ПОӘК 042-18-18 41/02-2013 №1 басылым 18. 09. 2013


Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық жағдай



бет5/8
Дата09.12.2016
өлшемі2,29 Mb.
#3499
1   2   3   4   5   6   7   8

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық жағдай.

«Қырғи қабақ соғыстың» шығу себептері


Екінші дүниежүзілік соғыстың соңғы оғы атылғанда дүние өз дамуының жаңа бір дәуіріне енгендей болды. Адамзат баласының тарихындағы ең сұрапыл, ең ауыр соғыс аяқталды. Осы сұмдықтан кейін жаңа соғыс туралы ойлаудың өзі қылмыс болатын. Ол қайталанбас үшін қолдан келгеннің бәрі істелінді. Германия талқандалып қана қойған жоқ, оны женгендер оккупациялады, енді герман милитаризмінің қайта өрлеуі туралы сөз болуы мүмкін еместей көрінді. Антигитлерлік коалиция мемлекеттерінің арасында орнаған ынтымақтастық деңгейі оптимизм сезімін ұялатты. «Үлкен үштіктің» жоғарғы дәрежедегі кездесулері үнемі өткізіліп отырылды. Соғыс қимылдарын үйлестіру, саяси қатынас келісімдері, экономикалық ынтымақтастықты кеңейте тусу жүзеге асырылып отырды. Осы қатынастардың символы ретінде «Үлкен үштіктің» үшінші кездесуін - Берлин (Потсдам) конференциясын айтуға болады. Ол Берлиннің жанындағы Потсдам калашығында 17 шілде-2 тамыз 1945 жылы өтті. АҚШ-тан 1945 жылы сәуірде қайтыс болған Франклин Рузвельттің орнына болған Гарри Трумэн, Ұлыбритания - Уинстон Черчилль, КСРО - Сталин қатысты. Алайда конференция барысында күтпеген оқиға болды. Соғыстан кейінгі парламент сайлауында Черчилль бастаған консерваторлар жеңіліс тапты. Тұңғыш рет лейбористер көп орынға ие болып, оның лидері Клемент Эттли үкіметті басқарды. Ол жаңа құраммен Потсдамға келді. Қырым конференциясымен салыстырғанда «Үлкен үштік» құрамы жаңарды, Берлин конференциясы Париж конференциясы сияқты бейбіт конференция болған жоқ. Себебі ешкіммен бітім жасалынбайтын еді. Германия оккупацияланды, оның территориясында билікті төрт оккупациялық зонаға бөліп, Ұлыбритания, КСРО, Франция, АҚШ жүргізді. Конференцияның басты мақсаты одақтас державалардын Германияға деген саясатын анықтау болатын. Конференцияның шешімі: барлық ұлтшыл-социалистік ұйымдарды тарату; бұрын тыйым салынған саяси партиялар мен негізгі азаматтық бостандықтарды қалпына келтіру; соғыс өнеркәсібін жою; нацистік Германияға қызмет еткен, өнеркәсіпті милитаризациялаудың құралы болған картельдерді тарату. Сондай-ақ одақтастар қолына түскен нацистердің ең жоғарғы басшыларын арнайы Халықаралық трибунал сотына беруге келіеті. Германияның мемлекеттік шекарасы анықталды. Германиядан Польша мен КСРО-ға Шығыс Пруссия берілді, Польшамен шекара батысқа, Одер-Нейсе өзені сызығына жылжыды. Жалпы айтқанда Германияның территориясы 1938 жылмен салыстырғанда 1/4 азайды. Германияның 1938 жылдан бастап иемденген жерлерінің бәрі ешқандай қарсылықсыз қайтарылатын болды. Конференция осы территориялардан (9 млн-нан астам адам) немістердің жаппай көшірілуіне келісті. Сондай-ақ әр зонадағы соғыс тұтқындарын өзара алмасу туралы да келісім болды. Сонымен қатар КСРО Англия мен АҚШ-ты КСРО-дан батысқа қашқан азаматтардың бәрін еріксіз болса да қайтаруға келісімдерін алды. Олардың КСРО-дағы тағдырының қандай болатындығы айқын болса да, одактастар бұл мәселе бойынша Сталинмен қақтығыскысы келмеді: Трумэн Жапония туралы ойлады, өйткен КСРО-ның қатысуынсыз оны жеңу қиынға түсетін еді, ал Эттли немістер тұтқынында болып, КСРО оккупациялаған территорияда қалған 25 мың ағылшындардың тағдыры туралы ойлады. Репарацияның жалпы сомасы 2 млрд. доллар көлемінде анықталды, оның 50%-ын КСРО алатын болды Германияда репарация төлеуін жоққа шығаратындай финанстық қиындық туғызбау үшін, репарацияны өнеркәсіп құралдарын әкету арқылы алу көзделді. Берлин конференциясында Германияны біртұтас мемлекет ретінде сақтап қалу қарастырылды. Нацизмді құртқан соң елде жалпы сайлау өткізіп жаңа демократиялық Германия үкіметімен бейбіт келісімге қол қою жоспарланды. Оған дейін Германияда билікті оккупациялық үкіметтер атқаратын болды. Осыған сәйкес Германия төртке бөлінді және Берлин Германияның астанасы болып қалды. 1945 жылы қарашада Нюрнбергте соғыс қылмыскерлеріне сот басталды. Ұлыбритания, Франция, КСРО, АҚШ-тың білікті заңгерлері рейх басшыларын соғысты дайындау мен тұтандыруға ғана емес, соғысты жүргізу заңдары мен адамгершілік принциптерін бұзғаны үшін айыптады. Сот процесі он айдан астам созылды, үш ғана айыпталушы ақталды.

Черчилльдің Фултонда сөйлеген сөзі – «қырғи қабақ соғыстың» бастамасы

КСРО-ның жүргізген саясатына Батыс елдері әр түрлі көзқарас ұстады. Бірқатар саяси қайраткерлер КСРО-мен ымырашылдықты жақтады. Әсіресе бұл позицияны АҚШ сауда министрі Генри Уоллес қолдады. Ол КСРО-ның талабы орынды деп есептеп, КСРО-ның Европа мен Азияның кейбір аудандарында басымдық құқын мойындап, дүниені қайта бөлуді жүргізуді ұсынды. У.Черчилль басқа көзқараста болды. 1946 жылы 5 наурызда президент Трумэннің туған штаты Миссуридың Фултон қаласында президенттің қатысуымен сөйлеген сөзінде Европада қалыптасқан жағдай батыс демократиясы тағдырына қауіпті деп сипаттады. Кеңес халықтарының ерлік күресі мен КСРО-ның қауіпсіз шекараға ие болу құқын мойындай отырып ол кеңес экспансионизмінің етек алуын үрейлене ескертті. Батыс демократиясын қорғау үшін, оның ойынша, АҚШ пен Ұлыбританияның күшін біріктіріп, «англо-саксон дүниесінің бар қуатымен» КСРО-ға тойтарыс беру керек. АҚШ-тың мемлекеттік департаменті де кеңестік әрекеттерге қарсы жауап іздеді. Мұнда американ дипломаты, Ресей бойынша маман Джордж Кеннан маңызды роль атқарды. 1946 жылы ақпанда, Москвада АҚШ елшілігінде жұмыс істей жүріп ол Вашингтонға жолдаған жеделхатында «тежеу» саясатының негізгі принциптерін айқындады. Оның пікірінше, АҚШ үкіметі КСРО-ның өз ықпал аймағын кеңейту әрекетінің әрқайсысына дер кезінде қатты тойтарыс беріп отыруы қажет. Коммунизмнің еніп кетуіне қарсы тұра алу үшін, Батыс елдері өзіне сенімді, қолайлы әрі толыққанды қоғам орнатуға тырысуы керек. «Тежеу» саясатына олар соғыстың алдын алу тәсілі ретінде қарады және КСРО-ны соғыста жеңу көзделмеді. Трумэн, Черчилль, Кеннан КСРО-ны тежеуде АҚШ басты рольді өзі атқаруы керек деген түйін жасады. Бұл Трумэнді қиын жағдайда қалдырды. Соғыс кезінде КСРО-ға катынастың өзгеруі, соғыс ауыртпалығынан шаршау еш нәрсеге қарамай КСРО-мен ынтымақтастықты жалғастыра беруді жақтаған Уоллес типті саясаткерлерге де көбірек қолдау көрсетілді. Осы бағытты жақтайтындар соғыс тәжірибесіне Рузвельт Сталинмен компромисске келе алған жағдайға, Рузвелытің елемеуге болмайтын зор беделіне сүйенді. Сондай-ақ «тежеу» саясатына көшу АҚШ-тың саясатын түбегейлі өзгертетіндігі анық еді, енді Америка Европаның барлық істеріне қоян-қолтық араласатын болды. Трумэн саясатта мұндай бетбұрысты жүзеге асыруға ықпалы мен беделі жетпейтіндей сезінді, өйткені 1944 жылы американдықтар президент Рузвельтке дауыс берген еді. 1946 жылы өткен аралық сайлау қорытындысы да Трумэнге 1948 жылы жеңіс әкелетіндей нәтиже бермеді. Республикандықтар 1930 жылдан кейін алғаш рет конгресте бақылауын орнатты. 1919 жылғы Париж конференциясының кезіндегідей жағдай қалыптасты: президент - демократ, ал конгресс - мемлекет басшысының кез келген сырткы саясат шараларын тоқтата алуға күші жететін республикандықтардан құралды. Трумэннің солқылдақтығын түсінуге болады: бұрынғы саясатты жалғастыру немесе жаңа саясатқа көшу. Алайда оқиғалардың барысы Трумэннің көп ойлануына мүмкіндік бермеді. 1947 жылдың ақпанында ағылшындар Түркия мен Грецияға әскери жоне экономикалық көмек беру мүмкіндігі жоқ екенін АҚШ үкіметіне мәлімдеді. Грециядан ағылшын әскерлерінін шығарылуы мен көмектің тоқтатылуы Жерорта теңізі аймағында стратегиялық жағдайды түбімен өзгертетін кеңес бақылауы орнау мүмкіндігін тудырды. Италияда коммунистердің билік басына келу жағдайы жасалды, Суэц каналына кеңеі бақылауы орнау қаупі төнді. Осы жағдайлар Трумэннің өз бағытын түпкілікті айқындауына итермелемей қоймады. 12 наурызда Трумэн Греция мен Түркияға 400 млн. доллар көлемінде әскери және экономикалық көмек көрсету ойы бар екенін жариялады. Сонымен қатар ол «сыртқы қысым мен қарулы азшылық жағынан езгіге түсіруге қарсы болған ерікті халықтарға көмек көрсетуге бағытталған АҚШ саясатының міндеттерін айқындады. Осы мәлімдемесінде Трумэн АҚШ пен КСРО арасында басталған қайшылықтың мазмұнын демократия мен тоталитаризм арасындағы қақтығыс деп сипаттады. Осылайша соғыстан кейінгі ынтымақтастықтан бәсекелестікке көшудің бастамасы болған Трумэн доктринасы пайда болды.

Маршалл жоспары


Маршалл жоспары (ағылшынша: Marshall Plan, ресми атауы ағылшынша: European Recovery Program — «Еуропаны қайта құру бағдарламасы») - Батыс Еуропа мемлекеттеріне Екінші дүниежүзілік соғысынан кейін АҚШ тарапынан экономикалық жәрдем жүргізу бағдарламасы. Еуропада экономикалық тұрақтылық орнатып, батыс Еуропа мемлекеттеріне АҚШ экономикалық ықбалын жайылу үшін жүргізілген. Жоспар АҚШ мемлекеттік хатшысы Джордж Маршаллдың атымен аталған, ресми атауы European Recovery Program (Еуропаны қалпына келтіру бағдарламасы). Алғаш рет бағдарламаның идеясын 1947 жылы маусымның 5-інде Джордж Маршалл Гарвард университетінде сөйлеген кезде ұсынған. Кейін Парижде өткен Еуропа мемлекеттерінің конференциясында талқыланған. Бағдарлама 1948 жылының сәуір айында бастап 1951 жылының желтоқсанына дейін созылған. Жоспар жүзеге асыру барысында төрт жыл ішінде АҚШ Еуропа елдеріне 12,4 млрд доллар бөлініп жұмсалуға арналған. Ақшаның негізі Ұлыбританияға бөлінген. Жәрдем бөлуінің шарты бойынша Еуропаның мемлекеттері өз үкіметтерінің құрамынан коммунист-саясаткерлерін шығару міндетті еді. Осылайша, АҚШ Батыс Еуропа мемлекеттерін КСРО-ның саяси ықбалынан және коммунисттік идеологиясының әсерінен сақтап, оларды экономика тарапынан өзіне қарай жақындатқан. 1947 жылы 5 маусымда АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джордж Маршалл европалық демократияны нығайту үшін оларға тез арада финанстық және экономикалық көмек көрсету қажет деп мәлімдеді. КСРО бұл жоспарды Американың Европаны экономикалық қанауға салуға; бағытталған деп есептеп, шығысевропа елдерін Маршалл жоспарын жүзеге асыруға қатыстырмау мақсатында қысым жасады. Осы елдерде өкімет билігі коммунистердің қолына көшу процесі жеделдетілді, ол негізінен 1948 жылы аяқталды. 1948 жылдың сәуірінде 16 Батыстық елдер Маршалл жоспарын; қол қойды. Бұл бойынша олар 4 жыл ішінде АҚШ-тан 17 млрд. доллар көмек алатын болды. Сонымен бірге американдықтар көмек көрсетудің алғышарты ретінде үкімет құрамынан коммунистерді шығаруды талап етті. 1948 жылға қарай Батыс Европаның бірде-бір үкіметінде коммунистер болмады. Бұрынғы одақтастар арасындағы алауыздық Европаның бөлшектенуіне әкеліп соқты. Европада орын алған оқиғалар Германия тағдырына да әсер етті. Батыс елдер үшін олардың оккупациялық зоналары «тежеу» саясатының алдыңғы шебіне айналды. Бұл саясаттың табысты болуы немістерге байланысты екен айқын болды. Сондықтан АҚШ Маршалл жоспарының әрекет ету аймағын Батыс Германияны қосуды талап етті. Репарация алу және осы өтем үшін КСРО-ға құрал-жабдықтарды тиеу тоқтатылды. Батыс елдері Германияның экономикалық тұрақтылығына және оккупациялық үш батыстық зона негізінде мықты мемлекет құруға қол жеткізді. 20 маусым 1948 жылы онда ақша реформасы жүргізілді. Құнсызданған рейхсмарканы жаңа неміс маркасымен ауыстыру экономиканы қалпына келтірудің басталуына түрткі болды. Бірақ ол Герман проблемасын бірігіп шешу туралы келісімді ашық бұзғандық болып табылады. Берлин статусы туралы мәміледе Берлиннің батыс секторларының батыстық оккупациялық зоналармен транспорттық байланыстарын қамтамасыз ету жөнінде КСРО-ның нақты міндеті көрсетілмегендігін пайдаланып, КСРО Берлиннен Батысқа барар жолды кесіп тастады. Берлин блокадасы - КСРО-ның өзінің бұрынғы одақтастарымен алғашқы ашық конфронтациясы басталды. Бұл 24 маусым 1948 жылы басталып 324 күнге созылды. Сол уақыт ішінде Берлиндегі одақтастардың әскерін және Батыс Берлиннің 2 млн-дық халқын қажет жабдықтармен қамтамасыз етуді әуе көпірі арқылы одақтастардың авиациясы жүзеге асырды. Кеңес әскері Шығыс Германия территориясы арқылы одақтастар самолеттерінің ұшуына кедергі жасамады. Берлин блокадасы саяси аренада жаңа өзгерістер туғызды. Осы блокада тұсында 1948 жылғы қарашада өткен президенттік сайлауда Трумэн жеңіске жетті. Демократтар қайтадан конгресстің екі палатасына да бақылау орнатты. Сайлау американдықтардың көңіл күйінде болған өзгерісті айқын көрсетті: оларда Америка қорғаныс шебі Европа мен Азияда орналасқан деген түсінік пайда болды және Трумэн бастаған КСРО-мен күшпен қарсыласу бағытын қолдады. АҚШ-тың оқшаулануына соңғы нүкте қойылды. Берлин блокадасы Батыс елдерінің әскери қуатын нығайту қажеттілігін көрсетті. 4 сәуір 1949 жылы 10 Европалық мемлекет (Бельгия, Ұлыбритания, Дания, Исландия, Италия, Люксембург, Нидерланды, Норвегия, Португалия, Франция), АҚШ және Канада Солтүстік Атлант келісіміне қол қойды. Онда аталған елдер БҰҰ Жарғысы шеңберінде жау шабуылынан бірлесіп қорғануға дайын екендіктерін мәлімдеді және осы мақсатты жүзеге асыру үшін Солтүстік Атлант келісімі Ұйымы (НАТО) құрылды. Осы келісім негізінде Дуайт Эйзенхауэр басқарған біріккен қарулы күштер жасақталды. Өз тарапынан Шығыс Европа елдері өзінің топтасуын нығайта түсуді жалғастыра берді. 25 қаңтар 1949 жылы Болгария, Румыния, Венгрия, Польша, КСРО және Чехославакия Европаның бөлшектенуіне байланысты экономикалық проблемаларды бірігіп шешу үшін Өзара Экономикалық Кеңес (СЭВ) құрылатындығын жариялады. Ақпанда СЭВ-ке Албания, кейінірек ГДР қосылды. 1955 жылы осы елдер өздерінің әскери-саяси одағын -Варшава Келісімі Ұйымын (ОВД) құрды. 1949 жыл Германияның бөлшектену жылы болып табылады. Ақша реформасы жүргізілгеннен кейін көп ұзамай-ақ батыс зоналарда мемлекеттің конституциясын жасау басталды, ол осы үш зона негізінде жасалуға тиіс болды. 1949 жылы мамырда Германия Федеративтік Республикасы (ФРГ) құрылды. Сол жылы қазанда оккупациялық шығыс зонада Германия Демократиялық Республикасы (ГДР) дүниеге келді. ГДР-мен қатар Қытай Халық Республикасы жарияланды. Гоминьданмен соғыс коммунистердің жеңісімен аяқталды. Дүниежүзіндегі ең халкы көп мемлекетте өкіметтің коммунистер қолына көшуі АҚШ-та абыржу туғызды. 1949 жылы американдықтар КСРО-да атом бомбасының сәтті сыналғаны жөнінде естіді. Кеңес атом қаруы қарулануға тек 1953 жылы ғана енсе де әскери-саяси бәсекелестіктің жаңа сипатқа ие болғандығы айқын еді, өйткені осы салада АҚШ-тың монополиясы жойылды. Осыған байланысты АҚШ ядролық қару мен оны жеткізу құралдарын жетілдіру туралы шешім қабылдайды. 1952 жылы АҚШ алғашқы сутегі бомбасын сынады. Сутегі бомбасын жасау онша күрделі емес болатын, ал оның қуаты тасымалдау құралының (носитель) мүмкіндігімен шектелді. Американдықтар сынаған бірінші сутегі бомбасының қуаты 10 млн. тонналық тротилдің жарылысымен тең еді. Осындай қару он ай өткен соң КСРО-да сыналды. 50-ші жылдары екі елде де ядролық қаруды тасу құралдарының жаңа түрін тез арада жасап, жүзеге асыру жұмыстары жүрді. Соғыс кезіндегі неміс ракета құрылымы жетістігінің негізінде континентаралық баллистикалық ракета жасалынды. Алғашқы атомдық суасты ракета тасушы кемелер пайда болды. АҚШ пен КСРО-ның бәсекелестіп ракеталық-ядролық жанталаса қарулану сипатында жүргізілді. 1950 жылы АҚШ Корея жарты аралындағы жанжалға араласып, алғаш рет өзінің қарулы күштерін пайдалануға мәжбүр болды. Соғыстан соң Корея, солтүстігінен Кеңес Одағы, оңтүстігінен АҚШ оккупацияланды. Германия сияқты екі үкімет құрылды. Олардың арасындағы қайшылық американ кеңес қатынастарының шиеленісуіне байланысты күшейіп отырды. 1949 жылға қарай АҚШ пен КСРО әскерлері Кореядан шығарылды, Кореяның ек бөлігінде де сайлау жүргізілді. 25 маусым 1950 жылы Солтүстік Корея әскер 38 параллель бойынша демаркациялық шепті бұзып, оңтүстікке қарай тез жылжыды. АҚШ Солтүстік Корея әрекетін агрессиялық деп танытып Біріккен Ұлттар Ұйымына Оңтүстік Кореяға көмек көрсету туралы шешігі қабылдатты. БҰҰ туы астында Корея жартыаралына көпшілігін американдықтар құраған бірнеше елдің әскері түсірілді. 1953 жылға дейін созылған Корея соғысы басталды. Осылайша АҚШ пен КСРО арасында бітіспес қайшылық туды. Егер оның басталуын 12 наурыз 1947 жылғы Трумэн доктринасы деп, ал аяқталуы 8 желтоқсан 1991 жылы КСРО-ның құлауы десек сонда ол 45 жылға созылды. Осы жылдары АҚШ пен КСРО арасында қайшылық қанша асқынса да соғысқа ұласқан жоқ. Сондықтан да осы кезеңді «қырғи қабақ соғысы» деп сипаттауға негіз бар: екі жақ та «қанды соғысқа» дайындалды, бір-біріні жау ретінде қарады, дүниенің барлық аймақтарында және қарудың ба; түрінен бәсекелесті, қару Жер бетіндегі бар тіршілікті бірнеше рет жойып жібере алатындай көлемде жиналды, бірақ бұл қуатты бір-біріне қарсы ешқашан да қолданбады. Не себептен? Бас кезеңде екі жақ та мұндай соғыс түрін қаламады. Конфронтация шындыққа айналған кезде екі жақ та жаңа соғыс тұтана қалған жағдайда жеңетініне сенімді болмады. Соғыс қорытындысының айқын болмауы ек жақты да бір жақты басымдылыққа ұмтылдырды, алайда неғұрлым жаңа түрлерінің пайда бола беруі қақтығыстың соңының қандай боларын болжауды тіпті қиындатты. «Қырғи қабақ соғыс» бүкіл планетаны шарпыды Ол дүниені екіге, екі соғыс-саяси және экономикалық топтарға, екі қоғамдық-саяси жүйеге бөлді. Осы ауқымды бәсекелестіктің өзіндік саяси логикасы туындады - кім бізбен бірге болмаса, ол бізге қарсы. Дүние жүзіндегі барлық оқиғалар бәсекелестіктің айнасында «қара-ақ» деп қаралды. «Қырғи қабақ соғыс» бағымызға қарай «қанды соғысқа» ұласпаса да саясат пен ақыл-ойды барынша милитиаризациялады. Дүниежүзілік саясатт; барлықы соғыс қуаттылығы жағынан есептелінді. Күш қолдану қаупі БҰҰ жарғысына сәйкес болмаса да «ядролық қорқыту» саясаттың басты қаруы болып табылды. Жанталаса қарулану бейбіт кезеңде АҚШ пен КСРО-да соғыс-өнеркәсіп комплексін қалыптастырды. Осы саланы басқарған министрліктер мен ведомстволардың беделі мен саяси ролі ості. Халықтың санасын милитаризациялау жүргізілді. Соғыс қызметі ерлікке саналды Жауыз, аяусыз коммунист және дәл сондай империалист бейнесінде жаңа образы қалыптастырылды. Екі елдің мәдениетіне де осы сіңдірілді «Шпиондық» романдар дәстүрлі детективтерді ығыстырды. «Қырғи қабақ соғыс» дүниежүзілік саясаттың басым құбылысы ретінде ішкі өмірге де едәуір ықпал етті. Дүниені «қара-ақ» деп тану сыртқы дүниеге қауіп-қатер сезімін ұялатты және сыртқы жау алдында жасанды іштей топтасуға итермеледі. Алдыңғы ой-пікір арандатушылық іс-әрекет деп табылды. Осы АҚШ-та азамат құқы мен бостандықтарының жаппай бұзылуына, ал КСРО-да тоталитарлық режимнің нығаюына әкеп соқты. Сонымен қатар «қырғи қабақ соғыс» Батыс елдерінде «берекелі мемлекеті құру мақсатындағы әлеуметтік реформаларды жүргізуді аяқтау үшін стимул болды және ол коммунизм идеясы еніп кету барьері ретінде саналды. «Қырғи қабақ соғыс» қарулануға көп қаржы шығаруды талап етті, инженерлер мен жұмысшылардың ең таңдаулылары қарудың жаңа түрін шығарумен айналысты. Жанталаса қарулану адам естіп білмеген ғылыми жаңалықтар тудырды. Ол ядролық физика мен космостық зерттеулердің дамуына ықпал етті, электроника қуатының өсуі мен жаңа материалдар жасауға жағдай туғызды. Жанталаса қарулану кеңес экономикасын қанаттандырып, американ экономикасының бәсекелестік қабілетін төмендетті. Сонымен қатар кеңес-американ бәсекелестігі АҚШ-тың коммунизммен күресінің алдыңғы шебі болған Батыс Германия мен Жапонияның саяси және экономикалық позициясын қалпына келтіруге қолайлы әсерін тигізді. АҚШ пен КСРО бәсекелестігі отар мен тәуелді елдер халықтарынын тәуелсіздік үшін күресін жеңілдетті, әрі туындаған «үшінші дүниені» ықпал ету аймағы үшін аймақтық және жекелеген қақтығыстардың бітпейтін орталығына айналдырды. Былайша айтқанда, «қырғи қабақ соғыс» екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі дүниежүзілік тарихқа терең және жан-жақты әсер етті. «Қырғи қабақ соғысты» болдырмауға болар ма еді? Онын пайда болуы көбіне екінші дүниежүзілік соғыс қорытындысының әр түрлілігіне байланысты болып табылады. Оның ең бастысы дүниеде ғаламдық бәсекелестікті бастай және ұзақ жүргізе алатын екі державаның ғана қалғаны еді. Басқа ұлы державалардың бұған күш-қуаты жетпеді. АҚШ пен КСРО осы жағдайда тек ұлы державалар ғана емес, басты ұлы державаларға айналды. Осылайша дүниенің екі полюстікке айналуы бәсекелестікті тудырмай қоймайтын еді. Осы тартысқа тарихи дамуы, географиялық жағдайы, экономикалық, әлеуметтік және саяси құрылысы әр түрлі ғана емес, дүниетанымы да әр түрлі мемлекеттердің қатысуы оған ерекше форма, орта ғасырлардағы діни соғыстарды еске түсіретін идеологиялық қақтығыс сипатын берді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет