Портфолио сөзі қолданысқа француз тілінен енген. Оның төмендегідей мағыналар беретінін анықтадық:
1) мазмұндау, алып жүру, құрастыру;
2) бет, қағаз;
3) дәйек, белгілі бір мағлұматтар жинағы, жетістіктер жинағы.
Ал, біз осы мағыналарды сараптай отырып, портфолио ұғымына ортақ бір анықтама беруге тырыстық. Яғни, портфолио дегеніміз тұлғаның қандай да бір ерекшеліктерін уағыздайтын, нақты бір мақсатты жүзеге асыруға байланысты құжаттармен безендірілген, оның жетістіктерінің дәлелі бола алатындай мағлұматтар жинағы. Оқу-тәрбие үрдісінде оқушы портфолиосымен қатар мұғалімдердің портфолиосы да маңызды рөл атқарады. Сондықтан, ең алдымен, педагог портфолиосы туралы сөз қозғайық.

Мектептегі мұғалімдердің портфолио жүргізудегі мақсаты – әр мұғалімнің өз еңбегіне, атқарған істеріне талдау жасауы арқылы кәсіби шеберлігі мен біліктілігін арттырулары, жоғары нәтижелерге жетулері.