1.3. Поэманы оқыту.
Поэмаларды оқыту әдістері олардың жанрлық ерекшелігінен туындайды. Поэмалардың басым көпшілігі сюжет пен комопзиция, образдар жүйесінен тұрып,күрделі, ауқымды порблемаларды көтереді. Мұндай поэмаларға С.Сейфуллиннің «Көкшетауы», І.Жансүгіровтың «Құлагер», т.б. поэмалары жатады. Поэмалардың тағы бір түрі – лиро-эпикалық, лирикалық поэмалар. Сәкеннің «Альбатросы», С.Торайғыровтың «Кедейі», Ілиястың «Даласы» осындай поэмаларға жатады. Лиро-эпикалық поэмаларда шиеленіскен оқиғалар болмайды, дегенмен поэманың басынан аяғына дейін әңгімеші рөлін атқаратын лирикалық кейіпкер, оның сезімі үлкен рөл атқарады. Лиро-эпикалық поэмаларды оқытуда мәнерлеп оқуды, поэма көтерген проблеманы меңгерту үшін, мәтіндік талдауды, автор ізімен талдауды қолдану тиімді болып келеді. Мысалы, Ілиястың «Даласын» оқытудың жемісті жолы – алдымен мәтінді меңгерту. Ол үшін мәнерлеп оқи отырып, әр бөлімге аннотация беру керек. Аннотацияны оқушылар үйден жазып келіп, сыныптағы талдау жұмыстарында пайдаланады. Поэманың күрделілігін ескере отырып, оның әр бөлімі бойынша төмендегідей мазмұндық жоспар жасап, іліп қоюға, керегінде пайдалануға болады.
Үлгі:
Поэма бөлімдері
1). «Арнау»
2). «Ақтабан»
|
Ақын толғауы.
Қазақ даласының шапқыншылыққа ұшырауы. Тарих шал әңгімесі.
|
Ары қарай сұрақ – жауап арқылы поэмадағы лирикалық кейіпкер (ақын) әңгімеші – тарих шал туралы, поэманың идеялық порблематикасы жайында әңгіме қозғалады. Тіл көркемдігі, өлең құрылысындағы ерекшеліктерге де міндетті түрде талдау беру керек. Сюжетті поэмаларды образдық талдаумен де, мәтіндік талдаумен де оқытуға болады. Ең тиімдісі – аралас талдау. Төменде сюжетті поэмаларды қалай өтуге болады, соның бір үлгісі ұсынылып отыр.
1). Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасы - өзінің көтерген проблемасы, тақырыбы, маңызы жағынан роман тектес шығарма. Поэма әдеби талдау алдында оның мазмұнын түгелдей оқыту, меңгерту айналасында еңбек ету керек. Осы мақсатта мұғалім үйге алдын ала тапсырмалар береді.
2).Жалпы сыныптық тапсырма:
Поэманы түгелдей оқып, мазмұнымен танысу.
Әр бөлімге қысқаша аннотация жау.
Топтық тапсырма топ санына, сыныптағы оқушылар санына байланысты.
І топ.
Поэмадағы Көкше көріністерін С.Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасындағы Көкше көріністерімен салыстыру ( поэтикалық тілі, әр ақынның өзіндік стилі т.б.).
ІІ топ.
10 – сынып әдебиеті бойынша Ақанның «Құлагер» өлеңін поэманың «Бай, бай Құлагерім» бөлімі бойынша Ақанның Құлагерді жоқтау өлеңімен салыстыру.
Мақсат: Ілияс өз поэмасында Ақанның «Құлагер» өліңін қалай пайдаланғаны туралы іздендіру.
ІІІ топ.
Абайдың «Аттың сыны» өлеңін поэмадағы «Құлагер» сынымен салыстыру (Күреңбай сыншы берген сипаты).
Мақсат: Екі ақынның ат сынын берудегі шеберлігі, яғни поэтикалық үндестік туралы іздену. Тапсырманы мына үлгіде орындауға болады:
Абай
Тәует бас, қамыс құлақ, қоян жақ.
|
Ілияс
Тәует бас, қамыс құлақ, қуырған жақ.
|
Поэтикалық үндестік
|
Жеке тапсырмалар:
1). «Құлагер» поэмасы туралы ғалым – сыншылар, әдебиетшілер пікірі бойынша қысқаша хабарлама жасауға дайындалу.
Ескерту: Материалдарды мұғалім ұсыну керек, әрі осы жұмыста балаларға басшылық жасайды.
2). 10 – сынып оқулығы бойынша Ақан сері туралы қысқаша хабарлама.
ІV топ.
Поэма бөлімдері бойынша басты – басты оқиғаларын саралап, сюжеттік – композициялық жоспар жасау, оны сабаққа пайдалану үшін, кестеге жазып қою («Ас» бөлімінен бастап алу).
Үлгі:
Бөлім
|
Басты оқиғалар
|
Ақанның іс - әрекеті
|
«Ас»
«Құлагер»
|
Сағынай асы, үш жүздің оған «құйылуы».
Ақанның Құласымен асқа келуі.
Елдің Құланы көруге жүгінуі.
Құлагерге берген халық бағасы.
Күреңбайдың сыны.
Батыраштың қығанышы.
|
Халықтың Ақанды құрметтеуі.
Атын көзінен таса етпеуі.
Жаршыға айтқан өтініші.
Ақанның өткір тілмен Батырашты жерге қаратуы.
|
Поэмалар жоғарыда айтылғандай, көлемі, ауқымы ұзақ шығармалардың қатарына жатады. Бір – екі сағат ішінде оны тұтастай өзінің мәні, мағынасы, әдебиеттен алатын орнына қарай барлық қасиеттерімен оқушыларға жеткізе білу үшін, мұғалім ең тиімді деген әдіс – тәсілдер, оқу формалары, оқу жабдықтарын сұрыптап алуы керек. Әдебиетті оқытуда көрнекіліктің орны ерекше екені белгілі. Әсіресе, көлемді шығармаларды, оның ішінде поэмаларды оқытуда оның маңызы зор. Мүмкіндігіне қарай ол көрнекілік поэманың көтерген тақырыбы, кейіпкерлері, поэтикалық тілі, ақын стилін тұтастай қамтитын, оқушы алдында жинақы түрде тұжырымды етіп берілетін дәрежеде жасалуы керек.
Көрнекілік үлгісі (үзінді беріліп отыр).
«Құлагер» поэмасы. Сюжетті, композициясы, поэтикалық компоненттері (Қосымша А):
Поэма өтудің әдіс – тәсілдерін төмендегі кестеден көруге болады.
Сабақ жоспарының үлгісі (Қосымша Б):
Поэманы талдауда қойылатын сұрақтар жүйесі
Поэманың тарихи негізі туралы қандай дәлелді пікір айтар едіңдер?
Поэмада Құлагерден гөрі, Ақан жайлы көп айтылған. Солай бола тұрса да, поэма неге «Құлагер» деп аталған?
Поэма негізіндегі ақын ойы, поэманың негізгі проблематикасы туралы не айтар едіңдер?
Поэманың ең басындағы «Толғану» бөлімінің поэма прорлематикасын ашуда маңызы бар ма?
Лирикалық шегініс арқылы Ақан тағдыры, Ақан тарихы туралы сыр шетудегі ақын мақсатын қалай түсінер едің?
Поэмадағы палуандар күресі, сол күрес үстіндегі трагедияның шығарма проблематикасына қатысы бар ма?
Батыраштар бейнесі ақын нені жырламақшы болған?
Қалай ойлайсың, поэманың алтын қазығы ретінде неге Құлагер тағдыры алынған? Оның поэмадағы орны, маңызына тоқтал.
Лирикалық қаһарман туралы не айтар едің? Оның поэмадағы орнын сарала.
Поэманың халықтық рухы, халықтық сипаты туралы қандай ой тастар едің?
Поэмадағы ақынның ең басты стилі, көркемдік тәсілі неде деп ойлайсың?
Поэманың психологиялық мәні туралы не айтар едің?
Ақынның идеялық – эстетикалық табысын немен дәлелдер едің?
Өзіңе Абай сипаттаған ат пен Құлагер сипатының қайсысы ұнайды?
Поэманы талдау барысында үйге берілген топтық, жеке жұмыстарды, жалпы сыныптық жұмыстарды тиімді пайдаланып отыру керек.
Ең алдымен кестеде көрсетілгендей, тақырыптың ең маңызды, дәнді түйінін бөліп алып, бар назардысоны талқылауға, соны түсіндіруге салған дұрыс. Бұл әдіс, әсіресе, роман, поэма сияқты көлемді шығармаларда өте тиімді болып келеді. Алдын ала берілген тапсырмаларды тақырыптың осы дәнді элементтерін талқылау кезінде пайдалану дұрыс болып табылады. әсіресе, ғылыми материалдардан берілген хабарлама немесе салыстыру жұмыстарын өз орнында пайдаланып отыру керек. Балалар жай тыңдаушы емес, мұғалімен бірге еңбек етуші, білімді өз ынтасы, ізденісі, қатысымен алушы ретінде отырады. Сондай – ақ көрнекілікті пайдаланудың маңызы зор. Поэманы бастамас бұрын, «Құлагер» әнін қойып, оқушылардың эмоциясына, сезіміне әсер ету сабаққа қызығушылығын, белсендігін арттырады. Жалпы поэма психологиялық тебіреніс сәттеріне құрылған. Ақанның әніне шалқамай, толқымай, өрлігіне сүйсінбей, тағдырына күйінбей, Құлагер өлімін Ақанмен бірге жоқтамай сабақ тыңдау, сабақ өту мүмкін емес болуы керек. Бұл мақсатта мәнерлеп оқудың, Ақан әндерін күйтабақтан тыңдаудың маңызы зор. Шағын әдеби айтыс ұйымдастырып отырудың да тиімділігі бар. Мысалы, Абайдың аты мен Ілияс Құлагерінің сипатын салыстыра талдатып: «Қай ақын жүйрік ат сипатын ерекше мүсіндей білген?» - деген тақырып айналасында қызық әңгіме өткізуге болады.
ІІ. Тәжірибелік бөлім:
Сабақ жоспары:
№1
Достарыңызбен бөлісу: |