Осындай маңызды мағыналары бар портфолионың бірнеше типтері бар.
1. Құжаттар портфолиосы.
2. Еңбек, жұмыс портфолиосы.
3. Пікірлер портфолиосы.
4. Кешенді портфолио.
Құжаттар портфолиосына педагогтың кәсіби әрекетінің маманы екенін дәлелдейтін дипломы, біліктілігін арттыру курстарында, семинарларда болғандығын растайтын куәліктері, оқу-тәрбие ісі бойынша қандай да бір жеткен жетістіктері үшін алған мақтау қағаздары кіреді.

Педагогтың оқу-тәрбие ісіне, инновацияны мектепке енгізуге байланысты жасаған жобалары, қандай да бір педагогикалық мәселе бойынша өңдеген рефераттары мен зерттеу жұмыстары, видеожазбалары, электронды құжаттары еңбек, жұмыс портфолиосын құрайды.
Ал, пікірлер портфолиосына педагогтың атына бағытталып жазылған ұсыныс хаттар мен мінездемелер жинағы кіреді.