Агрономиялық құнды түйіртпектілік топырақта түтікшелі жəне түтікшесіз көлемді қуыстардың ара-қатынасы қолайлы, яғни агрегаттар арасында түтікшесіз, ал агрегаттар ішінде түтікшелі қуыстар басым. Түтікшесіз қуыстар кесектер ішінде де болады. Түйіртпексіз топырақта механикалық элементтер нығыз жатады да, соның салдарынан түтікшелі қуыстар арғады. Түйіртпекті жəне түйіртпексіз куыстар құрылысы топырақтың тікелей су-ауа жəне құбылымдарына əсерін тигізеді. Түйіртпектердің агрономиялық маңызын Н. Качинский былайша қорытқан: ңБір генетикалык, ерекшелігі бар жəне агротехникалық шаралары ұқсас жағдайда, бір типтегі түйіртпекті топырақта, түйіртпексіз топыраққа қарағанда,
Түйіртпектер құрамы. Топырақтың ірі (макро) түйіртпектерін
қалыптастыратын негізгі екі процесті ажыратады: топырақ массасының
механикалық түйірлерге бөлшектеуі мен суда ыдырамайтын, яғни берік
бөлшектер құралуы. Бірінші процесс топырақтың шашыранды бөлігін құрса,
екіншісі - оның массасына түйіртпектілік қасиетін береді. Топырақта
түйіртпекқұралу процестері физика-механикалық жəне биологиялық факторлар əсерімен жүреді.
Физика-механикалық факторлар (ауыспалы қысым немесе механикалық əсер) негізінде топырақтың массасы ыдырайды - түйірлерге бөлшектенеді, көлемі өзгереді. Бұл жағдайларға топырақтың кезекті ылғалдануы мен кебуі, оның тоңазуы жəне жібу құбылысы, өсімдік тамырларының қысымы, жануарлардың іс-əрекеті жəне топырақты өңдейтін техникалық құралдарəсері жатады.
Түйіртпекқұрауда басты рөлді биологиялық фактор, яғни топырақтың құрамындағы өсімдіктер мен жандылар атқарады. Өсімдік тамырлары топырақтың механикалық түйірлерін нығыздап, кесектерге бөледі де, органикалық калдықтар, ең басты түйіртпектену жағдай - қарашірінді қорын жасайды. Топырақ түйіртпектерін құрауда көпжылдық өсімдікке жететіндер жоқ. Көпжылдық шөптесін тамыр жүйесі топырақтың ендігі мен тереңдігіне жайылып шоғырланады да, ыдыраған кезде кальциймен əрекеттесіп, шірінді заттар түзеді. Көпжылдық өсімдіктер (бұршақты, масақты шөптер) астында бекем түйіртпекті топырақтар (шабынды, шабынды-қара жəне қара) дамиды.
Түйіртпектердің ыдырауы. Топырақ түйіртпектерінің саны мен сапасы
өте құбылмалы, түрлі факторлардың əсерінен не құрылуы, не ыдырауы мүмкін. Топырақтағы құбылыстарды басқару арқылы түйіртпектерді реттеуге болады. Топырақ түйіртпектері механикалық, физика-химиялык, жəне биологиялық процестер арқылы ыдырайды. Топырақ түйіртпектерінің механикалық жолмен бұзылуы ұзақ жырту салдарынан, топырақ жамылғысы үстімен ауылшаруашылық машиналары мен өндіріс құралдары, адамдар мен малдар ретсіз қозғалуы, күшті жауын-шашын тамшылары əсерінен болады - топырақты физикалы «піскен», - жетілген кезде
жырту жəне оның санын азайту, тіпті минималды (аз) өңдеуге көшу. Түйіртпектердің механикалық ыдырауын азайту жырту жəне оның санын азайту, тіпті минималды (аз) өңдеуге көшу. Топырақ түйіртпектерлерінің физика-химиялық жолмен ыдырауы екі валентті катиондарды (кальций мен магний) бір валентті катиондар (натрий мен аммоний) ығыстыруына байланысты. Гумустық заттар жəне Са2+мен берік шөмендеген коллоидтар алданған кезде Nа катионының əсерінен пептизацияға шалдығып, түйіртпекті бөлшектер бытыранды механикалық элементтерге
ыдырайды. Сондықтан топырақты химиялық мелиорациялау (əктеу, ғаныштау)
сіңіру кешенін алмаспалы кальциймен байыту арқылы оның түйіртпектену
қабілетін арттыруды көздейді. Топырақ түйіртпектерлерінің физика-химиялық жолмен ыдырауы екі валентті катиондарды (кальций мен магний) бір валентті катиондар (натрий мен аммоний) ығыстыруына байланысты. Гумустық заттар жəне Са2+мен берік шөмендеген коллоидтар алданған кезде Nа+ катионының əсерінен пептизацияға шалдығып, түйіртпекті бөлшектер бытыранды механикалық элементтерге ыдырайды. Сондықтан топырақты химиялық мелиорациялау (əктеу, ғаныштау) сіңіру кешенін алмаспалы кальциймен байыту арқылы оның түйіртпектену қабілетін арттыруды көздейді.
Түйіртпектердің биологиялық жолмен ыдырауы негізінен, топырақта
түйіртпекқұрайтын ең басты желімдік зат - қарашіріндінің жойылуына -
минералдануына байланысты.
Түйіртпектерді қайта құру жолдары. Топырақтарды егіншілікте
пайдаланғанда түйіртпектердің құралуы мен ыдырауы қолданатын
агротехникалық шараларға байланысты. Түйіртпектену процесін жасанды
тəсілдермен де жақсартуға болады. Топырақ түйіртпектерін құрайтын агрономиялық тəсілдерге мына шаралар жатады: ауыспалы егіс игеру, көп жылдық шөп егу, топырақты ңпіскенң - жетілген кезде өңдеу, қышқыл топырақтарды əктеу, кебір жəне кебірлеу топырақтарды ғаныштау, органикалық, минералдық жəне жасылтыңайтқыштар қолдану жəне т.б. Физикалық пісу (жетілу) деп – түйіртпектер құралдарға жəне бір-біріне жабыспайтын деңгейдегі топырақтың ылғалдылығын айтады. Берік түйіртпектер көп жылдық шөптермен қатар, бір жылдық ауылшаруашылық дақылдарының астындағы топырақта да құралуы мүмкін. Күшті дамыған бидай, судан шөбі, жүгері дақылдарының тамырлары топыраққа түйіртпектер түзуге бейімді болса, нəзік болғандықтан зығыр, картоп пен капуста тамырларының түйіртпекқұрау қабілеті төмен.
өсіп дамиды, оның массасы бір гектарда 4-18 т/га жетеді, құрамында ақуыздар мен көмірсулар басым болғандықтан кішіжандылар тіршілігіне жəне қарашіріндіні құрауға бейімді. Ал бір жылдық ауылшаруашылық дақылдар тамырларын алатын болсақ, жетіліп піскен кезде құрамында тек клетчатқа қалады да, одан əрине гумус құралмайды. Топырақтың түйіртпектері құралуындағы органикалық тыңайтқыштарында (кең, шымтезек компосты, сидерат, биогумус) маңызы өте зор. Минералдық тыңайтқыштар болса, топырақ түйіртпектерін өсімдік биомассасын молайту арқылы жақсартады. Тыңайған топырақта тамырлар жақсы дамиды да, жырту қабатында тамырлар мен шабындық қалдықтары көп қалады.
Топырақ түйіртпектерін жасанды заттармен құрауға болады. Ол үшін түйіртпекқұраушы органикалық қосындылар, яғни полимерлерді - крилиумдер қолданады; олар көбінесе акрил (СНСООН) жəне малеин (СООН - СН = СН - СООН) қышқылдарының туындылары. Метакрил кышқылының сополимерін (60%) жəнеметакриламидті (40%) топыраққа салмағының 0,1-0,01 проценті мөлшерінде бергенде, онда суға төзімді түйіртпектер мөлшері бес есе көбейген.
312.3 Топырақтың физикалық жəне физика− − − −механикалық қасиеттері Жалпы физикалық қасиеттері. Топырақтың жалпы физикалық қасиеттеріне түйіртпектілік, көлемдік жəне үлестік салмақ пен қуыстылық, функциялар физикалық қасиеттеріне су, ауа, жылу құбылымдары жəне физика-механикалық қасиеттеріне жабысқақтық, ісіну, шөгу, т.б. жатады. Олардың
мөлшері құбылмалы, топырақтың қатты, сұйық, газды жəне тірі фазалар
бөліктерінің құрамына, қарым-қатынасы мен өзгерісіне байланысты.
Физикалық қаситтердің топырақ құралу процесіне, құнарлылыққа жəне
өсімдіктер дамуына тигізетін əсері зор. Топырақтың физикалық қасиеттері туралы ілім П. Костычев, В. Вильямс, А. Дояренко, Н. Качинский, И. Антипов-Каратаев, С. Астапов, А. Лебедев, П. Вершинин, Ф. Колясьева, А. Тюлин, А. Роде, С. Долгов, И. Ревут жəне т.б. ғалымдар еңбектерімен дамыған. Жалпы физикалық қасиеттерге табиғи қалыптасқан топырақтың тығыздығы мен қатты фазасының тығыздығы жəне қуыстылығы жағады. Қатты фаза тығыздығы деп, топырақтың қатты фазалық массасы мен сəл көлемдегі (4С) су массасы салмақтарының арақатынасын айтады. Ол топырақтағы органикалық жəне минералдық бөлшектер құрамының қарымқатынасымен анықталады. қатты фазалық органикалық заттар (органикалық минералдық қосындылар 2,1-2,5-нан 4,0-5,18 г/см-ге дейін өзгереді. Көп топырақтар минералдық қабаттарында қатты фаза тығыздығы Табиғи қалыптасқан тығыздық деп, бір көлемдегі табиғи құрылымы бұзылмаған құрғақ топырақ салмағын айтады (г/смБұл тығыздық топырақтың минералдық жəне гранулометриялық құрамына, түйіртпектілігі мен органикалық заттар мөлшеріне сəйкес өзгереді. Оған өңдеу əдістері мен топырақ үстімен қозғалатын техника да əсерін тигізеді. Əсіресе дөңгелекті ауыр тракторлар (К-700) топырақты қатты тығыздайды. Жыртылған топырақ борпылдақ болады да, бірақ уақыт өткеннен соң тепе-теңдік, яғни екінші
жыртуға дейін өзгермейтін қалпына түседі. Топырақтың жоғарғы қабаты
органикалық заттарға бай жəне ол жақсы түйіртпектелген болса, қыртылғанда
қопсылатындықтан аз болады. Тығыздық топырақтың газ алмасуына, онда
өсімдік тамырлары дамуына жəне микробиологиялық процестер
қырқындылығына тікелей əсерін тигізеді. Көп мəдени өсімдіктерге топырақтың
жоғарғы қабатының ең қолайлы тығыздығы – 1,0-1,2 г/см3Топырақтың қуыстылығы (қ) деп, қатты бөлшектер арасындағы барлық бос жерлер көлемін айтады. қ көрсеткішін топырақтың жалпы (Ж) жəне қатты
фазалық (Ф) тығыздығының арасалмағымен есептейді жəне ол процентпен жане ол процентпен белгіленеді.
Қуыстылық топырақтардың органикалық заттары мен механикалық құрамына, түйіртпектілігіне, ондағы жандылар (құрттар мен құрт-
құмырсқаларға т.б.) əрекетіне жəне өңдеу тəсілдеріне байланысты
қалыптасады. Ол топырақтағы механикалық элементтер жəне агрегаттар арасы
мен ішіндегі бос орындар жиынтығы болып саналады. Қуыстардың жалпы қыл
түтіктік жəне қыл түтіксіз түрлері ажыратылады, олар əдеттегіде су немесе
ауамен толған. Қуыстарды еркін жəне берік су, сондай-ақ ауамен толған түрлері
де бөлінеді. Топырақтарда қыл түтіктерсіз ірі қуыстар су өткізу жəне ауа
алмасуды қамтамасыз етсе, қыл түтікті қуыстар оның су ұстау қабілетін
анықтайды, оның мөлшеріне өсімдікке қажет су қоры байланысты.
Топырақтағы тұрақты су қорын толтыру үшін, жақсы ауа алмасулығымен
(аэрация) қатар, жалпы қуыстылықтан қыл түтіктерсіз оның мөлшері 55-65
процент болғаны керек. Егер соңғы көрсеткіш 50 проценттен төмендесе,
топырақта ауа алмасу нашарлайды да, анаэробты (оттегісіз) процестер дамиды.
Агрономиялық тұрғыдан топырақта қыл түтіктік қуыстылықтың артқаны керек.
Ондағы кеңістік сумен толып тұрады, қалған бөлігі (15 процент минералды, 30-
40 проценті шымтезекті топырақтарда) – аэрация жолы. Алдағы деректер, кесте де көрсетіліп тұрғандай, жалпы қуыстылықтың
көлемі топырақтың жоғарғы қабатында орташа 50-55 проценттей, оның
тереңдігі төмендеген сайын, қуыстылық азая береді. Құмбалшықты жəне
балшықты топырақтарда бұл көрсеткіштер жоғары болады.
Достарыңызбен бөлісу: |