Сабақтың мақсаты: Қазақ тілін оқыту әдістемесінің қалыптасу, даму жолдары жайында жалпы түсінік беру. Әдістемелік нұсқау: Студенттерге дәрісте қарастырылған тақырыптарға және тілші ғалымдардың кітаптарына талдау жасату. Олардың әдістемелік мұраларын талдау жасату арқылы көз жеткізу.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Алдамұратова Ә. Оқушылардың грамматикалық ұғымдарды меңгеру психологиясы. А.. Мектеп, 1983
2. Арғынов Х. Қазақ тілі синтаксисі мен пунктуациясының методикасы. А., Мектеп, 1974
3. Әбілқаев А. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. А., Санат, 1995
2-Семинар. Қазақ тілінің бағдарламасы.
Семинар сабағының мазмұны:
1. Бағдарламаның құрылымы мен түрлері.
2. Қазақ тілі бағдарламаның ішкі құраушы компоненттерін талдау.
Сабақтың мақсаты: Қазақ тілінің бағдарламалары жайында мағлұмат беру.
Әдістемелік нұсқау: Студенттерге семинар сабағында қазақ тілі бағдарламаларының ішкі құраушы компоненттеріне талдау жасату арқылы түсінік беру.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Әлімжанов Д., Маманов Ы.Қазақ тілін оқыту методикасы. А., 1965
2.Әбдікәрімова Т., Т.Әбдіғалиева, к.Шаймерденова. Қазақ тілін оқыту әдіс темесі. Практикалық және лабораториялық жұмыстар. А., Ана тілі, 1999
3. А.Байтұрсынұлы. Тіл тағылымы. А., 1992
3-Семинар. Қазақ тілі оқулықтары.
Семинар сабағының мазмұны:
1. Оқулық теориясы. Қазақ тілі оқулықтарының даму жолдары. Оқулықтың ішкі құрылымдық-жүйелік мазмұнына талдау жасау. Оқулықтың теориялық және практикалық бөлігі.
2. Дидактикалық материалдар.
3. 4.5-сыныпқа арналған оқу бағдарламасын негізге ала отырып, күнтізбелік жоспар жасаңыз.
Сабақтың мақсаты: Қазақ тілі оқулықтары жайында мағлұмат беру. Қазақ тілі оқулықтарының даму жолдары. Оқулықтың ішкі құрылымдық-жүйелік мазмұнына талдау жасау.
Әдістемелік нұсқау: Студенттерге семинар сабағында қазақ тілінің оқулықтары, соның ішінде 4.5-сыныпқа арналған оқу бағдарламасын негізге ала отырып, күнтізбелік жоспар жасату.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Шоқатұлы М. Құрмалас сөйлем: (Қызықты грамматика) Қазақ тілі мен әдебиеті. 2003, № 7, 123 бет
2. Молдасанов Е. Қазақ тілін оқытудың тиімді әдістері. Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде. 2003, № 6, 34-37 бет
3. Оспанова Ш. Тіл дамытудың тиімді жолдары. Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектептерінде. 2003, № 8, 12-14 бет
4-Семинар. Қазақ тілі сабақтары.
Семинар сабағының мазмұны:
1. Қазақ тілі сабақтарының маңызы мен түрлері.Қазақ тілі сабақтарының құрылымы.
2. Қазақ тілі сабақтарының танымдық, білімдік, тәрбиелік, дамытушылық міндеттерін шешу жолдары. Сабақ жоспарын жасау. Жоспардың жылдық, тоқсандық, күнделікті түрлері.
3. «Антонимдер», «Тұрақты тіркестер» тақырыбына сабақ жоспарын жасаңыз.
Сабақтың мақсаты: Қазақ тілі сабақтарының маңызы мен түрлерін ажырату. Қазақ тілі сабақтарының құрылымы.
Әдістемелік нұсқау: Студенттерге қазақ тілі сабақтарының танымдық, білімдік, тәрбиелік, дамытушылық міндеттерін шешу жолдарын көрсету. Сабақ жоспарын жасау. Жоспардың жылдық, тоқсандық, күнделікті түрлері.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Демеуова Б. Мәтінмен жұмыс жасау түрлері. (7-сынып. Сын есімнің түрленуі) Б.Демеуова. Қазақ тілі мен әдебиеті, 2003, № 7, 15-21 бет
2. Қабдрашқызы А. Сөз жасам. Сөз тұлғасы, түбір мен қосымша (11-сынып): (Қазақ тілі) А.қабдрашқызы. Қазақ тілі мен әдебиеті. 2003, № 8, 9-11 бет
3. Мұсаева Ә. Қазақ тілінің оқыту түрлері. (Студенттерге қазақ тілін оқыту) Қазақ тілі мен әдебиеті. 2003, № 8, 3-5 бет
5-6 -Семинар. Жаңа технологиялар туралы түсініктер.
Семинар сабағының мазмұны:
1. Әдіскер-ғылымдардың жаңа технология туралы зерттеулері.
2. Оқытудың ізгілендіру технологиясы.
3. Дебат технологиясы.
4. Модульдік технология.
5. Компьютерлі технология.
6. Жекелеп оқыту технологиясы.
7. Топтастыру технологиясы.
8. Бағдарламалық технология.
9. Дамыта оқыту технологиясы..
10. Ұжымдық оқыту технологиясы.
Сабақтың мақсаты: Жаңа технологиялар жайында түсінік беру.
Әдістемелік нұсқау: Жаңа технологиялардың түрлерін оқыту, атап айтқанда дебат, жекелеп, топтық, дамыта т.б. түрлеріне мысал келтіріп, түсіндіру.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Иманбекова Б. Жаңа педагогикалық технологиялар. Қазақ тілі мен әдебиеті. 2003, № 7, 97-105 бет
2. Райымқұлова Ж. Пікірсайыс – шыңдалу мектебі: (Оқыту үрдесінің жаңа әдістері) райымқұлова Ж. Қазақстан мектебі. 2003, № 8, 35-36 бет
3. Серімбетова С. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту: (Дамыта оқыту) Серімбетова С. Бастауыш мектеп, 2003, № 7, 32-33 бет
7-8 -Семинар. Сөз таптарын оқыту.
Семинар сабағының мазмұны:
1.Сөз тұлғасын оқыту.
2.Зат есімді оқыту.
3.Сын есімді оқыту.
4.Сан есімді оқыту.
5.Есімдікті оқыту.
6.Етістікті оқыту.
7.Үстеуді оқыту.
8.Еліктеу сөзді оқыту
9.Одағайды оқыту
10.Шылауды оқыту.
Сабақтың мақсаты: Қазақ тіліндегі сөздерді семантика-морфологиялық белгілеріне қарай атауыш, көмекші, одағай сөздер деп сөз таптарын топтастыру. Сөздерді топтастыруда олардың мағыналық ерекшеліктері, морфологиялық белгілері мен синтаксистік қызметтері ескерілетіні. Сөздердің іштей бір категориядан екінші категорияға ауысу құбылыстары: субстантивтену, адъективтену, пронаминалдану, адвербиалдану, вербалдану. Қазіргі қазақ тіліндегі сөз таптары, олардың зерттелуі
Әдістемелік нұсқау: Студенттерге дәрісте қарастырылған тақырыптарға морфологияның теориялық сипаттамасын толықтырып жазғызу.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Сыздықова Р. Сөз сазы. А., 1995
2. Шалабаев Б. Көркем әдебиет тілі және оны мектепте оқыту. А., 1982
3. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту методикасы. А., Ана тілі, 1991, 184-бет
9-10 -Семинар. Сөз тіркестерін оқыту.
Семинар сабағының мазмұны:
1.Сөз тіркесі туралы түсінік сабағының жоспары.
2.Сөз тіркесінің байланысу формалары мен тәсілдерін оқыту әдістемесі.
3.Сөз тіркесі және оған ұқсас тұлғаларды оқыту әдістемесі.
4.Сөз тіркесінің құрылымы мен грамматикалық мағыналарын оқыту.
Сабақтың мақсаты: Сөз тіркесін оқыту әдістемесі дегеніміз – оқушылардың жас ерекшеліктері негізінде сөз тіркестерінің ішкі байланыстары мен мәнін оқушыларға ұғындыру заңдылықтары (сөз тіркесінің тіркесу заңдылықтары, мағыналық заңдылықтары, бір-біріне бағына байланысу заңдылығы т.б.) арқылы олардың сабаққа, пәнге деген қызығушылығы мен танымын арттыратын тиімді амал-тәсілдердің жиынтығы.
Әдістемелік нұсқау: Сөз тіркесін тарауындағы күрделі тақырыптарының бірі – күрделі сөздер мен тұрақты тіркестер. Сөз тіркесін таптастыру тақырыбын өткенде басыңқы сыңарының қай сөз табынан жасалып тұрғандығы айтылады, ал бағыныңқы сыңарының қай сөйлем мүшесі екендігіне қарап-ақ, оның қандай қатынаста тұрғандығын білдіреді және оны кеңінен қарастырады.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Оразбаева Ф.Ш., Рахметова Р.С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Оқу құралы. Алматы, 2005, 170-бет
2. Ахметова Г. Жаңа технология өз іс-тәжірибемде: («Сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасы бойынша) Қазақ тілі мен әдебиеті. 2003, № 7, 87-92-бет
3. Бисенқұлова Г. Жаңа технологиялар негізінде: («Оқушы портфелі» атты технология) Г. Бисенқұлова. Сынып жетекшісі. 2003, № 4, 4-6-бет
11 -Семинар. Сөйлемдерді оқыту.
Семинар сабағының мазмұны:
1.Сөйлемнің түрлерін оқыту.
2.Тұрлаулы мүшелерді оқыту.
3.Тұрлаусыз мүшелерді оқыту.
4.Сөйлемнің бірыңғай мүшелерін оқыту
5.Сөйлемнің айқындауыш мүшелерін оқыту
6.Оқшау сөздерді оқыту
7.Жай сөйлемнің түрлерін оқыту
Сабақтың мақсаты: Синтаксистің басты зерттеу обьектісінің бірі – сөйлем. Сөйлем - пікір алысуды, қарым - қатынас жасауды қамтамасыз ететін тілдік материалдың бір тұтас бөлшегі.
Әдістемелік нұсқау: Біздің басқаға айтатын ойымыз мақсатты болады: кейде, мысалы, есіткен – білгенімізді біреуге хабарлауды мақсат етсек, кейде біреуден бірдеңені сұрап білуді мақсат ете сөйлейміз. Сондай мақсатты ойларымызды сөздерден сөйлем құрау арқылы хабарлаймыз. Осы жөнінде қарастыру және түсіндіру.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Мектепте қазақ тілін мен әдебиетін оқыту мәселелері. А., Мектеп, 1957, 1961, 1963
2. Методика развития речи на уроках русского языка. М., 1980
3. Оразбаева Ф. Тілдік қатысым теориясы және әдістемесі. А., 2000
12-Семинар. Құрмалас сөйлемдерді оқыту.
Семинар сабағының мазмұны:
1.Жай сөйлемдердің құрмаласу тәсілдері.
2.Салалас құрмаласты оқыту.
3.Сабақтас құрмаласты оқыту.
4.Аралас құрмаласты оқыту.
5.Төл сөзбен төлеу сөзді оқыту.
Сабақтың мақсаты: Құрмалас сөйлемді оқыту, олардың түрлерін меңгерту.
Достарыңызбен бөлісу: |