ПОӘК 042-18-18 41/02-2013 №1 басылым 18. 09. 2013



бет3/8
Дата09.12.2016
өлшемі2,29 Mb.
#3499
1   2   3   4   5   6   7   8

3. Дәрістердің тезистері
1. Дәріс (1 сағат)

Тақырыбы: Пәнге кіріспе. Әлем тарихын кезеңдерге бөлу.
Еуропа үшін жаңа заман (XVIIXIX ғасырлар) қоғам дамуындағы маңызды тарихи кезең болып саналады. Бұл дәуірдің әр ғасыры тарихи уақиғаларға, мәдени төңкерістерге толы. Жаңа заман — өнеркәсіптік өркениеттің қарыштап алға басып, қоғамның барлық салаларында түбегейлі өзгерістердің белең алғандарға байланысты жаңа сипатқа, жаңа мазмұнға ие болды. Ғылымның дамуына еркіндіктің берілуі қоғамдық сананы жаңа сатыға көтерді. Қоғамдық өмірдің барлық салаларында жетекші орынға ие бола бастаған ғылым — адамдардың нәсіліне, ұлтына, табына қарамастан халықтың рухани дүниесін байытуда айтарлықтай рөл атқарды. Мемлекет тарапынан жасалынған үлкен қамқорлықтың арқасында XVII ғасыр ғылыми революцияның даму қарқыны өте жоғары болды. Ғылыми революция математика және механика саласында басталды да, басқа ғылым салаларындағы ғылыми жаңалықтармен жалғасты.

XVII ғасыр ғылыми революция — адамзат баласының өзін қоршаған дүниені танып-білуге деген құлшынысының жемісі болды. Ғылымның қарышты қадаммен алға басуы және оның қоғамдық өмірдің барлық саласына біртіндеп кіре бастауы рационализмнің қалыптасу процесін аяқтауға мүмкіндік берді. Рационализм жаңа заман адамының өмірі мен бет-бейнесін жан-жақты айқындай отырып, халық санасынан еркін орын алды. Рационализм қоғамдағы орын алған тарихи жағдайларды ескере отырып, христиан дінінің католиктік тармағымен, оның дүниені құдайдың жаратқандығы туралы ілімімен де санасып отырды.

Олай болса, жаңа еуропалық сана мен буржуазиялық мәдениет таза атеистік сипатта болмағандығын аңғарамыз. Христиан діні мен шіркеулер Реформацияға (XVI ғасыр) дейін де, Реформациядан кейін де өз беделін жойған жоқ, қайта олардың қоғамдық, саяси және рухани өмірдегі рөлі бұрынғыдан артпаса, мүлде кеміген жоқ, қайта христиан діні өз өрісін бұрынғыдан да кеңейтіп азаматтық, мемлекеттік өмір салаларына кеңінен араласты. XVII ғасырда Еуропа — жаңа өмір жолына түскен жас Еуропа болатын. Бұл жол — өткен ғасырлардың бай тәжірибесін ой елегінен өткізіп сарапқа салу жолы болды. Бұл тарихи жолда орта ғасырлар кезеңіндегі мәдени құндылықтарды ғана емес, жалпы адамзат баласының сонау көне заманнан бергі жинақтаған рухани байлығын игерумен қатар, сол бір баға жетпес мәдени дөстүрлерді жаңа заман талабына сай қайта жаңғырту сияқты игі мақсаттар жүзеге асырылды. Көне заман мен жаңа заманның арасында қаншама уақыт өтсе де олардың өзара сабақтастығы өмірлік сипат алды. Ойымыз дәлелді болу үшін, ғылым саласындағы әр заман өкілдерінің бізді қоршаған дүние жайындағы ой-толғамдарын қарастырып көрейікші. Шындығында да, жаңа заманның философы, әрі математигі Лейбниц (1646

1710 жылдары) пен көне дәуірдің философы, әрі математигі Пифагордың (б.з.б. VI ғасырлар) дүниеге қатысты ғылыми көзқарастары ның бірдей болып шығуын қалай түсіндіруге болады? Екі ғұлама да әлемді өзара тығыз байланыстағы біртұтас организм деп қарастырады. Лейбництің философиясында «айқындалған үндестік» теориясы басты орын алады. Бұл теория — діни-теологиялық, гуманистік және эстетикалық мазмұнға бай жан-жақты теория болып саналды. «Айқындалған үндестік» теориясын — замана талабы, қоғамдық сана-сезім және халықтық түсінік тұрғысынан қарастыратын болсақ; бұл-құдайтағаланың даналығына шексіз сенім болса, ал рухани тұрғыдан қарастырсақ, бұл — өнер атаулыны (мысалы, Бахтың 

музыкасын немесе классицизм стиліндегі өнер туындыларын және т.б.) бүкіл жан-дүниеңмен қабылдау болып табылады.

Жаңа заманда еуропалықтардың күш-жігері табиғатты меңгеруге жұмсалды, сондықтан да болар XVII ғасырда ғалымдарының басты назары табиғат құбылыстарын ғылыми тұрғыдан зерттеуге бағытталды. Сонымен қатар XVI—XVII ғасырлар қалыптасқан ұлттық, мемлекеттік, экономикалық және саяси қарым-қатынастардың негізінде философиялық, әлеуметтік және саяси-құқықтық теориялар өмірге келді. Олардың авторлары ғасыр ойшылдары: ГоббсЛоккСпиноза,ГугоГроций және т.б. болды.

Жоғарыда атап өткеніміздей, бұл дөуірде элем техникаландырыла бастады, табыс пен байлыққа ұмтылыс бұрын-соңды болмаған қарқынға ие болды, капитал күшіне енді. Ең бастысы — ғасырлар бойғы қалыптасқан өмір салтының бұзылуы адамдардың санасын өзгертіп, жалпы мәдениеттің дамуына өз ықпалын тигізді. Сондықтан да болар, қоғамда қандай терең өзгерістер жүзеге асырылса да, жаңа заман мәдениеті өзінің тар шеңберінен толық шыға алмады. Оның үстіне Еуропалық өркениеттің алға басуы дүние жүзінің басқа да халықтарын, соның ішінде көне мәдениеттің ошағы болған ұлы халықтарды (ҮндістанҚытайМексика және т.б.) ашықтан-ашық тонау есебімен жүзеге асырылды. Өркөкірек еуропалықтар өздерінің өркениетгі-мәдениетті елдерге айналуына тікелей әсер еткен бұл мемлекеттердің мәдени ықпалын тез арада ұмытып кетті. Еуропалықтар «ұлы географиялық ашулар заманын» басынан кешірді, жаңа жерлерді игерді, талай мемлекеттерді экономикалық тәуелділікте ұстады. Бірақ, өкінішке орай, олар жаңа жерлерді игергенмен, халықтардың рухани байлығын игеруді қажет деп санамады. Демек, жаңа еуропалық мәдениетті бір жақты қарастыруға болмайды. Оның шоқтығы биік мәдениет екендігін мойындай отырып, оның қарама-қайшылықтарын, ақтаңдақтарын да шындық тұрғысынан көрсете білуіміз қажет.

2. Дәріс (1 сағат)



Тақырыбы: Әлем жаңа заман кезеңінде. Капиталистік қатынастардың тууы және дамуы.
Капиталистік  өндіріс  тәсілінің  шығуы  мен  дамуы. Капиталдың  алғашқы  қорлануы. XIX ғасырда  Еуропа  мен  Америкада  капиталистік  өндіріс  тәсілдері  толығымен  орнады. Англияда  басталған  өнеркәсіп  төңкерісі  XIX ғасырдың  ортасына  қарай  толық  аяқталды. Машиналарды  енгізу, оларды  үнемі    жетілдіре  беру, өндірісті  кеңейту, т.б.  тәсілдерді  қолданк  арқылы  капиталистер  өндірістің  техникалық  негізін  үнемі  жақсартып  отырды.

Капиталистік  өндіріс  процесінің  қозғаушы  күші  әрі  мақсатты  айқындаушы  капиталдың  өсуі, яғни  қосымша  құн өндіру болып табылады.

Капиталистік  өндіріс  тәсілі қоғамда екі аптаның болуын қажет етеді: бір жағынан, өндіріс құралдарының және тіршілік үшін қажеттіліктердің иесі – капиталистер, екінші жағынан соның бәрінен ажыратылған, сатылатын  бір-ақ түрлі тауардың – жұмыс күшінің иесі – пролетарлар болуға тиісті.

Капитализмдегі артық өндіру дағдарыстары. Мүмкіндіктер мен байлықтарды өндіріс құралдары иелерінің қолында шоғырландырып, ал халықтың көпшілігін мұқтаждық пен тұтыну тапшылығына ұшыратып, XIX ғасырдағы  және  XX ғасырдың бірінші жартысындағы капитализм артық өндіру дағдарыстарын туғызады.

Капитализм жағдайында өндірісті қоғамдық жағынан ұйымдастыру және жоспарлау жоғары дәрежеге көтерілді. Сонымен қатар қоғамда өндірістік анархия – бейберекеттілік байқалды. өндірушілер шығаратын өнімнің рынокта сұранысы аз-көптігін жақсы білмеді.Рыноктың кеңеюі өндірістің өсуінен артта  қалды. Саудада тоқырау басталады, рынок сұраныссыз шығарылған өнімдерге толады. Фабрикалар тоқтайды, жұмысшылар күнкөріс мүмкіндіктерінен айырылады, өнімдер көптеген көлемде аяусыз шашылып қиратылады. Жиналған тауарлар төмен бағамен сатылып, біртіндеп өндіріс пен айналым орнына келмей дағдарыс толастамайды. Бірақ  тарихта орын алған бір кезең – XIX ғасырдың ақыры – XX ғасырдың басында Еуропа және Америка елдерінде кейбір монополиялардың қуаттылығы артқаны соншалықты, олар бүкіл қоғамды қанаушы қарақшылар тобына айналды. Кейбір елдерде (мысалға Германияда) олар мемлекеттің өзін бағындырып алды. Алайда бір де бір қоғам мұндай олигархияның билеп-төстеуіне көнбейді. Мемлекет қоғамның ресми өкілі ретінде өндірісті басқаруды өз қолына алуға мәжбүр болды. XX ғасырда ең алдымен Германияда, одан соң басқа елдерде  мемлекеттік  реттеу саясаты басталып, бейберекет дамыған капитализмнің заманы тарихи кезең болып қана қалды.



XVII – XVIII ғғ. Буржуазилық революциялардың себептері мен факторлары. Феодалдық жүйенің ірі халықаралық ортылығы римдік католик шіркеуі болған еді. Ішкі қайшылықтар мен соғыстарға қарамастан, ол бүкіл Батыс Еуропаны саяси жағынан біртұтас етіп біріктіріп отырды. Шіркеу феодалдық құрылысты құдайдың тәртібі деп қасиеттеп қорғаштады. Әйткені шіркеу барлық католиктік елдерде ірі феодалдар қатарына жатты. Оның қоғамдығы рөлі де күшті болды. Ғылым мен білім, мәдениет пен салт-дәстүр діни идеология арасындағы рух қоршауында еді. Сондықтан XVI – XVII ғасырлардағы буржуазиялық революциялар діни бүлік сипатында болды.

Абсолютизмге және шіркеуге қарсы ұрандарды Батыс Еуропада университеттер  мен  саудагер – кәсіпкерлер көтерді. Буржуазия барлық жерде қолөнершілер мен жұмысшыларды күреске бастады.

Қандай да болсын буржуазиялық революцияның табысты болуы сол кездегі халықтың басым  көпшілігі  - шаруалардың қаысуына байланысты. Шаруалар не үшін және неге қарсы күресті? Олардың күресі діни, саяси емес, әлеуметтік сипат алып, жер үшін жүргізілді. Шаруалар басыбайлықтың қандай да болсын түріне қарсы көтерілді, олар жер иелену қөұқығы үшін, феодалдық міндеткерліктер мен шіркеудің ондық салығын жою үшін күресті. Күрес барысында шаруалар мырзалар зорлықпен тартып алған қоғамдық жерлерді: шабындық пен жайылымдарды, ормандар мен т.б. жерлерді қайтарып алуға тырысты. Түптеп келгенде шаруалар буржуазиялық революция арқылы дворяндар мен дінбесылардың сословиелік өктемдігін жоюға ұмтылды. Яғни, негізгі мәселе азаматтық теңдік орнату еді.

Ол мұндай көсемдікке қалай ие болды? Мәселе мынада еді. Журжуазиялық революциялар дәуірінде феодалдар мен буржуазия қарама – қайшылықтарымен  қатар ол кездегі қоғамда қанаушы мен қаналушылар, бай арамтамақтар мен кедей  еңбеккерлер арасындағы шиеленіс ерекше көзге түсетін еді.

Сонымен, қорыта айтқанда, буржуазиялық революцияда  қозғаушы күш қала қолөнершілері мен еңбеккерлері, ал олардың басты одақтасы және жауынгер армиясы шаруалар болды.

XVI-XVIII ғасырлардағы  революциялар ақиқат мазмұны бойынша буржуазиялық болды және сол жүзжылдықтардағы қызу әрекеттердің   барлығы негізінен қоғамның йеодализмнен буржуазиялық қатынастарға көшуіне байланысты.


Саяси модернизация - аумақты кеңейту және әкімгершілік-саяси шекараны реттеу ұлттық немесе федеративтік мемлекеттердің құрылуы, орталық (заң шығарушы, атқарушы) биліктің күшеюі, сонымен бірге билік бөлінісі; екіншіден, мемлекеттің қоғамның ішкі бірлігін және тұрақтылығын сақтай отырып экономика, саясат және әлеуметтік салалардағы құрылымдық өзгерістерге дайындығы;

үшіншіден, саяси үрдіске түрғындардың кеңінен қосылуы;

төртіншіден, саяси демократияның орнауы немесе билікті заңдастыру тәсілдерін өзгерту.

Саяси модернизация теориялары - XX ғ. 50-60 жж. модернизация теориясы қоғамдық-тарихи даму теорияларының бір бағыты ретінде қалыптасты. Бұл теорияның басты белгісі - универсалдық, яғни, қоғам дамуын барлық елдер мен халықтар үшін ортақ заңдылықтары мен кезеңдері бар жалпы (универсалды) процесс ретінде қарастыру.



Модернизация теориясындағы либералдық бағыт. Либералдық бағытты зерттеушілер (Р.Даль, Г.Алмонд, Л.Пай) саяси модернизацияның мақсатын үнемі өзгеріп отыратын әлеуметтік және саяси талаптармен жұмыс істей алатын институттардың қалыптасуынан көреді. Билік өкілдері мен тұрғындар арасындағы диалогтың орнауы. Мұндай диалогты ұйымдастыру ашық әлеуметтік және саяси жүйені орнатуды білдіреді. Бұл жағдайда әлеуметтік топтар арасындағы айырмашылық жойылып, әлеуметтік белсенділік өседі, ал саяси салада әкімгершілік және саяси топтар мен институттар арасындағы қарым-қатынас тиімді реттеледі.

Либералдық бағыт үшін саяси модернизацияның негізгі белгісі - азаматтардың саяси араласуының деңгейі мен әртүрлі топтардың, саяси жетекшілердің ашық саяси бәсекелесуінің алғышарты.

Консервативтік бағыт өкілі (Самуэль Хантингтон Модернизация теориясындағы консервативтік бағыт. Консервативтік бағыт өкілдері (С.Хантингтон, Дж.Нельсон) модернизацияның негізгі көзі деп саяси өмірге араласатын бұқара халық күресін үнемі өзгертіп отыратын әлеу¬меттік мақсаттар кепілдігін қамтамасыз ете алатын саяси институттардың беріктігі мен ұйымшылдығын айтты. Қатаң тәртіп қана нарық пен ұлттық бірлікке өтуді қамтамасыз ете алады. Сондықтан да модернизация жоғары орталықтандырылған саяси институттарды талап етеді, яғни, қоғамдық өзгерістер үшін ұйымдық құралдарды институттандыру қажет.

3. Дәріс (2 сағат)



Тақырыбы: XIX ғ. соңы – XX ғ. басындағы Батыс пен Шығыс елдерінің дамуының жалпы сипаты.
1870-1899 жылдардағы Англия. Англия XX ғасырдың басында

1. Экономикалык даму ерекшеліктері

2. Саяси құрылысы

3. Отарлау саясаты

4. Жұмысшы қозғалысы

XIX ғасырдың 70 жылдарынан бастап Англия бұрынғы өнеркәсіптік біріншілігі монополиясынан айрыла бастады. Англия отары көп ел және теңізде үстемдігі кұшті болып қала берді. Англияның экономикалық даму қарқыны төмендей бастады. XIX ғасырдың 70-жылдары АҚШ-та да Европа елдерін-дегідей өнеркәсіп төнкерісі жасалды. Англияда өнеркәсіп төнкерісі XVIII ғасырдың ортасынан бастап XIX ғасырдың 50-60 жылдары аяқталған-ды. АҚПІ Англиядан қүрал-жабдықтар сатып алып өздерінің экономикасын күшейтгі. Осылайша АҚШ Англияның өзін басып озып өнеркәсіптік қаркыны жағынан Англия

АҚШ тан кейін қала бастады. 1873-1900 жылдар арасында Англияның дүниежүзілік шаруашылықга үлесі 3 есе қысқарды. Англияның экспорты 8 процентке ұлғайса, Германияда, 40% үлғайды. Америкада 230 % ке көтерілді. Бұның себебі Англияның зауыттарына капитал өте ертеде салынды. Екіншіден, басқа елдердің ірі өнеркәсштерінде өнімді жаңа салалар пайда болды. АҚШ пен Германияда ірі өндіріс салалары көбейді. Химия өнеркәсіптері пайда болды. Англияның отарлардан келетін табысы өте көп болды. Бірақ бұлар XVIII ғасырдан бергі өңціріс орындарын жаңартпады. Бұл жағдай Англияның экономикалық өмірінде көп ұзамай көрініс тапты. Германия Англияның бәсекелесіне айналды. Англияның артта қалуына 1878 жылғы дағдарыстар, 1890 жылғы ақша дағдарысы, 1892-93 жылдардағы дағдарыстар әсер етті. 1875-95 жылдары болған ауыл шаруашылығы. дағдарысы да елдің орта шаруаларын күйзелтті. Англияда елдін тұрғындарының әл-ауқатының нашарлай түсуіне байланысты ішкі рынок тарыла түсті. Енді Англия ақша жасаудың баскд жолына түсті. XIX ғасырдың аяғында шет елге капитал шығару арқылы пайда табу табыстың негізгі көзіне айналды. Ағылшын кәсіпкерлері Голландияда жүн фабрикаларын салды. Бельгияда болат зауыттарына капитал салды. Көмір шахталарын ашты. Европа елдерінде темір жол салуға Англия буржуазиясы өздерінің капиталын сшіды. Англияның өзінде де акционерлік қоғамдар қүрылды. Ол қоғамдар ұсақ кәсіпорындарға акдда жүмсады.

Елде отарлық саясат күшейді. XIX ғасырдың соңғы ширегінде Англия бөлінбеген жерлердің көбін басьш алды. 1860 жылы Англияның отарлық иелігінің көлемі 6 млн шаршы шақырым болса, енді 30 млн шаршы мильге жетті. Онда 300 млн. түрғындар болды. Англияның отарларының көп болуына байланысты империализмін отарльщ империализм деп атаған. Индиядан жыл сайын 60 млн. адамның бір жылдық өндірген өнімін алып отырған.



Мемлекеттік қүрылымы.

Олар феодалдық институттарды сақтап отырды. (Король үкіметі, лордтар палатасы). Парламенттік орындарда буржуазияның өкілдері отырды. Елдегі маңызды қызмет орындары ірі жер иелерінің қолында отырғанын да көруге болады. Англияда либералдар және консерваторлар партиясы өмір сүрді. Олар үкімет билігіне таласып отырды. Елдің ішіндегі демократиялық қозғалыстардың өсуіне кедергі жасап отырды.

Англияның буржуазиясы отарлық сыртқы саясат жүргізді. Көрнекті өкілі (1874-80) Дизраэли өкіметі отарлау моселесіне назар аударды. 1874 жылы Суэц каналының қүрылысын Египеттің үкіметінен 4 млн. фунт стерлингке сатып алды. Сингапур, Малайя аралдарына сүйене отырып Оңтүстік шьтғыс Азияда үстемдігін жүргізді. Ол жерлер қалайы кеніне бай болатын. Малайя княздіктерінің федерациясын қүрды. Сөйтіп Англияның отарына айналдырды. Дизраэли үкіметі Оңтүстік Африкадағы зулустардың қарсы-лықтарын басты. Англия Африкада да отарлау саясатын жүргізді.

Англия Ауғанстанға екі рет шабуыл жасады (1878). Гайдамак келісіміне қол қойды. 1880 жылы Ауғанстанды бағындырды. 1874 жылы Англия Египетті жаулап адды. Египеттің халқы көтеріліске шықты.

Ирландия жерін ағылшын ленлордтары бөліп алған еді. Ирландықтар өз жерлерін жалға алды. 1901 жылы халық 4,4 миллионға азайды. (Бүрын 6,5 млн. еді). Ирландықтар «Ақ балалар үйымы» деген үйым күрды. «Жер лигасы» деген лига қүрылды. Ленлордтардан жалға тиімді жер алу үшін күресу керек болды. Екіншіден, осы қозғалыс мүшелері күрес тактикасын күшейтті. Ленлордтар «жер лигасы» талаптарына көнбесе, жерді уақытында жыртпау керек, егінді жинайтын кезде жинамау керек деп байкот жариялады. Бүл қозғалыстың барысында Ирландияға өзін-өзі билеу күқығын алу мәселесі күн тәртібіне қойылды.

Англияның жүмысшы қозғалысында тредюниондар болды. Ол кейін оппортунистік үйымға айналып кетті. Жұмысшылар арасына іріткі салды. Олар жұмысшы категориясын жасады. Англияның буржуазиясы жұмысшыларды революциядан кетіру үшін түрлі қоғамдар құрды. Солардың бірі фабиандық қоғам. Оны қүрғандар ағылшын зиялылары — Сидней және Беатриса Беббтер, Бернард Шоу, Уэльс тағы басқалар. Бүл адамдарды жүрттың бәрі біледі, атақты жазушылар. Бүлар талтық күресті жоққа шығарды. Таптардың бейбіт қатар өмір сүруі, жүмыс істеуі нәтижесінде мемлекеттік социализм құруға болады деді, олар сондай-ақжергілікті өзін-өзі басқару органдарына халық өкілдерін кдтыстыру арқылы социалистік қоғамға өтуге болады деді.

1890 жылдардан бастап Англияда «еңбек партиялары» көптеп қүрьша бастады. 1893 жылы осы «еңбек партияларынан» «Тәуелсіз жүмысшы партиясы» (НРП) қүрылды. Бүл партияны қүрған «марксизм» Англия жағдайына сай келмейді деп, фабиандық көзқарасты қолдады.

Ирландия мәселесі: XIX ғасырдың 80-90 жылдарьшда Англиядағы үлкен мәселелердің бірі — Ирландия мәселесі болды. Олар өзін-өзі билеу күқығын беруді талап етті. Бүл қозғалыс Гомруль-Британия империясының құрамында өзін-өзі билеу күқығын алу деген қозғалыс. Бүл жолда 70-жылдары Ирланд лигасы қүрылды, оның көсемі Чарлз Парнелл парламентте Ирланд фракциясының көсемі ретінде өте беделді болды.

1879 жылы «Жер лигасы» күрылды, ол ирланд жалгерлерінің, қала кедейлерінің, радикал интеллегенция өкілдерінің үйымы болды.

1896 жылы Дж. Коннолидің бастамасымен Ирланд социалистік партиясы қүрылды, ол Ирландия мәселесін маркстік позициядан шыға отырып шешуді мақсат түтқан партия болды.

Англия XX ғасырдың басында

1. Экономикалық даму ерекшеліктері

2. Ішкі саясат

3. Отарлық саясат

Англия XX ғасырдың басында экономикасы күшті дамымаған ел болыл кала берді. Дүниежүзілік саудада алда болды. Дүниежүзілік есеп айырысу Англияның фунт стерлингімен жүрді. Өндірістің жана салалары күшейді. Шойын өндіру көлемі өсті. 1900-1913 жылдар аралығында 14,5% өсті. Көмір өндіру 30% ке өсті. Дүниежүзілік жарыста АҚШ Германиядан артта қала бастады. 1910-13 жылдары Англшшың үлесі дүниежүзілік өндірістегі 29,7% тен 21% ке төмендеді, шойын өндіруден 22% ден 13% ке төмендеді. Артта қалудың себебі өндіріске капитал өте ерте салынды, оны жаңартпады. Англияның буржуазиясы шетелден, отарлардан келетін табыстарға қанағаттанды. Бүл кезде АКДІ, Германия бірден өндіріс орындарында өнімді техникаларды пайдаланды. Англия сыртқа капитал шығаруда бірінші орын алды, 3,7 млрд фунт стерлинг ақша сыртқа шығарды. Соның есебінен байыды. Англияның экономикасы кейін кете бастады. Енбек етпей өмір сүретін адамдар тобы калыптасты. Еңбекке жарамды адамдардьщ 10% ті қызметшілерге айналды. Англияның коғамы паразиттік қоғамға айнала бастады. Бүлар үкіметке бедедді және ықпалды болды. Бүл жағдай елде монополиялық бірлестіктің жасалуына кедергі болды. Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында Англияда банктің 70% ті шоғырланды. Англияда банктер үлкен күшке айналды. Банктің күшеюі өндірістің шоғырлануымен қатар жүрді.

1900 жылы Англияның отарларының жалпы көлемі 33 млн шаршы км болды. Овда 390 млн. адам түрды. Англия империясының бүл күшеюі реакциялық ішкі және сыртқы саясатпен қатар жүрді. Англия Африканы түғелдей отарлау үшін саясат жүргізді.Добрая Надежда мүйісінде Трансваль және Оранжевая түрғындары бурлар бағынбады.|ьгерде бүларды бағындырса бүкіл Африканы отарлаған болар еді. Бурларды өзіне бағындыру кезінде Ағылшын-Бур _соғысы_ болды- Бур халқы партизандық әдістермен қарсыласты. Англия 500000 әскер апарды. Бурлардың саны 50 000 еді. Ағылшындар олардың деревняларында қалған кемпір-шалдарды, балаларды концлагеръге куып тықгы. Олар жауынгерлердің бала-шағаларын аштан катырды. Осыны көрген тауға кеткен бурлар төмен тусті. Лагерьдің өзінде 40% тен артьтғы аштықтан өлді. 1902 жылы көктемде бурлар берілді. Келісім жасасты. Ағылшындар Онтүстік Африканың кожайынына айналды. Ағылшын-бур соғысьт прогрессивті көзқарастағы дүние жүзі адамдарынан қатты сыналды. Англияның тарапынан болған бүл қаталдық Англияның басқа елдермен қатынасын қиындатты. Ағылшын дипломатиясы Германиямен жанжал бола қалса, Англияны ешкім қолдамайтынын білді. Англия мен Германияның арасындағы шиеленісу күшейді. Германия империализмі дүниені қайта бөлуді ойластырды. Ағылшын-Герман күресі саяси күреске айнала бастады. Әсіресе бүл бәсекелестік Германия мен Англия арасында теңіздегі қарулану ісінде кдтгы көрінді. Англия 1905 жылы ірі брононосецті суға түсірді. Осыдан бастап кемелер түсіруден жарыс басталды. Германиямен мүндай қайшылықтан кейін Англия басқа елдермен қатынасын күшейтті. Англия өзіне одактастар іздей бастады. Англия АКДІ-тың Панама каналын салуына кедергі жасап отыр еді. Енді оған рүқсат берді. Англия және Франция арасындағы кайшылыкты реттей бастады. 1904 жылъі 8-сәуірде екі елдің арасындағы таластарды тоқтату үшін келісім жасадъг. Франциямен арада Орта шығыс, Ирак жерлеріндегі қайіпылықгы бәсендетті. Дипломатиялык, жүмыстын нәтижесінде болашақ одақтың негізі жасалды. Англия дүниежүзінде оқшауланудан құтыла бастады. Англияның империалистері де соғысқа дайындалып жатты. Соңғы 10 жылдың ішінде ғана соғыстың қаржысы үш есе өсті. Англия соғысқа дайындалу барысында әскери-теңіз базасын жасады. Бүкіл Англияны әскери округтерге бөлді. Соғысқа кажеттінің барлығын дайындады. Милитаризмді, шовинизмді уағыздады, соған арнап кітаптар, газеттер шығып жатты. Бүған Англияда мүмкіндік бар. Ол бай мемлекет. Англия мен Францияның арасындағы келісім халықтан жасырылды.



1870-1890 жылдардағы Франция

1. Осы жылдардағы Францияның экономикалық даму ерекшеліктері

2. 1875 жылғы Конституция

3. Саяси дағдарыс

4. Отарлық саясат

5. Жұмысшы қозғалысы

1870-90 жылдың аралығында капиталистік елдердің экономикалық әркелкілігі күшейді. 70-жылдары Франция Англиядан кейінгі екінші орында еді. XIX ғасыр аяғында Франция дүниежүзілік өндіріс көлемі жөнінен төртінші орынға ығыстырылды. 1871 жылғы бітім бойынша Германияға Францияның Эльзас және Лотарингияның бір бөлігі берілді. Көлемі 145 мың км кв. Бүрын Франция шетелге көмір шығарса, енді көмірді өзі сатып ала бастады. Францияның өндірісі тоқтап қалды деп айтуға болмайды. Францияның солтүстік департаменттерінде өнеркәсіп жақсы дамыды. Тау-кен өндірісі дамыды; Оған түрткі болған нәрсе теміржолдар салу.1872 жылы 1300 тонна болат өндірілді, ал 1891 жылы 740 мың тоннаға жетті. Өндірісті механикалан-дыру күшейді. 1852-1900 жылдары аралығында бу двигателімен істейтін өндірістің саны өсті. 1870 жылы Францияның алғашқы концерндері пайда болды. Францияның Сен-Говен бірлестігі 30 химия зауыттарын біріктірді. Металлургия синдикаты. Шнайдер, Крезо дейтін адамдардың металлургия зауыттарында 14 мыңға жуық адам жүмыс істеді. Англия мен АҚШ~тан айырмашылығы Франция әрі аграрлы-индустриялы ел болды. 1880-90 жылдардың өзінде Францияда жеңіл өнеркәсіп басым болды. Францияда өндірістің шоғырлануы артта қалды. Ауыл шаруашылығы экономикада басты роль аткаратын сала болып қалаберді. Халыктың 67,6 проценті деревняда түрды. 1896 жылы 60,4 процентке азайды. 1880 жылдан бастап ауыл шаруашылығына капитализмнің енуі күшейді. Оған кедергі жасаған нәрсе жер бөліктерінін аздығы. Францияда парцельдік (үсақ бөлік) шаруашылық көп бодды. 1890 жылы 4 млн. 853 мың үсақ шаруашылықтың әркайсысында 1-10 га жер болды. XIX ғасырдың соңғы ширегінде аграрлық дағдарыс болды. Еуропа рыногына Канаданың, АҚШ-тың арзан астыкгары кдптап кетті. Техниканы пайдалана алмай отырды. Осының барлығы Францияның түрғындарынын санының өспеуіне алып келді./1870-1901 жьтлдары халық 2 млн. ғана өсті. Осы кезде Германия халкы 15 миллионға өстці

1875 жылы Конституция кабылдады. Сөйтіп Франция республика болып калды, Мак Магон Францияның президенті болып сайланды. Францияның билеуші топтары монархиялық тәртіпті қайта орнатамыз деді. 1870 жылы қаңтарда жүргізілген сьезде республикашылдар жеңіске жеткен еді. Мак Магон отставкаға шықгы, орньша буржуазияшыл-республикашыл Жюль-Греви келді. Бүл басқарған адамдар самаркду буржуазия болатын. Олар негізінен елде кең демократиялық өзгеріс жасағысы келмедіГ] Огтортунистердің ірі өкілі Гамбетга. Ол елдегі таптық кайшылыкгы жокқа шығарды. Алайда халыкгың талап етуімен реформалар қабылданды. 1880 жылы коммуналарға рақымшылық берді. 14-шілдені «Үлтық мейрам» деп жариялады; МАРСЕЛЬЕЗАНЫ үлттық әнұран деп белгіленді. Баспасөз бостандығы жарияланды. Оппортунистердің бүл саясаты оларға карсы республикашылдардың сол қанат өкілдері тарапынан сынауға ұшырады. Жұмысшылардың бір тобы оларға ерді. Олар радикалдар партиясын күрды. Көсемі Жорж Клемансо болды. Радикалдар: демократиялық реформа жасаймыз, капиталға прогрессивтік салық саламыз, жүмыс күшін қысқартамыз, түрақгы армияны жоямыз, шіркеуді мемлекеттен бөлеміз, президенттің қызметін қысқартып сенатты таратамыз-деді. Осы кезде өкіметтің ішінде дағдарыс балды. Осы жағдайды реттеу үшін оппортунистер мындай реформа жасады:

1) Кәсіподақтарға ашық жүмыс жасауға рүқсат берді.

2) Мэрді сайлауға рұқсат берді.

3) Сенаттар тоғыз жылға сайланды. Бұрын өмірлік болатын.

1860 жылы осы қозғалыстар нәтижесінде самарқау республикашылдар жоне радикалшылдар бірігіп биледі. 1880 жылы буржуазияның беделін түсірген «Буланжизм» жөне «Панама ісі» деген оқиға болды. «Панама ісі» дегеніміз Панама каналын салу жолында Франция қаржы салып Панама каналын салуды өз колына алған еді. Құрылысты инженер Лессепс компаниясы баскдрды. Оған 1,5 млрд. франк ақша бөлді. Бүл ақшаны Францияның өкімет адамдары мен компания талан-таражта салды. Олар оны жабу үшін лотерея жасады. Лотсреясы өтпей қалды. Бүл үкімет пен буржуазияның беделін түсірді.[1893 жылы депугаттар палатасына сайлау кезінде Францияның үкіметтік саяси қайраткерлері жеңіліске үшырады. Франция сырткы саясатында Піл, Догомея тағы баска жерлерді өзіне бағындырды. 1890 жылы Франция Қытайды бөлшектеуге араласты. Теңіз сыртындағы Франция жасалды. 1860 жылы Францияның отарының жер көлемі 0,2 шін. болса, 1897 жылы 3,4 млн. шаршы мильге жетті. Сөйтіл Англиядан кейінгі екінші орынға шықгы.

Буржуазия жүмысшылардың арасында іріткі салуға тырысты. Францияның жүмысшы қозғалысында да үсақ буржуазиялык идеология басым болды. Буржуазиялык, публицист Барбере үііым қүрды. Олар жүмысшылардың күнделікті түрмысын жақсарту жолындағы күресінен назарьш басқа жаққа аударуға тырысты. Францияда 1879 жылы жүмысшы партиясы күрылды. 1880 жылы бүл партияның бағдарламасын К. Маркс жазып берді. Онда партияның міндеті туралы былай жазылды: капиталис-терді экономикалық саяси жағынан экспроприяциялап, өндіріс қүралдарын қоғамға кайтару; 8 сағатгық жүмыс күні үшін күресу; 14 жаска дейінгі балалардың еңбегіне тыйым салу.

Франция XX ғасырдың басында

1) Францияның экономикалық дамуы.

2) Ішкі саясаты.

3) Отарлық агрессиясы.

Францияның XX ғасырдың басындағы экономикасында алға басушылық байкдлды. 1908 жылы шойын өндіруде 5,4 мың тонна ондірсе, 1913 жылы 22 мың тонна темір ендірілді. Өндірістің жана салалары пайда болды. Өндірістің шоғырлану процесі күшейді. Металлургия өндірісі «Комите де Форж» жоне Шнайдер, Крезо компаниясынын қолында болды. Көмір, химия өнеркосібі, машина жасау Рено, Пежо компаниясының қолында болды. Бір сөзбен айтқанда өндірістің шоғырлануы жүріп жатты. Ал шындығында Францияның басқа мемлекеттермен салыстырғанда экономикасы даму жағынан артта қалды. Францияның экспортында жүн шығару — бірінші, мақта-мата бүйымдарын шығару — екінші, шарап — үіпінші, химия —сегізінші, автомобиль шығару оныншы орында түрды. Әсемдік заттар жасайтын ондіріс орындары бірігеді. 1916 жылғы есепке кдрағанда жүмысшылардың 58,1 проценті үсақ кәсіпорындарда жүмыс жасаған. Ірі өнсркәсіпте 30 проценті жүмыс жасаған. Ауыл шаруашылығында парцельдік шаруашылык. әлі басым болды. Көп шаруалар соған байланысты күйзелді. Өндірістің баяу дамуы жағдайында Францияда кредиттік ақшаның ролі өсті. 1914 жылы Франциядағы 11 млрд. ақшаныд 8 миллиарды 5 банктың қолында болды. Банктің шоғырлануы күшейді, олар ақшаны сыртқа қарыз түрінде берді. Бүл елдін ішіндегі экономиканың дамуын тежеді. Рантье тобы көбейді. Бірінші дүниежүзілік соғыстың кдрсаңында рантье тобы 2 млн. адамнан асты. Мемлекеттің өзі — рантье мемлекетке айналды. Соған байланысты түрмыс нашарлады. Францияның халкының саны өспеді. 40 жылдың ішінде халық саны 38-39 миллионнан аспады. Францияның ішкі саясатында, буржуазия-реакциялык сыртқы саясатында-агрессиялык саясат жүргізілді.

Франция жұмысшыларының жағдайы ауыр болды. Түгынатын заттардың бағасы өсті. Жүмысшы табының арасына буржуазия іріткі салғысы келді. Ақшаны пайдаланып жұмысшы аристократиясын жасай бастады. XX ғ. басында жұмысшылардың ірі-ірі стачкалары жиіледі.Онын себебі француз жүмысшыларының еңбек ақысы Германия мен Англияның жұмысшыларынан аз болды. Көтеріліске шығу жөнінен Франция бірінші орын алды. 1905 жылы орыс революциясы туралы хабар француз жүмысшыларының күресін күшейтіп жіберді. «Орыс достары» қоғамы құрылды. Францияның жұмысшы қозғалысына басшылық жасайтын социалистік партиялар қүрылды. Француз социалистік партиясының мүшелері былай деді: «Жұмысшылардың жағдайын жақсарту ушін социалистер қоғамының құрамына кіріп, Министрлік кабинет кұру керек» деді.

1901 жылы Жан Жорестің бастауымен Француз социалистік партиясы кұрылды. 1905 жылы екі партия бірікті. Бірақ бұл партияның бірігуі формальды түрде болды және жоресистік платформа негізінде бірікті. Социалистік партия реформа жасау партиясы немесе таптық күрес партиясы деп аталды (СФИО). Францияның социалистік қозғалысында түрлі ағым: революциялыкжапъ оппортунистік ағымдар калыптасты. Жүмысшы қозғалысының ішінде гедистердің ықпалы кұшейе бастады. Жоресистердің де ықпалы күшейді. Жоресистер социализмге бейбіт уласуға болады деді. Анарко-синдикалистер де күшейді. Олар революциялық ұйымдасқан күресті жоқка шығарды. Партияның басшылығын мойындамады. Күресте синдикаттың басшылығын мойындадьт.

Бірінші дүниежүзілік соғыс жақын қалды. Соған байланысты Францияның социалистері бағдарламасын анықтай бастады. Жұмысшылардың катысуы керек пе, жоқ па деген мәселелерді анықтады. Социалист Эрве деген кісі былай деді: «Жүмысшылар соғыстың кандай түрі болса да оған қарсы күресу керек,» — деді. Мүны эрвеизм деп атады.

Франция буржуазиясы бірінші дүниежүзілік соғыс барысында «Ұлы және құдіретті француз мемлекетін» жасау идеясын үсынды. Ол үшін үкіметті күшейту керек болды. Соғыс министрі қызметіне Теофель Делкассені шақырды. Премьер министрлікке Пуанкарені шақырды. Оған соғыска дайындыққа кұлшына кірісіп, уағыздағаны үшін халық «Пуанкаре-соғыс» деген ат берді.

Француз империализмінің өсімқорлық сипатына көз жеткізуге төмендегі мәліметтер көмектеседіі Еуропа елдеріне 22 миллиард марка, Америка елдеріне 6 миллиард марка, Азия, Африка, Австралияда — 5 миллиард марка ақшасы болған және олардан тек өсім алып отырған.’ Сондықтан француз империализмі «өсімқор империализм» деп аталады. Олар баскд елдерге ақшаны (капитал) тек карыз түрінде берген. Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында Францияның басқа елдерге берген қарыздары былайша сипатталады: Ресейде — 12 миллиард, Оңтүстік Америка елдеріндегі-6 миллиард, Балқан түбегінде — 3 миллиард, Испания мен Португалияда — 3 миллиард, Мысырда — 3 миллиард, Түркияда — 3 миллиард,миллиард тағы сол сияқты. Рантье-арамтамақ деген сөз, өсімқорлық арқылы еңбек етіп ештеңені өндірмей-ақ көл-көсір байлықта өмір сүретін адамдар тобы.



1870-1899 жылдардағы АҚШ. АҚШ 1900-1914 жылдарда

1870-1899 жылдардағы АҚШ

1. АҚШ тың экономикалық даму ерекшеліктері

2. Ауыл шаруашылыгында капитализмнің дамуының «американдық» жолы

3. Жұмысшы табының жағдайы, социалистік партияның кұрылуы

4. АҚШ тың сыртқы саясаты

АҚШ XIX ғасырдың басында үндіс тайпаларын ығыстырып, көрші жерлёрді басып алып аймағын кеңейтті. Тынық мүхиттағы аралдарды басып алды. Трансконтинентальды аймақ жасалды. 1880 жылы Солтүстік Америка қарамағында 38 штат болды. Батыс Европа аймағынан үлкен болды. 1880 жылы АҚШ-та 50,2 млн. адам түрды. Оның түрғындары 80-жылдын басында 10 есе өсті. 1890 жылы 76,3 млн-ға өсті. АҚШ XX ғасырдың басында түрғындардың саны жағынан 4 орынға шықты. АҚШ-тың ауыл шаруашылық капитализмі тез қарқынмен дамыды. Жерді өндеймін деушілерге жер тегін таратылды. Фермерлік шаруашылық негіздеді, қүл иеленуші латифундиялар киратылды, орнына капитализмге ыңғайланған ауыл шаруашылығы жасалды. Әлі де қоныстанбай бос жатқан жерлерді теғін таратты. Халықтың әл-аукаты жоғарылады, ішкі рынок жасалды. Ішкі рынок кеңеюіне байланысты өнеркәсібі дамыды. Мүның бәрі елдегі капитализмнің дамуына әсер етті. XIX ғасырдың соңғы ширегінде металлургия үлкен карқынмен дамыды. Үлы көлдер ауданы бүкіл елдегі өндірілетін өнімнің 80 процентін өндірді. Металлургияның дамуы көмір өнеркәсібіне түрткі болды. Аппалач тауында, Миссисипи өзенінің жағалауында көмір өнеркәсібі дамыды.ХІХ ғасырдың аяғында Аппалач бассейні 50 процент көмір өндірді. Ірі өнеркәсіптің басқа салалары пайда болды. Тамақ өнеркәсібі, тоқыма тағы басқа салалар пайда болды. Өнертапқыштық өмірге келді. АҚШ та 1870 жылдан бастап капитализмнің дамуына байланысты монополиялық бірлестіктер лайда болды. «Стандарт ойл» үлкен компаниясы күрылды. Ол мүнай өнімінің 90 процентін өзі өндірді. «Стандарт Ойлмен» кдтар 1890 жылы тоқыма тресті пайда болды. Қорғасын тресі, темекі т.б трестер лайда болды. Рокфеллер, Морган сияқгы миллиардерлер пайда болды. Болат корпорациясының бастығы Моргандар болды. Америкадағы капитализмнін күшті қарқынмен дамуының себебі: АҚПІ та капитализмнің дамуына кедергі жасайтын королдік жер иелену болған жоқ. үндістердің жерлері өте қүнарлы болды. Америкаға Еуропаның келіп қоныстанушылары өздерімен бірге тәжірибе алып келді. Темір-жол салу қолға алынды. Темір жол торабын теміржол компаниясының өзі билей бастады.

АҚШ-та екі партия өмір сүрді: реслубликалықжәне д е мо кр атиял ы қ. Осы екі партия түрлі әлеуметтік топтарды өз жағына тарту арқылы елді басқаруды қамтамасыз етті. Бүлар біртіндеп ірі финансистерге айнала бастады.

АҚШ ауыл шаруашылығы дамудың американдык жолымен жүрді. Ленин бүған сипаттама берді: «Помещиктік шаруашылық болмайды. Революция феодалдық поместьелерді конфискелейді және үсактап жіберді. Мүндай жағдайда шаруа басым болады. Ол егіншіліктің бірден бір агенті болып алады да біртіндеп капиталистік фермерге айналады. Негізгі көрініс патриархальдық шаруаның буржуазиялық фермерге айналуы».

Америкада фермерлер әлеуметтік топқа айналды. Америкада фермерлердің қозғалысы күшейді. Себебі олар үкіметтің қаржы саясатына карсы болды. Бүл қозғалыска қатысушылар үкіметтің теміржол, салық, саясатына қарсы болды. Бүл қозғалыс фермерлердің қозғалысы болғандықган басылып қалды. Көп үзамай Гринбекер қозғалысы болды. Бүл да фермерлердің қозғалысы. 1861-1865 жылдарда азамат соғысы болған еді. Сол кездің өзінде Гринбекер суретімен 450 млн. доллар ақша шығарған. Соғыс аяқталды, кейін Гринбекер партиясы құрыдды. Қарыздарын Гринбекер АҚШамен төлегісі келді. Бүлар 1870 жылдан бастап: жүмыс күнін қыскдрту, еңбек бюросын үйымдастыру, жүмысшы статистикасын жасау, еңбек ақысын көбейту жолында күресті. 1870 жылы сайлауда бүл партия миллионан астам дауыс алды.

1870-1880 жылдары АҚШ жүмысшы саяси өмірінде жүмысшы қозғалысының қалыптаскан жылдары болды. 1886 жылы 1-мамырда көтеріліс болды. Чикаго қаласывда осы кезде Америка үкіметінің әскері арандату арқылы, полиция орталығына бомба тастады. Оған кдтысқандар Пирсонс, Фишер, Энгель, Шпиц деген азаматтар дарға асылды.

1876 жылы Америкада социалистік партия қүрылды. II сьезде 1869 жылы «Ръщары труда» деген орден қүрылды.

XIX ғ. аяғында АҚШ капиталистері Мексика мен Орталық Америкаға қызықты. Латын Америкасы елдеріне ықпал жасауға әрекет жасай бастады. 1889 жылы АҚШ үкіметі Вашингтонда 1 панамерикандық конференция өткізіп, Латын Америкасы елдерін өзіне тартқысы келді. Олар сенбеді, нәтижесіз қалды.

АҚШ Тынық мүхит бассейнІне ауыз сала бастады. АҚШ тың қарулы күштері 1866-67-71 жылдары Кореяға бірнеше рет нәтижесіз экспедиция үйымдастырды. Тек 1832 жылы ғана Кореяда Американ саудасы үшін порт ашылды.

1898 жылы АҚШ Испанияға соғыс үйымдастырып Пуэрто-Рико, Куба аралдарын тартып алды. Бүл Испан-Американ соғысы дүниені қайта бөлу жолындағы ең алғашқы соғыс болып табылады.

Қытайды бөлшектеу үшін АҚШ 1899 жылы «Ашық есік» саясатын үсынды. Бүның мәні барлық капиталистік елдерге Қытайға баруға үсыныс жасалды, сөйтіп Қытайды ықпал аймағына бөліп алғысы келдІ. Оған Үлыбритания, Германия, Ресей, Италия, Франция, Жапония елдері қатысуға тиісті болды. АҚШ тың бүл жердегі ойы мынау :өзінің экономикалық куатына сүйеніп, Қытай рыногынан бүл елдерді кейін ығыстьфып шығару, сөйтіп Тынық Мүхитты «Американ көліне» айналдыру.

АҚШ 1900-1914 жылдарда

1. АҚШ империализмінің дамуы.

2. Ішкі саясаты.

3. Сыртқы саясаты.

4. Жұмысшы және социалистік қозғалыс.

АҚШ XX ғасыр басында империализм сатысына аяқ басты. Ел ішінде капиталдың шоғырлануы, қаржы олигархиясының жасалуы өте күшті каркынмен өсті. АҚШ трестердің классикальтқ еліне айнала бастады. 1900 жылъі деректерге қарағанда АҚШ-та өндірістің өнімінің бір жылдық қүны 20 млрд. доллар болды. Бүл Германия мен Үлыбританиядан да 2 есе артық. Болат өндіруден Франция, Англия, Германияны қоса алғандағыдан артық өндірді. Қалған өндіріс салаларынан да I орынға орныкты. Бүл кездегі АҚШ тың өндірісіне тән нәрсе ол шоғырланумен бір орталықтану нәтижесінде ірі корпорациялар мен трестерді жеңіске жеткізді. Тек 1904 жыддың езінде-ақ миллион долларлық өнімі бар өндіріс орындары елдің 0,9 процентін қамтыды, оларда жүмысшылардың 25,6 проценті жүмьтс істеді. Трестер барлық өндірістің салаларында қүрыла бастады. 1901 жылы Морганньгң «Болат тресі» қүрылды. Оның капиталы 1 миллиард доллар болды. Ол болат шикізатының 50 проценттен артығын өндірді. Рокфеллердін «Стандарт Ойл» мүнай компаниясы мұнайдын 90 процентің өз қолында ұстады. 70 мың шақырым мұнай күбырлары болды (1900ж). Жүздеген теңіз кемелері болған. Ол басқа елдердің де кемелерін жаддады. Рокфеллерлер газ, электр өндірісін де өзіне қаратты. Банк саласында капиталдың шоғарлануы банкирлердің үстемдігін орнатты. Ол банкирлер Морган, Рокфеллер т.б. монополияның дамуы капитализмнің қайшылықтарын шығарды. Дағдарыстар көбейе бастады. АҚШ ірі трестер еліне айналғаннан кейін империализм дәуірінде паразитизм көріне бастады. Ірі трестер өздерінің сыртқы рыноктағы артықшылықгарын сактап қалу үшін техниканың прогресін тежеді. Рантье тобы калыптан тыс көбейді. Бұл сиякты экономиканың дамуы ішкі рьтнокты тарылта бастады. Осыған байланыстьг рынокта талас-тартыс басталған. Дүниені қайта бөлу мәселелері кұн тәртібінде тұрды. Олар өзінің идеологиясын АҚШ мәдиниетін тарату арқылы жургізгісі келді. Олар англосаксондық нәсілдің үстемдігін орнатқысы келді. Панама каналын қазуды қолға ала бастады. АҚШ Атлант, Тынық мұхитта өзінің үстемдігін жүргізгісі келді.

АҚШ тың ірі монополистері өздерінің байлығын еңбекшілердің еңбегі арқылы жасады. Өте ірі, өте бай топтар болды. АҚШ та жүмысшылардың «терін сығып алу» жүзеге асырыла бастады. 1913 жылы Тэйлор жүйесі енгізілді. Бүның мәні адамдардан мол өнім өндіріп алу болатын.

Американдық еңбек федерациясы негізінен алғанда жүмысшы аристократиясынан түрды. Олар жұмысшылардың жағдайын жақсарту туралы шара қабылдағысы келмеді. 1905-1912 жылдары аралығында жүмысшы қозғальгсында жанданулар басталды. И.Р.М. деген үйым қүрылды. Бүл үйымды құрғандар Юджин Дебс, Леон және Уильям Хэйвуд деген адамдар. Бүлар кейін екіге бөлінді. Уильям Хэйвуд бастаған үйым Чикаго үйымыЪотш бөлініп кетті. Леон ДетройтұйымыЬольт белініп кетті. Чикаго үйымы 1912 жылы 30 рет стачка жасады. Олардың талап етуімен Лоренс штатында еңбекақы көбейді. Оның мүшелері түрақты болмадьг, көбі маусым сайын, келіп-кетіп жүмыс істейтіндер болатын. 1917 жылы революциядан кейін бүлардың біраз мүшелері анархосиндикализм бағытымен кетті.

1901 жылы үкімет басына Теодор Рузвельт келді. Мүның алдында Мак Клнли еді, оны өлтірді. Тәртіп бойынша елді вице-президент Рузвельт баскдрды. Ол Америкада реакциялык саясатты жүргізген белсенді адам. Ол жүмысшылардың наразылығын бәсендету үшін уәделер бере бастады. Ірі монополиянъщ үстемдігіне қарсы шықгы. Джек Лондон және басқа жазушылар ірі монополияларды сынап жазды. 1905 жылдан бастап АҚШ та әлеуметтік қозғалыстың күшеюіне байланысты Рузвельт бір катар шаралар қолдана бастады. Трестердің «жаман жақтарын» жоюға шаралар кдбылдады. Трестерге сот процестерін жасады. Ақырында 1904 жылдьщ аяғында Теодор Рузвельт сайлауға түскенде Морган 150 мың доллар берді.

АҚШ үкіметі сыртқы саясат жүргізді. Дүниежүзілік ықпал жасағысы келді. Испания мен Португалия әлсіреп отыр еді. АҚШ жас империалистік мемлекет. Олар Испаниядан отарларын тартып алу саясатын үстады. Филиппин, Пуэрто-Рико аралдарын алды. Испанияға Филиппиннің қүнына 20 млн. доллар берді. Испания Кубадан біржолата қол үзгендігін мойындады. Келісім жасады. Американың протектораты орнады. Латын Америкасы елдеріне АҚШ өзінің ықпалын орната бастады. Монро доктринасын пайдаланды. Америка американдықтар үшін.

4. Дәріс (1 сағат)

Тақырып: Бірінші дүниежүзілік соғыс: сипаты және салдары.

1.  Соғыстың себептері мен сипаты

2.  Соғыстың салдары

3.  Қорытындысы

Капиталистік елдердегі экономикалық дамудың секірмелігі, монополия, қаржы капиталының үстемдігінің күшеюі, капитал шығару, рынок үшін күрес, ірі капиталистік елдердің территорияларды түпкілікті бөліп алуы сияқты істер олардың арасындағы келіспеуиіілікгерді тудырып түбінде осы үлкен соғысқа себеп болды. Нағыз толық мағынасындағы дербес мемлекеттер катарына — Англия, Германия және АҚШ жатты, Франция, Ресей, Жапония - "бірінші класты, бірақ әлі де шын мәнінде емес" - екінші топка жатты, 3-топқа Австро-Венгрия жатты. Ал бүл соғысты тудыратын кдйшылық ағылшын-герман қайшылығы ол - қайшылык отар иемдену туралы кайшылық, Англияда отар өте көп, Германияда жоқ. Себебі: Германия отаралғысы келеді, Англия оны өз есебінен бергісі келмейді. Міне, осы қайшылық осы уакытқа дейін оқылған дәрістерде айтылып кеткендей екі үлкен соғыс одақтары —   Үштік одақ пен Антанта одақтарын дүниеге келтірді.

Ал енді бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы ірі мемлекеттердің әрқайсысының мүдделері қандай болды? Герман империалистері жаулап алу бағдарламасыңда Ресейден көп жер басып алуды армандады. Ресейдің күнарлы жермен, қазба байлыктарына толы жеріне немістердің колонистерін қоныстандыруды жоспарлады. Өндірісті Бельгияны аннекциялау, Конго, француздың темір рудасына бай Лонгви және Брис бассейіндерін аннекциялау, француз колонияларын басып алу, Англияның теңіздегі үстемдігін тартып алу, Англияны дүниежүзілік рынокта әлсірету тағы басқаны армандады, жоспарлады. Яғни "Ұлы Германияға" он жылдар бойына сырттан ешкімнің кедергісін болдырмауды жүзеге асырмак болды.

Австро-Венгрия болса Сербияны аннекциялауды, Балқанда австро-венгер үстемдігін орнатуды, Ресейден Поляк, Подолия, Волынды алуды көздеді. Австро-Венгрияның бүл бағдарламасын Германия колдады. Себебі Германия Австриямен капитал жөнінен байланыстары болып отырған жағдайда Германия Балкан еддеріне капиталын еркін шығаруға мүмкіндік алатын еді.

Патшалық Ресейдің империалистері, помещиктері, ірі буржуазиясы біріншіден соғыстың мақсаты етіп, Германияның үлылығын жоюды, Ресейге Галицияны қосыл алуды, Константинополь мен бүғаздарды алуды ойлады.

Ағылшын буржуазиясы өте күшті каркынмен дамьш келе жаткан Германияның экономикалық қаржылан-дыру күшін әлсіретуді, Германияның әскери, сауда флотын жоюды, Месопотамия мен Аравия жарты аралын оның мүнай көздерімен қоса алуды, сондай-ак колонияларын тартып алуды арман еггі.

Францияның империалистері де жоғарғылар сияқты Германияның әскери-экономикалық күшін талқандауды мақсат етті. Олар 1871 жылы тартып алынған Эльзас, Лотарингияны қайтарып алуды ойластырып ғана қойған жоқ, сондай-ақ, одан Рейннің сол жағалауын алып, Саар облысын қосып алуды, Сирияны алуды, Палестинаны, тағы басқа араб территориясын, Германия колония-ларын тартып алуды көздеді.

1916 жылдың аяғындағы кезендерде соғыста барлық дамыған капиталистік елдер түгелге дерлік қатысты. Бұл уақытқа дейін барлык майданда 50 млн. солдат соғысты. Ал қалған енбекке жарамды адамдардың бәрі соғыс мүқтажын өтеу үшін шахталар мен өңдірістерде жұмыс жасап жатгы. Адамзат баласы жасаған байлықтың бәрі түгел дерлік соғыс мүддесіне жұмсалды. Соғыс адамға да өндіріске де, мемлекеттерге де адам айтқысыз көп зиян шектірді.

Жоғарыда айтқандай бір елдер соғыста байыды. Ол елдерге Япония мен АҚШ-ты жаткызамыз. Япония болса соғыс барысындағы жағдайларды пайдаланып Қытайда өз ықпалын қамтамасыз етті. Қытайдың жаксы-жақсы материальдық-стратегиялық маңызы бар аралдары мен портын алды. Сондай-ақ, соғысушы елдерге кару-жарақ шығару арқылы да байыды. 1914 жылға дейін капитал иесі банк иесі болып келген Англия, Франция сияқты елдер енді өзінің капиталының көп бөлігінен соғыс салдарынан айрылып қалды. Бүрын осы капиталистік елдерге экономикалык жағынан қарыздар болып келген АҚШ капиталистік дүниенің қаржылық орталығына айналды.

Халықтың кедейленуі мен қатар ірі монополиялардың экономикалық саяси күші өсе түсті, адам айтқысыз дәрежеде өсті. Соғыс кезінде бүрынғы "еркін нарықтың" өрісі тарылып, енді тек соғыс жабдығын шығаруда соғысқа, қазынаға ғана жүмыс жасады. Соғысушы капиталистік мемлекеттер енді тек тапсырыс берушіге айналды. Бүл мемлекеттік тапсырыстар монополистердін баю қүралына айналды. Бүкіл мемлекеттік аппаратты монополия өзіне бағындыра бастады. Соғысқа мүқтаж заттармен, мүнаймен, азык-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында капиталистік елдер үкіметі қатаң бақылау жүйесін енгізді. Осылайша 1914-1918 жылдардағы соғыс аралығында монополистік капитализм соғыстык-мемлекеттік монополистік капитализмге айналды. Бүл деген сөз барлық өндірісте керекті заттардың бәрін мемлекет монополистерінің қолына берді. Әскери тапсырыс мемлекеттік бюджеттен төленді. Сондай-ақ соғысушы елдерде нанға, қантқа, етке, киімге, көмірге, тағы басқа түтынушыларға керекті заттарға "карточка" жүйесі енгізілді. Ал оның мөлшері соғыстан бүрынғыдан 2, 3 есе азайтылды.

Соғыстың әкелген ауырлығын ауызбен айтып жеткізу оңай емес. Соғыс қару-жарақгарын шығаруды көбейту үшін арзан еңбек күші — әйелдер мен жеткіншектердің еңбегін пайдалану кең етек алды. Жүмыс күнін үзартып, стачкалар жасауға тыйым салды. Еңбекті қорғау заңы дегендер жүмысын тоқтатты. Шахталар, зауыттар, теміржоддар милитаризацияланды, яғни соғыс жағдайына көшірілді. Жүмыс істеуге еңбекшілерді мобилизациялап отырды. Олардың бір өндіріс орнынан екінші өндіріс орнына көшуге күқысыз болды. Кейбір елдерде 16-60 арасьтндағы еркектердің жалпы еңбек міндеткерлігі енгізідді.

1918 жылы 4-қарашада депутат Эрцберг бастаған әскери топ француз маршалы Фоштың ставкасына бітім хабаршысы ретінде барды. Компьен орманында теміржол вагонының ішінде Германия бүкіл Франция территориясын (бүрын алған) Бельгияның териториясын, Эльзас, Лотарингияны, Рейннің сол жағалауын тазартуға, кдйтаруға келісті. Сондай-ақ Антантаға Майнц, Кобленц, Кельн қалаларын пайдалану қүқығы берілді. Бүкіл герман флоты карусыздандырылып, одақтастар порттарына алып кететін болды. Бүл келісімге 11-караша 1918 жылы қол қойылды. Дүниежүзілік соғыс қантөгіс соғыс болды. Соғыстарға катысқандар саны 70 млн. адамға жетті.10 млн адамнан өлі айырылды. 20 млн. адам жаралы болды. Міне соғыс қортындысы осындай. Мыңдаған кала мен ауыл жермен-жексен етілді. Теміржол, фабрика, зауыт істен шыкты. Соғыстың шығыны 170 млрд. алтын ақша, ал жалпы шығыны — 600 миллиардқа жеткен.

5. Дәріс (2 сағат)



Тақырыбы: Дүниежүзі елдерінің XX ғ. 20-30 жылдардағы дамуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет