ПОӘК 042-18-28 11/03-2013 2013 жылғы № басылым



бет1/4
Дата31.01.2018
өлшемі0,55 Mb.
#36949
  1   2   3   4

ПОӘК 042-18-28.1.11/03-2013


____ 2013 жылғы №_____басылым

_____беттің _______ беті







ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3-деңгейлі СМЖ

құжаты

ПОӘК


ПОӘК 042-18-28.1.11/03-2013





ПОӘК Қазақ тілі әдістемесінің мәселелері» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар

______2013 жылғы

№ басылым




5В 012100 Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына арналған

«Қазақ тілі әдістемесінің мәселелері»
ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР



СЕМЕЙ


2013

Мазмұны
1 Глоссарий

2 Дәріс сабақтарының мазмұны

3 Тәжірибелік сабақтардың мазмұны

4 Студенттердің өздік жұмысы

5 Өзгерістерді тіркеу парағы

6 Әріптестердің танысуы



1 ГЛОССАРИЙ

Әдістеме — педагогика ғылымының жеке пәндерден берілетін білім көлемі мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін бір саласы. Тұтасынан алғандағы жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту процесінің заңдылықтарын дидактика зерттейді. Ол заңдылықтардың жеке пәндерді оқытудағы көрінісін және әр пәнді оқытудың өзіне ғана тән заңдылықтарын пәндік дидактика қарастырады. Бұлардың әрқайсысына тән өзіндік ерекшеліктеріне байланысты оқыту Әдістемелері бар.

Білім беру мазмұны  - жан-жақты үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыруға бағытталған, педагогикалық адаптацияланған білім, іскерлік, дағдылардың, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі мен эмоционалдық-жігерлік қатынас тәжірибесінің жиынтығы немесе жүйесі.

Мемлекеттік білім беру стандарты – мемлекеттік нормалар деп танылған және қоғам сұраныстары мен тұлға қажеттігі мен мүмкіндіктеріне сай білім деңгейін анықтайтын негізгі көрсеткіштер жүйесі.

Оқу жоспары – оқу жылының, тоқсандардың, демалыс күндерінің мерзімін, оқытылуға тиісті оқу пәндерінің тізімін, әрбір оқу жылы /сыныптар/ бойынша оқу тәртібін және ретін, әрбір пәнге бүкіл оқу мерзімінде және апта сайын әр пәнге бөлінетін сағаттардың мөлшерін анықтайтын нормативтік құжат.

Оқу бағдарламасы  - оқу пәніне  байланысты білім, іскерлік, дағдылардың мазмұнын ашатын нормативтік құжат. Оқу бағдарламасы оқу жоспары негізінде жасалады.

Оқулық – оқу бағдарламасына сай оқу пәнінің мазмұнын жүйелі түрде баяндайтын кітап.

Дидактика didaktikas» - оқытушы, «didasko» -  оқушы) грек тілінен аударғанда оқыту мен үйрету деген мағынаны білдіреді,білім беру мен оқыту мәселелерін зерттейтін оқыту теориясы, педагогика ғылымның саласы.

Оқыту – оқушыны білімдендіру, тәрбиелеу, дамыту мақсатына бағытталған алдын – ала жоспарланған іс - әрекет. Оқыту - қазіргі заман талаптарын ескере отырып, оқушы тұлғасын, білім, іскерлік, дағдыларды меңгерте отырып, мақсатты қалаптастару мен дамыту процесі.

Оқыту процесі - бұл білім беру, тәрбиелеу және дамыту міндеттерін іске асыруға бағытталған оқытушы мен оқушыарасындағы мақсат бағдарлы өзара байланысты іс - әрекет.

Білім — адамзаттың жинақталған тәжірибесі, заттар мен құбылыстарды, табиғат пен қоғам заңдарын тану нәтижесі. Білімді жеке адамның игілігіне айналдыру үшін, оны ойлау операциясы - талдау, синтездеу, салыстыру, жіктеу және жинақтау арқылы терең ұғыну қажет. Оқушы ойлау операциясына сүйеніп, өз білімін шындыққа айналдырады.

Іскерлік - алған білім негізінде оқушылардың практикалық әрекетінің іске асырылуы. Білімсіз қандай болса да іскерлік болуымүмкін емес.

Дағды - бұл қайта-қайта орындалатын практикалық әрекетте машықтандыру.

Заңдылық  дегеніміз құбылыстар мен процестер арасындағы объективті, маңызды, қажетті, жалпы, берік, белгілі жағдайда қайталанап  отыратын өзара байланыс.

Дидактикалық принциптер – оқытудың негізгі мазмұнын, ұйымдастыру тәсілдерін, әдістерін  мақсатына,  заңдылықтарына сай орындайтын қағидалар жүйесі.

Оқытуды ұйымдастыру формасы - оқыту процесінің мақсаттары мен міндеттерін іске асырудағы мұғалім мен оқушылардың іс - әрекетінің сыртқы көрінісі.

Сабақ – мазмұны, уақыты, ұйымдастырылуына қарай аяқталған оқыту үрдісінің бөлігі.

Сабақ- ол  ұжымдық оқыту формасы, оған оқушылардың тұрақты құрамы, шектелген оқу уақыты (45 минут), алдын-ала құрылған сабақ кестесі, оқу жұмысын бір ғана материал төңірегінде ұйымдастыру тән.

Сабақ құрылымы -  сабақтың барысында оның құрамдас бөліктерінің, кезеңдерінің бір-бірімен ұштасып, белгілі тәртіппен жүзеге асырылуы.

Оқыту әдістері - оқытудың мақсатты міндеттеріне сай оның мазмұнын оқушыларға меңгертуде мұғалім мен оқушылардың қолданатын амал-тәсілдері мен құралдарының жиынтығы.

Оқу тәсілдері - оқыту әдісінің құрамды бөлігі немесе бір қыры, яғни жалпы “әдіс” түсінігіне байланысты жалқы ұғым.

Оқу құрал-жабдықтары бұл білім алу, ептіліктерді қалыптастыру көздері. «Оқу құрал –жабдықтары» түсінігі кең және тар мағынада қолданылады. Тар мағынада бұл түсінік оқу және көрнекі құралдары, көрсетпе жабдықтар, техникалық саймандар және т.б. байланысты. Ал кең мағынада оқу құрал-жабдықтары деп білім мақсатын іске асыруға көмекші жағдаяттардың бәрі деп түсінеміз, яғни оқыту әдісі, формасы, мазмұны, сонымен бірге оқудың арнайы бұйымдарының бәрі осы оқу жабдықтарын құрайды.

Бақылау -  кең көлемде бір нәрсені тексеру деген мағынаны білдіреді. Бақылау оқыту процесінде оқушылардың оқу әрекетіне басшылық жасау қызметін атқарады, олардың шығармашылық күші мен қабілетінің дамуына ықпал етеді.

  Бағалау -  оқытудың құрамдас бөлігі және қорытындылау сатысы. Бағалау, бір нәрсенің деңгейін, сапасын, дәрежесін белгілеу. Оны оқушының оқу-таным әрекетінде қарастырсақ оқыту процесінің міндеттерін оқушылардың қандай дәрежеде меңгеруі, дайындық деңгейі мен дамуын, білімдерінің сапасын, білік пен дағды көлемін анықтайтын құрал.



Сынақ – қорытынды бақылаудың айырықша түрі, ол белгілі бір тарау немесе тақырып бойынша атқарылған оқу жұмыстарының бүкіл өн бойында мұғалім қолданған тексерудің барлық түрлерін ескере отыра қойылады.

Емтихан – оқушылардың білімін қорытынды тексерудің және бағалаудың арнаулы формасы.

Педагогикалық технологиялар - теориялық білімдерді тұтас педагогикалық үрдістің қызметін практика жүзінде іске асыруға бағытталған және сол үрдіс нәтижелерін кезеңдер бойынша өлшеп, тұлғаның да, ұжымның да даму динамикасын көруге болатын, педагогтар мен оқушылардың өздерін-өздері дамытуларына мүмкіндік тудыратын жүйелі іс-әрекеттер кешені.
2 ДӘРІСТЕР
1-дәріс. Қазақ тілі әдістемесі туралы кіріспе

Дәріс мазмұны:

1. Қазақ тілі әдістемесі, оның зерттейтін объектісі мен міндеттері.

2. Қазақ тілі әдістемесінің тіл білімімен, педагогика, психологиямен байланысы.

3. Сабақтың түрлері.


Қазақ тілінің әдістемесі ғылымның бір саласы ретінде педагогика ғылымының бір саласы ретінде педагогика ғылымының құрамына енеді. Қазақ тілі әдістемесі-тарихи жағынан дамыған, жетілген, теориялық негізі қалыптасқан, белгілі бір ғылыми жүйеге келген ғылым.

Әдістеменің зерттейтін объектісі, мақсаты, зерттеу әдістері қалыптасқан жүйесі бар. Бұл әдістеме ең алдымен оқушыға қандай тілдік категорияларды үйрету керек, қандай әдіс-тәсілдер арқылы үйретуге болады деген мәселелерді қарастырады. Сондай-ақ, қазақ тілін оқыту әдістемесі –қазақ әдеби тілінің маңызын, оқу әдістерін,амалдарын оқушыға ана тілінен білім берудің оны меңгертудің жолдарын үйрететін ғылым.

Қазақ тілін оқыту әдістемесі туралы сөз болғанда бұл проблеманың ішінен басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқыту мәселесін жеке бөліп қарастырмаса болмайды. Өйткені, қазіргі таңдағы көп жұмыс істеліп, жан жақты қарастырылып отырған проблема – орыс аудиториясында қазақ тілін оқыту проблемасы. Сонымен қатар, бұл мәселе тілдік коммуникацияның тікелей зерттеу объектісі бола келіп, қазіргі кезеңде өзекті мәселе болып отырған қазақша сөйлеуге үйретудің тиімді жолдарын табуға көмектеседі.

Бақылау сұрақтары:

1. Дәрістегі түсінбеген мәселелеріңіз қандай?

2. Негізгі мақсаты не?

3. Тәжірибе жүзінде бір мысал келтіріңіз.


Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы// Қазақстан жоғарғы мектебі,2004 №1. 5-20 бб.

2.Қазақстан Республикасының Орта білімді дамыту тұжырымдамасы.Жоба// Қазақстан мұғалімі-1997 №14, 1-бет.

3.Қазақ тіліне арналған бағдарламалар.

4.Селевко Г.К. Современные образовательные технология. Москва 1998

5.Тұрғанбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары. Алматы, 2000

6.Гузеев В.В. Планирование результатов образование и образовательная

технология. Москва, 2001

7. Жанпейісова М.М. Технология модульного обучения. Ақтөбе, 1998
2-дәріс. Көрнекті, ғалым-әдіскерлердің мұрасы.

Дәріс мазмұны:

1. Көрнекті ғалым-әдіскерлердің мұрасы.

2. А.Байтұрсыновтың әдістемеге қосқан үлесі

3. Жаңа технологиялар туралы түсініктер


Қазақ тілі әдістемесінің ғылыми негізі Қазан төңкерісіне дейінгі дәуірден басталады. Қазақстанда педагогика тарихы, сондай-ақ, қазақ тілін оқыту мәселелері Ы.Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясы» және «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» оқулықтарын жазды. 1936 жылы орта мектептің V-VII сыныптарға арналған С.Жиенбаевтың «Грамматика талдауыш», 1938 жылы «Үлкендерге хат танытудың методикасы», 1939 жылы «Бастауыш мектепте кітап оқытудың методикасы», 1941 жылы «Қазақ тілі методикасы», 1942 жылы «Грамматикалық таблицалар», 1944 жылы «Жаттығу емле мен тіл дамыту», 1946 жылы «Қазақ тілі методикасы» деген еңбектер жарық көрді. Қазақ тілін,әсіресе, грамматиканы оқыту жөніндегі пікір айтқан Қ.Басымов болды. 1938 жылы «Грамматика оқыту жөнінде» деген мақаласында оқыту әдістеріне толды. И.Ұйықбаевтың 1957 жылы «Орта мектепте қазақ тілін оқыту мәселелері», «Қазақ тілінде сөз таптарын оқытуға көмекші құралдар», ал 1962 жылы «Қазақ тілі методикасының очеректері» деген еңбектері басылып шықты.

Орыс аудиториясында қазақ тілі сабағын жүргізу мәселесімен айналысып жүрген ұстаздар, тілшілер, ғалымдар көптеп саналады. Олардың әрқайсысы әр түрлі мәселелерді қарастыра келіп, қазақ тілін оқыту саласының дамып, жетілуіне үлес қосуда. Бұл еңбектердің авторлары Ш.Х.Сарыбаев, И.В.Маманов, Ғ.Бегалиев, С.Жиенбаев, Т.Аяпова, Ш.Бектуров, К.Сариева, А.Жүнісбеков, Ф.Р.Ахметжанова, М.Жанпейісова, Ф.Оразбаева, Қ.Бітібаева т.б.


Бақылау сұрақтары:

1. Дәрістегі түсінбеген мәселелеріңіз қандай?

2. Негізгі мақсаты не?

3. Тәжірибе жүзінде бір мысал келтіріңіз.


Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы// Қазақстан жоғарғы мектебі,2004 №1. 5-20 бб.

2.Қазақстан Республикасының Орта білімді дамыту тұжырымдамасы.Жоба// Қазақстан мұғалімі-1997 №14, 1-бет.

3.Қазақ тіліне арналған бағдарламалар.

4.Селевко Г.К. Современные образовательные технология. Москва 1998

5.Тұрғанбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары. Алматы, 2000

6.Гузеев В.В. Планирование результатов образование и образовательная

технология. Москва, 2001

7. Жанпейісова М.М. Технология модульного обучения. Ақтөбе, 1998
3 – дәріс. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ғылыми-зерттеу әдістері.

1. Қазақ тілі әдістемесінің зерттеу әдістері.

2. Қазақ тілін оқытудың принциптері мен міндеттері

3. Оқыту әдістерінің топтастырылуы

4. Оқытудың проблемалық түрі
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің алға қойған мақсаты-өзінің зерттейтін обьектісі жан-жақты танып білу, зандылықтарын айкындау демек ғылыми зертеу әдісі дегеніміз белгісізді тану, айқындау. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының қай түрінде болсын, зерттелетін обьектіні танып білу мынадай үш түрлі әрекеті бойынша іске асырылады, бірінші – қажетті материалдарды, фактілер жинау, екінші – жиналған факті немесе материалдарды талдау, салыстыру, үшінші – сол фактілер негізінде теориялық тұжырымдар, қорытындылар жасау. Құбылысты, обьектіні ғылыми танып-білу процесінде іске асырылатын бұл әрекетті қазақ тілін оқыту әдістемесіне де негізгі кезеңдер болып саналады. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ғылыми-зерттеу әдістері мыналар: әдістемелік әдебиеттерді талдау, зертеу, сабақ процесін көру, бақылау, анкетамен жұмыс жүргізу, жеке әңгімелесу әдісі, эксперимент әдісі.

Сонымен қатар, қазақ тілі сабақтарында қатысымдық әдісін қолданып, аймақтық компонентін кеңінен пайдаланамын. Неліктен қатысымдық әдіске тоқталдым? Мәселені дұрыс ашу үшін ең бірінші қатысымдық әдістің негізін құрайтын принциптерін көрсетейік. Ф.Оразбаева басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқыту барысында қолданылатын қатысымдық әдісті өзіндік принциптер арқылы ажыратады. Олар:



  1. Тіке байланыс

  2. Адамның жеке қабілетін ескеру

  3. Сөйлесуге үйретуде жүргізілетін жұмыстардың түрлерін айқындау

  4. Сатылап даму

  5. Динамикалық өзгеру

  6. Өзектілік

Қатысымдық әдістің пайдаланудың тиімді жолы – оның тіке байланысқа негізделіп, адаммен – адамның тікелей қарым-қатынасы арқылы тілді үйретуді жүзеге асыруында. Тілді оқытуда үйренуші мен үйретушінің арасында бір-бірімен көзбе-көз кездесу, ауызба-ауыз тілдесу, яғни, тікелей қатынас болмаса, сөйлесім әрекеті де іске аспайды. Тілді үйретуге байланысты қандай бағыт-бағдарды таңдап алу керек, оған қатысты орындалатын жұмыстармен тапсырмалар қандай, оны іске асыруда бұл жұмыс түрлерінің алатын орны мен қызметі қандай дегенді анықтап белгілемей, алға қойған мақсатқа жету мүмкін емес. (ІІІ принцип)
Бақылау сұрақтары:

1. Дәрістегі түсінбеген мәселелеріңіз қандай?

2. Негізгі мақсаты не?

3. Тәжірибе жүзінде бір мысал келтіріңіз.


Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы// Қазақстан жоғарғы мектебі,2004 №1. 5-20 бб.

2.Қазақстан Республикасының Орта білімді дамыту тұжырымдамасы.Жоба// Қазақстан мұғалімі-1997 №14, 1-бет.

3.Қазақ тіліне арналған бағдарламалар.

4.Селевко Г.К. Современные образовательные технология. Москва 1998

5.Тұрғанбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары. Алматы, 2000

6.Гузеев В.В. Планирование результатов образование и образовательная

технология. Москва, 2001

7. Жанпейісова М.М. Технология модульного обучения. Ақтөбе, 1998
4-дәріс. Фонетиканы оқыту әдісі.

1. Фонетиканы оқыту әдістемесі:

а) фонетикалық білім, дағды, іскерлік

ә) фонетикалық жаттығу түрлері

б) фонетикалық талдау түрлері

в) фонетиканы оқытуда қолданылатын көрнекіліктер


Фонетика (грекше phonetikos — дыбыстың) дыбыс туралы ілім, тілдің дыбыс жүйесін зерттейтін тіл білімінің бір саласы. Қазақ тіл білімінің атасы А. Байтұрсынұлы фонетиканы дыбыс жүйесі деп атаған.

Дыбыс жүйесі қарастыратын мәселелер: тіл дыбыстарының пайда болуы, олардың түрлері, іштей жіктелуі, сөз ішінде біріне-бірі ықпал етіп, үйлесіп, үндесіп тіркесіп түрудың тетігі, буын, екпін, сөйлеу мен жазудың арақатынасы, орфография, орфоэпия т. б.

Зерттеу мақсатына қарай фонетика сипаттамалы, тарихи, салыстырмалы және салғастырмалы болып келеді.

Сипаттамалы (синхрониялық немесе статистикалық деп те аталады) фонетика тілдің өмір сүріп тұрған дәуіріндегі дыбыстық жүйесін қарастырады: дыбыстарды сандық, сапалық жақтан айқындау, олардың тіркесу, үндесу заңдылықтары, буын, екпін, орфоэпия мәселесі осы саланың объектісі болып табылады.



Тарихи (диахрониялық) фонетика тілдің дыбыс жүйесін тарихи тұрғыдан қарастырады. Дыбыстардың түрлері, олардың дамуы, тарихи өзгерістер, буын, екпін мәселелері, үндестік заңдары әр дәуірдегі жазба ескерткіштер материалдары бо­йынша айқындалады.

Тілдің дыбыс жүйесін қазіргі және тарихи тұрғыдан қарастырған кезде туыс тілдердің фонетикасын да ескерген абзал. Мұның өзі дыбыстардың өзгеру, даму жүйесін айқындауға мүмкіндік береді. Туыс тілдердің дыбыс жүйесін салыстыра зерттеп, олардың ұқсастықтары мен айырым белгілерін айқындау салыстырмалы фонетиканың міндетіне жатады. Салыс­тырмалы және тарихи фонетика көбіне бір-біріне тығыз байланысты болады да, зерттеулерде қатар қолданылады. Туыстығы жоқ, құрылымы әр басқа тілдердің дыбыстық жүйесін салғастырып зерттеу салғастырмалы фонетиканың үлесіне тиеді.

Қазақ тіліндегі дыбыстардың айтылуы мен жазылуын үйрету мұғалімнің шеберлігін ғана емес, бірнеше тәсілді қатар меңгерген әуесқойлығын да қажет етеді. өйткені сабақта оқытушы тек дыбыстардың айтылуымен шектелсе, сөйлеуді үйрету мақсатына жетпейді. Сондықтан ұстаз дыбыстардың ерекшеліктерін сөз ішінде, буын құрамында, сөйлем арасында меңгерте отырып, жалпы тілдік қатынастың қағидаларын естен шығармайды және тілді үйретудің жинақтық әдісін пайдаланады. Фонетикалық тұлғалардың естілуі дыбыс ырғағы, күші, созылыңқылығы, әуені сияқты ерекшеліктерімен ажыратылады. Олар лингвистикалық әдебиеттерде талданып көрсетілген.


Бақылау сұрақтары:

1. Дәрістегі түсінбеген мәселелеріңіз қандай?

2. Негізгі мақсаты не?

3. Тәжірибе жүзінде бір мысал келтіріңіз.


Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы// Қазақстан жоғарғы мектебі,2004 №1. 5-20 бб.

2.Қазақстан Республикасының Орта білімді дамыту тұжырымдамасы.Жоба// Қазақстан мұғалімі-1997 №14, 1-бет.

3.Қазақ тіліне арналған бағдарламалар.

4.Селевко Г.К. Современные образовательные технология. Москва 1998

5.Тұрғанбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары. Алматы, 2000

6.Гузеев В.В. Планирование результатов образование и образовательная

технология. Москва, 2001

7. Жанпейісова М.М. Технология модульного обучения. Ақтөбе, 1998
5-дәріс. Лексиканы оқыту әдісі.

1. Лексиканы оқыту әдістемесі:

а) лексиканы оқытудың 4 кезеңі (бастауыш: 5-6 сынып, 9-11 сынып)

ә) лексикалық жаттығу түрлері

б) лексикалық талдау түрлері

в) лексиканы оқытуда қолданылатын көрнекіліктер


Әдіскер А.Айғабылов лексиканы оқытудың маңызын былайша дәйектейді: «Ана тілінде сөйлей білген адамның барлығы да сол тілдің заңдылықтарын, қыр-сырын, сыр-сипатын толық біле береді деуге болмайды». Лексиканы оқытуда сөзге үлкен мән береді. Тілдің ең кіші бөлшегі сөздің фонетикамен, морфологиямен, синтаксис және стилистикамен байланысын жете түсіндіру қажет. Оқушы сөз жүйесін түсіну арқылы тілдің орфоэпиялық және орфографиялық нормасын саналы түсінуге, әр сөзді орынды қолдану арқылы өз ойын жүйелі, түсінікті жеткізуге үйренеді. Лексиканы оқыту кезінде мұғалім оқушыларды сөздікпен жұмыс істей білуге үйретуі керек. Сөздердің шығу тарихын сөз мағыналарын сөздіктерді қолдана отырып меңгерткізу оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады.

Бақылау сұрақтары:

1. Дәрістегі түсінбеген мәселелеріңіз қандай?

2. Негізгі мақсаты не?

3. Тәжірибе жүзінде бір мысал келтіріңіз.


Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы// Қазақстан жоғарғы мектебі,2004 №1. 5-20 бб.

2.Қазақстан Республикасының Орта білімді дамыту тұжырымдамасы.Жоба// Қазақстан мұғалімі-1997 №14, 1-бет.

3.Қазақ тіліне арналған бағдарламалар.

4.Селевко Г.К. Современные образовательные технология. Москва 1998

5.Тұрғанбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары. Алматы, 2000

6.Гузеев В.В. Планирование результатов образование и образовательная

технология. Москва, 2001

7. Жанпейісова М.М. Технология модульного обучения. Ақтөбе, 1998
6-дәріс. Морфологияны оқыту.

1. Морфологияны оқыту әдістемесі:

а) Оқушылардың іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру, әдіс-тәсілдері

ә) Морфологиялық жаттығулар

б) Морфологиялық талдау

в) морфологияны оқытқанда қолданылатын көрнекіліктер


Морфологияны өткен кезде ең бірінші сөз құрамы, сонымен байланысты түбір, түбірлі сөздерге ерекше назар аударылады. Сөз құрамын схема арқылы меңгерткен ыңғайлы. «Сөз құрамындағы бөлшектерін: негізін, түбірін, жалғауын, жұрнағын ажыратып үйренбейінше – оқушылар сөз таптарын орфографиялық ережелерді көп сөздерді мағыналарын түсіне алмайды.

Морфология – сөздерді жеке – жеке қарастырмайды, оларды белгілі топқа бөліп, сол топтардың әрқайсысына ортақ грамматикалық белгілерін және өзіне тән ерекшеліктерін анықтап, сол жөнінде анықтама жасайды.

Морфология - сөз және оның грамматикалық көрсеткіштері туралы ілім. Морфология бөлімінің объектілірі ғылыми тұрғыдан жан - жақты зерттеліп, нақтыланған.

Морфология – грамматиканың көп қолданылатын және оның барлық саласымен ұштасты, оларды қолдануға дәнекері сияқты қызмет атқаратын ең бір тармақты саласы. Соныдқтан да біз мектебіміздегі тәжірибелі мұғалімдеріміз оқушыларға қазақ тілінің грамматикасын жақсы білгізу үшін, тіліміздің морфология бөлімін жақсы білгізуге ерекше ғылыми, пратикалық мән береді. Егер оқушылар морфологияның ғылыми негізгі мен оның өзіне тән белгілерін жақсы білсе, олар қазақ тілі грамматикасының басқа салаларын да жақсы білетін болады.


Бақылау сұрақтары:

1. Дәрістегі түсінбеген мәселелеріңіз қандай?

2. Негізгі мақсаты не?

3. Тәжірибе жүзінде бір мысал келтіріңіз.


Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы// Қазақстан жоғарғы мектебі,2004 №1. 5-20 бб.

2.Қазақстан Республикасының Орта білімді дамыту тұжырымдамасы.Жоба// Қазақстан мұғалімі-1997 №14, 1-бет.

3.Қазақ тіліне арналған бағдарламалар.

4.Селевко Г.К. Современные образовательные технология. Москва 1998

5.Тұрғанбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары. Алматы, 2000

6.Гузеев В.В. Планирование результатов образование и образовательная

технология. Москва, 2001

7. Жанпейісова М.М. Технология модульного обучения. Ақтөбе, 1998
7-дәріс. Синтаксисті оқыту әдістемесі.

1. Синтаксисті оқыту әдістемесі:

а) Синтаксистік ұғымдарды қалыптастыру ерекшеліктері

ә) синтаксистік талдау және жаттығу жұмыстары

2. Синтаксис сабақтарында қолданылатын көрнекіліктер
Синтаксиссөздердің тіркесін, сөйлем заңдылықтарын жүйелеп, сол жөнінде анықтамалар жасайды.

Синтаксисті өту арқылы оқушы жазу тілі мен ауызекі сөйлеу тілінің маңызын игере түседі. Оқушыға сөйлемдегі сөздердің бәрі грамматикалық байланысқа түсе бермейтінін, сөйлемді талдағанда оқшау сөздердің сөйлем мүшесі бола алмайтынын жете түсіндірген жөн. Синтаксистік талдау кезінде оқушылардың тез, дұрыс талдау дағдысын қалыптастыру керек. Шартты белгілерді саналарында берік қалыптастыруға күш салу қажет.

Синтаксис - / грекше syntaxis / - грамматикалық , морфология сияқты, өзекті саласының бірі. Грамматиканың тең праволы, әрі өзара тығыз байланысты бұл екі саласының қарастыратын обьектілері тілдің грамматикалық құрылысының мәселелері болады: морфология сөздердің грамматикалық жүйесін, құрылысын, сөз таптарының грамматикалық мағыналары мен тұлғаларын зерттейді; синтаксис сөз тіркесінің және сөйлемнің грамматикалық жүйесін, құрылысын зерттейді. Синтаксис грамматикалық ілім ретінде мынандай негізгі екі салаға бөлінеді: С ө з т і р к е с і н і ң с и н т а к с и с і. Онда сөздердің өзара тіркесу қабілеттілігі , тіркесу тәсілдері мен формалары, сөз тіркестерінің құрамы, олардың түр- түрі қарастырылады. Синтаксис бұл мәселелерді сөздердің грамматикалық құрылысы жөніндегі ілімнен бөліп алып, олардан оқшау тұрған нәрсе деп қарамайды, өзара тығыз байланыста қарастырады. Сондықтан сөздердің морфологиялық құрылысы ситаксистің де грамматикалық талдауының негізі болады. Лексикология мен морфология тіл ғылымының дербес салалары болуымен қатар, олар да синтаксиспен байланысын үзбейді.

Бақылау сұрақтары:

1. Дәрістегі түсінбеген мәселелеріңіз қандай?

2. Негізгі мақсаты не?

3. Тәжірибе жүзінде бір мысал келтіріңіз.


Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы// Қазақстан жоғарғы мектебі,2004 №1. 5-20 бб.

2.Қазақстан Республикасының Орта білімді дамыту тұжырымдамасы.Жоба// Қазақстан мұғалімі-1997 №14, 1-бет.

3.Қазақ тіліне арналған бағдарламалар.

4.Селевко Г.К. Современные образовательные технология. Москва 1998

5.Тұрғанбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары. Алматы, 2000

6.Гузеев В.В. Планирование результатов образование и образовательная

технология. Москва, 2001

7. Жанпейісова М.М. Технология модульного обучения. Ақтөбе, 1998
8-дәріс. Сөз тіркесін оқыту әдістемесі.

1. Сөз тіркесінің әдістемесі:

а) сөз тіркесінің әдісі

ә) сөздердің байланысу тәсілдері мен түрлерін оқушыларға меңгерту


Сөз тіркесін оқыту әдістемесі дегеніміз – оқушылардың жас ерекшеліктері негізінде сөз тіркестерінің ішкі байланыстары мен мәнін оқушыларға ұғындыру заңдылықтары (сөз тіркесінің тіркесу заңдылықтары, мағыналық заңдылықтары, бір-біріне бағына байланысу заңдылығы т.б.) арқылы олардың сабаққа, пәнге деген қызығушылығы мен танымын арттыратын тиімді амал-тәсілдердің жиынтығы. Сөз тіркесін тарауындағы күрделі тақырыптарының бірі – күрделі сөздер мен тұрақты тіркестер. Сөз тіркесін таптастыру тақырыбын өткенде басыңқы сыңарының қай сөз табынан жасалып тұрғандығы айтылады, ал бағыныңқы сыңарының қай сөйлем мүшесі екендігіне қарап-ақ, оның қандай қатынаста тұрғандығын білдіреді.

Сөз тіркесін көптеген ғалымдар сөз таптары негізінде топтаса, кейде сөйлем мүшелері аясында да топтайды.

Жалпы алғанда, сөз тіркестерінің басыңқы сыңарына қарай көбінесе сөз таптары негізінде топтау басым. Бірақ осы ұстанымды көптеген ғалымдар қолданғанымен түрколог ғалымдар арасында бірізділік жоқ.

Виноградов сөз тіркесінің басыңқы сыңарына қарай есімді, етістікті, үстеулі деп бөлсе, Шведова етістікті, субстантивті, обьективті, немесе үстеулі деп бөледі.

Сөз тіркестерінің байланысу формалары мен қатар олардың басыңқы сыңарларының қызметі ерекшеленеді. Сөз тіркестерінің басыңқы сыңары болып кез-келген сөз тіркесі қолданыла бермейді. Мұндайда барлық сөз табына ұйытқы болатын бір ғана сөз табы қатысады.

Сөз тіркестерінің басыңқы сыңары көбінесе есімді, етістікті делінсе, ал сөйлемдегі тиянақтаушы баяндауыштарды есімді, етістікті және құрама деп үшке бөліп қарастырамыз. Осындай құрылымдардың сөз тіркесінің аясына келгенде бір ғана байланысу формасы қарастырылады. Профессор Балақаев «О комбинированном управления прямого дополнения» деген мақаласында арнайы сөйлем мүшесі туралы сөз қозғай келіп, сөз тіркесі мәселесіне ауысады.



Бақылау сұрақтары:

1. Дәрістегі түсінбеген мәселелеріңіз қандай?

2. Негізгі мақсаты не?

3. Тәжірибе жүзінде бір мысал келтіріңіз.


Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы// Қазақстан жоғарғы мектебі,2004 №1. 5-20 бб.

2.Қазақстан Республикасының Орта білімді дамыту тұжырымдамасы.Жоба// Қазақстан мұғалімі-1997 №14, 1-бет.

3.Қазақ тіліне арналған бағдарламалар.

4.Селевко Г.К. Современные образовательные технология. Москва 1998

5.Тұрғанбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары. Алматы, 2000

6.Гузеев В.В. Планирование результатов образование и образовательная

технология. Москва, 2001

7. Жанпейісова М.М. Технология модульного обучения. Ақтөбе, 1998
9-дәріс. Жай сөйлемді оқыту әдістемесі.

1. Жай сөйлемді оқыту әдістемесі

а) оқушылардың әр түрлі іскерлік дағдыларын дамыту (ойлау, оқу, сауатты жазу дағдылары)

ә) синтаксистік қателерді болдырмау үшін алдын ала жұмыс жүргізудің, синтаксисті оқып-үйренудің ролі

б) қолданылатын көрнекіліктер
Жай сөйлемді оқыту барысында мұғалім ең алдымен сөйлемнің басты қасиеттеріне ерекше тоқталған жөн. Хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдерді оқытқанда, оқушыларға бұл сөйлемдердің әрқайсының қандай жағдайда, қандай мақсатпен қолданылатынын және олар ауызекі сөйлеу тілінде немесе жазбаша текстілерде қандай мән беретінін, мағынасының жеткізе түсіндіру керек. Осыған орай, сол сөйлемдердің айтылуындағы тиісті дауыс ырғағын сақтап, мәнерлеп, нақысына келтіріп, ашық, айқын, дұрыс оқуға оларды оқытудың интонациясы сөйлемнің бүкіл мазмұны мен мағынасына сай келуі жағына айрықша көңіл бөлінуге тиіс.

Синтаксистің басты зерттеу обьектісінің бірі – сөйлем. Сөйлем - пікір алысуды, қарым - қатынас жасауды қамтамасыз ететін тілдік материалдың бір тұтас бөлшегі. Біздің басқаға айтатын ойымыз мақсатты болады: кейде, мысалы, есіткен – білгенімізді біреуге хабарлауды мақсат етсек, кейде біреуден бірдеңені сұрап білуді мақсат ете сөйлейміз. Сондай мақсатты ойларымызды сөздерден сөйлем құрау арқылы хабарлаймыз. Ал сөздер сөйлем құрамына ену үшін өз ара мағыналық, синтаксистік байланысқа түсіп, өз ара тіркесіп айтылады. Сөздердің тіркесуінен сөз тіркесі жасалады.

Сөйтіп , сөздерден сөз тіркесі, сөз тіркестерінен сөйлем құралады. Сөз де, сөз тіркесі де - сөйлем құраудың материалдары. Сөйлем кейде көп сөзден, кейде жеке сөзден не сөз тіркесінен жасалады. Соңғы жағдайда сөздер мен сөз тіркестері өздерінің лексикалық және синтаксистік қасиетін жоймайды. Түн . Аспанда алақандай бұлт жоқ. Не болмаса: Желсіз түн. Екі кісі жүріп келеміз. Бұл сөйлемдерде түн- әрі сөз, әрі сөйлем; желсіз түн - әрі сөз тіркесі, әрі сөйлем.

Сөздер сөз тіркестерінің құрамына ену арқылы сөйлем құраудың материалы болады да, бастауыш- баяндауыштық /тұрлаулы/, толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыштық / тұрлаусыз/ қатынаста жұмсалады. Тұрлаулы мүшелер сөйлем құраудың бас арқауы, негізі болса, тұрлаусыз мүшелер олардың маңына ұйысып бастауыш, баяндауыш арқылы ойды толықтырып, айқындай түседі. Сөйлемдер айтылу мақсатына қарай х а б а р л ы ,с ұ р а у лы, б ұ й р ы қ т ы және ле п т і болып бөлінеді. Хабарлы сөйлем. Бірдеңенің не бір істің жайын баяндау мақсатымен айтылған сөйлем х а б а р л ы болады.



Бақылау сұрақтары:

1. Дәрістегі түсінбеген мәселелеріңіз қандай?

2. Негізгі мақсаты не?

3. Тәжірибе жүзінде бір мысал келтіріңіз.


Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Айтуғанова К. «Телекөпір» ойын сабағы: (Француз тілі) Қазақстан мектебі, 2003. № 7. 68-69 бет

2. Алтаева Ш. Сыни ойлау – шыңдалған ойлау: (10-сынып. Әдебиет пәні) Қазақ тілі мен әдебиеті. 2003, № 7, 53-57 бет

3. Сағатова Ә. Анамның тілі – ардақты менің: (шығарманың қысқаша үлгісі) Открытая школа. 2003, № 4, 42 бет

4. Сәрсенбиева Г.І.Жансүгіров шығармашылығын оқытудың кейбір мәселелері: (Сабақ үлгісі) Қазақ тілі мен әдебиеті. 2003, № 7, 35-47 бет

5.Қазақ тіліне арналған бағдарламалар.

6.Тұрғанбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары. Алматы, 2000

7. Жанпейісова М.М. Технология модульного обучения. Ақтөбе, 1998


10-дәріс. Орфографияны оқыту әдістемесі.

1. Орфографияны оқыту әдістемесі:

а) орфографияны оқытудың ғылыми-практикалық маңызы, міндеттері мен принциптері

ә) орфографиялық ережелерді оқыту әдісі

б) орфография бойынша жаттығу жұмыстары мен талдау

в) орфографиялық қателермен жұмыс


Орфография мен орфопияның бір-бірімен байланыстылығымен бірге олардың өзара айырмашылығын жете түсіну үшін оқушы фонетиканы жетік білудің маңызы зор. Мұғалім оқушылардың фонетика саласынан алған білімдерін сабақта сұрақ-жауап әдісі арқылы естеріне түсіруіне болады. Дыбыс пен әріптің өзара айырмашылығын, дыбыстың тілдегі сөз құрайтын фонема, ал әріптің солардың таңбасы екендігін түсіндіргеннен соң, графика, шартты таңбаның қалай болса солай емес белгілі бір қағидаға сүйеніп жазылатынын айтады.

Орфография (гректің орфос-дұрыс, графо –жазамын)



  1. Жазба тілде пайдаланылатын біркелкі жазудың тарихи қалыптасқан жүйесі.

  2. Біркелкі жазуды қамтамасыз ететін ережелер жүйесін жасайтын және зерттейтін тіл білімінің саласы.

Орфография тілдің бір даму кезеніңдегі жазба тілдің нормаларын айқындайды деуге болады. Ережелер жүйесі:

  1. дыбыстарды (фонемаларды) әріптермен беру

  2. сөз және оның мағыналы бөлшепктерін жазу.

  3. сөздерді бірге, бөлек және дефис арқылы жазу.

  4. бас әріпті пайдалану.

  5. тасымалдау сияқты мәселелерді қамтиды және айқындайды.

Бұлардың әрқайсысы белгілі бір принциптерге негізделген ережелердің жиынтығынан тұрады. Орфографиялық, морфологиялық, фонемалық, фонетикалық, дәстүрлі дифференциялаушы.

Орфография – дұрыс жазу ережелерінің жиынтығы. Орфография дұрыс жазудың нормасы мен қағидаларын белгілегенде, тілдің әртүрлі жақтарын және олардың байланысын бірдей ескере отырып, нақтылы принциптерге сүйенеді оларды негіз етіп алады. Орфографияның жұп-жұбымен тізбектеле қолданылатын 6 түрлі приципі бар.

Тілдегі сөздердің жазылу нормалары үш түрлі принципке негізделіп жазылатынын оқушыларға кестені пайдалана отырып түсіндірген жақсы нәтиже береді. Орфоэпияны оқытқан кезде тақтаны екі бөлікке бөліп, бір жағына жазылуын, бір жағына айтылуын жазып салыстыра түсіндірген жөн.



Бақылау сұрақтары:

1. Дәрістегі түсінбеген мәселелеріңіз қандай?

2. Негізгі мақсаты не?

3. Тәжірибе жүзінде бір мысал келтіріңіз.


Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы// Қазақстан жоғарғы мектебі,2004 №1. 5-20 бб.

2.Қазақстан Республикасының Орта білімді дамыту тұжырымдамасы.Жоба// Қазақстан мұғалімі-1997 №14, 1-бет.

3.Қазақ тіліне арналған бағдарламалар.

4.Селевко Г.К. Современные образовательные технология. Москва 1998

5.Тұрғанбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары. Алматы, 2000

6.Гузеев В.В. Планирование результатов образование и образовательная

технология. Москва, 2001

7. Жанпейісова М.М. Технология модульного обучения. Ақтөбе, 1998
11-дәріс. Тіл ұстарту әдістері.

1. Тіл ұстарту әдістемесі:

а) тіл ұстарту жұмысының маңызы мен міндеті, салалары

ә) сөздік жұмысының маңызы мен міндеттері, принциптері

б) әдебиет сабағымен байланысы
Тіл дамыту – қазіргі мектептің оқу-тәрбие ісіндегі басты проблема – тіл мен сөйлеу процесін жіктей оқыту, оқушының дұрыс сөйлей білуіне көңіл бөлу. Сондықтан, мұғалім қазақ тілі сабақтарында тіл дамытуға, байланыстырып сөйлеуге айрықша көңіл бөлетін, тілдік материалдарды дұрыс таңдай білу (сөздің, сөйлемнің үлгілерін беру), оны дұрыс бере білу, тілдің теориясы мен сөйлеу практикасының бір-бірімен қарым-қатынасы түрлі жаттығу жұмыстары арқылы іске асырылады.

Әр мұғалім қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту жұмыстарын шығармашылықпен жүргізіп, дұрыс ұйымдастыра білсе, ол оқушының күнделікті өмірдегі құбылысты жан-жақты түсіне білуіне, білген нәрселерін ауызекі сөздерінде қолдана білуіне жағдай жасайды. Қазақ тілін оқытуға байланысты тіл дамыту жұмысын ұйымдастырудың негізгі мақсаты – дұрыс, сауатты жазып, оқушының ауызша және жазбаша ойын грамматикалық және стилистикалық жағынан дұрыс сөйлем құрап, жүйелі сөйлеуге үйрету.



Бақылау сұрақтары:

1. Дәрістегі түсінбеген мәселелеріңіз қандай?

2. Негізгі мақсаты не?

3. Тәжірибе жүзінде бір мысал келтіріңіз.


Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы// Қазақстан жоғарғы мектебі,2004 №1. 5-20 бб.

2.Қазақстан Республикасының Орта білімді дамыту тұжырымдамасы.Жоба// Қазақстан мұғалімі-1997 №14, 1-бет.

3.Қазақ тіліне арналған бағдарламалар.

4.Селевко Г.К. Современные образовательные технология. Москва 1998

5.Тұрғанбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары. Алматы, 2000

6.Гузеев В.В. Планирование результатов образование и образовательная

технология. Москва, 2001

7. Жанпейісова М.М. Технология модульного обучения. Ақтөбе, 1998
12-дәріс. Мазмұндама мен шығарма жұмыстары.

1. Жазба жұмыстарын жүргізу әдістемесі:

а) мазмұндама, оның түрлері

ә) жатжазу түрлері, оларды жүргізу жолдары

б) шығармамен мазмұндаманы тексеру

в) тілдік қателер мен кемшіліктер


Бастауыш кластарда жаздыруға болатын мазмұндаманы топтай келгенде мынадай түрлерін көрсетуге болады: дайын әңгіме бойынша мазмұндама, сурет бойынша мазмұндама, кино, диафильм бойынша мазмұндама. Мазмұндамаға берілетін текстер бірте-бірте күрделеніп отыру жағын текст таңдағанда мұғалім қатты ескеруге тиіс. Текст оның ішіндегі көріністері жағынан болсын, сөздік, синтаксистік жағынан болсын бірінен екіншісі аз-кем қиындау бола береді. Балалардың өздіктерінен істейтін жұмыс белсенділігін арттыру үшін текстті бірнеше абзацқа бөліп, оның әрқайсысына жоспар пунктін беруге болады; абзацқа бөлмей, жоспар беру, текстті екі абзацқа бөліп жоспар бермеу; текст абзацқа да бөлінбеген; жоспарда берілмеген т.б. – мұндай тапсырмаларды балалардың өздері аяқтайды. Мектепте жүргізілетін шығарма дегеніміз – белгілі бір тақырып бойынша өз ойын жоспарлы түрде баяндау. Шығармада оқушылар өз ойларын қандай көлемде көрсетуіне ерікті бола тұрғанымен, әр кластағы шығарма көлемінің шамасы мына сияқты: 2-класта 20-30 сөз, 3-класта 30-60 сөз, 4-класта 60-130 барады. Мазмұндама мен шығарманың түпкі мақсаты оқушылардың ойын және тілін дамыту болғандықтан, ең алдымен бұл жұмыстардың мазмұны мен тіліне көңіл аударуға тиіс. Бірақ бұл айтылғаннан орфографиялық қателерді есепке алудың керегі жоқ деген пікір тумайды.

Бақылау сұрақтары:

1. Дәрістегі түсінбеген мәселелеріңіз қандай?

2. Негізгі мақсаты не?

3. Тәжірибе жүзінде бір мысал келтіріңіз.


Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы// Қазақстан жоғарғы мектебі,2004 №1. 5-20 бб.

2.Қазақстан Республикасының Орта білімді дамыту тұжырымдамасы.Жоба// Қазақстан мұғалімі-1997 №14, 1-бет.
13-дәріс. Тіл мәдениеті мен стилистика.

1. Тіл мәдениеті мен стилистика

а) Стилистикаға байланысты жаттығу түрлері, жіктеу

ә) Стильдік қате болдырмау және түзету әдісі

б) Стилистика сабақтарының оқушыларға тигізетін әсері

Тіл, сөйлеу мәдениеті дегендер көп ұғымды қамтиды. Ең алдымен, бұл – адамдардың тілді дұрыс қолдануы деген сөз. Ашып айтсақ, бұған білдірмек ойға сөздерді сай етіп дұрыс, дәл таңдай білу, ой мен сөздің құр дәлдігін табу емес, сонымен қатар сөздердің тыңдаушыға әсер ететіндей орынды, көркем варианттарын тауып қолдану жатады. Сондай-ақ сөздерді бір-бірімен дұрыс байланыстыра білу, дұрыс орналастыра білу де, сөйлемдерді тым шұбаланқы, түсінуге ауыр тиетін етіп те емес, тым қарапайым келте етіп те емес, дұрыс құрастыра білу де – тіл, сөйлеу мәдениетін көтерудің бір шарты.

Тіл қоғам өмірінде адамдармен өзара пікірлесу, түсінісу қызметі.н атқарады. Сондықтан тілді оймен байланысты өткір құрал ретінде ұстарта білу де өнер. Әрбір мәлениетті адам сол өнерді құрал ретінде ұстарта білу керек.

Буыны бекімеген икемсіз саусақтарыын ананың жылы төсегіне жүгіртіп, ана сүтін қылқ – қылқ жұтып жатқан нәрестенің құлағына алдымен ана сөзі естіледі. Адам тәлім-тәрбиесіз, өнер – білімсіз, іс-әрекетсіз өмір сүрмек емес. Сол өмірінде ол өзін қоғамнан тыс жүрен жанмын демей, халық адамымын деп есептеу керек.

Тіл мәдениеті дегеніміз – сөздерді дұрыс қолдану, сөйлеу үстінде оларды бір-бірімен қиюластырып, үндестіріп, дұрыс айту, емле мен тыныс белгілері ережелерін сақтап, сауатты жазу, тілдің ғасырлар бойы сұрыпталып келген, сөз зергерлері оюлап берген көркемдігі мен әсем өрнегін орнымен қолдану сияқты амал-әрекеттерді қамтиды.

Стилистиканың лингвистикалық міндеті стильдік әсердің өзін емес, сол әсерді туғызатын тілдік тұлғаларды зерттеу болып табылады. Стилистиканы оқытуды жоспарлағанда мұғалім стилистикалық қателердің түрлерін, олардың көпшілікке ортақ топтарын айқындап алу, оқушыларға стилистикалық талдаулар жасату, сөйлемдер мен қысқа мәтіндер, стилистикалық диктанттар жазғызу т.б. жұмыстарды саралап алған жөн.



Бақылау сұрақтары:

1. Дәрістегі түсінбеген мәселелеріңіз қандай?

2. Негізгі мақсаты не?

3. Тәжірибе жүзінде бір мысал келтіріңіз.


Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы// Қазақстан жоғарғы мектебі,2004 №1. 5-20 бб.

2.Қазақстан Республикасының Орта білімді дамыту тұжырымдамасы.Жоба// Қазақстан мұғалімі-1997 №14, 1-бет.

3.Қазақ тіліне арналған бағдарламалар.

4.Селевко Г.К. Современные образовательные технология. Москва 1998

5.Тұрғанбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары. Алматы, 2000

6.Гузеев В.В. Планирование результатов образование и образовательная

технология. Москва, 2001

7. Жанпейісова М.М. Технология модульного обучения. Ақтөбе, 1998
14, 15-дәріс. Қазақ тілін оқыту құралдары.

1. Қазақ тілін оқыту құралдары

а) сабақ кезінде оқулықты пайдалану әдісі

ә) дидактикалық құралдар

б) бағдарлама мен оқулықтың байланысы

в) көрнекі құралдар түрлері


Оқулық – білім алу құралы. Оның ең басты міндеті – оқушылардың білімін жетілдіру. Оқулық оқу жоспары мен бағдарламаға сәйкес жазылады. Оқулықта, бағдарламада көрсетілетін материалдардың желісі бойынша оқушыларға берілетін білім мен дағды берудің жүйесі толық және кең баяндалады. Ол – ана тілінен оқушылардың білімін толықтыратын, өз беттерімен үй тапсырмасын орындағанда жетекшілік атқаратын негізгі құрал. Оқулықтағы басты көңіл бөлетін мәселе – тіл дамыту мен байланыстырып сөйлеуге арнайы мәтіндер беріліп, олардың үйретілетін грамматикалық тақырыптармен байланысы ескерілуі жөн. 1978 жылдан бастап қазақ тілінің IV-V, VI-VII сыныптарға арналған үлестірме карточкалар жинағы жасалынды. Үлестірме карточка мұғалімнің жеке оқушымен жұмыс істеуіне шығармашылық бағыт беру мақсатын көздейді. Үлестірме карточка бір тапсырма негізіне сүйене отырып, бірнеше тапсырма беріледі. Оларды мұғалім сабақ үстінде кеспе карточка ретінде пайдаланады. Қазақ тіліне байланысты жазылып отырған осындай көмекші құралдардың негізгі мақсаты – оқу тәрбиесін кешенді жүргізу мәселелерін қарастыру.

Бақылау сұрақтары:

1. Дәрістегі түсінбеген мәселелеріңіз қандай?

2. Негізгі мақсаты не?

3. Тәжірибе жүзінде бір мысал келтіріңіз.


Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы// Қазақстан жоғарғы мектебі,2004 №1. 5-20 бб.

2.Қазақстан Республикасының Орта білімді дамыту тұжырымдамасы.Жоба// Қазақстан мұғалімі-1997 №14, 1-бет.

3.Қазақ тіліне арналған бағдарламалар.

4.Селевко Г.К. Современные образовательные технология. Москва 1998

5.Тұрғанбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары. Алматы, 2000

6.Гузеев В.В. Планирование результатов образование и образовательная

технология. Москва, 2001

7. Жанпейісова М.М. Технология модульного обучения. Ақтөбе, 1998

3 Тәжірибелік сабақтардың мазмұны
1-Семинар. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің қалыптасу, даму жолдары.

Семинар сабағының мазмұны:

1. А.Байтұрсынұлының «Тіл құралы» кітаптарын талдау. С.Аманжоловтың қазақ тілін оқыту әдістемесі туралы еңбектерін талдау.

2. Қ.Басымовтың әдістемелік мұрасын талдау. С.Жиенбаевтің әдістемелік мұрасын талдау.

3. Қазақ тілін оқытудың жалпы дидактикалық принциптері.

4. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ғылыми – зерттеу әдістері.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет