ПОӘК 042-18-18 41/02-2013 №1 басылым 18. 09. 2013



бет1/8
Дата09.12.2016
өлшемі2,29 Mb.
#3499
  1   2   3   4   5   6   7   8

ПОӘК 042-18-18.1.41/02-2013

№ 1 басылым 18.09.2013

беттің беті




Қазақстан Республикасы Білім және ғылым минситрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті



3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК

042-18-18.1.41/02-2013




«Әлем тарихы

(1500 жылдан бастап)» пәнінің оқу-әдістемелік кешені


№1 басылым

18.09.2013 ж.


ӘЛЕМ ТАРИХЫ

(1500 ЖЫЛДАН БАСТАП)

ПӘНІ БОЙЫНША

ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

5В011900 «Шет тілі: екі шет тілі»

мамандығының студенттеріне арналған




Семей 2013
Құрастырушы: т.ғ.к., профессор Каримов М.Қ.
1 ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ

Оқу - әдістемелік кешен кәсіптік білім берудің Мемлекеттік стандарты негізінде құрастырылған. Құрастырушы Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасының т.ғ.к., профессор Каримов М.Қ.

«__03__» __09__ 2013 ж.

2 ҚАРАЛДЫ


    1. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің

« Қазақстан тарихы» кафедрасының отырысында қаралды

Хаттама № _1__ « 03 » _09_ 2013 жыл


Кафедра меңгерушісі ____________ Н.Мухаметжанова

2.2 ГЗФ оқу-әдістемелік бюросының отырысында талқыланды

Хаттама № _1__ «_05_»__09_ 2013 жыл
ОӘБ төрайымы_________ Ш.Кеңесбаева


3 БЕКІТІЛДІ

3.1 Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданды және баспаға ұсынылды

Хаттама № _1_ «_18_»__09__2013 жыл
ОӘК төрайымы_________ Г.Искакова


4 АЛҒАШ ЕНГІЗІЛДІ (немесе № 4 «_1309_ 2012 ж. баспа ОРНЫНА)

МАЗМҰНЫ:
1. Глоссарий............................................................................................................ 4
2. Пән бойынша жұмыс бағдарламасы (силлабус).............................................10
3. Дәрістер конспектісі..........................................................................................19
4. Семинар сабақтарына әдістемелік нұсқаулар................................................ 51
5. Студенттердің оқытушымен орындайтын

жұмыстардың (СОӨЖ) әдістемелік нұсқаулары...............................................53


6. Студенттердің өздік жұмыстардың әдістемелік нұсқаулары......................55
7. Емтихан сұрақтары............................................................................................60
8. Тест сұрақтары................................................................... ...............................61

  1. ГЛОССАРИЙ



Дискриминация  - [ лат. Discriminatio  - алалау, болектеу] – этникалық, нәсілдік, жыныстық, жастық және басқа да белгілеріне немесе субмәдени топ

мүшесі болғанына қарай азаматтарды құқынан айырып, мүмкіндіктерін шектеу процесі.
Ғылыми-техникалық революция  – ғылымды өндірістік дамудың жетекші факторына айналдыру арқылы өндіргіш күштерді түбегейлі өзгертіп, сапалық жағынан түлету. 20 ғ-дың 40-жылдарынан басталған ғылыми-техникалық революция барысында ғылымның өндіргіш күшке айналу үрдісі қарқын алып, елеулі нәтижелерге қол жетті: ең бастысы, еңбектің жай-ахуалы, сипаты мен мазмұны, өндіргіш күштердің, еңбек бөлінісінің құрылымы өзгеріске ұшырап, еңбек өнімділігі күрт өсті, сол арқылы қоғам өмірінің өзге салалары, әсіресе, адамдардың мәдениеті, тұрмысы, психологиясы жетіліп, табиғатпен қарым-қатынасы айқындала түсті.
Реформа (лат. reformate — қайта құру, жаңғырту) – өмір сүріп отырған әлеуметтік құрылымды сақтап, кейбір институттарды қайта құру, өзгерту. Реформа — қоғамның басты негіздерін қайта құру немесе мемлекет жүйесінде қалыптасқан кейбір элементтерді жаңғырту.
Буржуазия – (французша bourgeoіsіe — қала тұрғындары) — елдегі капиталдың едәуір бөлігін иемденген әлеуметтік топ. Оның табыс көзін өндіріс пен саудадағы және қаржы-кредит салаларындағы кәсіпкерлік қызметі құрайды. Буржуазия 16 ғасырдағы революциялар мен реформалар 

кезінен қалыптаса бастап, өндіргіш күштердің, ғылым мен техниканың дамуына және демократияның орнығуына ықпал етті. Қазіргі дамыған елдерде ірі өнеркәсіп және қаржы Буржуазиясы билікке араласу мүмкіндігіне қол жеткізген. Дамушы елдерде Буржуазияның қалыптасуы қоғамдағы саяси, экономикалық және әлеуметтік өзгерістерге байланысты болады. Социалдық құрылысқа көшкен елдерде Буржуазия тап ретінде жойылған. Социалдық жүйеден бас тартып, нарықтық экономика мен азаматтық қоғам құруға бағыт алған елдерде ірі меншік иелері мен кәсіпкерлікпен шұғылданушылар тобы қалыптасуда.
Демократия теңдік болған жерде ғана болады. Мұнда барлық салада – заң шығару, оны орындауда, т.с.с. теңдік болады. Демократияда әділеттілік

болуы керек. Мұнда да қоғамның барлық саласында әділеттілік болуы тиіс. Демократияда сонымен қатар бостандық, еркіндік болуы керек. Сонымен, 

демократия деп халық билігі, теңдік, құқық, әділдік, еркіндік принциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтады.
Коммунизм - [латынша Communis - ортақ] - а) болашақтың қияли көрінісін; ә) кейбір саяси партиялар мен қозғалыстардың идеологиясын; б) ерекше өмір салтын білдіретін ұғым. Коммунизм қиял ретінде. Коммунизм бір уақытта өткенге де (алғашқы қауымдық коммунизм), болашаққа да қаратылатын ұғым, онда коммунизмге өткеннің ең жақсы белгілерін жинақтаған қоғам

(таптардың, мемлекеттің, тауар-қаржылық қатынастардың, заңды неке институтының болмауы) және бүгінгі күннің жетістіктерін (адам бостандығы, экономикалық игіліктер, жоғары мәдениет) жиынтықтап қарау тән. Коммунистік қиял үшін оның ғаламдық сипаты аса маңызды, яғни коммунистік құрылым бүкіл адамзаттың бірлігін қарастырады.
Буржуазиялық революция - әлеуметтік революцияның бір түрі. Өндіруші күштермен және феодалдық экономикалық, саяси құрылыстың арасындағы қайшылыкты шешу.
Индустриализация - ауыл шаруашылығы және өсімдік өндірісі кең дамыған экономикалар мен қоғамдарды негізі өндеуші және осымен байланысты өндірістін өндіру саласы болып табылатын экономикалар мен қоғамдарға айналдыру.
Монополия (гр. monоs – жалғыз және poleo – сатамын) —

  1. бір тұлғаның немесе тұлғалар тобының, мемлекеттің белгілі бір затқа (мысалы, жерге), белгілі бір затты өндіруге немесе сатып алуға, белгілі бір тауарлармен сауда жасауға айрықша құқығы;

  2. салалық, ұлттық немесе әлемдік рынокта басым, үстем жағдайға ие кәсіпорын немесе кәсіпорындар тобы. Монополия әдетте жеке меншіктегі, өзіндік, топтық немесе акционер меншіктегі және өнім өндіру мен өткізуді бақылайтын ірі шаруашылық бірлестіктер (картельдер, синдикаттар, 

концерндер, консорциумдар, т.б.) болып табылады. Өндіріс пен капиталды жоғары деңгейде шоғырландыру негізінде Монополия көп пайда табу мақсатымен бағаны белгілеп, бақылап отырады. Өндірісті Монополияландыру нарықтық экономиканың бәсекелестік әлеуетін тұншықтырады, бағаны өсіріп, өндіріс көлемін төмендетеді, Монополияға қыруар пайда түсіреді. Тәжірибеде шығарылатын өнімнің 80%-ына монопол. бақылау жасау қалған өндірушілерге бағаны өктемдікпен таңу үшін жеткілікті. Дамыған елдердің бәрінде, оның ішінде Қазақстанда да монопол. өктемдікке қарсы Монополияға қарсы заңдар қабылданған; 3) бір немесе бірнеше кәсіпорын бақылау жасайтын нарық түрі; монопсония не олигополия

түрінде де көрініс табуы мүмкін. Жасырын Монополия, яғни заңды тұрғыда салынған тыйымдар мен шектеулердің көмегімен бәсекеден қорғалған (көбінесе мемлекеттік Монополия), табиғи Монополия, яғни мұндай монополиясыз ресурстарды тиімді пайдалануға қол жеткізуге болмайтын қажеттіліктен туған ашық Монополия, яғни бір фирма жағдайлардың тоқайласуы себепті тауарды бірден-бір өндірушіге айналатын Монополия түрлеріне бөлінеді.



Геноцид  - [грек,genos- тек, тайпа және лат. caedo- өлтіру] - халықаралық құқық бойынша аса ауыр қылмыс; қандай да бір ұлттық, этникалық, нәсілдік немесе дінитоптың өкілдерін түгелдей немесе жекелеп қасақана қырып-жоюды білдіреді. Мынадай әрекеттер геноцид болып есептеледі: осында топ мүшелерін өлтіру; оларға ауыр дене зақымын келтіріп, жүйкесін бұзуы; 3) оның тұтастай немесе бір бөлігінің құрып кету қаупін туғызатын жағдайлар туғызу; 4) осындай топтың ішінде бала тууды болдырмауға бағытталған шаралар; 5) бір топтың балаларын зорлықпен тартып алып, басқа топқа беру. Геноцидтің өзімен қатар, оны ұйымдастыруды мақсат түту қастандығы, геноцидті ұйымдастыруға тікелей және жариялы түрде арандатушылық, геноцидке бірге қатысу да жазаланады.
Апартеид  (африкаансша: apartheid — бөлек өмір сүру) — нәсілдік белгілеріне бола байырғы тұрғындарды арнаулы қамаушада, оқшауландырып ұстау арқылы саяси, әлеуметтік-экономикалық және азаматтық құқыларынан айыратын нәсілдік кемсітушіліктің шектен шыққан түрі.
Депортация  (лат. deportatio - шығару) - мемлекеттен тұлғаны мәжбүрлеп шығару. Депортация жиі басқа бір мемлекетке шығып кеткен шетел

 азаматтарына немесе азаматтығы жоқ адамдарға қатысты қолданылады.
Дипломатия  - [ лат. duplicata- билеуші шығарған үкімнің түпнұсқасы 

мұрағатта  сақталған көшірмесі немесе дубликаты] - үкімет органдары, оның шетелдердегі өкілдері мен сенімді тұлғалары жүзеге асыратын мемлекеттің сыртқы саяси міндеттерін іске асыру әрекеттері. Дипломатияны, көбіне, ресми қарым-қатынас жасау арқылы мемлекеттің сыртқы саяси мақсаттары мен мүдделерін іске асыратын мемлекеттік іс-әрекеттің ерекше түрі ретінде қарастырады.
Еуропа одағы (ЕО) – халықаралық саяси және экономикалық бірлестік.
Халықаралық келiсiмдер - орындалуы міндетті, халықаралық қауымдастық мүшелерінің арасында, мейлі ол егеменді мемлекеттер болсын немесе халықаралық үйымдар болсын кез келген келісім-шартқа отыру. Халықаралық қүқық халықаралық келісімдердің міндетті түрде жазбаша бекітілуін қарастырмайды. Бірақ, қабылданған міндеттемелердің жазбаша түрде бекітілуі үрдіске айналған. Олардың жеке келісімдерден айырмашылығы олардың орындалу міндеттілігінде. Жеке келісім-шарттар сотқа шағына алады. Ал халықаралық келісімдер ешқандай соттың қүзырына кірмейді. Келісімдердің орындалуы өзара сәйкестендірілген мүдделерге байланысты. Халықаралық келісімдер негізгі төрт категорияға бөлінеді:

  1. келісім-шарттар мен конвенциялар;

  2. үкіметаралық келісімдер;

  3. хаттамалар;

  4. халықаралық қүжаттар.


Халықаралық ұйымдар  - мемлекеттердің немесе олардың қүрылымдарының, сондай-ақ қоғамдық үйымдардың, үлттық қоғамдардың, үкіметтік емес сипаттағы қауымдастықтардың, әртүрлі мемлекеттердің атынан жүретін жеке мүшелердің бірлесуі; қоғамдық өмірдің әртүрлі (саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени, ғылыми-техникалық және т.б.) салаларында ортақ мақсаттарға жету үшін қүрылады және халықаралық әріптестіктің аса маңызды түрі болып табылады. Халықаралық үйымдар XIX ғ. екінші жартысында пайда болды, ол үлттық мемлекет шеңберінен шыққан дамыған экономикалық және әлеуметтік-саяси қатынастардың түбегейлі жаңа мәселелердің, трансүлттық міндеттердің шешімін табуда бірлесудің, халықарaлық күшті жүмылдырудың объективті қажеттілігінен туды.
Интервенция  (лат. interventio қол сұғу, араласу) — бір не бірнеше мемлекеттің басқа мемлекетке басып кіруі, оның ішкі істеріне қол сұғуы. БҰҰ Интервенцияғa қарсы шыға отырып, оған халықаралық құқық бұзушылық деп қарайды. Әр мемлекеттің саяси тәуелсіздігі мен аумақтық дербестігіне қарсы қарулы қауіп төндіру, т.б. араласу халықаралық құқықты және БҰҰ жарғысын бузу болып табылады. 
Антанта (франц. Entente, Entente cordіale–“келісім”)–Англия, Франция мен

Ресей мемлекеттерінің әскери одағы. Бастапқыда “Үштік келісім” деп

аталды. 
Отаршылдық  - өз елінің шет жағында бос жатқан жерлерді қоныстану және шаруашылық үшін игеру («ішкі отаршылдық»), сондай-ақ басқа елдерде қоныстар салу («сыртқы отаршылдық»). Отаршылдық іс көбіне жергілікті тұрғындарды күшпен бағындыру және ығыстыру саясатымен (кейде қырып-жоюмен) ұштасады және басқа аумақтарды тартып алу үшін қолданылады.
Конвенция  -  лат. Conventio - келісім) кез келген саладағы адамдардың мінез-құлқының және іс-әрекетінің, оның ішінде, жаһандық мәселелерді шешу барысында келісім бойынша қабылданған ережелер мен қағидалар; 2) келісім бойынша уағдаласушы жақтардың құқықтар мен міндеттемелерін айқындайтын құжат, мысалы, арнайы мәселе бойынша халықаралық келісім-кедендік конвенция, зияткерлік құқық туралы бүкіләлемдік конвенция және т.б.; 3) субъектілердің келісімі мен уағдаласуы негізінде ережелер, белгілер, символдар, тілдік және басқа да жүйелер енгізуді үйғаратын танымдық шара. Конвенцияны қабылдау мәселесі ғаламдану үшін аса жоғары мәнге ие. Конвенция - диалогтық және коммуникативтік сипаттағы таным мен әрекеттің тікелей нәтижесі.
Акционерлік қоғам  капиталды орталықтандырудың және ірі кәсіпорындарды ұйымдастырудың негізгі формасы. Акционерлік қоғамдар капиталдың алғашқы қорлану кезеңінде пайда болған. Акционерлік қоғам ашық және жабық болып екі түрге бөлінеді. Егер акциялар тек құрылтайшылар арасында ғана бөлінетін болса, онда жабық акционерлік қоғам болып саналады. Ал ашық акционерлік қоғам акциялары еркін сатылады және сатып алынады. Акционерлік қоғам заңды тұлғаболып есептеледі. Оның жарғысында қоғамның мақсаты, капитал мөлшері, іс басқару тәртібі айқындалады.
Капитал (немісше kapіtal, ағылшынша capіtal, латынша capіtalіs – басты нәрсе‚ басты мүлік, негізгі қаржы) – кең мағынада – табыс әкеле алатын нәрселердің бәрі немесе адам өзінің тіршілік әрекеті барысында тауарлар‚ өнімдер‚ т.б. өндіру‚ қызметтер көрсету үшін жасаған ресурстар, яки қосымша құн әкелетін құн; тар мағынада – табыстың жұмыс істеп тұрған қайнар көзі‚ іске қосылған өндіріс құрал-жабдығы‚ ақшалай қаражат‚ зияткерлік меншік.
Қайта жаңғыру дәуірі   Батыс және орталық Еуропа мәдениеті тарихындағы орта ғасырлық мәдениеттен жаңа заман мәдениетіне өту дөуірі екі ұлы мәдени қозғалысты — Қайта жаңғыру дөуірі мен Реформацияны қамтиды. «Ренессанс» деген атпен белгілі болған Қайта жаңғыру дөуірі ақсүйектік сипатта болса, ал Реформация қозғалысы — діни бағытта жүзеге асырылды. Қайта жаңғыру идеялары бұқара халықтың арасынан гөрі, қоғамның үстемдік етуші таптарының арасында кеңінен тараса, ал Реформация идеялары бүкіл халық тарапынан кең қолдау тапты. Қайта жаңғыру дәуірі мен Реформацияның өзара қарым-қатынастары әрі күрделі, әрі бір қалыпты емес, бірақ соған қарамастан бұл мөдени төңкерістер жаңа заманның жаршысы, адамзат баласының мәдениет саласындагы жарқын кезеңдерінің бірі болды.

Мануфактура  еңбек бөлінісіне негізделген бірлестік. Мануфактура өндіріс үдерісін ұйымдастыру нысаны ретінде Батыс Еуропа елдерінде 16 ғасырдың ортасынан 18 ғасырдың соңғы ширегіне дейін үстемдік құрды. Мануфактураның екі жолы болды. Олардың бірі — түрлі мамандықтағы қолөнершілерді бір шеберханаға біріктіру. Екіншісі — бір мамандықтағы қолөнершілерді ортақ шеберханаға біріктіріп, олардың арасында еңбекті бөлісу. Мануфактураны ұйымдастырудың бұл екі тәсілінде де жұмысшылар еңбек бөлінісі негізінде маманданады. Мануфактураның техникалық негізі қолөнері болып қалғанымен, қолөнершілер мен мануфактуралық жұмысшылар арасында техникалық тұрғыда үлкен айырмашылық болды. 

Солтүстік атлантикалық келісім ұйымыНАТО (ағыл. - North Atlantic Treaty Organization, NATO; фр. Organisation du traité de l'Atlantique Nord, OTAN) - әскери-саяси одақ. 1949 жылы 4 сәурде 12 мемлекет (АҚШҰлыбританияФранция,БелгияНидерландыЛюксембургКанада,

ИталияПортугалия,НорвегияДанияИсландия) қол қойған Солтүстік Атлантикалық келісімшарты негізінде құрылған. Кейінірек НАТО-ға басқа да еуропалық мемлекеттер кірді. Қазіргі таңда НАТО-ға 28 мемлекет мүше болуда.
Біріккен Ұлттар Ұйымы   екінші дү­ниежүзілік соғыстан кейін КСРО, АҚШ, Қытай және Ұлыбритания мемлекет­тері­нің белсенділік таны­туымен

құрылған халықаралық ұйым. 1945 жылы Сан-Францискодағы

конференцияда антигитлерлік коалицияға мүше мемлекеттердің ұсынысымен

күштерін біріктіру мақсатында кұрылған егеменді мемлекеттердің халықаралық ұйымы. Бас кеңсесі орналасуы — Нью-Йорк, АҚШ. Ағымда БҰҰ құрамына 192 мемлекет кіреді. «Біріккен Ұлттар» атауын АҚШ президенті Ф.Д.Рузвельт ұсынды. Декларациясы Сан-Францискода 1945 ж. 24 қазанда қабылданды. Бұл БҰҰ-ң күні деп жарияланды.
Капитуляция (латынша capіtulatіo, capіtulo – келісім жасаймын, тарауларға бөлемін, латыншаcapіtulum – тарау, бөлім, баб) – құқық теңсіздігімен сипатталатын келісімшарттардың ерекше түрі. Онда жеңілген мемлекет азаматтарына қарағанда шетелдіктер үшін артықшылығы бар режим шарттары тіркеледі. Капитуляция мазмұны келісуші жақтардың күштерінің арасалмағымен анықталады. 
Контрибуция (лат. contrіbutіo) – 1) жеңген елдің жеңілген елден бітім шарты бойынша алатын салығы.Контрибуция шын мағынасында жеңілген елді салық төлеуге күшпен көндіру, тонау болып табылады. Контрибуцияны белгілі бір халықаралық құқықтық жүйеге келтіру туралы мәселе бірінші рет 1874 ж. Брюссель декларациясында қаралды. Бұл мәселе 1899 жылғы Гаага конференциясында қайта қаралды. “Құрлықтағы соғыс заңдары мен рәсімдері туралы” ереже қабылданды. Бірақ мәселе түбегейлі шешілмеді. Бар шығынды, негізінен, жеңілген ел халқы көтереді. Мысалы, Германия 1870 ж. жеңілген Франциядан 5 млрд. франк Контрибуция алып, өзінің өнеркәсібі

өркендеуін тездетті. Қазіргі халықаралық құқық Контрибуцияға тыйым салған (қараңыз Репарация); 2) жаудың басып алған аймақтағы халықтан күшпен жинайтын ақшалай алымы.
Халықаралық терроризм -"мемлекет басшыларының, топ адамдардың, жалпы халықтың үрейін үшыру мақсатында адамдарға немесе жекеменшікке бағытталған бір мемлекет өкілдерінің екіншісіне қарсы акті жасау, үйымдастыру, жүзеге асыруға жәрдемдесу, қаржыландыру немесе қолдау көрсетуі немесе оған жол беру әрекеттері (БҰҰ-ның адамзаттың қауіпсіздігі мен бейбітшілікке қарсы қылмыстар Кодексінің жобасындағы анықтамаға сәйкес).
Экоцид - Өсімдіктер немесе жануарлар дүниесін жаппай жою, атмосфера, жер немесе су ресурстарын улау,сондай-ақэкологиялық апатты туғызған немесе туғызуы мүмкін өзге де іс-әрекеттерді жасау — он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)





  1. Жалпы мәлімет:

    1. Пәннің атауы: "Әлем тарихы (1500 жылдан бастап)"

    2. Кафедра: "Тарих"

    3. Кафедраның мекен - жайы: корпус № 2, 201 каб.

    4. Оқытушының аты – жөні: Каримов М.Қ.

    5. Қабылдау уақыты: күн сайын 9.00-17.00

    6. Кредит саны: 3

    7. Оқу жоспарының көшірмесі




Курс

Семестр

Кредит

Дәріс

Прак

сабақ

СОӨЖ

СӨЖ

Барлығы

Қорыт. бақылау

2

4

2

15




7,5




22,5

Емтихан


Пәннің пререквизиттері:

  • Еуропа мен Америка елдерінің ежелгі және ортағасыр тарихы;

  • Азия мен Африка елдерінің ежелгі және ортағасыр тарихы;

  • Саясаттану;

  • Мәдениеттану;

  • Философия.

Постреквизиттер:

  • Еуропа мен Америка елдерінің жаңа заман және қазіргі заман тарихы;

  • Азия мен Африка елдерінің жаңа заман және қазіргі заман тарихы.


2. Курстың қысқаша мазмұны:

Пән бағдарламасы Қазақстан Республикасының білім беру стандартына негізделген. Әлем тарихы элективті курс болып табылады. Әлем тарихын оқып зерттеу - жалпы білім беру міндеттерімен қатар мәдени даму міндеттерін де шешеді. Берілген бағдарлама XVI ғасырдан бастап әлем мемлекеттерінің саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуының біркелкі көрінісін көрсетуге арналған. Сол мемлекеттердің тарихындағы күрт өзгерістерге негіз болған кезеңдерді айқындап көрсету. Сол дамудағы басты үрдістер Еуропа мемлекеттерінің және АҚШ – тың дамуындағы дәл сондай жағдайлармен салыстырылып қарастырылады және бұл Батыспен қалыптасқан қарым-қатынас проблемаларын сараптауға мүмкіндік береді.



Курсты оқытуда қойылатын талаптар

Сабақты себепсіз босатуға болмайды. Сабақты босату оқуға деген ынтаны азайтады және курс бойынша қорытынды баға қоюға әсер етеді. Берілген тапсырма уақытында орындалмаса әр жолы сіздің бағаңыз жарты баллға азайтылады. Сіздің міндетіңіз аудиторияда болу және оқу.

Кейде кейбір кездейсоқ жағдайларға байланысты (ауырып қалғанда, отбасы жағдайымен, т.б.) сабаққа қатыса алмасаңыз алдын-ала хабарлау қажет. Сабаққа қатысып отырып тапсырманы орындамасаңыз бағаңыз төмендейді.

Сабақ басталғанға дейін барлық тапсырманы орындауға міндеттісіз (сабақ кестесі бойынша). Аудиторияда өткізілетін сабақтың ықпалы бүкіл топқа әсер етеді. Сабаққа қатыспасаңыз немесе тапсырманы өзіңізге берілген уақытында орындамасаңыз бағаңыз төмендейді.

Курсты оқу белсенді түрде болу керек. Үй тапсырмасын орындауға аптасына ең кемінде 2-3 сағат бөлу керек. Сабақ кестесі бойынша сіз үнемі оқытушымен кеңесіп отыруыңыз керек. Әрбір сабаққа дайындалу қажет. Еңбегіңіз аттестация, емтихан кезінде көмегін тигізеді.

Емтиханның мақсаты сіздің теориялық біліміңізді практикада қалай қолдануыңызға қатысты болады, сондықтан білім үшін оқыңыз.

Қорытынды емтихан барлық студенттер үшін міндетті.

Тапсырманы орындау барысында сіз:



  • сіз үшін тапсырманы басқаның орындауына;

  • тапсырманы белгіленген мерзімнен басқа уақытта тапсыруға;

  • тапсырманы орындауда көз бояушылыққа жол бермеуіңіз қажет.

Сіз сабақты босатпауыңыз керек, аудиторияда сабақ үстінде өзіңізді ішкі тәртіп ережелеріне сай ұстауға міндеттісіз, сабаққа кешігіп келуге болмайды.

Сабаққа үнемі дайындалып келуіңіз керек. Сонда ғана мамандыққа сай білім ала аласыз.


Курсты оқып-үйрену барысында студенттер:
Білуі керек:

  • әлем тарихының жан-жақтылығын, оқиғалардың қарама-қайшылықтарын, олардың, басты категорияларының мазмұнын, үдерістермен, үрдістермен, басқа оқиғалармен байланысын, жалпы өрекениеттік, аймақтық-әлемдік және жаһандық өзгешілдігін;

  • курстың категориялық-ұғымдық аппаратын;

  • ең ірі және маңызды құжаттарды.


2) Алатын біліктілігі:

- Әлем тарихы пәнінің мақсат-міндеттерін жете түсіне отырып, оны оқып-игеруі;

- Студенттер Әлем тарихының ХVI ғасырдан бастап болған оқиғаларының саяси-әлеуметтік, экономикалық және т.б. ахуалын саралау деңгейіне жетуі;

- Қоғамдық, әлеуметтік институттардың тууы мен дамуын нақты дәлелді мәтіндер арқылы игеруі;

- Әлем тарихының маңызы мен тағылымын білуі;

- Әлем тарихының жалпы тарихының бір кезеңі екендігін және оның теориялық негіздемелерін білуі.



Пәннің тақырыптық жоспарлануы




Тақырыптың атаулары

Сағат саны

Дәріс



Пәнге кіріспе. Әлем тарихын кезеңдерге бөлу.

1



Әлем жаңа заман кезеңінде. Капиталистік қатынастардың тууы және дамуы.

1



XIX ғ. соңы – XX ғ. басындағы Батыс пен Шығыс елдерінің дамуының жалпы сипаты.

2



Бірінші дүниежүзілік соғыс: сипаты және салдары.

1



Дүниежүзі елдерінің XX ғ. 20-30 жылдардағы дамуы.

2



Дүниежүзілік тарихтағы КСРО-ның орны.

1



Екінші дүниежүзілік соғыс.

1



Дүниежүзілік социализм жүйесі.

1



XX ғасырдағы жаһандық өзгерістер. Отарлық жүйенің күйреуі.

2



Әлемдегі шешілмеген даулы мәселелер.

1



XX–XXI ғғ. тоғысындағы батыс және шығыс өркениеттері.

2




Барлығы:

15






Тақырыптың атаулары

Сағат саны

СОӨЖ



Европа жаңа заманда. Ұлы географиялық ашулардың салдары.

1



Европа 18 ғасырда.

1



19 ғасырдағы алдыңғы қатарлы мемлекеттер.

1



20 ғасырдағы дүниежүзілік соғыстар. Себептері мен салдары. 

1



XX ғасырдағы жаһандық өзгерістер.

1



Дүниежүзілік социализм жүйесінің даму кезеңдері.

1



Үшінші ғылыми-техникалық революция. Постиндустриалды өркениет.

1



Дүниежүзілік дамудың қазіргі кезеңдегі тенденциялары.

0,5




Барлығы

7,5





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет