ПОӘК 042-18-3 01-2014 Басылым №4


Өзгерме көрсеткіштері және оны есептеу тәсілдері



бет4/18
Дата26.08.2017
өлшемі2,98 Mb.
#28500
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

4.Өзгерме көрсеткіштері және оны есептеу тәсілдері
Статистикалық өзгерме дегеніміз жиынтық бірліктерінің белгілеріне әртүрлі себептердің әсерінен болған сандық өзгеріс. Өзгерме көрсеткіштерінің жай және салмақталған түрлері болады. Егер сандық қатардың орташа мәні арифметикалық орташа шаманың жай түрімен есептелсе, онда өзгерменің жай түрі қолданылады. Ал жиіліктері бірге беріліп, әр түрлі сандық мәндермен көрсетілетін болса салмақталған түрі қолданылады.

Әлеуметтік-экономикалық құбылыстар ешуақытта тұрақты болмайды, олар үнемі өзгеріп отырады. Олардың жалпы жиынтықтары әр түрлі сандық көрсеткіштермен сипатталады. Осы көрсеткіштердің ауытқуын анықтауда өзгерменің келесідей негізгі көрсеткіштері есептеледі:



-өзгерменің өрісі;

-орташа сызықтық ауытқу;

-шашырандылық;

-орташа шаршылық ауытқу;

-өзгерменің коэффициенті.

Өзгерменің өрісі дегеніміз сандық қатар белгілерінің ең үлкен және ең кіші шамаларының арасындағы айырмашылық. Ол статистикада R-әрпімен белгіленеді және келесі формуламен есептеледі:

R=Xmax- Xmin, мұндағы,

Xmax- сандық қатардың ең үлкен мәні;

Xmin- сандық қатар белгілерінің ең кіші мәні.

Орташа сызықтық ауытқу дегеніміз әрбір белгінің жеке мәнінен арифметикалық орташа шаманы алып, одан шыққан ауытқу қосындыны белгі санына немесе әр қатардағы ауытқу көрсеткіштерін жиіліктеріне көбейтіп, ал оның қосындысын сол жиіліктің жалпы жиынтығына бөлгеннен шыққан шаманы айтады.

Статистикада орташа сызықтық ауытқу d- әрпімен белгіленеді және оны келесі формуламен анықтаймыз:



-жай түрі,
- салмақталған түрі, мұндағы,
Х- белгілердің жеке сандық мәндері;

__

Х- белгілердің орташа шамасы;

n- белгілердің саны;

f- жиілік көрсеткіштерінің жеке мәндері;

- жинақтау ( қосынды) белгісі.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет