Поэма эпостық жанрдың бір түрі. Поэманы жеңіл деп, үстірт оқыту дұрыс емес. Ендеше, поэманы мұқият меңгерген оқушы повесть, роман жанрларын талдауды тез игереді. Мұғалім осы үлкен прозаның бастауы болатын поэманы меңгертуге көп көңіл бөлгені



бет2/10
Дата13.04.2023
өлшемі51,17 Kb.
#174403
түріПоэма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
айсулу б

Курстық жұмыстың мақсаты: Поэма жанрын оқытудың маңызы мен тиімді әдістерін қолдану. Поэманы оқытуда оқушылардың қызығушылықтарын ояту.
Курстық жұмыстың міндеттері:

  • Поэма жанрын маңызды көркем шығарма екенін дәлелдеу;

  • Поэма жанрында әдіс–тәсілдердің пайдаланудың тиімді жолдарын көрсету;

  • Поэма жанрын оқыту кезінде оқушылардың қызығушылықтарын ояту мақсатыда көрнекілік әдісін пайдалану жолдарын көрсету.

Зерттеу объектісі: Поэманы оқыту
Гипотеза: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын оятып, шығармашылық дағдысын ояту. Поэма жанры арқылы оқушы сезімін дамытуға және оларды ізденімпаздыққа баулу.


І. Негізгі бөлім.
1.1. Поэма туралы жалпы түсінік
Поэма — эпостық жанрдың бір түрі; белгілі бір оқиғаны, адам тағдырын, заман шындығын эпикалық не лирикалық үлгідегі өлеңмен сипаттайтын көлемді поэтикалық шығарма. Поэма көбіне сюжетке құрылып, кейіпкерлердің қарым-қатынасын, тартыс-таласын, күйініш-сүйініш, мінез-құлық, іс-әрекеттерін суреттейді. Поэма барлық халықтың әдебиетінде кездесетін көне жанр. Мысалы, ежелгі грек әдебиетінде “Илиада”, “Одиссея” эпикалық поэмалары, ертедегі орыс әдебиетінде халықтық дастандар мен “Игорь жасағы туралы жыр”, т.б. поэмалар кеңінен мәлім. А.С.Пушкиннің “Мыс салт атты”, М.Ю. Лермонтовтың “Мцыри”, Н.А. Некрасовтың “Русьте кім жақсы тұрады?” атты шығармалары поэма жанрының классикалық үлгісі саналады. Абайдың “Ескендір”, “Масғұт”, Ш.Құдайбердіұлының “Қалқаман — Мамыр”, М.Абайұлының“Медғат — Қасым”, М.Сералиннің “Гүлқашима”, С.Торайғыровтың “Кедей”, “Адасқан өмір”, т.б. шығармалары қазақ әдебиетіндегі поэманың үздік туындылары. Поэма кеңестік дәуірдегі қазақ әдебиетінде кемел жанрға айналды. М.Жұмабаевтың “Батыр Баян”, С.Сейфуллиннің “Көкшетау”, І.Жансүгіровтің “Құлагер”, С.Мұқановтың “Сұлушаш”, Т.Жароковтың “Тасқын”, Ә.Тәжібаевтың “Абыл”, қаласыАманжоловтың “Ақын өлімі туралы аңыз”, І.Бекхожиннің “Батыр Науан”, т.б. туындылары поэманың таңдаулы нұсқаларына жатады. 20 ғ-дың 2-жартысында қазақ әдебиетінде поэма жанры айрықша дамыды. Х.Ерғалиевтің “Құрманғазы”, Ж.Молдағалиевтің “Мен қазақпын”, Ғ.Іайырбековтің “Дала қоңырауы”, І.Мырзалиевтің “Қызыл кітап”, М.Шахановтың “Өркениеттің адасуы”, “Жазагер жады космоформуласы” сияқты идеялық мазмұны терең, көркемдік қуаты жоғары поэмалар қазақ әдебиетінің арнасын кеңейтті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет