ПОӘК 042-18-38-27/02-2013 №1 басылым 05. 09. 2013ж



бет1/14
Дата27.08.2017
өлшемі1,77 Mb.
#29921
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

ПОӘК 042-18-38-27/02-2013


№1 басылым 05.09.2013ж.


50-ші беттің -сі




Алғы сөз

1 ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ

Құрастырушы - Желдыбаева Балғын Сембаевна «Физика» кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.к.
2 ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1 «Физика» кафедрасының отырысында

№1 хаттама, 11.09. 2013.

Кафедра меңгерушісі _______ п.ғ.д., профессор Маусымбаев С.С.


2.2 Физика-математика факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында

№1хаттама, 12.09. 2013.

Төраға ________ Батырова К.А.
3 БЕКІТІЛДІ

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданып және баспаға ұсынылды

№ хаттама, 2013 ж.

ОӘК төрағасы ________ Искакова Г.К.


4 АЛҒАШ ЕНГІЗІЛДІ

Мазмұны:

1 Глоссарий

2 Дәрістер

3 Практикалық және зертханалық сабақтар

4 Курстық және рефераттық жұмыстар тізімі

5 Студенттің өздік жұмысы

6 Әдебиеттер тізімі


Лекция № 1. Электртехника пәнінің шығу тарихы және даму перспективалары. Электр тізбегі. Электр тізбегінің компоненттері. Электр тізбегіндегі физикалық процестер. Тоқ көзінен тұтынушыға электр энергиясын беру
1.1. Электр тізбегі. Электр тізбегінің компоненттері

Электр тізбегі – бұл электр энергиясын шығаратын, беретін, түрлендіретін және тұтынатын құрылғылардың жиынтығы.

Электр энергиясын шығаруға арналған құрылғы электр энергиясының көзі, немесе қоректендіру көзі, немесе электр қозғаушы күш көзі (ЭҚК), немесе тоқ көзі деп аталады.

Қоректендіру көздері



  • машиналық (тұрақты және айнымалы тоқ генераторлары);

  • электростатикалық (химиялық, атомдық және т.б.) болады.

Электр энергиясын тұтынатын құрылғы электр энергиясын қабылдағыштар, немесе жүктемелер деп аталады.

Электр энергиясын қабылдағыштар ретінде



  • әр түрлі түрдегі электр қозғалтқыш жетектер;

  • қыздыру шамдары, қыздыру және жарықтандыру құралдары;

  • электрохимиялық және радиотехникалық құралдары және т.б. бола алады.

Электр энергиясын түрлендіргіштерді электр тізбегінің тоқ көзі сияқты немесе энергияны тұтынушы (мысалы, трансформаторлар) ретінде қарастыруға болады.

Электр тізбегінің әрбір құрылғысы электр тізбегінің элементтері деп аталады.

Электр тізбегінің шамаларына


  • электр тоғы,

  • элементегі кернеу,

  • электр қозғаушы күш жатады.

Электр тоғы – электр зарядын тасымалдағыштардың бағытталған қозғалысы.

Қабылданған белгілеу:



тұрақты тоқтың күші;

айнымалы тоқтың лездік мәні.

Кернеу – бұл электр энергиясының қабылдағышындағы әрбір электр зарядына шығындалатын энергия.



Қабылданған белгілеу:

тұрақты кернеу;

айнымалы кернеудің лездік мәні.

Электр қозғаушы күш (ЭҚК) – бұл электр энергиясының көзіндегі әрбір электр энергиясы алатын энергия.



ЭҚК былай белгіленеді:

тұрақты ЭҚК;

айнымалы ЭҚК-тің лездік мәні.

Тоқтың, кернеудің және ЭҚК-тің шартты-оң бағыттары былай анықталады:

тоқтың шартты-оң бағыты – бұл оң зарядтар қозғалысының бағыты (әрі қарай – тоқтың оң бағыты, немесе тоқ бағыты);

кернеудің шартты-оң бағыты – бұл потенциалдың кемуінің бағыты (әрі қарай – кернеудің оң бағыты, немесе кернеу бағыты);



ЭҚК-тің шартты-оң бағыты – бұл қоректендіру көзіндегі бөгде күштердің бағыты (әрі қарай – ЭҚК-тің оң бағыты, немесе ЭҚК бағыты);

Тоқ пен ЭҚК-тің шартты-оң бағыттары сәйкес келеді. Тұтынушы элементтеріндегі тоқ пен кернеудің шартты-оң бағыттары сәйкес келеді. Тоқтың, кернеудің және ЭҚК-тің шартты-оң бағыттары схемада стрелкамен белгіленеді.


1.2. Электр тізбегіндегі физикалық процестер

Электр тізбегіндегі кедергі (өткізгіштік), сыйымдылық, индуктивтілік; өзара индуктивтілік оның параметрлері болып табылады.



Электр тізбегіндегі параметрлерде өтетін физикалық процестер:

Кедергі () элементтің электр энергиясын жылулық энергияға айналдыру қабілетін сипаттайды. Кейде кедергі ұғымының орнына өткізгіштік ұғымын қолданады.

Сыйымдылық () элементтің электр зарядын жинақтауын (яғни электр өрісін қоздыруын) сипаттайды.

Индуктивтілік () элементтің магнит өрісін қоздыруын (электр энергиясын магнит өрісіне айналдыруын) сипаттайды.

Өзара индуктивтілік () индуктивті параметрлердің бір-біріне әсерімен сипатталады.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет