ПОӘК «Топырақтану» пәнінеіне арналған оқу-әдістемелік материалдар



бет3/14
Дата06.07.2018
өлшемі0,97 Mb.
#47556
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

3.Климат


1. Топырақтың морфологиялық белгілері
Топырақ кез келген табиғи денелер сияқты өзiнiң морфологиялық

белгiлерi, химиялық құрамы жəне физикалық қасиеттерiмен сипатталынады, ол топырақ түзiлудiң нақтылы бiр көрiнiсi.

Топырақтың iшкi бейнесiнде жүрiп жатқан əртүрлi химиялық жəне

биологиялық құбылымдар көптеген морфологиялық белгiлердi

қалыптастырады. Академик К.Д.Глинканың айтуы бойынша … топырақтыңсыртқы белгiсi (морфологиясы) оның iшкi химия-биологиялыққұбылымдарының көрiнiсi, соның нəтижесiнде олар дамып пайда болған. Бұлбелгiлердi бiз көре аламыз, көру арқылы танысамыз, сондықтан оларды тiкелейбақылаймыз əрi жазамыз.



Топырақтың морфологиялық белгiлерiн, топырақта тiк бағытта кескiн

салу арқылы зерттейдi. Сонымен қатар табиғи немесе жасанды аршындылардан(жарлар, карьерлер, арналар) көруге болады.

Ең негiзгi кесiн салуға, əсiресе iрi масштабты карталарда, кескiн орнындұрыс таңдап алу керек. Дұрыс таңдалмаған орын мекенде топырақжамылғысын басқаша көрсетуi мүмкiн. Топырақ кескiнiн салатын орындытаңдау жəне оның сандық мөлшерi, түсiрiлiм масштабы мен жергiлiктi бедерге,өсімдік жамылғысына байланысты. Масштаб iрiленген сайын əрi жер бедерi

күрделi болса, кескiн саны көбейедi, жəне керiсiнше, яғни майда масштабтажер бедерi тегiс болса онда азаяды.Топырақ кескiнiн салу мақсатына байланысты үш түрлi болады:негiзгiкескiн, жартылай кескiн немесе бақылаушы жəне шұқыр.Негiзгi кескiн жергiлiктi жердегiбасым топырақтардың сипаттамасынжан-жақты анықтау жəне топырақастынзерттеу үшiн салынады. Əрбiрбедер элементi жəне аналықжыныстардың ауысуы негiзгiкескiнмен анықталады. Негiзгi кескiннiң тереңдiгi топырақ типiнеқарай əртүрлi, Мысалы: қара

топырақта 2 м жəне одан көп,жайылмаларда - 1-1,5 м, яғни аналық

жыныс толық аршылған тереңдiккедейiн қазылады. Кескiн ұзынша төрт бұрыш ретiнде салынады. Енi 80-100ұзындығы 150-250см. Қысқа бетiнiң бiрi тiк болуы керек, оған қарама-қарсы бетiнде, кескiнге түсiп шығу үшiн баспалдақты етiп жасайды. Топырақты кескiннiң ұзын жағына топырақ құнарлығы бұзбау үшiн беткi қабатын бiр астыңғы қабатын екiншi жағына лақтырады. 17 Негiзгi кескi

нненморфологиялық белгiлерiн жазып бiткеннен кейiн бимиялық талдаулар

жасау үшiн топырақ үлгiсiн алады. 18 элювиальды, А-элювиальды, В-иллювиальды, ауыспалы, G-глейлi, С-аналықжыныс, Д-төсенiштi жыныс.Жыртылған қабат (Аж). Бұл қабат топырақтың жоғары беттерiнентұрады. Бұл қабатқа топырақ типi мен оның қалыңдығына байланысты А кейде В қабаттада кiруi мүмкiн. Егер тың жер жыртылса, оған А 0 қабатына кiредi.Орман төсенiшi (А0) жыртылмаған (тың жəне тыңайған) топырақтардың үстiңгi бетiнде жартылай ыдыраған органикалық зат қалдықтары минералдық бөлiктер мен қабаттасып жатады. Орманда ол орман төсенiшi (түскен жапырақ қылқан, бұтақтар ж.т.б), ал шалғын мен далада шым (Аш) немесе өсiмдiкжамылғысы (түскен жапырақ пен собықтар) жəне де өсiмдiктердiң əртүрлi қалдықтарынан тұрады.Гумусты-аккумулятивтi қабат (А). Бұл қабат топырақтың беткi бөлiгiндеқалыптасады. Мұнда ең көп деңгейде органикалық (гумус) жəне қоректiк заттаршоғырланады, түсi басқа қабаттарға қарағанда күңгiрттеу.Гумусты-элювиальды қабат (А

1)-мұнда гумустың шоғырлануы менқатар минералдардың ыдырауы жəне ыдыраған заттардың жылжуы байқалады.Элювиальды қабат (А

2). Бұл қабаттан топырақ түзiлу үрдiсiнде кейбiр

заттар төменгi қабаттарға кейде топырақ кескiнен де төмен шайылып кетедi.Соның салдарына қабатта балшықты минералдар мен бiржарым тотықтармөлшерi азайып, керемнезем көбейедi.

Ауыспалы немесе иллювиальды қабат – В. Ауыспалы – бұл жағдайда

топырақ қабаттарында минералды алюмосиликат негiздерiнiң жылжуы

байқалмайды (қара топырақ, қара қоңыр топырақ).

Иллювиальды қабат – жоғарғы қабаттардан немесе бүйiрлi ағыстардың

шайылған заттар, осы қабатта бiртiндеп шоғырланады. Қандай заттардың

шайылып шоғырлануына байланысты, бұл қабат аталуы мүмкiн: гумусты (Bh);

тұнбалы (Вi); карбонатты (Bк), темiрлi (Bғe).

Глейлi қабат (J) Гидроморфты топырақта дамиды. ұзақ уақыт жəне

тұрақты ылғалданудың нəтижесiнде топырақта оттегiнiң жетiспеуiнiң

салдарынан тотықтану үрдiсi жүредi, соның салдарынан темiр мен марганец



қосындыларының жылжымалы алюминийдiң шала тотықтары дамып глейлiқабат қалыптасады. Глейлi қабаттың күлгiндi-сұр түсi қошқыл-қоңырдақтарымен кемкерiледi, бұл рең аэробты жəне анаэробты үрдiстердiң алмакезек ауысуының салдарынан дамиды. Жəне де темiр мен марганец жаңажарандыларының қара немесе күнгiрт-қоңыр дақтарыда қалыптасады. Егерглейлi нышан басқа қабаттарда қалыптасса, онда олардың атауларына əрiптiкбелгi жалғасады, мысалы Аg,B.g 2g , В1g жəне т.б.

Аналық жыныс (С) Топырақ түзiлу үрдiсi қамтылмаған немесе əлсiзқамтылған жыныс.

Төсенiштi жыныс (Д) – бөлiнедi, егер топырақ қабаттары бiр жыныстыдамып, оның астында басқа жыныс орналасқан жағдайда. Мысалы қаратопырақ лөс жынысында дамып, ал лөстiң астында эллюви жатса, ол төсенiштiжыныс боп саналады.Əрбiр қабаттың генезисi мен құрамының кейбiр ерекшелiктерiн нақтылыкөрсету үшiн, негiзгi белгiлерiнiң астыңғы оң бөлiгiн кiшi əрiп таңбаларын 19қойып жазады. Мысалы A2g, Bc,Bк ж.т.б., мұнда g-белгiсi глейленген с-жеңiлеритiн тұздар; к-карбонаттармен байытылған; г-гипс кедескен ж.т.б. жағдайынкөрсетедi.Тектiк қабаттардың қарым-қатынасы бойынша топырақ кескiнiн бiрнешетипке топтастыруға болады.

Қарапайымды топырақ кескiнiнiң қалыптасуы бастапқы сатыда, яғнитопырақ түзiлу құбылымы жыныстың тек беткi қабатын қамтиды. Кескiнқабаттарға əлсiз бөлiнген, қалыңдығы бiрнеше сантиметрден артпайды.

Толық дамымаған кескiн iрi-кристалды нығыздалған жыныста немесе тiкқапталда дамиды. Мұндай жағдайда дамыған топырақ кескiнiнiң қалыңдығы азондаған сантиметрдi құрайды. Бiрақ тектiк қабаттары толық айқынданған.

Қалыпты кескiн ең көп тараған, жазықтық жағдайда борпылдақ жыныстадамып толық жетiлген топырақ, топырақ түзiлу жағдайына байланысты тектiкқабаттар толық дамыған

Əлсiз дифференцияланған кескiн, оңай үгiлiмге белгiлi жыныстардадамыған топырақтарға тəн. (кварцты құмды, байырғы фералиттi үгiлуқабығында). Тектiк қабаттар əлсiз байқалады.

Бұзылған кескiн эрозиялы топырақтарға тəн, бұл топырақтардың беткiқабаты жойылған.

Реликтi кескiн – күрделi, мұнда генезисi əртүрлi алдыңғы топырақ түзiлусатысына сай көмiлген топырақ қабаттары немесе қабатшалары кездеседi.Одан басқа кескiндер заттардың орналасу сипатына байланысты бөлiнедiжəне жүйеленедi. Мысалы, аккумулятивтi кескiн – заттардың беткi қабаты максимальды шоғырланғанда (гумусты-аккумулятивтi кескiн), элювиальдыкескiн – кескiннен заттардың шайылып алынып кеткенiнде (шоғырланғанда);элювиальды-иллювиальды – кескiннiң жоғарғы бетiнде заттардың шайылып, алоның ортаңғы бөлiгiнде жинақталғанда байқалады.

Түсi – топырақтың морфологиялық белгiлерiнiң iшiндегi ең айқын жəне көзге бiрден түсетiн нышан. Басқа белгiлер жəне қасиеттерi мен қатар топырақтың түсi оның қай типке жататындығын көрсететiн ең бiр бастыкөрсеткiш. Сондықтан көптеген топырақ аталуы оның түсiне байланысты берiлген. (қара топырақ, күлгiнденген жəне қызыл топарықтар).Топырақтың түсi оның аймақтық ерекшелiгiн көрсетедi: əрбiр топырақтық-климаттық аймаққа тəн топырақтың түсi сəйкестенедi. Мысалы; тайгалы-орманды аймақ топырағының түсi-ақшылдау, құба реңде сұр; орманды-далалыаймақта-сұр жəне күнгiрт сұр; шалғынды далада-күнгiрт сұр жəне қара; құрғақдала мен шөлейтте-қара-қоңыр жəне қоңыр ж.т.б.С.А.Захаров бойынша топырақтың түсiн анықтағанда мына үш топтыңмаңызы зор: 1)гумустың; 2)темiр қоспаларының; 3)кремний қышқылы,көмiрқышқылды əк жəне каолиннiң.Гумустық заттар қара, күнгiрт-сұр жəне сұр реңдi бередi. Кейде қара түсбасқа себепкерлерден болуы мүмкiн. Мысалы: батпақты топырақтардағы қаратүс күкiрттi темiрге байланысты. Ең соңында қара түс аналық жынысқада байланысты болуы мүмкiн (Юра балшығы). 20Термiрдiң тотықтары топыраққа қызыл, күлгiн жəне сарғыш түс бередi.Темiрдiң шала тотықтары топырақты жəне оның кейбiр қабаттарын көгiлдiржəне сұр-көгiлдiр түске баяйды. Батпақты топырақтарда вивианит [Fe

4 жəне басқа) топыраққа ақшыл рең беруi мүмкiн.

Түске топырақтың түйiртпектiлiгi мен ылғалдығы əсер етедi. Кесектi, дəндiнемесе сеңдi топырақтар шаңданған топырақтарға қарағанда күнгiрттеукөрiнедi. Ылғалды топырақ құрғақ топыраққа қарағанда қаралау сияқты.Далалық жағдайда таң ертең немесе кеште топырақ түсi күнгiрттенiпкөрiнетiндiктен осы мезгiлдерде оның түсiн анықтаудың қажетi жоқ.Топырақ түстiн бiр реңмен беру өте қиын, сондықтан оны боялу деңгейiнкөрсетедi (мысалы ашық-қоңыр, күңгiрт-қоңыр), реңiн атайды (мысалы құбалаусарғыштау реңде) немесе аралық реңiн бередi (қоңырқай-сұр, сұр-қоңыр).

Жаңа жарандылар деп – топырақ түзiлу үрдiсi кезiнде топырақтыңқабаттарында əртүрлi органикалық жəне минералдық заттардың шоғырынайтады. Топырақта жүрiп жатқан физикалық, химиялық, биологиялықүрдiстердiң нəтижесiнде жəне-де топыраққа тiкелей өсiмдiктер мен байуанаттарəсерiнен бимиялық жəне биологиялық жаңа жарандылар пайдаболады.

Химиялық жаңа жарандылар өздерiнiң мүсiндерi бойынша мына төменгiтоптарға бөлiнедi: 1) жарғақ жəне жабысынды-топырақ бетiнде немесе кескiнқабырғасында (мысалы; еритiн тұздар) пайда болатын жұқа қабыршық; 2)қабыршақ, жағынды, ағынды-топырақ бетi мен кескiн сынықтарындақауызданып пайда болатын қалыңдығы аз қабатша; 3) шырмаулар ментүтiкшелер-күрт пен өсiмдiк тамыр жолдарында жəне топырақ түтiкшелерi мен сынықтарында пайда болатын заттар; 4) конкрециялар мен бүршiктер-мүсiндегiдомалақтау əртүрлi заттардың жиынтығы 5) қатпарлар-топырақтың жекеқабаттарында көп мөлшерде сiңiп түзiлген заттар.

Топырақтағы жаңа жарандылар арқылы оның генезисiне жəне агрономиялық қасиетiне сипаттама беруге болады. Мысалы, топырақтыңжоғарғы қабаттарындағы күлгiнденген жəне датты қызғылт дақтардың пайдаболуы, топырақтың батпақтану жағдайында пайда болғаны, ал суда ерiгiштұздардың топырақ бетiнде кездесуi, оның сор топырақ екенiн көрсетедi.



Кiрмелер деп – деп топырақ бойында кездесетiн бiрақ топырақ түзiлуүрдiсiне қатынасы жоқ минералды жəне органикалық заттарды айтады. Оғанжататындар: əртүрлi деңгейде ыдырағын өсiмдiк бөлшектерi жəне тамырлары;қабыршақтар мен жануарлардың сүйектерi; тастар жəне басқа да таужыныстарының кесектерi; қыш, таскөмiр, əйнек, сынған ыдыстар бөлшектерi,арбеологиялық қазбалар жəне т.б.Топырақты зерттеген кезде, оның əрбiр тектiк қабаттардың морфологиялықбелгiлерi бiртiндеп жазылады. Соның нəтижесiнде топырақ тiк кескiнiнiң

толық сипаттамасы берiлiп, ол топырақтың атын, қай типке, типшеге, текке,түр, түршеге жататындығын жəне жуықтап пайда болуы мен агрономиялық

қасиеттерiн анықтауға мүмкiндiк бередi.
Бақылау сұрақтары:


  1. Табиғаттағы топырақтардың əртүрлігі жəне олардың топырақтүзілу факторларының өзгеруіне байланыстылығы (мысал келтіріңіз).

  2. Топырақтың морфологиялық белгілерін атаңыз.

  3. Топырақ кескінінің неше түрі бар, қандай мақсатта салынады?

  4. Негізгі кескінді қандай тереңдікке дейін қазамыз?

  5. Топырақ кескінінің құрылуы. Оның құрылымы жəне топырақтыңморфологиясы.

  6. Топырақтың морфологиялық белгілері, өз шаруашылық

.

ДӘРІС 6 Топырақ түйіртпектілігі

Мақсаты: Топырақтың түйіртпектілігі белгілерін түсіндіру

Міндеті: Топырақтың түйіртпектілігінің негізгі көрсеткіштерін таныстырып үйрету

Түйінді сөздер: топырақтың түйіртпектілік белгілері
Дәріс жоспары:

1 Топырақтың минералогиялық жəне гранулометриялық құрамы

2 Топырақтың түйіртпектілігі
1 Топырақтың минералогиялық жəне гранулометриялық құрамы

(Топыраққұраушы жыныстар мен топырақ құрамына біріншілік жəне екіншілік минералдар кіреді. Біріншілік минералдар магмалық жыныстарды түзетін болса, борпылдақ жыныстар мен топырақта бастапқы жыныстардың бұзылуынан қалған материал санасында кездеседі. Екіншілік минералдар болса, биоклиматтық жағдайлар əсерінен біріншілік минералдардан құралады. Біріншілік минералдар көбінесе 0,001 мм-ден ірі, ал екіншілік минералдар - 0,001 мм-ден майда түйірлерден тұрады. Біріншілік - минералдарға (жыныс пен топырақтағы) кварц қарағанда, өзгеше болады. Борпылдақ жыныстарда, бұзылуға тұрақтылығы берік кварц (SіO2) мөлшері басым келеді (40-60), екінші орынды дала-шпаты алады (20 проц. дейін). Кең тараған бұл минералдың механикалық беріктігі жоғары болғанымен, химиялық бұзылуға тұрақтылығы төмен жатыр. Дала шпаттары арасында ең тараған біріншілік минерал-ортоклаз (KAІSІ3O8), сирек кездесетіні-натрий-калийлі дала шпаты немесе плагиоклаздар. Кварц пен дала шпаттары бұзылуға төзімді болғандықтан ірі дəнді келеді де, көбінесе құм жəне шаңды түйірлерді құрайды. Амфиболдар, пироксендер жəне слюдалар бұзылуға тұрақсыз болғандықтан, борпылдақ жыныстар мен топырақ құрамында аз мөлшерде майда кристалл күйінде кездеседі. Минералдардың бұзылуға тұрақтылығы, олардың табиғаты, химиялық құрамының айырмашылығы жəне кристалдық құрылымына байланысты болады. Біріншілік минералдар мағынасы:

- оларға топырақтың агрофизикалық қасиеттері байланысты;

- олар күлдік элементтер көзінің қоры;

- олардан екіншілік минералдар жаралады.

Екіншілік минералдар құрамы (біріншіліктердей) да көп емес. Олар арасында қарапайым тұздар, су тотықты жəне тотықты минералдар мен балшықты минералдар ажыратылады. Қарапайым тұзды минералдар біріншілік минералдар бұзылуы жəне топыраққұралу процесі нəтижесінде жаралады. Оларға кальцит - СаСОз, магнезит - MgСОз, доломит - Са, Mg (СОз)2, сода - Na2СОз • 10Н2О, гипс - СаSO4• 2Н2О, мирабилит – Na2SO4 • 10Н2О, галит - NaСІ, фосфаттар, нитраттар, т.б. жатады. Бұл минералдар құрғақ климат жағдайында топырақта көп мөлшерде шоғырлануы ықтимал. Олардың санды жəне сапалы құрамы топырақтың тұздану деңгейі мен бағытын анықтайды. Сутотықты жəне тотықты минералдар - кремний, алюминий, темірдің жəне марганецтің су тотықтары, аморфты қоймалжын құрылым күйінде біріншілік минералдар бұзылуынан жаралады. Жоғарғы температурада олар қатты кристалл күйіне кешеді, мыс, сулы кремний тотығы көнеленіп қатты гельге (шөгінді) - опалға (SіO2 • Н2О), одан əрі суын жоғалтып (2-30 %), кристалды халцедон мен кварцқа (SіО2) айналады. Басқа да сулы тотықтар көшу сапы мынадай: [•АІ2О3 • Н2О, Ғе2О3 • Н2О] → бемит АІ2Оз • Н2О, гиббсит АІ2Оз • ЗН2О немесе АІ (ОН)3; гематит Fе2О3 -> гетит Fе2О3 • Н2О, гидрогетит Fе2Оз • ЗН2О. Бұл минералдар аз мөлшерде барлық топырақтарда кездеседі, ал гетит пен гиббсит тропикалық фералиттерде көп болады. Балшықты минералдарға екіншілік алюмосилликаттар жатады, жалпы формуласы nSіO2 • АІ2Оз НО; Sі мен АІ тотықтарының арақатынасы 2-5-ке тең. Балшықты минералдар біріншілік минералдар бұзылғанда шыққан қарапайым продуктілері - сулы тотықтар, тұздар синтезінен олардың бұзылуы мен топыраққұралу процестері жолымен бірте-бірте өзгеруінен жаралады; олар өсімдік қалдықтары ыдырағандағы (минералдану) продуктілерінен де (биотекті жолмен) жаралуы мүмкін. Көп тараған балшықты минералдарға монтморилдонит тобындағы



каолинит, сулы слюда, хлориттер жəне аралас қабыршақты минералдар жатады. Борпылдақ жыныстар мен топырақтарда (ферралитсіз) көбінесе монтмориллонит тобындағы монтмариллонит, нотранит, бейделит) минералдар тараған. Химиялық формуласы – 4SіО2 • АІ2О3 •nН2 О; SіО3: АІ2О3 = 4. Бұл топтағы минералдарға аса биік майдалы (дисперсті) түйірлер шоғыры тəн, олардың 60 %-і коллоидты түйірлер жəне 80 %-ке дейінгі көлемі 0,001 мм-ден майда түйірлерге келеді. Дисперстілігі мен ерекше құрылымы оларға жоғары катиондар сіңіру қабілетін береді. Монтмориллониттің сіңіру сыйымдылығы 100 г топырақта 80-120 мг. экв-ке тең. Аталған минерал тобының сулы физикалық қасиеті нашар - олар өсімдікке тиімсіз көп ылғал ұстап тұрады - монтмориллониттің максималды гигроскопиялығы 30 %-ке жетеді. Ылғалды күйінде жабысқақ күшті ісінеді де, топырақ көпкенде қатайып, жарылған қабық түзеді. Гумин қышқылымен бірігіп, суға тұрақты түйіртпектер (агрегаттар) құрады. Сондықтан қарашірінділі, монтмориллонит тобындағы минералдары бар топырақтың су-физикалық қасиеті едəуір жақсарған болады. Каолинит тобындағы минералдардың (каолинит, галлуазит) Sі 2 • АІ2Оз екіден төмен, формуласы – 2SіО2 • АІ2Оз • nН2О. Борпылдақ жыныстар мен топырақтағы мөлшері аз, тек ферралиттердегі - негізгі минерал. Каолинитте сілтілі негіздер (Nа, К) аз, бытырандылығы (дисперстілігі) төмен, сіңіру сыйымдылығы 20 мг. экв-тен аспайды. Каолиниті басым топырақ негіздерге тапшы болады (əсіресе Са). Сулыслюдалар - калийдің қайнар көзі - олар құрамында (иллитте) К2О 6-7 %-ке жетеді. Хлориттер құрамында темір, магний көп. Аралас қабатты минералдар да топырақта кең тараған. Олардың кристалл тобында бірнеше минералдар қабаттасып орналасқан; монтмориллонит пен иллит, вермикулит (АІ2Оз 11 %-ке жетеді, SіО2 аз - 36 %) пен хлорит. Минерал құрамын топырақ жыныстан мұралайды. Топыраққұралу процесінде осы минералдар жылжуға, бұзылуға жəне синтезге шалдығады, бірақ топырақтың минералдар құрамы өзгермейді. Тəжірибе көрсеткендей балшықты минералдар фосфорды тұтуға қатысады. Топырақтың грануметриялық құрамы. Кез келген топырақ құрушы жыныс, тау жыныстары мен минералдардың үгілуінен пайда болғандықтан, олардың əртүрлі мөлшердегі, диаметрі бірнеше см-ден бірнеше мм аралығындағы, ұнтақ пен дəндерден тұрады. Топырақ пен жыныстардың əртүрлі бөлшектерінің салыстырмалы құрамын грануметриялық құрамы д.а. Жыныс пен топырақтың əртүрлі бөлшектерін механикалық элементтер деп аталады. Мөлшері жағынан элементтерді жеке фракцияларға (топтарға) біріктіреді. Мөлшері бойынша топтастыру механикалық элементтерге жіктеу деп айтады. Гранулометриялық құрам бойынша топырақтарды жіктеу үшін, топырақ бөлшектерінің мөлшері 0,01 мм аз фракциялардың физикалық балшықтар, ал 0,01мм үлкендерін физикалық құм топтарына біріктіреді. Одан бөлшектер мөлшері 1 мм аз топырақтың ұнтасына, ал 1 мм ірісін топырақтың қаңқасына жатқызады.


Əрбір фракцияның өзіне тəн физикалық қасиеттеріне ие. Мысалы, тасты-қиыршықты фракция тау жыныстары мен минералдың физикалық үгілуінің өнімі. Ол одан əлі ұнтақталуы мүмкін. Құмның су сіңіргіштігі өте жоғары ылғалды ұстағыш қасиеті нашар, қабынып ісінбейді, құрғақ кезінде сусымалы. Шаңның су сіңіргіштігі біршама төмен, қылтүтікшелігі, су көтергішітік қасиеті жақсы. əлсіз иіогіштігі, қабынуы жеткіліксіз, құрғақ күйінде тығыз, байланыстылығы орташа. Тұнба фракциясы негізінен коллоидтардан тұрады. Ол топырақтың ең белсенді бөлігі болып саналады, сіңіргіштік қасиетке ие, өсімдікке керекті күлді элементерден түрады. Бұл фракцияның су сіңіргіштігі, қабынып ісінуі өтежоғары, су өткізгіштігі өте нашар жəне жабысқақтығы өте жетілген.

Топырақ пен жыныстарды гранулометриялық құрам бойынша жіктеу негізінен екі, яғни физикалық балшық пен физикалық құмның қарым−қатынасы арқылы анықталынады. Агрономиялық тұрғыда ең қолайлы топырақтар болып жеңіл жəне орташа құмбалшықты топырақтар саналады. Бұл топырақтарда физикалық балшық пен физикалық құмның ара−қатынасы қолайлы болуына байланысты ауа жəне су құблымдары оңтайлы болып, химиялық жəне биологиялық үрдістер қарқынды дамиды. Гранулометриялық құрам топырақтың физикалық, су- физикалық жəне химиялық (түйіртпектілік, қуыстылық, су сіңіргіштік, су өткізгіштігі, жылулық жəне ауа құблымдары ж.т.т.) қасиеттеріне əсер етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет