Топ ұстанымын құруға бағыт берді. Неліктен шағын топқа бөліндік, шағын топқа бөлінудің мәні неде деп ойлайсыздар, шағын топқа бөлінген оқушылармен қандай жұмыс істеуге болады деген сұрақ реттері қойылады.
Үй тапсырмасын қайталау мақсатында оқушыларға ой қозғау сұрақтары ұсынылады.Тапсырма барлық топтарға бірдей беріледі.
- Қазақ халқының тіртуар ұлы ақыны Мұқағали кім?Ақиық ақын туралы не білеміз?Қай жерде, қай жылы дүниеге келген?Қандай шығармаларын білеміз?
(Интерактивті тақтада бір топтан бір оқушы шығып слайд қорғайды)
Оқушылар жеке, жұпта, топта ой қозғап, жинақтайды, пікірлерін айтады. Ортақ ойды кластерге түсірді. Үш топ ойларын қорғайды.
Маркер, ватман, түрлі түсті суреттер
1
Топтар бір-бірінің жұмыстарын бағалау іс-әрекетін жүзеге асырады.
Түрлі стикерлер арқылы бағалау әрекетін іске асырды.
Ой қозғау. Ой шақыру. Балалар мына суреттерге көңіл аударсақ... (Аққу, табиғат, ана)Не себептен бұл суреттер көрсетілді?
Аққу қандай құс? (І топ «Поэма тақырыбы - экология»)
Табиғат адамға не үшін қажет? (ІІ топ қорытынды ой айтады)
Ананың адам өміріндегі орны қандай? (ІІІ топ «Поэма тақырыбы экология емес»)
- Олай болса, құрметті оқушылар! Мұқағали ақын кейінгі ұрпаққа аманат етіп кеткен, өсиетін ескере отырып поэманы талдасақ. Мен сендерге алдын-ала оқып келуге «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын тапсырған болатынмын. Сонда поэма дегеніміз не? (Оқушылар әдебиет теориясынан алған білімдерін ортаға салады)
Уәждеме бағалау түрін іске асыру тапсырмасы беріледі. Бір-бірінің еңбектерін іс-әрекет арқылы бағалайды.
Оқушылар жеке жұмыс істейді, жұпта, топта ой қозғап, жинақтайды. Ойларын ортаға салып қорғау әрекетін іске асырады.
«Аққу» тобы аққуды атуға болмайтындығын, көлдің сәні – аққулар. Аққу киесі оңдырмайтындығын жақтау әрекетін, «Ана» тобы Ана – махаббатымен құдіретті. Бәрі де адам үшін жаратылған. Наным-сенімнен де ана махаббаты әрдайым биік, құдіреттілігін айту әрекетін іске асырады. «Табиғат» тобы екі топтың ойларын қорытындылайды, баға беру әрекетін іске асырады.
Оқушылар өзара бірінің жауабын бірі бағалау әрекетін жүзеге асырды