ПОӘК 042-18.39.1.113/01-2013
10.09.2013 ж. № 1 басылым
107 беттің 53
емес құрылғылар арасында да информация алмасуға мүмкіндік береді. Қондырғыларда жалғастырушы
өткізгіш ұзындығы 15м аспауы керек.
Тізбектелген порт UART (Universal Asynchronous Receiver/Transmitter - әмбебап асинхронды
қабылдаушы/таратушы) микросхемасында жасалынып, оның көмегімен компьютерден алынған
деректерді параллель түрден тізбектелген форматқа және керісінше түрлендіру әрекеттерін басқарады.
PC/AT компьютерлерінде UART 16450 микросхемалары, PS/2 компьютерлерінде UART 16550
микросхемалары қолданылады. Кейбір жағдайларда көптеген тізбектелген порттарды қолдану
қажеттілігі туады. Ондай жағдайларда көппортты тақшаларды Remote Access Service – RAS қолдануға
болады.
1990 жылдан бастап UART микросхемасын аналық тақшада Supe I/O деген атпен қолдана
бастады. Бұл көпрежимді тізбектелген порт, ол екі UART тізбектелген портынан тұрады. (жұмсақ диск
және пернетақта контроллері, кей жағдайда CMOS). Қазіргі жүйелерде Supe I/O функциясы South Bride
микросхемасымен интеграцияланған. Компьютерге тізбектелген портты қосқаннан соң оның ендіру –
шығару адресі мен IRQ үзілісін таңдап алу керек.
Компьютердің артқы бөлігіндегі панельде сыртқы құрылғыларды кабельдер арқылы қосуға
мүмкіндік беретін ұяшықтар орналасқан. Олардың формалары әр түрлі, сондықтан атаулары да әр түрлі
болады.
Параллель порттар
Параллель портқа негізінен принтер қосылатындықтан оны “принтерлік” порт деп атайды. Оның
параллель деп аталуы сигналдарды бір мезгілде 8 өткізгіш арқылы бере алады. Параллель портта
информация тізбекті портқа қарағанда жылдам жеткізуге болады. Компьютерде параллель порттар LPT
1, LPT 2, LPT 3 деп таңбаланады да вилка (штырлар) түрінде жасалады.
Параллель порттардың IEE 1284 стандарты
1994 жылы бекітілген. Бұл стандартты паралель порттардың физикалық сипаттамасы, сыртқы
сигналдардың өзгеру сипаттмасы белгіленген. Ол принтермен қатар сыртқы құралдарды
(дискіқозғағыштар, желі адаптерлері) қосуға мүмкіндік береді.
IEEE 1284 стандартының өткізгіштік қабілеті жоғары, оның көмегімен екі компьтерді қатар
қосуға болады. IEEE 1284 стандарты А, В, С типтерінде жұмыс істей алады.
1993 жылдан бастап EPP, ECP 8-разрядты параллель порттар қолданылады. Олар 50 кб/c
жылдамдықпен информация тасымалдауға мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде РС- тобындағы компьютерлерде «PS/2» типті «екі бағытты» және «кеңейтілген»
параллель порттар бар. Оның көмегімен екі бағытта деректерді компьютерлермен сыртқы құрылғылар
ПОӘК 042-18.39.1.113/01-2013
10.09.2013 ж. № 1 басылым
107 беттің 54
арасында алмасуға мүмкіндік береді. Екі бағытты информация алмасу порты 8- разрядты ендіру/шығару
мүмкіндігін береді, оның информация алмасу жылдамдығы 150 кб/c.
EEP жетілдірілген портын 1991 жылы октябрь айында Intel, Xircom және Zenith Data Systems
компаниялары шығарған. Бұл порт ISA шинасында барлық жылдамдықта жұмыс істей алады,
өткізгіштік қаблеті басқаларынан 10 есе жоғары. Оның желі адаптерлері, дискіқозғағыштар, магниттік
дискілер үшін информация алмасу жылдамдығы 2 мб/c .
ECP- Enhanced Capabilities Port портын Microsoft мен Hewlett– Packard компаниясы 1992 жылы
шығарады. Ол EPP –ға ұқсас, информация алмасу қаблеті жоғары.
USB ұяшығы
USB, Fire Wite – ендіру/шығару интерфейсін USB және IEEE –1394 тізбекті шинасында үстелге
қоятын және портартивті компьютерлер үшін жоғары жылдамдықта жұмыс істейтін құрылғы жасалды,
оларды iLink немесе Fire Wite деп атайды. Бұл жоғары жылдамдықты коммуникациялық порт бұрынғы
порттардан өзгеше қолданылу аясы кең. Оны SCSI портына альтернатив ретінде қолдануға болады да
сыртқы периферийлік құрылғылардың барлық түрін қосуға мүмкіндік береді. Ол бір мезгілде 8, 16
өткізгіш арқылы информация жеткізе алады.
USB құрылғысына басқа құрылғыларды қосу үшін жаңа тақшалар қою, жүйені түрлендіру
қажет емес және жүйені үнемдеу қолдануға мүмкіндік береді. USB порты бар компьютерге сыртқы
құрылғыларды қосқанан соң, баптап орналастыру өздігінен орындалады. Бұл стандартты Intel фирмасы
жасады. Оның алғашқы түрі 1996 жылы, ал 1.1 түрі 1998 жылы жасалды.
USB арқылы бірнеше құрылғыларды қосу үшін концентраторды қолдану керек. Оның көмегімен
USB –ның бір портына пернелер тақтасын, “ тышқан” тетігін, цифрлы камера, принтер, телефон т.б
қосуға болады. Компьютерге негізгі концентратор деп аталатын модуль орналастырылады, ол басқа
құрылғыларды қосуға арналған негіз болып табылады. Аналықтақшада 2 немесе 4 USB порты болады.
USB ұяшықтарының А және В типтері болады. USB штепселі USB ұяшығына бекітіледі.
ПОӘК 042-18.39.1.113/01-2013
10.09.2013 ж. № 1 басылым
107 беттің 55
Пернелер тақтасының ұяшығы арнайы DIN ( Deutsche Industry Norm) стандарты бойынша аналық
тақшаға жалғастырылады. АТХ типті тақшаларға пернелер тақтасы PS/2 ұяшығы арқылы қосылады,
сондықтан бұндай тақшаға ескі пернелер тақтасын қосу үшін аралық ауыстырып қосқышты қолдану
керек.
№11 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары
1. Енгізу-шығару порттары қандай?
2. USB және IEEE-1394 (i.Link) FireWire порттары қандай?
3. Стандартты тізбектей, параллель порттардың айырмашылықтары қандай?
4. Тізбекті порттар және параллель порттар артықшылықтары қандай?
Тәжірибе 12. Қоректену блогы және корпус.
Жоспар:
Қоректену блогының рөлі.
Қоректену блогының жұмыс принципі және міндеті.
Жүйелік тақшаның қоректену разъемдары.
Перифериялық құрылғылардың қоректену разъемдары.
Қоректену блогының қызметі.
Қоректену блогына қатысты қиындықтар.
Қоректену блогын жөндеу.
Қоректену блогын айырбастау.
Қоректену желісіндегі қорғау құрылғылары. RTC/NVRAM батареялары.
Қоректендіру блогының қызметі желіден келетін электр энергиясын компьютердің жеке
блоктарының тұтына алатын формасына түрлендіріп беру болып табылады. Қоректендіру блогы
желіден келетін 220 В, 50 Гц айнымалы кернеуді тұрақты + 5 В, + 12 В кернеулерге түрлендіреді.
Қоректендіру блогының 7 форм факторы бар. Оның бесеуі IBM конструкциясы үшін, екеуі Intel
негізінде жасалған. Қазіргі жүйеде оның үш форм факторы ғана қолданылады. Форм факторлардың
атауы аналық тақшалардың атауына сәйкес келеді. PC/XT, AT және LPX форм факторларындағы
қоректендіру блоктарын аналық тақшаға қосу үшін 6 контактілік жалғастырушылар қолданылады
қазіргі кезде барлық компьютерлерде АТХ форм факторы қолданылады.
Цифрлық схемаларды (аналық тақша, адаптерлер тақшасы, дискілі ақпарат сақтағыштардың
логикалық тақшалары) қоректендіру үшін + 5В, ал дискіқозғағыш және басқа да двигательдерді
қоректендіру үшін + 12В кернеу қолданылады. Бұл кернеулер бір қалыпты болған жағдайда компьютер
сенімді жұмыс істейді.
Қоректендіру блогы тек қана қажетті кернеулерді шығарып бермейді сонымен қатар кернеудің
компьютер қалыпты жұмыс істеуіне сәйкес келетіндігіне де бақылау жасап отырады. Барлық
қоректендіру блоктарында сыртқа шығатын кернеуді алдын–ала тексеріп отыратын құрал орнатылған.
Кернеу нормаға сәйкес болғанда ғана аналық тақшаға Power Good (қалыпты қоректендіру) сигналы
жіберіледі. Ол сигнал болмаса компьютер жұмыс істемейді.
ПОӘК 042-18.39.1.113/01-2013
10.09.2013 ж. № 1 басылым
107 беттің 56
Қоректендіру блогына артық жүктеме түскенде немесе ол қызып кеткен кезде шығыс кернеулері
нормадан асып кетуі мүмкін. Бұл жағдайда компьютерде жұмыс істеуге болмайды. Одан қорғау тәсілін
ІВМ фирмасы жасап шығарған. Бұл жағдайда Power Good сигналы компьютерді уақытша қолмен
өшіруге мүмкіндік береді. Ауыстырып қосқыш көмегімен Power Good линиясын ортақ өткізгішпен
тұйықтасақ, тактілік сигналдар шығару және процессор жұмысы тоқталады. Өткізгіш ажыратылғанда
компьютер сигнал беріп, Power Good–тың қалыпты жұмыс істеуі басталады. Бұл қызметті
компьютердің алдыңғы панелінде орналасқан Reset батырмасы атқарады. Қоректендіру блогынан
шығатын өткізгіштер арнайы вилкалар арқылы бөлінеді де, ондағы өткізгіштер түрлі-түсті болады.
Коректендіру блогы
Дискі қозғағыштарды қоректендіретін вилкалар өткізгіш түстеріне қарай төмендегідей кернеулер
шығарады.
№
Өткізгіштің түсі
Кернеуі
1.
2.
3.
4.
Сары.
Қара.
Қара.
Қызыл
+ 12 В.
Ортақ.
Ортақ.
+ 5.
Қазіргі кездегі қоректендіру блогының қуаты 250 Ватқа дейін жетеді. Ол мультимедиалық
құрылғыларды да көректендіруге мүмкіндік береді.
АТХ тақшасы жұмыс істейтін қоректендіру блогының ерекше қасиеті, ол бағдарламалық әдіспен
компьютерді өшіруге мүмкіндік береді. АТХ тақшаларындағы көректендіру ұяшығы стандартты Baby
тақшасындағы ұяшығына сәйкес келмейді, сондықтан оларды бір – бірімен ауыстыру мүмкін есмес.
Қазіргі кездегі көректендіру блогы
5 В және
12 В кернеумен қатар 3,3В кернеу де бере
алады.
1. Қоректену блогының рөлі қандай?
2. Қоректену блогының жұмыс принципі және міндеттерін атаңыз.
3. Жүйелік тақшаның қоректену разъемдары қандай?
4. Перифериялық құрылғылардың қоректену разъемдары қандай?
5. Қоректену блогының қызметі қандай?
ПОӘК 042-18.39.1.113/01-2013
10.09.2013 ж. № 1 басылым
107 беттің 57
6. Қоректену блогына қатысты қиындықтарды атаңыз.
7. Қоректену блогын жөндеу және қоректену блогын айырбастау қалай жүзеге асады?
8. Қоректену желісіндегі қорғау құрылғылары және RTC/NVRAM батареялары қалай жұмыс
жасайды?
ПОӘК 042-18.39.1.113/01-2013
10.09.2013 ж. № 1 басылым
107 беттің 58
Зертханалық практикум
Зертханалық жұмыс 1. Санау жүйесі (2 сағ)
Мақсаты: Ондық санау жүйесіндегі сандарды екілік, сегіздік, он алтылық санау жүйелеріне
ауыстыруды орындау, білімдерін бекіту.
Жоспар:
Ондық санау жүйесі;
Бүтін ондық сандарды екілік санау жүйесіне ауыстыру;
Ондық бөлшектерді екілік санау жүйесіне ауыстыру;
Ондық сандарды сегіздік санау жүйесіне ауыстыру;
Ондық сандарды он алтылық санау жүйесіне ауыстыру;
«Ондық» аты мынамен түсіндіріледі: бұл жүйенің түп төркінінде он негізі жатыр. Бұл жүйеде
санды жазу үшін он цифры қолданылады: 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9. Ондық жүйе позициялық болып табылады,
өйткені ондық санды жазуда цифрдың мәні оның позициясына немесе санда орналасқан орнына
байланысты.
Саның цифрына бөлінетін позицияны разряд деп атайды. Мысалы, 526 жазуы 5 жүздіктен, 2
ондықтан және 6 бірліктен тұратын сан екенін білдіреді. 6 цифры-бірліктер разрядында, 2-ондықтар
разрядында, 5-жүздіктер разрядында тұрады. Егер осы санды қосынды түрінде жазатын болсақ:
526=5*10
2
+2*10
1
+6*10
0
Бұл жазбадағы 10 саны санау жүйесінің негіздуішісі. Санның әрбір цифры үшін 10 негіздеуші
цифрдың орнына байланысты дәрежеленеді және осы цифрға көбейтіледі. Бірліктер үшін негіздеуші
дәреже-нөлге, ондықтар үшін – бірге, жүздіктер үшін-екіге тең және т.с.с. Мысалы, 555,55 ондық саны
мынандай қосындымен белгіленеді:
555,55
10
= 5*10
2
+ 5*10
1
+ 5*10
0
+ 5*10
-1
+5*10
-2
Осылайша, ондық санның кез келген цифрінің салмағы-оның белгілі бір бүтін дәрежесі, ал
дәреженің мәнін сәйкес цифрдың позициясы бекітеді.
Бүтін ондық сандарды екілік санау жүйесіне ауыстыру
Ереже: Бүтін ондық санды екілік санау жүйесіне ауыстыру үшін осы санды 2-ге бөлу қажет.
Алынған бөліндіні 2-ден кіші болғанша бөлінеді қайтадан 2-ге бөле береді және т.с.с.нәтижеде бір
қатарға соңғы бөлінеді және соңғысынан бастап барлық қалдықтарды жазу керек.
Мысалы 891 санын ондық жүйеден екілік санау жүйесіне аудару.
Шешімі:
891:2=445, 1
445:2=222, 1
222:2=111, 0
111:2=55, 1
55:2=27, 1
27:2=13, 1
13:2=6, 1
6:2=3, 0
3:2=1, 1
1:2=0, 1 (екілік санның үлкен цифры жазылады)
Соңынан бастап барлық қалдықтарды жазамыз.
89110 =11011110112
Ондық бөлшектерді екілік санау жүйесіне ауыстыру
Ондық бөлшек сандарды екілік санау жүйесіне ауыстыру үшін оны 2-ге көбейтіп, бүтін бөлікті
іздеу керек (үтірден кейін төрт таңбаға дейін).
Мысалы: 0,32210
0.322*2=0.644 0
0.644*2=1.288 1
0.288*2=0.576 0
ПОӘК 042-18.39.1.113/01-2013
10.09.2013 ж. № 1 басылым
107 беттің 59
0.576*2=1.152 1
Жауабы:
0,32210=0.01012
Берілгені: 8,83
10
8:2=4 қалдық 0
4:2=2 қалдық 1
2:2=1 қалдық 0
1:2=0 қалдық 0
0.83*2=1.66 бүтін бөлік 1
0.66*2=1.32 бүтін бөлік 1
0.32*2=0.64 бүтін бөлік 0
0.64*2=1.28 бүтін бөлік 1
Жауабы: 8,83=1000,1101
Ондық сандарды сегіздік санау жүйесіне ауыстыру
Ондық жүйеден сандарды сегіздік санау жүйесіне ауыстыру үшін екілік жүйесі сияқты сандарды
тек 8 санына бөлеміз. Егер алынған бөлінді 7-ден көп болса, онда оны да, қалдықты сақтап 8-ге бөлуге
болады. Мысалы: Ондық жүйедегі 891 санын сегіздік санау жүйесіне келтірейік.
Шешімі: қалдық
891:8=111 3
111:8=13 7
13:8=1 5
1:8=0 1 (қалдық сегіздік санның үлкен цифры жазылады)
891
10
=1573
8
Ондық сандарды он алтылық санау жүйесіне ауыстыру
Ондық санды он алтылық санау жүйесіне ауыстыру үшін 16-ға бөлу керек.
Шешімі: қалдық
891:16 =55 11
55:16=3 7
3:16=0 3
89110=37B16
Екілік санау жүйесі. Сандарды екілік санау жүйесінен ондық, сегіздік, он алтылық санау
жүйелеріне ауыстыру
Компьютерде әдетте ондық емес позициялық екілік санау жүйесі, яғни 2 негіздеуіші бар санау
жүйесі қолданылады. Екілік жүйеде кез келген сан екі 0 және 1 цифрлардың көмегімен жазылады және
екілік сан деп аталады. Тек қана 0 және 1 цифрларынан тұратын екілік саннан ондық санды ажырату
үшін екілік санды жазуда екілік санау жүйесінің индексіне белгі қосылады, мысалы, 110101,1112. Екілік
санның әрбір разрядын (цифрын) бит деп атайды.
Ондық сандар сияқты, кез-келген екілік санды екілік санға кіретін цифрлар салмағының
айырмашылығын анық бейнелейтін қосынды түрінде жазуға болады. Бұл қосындыда негіздеуші ретінде
2 санын қолдануға болады. Мысалы: 1010101,101 екілік сан үшін қосынды мына түрде болады:
1010101,1012 =1*2
6
+0*2
5
+1*2
4
+0*2
3
+1*2
2
+0*2
1
+1*2
0
+1*2
-1
+0*2
-2
+1*2
-3
Бұл қосынды ондық сан үшін жазылған қосындының ережесі бойынша жазылады. Берілген
мысалда екілік сан жеті санды бүтін және үш санды бөлшек бөліктерінен тұрады. Сондықтан бүтін
бөліктің үлкен цифрі, яғни бірі 27-1=26-ға көбейтіледі, бүтін бөліктің нөлге тең келесі саны, 25-ке
ПОӘК 042-18.39.1.113/01-2013
10.09.2013 ж. № 1 басылым
107 беттің 60
көбейтіледі және т.с.с., кішкентайға, үшіншіге, дейін екінің дәрежесі кемуі бойынша цифрдың бөлшек
бөлігі 2-3-ке көбейтіледі. Осы қосындыда ондық жүйенің ережесі бойынша арифметикалық
операцияларды орындай отырып, 85,625 санын аламыз. Осылайша, 1010101,101 екілік саны 85,625
ондық санына сәйкес келеді, немесе 1010101,101=85,625
10
1. 11100011
2
= 1
2
7
+1
2
6
+1
2
5
+0
2
4
+0
2
3
+0
2
2
+1
2
1
+1
2
0
= 128+64+32+2+1 = 227
10
2. 0,10100011
2
= 1
2
-1
+0
2
-2
+1
2
-3
+0
2
-4
+0
2
-5
+0
2
-6
+1
2
-7
+1
2
-8
= 0,5+0,125+
0,0078+0,0039 = 0,6367
10
Сандарды екілік жүйеден сегіздік санау жүйесіне ауыстыру
Кез келген цифрды сегіздік сан түрінде жазу үшін үш екілік цифрлар қажет. Сондықтан түрленетін
екілік санды оңнан солға қарай екі цифрлар тобына үштен бөледі.
Екілік жүйедегі бөлшек санды сегіздік санау жүйесіне аудару үшін санның бүтін бөлігін оңнан
сола қарай бағытта, ал бөлшек бөлігін солдан оңға қарай бағытта үш екілік саннан бөліп жазып, кестені
пайдаланып, сәйкесінше сегіздік санды жазамыз. Сол жақтан және оң жақтан жетпеген цифр
орындарын нөлмен толықтырамыз.
Мысалы: 1101111011 екілік саны екілік цифрлар бойынша үштен топқа бөлінгенде,
001 101 111 011 сияқты бөледі. Кестеде көрсетілген цифр түрінде қарастырамыз. 15738;
1. 1011101,10011 санын сегіздік жүйеге ауыстырайық,
1 011 101,100 11 →
00
1 011 101,100 11
0
→ 135,46
8
;
Екілік санау жүйесі
000
001
010
011
100
101
110
111
Сегіздік санау жүйесі
0
1
2
3
4
5
6
7
Сандарды екілік жүйеден он алтылық санау жүйесіне ауыстыру
Екілік жүйеден он алтылық санау жүйесіне түрлендіргенде, екілік сан төрт екілік сан бойынша
бөлінеді, өйткені он алтылық санның кез келген цифрын жазу үшін төрт екілік цифр қажет.
Мысалы:
1101111011 екілік саны төрт екілік цифр бойынша топқа бөлгеннен кейін, 11 0111 1011 сияқты жазуға
болады. 37B
16
;
Екілік жүйедегі бөлшек санды он алтылық санау жүйесіне аудару үшін санның бүтін бөлігін
оңнан сола қарай бағытта, ал бөлшек бөлігін солдан оңға қарай бағытта төрт екілік саннан бөліп жазып,
кестені пайдаланып, сәйкесінше он алтылық санды жазамыз. Сол жақтан және оң жақтан жетпеген цифр
орындарын нөлмен толықтырамыз.
Мысалы: 101111,100011 санын он алтылық жүйеге ауыстырайық,
10 1111,1000 11 → 0010 1111,1000 1100 → 2F8C
16
;
Екілік санау жүйесі 0000
0001
0010
0011
0100
0101
0110
0111
Он алтылық санау
жүйесі
0
1
2
3
4
5
6
7
Екілік санау жүйесі 1000
1001
1010
1011
1100
1101
1110
1111
Он алтылық санау
жүйесі
8
9
A
B
C
D
E
F
Екілік сандарға арифметикалық амалдар қолдану
Екілік сандарды қосу сәйкес разрядтардың цифрларын тасымалды есепке алып қосуға саяды. Екілік
санды қосқанда, келесі төрт ереже қолданылады.
0+0=1 1+0=1
0+1=1 1+1=10
Мысал: Екі екілік 101+11 сандарын қосуды (ондық жүйеде бұл: 5+3=8) орындайық.
Жетпеген нөлдерді қосып, қосу амалын бағанда орындаған жөн
101
ПОӘК 042-18.39.1.113/01-2013
10.09.2013 ж. № 1 басылым
107 беттің 61
+ 011
Қосу процесін кезеңмен қарастырайық.
Алдымен қосу кіші разрядта орындалады: 1+1=10. Қосындының кіші разрядына 0 жазылады да бірлік
алдыңғы үлкен разрядқа тасымалданады.
Келесі сол жақ разрядтың цифрлары мен тасымалдың бірлігі қосылады: 0+1+1=10. Қосындыныің бұл
разрядына 0 жазылады да, бірлік тағы да келесі разрядқа тасымалданады.
Енді үшінші сол жақ разрядтың цифрлары мен тасымалдың бірлігі қосылады: 0+1+1=10 Бұл разрядта 1
жазылады, ал бірлік келесі үлкен разрядқа тасымалданады.
Нәтижеде
101
+ 011
1000 Жауабы: 1000
2
=8
10
АЗАЙТУ
Екілік сандарды азайту кезінде мыналарды есте сақтау керек:
0-0=0
0-1=1
1-0=1
1-1=0
Мысалы: 1010-101 екілік санның айырмасын табу. Кіші разрядтан бастап азайтуды бағанада
орындаймыз:
1010
-101 - азайту процесін кезеңімен қарастырайық:
Кіші разряд үшін 0-1 бар. Сондықтан үлкен разрядтан бірлікті аламыз және 10-1=1 –ді табамыз.
Келесі разрядта 0-0 =0 болады.
Сол жақтағы разрядта тағы да 0-1 болады. Үлкен разряжтан 1-ді аламыз және 10-1=1 – ді
табамыз. Келесі разрядта 0 қалады.
1010
-101
101 алынады.
Достарыңызбен бөлісу: |