ПОӘК 042-18. 38. 44/01-2013.№1 баспа 2013 ж



бет13/16
Дата08.09.2017
өлшемі2,6 Mb.
#30421
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Дәріс № 12 Қолданбалы ядролық физиканың физикалық негіздері.
Жоспары:

  1. Ядролық нұрдың затпен әсерлесуі. Зарядталған бөлшектердің ортамен әсерлесуі. Энергияның атомды иондау мен қоздыруға шығыны.

  2. Нұрлану шығындары. Вавилов Черенков нұрлануы. Серпімді шашыратылу. Зарядталған бөлшектердің жүрімдері.

  3. Нейтрондардың затпен әсерлесулері. Нейтрондардың баяулауы. Жылулық және резонанстық нейтрондар.

  4. Жылулық нейтрондардың диффузиясы.

  5. Ядролық нұрлардың тірі организмге әсері. Дозиметрия мен ядролық нұрлардан қорғанудың элементтері.

Бүгінгі күнгі физиканың негізгі мәселесі барлық фундаментальдық өзара әрекеттесудің теориясын біріктіріп, олардың біртұтас теориясын жасау. Қазірдің өзінде электромагниттік және әлсіз өзара әрекеттесуді біріктірген теория жасалды. Бұл фундаментальды өзара әрекеттесу төменгі энергияларда біртұтас электрәлсіз әрекеттесудің әртүрлі көріністерін суреттейді және олардың арасындағы айырмашылық бөлшектердің энергиялары өскен сайын бірте-бірте жойыла бастайды.

Электрлік және күшті өзара әрекеттесуді бір электрядролық өзара әрекеттесу ретінде қарастыратын (“ұлы біріктіру”) жұмыстар да бар.

Ендігі кезек- табиғатта белгілі төрт фундаментальдық өзара әрекекеттесудің біртұтас теориясын (“кеңітілген супергравитация”) дүниеге келтіру.



Нуклидтің, яғни, басқалардан А және Z мәндері бөлек ядролардың активтілігі деп, 1 секунд ішінде ыдыраған ядролар санын айтады:

. (27.4)

Белсенділіктің АХ жүйесіндегі өлшем бірлігі- беккерель (Бк), 1 с ішінде бір ыдырау болатынын көрсетеді. Ядолық физикада системадан тыс өлшем бірлігі пайдаланылады, ол- кюри (Ки): 1 Ки = 3,7.1010 Бк.

Ядролардың ыдырауы ығысу ережесімен іске асады, ол бойынша ыдыраудың нәтижесінде қандай ядро пайда болатынын көрсетеді:

α-ыдырауы үшін:



ZXA Z-2YA-4 + 2He4. (1)

β- ыдырауы үшін:



ZXA Z+1YA + -1e 0. (2)
Гамма сәуле шығару.сәуле –радиоактивтіліктің дербес түрі емес, ол тек және -ыдырауларымен қабатта пайда болады, сондай-ақ ядролық реакцияларда, зарядталған бөлшектер тежелгенде, олар ыдырағанда және т.б. пайда болады. спектрі сызықты. спектр-бұл кванттар санының энергиясы бойынша бөлінуі. спектрдің дискреттілігі, атом ядроларының энергетикалық күйлерінің дискреттілігін сипаттайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет