо және кіші гуньмо иеліктеріне бөлінуіне алып келген. Олардың қарамағындағы жерлердің шекарасына межелер қойылған.



Үйсін мемлекетінің доуірлеген кезі Цылими гуньмоның билік қүрған, б.з.б. 45-14 жылдардың арасы деп саналады. Өйткені, ол туралы «билікті берік үстады» және иеліктері-нде «алаңсыз тыныштық пен бейбітшілік орнады» деген деректеме осы уақытқа дейін жеткен.

Қытайдың Хань дәуіріпдегі әулеттік жазбаларда үйсіндердің саяси тарихын баяндап жазу, шамамен алғанда, біздің заманымыздың III ғасырына дейін жеткізілген. Біздің заманымыздың 437 жылы үйсіндер Хань ордасына елшілер жіберді деген хабар бар.


Біздің заманымыздан бұрынғы III ғасырдан бастап Қазақстан жерін мекендеген ірі тайпалардың бірі - қаңлылар. Олар Қытай жазба деректерінде кангюйлар деп аталса, иран діни жинағы «Авеста» және үнді діни кітабы «Махабхара-тада» кангха болып кездеседі. Сол кездегі ірі елдердің жаз-ба деректерінде көрсетілуі қаңлы тайпаларының жайғана ру-тайпалық деңгейде емір сүрмегендігін, олардың мемлекеттік дәрежеге көтерілгенін байқатады. Ғылыми пікірлер және Қытай жазба деректері қаңлыларды сақ тайпаларының жалғасы, олардың ұрпақтары деп көрсетеді.

Қытай жазба деректері негізінде қаңлы тайпаларының тарихын алғашқы зерттеушілер Қытай тілін жетік білген ғалымдар Н. Я. Бичурин мен Н. В. Кюнер. Бұлардан кейін жазба деректерді саралай отырып академик В. В. Бартольд қаңлы тайпаларын Сырдарияның орталық ағысында өмір сүрді деген қорытынды жасайды.



Қытай деректеріндегі Чжан Цяннің хабары бойынша қаңлы тайпалары халқының жалпы саны - 600 мың, жау-ынгер жасақтарының саны - 120 мың адам. Орталығы Сыр-дария өзенінің бойында орналасқан Битән қаласы. Қытай деректеріне қарағанда, қаңлы тайпаларының иелігінде Сусе, Фуму, Юени, Ги, Югень деп аталатын бес аймақ болған. Бұл жерлерді кәзіргі кезеңдегі аудандармен салыстырып қарайтын болсақ: Югень-Хорезм; Ги- Сырдарияның саға-сы; Фуму-Жаңақорғанның солтүстік батысынан Қазалыға дейін; Сусе-Сырдарияның орта ағысы, Арыс өзенінің аңғары, Қаратау беткейі; Юени-Ташкент аймағы.

Қазақстан және Орта Азия жерінде қаңлы тайпалары-ның ескерткіштеріне жүргізген зерттеу жүмыстарының қорытындысы бойынша, олардың қалдырған материалда-ры шартты түрде үш мәдениетке бөлінеді. 1. Қауыншы. 2. Жетіасар. 3. Отырар-Қаратау мәдениеті.

Бірінші- Қауыншы мәдениеті, Ташкент маңындағы кенттерден табылған заттармен байланысты, оның бірі Қауыншы қаласының атымен аталған. Бұл мәдениеттің тарихи түрғындарының өмір сүрген кезеңдері б.з.б. III ғасырмен б.з. I ғасыр арасы. Қазақстан ғалымдары бүл мәдениетке Ташкент аймағына жақын орналасқан Шардара су қойма-сының жеріндегі ескерткіштерді де жатқызады. Олар Ақт-өбе I, Шаушықүм қалашықтарының орындары. Бүлардан керамикалық ыдыс-аяқтар, егіншілік кәсібіне және мал шаруашылығына қажет қүрал жабдықтар мен қару-жарақтар табылған.

Екінші - Жетіасар мәдениетіне Сырдарияның төменгі ағысындағы және Арал бойындағы қаңлы тайпаларының тарихи ескерткіштері жатады. Бүлардың қатарына - Ал-тынсар, Томпақасар, Бидайықасар, Үңгірліасар, Жетісар қалашықтары кіреді. Мүндағы табылған заттар б.з. Імың жылдығының алғашқы жартысында өмір сүрген қаңлы тай-паларының тарихы туралы мәлімет береді. Жетіасар мәде-ниетінің халқы Қауыншы мәдениетінің тұрғындарына қара-ғанда тұрақты мекен-жай салу және оның күрделі әрі сапа-лы болуымен ерекшеленеді. Сондай-ақ бұларда керамикалық заттар жасауда айырмашылықтар болған.



Үшінші- Отырар-Қаратау мәдениетіне Сырдарияның ор-талық ағысы, Отырар аймағы мен Қаратаудың солтүстік және күнгей бетіндегі ескерткіштер жатады. Жазба дерек-тер бүл жерлердегі қаңлы тайпаларының негізгі өсіп- өнген, этникалық ата-мекені болғанын көрсетеді. Сондықтан да Қазақстан ғалымдары Отырар, Қаратау мәдениетінің тарихи ескерткіштерін тереңірек зерттеуге ерекше назар аударған.

Б.з.б. II ғасырдың екінші жартысында қаңлылар жерінің оңтүстік аймағы юечжиге, ал солтүстік бөлігі ғұндарға тәу-елді болғаны көрсетіледі. Ал б.з. 1-ғасырында мүндағы жағ-дай өзгеріске ұшырайды. Бүл кезде Амудария мен Сырда-рия аралығындағы юечжилердің негізгі белігінің оңтүстікке, Бактрияға қарай ығысуы, қаңлы тайпаларының күше-юіне мүмкүндік береді. Қаңлылар одағының қүрамына жо-ғарыда аталған бес иелік кіреді. Қаңлылар Арал-Каспий өңіріндегі сармат-алан тайпалар одағы мен Орал өңіріндегі сармат тайпаларын бағындырады. Қаңлы билеушілері Қытай империясымен қатынаста еркін, тәуелсіз бағыт үстайды. Ол жөнінде мүндағы Хань наместнигі императорға берген есебінде: қаңлылар үйсіндермен салыстырғанда өркөкірек, батыл және Қытай елшілерінің алдында бас имейді. Олар қабылдау кезінде Қытай елшілігі өкілдерін, үйсіндерден төмен отырғызады деп хабарлаған.Ферғана-Қытай соғысы кезінде тек қаңлылардың ара-ласуы ғана ферғаналықтарды қирап жеңілуден күтқарып қалған. Б.з.б. 47-46 жылдары қаңлылардың билеушісі солтүстік ғүндардың шаньюйы Чжи-Чжиді қолдаған. Бүл кезде ол Қытай императоры сарайымен қатынасын үзіп, байырғы ғүн иеліктерінен айырылған болатын. Б.з. I ғасырының орта шенінде қаңлылардың шығыс шекара-сына Қытай мемлекетінің қолдауымен үйсіндер шабуыл жасады.



Бекіту сұрақтары:
Бекіту сұрақтары.
Бекіту сұрақтары

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет