ПОӘК 042-18.39.1.113/01-2013
10.09.2013 ж. № 1 басылым
107 беттің 67
3. Видеокартаның қолданылатын қуаты - 60-130 Вт. Қосымша қоректенетін видеокарталар бұдан көп
есе артық. Солай, қосымша қорексіз видеокарта 50-70т, ал онымен 100-130 Вт қа дейін
пайдаланылады.
4. Жедел жад модулінің қолданылу қуаты 5-20 Вт дейін. Модуль сыйымдылығы артқан сайын, ол
соғұрлым көп қорек етеді. Сонымен қатар, әртүрлі фильтрлейтін конденсаторлар тәрізді
«салпыншақтар да» қолданылатын қуат мөлшерін көбейтеді.
5. Қатты дисктің қолданылу қуаты 15-60 Вт. Қатты дискінің қолданылу қуаты оның өтпелі жағдайына
тікелей байланысты, файлдарды іздеу кезінде т.б. соған ұқсас әрекеттер компьютерді іске қосқанда
да жүзеге асады. Себебі, бұл кезде қатты диск диагностикадан өтеді, ол өз кезегінде онымен жұмыс
істеу кезіндегі критикалық қателерді табады.
6. CD - ROM , CD - RW , DVD - ROM, DVD - RW қолданылу қуаты - 10-25 Вт дейін. Қолдану диск
айналу жиілігінің оның максималды жылдамдығына байланысты. Нашар дисктерді оқыған кезде
айналу жылдамдығы ауытқып отырғанда, тоқ әдеттегі дискті оқу кезеніндегідей емес, бұдан көп есе
көп мөлшерде қуатты талап етеді. Тағы бір айта кететін жайт, «комбайндер» DVD дисктерінің
оқылуы, CD - RD жазу, сонымен қатар қарапайым дисктерді оқу қуаты қолданудың барлық
рекордтарын жаңартуда.
7. Флоппидисководқа жұмсалған қуат 5 - тен 7 Вт дейін. Дисководпен қолданылатын қуат мөлшері
өндірілуден ғана байланысты болады, себебі олардың барлығы бірдей жылдамдықта жұмыс істей
береді.
8. Дыбыстық тақшаның қолданылатын қуат мөлшері - 5-10 Вт. Дыбыстық тақшаның қолданылатын
қуат мөлшері оның санатына байланысты, себебі Hi-Fi санатты тақшалар орташа санаттағы
дыбыстық тақшаларға қарағанда едәуір көбірек болып келеді.
9. Салқындату вентиляторы қолданылатын қуат мөлшері 1-2Вт дейін. Бұл көрсеткіш аз мөлшерде
болса да, оған өте көп назар аудару керек. Үйдегі компьютерде вентилятордың саны 5-тен асып
кетуі мүмкін. Мысалы, 1 вентилятор процессорға, 1 видеокартаға, 1 блоқка, 1 қатты дискіге, 1
қосымша ретінде.
10. Енгізу/шығару порттарына жұмсалатын қуат мөлшері - 8-10 Вт дейін жетеді. Қазіргі кездегі ДК
берілген порттардың саны 5 ке дейін жетеді. USB порттан екеу, СОМ порттан - екеу, LPT- біреу.
Сонымен қоса, егер аналық тақшада дыбыстық интеграциялық карта бар болса, онда Game port
сызықтық енгізу/шығару және микрофонға арналған порттар қосылады.
11. Локальді картаның қолданылатын қуат мөлшері 3-5 Вт дейін.
12. Берілген мағлұматтарға негізделе отырып, сіз өз компьютеріңіздің жуықта алғандағы қолданылатын
қуат мөлшерін анықтай аласыз.
Қорыта келе, компьютермен жұмыс істеушілердің көбісі блокты ол жанып кеткеннен кейін ғана
ауыстыратыны туралы айта кетпекпін. Әрине шектеулі бюджеттегі «сынбаса - тиіспе» принципі дұрыс.
Бірақта блоктар көбінесе сынбайды: олар жұмыс істей береді, уақтылы өшіп отырады да өз
ұяшықтарына қуаттың штаттық емес мәндерін беріп отырады.
Бұл кезде компьютер істейді, бірақ оның іс әрекеті аяқ асты ауытқып отырады, сіздер бұның
салдарын бағдарламалардан іздейсіздер, бірақ бұл салдардың шын мәнісіндегі кінәлі - шамадан тыс
жүктелген блок болып табылатынын білмейсіздер.
Кеңес: Компьютерді білікті пайдаланушылар қуат қолданылу мөлшерін есептеп жатпайды, олар
жай ғана жоғары сапалы қорек көзін сатып алады, оның қуаты 400 Вт жоғары болады, сондықтан олар
қолданылатын қуат мөлшері туралы мүлдем ойламайды.
Зертханалық жұмыс 6. Процессорлар (микропроцессорлар). Бірінші ДК пайда болғанға
дейін. Процессор параметрлері. Мәліметтер шинасы. Адрестер шинасы. Ішкі регистрлер.
Процессор режимдері. Процессордың жұмыс істеу жылдамдығы. Процессордың тактілі жиілігі
және жүйелік тақшаның тактілі жиілігі (2 сағ).
Микропроцессордың жалпыланған құрылымы. Микропроцессордың негізгі өндірістік
салалары.
Болашақтағы
микропроцессор.
Микропроцессорлық
жинақтар
Процессорлардың
параметрлері мен құрылғыларын сипаттау адамды көбінесе шатастырады. Мәліметтер шинасы мен
ПОӘК 042-18.39.1.113/01-2013
10.09.2013 ж. № 1 басылым
107 беттің 68
адрес шинасының разрядтылығы, жылдамдығы секілді процессорлардың кейбір параметрлерін
қарастырамыз. Процессорларды екі негізгі параметрлерге жіктеуге болады: разрядтылық және
жылдамдық. Процессор жылдамдығы - қарапайым түсінік. Жылдамдық мигагерцпен (МГц) өлшенеді; 1
МГц бір сикундтағы миллион тактіге (қадамға) тең. Жылдамдық жоғары болған сайын процессор тез
жұмыс жасайды. Процессор разрядтылығы – күрделілік түсінік. Процессорғаа разрядтылық негізгі
параметрі болып табылатын үш маңызды құрылғы болып кіреді: - мәліметтерді еңгізу және шығару
шинасы; - ішкі регистрлер; - жады адресінің шинасы. Төмендегі кестеде IBM PC және оған сәйкес
келетін компьютерлерде Intel процессорлар тобының негізгі спецификациясы келтірілген. Бұл кестеде
Intel фирмасымен сәйкес келетін процессорлар тобының спецификациясы келтірілген. Келесі
тарауларда келесі спецификациялар толығырақ қарастырылады. Pentium II және Pentium III
процессорлар платасының 512 Кбайтты екінші деңгейлі кэш – жадысынан тұрып, процессордың жарты
жиілігінде жұмыс жасайтынына назар аударыңыз. Ал Xeon процессорларының екінші деңгейлі кэш –
жадысы 512 Кбайт, 1 Мбайт немесе 2 Мбайттан тұрып, процессордың жиілігінде жұмыс жасайды.
Процессор жиілігінде жұмыс жасайтын екінші деңгейлі кэш – жадысы Celeron және Pentium II РЕ,
сондай – ақ AMD – K6 – 3 процессорларында орнатылды. Қазірде жаңа процессорлардың барлығында
екінші деңгейлі кэш – жадысы процессор жиілігінде жұмыс жасайды. Кестеде транзистор санын
көрсету кезінде Pentium Pro және Pentium II процессорларына орнатылған 256 немесе 512 Кбайтты
стандартты екінші деңгейлі кэш – жадысы транзисторлар ескерілген жоқ. Екінші деңгейлі кэш –
жадысы қосымша 15,5 (256 Кбайт), 31 (512 Кбайт) немесе 62 млн. (1 Мбайт) транзистордан тұруы
мүмкін. 50
Процессорлардың жылдамдығы Жылдамдық – бұл процессордың сипаттамаларының бірі, оны
көбінесе әр түрлі түсіндіреді. Осы тарауда сіз процессорлардың, оның ішінде Intel процессорларының
жылдамдығы туралы білетін боласыз. Әдетте компьютордың жылдамдығы МГц- пен өлшенетін такт
жиілігіне байланысты болады. Ол шағын қалайы контейнер ішіне алынған кварц кристалы болып
табылатын кварцты резонатор параметрімен анықталады. Кварц кристалында электр кернеуінің
әсерінен кристалл формасымен және өлшемімен анықталатын жиіліктегі электр тогының тербелуі пайда
болады. Осы айнымалы ток жиілігі такт жиілігі деп аталады. Әдеттегі компьютер микросхемасы
бірнеше милион герц жиілігінде жұмыс жасайды (Герц – секундына бір рет тербелу). Жылдамдық
мегагерцпен, яғни секундына миллион циклмен өлшенеді. Сурет 1-де синусойдалы дыбыс графигі
көрсетілген.
Сурет 1. Такт жиілігі түсінген графика түрінде көрсету.
Бұйрықты орындауға жұмсалатын уақыт та тұрақсыз болып келеді. 8086 және 8088
процессорларында бір бұйрықты орындау үшін 12 такт кетеді. 286 және 386 процессорларында бұл
ПОӘК 042-18.39.1.113/01-2013
10.09.2013 ж. № 1 басылым
107 беттің 69
көрсеткіш бір операцияға орташа есеппен 4,5 тактіге дейін кішірейді. Pentium процессорында екі
паралель конвейерді және басқада қулықтарды қолдану орташа статистикалық бұйрықты орындау
уақытын бір тактіге дейін қысқартуға мүмкіндік берді. Соңғы үлгідегі Pentium Pro Pentium II/ III,
Celeron және Xeon процессорларында бір такт ішінде кемінде үш бұйрық орнатылды. Бұйрықты
орындауға қажетті тактінің түрлі саны такт жиілігіне (яғни, бір сикундтағы такт саны) ғана негізделген
компьютердің өнімділігін салыстыруды қиындатады. Бірдей такт жиілігінде процессордың бірінің
екіншісіне қарағанда жылдам жұмыс жасайтындығы неліктен? Оның мәнісі өнімділікте. 486
процессоры 386 процессорымен салыстырғанда жоғары жылдамдыққа ие, себебі оған бұйрықты
орындау үшін 386 – ға қарағанда 2 есе кем такт керек болады. Ал Pentium процессоры үшін 486 – ға
қарағанда 2 есе кем такт қажет. Осыған байланысты такт жиілігі 133 МГц болатын 486 процессоры 75
МГц такт жиілікті Pentium процессорына қарағанда баяу жұмыс жасайды. Процессорлардың
салыстырмалы нәтежелігін салыстыра отырып, 600 МГц такт жиілігіне жұмыс жасайтын Pentium III
процессорының өнімділігінің теориялық тұрғыдан 900 МГц такт жиілігінде жұмыс жасайтын Pentium
процессорының өеімділігіне тең екендігін көруге болады. Сондықтан такт жиілігіне ғана сүйеніп,
компьютер өнімділігін салыстыруға болмайды, жүйе нәтежілігіне басқа да факторлардың әсер ететінің
назарға алу керек.
Орталық процессор нәтежілігін бағалау едәуір күрделі нәрсе. Ішкі архитектуралары әр түрлі
болып келетін орталық процессорлар бұйрықтарды түрліше орындайды: бірдей бұйрықтар түрлі
процессорларда не тез, не жай орындалуы мүмкін. Әр түрлі жиілікте жұмыс жасайтын түрлі
архитектуралары орталық процессорлардысалыстыруда орташа шаманы табу үшін Intel
процессорлардың салыстырмалы нәтежелігін өлшеуге арналған эталондық тестінің өзгеше құрамын
ойлап тапты. Бұл жүйе жуық арада 32 – разрядты процессорлардың нәтежелігін өлшеу мақсатында
толықтырылды. Жүйе iCOMP 3.0 индекстері келтірілген:
Мәліметтер шинасы. Адрестер шинасы. Ішкі регистрлер.
Дербес компьютерлердің атақты шиналарының бірі болып - IBM PC бөлімдеріндегі алғашысы
XT архитектурасының шинасы XT- Bus табылады. Салыстырмалы қарапайым, 20-разрядты (1 Мб)
адрестік кеңістіктің ішінде 8-разрядты мәліметтермен ("8/20 разрядтылық" болып белгіленеді)
алмасуды қамтамассыз етеді, 4.77 МГц жиілігінде жұмыс жасайды. IRQ жолдарын ортақ пайдалану
жалпы жағдайда мүмкін емес. 62-контактілі алып-салғыштарда (разъемах) конструктивті жасалған. ISA
(Industry Standard Architecture - өнеркәсіптік стандарт архитектура) - PC АТ (басқа атауы - АТ-Bus)
түріндегі компьютерлердегі негізгі шина. XT-Bus-тың кеңейтілген түрі болып табылады, разрядтылығы
- 16/24 (16 Мб), тактілі жиілігі - 8 МГц,шекті істеп шығу қабілеттілігі -5.55 Мб/с. Сонымен қатар, IRQ-ді
бөлістіру мүмкін емес. Стандартты емес ұйымдастыру Bus Mastering мүмкін, бірақ ол үшін
бағдарламаланған 16-разрядты DMA каналы қажет. 62-контактілі алып-салғыш XT-Bus түрінде
конструктивті жасылған. Оған 36-контакілі алып-салғыш кеңейткіші тіркелінген.
EISA (Enhanced ISA - кеңейтілген ISA) – функционалды және конструктивті кеңейтілген ISA.
Сыртқы алып-салғыштары ISA-дағыдай, және оларға ISA платалары да салынады, бірақ алып-салғыш
түбінде қосымша бірқатар EISA контактілер болады, ал EISA платаларында қосымша контактілер
қатары бар алып-салғыштың едәуір жоғары аяқты бөлігі болады. Разрядтылығы - 32/32 (адресті кеңістігі
- 4 Гб), сонымен қатар 8 МГц тактілі жиілігінде де жұмыс жасайды. Шекті істеп шығару қабілеттілігі-
32 Мб/с. Bus Mastering-ті ұстанады – шинадағы кез келген құрылғылар тарапынан шинаны басқару
режимі, шинадағы құрылғыларға рұқсат алуды басқаруға арналған арбитраж жүйесіне ие, құрылғылар
параметрлерін автоматты түрде реттеуге мүмкіндік береді, IRQ және DMA каналдарын бөлістеру
мүмкін.
ПОӘК 042-18.39.1.113/01-2013
10.09.2013 ж. № 1 басылым
107 беттің 70
МСA (Micro (Сhannel Architecture - микроканалды архитектура) – IBM фирмасының PS/2
компьютерлерінің шинасы. Басқалардың біреуімен де сыйыспайды, разрядтылығы - 32/32, (базалығы -
8/24, қалғандары – кеңейтушылер ретінде). Bus Mastering ұстанады, арбитраж бен автоматты
конфигурацияға ие, синхронды (алмасу циклінің ұзақтығы қатаң белгіленген), шекті істеп шығару
қабілеттілігі - 40 Мб/с. Конструктивті түрде тұтас бір үш секциялы алмалы-салмағыш (разъем) (VLB-
дағыдай) көрінеді. Бірінші, негізгі секция - 8-разрядты (90 контактілі), екіншісі - 16- разрядты
кеңейтуші (22 контакттілі), үшінші - 32- разрядты кеңейтуші (52 контакттілі). Негізгі секцияда дыбыс
сигналдарын тасымалдауға арналған жолдар қарастырылған. Қосымша алмалы-салмағыштардың бірінің
қасына бейне кеңейтуші (20 контактілі) алмалы-салмағыш орнатылады. EISA мен МСА көп жағдайда
параллельді, EISA-нің пайда болуы бұл IBM-нің МCА архитектурасына меншігімен түсіндіріледі.
VLВ (VESA Local Bus - VESA стандартының локальды шинасы ) - 32-разрядты (ISA шинасына
қосымша). Конструктивті түрде ISA алмалы-салмағыш болғанда қосымша алмалы-салмағыш болып
табылады (МСА кесілді 116- контактілі,). Разрядтылығы - 32/32, тактлі жиілігі - 25..50 МГц, алмасудың
шекті жылдамдығы - 130 Мб/с.Электронды түрде процессордың локалды шинасы түрінде жасалынған –
процессордың көптеген шығатын және кіретін сигналдары аралық буферизациясыз VLB-платаларына
беріледі. Осының салдарынан процессордың шығыс каскадына түсетін күш өседі, локалды шинадағы
сигналдар сапасы нашарлайды және оның бойымен алмасудың сенімділігі төмендейді. Сондықтан VLB
қондырылатын құрылғылар санына қатаң шектеу қояды: 33 MГц -те - үшеу, 40 МГц-те – екеу, және 50
МГц-те - біреу, сонымен бірге олардың барлығы жүйелік платаға етене енгізілген болғаны жақсы.
РCI (Peripheral Component Interconnect – сыртқы компоненттерді байланытыру) – VLB-нің
EISA/MCA жағында дамуы. Басқалардың біреуімен де сыйыспайды, разрядтылығы - 32/32(кеңейтілген
нұсқасы - 64/64), тактлі жиілігі - 33 МГц дейін (PCI 2.1 - 66 МГц дейін), істеп шығару қабілеттілі - 132
Мб/с дейін (66 МГц-гі 32/32 үшін 264 Мб/с және 66 МГц-гі 64/64 үшін 528 Мб/с), Bus Mastering
ұстанады және автоматтандырылған конфигурация. Бір сегментегі шинаның алмалы-салмағыштар саны
төртеумен шектелген. Сегменттер бірнеше болуы мүмкін, олар бір-бірімен көпірлер (bridge) арқылы
байланысады. Сегменттер түрлі топологияда (бұтақ, жұлдызша және т.б.) байланысуы мүмкін. Қазіргі
таңда ең танымал шина, сонымен бірге басқа да компьютерлерде қолданылады. Алмалы-салмағышы
MCA/VLB-қа ұқсас, бірақ ұзынырақ (124 контактілі). 64-разрядты алмалы-салмағыштың өз кілті бар
қосымша 64-контактілі секциясы болады. Оларға арналған карталар мен алмалы-салғыштардың
барлығы 5В, 3.3 В сигналдар деңгейінен ұстанатындар мен әмбебаптар болып бөлінеді; бірінші екі тип
бір-біріне сәйкес келуі керек, ал әмбебап карталар кез келген алмалы-салғышқа салынады.
PCMCIA (Personal Computer Memory Card International Association – дербес компьютерлерге
арналған жады платаларын шығарушылар ассоциациясы) - NoteBook класына жататын
компьютерлердің сыртқы шинасы Модулдың басқа атауы PCMCIA - PC Card. Барышна қарапайым,
разрядтылығы - 16/26 (адрестік кеңістігі - 64 Мб), автоконфигурацияны ұстанады, құралғыларды
компьютердің жұмыс жасау процессінде қосуға және айыруға болады. Конструктивтілі - миниатюрлі
68-контактілі алмалы-салмағыш. Ток төзінің контактілірі барынша ұзын етіліп жасалынған, бұл деген өз
кезегінде компьютер тоғы қосылып тұрғанда картаны салып және қайта суыруға мүмкіндік береді.
USB шинасы
USB шинасы компьютер (құрылғының орталық процессоры) мен жүйе конфигурациясының
динамикалық (ыстық) өзгерісі жағдайында оған жалғанған перифериялық құрылғылар (ПҚ) арасында
мәліметтер алмасымын қамтаммассыз етуге арналған. Сондықтан USB-ге цифрлы бейнекамера мен
қатты жоғарғы жылдамдықты дискілерден басқа барлық периферийнді құрылғыларды жалғаған жөн.
Әсіресе бұл интерфейс, фотокамералар секілді жие қосылып сөндірілетін құралдарды жалғау үшін
ыңғайлы. USB-ге арналған алмалы-салғыштардың конструкциясы көп рет қосып-бөлуге есептелінген.
Тек ғана мәліметтермен алмасудың екі жылдамдығын қолдану мүмкіндігі шинаның қолданысын
шектейді, бірақ интерфейстің жолдарының санын едәуір азайтады және аппаратты іске асыруды
жеңілдетеді. Тікелей USB-ден қоректену тек аз тұтынатын пернелер тақтасы, тышқан, джойстик және
т.б. секілді құрылғылар үшін мүмкін. USB хост-контроллері операциялық жүйенің түрлі
көмекшілерімен (службами) белсенді түрде өзара байланысады. Мысалы, ОЖ-де энергия ресурстарын
басқару АРМ (advanced power management) көмекшісі болған кезде USB-дің БЖ (ПО) ұстап қалып, бұл
көмекшінің, нақты құрылғының жұмыс күйінің қызметін тоқтатуға және қалпына келтіруге арналған
сұранысын орындайды. USB-дің қолданбалы интерфейсінде берілген ОЖ-ге арналған құрылғылардың
ПОӘК 042-18.39.1.113/01-2013
10.09.2013 ж. № 1 басылым
107 беттің 71
стандартты класстарының драйверін болады. Бұл жерде ОЖ-нің ерекше көмекшілеріне жүгіну
қолданылады, дербес жағдайда Windows 95 үшін РпР.стандартты емес жабдықтарды шығарушылар
USB шинасының Шинаның жүйелік БЖ мен алмасудың арнайы хаттамалары клиенттік БЖ-тан
(қолданбалы бағдарламалардан) USB шинасының бірге қолданатын ресурстарына, оны екі нүктелі
байланыс жүйесіне әкелу арқылы, маркер арқылы рұқсат алудың орталық басқаруындағы күрделілікті
жасырады. Мінекей, USB осындайлығымен, клиенттік БЖ адресатпен тілей жұмыс жасайтын PCI,
EISA, PCMCIA ерекшеленеді.
Сурет 1. Дербес компьютердің құрылымдық схемасы
Бақылау сұрақтары:
1. Микропроцессор түсінігі. Микропроцессор жасау технологиясының түрлері.
2. Микропроцессор (поколения) буындары және олардың негізгі мүмкіндіктері.
3. Intel фирмасының процессорларының түрлері.
4. Дербес компьютердің құрылымдық схемасының негізі?
5. USB хост-контроллері деген не?
6. Аналық плата қайда орналасқан?
7. VLВ, РCI шиналары түсінігі?
8. USB шинасы деген не?
ПОӘК 042-18.39.1.113/01-2013
10.09.2013 ж. № 1 басылым
107 беттің 72
Зертханалық жұмыс 7. Жедел жады: негізігі түсініктер. ROM типті жады. DRAM типті
жады. Кэш-жады — SRAM.
Еске сақтау құрылғылары.Тұрақты еске сақтау жады. (ПЗУ)
Тұрақты еске сақтау қондырғысы компьютердің ақпараттық құрылым ерекшеліктері туралы
информацияларды және информацияны ендіру/ шығарудың базалық жүйесін еске сақтайтын
микросхемалардан тұрады. (BIOS-BASIC INPUT / Output system).
BIOS компьютер іске қосыла салысымен төмендегі операцияларды іске асырады:
1) Компьютерде орналастырлған қондырғылардың параметрлерін анықтау.
2) Операциялық жүйе файлдарының іске қосылуы туралы нұсқау алу.
3) Процессор мен компьютердің басқа құрылғылары арасындағы байланыс түрін анықтау, BIOS
операцияларын жасаумен Award6 AM16 Phoenix, Technologies фирмалары IBM сериясымен
сәйкестендіріп жасайды.
Информация ендіру/шығарудың базалық жүйесі (ROM BIOS), IBM компьютерлерін қолданудың
ППЗУ (EROM) – тұрақты сақталтын бағдарламамен қамтамасыз ету бөлігі болып табылады. Қазіргі
ИВС-терде BIOS тұрақты есте сақтау қондырғысында (ПУЗ) сақталмайды, одан да жетілдірілген
электрондық құрылғы EPROM- Flash rom bios – немесе Flash (флэш) –те сақталады. Бұл құралдағы
информацияны жүйелік платада ультракүлгін жарық көзінің және программаторсыз- ақ өшіруге немесе
қайта бағдарламалауға болады. Бұл құрал кеңейту шинасында ROM –ды қайта бағдарламалау үшін
орнатылады. Жаңа бағдарламаны қою үшін фирмалық дискетті қолдануға болады.
EPROM жад микросхемасы
SETUP бағдарламасына кіру кестесі.
BIOS пернелер ескерту.
PHOENIX Ctrl-Alt-Del F
2
қате болғанда
ZENITH Ctrl-Alt-INS -
AWARD Ctrl-Alt-ESС компьютер қосылған.
BIOS маркасын компьютерді іске қоқан кезде экранда көруге болады: AMI BIOS (с) 1992
American Megatrende. BIOS компьютер құрылымын тексерген соң операциялық жүйені жадыға жүктеп,
жұмысты басқаруды соған береді. Флэш-жад (тұрақты қайта бағдарламалауға болатын жад (ППЗУ)
ультракүлгін сәулемен немесе электрондық тәсілмен өшіруге болады). Бұл қатаң өнім деп аталады да
ИЕЖ үшін BIOS болып есептеледі.
Оперативтік еске сақтау құралдары (ОЗУ - RAM)
Оперативтік еске сақтау құралдары – ағылшынша Raudom Access Memory – RAM - оперативтік жад деп
аталады да жеке тақшаларға орнатылған микросхемалардан тұрады. Оларды жад модульдары деп
атайды да информацияларды уақытша сақтау үшін қолданылады. Оның тұрақты жадтан
айырмашылығы, компьютер сөнген кезде жадтағы информацияларды жоғалтады. Жады модулінің
негізгі сипаттамалары:
көлемі (сиымдылығы)- мегабайтпен есептеледі. олар 16, 32, 64,128 мб болады.
информацияны оқу уақыты - деректерді ұяшықтардан табуға, оқуға / өшіруге кететін уақыт 60 – 70 Нс.
Жад микросхемалары физикалық құрылымы жағынан екі топқа: динамикалық (бағасы
арзан ) және статикалық болып бөлінеді. Динамикалық (DRAM) жад микросхемаларында
информацияларды жоғалтудан сақтау үшін оны жиі – жиі регенерация деп атап аналық тақшадағы
арнайы контроллер арқылы белгілі бір уақытта орындап отырады. Динамикалық жадтың бұл қасиеті
одан информацияны жылдам алуға кедергі жасайды. Статикалық жад (SRAM) регенерация процесін
қажет етпейді, сондықтан деректерді жылдам алуға мүмкіндік береді. Жад модульдері контактлерінің
орналасу ретіне байланысты ZIP, SIP және SIMM болып бөлінеді. Қазіргі кезде контактлері бір қатар
болып орналасқан SIMM модулі көп қолданылады. (Single In line Memory Module ). SIMM модулі 30
және 72 контактлі болып бөлінеді. Олар 386, 486 процессорларында қолданылған.
|