Қорытындылау.-
Өзіне мінез-көркі, рухы сай адал жар табу қашан да ер жігіттің басты арманы болып келді және бола да бермек. Шындап сүйе білу – қашан да зор талант. Күнделікті жай тұрмыста дарынсыз, жігерсіз, тайғанақ әрі тұзсыз көжедей татымсыз адамдар қандай көп болса, сүюде де сондай көп. Сезім мен сенім Эвересінің құзар шыңына ілуде ғана бір адамның көтерілетіні де содан. Адам Ата мен Хауа Анадан бастап бірде қуантып, бірде жылатып, бірде үміттендіріп, бірде түңілтіп келе жатқан махаббат атты құдіретті күшке ешкім ұстаздық ете алмаса керек. «Достық жоғалған жерде – қоғам, махаббат жоғалған жерде ұрпақ азады», – депті Мұхаммед пайғамбар. Ұлағатты пікір!. Міне,санаулы айлардан соң өз кемелеріңді өмір-теңіздің асау толқындарына қарсы салып, жаң өмірге қадам басасыздар.Армандарыңыз орындалсын,достықққа адал , сезімдеріңізге сызат түспесін,-Жинасаң да әлемнің бар алтынын,
Адамдығың көрсетпесе жарқылын,
Қоршар сені салқын шаттық, салқын үн.
Ешкім рух байлығынан бөлініп,
Шын бақытқа жеткен емес, жарқыным-деп,рухани бай болуға шақырамын.
Сергіту сәті.
Мұхар Шахановтың сөзіне жазылған әндері де жетерлік. Оның бірнешеуін қазірде эстрада әншілері сахна төрінде орындап жүр. Мысалы: «Өмір-өзен»,«Ақ бантик »,«Әке туралы жыр»,«Жас жұбайлар жыры»
Достарыңызбен бөлісу: |